Тауарлы материалдық босалқылар

    КІРІСПЕ  

 

Тауарды өндіру мен жеткізуде  бір қалыптылық жоқ жағдайда үзіліссіз  қызметті қамтамасыз ету үшін өндіріс  мекемелері мен кәсіпорында қажеті тауар  қорлары болуы қажет. Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы – материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды. «Тауарлы –материалдардық қорларды есепке алу» тауарлы – материалдық қорлар бұл: шикізат қорлары, материалдар, ыдыс және ыдыстық заттар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім тауарлар түріндегі активтер. 

Тауарлы –материалдық қорлар жөнінде мәліметті толық және шынайы қалыптастыру бухгалтерлік есептің  маңызды мақсаты. Осыған орай курстық жұмыста мынадай талаптар қойылады:

1.Тауарлы –материалдық  қордың ұғымы және бағалау  тәртібін  қарастыру.

2.Тауарлы –материалдық  қордың қозғалысын құжаттық рәсімдеу  және есепке алу сұрақтарын  зерттеу.

3.Тауарлы –материалдық  қор есебін жетілдіру жолдарын  анықтау.Тауар қорлары – бұл соңғы тұтынушыға сатылған кезге дейінгі нарықтағы қоғамдық өнімнің бөлігі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып тауарлы – материалдық қорларды есепке алу тақырыбы өз алдына бөлек мәселе болып қарастырылады және нарықтық экономика жағдайында өте актуалды. Курстық жұмыста «Энергия плюс» ЖШС практикалық материалдары қолданылған.

«Энергия плюс» ЖШС 14 сәуірде 2003 жылы Қарағанды облысының Басқару  юстициясында тіркелген. Серіктестік  қызметінің мақсаты тауарлар нарығын  кеңейту, пайда табу, қоғам қажеттігін қанағаттандыру.  Энергия плюс» ЖШС негізінен мынадай іс –қызмет түрімен айналысады:

-коммерциялық қызмет;

-жанаржағар май сатып  алу, сақтау, көтерме және бөлшек  саудалау, сату;

-күрделі құрылыс жұмыстары,  жөңдеу, монтаждау жұмыстары;

-көлікпен қамтамасыз  ету;

-қоғамдық тамақтандару  пунктері мен азаматтардың демалыс  орындарын ашып, олардың жұмысын  ұйымдастыру;

-ҚР заңында тыйым салынбаған  басқа да қызмет түрлері.

Өз қызметінің барысында  «Энергия плюс» ЖШС -ң  қолданыстағы бухгалтерлік есептің негізгі заңдарын, бухгалтерлік есеп шоттың үлгі жоспарын, қолдана отырып шаруашылық операцияларын жүзеге асырады.

Курстық жұмыстың негізгі  мақсаты – жоғарыда келтірілген  міндеттерді және тауарлы –материалдық қор есебін ұйымдастыру мен  оны одан әрі жетілдіру жолдарын анықтау болып табылады.

Курстық жұмыста Қазақстан  Республиксының бухгалтерлік есеп пен  есеп беру жүйесін реттейтін нормативтік  құжаттар, отандық және шет елдік  авторлардың жұмыстары, периодикалық басылымдар пайдалынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I -Бөлім-Тауарлы-материалдық қорлар  түсінігі

 

1. 1. Тауарлы –материалдық  қорлардың ұғымы, классификациясы және бағалануы

 

Тауарларды өндіру мен  жеткізуде бір қалыптылық жоқ  жағдайында үзіліссіз сауданы қамтамасыз ету үшін сауда мекемелері мен  кәсіпорында қажетті тауар қорлары  болуы қажет.

13.11.96 жылғы № 3 бухгалтерлік  есеп жөніндегі Ұлттық комиссияның  қаулысымен бекітілген ХҚЕС 2 «Тауарлы – материалдық қорлар есебі» бухгалтерлік есеп стандартына, 28.01.2003 жылы 27 ҚР Қаржы Министрлігінің бұйрығымен бекітілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, тауарлы – материалдық қорлар – бұл:

1. Шикізат қатары, материалдар, сатып алатын жартылай фабрикаттар және құрамдық заттар, конструкциялар  мен тетіктер, отын, ыдыс ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер, өндірісті пайдалануға немесе тұрмыстар мен қызметтер үшін пайдалануға арнарған өзге материалдар;

2. Аяқталмаған өндіріс, жұмыстар, қызметтер орындау;

3. Ұйымдардың қызметі барысында сатуға арналған дайын өнімдер мен тауарлдар түріндегі активтер.

