Тауарлы материалды қорлар есебі

 

 

Жоспар

 

 

Кіріспе

І. ХҚЕС №2 «Запастар» сәйкес ТМЗ топқа бөлу, өзіндік құнын анықтау және бағалау

 

1.1Тауарлы материалдық  запастардың түсінігі және топқа бөлінуі

1.2 Материалдық запастардың өзіндік құнын анықтау және бағалау әдістері

1.3 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау

 

 

ІІ. Тауарлы материалдық қорлардың қозғалыс есебі және оның құжатталуы

     2.1 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі

     2.2 Материалдардың бухгалтериядағы есебі

     2.3 Материалдық қорларды түгендеу есебі

 

 

ІІІ. “Казфосфат” НДФЗ ЖШС-ның тауарлы-материалдық қорларының қозғалыс есебі.

     3.1 Материалдар қозғалысын ұйымдастыру тәртібі және есебі

     3.2 Материалдық запастар  аудиті және талдауы

 

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе...............................................................................................................3

І. ХҚЕС №2 «Запастар» сәйкес ТМЗ топқа бөлу, өзіндік құнын

 анықтау және бағалау 

 

1.1Тауарлы материалдық  запастардың түсінігі және топқа

 бөлінуі.........................................................................................................5

1.2 Материалдық запастардың өзіндік құнын анықтау және

бағалау әдістері...........................................................................................6

1.3 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау...............9

 

 

ІІ. Тауарлы материалдық қорлардың қозғалыс есебі және оның құжатталуы

     2.1 Материалдық қорлардың қоймадағы есебі.......................................14

     2.2 Материалдардың бухгалтериядағы есебі..........................................15

     2.3 Материалдық қорларды түгендеу есебі............................................16

 

 

ІІІ. “Казфосфат” НДФЗ ЖШС-ның тауарлы-материалдық қорларының қозғалыс есебі.

     3.1 Материалдар қозғалысын ұйымдастыру тәртібі және

            есебі....................................................................................................19

     3.2 Материалдық запастар  аудиті және талдауы.................................23

 

Қорытынды..................................................................................................26

Қолданылған әдебиеттер. .........................................................................27

Қосымшалар................................................................................................28

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Өндіріс процесіне еңбек  құралдарымен қатар өндірістік босалқы  қорлары еңбек заттары ретінде  қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы еңбек  заттары өндіріс процесіне бір-ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, өнімнің өзіндік құнын құрайды.

Тауарлы-материалдық  босалқылар келесідей активтер турінде  болады:

өндірісте пайдалануға  немесе  жұмыстар мен қызметтерді  орындауға  арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар және  құратсырушы бұйымдар,отын, ыдыс және ыдыстықты материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар; аяқталмаған өндіріс; субъект қызметі барысында стуға шығарылған дайын өнім, тауарлары.

Материалдық құндылықтарды  есепке алудың мынадай негізгі міндеттер  тұрады:  босалқыларды дер кезінде  және толығымен есепке алу, сақтау орындарындағы  жағдайын қадағалау;  босалқылардың  қозғалысы бойынша барлық операцияларды  толық және дер кезінде құжаттау; ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық босалқыларды  сату, сақталатын орындардағы құндылықтардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу.

Өндіріс барысындағы  функционалдық (қызметтік) ролі мен  мақсаты бойынша барлық материалдық босалқылар негізгі және көмекші болып бөлінеді.

Негізгілер – дайындалатын өнімнің заттай материалдық негізін (нан пісіргенде ұн( құрайтын материалдар, көмекші матеиалдар өндірілетін  өнімнің өзіндік құнына кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін (сырлар,лак, желім) көмекші материалдар негізгі материалдарға қосымша пайдаланылады.

Материалдық босалқы  қорлардың түрін есепке алу үшін 1300 «Материалдар» бөлімі қолданылады.

1310 « Шикізат пен  материалдар» шотында шығарылған  өнімнің негізін салатын немесе  өнімді жасап шығаруда оның  компоненті  болып табылатын   қажет шикізаттар мен материалдарын  есепке алады. Бұл жерде сондай-ақ  өнімді шығаруға қатысатын немесе  шаруашылық, технологиялық және өндіріс процесіне септігін тигізетін көмекші материалдар да есепке алынады.

