Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы есебі

 

                                                МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ...................................................................................................................3   

1.ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАРДЫҢ ЕСЕБІ,АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ

1.1. Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы есебі....................................4

1.2. Тауарлы-материалдық қорлар және оларды жіктеу мен 2ХҚЕС бойынша тауарлық-материалдық қорлардың бағалануын есепке алу ...............................8

1.3.Тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысы есебі және құжатталуы……………………………………………………………………….11

 

2. ТАУАРЛЫ-МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІНІҢ  АУДИТІ ЖӘНЕ ТАЛДАУЫ

2.1. Тауарлы-материалдық қорлар  аудитінің мақсаты мен міндеттері............15

2.2. Тауарлы- материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің аудиті......16

2.3. Кәсіпорынның қоймасына тауарлы – материалды қорлардың түсуін құжаттық рәсімдеу…………………………………………………………….....20

2.4. Кәсіпорының қоймасынан тауарлы  – материалдық қордың шығуын  құжаттық рәсімдеу.................................................................................................23

 

Қорытынды............................................................................................................25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

           Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.Экономиканың барлық саласындағы, кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізатпен материалдарды ұқыпты жүмсауға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік кұнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық қорларын, ақша қаражаттарын және басқада ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға жэне тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызымен мәнін айрықша бағаламауға болмайды. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуының маңызы зор. Бухгалтерлік есеп материалдардың сақтануы, шығындар нормасының төмендетілуі, тиімді қолданылуы туралы мәліметтерді жинақтайды. Тауарлы-материалдық қорлар есебінің жалпы принциптері бухгалтерлік есептің № 7 «Тауарлы-материалдық қорлар есебі» стандарты негізінде ұйымдастырылып, мұнда есептің негізгі бағыттары көрсетілген:

-    тауарлы-материалдық қорлардың  өзгерісі;

-    тауарлы-материалдық қорлардьщ өзіндік қүны және бағалануы;

-    шығындардың есептелуі;

-    есеп берудегі айқындама.

    Тауарлы - материалдық қорлар субъектінің айналымдық қорының негізгі бөлігі болып табылады. Оның құрамына материалдар, аяқталмаған өндіріс, тауарлар кіреді. Нарықтық экономика жағдайында айналымдық қордың айналымдылығын жоғарылату оның маңызды және нақты көрсеткіші болып табылады. Өнімнің өзіндік құнында материалдардың үлес салмағы өнеркәсіптерде 70% құрайды, яғни пайда түсірудің негізгі көзі болып табылады. Негізгі мақсат:

-    Тауарлы-материалдық қорларды  жіктеу мен бағалау;

-    Тауарлы-материалдық     қорлардың     қозғалысын     есептеу     кезінде жасалатын кұжаттар;

-    Тауарлы-материалдық  қорлардың  қоймадағы   жэне   бухгалтериядағы  есебі;

-    Тауарлы-материалдық қорларды  түгелдеу және оларды есеп  беруде ашып көрсету;

-    Тауарлы-материалдық қорларды  талдау;

-    Тауарлы-материалдық қорлардың  аудиті.

 

 

 

 

 

 

 

1.1.Тауарлы-материалдық қорлардың қоймадағы  есебі            

 

     Қоймалардағы материалдық қорларды есепке алуды материалдық жауапты адамдар немесе олардың келісімімен жұмысын атқаратын есепшілер (операторлар) материалды есепке алу үшін арналған карточкаларында жүргізеді. Қорлардың әрбір номенклатуралық нөміріне жекелеген карточкалар ашады, содан соң ол бухгалтериядан қоймаға жартылай толтырылған күйінде беріледі.