Материалдық құндылықтарды  дұрыс есептке алу үшін материалдардың әзірленген номенклатурасы болуы керек.

Материалдар номенклатурасы-бұл атауы мен тиісті деректемелері көрсетілген материалдардың  әрбір түріне номенклатуралық нөмір белгіленіп,дәл және тұрақты өлшем бірлігі белгіленеді.Наменклатурада материалдарадың ағымдағы есепте ескерілетін бағасы қойылады.

Номенклатуралық тізілім-номенклатура-бағалық деп,алонда көрсетілген бағалар-есептік деп аталады.Тағайындалған нөмірін,өлшем бірлігі мен бағасын тауарлы-материалдық  қорлардың қалдығы мен қозғалысы ескерілетін барлық құжаттар мен тіркелімдерге қояды.Талдамалы есепте материалдық құндылықтар нақты есептік бағалар бойынша,ал жинақтамалы есеп пен есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша ескеріледі.

Соған сәйкес тауарлы –  материалдық қорлардың келесідей  топтарды бөліп көрсететін, олардың  экономикалық жіктеуі материалдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың маңызды  жағдайларының бірі болып болып  табылады:

II. Шикізаттар мен материалдар - өнімнің материалдық негізін құрайды. Осыған орай, негізінен, ауылшаруашылығы мен өндіруші өнеркәсіп өнімін – шикізат деп, ал өндеуші өнеркәсіп өнімін – материалдар деп атайды. Өнеркәсіптің кейбір салаларында шикізат және материалдар негізгі және көмекші болып бөлінеді, дегенмен, бұлай бөлу, шартты болып саналмайды, өйткені ол өнімдердің әр түріне материалдардың сол бір түрін қолдану санына, технологиялық процесстің сипатына қатысты болады. Мысалға, наубайхана өндірісінде негізгі шикізат және материалдарға ұн, тұз, ашытқы және су жатқызылады. Көмекші шикізат және материалдар өнімдердің сапасын жақсартуға әсерін тигізеді, олар белгілі бір тұтыну қасиеттерін береді.(қант, сүт, хош иіс)

III.Сатып алынатын жартылай фабрикаттар - өндеудің белгілі бір сатысынан өткен, бірақ әлі де дайын өнім блып саналмайтын шикізат және материалдар. Яғни, материалдық негізін құрайды.

IV.Отын - өндірістегі өзінің тағайындалу және пайдалану жағдайлары бойынша энергетикалық, технологиялық, двигательдік (жанар, тағар май) және шаруашылық мұқтаждықтары үшін (ғимараттар мен үй жылытулары үшін) отын болып бөлінеді.

V. Ыдыс және ыдыстық заттар – бұл әртүрлі материалдар мен дайын өнімдерді орау, буып-түю, тасымалдау және сақтау үшін пайдаланатын заттар.

VI. Қосалқы бөлшектер машиналар мен құрал жабдықтардың тозған бөлшектерін жөндеу және ауыстыру үшін қызмет етеді.

VII. Өзге де материалдар өзіне аталмыш ұйымда материалдар, отын немесе қосалқы бөлшектер ретінде, пайдалана алатын, негізгі құралдардың шығарылып тасталуынан алынған материалдарды, өндіріс қалдықтарын, түзетуге келмейтін ақшаларды енгізеді.

        VIII.Басқа жаққа қайта өңдеуге берілген материалдар – бұл сырт ұйымдардың өңдеуіне тартылған және одан кейін одан алынған өнімдердің өзіндік құнына қосылатын материалдар.