1311 « Сатып алынған  жартылай фабрикаттар және құрастырушы  бұйымдар, конструкциялар және бөлшектер»  шотында сатып алынған жартылай  фабрикаттар және өндірілген өнімді құрастыру үшін алынған дайын құрастырушы бұйымдар және жинауға немесе өңдеуге кеткен шығындар есепке алынады.

1312 « Отын»  мұнай  өнімдері, қатты және  басқа   да  өнім түрлері есепке алынады.

1313 « Ыдыс және ыдыстық  материалдары» ыдыстың барлық түрлері (цистернаны, бочкілерді, флягтарды қоспағанда» және ыдысты жөндеуге  арналған материалдар есепке алынады.

1314 « Запас бөлшектер»  жөндеуге және машинаның тозған  бөлшектерін айырбастауға арналған  запас бөлшектер есепке алынады.

1350 « Басқа да материалдар» өндіріс қалдықтары, жөнделмейтін ақау бөлшектер, негізгі құралды жою барысында алынған материалдар және т.б.есепке алынады.

1316 « Өңдеуге берілген  материалдар» шотында сыртқы  өңдеуге берілген материалдардың  және өңдеуден алынған бұйымның  өзіндік құнға енгізілгені есепке алынады.

1317 « Құрылыс материалдары»   құрылыс бөлшектерін, монтаждау  жұмысын және құрылыс процесінде  тікелей пайдаланылатын  құрылыс  материалдарын есепке алады.

Тауарлы – материалдық  запастарды бағалау кезінде неғұрлым арзан өзіндік құнмен,не таза құнымен бағаланады. Қолда бар тауарлы – материалдық қорлардың бүлінуі  немесе олардың жекелей,әлде толықтай ескіруі немесе олардың бағасының төмендеуі, яғни өзіндік құнының деңгейіне келтіру мүмкіндігі болмаған жағдайда, өзіндік құнның орнына сату бағасы пайдалануы мүмкін.

Шикізат, материалдар, сатып  алынған жартылай шикізаттар, отын , қосалқы бөлшектер және басқа  материалдар кәсіпорын балансында өздерінің нақты  өзіндік құнымен  көрсетіледі. Осы баға  бойынша  құндылықтар  синтетикалық есепке  де көсетіледі; талдамалы есепке – тұрақты есеп бағасымен (келісімді немесе жоспарланған – есеп бағасы) көрсетіледі.

Жалпы курстық жұмыста  үш бөлімді қарастырдым. Бірінші бөлімде тауарлы материалдық  запастардың түсінігі және топқа бөлінуі, өзіндік құнын анықтау және бағалау әдістері материалдар қозғалысының, есебі және оларды құжаттау тәртібі,екінші бөлімде тауарлы материалдық қорлардың қозғалыс есебі және оның құжатталуын ашып көрсетуді көздедім.Ал үшінші бөлімде “Казфосфат” НДФЗ жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігінің тауарлы-материалдық қорларының қозғалыс есебін,аудитін толық ашып көрсетуді мақсат еттім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. ХҚЕС №2 «Запастар» сәйкес ТМЗ топқа бөлу, өзіндік құнын анықтау және бағалау

1.1Тауарлы материалдық   запастардың түсінігі және топқа бөлінуі

    Тауарлық-материалдық құндылықтар бір жылдың ішінде немесе компанияның бір операциялық циклының ішінде сатылатын немесе пайдаланылатын болғандықтан ағымдағы активтер қатарына жатады. ТМҚ шаруашылық субъектісінде келесі түрлерге бөлінеді:

  • өндіріс процессінде немесе жұмыстар орындағанда және қызмет көрсетілгенде пайдалануға арналған шикізат, материалдар, шала фабрикаттар және құрастырмалы бұйымдар, отын, ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, өндірістік және шаруашылық инвентарьдың өзге де материалдары (Материалдар шоттары);
  • Аяқталмаған өндіріс. Оның өзіндік құнына тек шикізат шығындары ғана емес, сонымен бірге еңбек шығындары  және жанама үстеме шығыстар да кіреді (Негізгі және Көмекші өндіріс, Меншікті өндірістің шала фабрикаттары шоттары);
  • Дайын өнім және шаруашылық субъектісінің қалыпты қызметі барысында сатуға арналған тауарлар (Дайын өнім және Тауар шоттары).

Тауарлық-материалдық  құндылықтар құрамына кірмейтін  тауарларға мыналар жатады:

  1. Консигнациядағы тауарлар.
  2. Жолдағы тауарлар.