    Алған карточкаларда қоймашы материалдардың сақталатын орнын (стеллаждар, ұялар) сипаттайтын реквизиттерді толтырады. Карточкаларға жазбалар кұжаттардың негізінде жазылады. Егер қоймадағы материалдық қорлардың қалдықтары қорлардың белгіленген нормасынан жоғары немесе тең болса, онда қойма меңгерушісі бұл туралы жабдықтау бөліміне хабарлауы тиіс. Бұл мақсатта қорлардың белгіленген нормаларынан нақты қалдық қорының ауытқушылығы туралы дабыл анықтамасы қолданылады. Ол нақты қалдық қордың белгіленген қалдықтарынан ауытқушылығын бақылау үшін және қозғалыссыз жатқан қалдыққа бақылау жасау үшін қолданылады. Анықтаманы бір дана етіп қойма меңгерушісі (қоймашы) материалдарды есепке алу карточкасының деректері бойынша жасайды. Анықтамаға деректерді енгізудің өлшемдерін субъектінің материалдық - техникалық жабдықтау бөлімі белгілейді. Жетіспеушіліктер мен материалдық жағынан жауапты адамдардың қызметіндегі тәртіп бұзушылықтар туралы, сондай-ақ іріктеп тексерулер мен өткізілген нұсқамалардың нәтижелері туралы бухгалтерияның қызметкері бас бухгалтерге хабарлауға тиіс. Айдың аяғында қоймаға бухгалтериядан материалдардың қалдықтарын есепке алатын кітабын қоймашыға береді, оған қойма меңгерушісі материалдарды есепке алу карточкасындағы қалдықтарын көшіріп жазады. Мұнан кейін деректерді салыстырып тексеру үшін материалдық босалқы қорлардың есептік топтары бойынша және бүтіндей алғанда кітап бойынша жиынын бухгалтерияға қайтарылады. Сөйтіп, қойма меңгерушісі материалдарды есепке алуға, олардың карточкаларын жүргізуге, құжаттардың тізімдерін жасауға және қойма есеп кітабының қалдықтарын шығаруға міндетті.

      Қоймалардан түскен  құжаттар жік-жігімен жинақталып, жөнелту қағаздарымен жабдықталады, содан соң олардың деректерін бухгалтериядағы деректермен салыстырылады. Құжаттардың бірінші даналары кейін есептік өңдеуге   пайдаланылады,   ал   екінші   даналары   -   материалдар   сақталатын орындарда  қалады,   олар  қорлар  топтары  және  номенклатуралық нөмірлері бойынша    орналасады.    Олар    анықтамалық    мақсаттарда    және    қоймалар бухгалтериядағы есеп деректерін салыстырып тексеру үшін пайдаланылады.

     Салыстырудан кейін  құжаттардың деректері кәсіпорында  белгіленген есеп топтары бойынша (материалдар, ағаш материалдары  және т.с.с) материалдарды жинақтап  есепке алудың жинақтаушы тізімдемесінде  топтастырылады, ол тауарлы-материалдық  қорлар кірісі мен шығысы бойынша  (201) 1310 «Материалдар» бөлімшесінің жинақтаушы шоттары және материалдар топтары бойынша жүргізіледі. Бұл тізімдемеде материалдардың әрбір тобы бойынша өткен айдағы тізімдемеден келесі айдың басындағы қалдығы, ағымдағы құжаттарындағы өткізу тізімдерінің топтары бойынша материалдардың кірісі мен шығысы сомалық сипаттамасы көрсетіледі және айдың аяғындағы әрбір жинақтаушы шоты мен материалдар тобы бойынша қалдығы шығарылады. Жинақтаушы ведомосы қойма мен бухгалтерлік есептерінің мәліметтерін салыстыру үшін пайдаланылады, ол материалдар есебінің карточкасы мен материалдардың қалдық кітабы бойынша жүргізіледі. Материалдардың қалдықтарының кітабы бір ай бойы бухгалтерияда сақталады және оны материалдардың қалдықтары туралы мәліметтерді алу үшін пайдаланылады. Айдың аяғында кітап бухгалтериядан қоймаға беріледі, қойма меңгерушісі есепті жылдың аяғындағы материалдық қорлардың қалдықтарын оған түсіріп, өз қолын койып растайды. Материал калдықтарының кітабы есепті айдан кейінгі, айдың 1-3 күні бухгалтерияға тексеруге және топтар мен тауарлы-материалдық қорларды есепке алу жөніндегі шоттар бойынша жинақталған есебі беріледі.