IX.Құрылыс материалдары – құрылыс салушы ұйымдар есепке алынатын, құрылыс бөлшектерін жасау, ғимараттар мен құрылыстардың бөліктерін және конструкцияларын бөлу және көтеру үшін тікелей құрылыс және монтаж жэұмыстары процесінде пайдаланатын материалдарды, сондай-ақ құрылыс мұқтаждықтары үшін қажетті өзге де тауарлы-материалдық қорларды білдіреді.Өндірістік қорлар есебін дұрыс ұйымдастыру үшін оларды негізді бағалай білудің үлкен маңызы бар.

Материалдардың бір ғана түрінің алу бағасы есептік кезең  барысында әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан оларды дұрыс анықтау  үшін, қарастырылған 4 әдістің бірін  қолданамыз:

- арнайы(идентификациялау)әдісі

- орташа өлшемді әдіс – қорларды бастпқы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі (Фифо)

- қорларды соңғы сатып алу бағалары бойынша бағалау әдісі (Лифо) 

 Мысалға, тауарлы –  материалдық қорлардың өзіндік  құнын бағалаудың әдістерін  қарастырылып отырған «Энергия плюс&raқаңтарында қалған материалдар саны:

-цемент – 200 тонна 60000 теңге шамасына;

-бензин – А-95 – 100 литр 45000 теңге шамасына. 

Есептен шығарылған материалдардың құны және екі ай соңына қалған материалдардың қалдығы әртүрлі әдіс бойынша жеке анықталады.

Есептік кезеңнің соңына материалдардың қалдықтарының құнын анықтау  үшін есептеу жолымен шығарылған формуланы пайдалану мүмкін:

Есептік кезең соңында  есептік кезеңнің қалған материалдардың = бастапқы қалдық + қалдықтарының құны + кіріс болған материалдар – шығыс болған материалдар.

Орташа өлшенген құндық әдісі. Бұл әдіс негізінде материалдық  қорлардың құны – ай басындағы  қалдық құнына ай бойында келіп түскен құндылықтарын қосып есептелетін орташа бағасы түсіндірілген.

Бұл әдісті есептеудің математикалық формуласы мынадай:

Орташа құны =∑  м.қ + ∑алын / К м.қ + К алын

Мұндағы:

∑ м.қ. – есептік кезеңнің басындағы қалған материалдардың қалдық құны;

К м.қ.-есептік кезеңнің басындағы  қалған материалдардың қалдық саны;

∑алын – алынған материалдардың құны;

К алын – алынған материалдардың саны.

Біздің мысалда цементтің орташа өлшемдік құны мынаны құрады:

60000 + 31000 + 6400 + 57800 + 64600/ 20 + 10 + 2 + 17 + 19 = 219800/68 ≈ 3232,35 теңге

Орташа өлшем құнын, жұмсалған  материалдардың санына көбейтсек [3232,35*(15+10+12) = 119996,95 теңге], ол да біз жұмсалған  материалдардың құнын аламыз, ал ай соңындағы материалдардың қалдық санын  орташа өлшем құнына көбейтіп – қалдық құнын аламыз. Цементтің ай соңына қалған қалдық құны – 100203,05 теңге құраған (31 тонна * 3232,35 теңге немесе 600000 +159800 – 119596,95). Тап осындай жолмен бензиннің де орташа өлшенген құнын шығарамыз.

4500 + 13800 + 22500 + 9400 /100 + 300 + 500 + 200 = 50200/1100 ≈ 45,63 теңге

Жұмсалған бензиннің құны 45,63 теңге *  (50 + 150 + 300 + 100 + 100) = 36504 теңге.

Қалдық құны 300 300 * 45,63 теңге немесе 4500 + 45700 – 36504 = 13696 теңге.   