Еңбек заттары біртекті емес. Олардың бір-бірінен өндірісте атқаратын міндеттеріне қарай, сондай-ақ физикалық және химиялық қасиеттеріне қарай өзара айырмашылықтары бар. Сондықтан да материалдар есебін дұрыс ұйымдастырудың ең басты мәселесі - оларға экономикалық жағынан дәлелденген жіктеу жасау болып табылады. Өздерінің өзгешеліктері мен өнім дайындауда атқаратын міндеттеріне қарай материалдар:

—    шикізат;

—    негізгі материал;

—    көмекші материал;

—    жартылай   фабрикат   және   тағы   да   басқалар   болып бөлінеді.

Негізгі материалдар  мен шикізаттар өндірілетін өнімнің құрамына кіріп оның материалдық негізін жасайды.

Шикізаттар  деп бұрын азды-көпті еңбек сіңірілген заттарды атайды. Бұлардың құрамына кен өндіруші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы мекемелерінің өндірген өнімдері - мұнай, кен, макта, жүн, тері, ағаш және тағы да басқа материалдар жатады.

Негізгі материалдардың қатарына өнімнің өзіндік құнын құрайтын өңдеуші өнеркәсіп өнімдері - ұн, мата, кірпіш және тағы да басқалар жатады.

Өндірістік үдерістің  бір сатысынан толық өтіп әрі қарай өңдеуді қажет ететін материалдар жартылай фабрикаттар деп аталады.

Материалдардың бұл  түрін әрі қарай өңдеу арқылы дайын бұйымдар алынады. Олардың  аяқталмаған өнімнен айырмашылығы, оны сол күйінде сатуға болады. Бұндай жағдайда жартылай фабрикатты сатып алған ұйымдар оны әрі қарай өндейді. Сондықтан да әрі қарай өңдеуге арналған ұйымның өзінің өндірген немесе басқалардан сатып алған заттары еңбек заттарының қатарында есептеледі. Жартылай фабрикаттар қатарына құрылыс ұйымдарында - бетон және ағаш бұйымдарын, металлургияда - шойын мен болатты жатқызуға болады.

Көмекші материалдарга  — әр түрлі химикаттар мен майлайтын, сүртетін және жөндеуге керекті басқа да материалдар жатады. Көмекші материалдардың негізгі материалдардан өзгешелігі, олар өнімнің материалдық (заттық) негізін құрамайды. Олар өндіріс үдерісінде қолданылуы барысында негізгі материалдарға өзінің қандайда бір тиісті әсерін тигізіп, негізгі материалдардың түсін тағы да басқа жақтарын өзгертеді. Материалдардың бұл түріне бояуларды, әктерді (известъ) жатқызуға болады.

Материалдық қорлардың  ішінде бөлек топ болып отындар, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер, құрылыс материалдары және тағы да басқалар есептеледі. Отындар тобына техникалық мақсатта энергия өндіруге, үй -жайларды жылытуға пайдаланатын материалдардың барлық түрі жатады.

 

1.2 Материалдық  запастардың өзіндік құнын анықтау  және бағалау әдістері

Материалдар баланста нақты өзіндік кұны бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар материалдар өздерінің топтамалық (синтетикалық) есебінде нақты өзіндік қүнымен керсетіледі де, ал талдамалық есебінде жоспарлы есептеу бағасымен немесе келісілген бағасы бойынша көрсетіледі. Егер кәсіпорын материалдық қорлардың талдамалық есебін келісілген бағасы бойынша есептейтін болса, онда олардың нақты құны материалдық қорлардың сатылып алынған құны мен дайындау-тасымалдау шығындарының қосындысынан тұрады. Бұлардың құрамына теміржол тарифі, көлік, ұшақ және басқа да тасымалдау қүралдарының тарифтері, жарналар, материалды тиеуге, түсіруге кеткен шығындар, материалдық қорларды дайындаушылардың іс-сапары шығындары, қамсыздандыруға төленген төлем және басқа да шығындар жатады. Егер материалдық корлардьң талдамалық есебі жоспарлы есептеу бағасы бойынша есептелетін болса, онда олардың нақты өзіндік құны жоспарлы есептеу құнына баға өзгеруінен болатын ауытқуларды қосу немесе алу арқылы анықталады.

Бұл бағаны кәсіпорынның немесе ұйымның өзі жоспарланған дайындау-тасымалдау шығындарьн ескере отырып есептеп шығарады. Жалпы материалдық қорларды есептеуде заттай және ақшалай өлшемдер қолданылады.

  Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады:

1. Ерекшеліктеріне қарай сәйкестендіру әдісін

2.Орташа салмақтандырылған құн әдісіне

3.ФИФО әдісі

4.ЛИФО әдісі

Ерекшеліктеріне қарай сәйкестендіру әдісі

Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі әдетте бірімен-бірін алмастыруға болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен пайдаланылатын (асыл металдардың, асыл тастардың және т.б.) нақтылы бір материалдық қорлардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалған материалдар мен істелген жұмыстардың нақты  өзіндік құнын есептеп  шығаруды  көздейді. Сондай-ақ есептеу әдісі сатылып алынғанына немесе кәсіпорынның өзінде өндірілгеніне қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік кұнын есептеуге арналған.

 

Орташа өзіндік  құнын есептеу әдісі

Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы олардың кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар тобының (түрінің) орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есепті айдьң басындағы қалған қалдығьның құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынтығын (қосындысын) мате-риалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдардың сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.

 

ФИФО әдісі

ФИФО есептен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. Бұл әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлардың бірінші кезекте кіріске алынғаны алғашқы болып, яғни бірінші кезекке шығыс етіледі деп жорамалданады. Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен соң бірі кіріске алынғандағы кезегі бойынша шығыс етіледі деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында қалған материалдардың өзіндік құны соңғы кіріске алынған материалдардың бағасымен бағаланады.

 

ЛИФО әдісі

ЛИФО әдісі кәсіпорынға ең соңғы кезекке кіріске алынған материалдар тобы бірінші болып шығыс етіледі немесе жұмсалады деген қағидаға негізделген, яғни алғашқы жұмсалатын немесе шығыс етілетін материалдар кәсіпорынға ең соңғы кіріске алынған материалдардың тиісті өзіндік құны бойынша бағаланады. Ал ай соңында кәсіпорында қалған материалдар алғашқы кіріске алынған материалдардың өзіндік құны бойынша бағаланады.

Ал енді әр тәсіл бойынша ішіндегі тауарлы-материалдық қорлардың  өзіндік құнын есептейік

Кәсіпорынның ай ішіндегі тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысы:

                                                      Данасы            Бағасы        Сомасы

Ай басына қалдық                          210                  100              21000

Сатып алынды                                

1он күндікте                                   300                   110              33000

2 он күндікте                                  280                   120             33600

3 онкүндікте                                   300                   150             45000

Барлығы сатып аланды                880

Ай соңына қалдық                         190дана

 

1 Ерекшеліктеріне қарай сәйкестендіру әдісі тауарлы-материалдық қорлардың әрбір партиясының есебін жүргізуге мүмкіндік береді.Бұл тәсілді қолдану үшін бір ай ішінде қанша тауарлы-материалдық қорлардың әрбір партиядан қанша жұмсалғандығын және қаншасы қоймада қалғандығын анықтап алу .Біздің мысалда:

1 он күндікте түскеннен-280дана

2 он күндікте түскеннен-220дана

3 он күндікте түскеннен  -200дана  жұмсалды.                                                                                      

Тауарлы-материалдық  қорлардың өзіндік құнын есептейміз

200*100+280*110+220*120+200*150=107200

Тауарлы-материалдық қорлардың  ай соңына қалдығы:

(210-200)-100+(300-280)*110+(280-220)*120 +(300-200)*150=25400

                     Немесе 21000+111600-107200=25400                       

2. Орташа салмақтандырылған  құн әдісінде қолда бар және ай ішінде келіп түскен тауарлы-материалдық қорлардың орташа құны есептеледі.

Берілген мысал бойынша тауарлы-материалдық қорлардың өзіндік құнын есептейміз

Ол  үшін ай басына қалған қорлардың қалдығымен кезең ішінде келіп түскен тауарлы-материалдық  қорлардың сомасын қоймада қалған және келіп түскен қорлардың данасына  бөледі. 

Орташа бағасы (21000-111600) L210+880)=121,65

Шығынның өзіндік құнын анықтаймыз:900*121,65=109486

Қалдық сомасын анықтаймыз:190*121,5=23114

Немесе 21000+111600-109486=23114

3. ФИФО әдісі инфляция кзеңінде қорларды бағалаудың және сатып алуға кеткен нақты шығындардың әділ бағасын береді.