    Айдың аяғындағы материалдарды  жинақтап есепке алудың жинақтаушы  тізімдемесіндегі қалдықтар туралы  әрбір есептік топ бойынша сомалық түрдегі деректер материал қалдықтарының кітабындағы топтарының жиынтығымен салыстырылады. Бұл деректер сәйкес келуге тиіс, өйткені қоймадағы (карточкалардағы,   сонан   соң   материал   қалдықтарының   кітабындағы)   және бухгалтериядағы    (материалдарды    жинақтап    есепке    алудың    жинақтаушы тізімдемесіндегі) жазбалар бір құжаттың негізінде жазылады.

Бухгалтерияда материалдардың жинақтама есебінің жинақтаушы тізімдемесінің негізінде (сальдо әдісі қолданылғанда) немесе материалдық жағынан жауапты адамдардың материалдық қорлардың қалдықтары мен қозғалысы туралы есеп берулерінде (егер сальдо әдісі қолданылмаса) «Материалдардың ақша түріндегі қозғалысы» деген тізімдемесі жасалынады. Бұл тізімдемеде материалдық қорлардың қоймадағы немесе материалды жауапты адамдар арасындағы қозғалысы көрсетіліп, нақты өзіндік кұнымен есептік бағалары бойынша бір айдағы материалдық қорлардың қалдықтары мен кірісі туралы деректері шығарылады. Олардың негізінде материалдардың сомалық жэне пайыздық ауытқулары анықталады. Табылған процент бойынша жұмсалған материалдық қорлардың нақты кұны шығарылады. Тізімдеме екі бөлімнен тұрады. Тізімдеменің бірінші бөлімінде кәсіпорынға түскен материалдардаң нақты өзіндік құны мен есептік бағасының арасындағы ауытқулары анықталады.

    Тізімдеменің екінші бөлімі «Материалдардың синтетикалық есебінің жинақтаушы ведомосы» немесе «Материалдық қорлардың қозғалысы мен қалдығы туралы есеп беруі» мәліметтерінің негізінде жасалады. Бұл бөлімнің деректері (20) 1310 «Материалдар» мен (22) 1330 «Тауарлар» бөлімдердің шоттары жөніндегі мәліметтер Бас кітаппен салыстырылады.

    Бухгалтерияда материалдың шығысына арналған құжаттардың бірінші даналарының негізінде «Материалдардың шығысын бөлу» деген әзірлеме кесте жасалады, онда цехтар мен шоттар тұтынушылар, тапсырыстар, жұмсау баптары және есепке алу мен калькуляцияның басқа да объектілері мен есептік бағасы бойынша материалдардың жұмсалуы көрсетіледі.

    Ведомостан көріп отырғанымыздай, жұмсалған материалды қорлардың нақты өзіндік кұны олардың есептік бағасынан ауытқыған (+,-), және сол ауытқулар  (901) 8011,      (921) 8031,   (931) 8041 ,   шоттарының   дебетіне   жатқызылады.

    Бухгалтерияда, алғашқы  құжаттардың негізінде материалдардың  шығысына «Материалдар шығысын  тарату» кестесі жасалады. Сол кестенің негізінде «Цехтар шығыстарының» ведомасына тиісті жазбалары жазылады яғни, (901) 8011,      (921) 8031,   (931) 8041 шоттары дебеттеліп, (201) 1310, (202) 1311, (203) 1312, (204) 1313, (205) 1314, (206) 1315, (208) 1317 шоттары кредиттеледі).

    Қорлардың сақталуына  жүйелі түрде бақылауды жүзеге  асыру үшін бухгалтерия материалдардың  жекелеген түрлерінің қалдықтарына  заттық қалпында іріктеме - бақылау  жүргізеді. Материалдардың өндірісте  пайдаланылуына бақылауды ұйымдастыру  да бухгалтерияның маңызды міндеті болып табылады.

    Цехтарда айдың аяғындағы  пайдаланбай (қиып-пішілмей, өңделмей) қалған материалдар өндіріс шоттарынан материалдардың тиісті шоттарына, олардың түгелдеу жэне бағалау деректері бойынша (1310-шы бөлімше шоттарының дебеті, (901) 8011, (921) 8031-шоттардың кредиті) тиісті шоттарда есептен шығарылады. Жаңа айдың бірінші күні бұл материалдардың қалдықтары бухгалтерлік жазба арқылы өндіріс шоттарынан (901) 8011, (921) 8031,(931) 8041-шоттардың дебеті, 1310~шы бөлімше шоттарының кредиті) есептен шығарылады.