Цемент 

Б.қ.: 20 тонна * 3000 бағасы = 60000 теңге

Кіріс

10 т * 3100 теңге = 31000 теңге      15 т * 3000 теңге = 45000 теңге 

2 т * 3200 = 6400 теңге                    10 т * 5 т (20-15) * 3000 теңге = 15000  теңге                                                           

5 т * 3100 =15500 теңге

                                                           

 Жиыны – 30500 теңге  

17 т * 3400 теңге = 57800 теңге       12 т – 5 т(10-5) * 3100 =15500 теңге 

19 т * 3400 теңге = 64600 теңге       2 т * 3200 = 6400 теңге  

                                                         5 т * 3400 =17000 теңге

    

                                                             Жиыны

 

Кіріс жиынтығы 159800 теңге       Шығыстың жиынтығы 114400 теңге 

 

“Фифо” әдісі– босасқыларды алғашқы сатып алу бағасы бойынша бағалау әдісі. Бірінші кезекте сатып алынған құндылықтардың нақты өзіндік құны жұмсалған материалдарға жатқызылады деп есептеледі, яғни бірінші келген – бірінші кетеді. Сонымен, соңғы қалдық құны ең кейінгі сатып алғанның құнына негізделеді. Біздің мәлімет негізінде “Фифо” әдісі бойынша соңғы қалдықтың және жұмсалған материалдың құны мынаны  құрайды:

Ай соңында қалған қалдығы 31 тонна (17-5+19) * 3400 (1 тоннаның бағасы) = 105400 теңге.

Бензин 

Бұл жерде де цементтің  есебіне ұқсас етіп шығарылады.

Соңына қалдығы 30 литр (200 * 47 және 100 * 45)/200 * 47 = 9400 теңге; 100 * 45 = 4500 теңге;

Жиыны 13900 теңге.

Шығыстың құны: 4500 + 45700 – 13900 = 36300 теңге немесе 50 литр * 45 теңге = 2250 теңге;

150 литр* (50 литр* 45 теңге, 100 литр * 46 теңге )=6850 теңге

300 литр* (200 литр* 46 теңге , 100 литр * 45 теңге )=13700теңге

100 литр* 450теңге =4500 теңге

100 литр* 45 =4500 теңге

100 литр* 45 = 4500 теңге

Шығыс жиынтығы: 36300 теңге 

 

“Лифо” әдісі- пайдаланылмайды.

Арнайы идентификациялау әдісі. Бұл әдіс запастардың есебін дәл ұйымдастыру мүмкіндігі болған жағдайда қолданылады. Менің мысалымда цементтің шығысы мынадай болды делік:

Б.Қ-ң 15 тоннасы  *300 теңгемен  - 4500   02.01.02. күні келіп түскеннің 12 тоннасы * 3100  20.01.02 келіп түскеннің 12 тоннасы * 3400 - 40800

Шығыс жиыны 

Цемент қалдығынан қалғаны:

Б.қ.-тан 5 * 3000 - 15000 теңге             

 2 * 3200    -  6400 теңге

20.10.02 келіп түскен 5 * 3400;(12-17)  -  6400 теңге  

                                    19 * 3400 -  1700 теңге

Ай соңына қалған цементтің  құны   -   103000 теңге

Бензин бойынша:

Қалдықтан қалған 50 л * 45 теңгемен босатылған   -  2250 теңге   

05.01.02 күні түскеннен 150 * 46            -  6900 теңге

20.01.02 күні келіп түскеннен  300 * 45   -  13500 теңге

20.01.02 күні келіп түскеннен  100 * 45     -  4500 теңге

20.01.02 күні келіп түскеннен  100 * 45   -  4500 теңге

05.01.02 күні келіп түскеннен  100 * 46       -  4600 теңге

Шығыс жиыны   -  36250

Бензиннің қалдығынан қалғаны:

Б.қ.-тан қалғаны:

Б.қ. 50 * 45   -   2250 теңге 

05.01.02 күні келіп түскеннен  50 *46   -  2300 теңге

29.01.02 күні келіп түскеннен  200 * 47     -  9400 теңге

Ай соңына қалған бензиннің  құны -  13950 теңге 

 

Енді сапасын бағалаудың тәсілдерін салыстыруға болады: 

Жоғарыда келтірген кестеден көріп отырғандай, тауарлы – материалдық  қорларды бағалаудың дұрыс әдісін таңдау кәсіпорынның таза табысын да, тұтас  табысында , қаржылық жағдайына да мәнді  әсер етуі мүмкін. Сондықтан оларды таңдағанда салыстырмалы қағиданы ұстаған  жөн. Бір әдістен екінші бір әдіске көшер алдында, яғни екіншісінің  біріншісінен басымдылығымен қатар  мына жағдайларды да сақтау керек:

- шаруашылық жүргізуші субьектінің есептік саясатына өзгерістерді енгізу;

- бір әдістен екіншісіне көшуді, есепті жылдың басынан бастап енгізу;

- дер кезінде тауарлы – материалдық қорлар қалдықтарына да және өткен жылдардың тартылмаған табысына да түзетулерді енгізу.