Тауарлы-материалдық қорлардың   шығынын ФИФО әдісі бойынша есептейік:

210*100+300*110+280*120+110*150=104100

Ай соңына материалдардың қалдығы:

190*150=28500 немесе21000+111600-104100=28500

4.ЛИФО әдісі бойынша керісінше соңынан сатып алынған тауарлы-материалдық қорлар шығынға бірінші жазылады, ал бірінші болып сатып алынғандар ай соңына қалдыққа қалдырылады.

ЛИФО бойынша шығын  келесідей анықталады :

               300*150+280*120+300*110+20*100 =113600

Қалдық 190*10 =19000 немесе 21000+111600-113600 =19000

 

Бір айдағы сатылым көлемі 250000 деп алып әрбір әдістің сатудан түскен табысқа әсерін қарастырып көрейік:

 

Көрсеткіштер

Сәйкестен.әдісі

Орташа құн әдісі

ФИФО әдісі

ЛИФО әдісі

1

Бастапқы қалдық

21000

21000

  21000

  21000

2

Сатып алынды

111600

111600

111600

111600

3

Соңғы қалдықтар

25400

23114

28500

   19000

4

Шығынның өзіндік құны(1+2-3)

107200

109486

104100

113600

5

Сатылым көлемі

250000

250000

250000

250000

6

Жалпы табыс (5-4)

142800

140514

145900

136400


 

 

           1.3 Материалдар қозғалысының есебі және оларды құжаттау

 

Материалдық қорларды қабылдап алуды рәсімдеу

Кәсіпорындар мен ұйымдарда  материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету жарлысымен арнайы бөлім және мамандар шұғылданады. Олар ұйым бойынша келер жылы өндірілетін өнім көлеміне қарай белгіленген өлшем бойынша өндіріске керек болатын материалдардың көлемін алдын ала анықтап, жабдықтаушы мекемелермен қажет болатын материалдар көлемі туралы шарт жасайды. Шартта материалдардың аты, көлемі, бағасы, жеткізіліп берілетін уақыты көрсетіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың жабдықтау бөлімі шартта көрсетілген келісімдердің орындалуын қадағалап отырады. Ол үшін материалдарды алып келген тасымалдау көлігінің жолдама құжаты, теміржол жүкқұжаты (накладнойы), көліктік жүкқұжаты, жабдықтаушыдан келген басқа да құжаттар алдымен жабдықтау бөліміне табыс етіледі. Бұл жерде, яғни жабдықтау бөліміне келген құжаттар М-1 түрлі «келген жүкті есептеу» журналына тіркеледі. Одан кейін бұл құжаттарды материалды алып келетін экспедиторға береді. Сонымен қатар экспедиторға материалдарды алу үшін сенімхат беріледі. Экспедитор алған жүккұжаттары мен сенімхатты алғаны үшін М-1 түрлі журналға қол қояды.

Жабдықтау бөлімі келген материалдарды қабылдап алуды да қадағалап отырады. Ол үшін жоғарыда аталған журналға материалдардың қабылданған уақыты (күні, айы, жылы) мен ол үшін толтырылған құжаттың атын (үлгілі түрі) және нөмірін жазады. Жабдықтаушы мекемеден және жүк тасымалдаушы ұйымдардан материалдарды немесе жүктерді алу үшін кәсіпорыннан тағайындалған экспедиторға немесе жүкті алатын басқа адамға үлгілі түрі М-2 немесе М-2А сенімхаты беріледі. М-2 түрлі сенімхаты лауазымды адамның материалдық қорларды қабылдап алуға ұйымның сенімді адамы ретінде қатысу құқығын ресімдеу үшін беріледі. Бұл сенімхатты бухгалтерия бір дана етіп жазады. Сенімхатты алған адам оны алғаны үшін хаттың бухгалтерияда қалған түбіршегіне қол қояды. Сенімхаттың М-2А түрі жабдықтаушы үйымдардан белгіленген мерзім ішіндегі материалды тұрақты алып тұратын экспедиторға беріледі. М-2А түрлі «сенімхат» алдын ала нөмірленген барльқ парағы арқылы жіп өткізіп тігілген, және үлгілі түрі М-3 «Берілген сенімхаттарды есептеу» журналына тіркелуі керек. Кәсіпорындар мен ұйымдардың экспедиторы немесе басқа да қызметкері М-2А түрлі «сенім-хатты» алғаны үшін осы журналға қол қояды. Кейіннен олар осы журналға сенімхатта көрсетілген материалдарды алған уақытын (күні, айы, жылы), кіріс ету құжатының нөмірін жазады. Коймаға қабылданған материалдьщ қорларға жауапты адам сол күні үлгілі түрі М-4 «Кіріс ету» ордерін бір дана етіп толтырады.