    Өндірісте материалдардың  пайдаланылуына бақылау жасау  үшін мынандай әдістер қолданылады: нормадан ауытқушылықтарды құжатпен  рәсімдеу, партиялар бойынша ашып-санап-өлшеп  көру есебі, түгелдеу (түгелдеу әдісі).

Бір материалды екіншісімен ауыстырғанда нормадан ауытқуларын құжатпен рәсімдейді, сондай-ақ материалдардың нормадан тыс босатылғандарын да «Материалдарды ауыстыруға арналған талап—актісімен» рәсімдейді.

    Ашып санаған материалдардың  әрбір партиясы бойынша ауытқуларын анықтау үшін партиялар бойынша ашып—санап-өлшеп көру әдісі пайдаланылады. Бұл есепті өндірістегі бөлуші-шеберлер, жоспарлау-диспечерлік бюросы, яғни ашып-санап көруге құқысы бар адамдар материалдардың әрбір партиясына арнайы ашылатын есептік (ашып-санап-өлшеп көру) карталарында жүргізіледі. Есептік партияларда ашып-санап-өлшеп көрудің технологиялық карталарына сүйене отырып, осы партияны ашып-санап-өлшеп көру нәтижесінде қандай көлемде және қайда дайындалғанын, сондай-ақ қалдық санын (нормалар бойынша ) анықтап, қаншасы алынуға тиісті екені, сондай-ақ қалдықтары көрсетіледі. Бұған қоса, карточкаларға жұмыс орнына берілген материалдардың саны, осы партияның нақты жасалған, дайындалған (бөлшектер) саны, сондай-ақ қалдықтардың нақты саны да енгізіледі.

    Ашып—санап-өлшеп көрудің көмегімен нақты дайындалған материалдың саны нормативтік санымен салыстыру арқылы нәтижесі анықталады. Нормалар бойынша материал шығысы өндірілген өнімнің санын шығыс үшін қолданылып жүрген нормасына көбейту жолымен анықталады. Үнемделген немесе артық жұмсалған материалдардың сандары өнімнің нақтылы шығарылуына кететін нормативтік шығысымен салыстыру арқылы анықталады. Қалдықтарға катысты да осындай бақылау жүргізіледі. Есептік картада ауытқулардың себебі мен материалды ашып-санап-өлшеп көрген жауапты адамдардьң аты-жөні көрсетіледі.

    Партиялар бойынша есептеуді  қолдану мүмкін болмағанда немесе  орынсыз болғанда ауытқулар мерзімді түгелдеудің көмегімен материалдардың әрбір түріне қарай әрбір орындаушы, бригада, бөлімше немесе бүтіндей цех бойынша анықталады.

      Ағымдағы есеп  деректерінің негізінде цехтар  бухгалтерияға материалдардың өндірісте  пайдаланғаны туралы және үнемделген  немесе артық жұмсалған материалдардың  себептерін көрсетіп, содан соң  нормадан ауытқулары туралы рапорттарын береді.

    Бухгалтерия жақтан жүргізілетін  жүйелі тексерулер бухгалтерияның  өзінде сорттық есеп реестрлерін  жүргізуден бас тартуға мүмкіндік  береді. Бұл қойма есеп жазулары мен синтетикалық есеп жазулары арасындағы байланыстың койма есеп карточкаларында материалдар қалдық көрсеткіштерінің бухгалтерияда жасалатын айналым ведомость қалдықтары көрсеткіштерімен салыстырылу жолымен жүргізілетіне байланысты (1 сызбаны қараңыз).