Материалдың босалқы қорлардың  барлық түрін есепке алу үшін 1300 «Босалқылар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары қолданылады. Бұл бөлімше құрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді :

1310 «Шикізат және маиериалдар»;

        1311«Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер, детальдар»;

1312«Отын»;

1313   «Ыдыс және ыдыстық материалдар»;

1314 «Қосалқы бөлшектер»;

1315   «Басқа материалдар»;

1316  «Қайта өңдеуге берілген материалдар»;

1317 «Құрылыс материалдары».

1310 «Шикізат  және материалдар»шотында шығарылатын өнімнің негізін салатын немесе өнімді жасап шығаруда оның компоненті болып табылатын қажет шикізаттар мен материалдарын есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ өнімді шығаруға қатысатын шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне септігін тигізетін көмекші материалдар есепке алынады.

Әрбір шаруашылық жүргізуші  субъектілер қажеттігінше әрбір  шоттар бойынша субшоттар және материалдың  есебі бойынша аналитикалық шоттар аша алады. Сонымен қоса, кәсіпорын  өзіне жатпайтын материалдарды, баланстан тыс шоттарда есепке алады. (002,003).

Атап көрсетілген шоттар дебеті бойынша әртүрлі көздерден  түскен тауарлы – материалдық  қорлар операциялары, ал кредит бойынша  тауарлы -материалдық қорлардың  әртүрлі бағыттар бойынша шығарылу операциялары көрсетіледі. Шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, отын, қосалқы бөлшектер  және басқа қосалқы материалдар  кәсіпорын балансында өздерінің  нақты өзіндік құнымен көрсетіледі.Осы  баға бойынша құндылықтар синтетикалық есеп – тұрақты есеп бағасымен (келісімді  немесе жоспарланған) көрсетіледі.

Мысал. «Шығыс» АҚ аяқ  киімді өңдеу үшін, сары ЦЛ терісін  жабдықтаушыларға тапсырыс берген, оның 1 дм 90 теңге (ҚҚС-мен) тұрады. Келісім  шарт жасақан соң, «Шығыс» ААҚ-на тапсырыс берген материалы келіп  түскен. Барлық келіп түскен терінің  мөлшері 3555,6 дм құраған, ал оның сомасы 3200004 теңге болған. Тасымалдау шығыны (түсірушілер жалақасы – 300000 және әлеуметтік  - 56700

(300000-300000*10%*21%)) 356700 теңге құраған. Түсіруге дейінгі қоймада сақтау шығыны 630000 теңге құраған. «Шығыс» ААҚ теріні өңдеудің тәсілін жетілдірудің арқасында, оның құнын 90 теңгеден 75 теңгеге дейін түсірген, нәтижесінде алынған терінің нарықтық бағасы 16,67 % төмендеген.

Біз бұл мысалда алынған  терінің өзіндік құны 4545324 теңге  немесе 1 дм –ты 127,84 теңге құраған:

-         сатып алу бағасы  - 2758624 теңге (ҚҚС – сыз)

-         ҚДШ  - 1156700 теңге  (800000 + 356700);

-         Сақтау шығындары  - 630000 теңге.  

 

 

1. 2 Тауарлы –материалдық қорлардың түсуін құжатпен рәсімдеу 

 

Тауарлы – материалдық  қорларды  кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станцияларынан, аймақатрдан, аэропорттардан, материалды жауапты тұлғалар арқылы өз қоймаларынан.

Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарлы – материалдық қорды  алған кезде алушы кәсіпорын  өздерінің жауапты тұлғалары  арқылы жүзеге асырылады. Материалдардың қозғалысын есепке алынған кезде  мынадай типтік құжаттар пайдалынады.