Жабдықтаушы ұйым тауарлық-материалдық қорларды автомобиль көлігі арқылы жеткізіп беретін жағдайда жіберілетін материалдарға 4 (төрт) дана етіліп «Тауар-көлік жүкқұжаты» (накладной) толтырылады. Оның бірінші данасы жіберілген материалдарды есептен шығару үшін материалдарды жіберушіде қалдырылады: екінші, үшінші және төртінші даналары мате-риалдарды жіберуші (босатушы) ұйымның мөрі (мөртаңбасы) және лауазымды адамдардың қолымен расталып, сондай-ақ жүкті қабылдап алғаны жайлы көлікті жүргізушінің қолы қойылып жүргізушіге тапсырылады.

Жүргізуші тауар-көлік  жүкқұжатының екінші данасын материалдарды қабылдап алушы ұйымға тапсырады. Бұл құжатгың негізінде ұйым келген материалдарды кіріске алады.

Құжаттың үшінші және төртінші даналары материалдарды қабылдап алғанын растайтын құжат ретінде ұйымның мөрі (мөртаңбасы) басылып және тиісті адамдардың қолдары қойылып, жүкті тасымалдаушы автомобиль көлігі тіркелген ұйымға тапсырылады.

Кейіннен ол құжаттың үшінші данасы материалдык құндылықтарды тасымалдауға тапсырыс берген ұйымға тасымалдау құнын төлеуге табыс етілетін шотқа негіздеме ретінде қосылып беріледі.

Құжаттың төртінші данасы автомобиль көлігінің жол қағазына (путевой лист) тіркеліп, жүргізушіге еңбекақы және автомобиль көлігінің атқарған жүмысына сәйкес түрлі есептеулер есептеу үшін пайдаланылады.

Егер келіп түскен материалдардың нақты саны, көлемі, сапасы онымен келген құжатгағы дерекке сәйкес келмесе үлгілі түрі М-7 «қабылдау актісі» жасалынады. Соньмен қатар үлгілі түрлі М-7 «қабылдау актісі» жіберу құжатынсыз келген материалдарға да толтырылады. Бұл акт екі дана етіліп міндетті түрде материалдарды қабылдап алған кісінің және материалдарды жіберген жабдықтаушы кәсіпорын өкілінің қатысуымен, егер де жабдықтаушы ұйымның өкілі болмаған (келмеген) жағдайда бұл ұйымға ешқандай қатысы (мүдделілігІ) жоқ ұйым өкілінің (адамның) қатысуымен жасалады. Материалдарды қабылдап болғаннан кейін бұл актінің бір данасы материалдармен бірге келген жөнелтпе құжатымен бірге қабылданған материалдарды есепке алу үшін ұйымның бухгалтериясына, ал екінші данасы кәсіпорынның жабдықтау бөліміне келіп түскен материалдардың жетіспейтіндігін жабдықтаушы ұйымға хабарлау үшін табыс етеді. Кәсіпорындар мен ұйымдарға жаңылыс келіп түскен немесе ұйымның алудан бас тартқан материалдары уақытша қабылданып, бөлек жиналады. Ондай материалдар үлгілі түрі М-4 «Кіріс ету ордері» бойынша қабылданып, баланс сыртындағы «Уақытша сақтауда түрған материалдық қорлар» деп аталатын шотта есептелінеді.

Материалдар кәсіпорындар мен ұйымдардың ішіндегі цехтарына, бөлімшелеріне, өзінің аумағы (территориясы) сыртындағы шаруашылықтарына, сондай-ақ басқа ұйымдарға үлгілі түрі М-15 А материалдарды босату (ішкі ауыстыруды) «Талап ету жүк күжаты» бойынша босатылады.

Материалдарды босату (ішкі ауыстыруды) «Талап ету жүк құжаты» екі дана етіліп жазылып, оған бас бухгалтердің немесе ол сенім білдірген тұлғаның қолы қойылуы арқылы шешіледі.

Егер материалдар қоймадан кәсіпорынның өзінің шаруашылықтарына (цехтарына, бөлімшелеріне) босатылатын жағдайда үлгілі түрі М-15А материалдарды босатуды (ішкі ауыстыруды) «Талап ету жүк құжатының» бір данасы материалдарды алушыға беріледі де, ал екінші данасы қоймада қалдырылып, кейіннен бухгалтерияға табыс етіледі. Бұл жағдайда толтырылғаннан құжаттарды материалдарды босататын қойманың (цехтың) сол материалдарға жауапты тұлғасы толтырады.

Үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды бұзғаннан, бөлшектегеннен алынатын іске жарамды материалдарды кіріске алу үшін үлгілі түрі М-35 санды акт толтырылады.

 Материалдардың есептен шығарылуы және босатылуы

Кәсіпорындар мен ұйымдардың өндірісінде жиі пайдаланылатын материалдық қүндылықтар үшін толтырылатын талап ету қағаздарының санын кемітіп, есеп жұмысын жеңілдету үшін және материалдарды өндіріске босату лимитінің сақталуына ағымдағы бақылау жүргізу үшін шектеулі-заборлық (шектеу карталары) карталарды қолдануға болады. Шектеулі-заборлық картаның үлгілі түрі М-8 бойынша ұйьмның қоймасынан бо-сатылатын материалдардың санын (көлемін), ол материалдар арқылы өндірілетін өнімнің және оның біреуіне жұмсалатын материалдардың көлеміне қарап экономикалық жоспарлау бөлімі есептеп шығарады. Шектеулі-заборлық карта бойынша материалдар онда көрсетілген мөлшер шегінде ғана босатылады. Онда қаралған материалдардан артық өндіріске керек болған материалдар бөлек талап ету қағазы бойынша босатылады. Шектеулі-заборлық картаның негізіне сүйене отырып, өндіріске босатылатын материалдарды қойманың есебінен шығарады. Шектеулі-заборлық карта қоймадан бір ай бойы босатылатын материалдарға жаса-лынады. Бұл картада шығарылатын өнімнің, шығынньң немесе тапсырыстың коды көрсетілуі тиіс. Шектеулі-заборлық картаның бір данасы жаңа айдың басына дейін материалдарды алатьн цехқа немесе бөлімшеге, ал екінші данасы материалдарды босататын қоймаға табыс етіледі. Материалдар қоймадан өндіріске цехтың өкілі өзіндегі шектеулі-заборлық картаны әкелгенде ғана босатылады.

Қоймашы шектеулі-заборлық картаның екі данасына да материалдардың босатылған уақыты мен олардың санын номенклатуралық нөмірі бойынша жазады. Содан кейін шектеулі-заборлық картаның цехтағы данасына қоймашы, ал қоймадағы данасына цех басшысы немесе оның өкілі қол қояды. Материалдарды есептеуге осы күнгі санайтын машиналар пайдаланылған жағдайда толтырылатын алғашқы кұжаттардың санын азайту үшін қоймадан босатылатын материалдарды тікелей қойманың карточкасына жазу жүйесін де қолдануға болады. Бұл жағдайда материалдарды қоймадан босатуға ешқандай кұжат жазылмайды. Шектеулі-заборлық картаға барлық бір дана болып жазылатын бухгалтерлік құжаттар негізделініп жасалады. Материалдарды босату лимитін қоймадағы картаның өзінде де көрсетуге болады. Бұл карточканың үлгілі түрі — М-17. Цехтың өкілі материалдарды алған кезде қоймашының есептеу карточкасына қол қояды да, ал қоймашы цехтың шектеулі-заборлық карточкасына қол қояды. Сондай-ақ шектеулі-заборлық карточкада өндірісте пайдаланылмай қоймаға қайтарылып берілген материалдар да есептелінеді. Қоймадағы есеп карточкасына материалдардың әрбір номенклатуралық нөмірі бойьшша босатылғаны, қоймада қалғаны, материалдарды цехқа әрбір босатқан уақыт сайын немесе шектеулі-заборлық картаны жапқаннан кейін, бірақ келесі айдың біріне дейін жазылып отырылуы тиіс. Бұл жағдайда шектеулі-заборлық картаны қоймалық есептің тиісті карточкаларымен бірге сақтау керек. Лимитгі пайдаланып болғаннан кейін қоймадағы шектеулі-заборлық картаның қорытынды дерегі шектеулі-заборлық картаның цехтағы данасымен салыстырылады. Егер бұл шектеулі-заборлык картадағы деректер өзара сәйкес болса, екі жақтың өкілдері, яғни қоймашы мен цех өкілі деректердің дұрыстығын мақұлдап қол қояды.