     Материалдардың   қозғалысын   есепке   алу   жөніндегі   шоттардың корреспонденциясын қарастырайық:

1.Мынадай тауарлы - материалдық қорлар қоймаларға келіп түсіп, кіріске алынады:

    Материалдардың   қозғалысын   есепке   алу   жөніндегі   шоттардың корреспонденциясын қарастырайық:

    «Материалдар» бөлімшесінің шоттары (201-208) 1310-1317 дебеттеледі де -Қазақстан Республикасында қосылған құн салығы (ҚҚС) төлеушілерден түскен материалдық қорлардың құнына, (331) 1410-ші «Өтеуге арналған қосылған құнға салынатын салық» шоты дебеттеліп - жабдықтаушылардың жалпы салықтық шот-фактурасындағы сомасына (671) 3310-шоты кредиттеледі.

2. Негізгі құралдарды жоюдан  алынған материалдарды кіріске  алған кезде: (206) 1315 «Басқа да материалдар»  шоты дебеттеледі де, (727) 6280 «Негізгі  емес қызметтен түскен басқадай  табыстар» шоты кредиттеледі.

 

 

 

 

1.2  Тауарлы-материалдық қорлар және оларды жіктеу мен 2ХҚЕС бойынша тауарлық-материалдық қорлардың бағалануын есепке алу

 

    Өндіріс процесіне еңбек  құралдарымен қатар материалдық  қорлары еңбек заттары ретінде  қатысады. Еңбек құралдарынан айырмашылығы  еңбек заттары өндіріс процессіне бір - ақ рет қатысады және олардың құны өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, өнімнің өзіндік құнын құрайды.

    Тауарлы - материалдық қорлар  келесідей активтер түрінде болады: өндірісте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтерді орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар және құрастырушы бұйымдар, отын, ыдыс және ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа материалдар; аяқталмаған өндіріс; субъект қызметі барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар. Тауарлы-материалдық қорларды есепке алудың алдында мынадай негізгі міндеттер тұрады: қорларды кіріске дер кезінде және толық есепке алу, сақтау орындарындағы жағдайын қадағалау; қорлардың қозғалысы бойынша барлық операцияларды толық және дер кезінде құжаттау; көліктік-дайындау шығындары мен дайындалған қорлардың өзіндік құнын уақытында және толық анықтау; ішкі ресурстарды жұмылдыру мақсатында субъектіге қажет емес материалдық қорларды сату, сақталатын орындардағы қорлардың қалдықтары мен қозғалысы туралы дәл мәліметтерді алу. Өндіріс барысындағы функционалдық ролі мен мақсаты бойынша барлық материалдық қорлар негізгі жэне көмекші болып бөлінеді.

    Негізгілер - дайындалатын  өнімнің заттай материалдық негізін  құрайтын материалдар болса, көмекші материалдар өндірілетін өнімнің өзіндік кұнына кіргенімен негізгі материалдар сияқты оның заттай негізін құрай алмайды. Өнімге қажетті қасиеттерді беру үшін көмекші материалдар негізгі материалдарға қосымша пайдаланылады. Бірақ, материалдарды негізгі және көмекші етіп бөлу шартты сипатқа ие, өйткені олар өнімді шығаруға жұмсалған материалдардың  санына,  технологиялық  сипатына  және  басқа да  көптеген факторларына тәуелді болып келеді.

     Тауарлы-материалдық қорлардың барлық түрін есепке алу үшін (201) 1310 «Материалдар» бөлімінің негізгі, активті мүліктік шоттары пайдаланылады. Бұл бөлімше қүрамына төмендегі синтетикалық шоттар кіреді: (201) 1310 «Шикізаттар және материалдар», (202) 1311 «Сатып алынған шала фабрикаттар және құрастырушы бұйымдар, конструкциялар мен бөлшектер, детальдар», (203) 1312 «Отын», (204) 1313 «Ыдыс және ыдыстық материалдар», (205) 1314 «Қосалқы бөлшектер», (206) 1315 «Басқа материалдар», (207) 1316«Қайта өңдеуге берілген материалдар», (208) 1317 «Құрылыс материалдары».                                                                     

    Әрбір шаруашылық жүргізуші субъектілер қажеттігінше әрбір шоттар бойынша субшоттар және материалдық есебі бойынша аналитикалық (талдамалы) шоттар аша алады. Сонымен қоса, кәсіпорын өзіне жатпайтын материалдары, баланстан тыс шоттарды есепке алады (002, 003).