Жабдықтаушылардың қоймаларынан тауарларды алу үшін материалды жауапты  тұлғаға сенімхат беріледі.Біздің сенімхатымызға сүйенетін болсақ, «Энергия плюс»  ЖШС атынан берілген №26 сенімхат №1 қосымшада берілген. Сенімхатты бухгалтерия  рәсімдеп, алушының қолын қойғызып, қолхат алу арқылы береді. № М  – 2а типтік ведомосы арқылы нысаны, алдын -ала нөмірленген және түптелегн Журналға (ү.№ М-3) тіркеледі. № М-2а нысаны төменде берілген. Берілген сенімхатты есептеу журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге жауапты тұлғаға сақталады.

Сенімхатты беру үшін лауазымды  тұлғамен келісім шарт жасалады, ондай  келісім шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта шаруашылық жүргізуші  субъектілер оның мерзімін көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас  бухгалтері қол қойып, мөр басады. Сол сенімхатты алынатын тауарлардың  тізімі сенімхаттың артқы жағында  жазылады.

Бір қоймаға жататын тауарлы  – материалдық қорлар алынған  жағдайда оған бірнеше накладной  керек болса, сенім беруші тұлғаға  бір сенімхатын беруіне болады, бірақ  онда берілген барлық накладной нөмірі, күні көрсетілуі тиіс.

Пайдаланбаған сенімхатты қайтарған  кезде оны «Сенімхаттарды есепке алу журналына» тіркейді және оның түбіршегіне «пайдаланбаған» деген  белгісін жасайды. Жабдықтаушылар тауарлы  – материалдық қорларды босатқан кезде, әрбір жіберілген тауарлы  – материалдық қорларды бақылау  жасау үшін пайдалынады. Ал 3-шісі бухгалтерияға  беріледі. Тауарлы- материалдық қорларды босатып біткен соң ең соңғы партиясының  құжаттырмен бірге сенімхатын да бухгалтерияға тапсырылады.

Жабдықтаушылардан  сатып алушының қоймасына автотранспортпен тауарлы –материалдық қорларды жеткізіп берген кезде сатып алушылардың материалдары материалды жауапты тұлғасы жабдықтаушылардың экспидиторынан алған тауарлы –материалдық қорлардың санын және брутто салмағын, тауарлы – көліктік накладной мәселесімен салыстырады, ол екі дана жасалады.

Егер олардың мәлімдемесінде айырмашылық болмаса, онда оның бір  данасына қол қойып және штамп  басып, тауарлы –материалдық қорлар қабылданды деп жазады. Накладнойдың бір экземпляры материалды жауапты  адамда қалады. Ал егер сомасы мен санында  айырмашылық болса, Акт жасалады. Ол екі дана қылып жасалады және оған жауаптылары қол қояды.

Тауарлы – материалдық  қорларды қабылдау кезінде жүзеге асырылатын операциялардың барлығы автомобильмен, сумен, авиациямен әкелетін жүктердің  операцияларына ұқсас болып келеді.

Тауарлы – материалдық  қорларды кірістеуге мына құжаттар негіз  болып саналады:

-   шот фактура, онда: тауар нөмірі мен күні, атауы және жабдықтау мен тауарлы – материалдық қорларды сатып алушының СТН, ҚҚС-ын есепке қою туралы куәлік нөмірі, әкелінген тауарлы – материалдық қорлардың атаулары мен саны құны, акцизделетін тауарлы – материалдық қорлардың сомасы т.б.

Кіріс ордері. Жабдықтаушылардан  немесе өңдеуден түскен запастарды есепке алу үшін пайдалынады. Ол бір ғана данада жазылады және ол қоймаға келіп түскен кезде толтырылады.

Материалдарды қабылдау туралы акті. Жабдықтаушылардың ілеспе құжаттарындағы мәліметтерді сандық сапалық айырмашылықтары бар босалқыларды қабылдау кезінде қолданылады. Құндылықтарды қабылдағаннан кейін құжаттармен қоса актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, ал екіншісі – жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін , жабдықтау бөліміне жіберіледі.