Айдың аяғында шектеулі-заборлық картада көрсетілген мате-риалдардың пайдаланылған-пайдаланылмағанына қарамастан барлық шектеулі-заборлык карталар бухгалтерияға тапсырылады.

Құрылыс ұйымдарында  көбіне шектеулі-заборлық картаның М-28 және М-28А нөмірлі үлгілі түрлері қолданылады. Үлгілі түрі М-28 нөмірлі шектеулі-заборлық карта материалдарды салынып жатқан құрылысқа ол құрылыс басталғаннан бастап, аяқталғанға дейін босатуға арналған. Шектеулі-заборлық картаның бұл түрі қүрылыс жүмысын жүргізуші прорабтар немесе мастерлер тағы да басқа жұмыс жүргізушілердің біреуінде болады. Сонымен қатар ай сайын үлгілі түрі М-28 шектеулі-заборлық карта жазылады да, ол қоймада сақталынады. Материалдарды қоймадан босатқанда қоймашы үлгілі түрі М-28А шектеулі-заборлық картаға қол қояды, ал материалдарды қабылдап алушы құрылыс бөлімінің өкілі үлгілі түрі М-28А шектеулі-заборлық картаға қол қояды. Айдың аяғында жұмыс жүргізуші мастер, прораб пайдаланылмаған материалдарға  түгендеу жүргізіп, оның нәтижесі бойынша үлгілі түрі М-28 түрлі шектеулі-заборлық картадағы 14 бағанды (графаны) толтырады. Ай бойы нақтылы пайдаланылған материалдар санының көлемі карточканың әрбір жолы бойынша алынған материалдардан қоймаға қайтадан тапсырылған материалдармен оның айдың аяғында пайдаланылмай қалған қалдығын алып тастау арқылы табылады. Қоймашы мен жұмыс жургізуші тиісті жазулары жазылып дайын болған шектеулі-заборлық картаны алғашқы құжаттармен бірге материалдар жайында берілетін есепке тіркеп, бухгалтерияға тапсырады. Бухгалтерияда қойманың берген есебі бойынша жұмсалған, өндіріске босатылған материалдардың есептен дұрыс шығарылуы тексеріледі. Сонымен қатар үлгілі түрі М-28 түрлі шектеулі-заборлық карта арқылы әрбір объекті бойынша құрылыс басталғаннан бастап жұмсалынған материалдар жайлы деректер анықталады. Салынып бітпеген объектінің шектеулі-заборлық кар-тасы жұмыс жүргізушіге қайтарылып беріледі. Шектеулі-заборлық картаның М-28А нөмірлі үлгілі түрі материалдарды орталық қоймадан немесе құрылыс бөлімшесінің қоймасынан құрылыс объектілеріне бір ай бойы уақыт аралығында босатуға арналған. Шектеулі-заборлық картаның үлгілі түрі М-28 және М-28А санды нөмірлерінің ішіне материалдардың ай бойы босату санына қарап, қосымша парақ тігуге де болады. Шектеулі-заборлық карта бойынша материалдарды әрбір босатқан сайын пайдаланбағаннан қалған қалдығы шығарылып отырылады. Егер материалдар шектеулі-заборлық картада көрсетілгеннен артық мөлшерде керек болса, ондай материалдарға үлгілі түрі М-10 санды «Материалдарды ауыстыруды талап ету актісі» толтырылады. Шектеулі-заборлық картада көрсетілгеннен артық керек болған материалдар үшін немесе бір материалдардың орньна екінші бір материалдарды алу немесе пайдалану керек болған жағдайда кәсіпорын басшысының немесе оның өкілетгі қызметкерінің рұқсаты болуы керек. Мұндай материалдарға да жоғарыда айтылған үлгілі түрі М-10 түрлі «Материалдарды ауыстыруды талап ету актісі» толтырылады. Сонымен материалдарды өндіріске лимит бойынша босату кәсіпорын басшысының өндірісте болып жатқан кемшіліктерді уақтылы білуіне мүмкіндік береді. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ішінде құрылыспен айналысатын өндіріс орындарында ашық қоймаларда сақталынатын материалдар көп пайдаланылады .Бұлар қоймашының жауапкершілігінде далада сақталынады. Олардың әр құрылыс бөлігіне берілетіндері бойынша бөлек сақтағаны дұрыс. Мұндай материалдарды талап ету қағазы бойынша босатады. Ай сайын олардың қалдық көлемін өлшеу арқылы құрылысқа босатылған материалдардың көлемі, мөлшері анықталады.