Материалдық құндылықтарды  өндірісте дайындалған және сақталған  кезіндегі жетіспеушілігі мен жоғалуы  туралы актісі. Бұл құжат материалдарды қабылдау жөніндегі Акт–ге тіркеледі. Екі данасы толтырылады, комиссия мүшелері мен кінәлі кісілер қол қояды. 1-ші данасы бухгалтерияға, ал екіншісі – бөлімшеді қалады.

Материалдардың бөлінуі, сынуы, қирауы туралы актісі.Кәсіпорындарда сынудың , бүлінудің, қираудың нәтижесінде арзандатуға және қорларды есептен шығару үшін пайдалынады. Ол 2 дана етіп жасалынады. 1- ші дана бухгалтерияға жіберіліп, 2-шісі данасы бөлімшеді қалады.

Сауда мекемелерінде тауарларды қабылдау, біріншіден кімнен тауар  жеткізілген және ол қандай түрде  – упаковка жасалған немесе упаковкасы алынған күйде ме.

Сандық және сапалық тауарды  жергілікті жабдықтаушылардан қабылдағанда жабдықтаушының қоймасында егер тауарлар менеджерлермен немесе жүргізушімен, онда қоймада, егер тауарлар көліктік жеткізушілермен әкелінсе.

Тауарларды саны мен сапасы бойынша сату кәсіпорындарда боса, тауарлардың «тауарлардың сапасы мен  саны және өнімнің қабылдауы»бекітілген тәртіпке сүйене отырып қабылданады, ол ҚР Министрлер кабинетінің қаулысымен бекітілген

№ 1240 09.11.1994 ж  және т.б. нормативтік актілерге байланысты. Тауарды қоймадан мекеме өкілі алуы үшін ол міндетті түрде сенімхат және куәлік көрсетуі тиіс. Жабдықтаушылармен тауар жіберілген кезде сенімхат алынады, ол менеджерге керекті тіркемелі құжаттар және тауарларды қабылдағанда жатғқан тауарлар қабылдағанда тауар көлемі, сапасы құжатқа сәйкес тексеріледі. Егер қабылданып жатқан тауар упаковка ішінде болса, онда міндетті түрде ілеспе құжат жазылуы тиіс «Тауар массасы брутто және орын мөлшері нақты тексерілмеген» және «Тауар құжаттама келтірілген апаға сәйкес нақты тексерілмей қабылданды», бұл құжат тапсырған және қабылданған адамдардың қолдарымен рәсімделеді.

Егер тауарларды қоймаға жабдықтаушы немесе жүргізуші үш – төрт тауарлы – көлік накладнойымен жеткізеді.

Түскен тауарларды қоймада  қабылдауды қойма меңгерушісі және МЖА сапасы және санын тексеріп қабылдайды. Жергілікті жабдықтаушылардан тауарларды қабылдау мерзімі тауар түскеннен бастап 10 күн, басқа қалалардағылардан – тауарлар станцияға түсу күннен кейін – 20 күн. Тез бұзылатын тауарларды 24 сағат ішінде сапасы мен санына сәйкес қабылданады.

Егер тауарды қабылдау мерзімі кешіктірілсе, ол тауарайналымының көлемі азаюына әкеледі, ол дегеніміз  шығындардың ұлғаюына және табыстың азаюына әкеліп соғады. Қабылдап алынағн қоймадағы тауарларды бағытталағн түрде тіркейді, ал ілеспе жабдықтаушы тауарлардың құжаттарырын қолдана отырып. Бұл үшін қойма меңгерушісі арнайы штамп қояды, онда келесілер көрсетіледі:

Тауар қабылдау күні, нөмірі және ілеспе құжат күні, нақты өзіндік  құны және бөлек ыдыстар, ал материалды жауапкершілік адам қолымен расталады.  

Бұндай тауар қабылдауды құжаттық рәсімдеу тәртібі рационалды болып саналады, сондықтан құжат  саныназайтып, оларды құруға жұмсалатын шығындарды азайтады. Егер тауар қабылдау бойынша келіспеушілік туындаған  жағдайда бекілген тәртіпте акті жазылып, арнайы комиссия құрылады. Ол үшін шешім  комиссия шешімміен сәйкес шешіледі.

Тауарлы – материалдық  қорларды жабдықтаушы жөнелткенде  оған келесі құжаттар толтырылады:

Тауарлық, есептік  және көліктік.

Тауарлық құжат – деп, жіберілген тауарлар саны мен сапасы, яғни толық мәлімет беріледі. Оларға: шоттар, счет – фактуралар, тауарлы  – көліктік накладнойы, спецификасы. Жүк жіберуші түбіртегі және т.б.

Есеп айырысу құжаттары  – бұл түскен тауарларды түсіргенде  есеп айырысу және жүк жіберушімен олар банқа беріледі. Мұндай құжаттарға: төлем талап – тапсырмасы.

Көліктік  - бұл құжаттар тасымалданған жүк көлемін және айқындайды және көліктік қызмет және көліктік органдарға есеп айырысуға арналған құжаттар.Тасымалдау үшін қолданылатын транспорт түрі:

-  теміржол накладнойы – теміржол көлігімен тасымалдайтын тауарлар.

-  Тауарлы – көліктік накладнойы – автокөліктік тасымалдайтын тасымалдайтын тауарлар екі бөлімнен тұрады: тауарлардың – транспорттық;

-  Коносамент – су жолымен тасымалданатын тауарлар;

-  Авиа накладнойы - әуе жолымен және су жолымен тасымалдайтын тауарларды жеткізгенде беріледі. Счет – фактураны сепке алу «Счет – фактураны тіркейтін журнал», бұл журнал есеп беру мерзіміне сәйкесті келесі түрде жүргізіледі.

Тауар түріне байланысты және оның счет – фактурасын немесе тауарлы – көліктік накладнойыа  жабдықтаушы көптеген басқа құжаттар беріледі, бір бөлігі мөлшерді растайды және түскен тауарлар  санын, ал басқасы – сапасы және т.б. тауарлар бірлігі.

ҚР заңына сәйкес «Стандартизация және сертификация жайлы» тауарлардың халық тұтыну үшін сертефикация жасалынады, ол тізімді Республика Парламенті тағайындайды.

 

 

 

 

ІІ-Бөлім-Тауарлы-материалдық  қорлардың есебі

 

2. 1. Тауарлы – материалдық қорлар синтетикалық есебімен материалдардың қозғалысын  есепке алу ведомосін толтыру  тәртібі

 

Қоймалардан түскен құжаттар жік-жігімен жинақталып, жөнелту  қағаздарымен жабдықталады, содан соң  олардың деректерін бухгалтериядағы  мәліметермен салыстырады. Құжаттың бірінші  даналары кейінгі есептік өңдеуге  пайданылады, ал екінші даналары –  материалдар сақталатын орындарда  қалады, олар құндылықтар топтары  және номенклатуралық көшірмелері  бойынша орналасады. Олар анықтамалық  мақсатта қоймалар бухгалтериядағы  есеп деректерін  салыстыру тексеру үшін пайданылады. Салыстырудан кейін құжаттардың деректері кәсіпорында белгіленген есеп топтары бойынша материалдарды жинақтап есепке алудың жинақтаушы тізімдемесінде топтастыралады, ол тауарлы-материалдық құндылықтар кірісі мен шығысы бойынша 1310 «Материалдар» бөлімшесінің жинақтаушы шоттары және материалдар топтары бойынша жүргізіледі.

Бұл тізімдемеді материалдардың әрбір тобы бойынша өткен айдағы құжаттардағы өткізу тізімдерінің топтары  бойынша материалдардың кірісі мен  шығысы салалық сипаттамасы көрсетіледі  және айдың басындағы қалдығы, ағымдағы құжаттардағы өткізу тізімдерінің топтары  бойынша материалдардың  кірісі мен шығысы салалық  сипаттамасы көрсетіледі және айдың аяғындағы әрбір жинақтаушы шоты мен материалдар тобы бойынша қалдығы шығарылады. Материалдарды жинақтап есепке алудың жинақтаушы тізімдемесін көрсетіп өтемін.

Жинақтаушы ведомосы қойма  мен бухгалтерлік есептерінің мәліметтерін салыстыру үшін пайдалынады, ол материалдар  есебінің карточкасы мен материалдардың қалдық кітабы бойынша жүргізіледі.