      Материалдардың есебін ұйымдастырудың басты алғы шарты: оларды дұрыс бағалау болып табылады. Тауарлы-материалдық қорларды бағалау кезінде неғұрлым арзан өзіндік құнымен, не таза құнымен бағаланады. Қолда бар тауарлы-материалдық қорлардың бүлінуі немесе олардың жекелей, әлде толықтай ескіруі немесе олардың бағасының төмендеуі, яғни бір сөзбен айтқанда, өзіндік кұнының деңгейіне келтіру мүмкіндігі болмаған жағдайда, өзіндік кұнның орнына сату бағасы пайдаланылуы мүмкін. Шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай шикізаттар, отын, қосалқы бөлшектер және басқа қосалқы материалдар кәсіпорын балансында өздерінің нақты өзіндік құнымен көрсетіледі. Осы баға бойынша кұндылықтар синтетикалык есепте де көрсетіледі; талдамалы есепте - тұрақты есеп бағасымен көрсетіледі. Тауарлы-материалдық қорлар қалдығын дұрыс анықтаудың көптеген параметрлері бойынша үлкен мағынасы бар. Ең алдымен қаржы-шаруашылық қызмет нәтижесіне, яғни өнімнің жеке түрлерінің табыстылығына, сәйкесінше, бюджетке аударылу көлеміне әсер ететін өткізілген өнімді, дұрыс есептеу үшін қажет. Сондықтан тауарлы-материалдық қорлар қалдығьн есептеу әдісін дұрыс таңдау мен сатылған тауарлы-материалдық қорлардың құнын дұрыс анықтау маңызды болып табылады. №7 «Тауарлы-материалдық қорлар» бухгалтерлік есеп стандарты келесі 3 әдісті ұсынады:

1.  Арнайы идентификациялау әдісі .

2.  Орташа есептеу құн әдісі.

3.   ФИФО әдісі.

 

2-ХҚЕС-на сәйкес қорлар мына  активтер:

  • Қалыпты қызмет барысында сату үшін арналған;
  • Осылай сату үшін арналған өндіріс процесінде, немесе;
  • өндіріс процесінде немесе қызметтер көрсету кезінде пайдалану үшін арналған шикізат немесе материалдар түрінде.

     Демек,тауарлық-материалдық қорлар анықтамаға  сәйкес мынадай үш санатқа бөлінеді:

  1. шикізат пен материалдар
  2. аяқталмаған өндіріс
  3. дайын өнім және тауарлар

      Тауарлық-материалдық қорлар компания балансында актив ретінде танылады.Егер компанияға болашақта экономикалық пайдалар ағысының ықтималдығы болса, қорлардың  құны немесе сеніммен өлшене алатын бағасы болады.Әдетте компания қорларының құрамына оларбойынша меншіктің заңды құқығы сатып алушыға көшкен қорлар енеді.Алайда стандарттарда қарастырылған белгілі бір ережелер қолданылатын бірқатар жағдайлар  болады.Жыл аяғындағы оларға заңдылық құқық сатып алушыға көшкен жолдағы  тауарлар есепті кезеңнің қорлары ретінде  көрсетіледі. Консигнацияға берілген тауарлар консигнанттағы  қор ретінде көрсетіледі.Қорлардың есепке алудың аса маңызды мәселелерінің бірі оларды бағалау болып табылады. 2-ХҚЕС- ына сәйкес қорлар өткізу мүмкіндігінің өзіндік құны мен таза құны сияқты екі шаманың ең азы бойынша бағалануы тиіс.Яғни компаниялар қорларды қаржы есептілігінде төменгі баға ережесі бойынша көрсетуге тиіс. Оның мәнісі –байыппен қарау қағидатына байланысты орай қорлар мүмкін болатын құндарының ең кемі бойынша бағаланады.

      Қаржы есептілігін ХҚЕС-ына сәйкес жасайтын ұйымдар шоттардың жұмыс жоспары ұйым қызметінің ерекшелігіне орай нұсқаулыққа сәйкес жасалатынын қазақстандық компанияның бухгалтерлері білетіні жөн.Қазақстан Республикасының заңнамасына және құрылтай құжаттарына сәйкес нұсқаулақта белгіленген тәртіппен қызмет қажеттілігіне қарай ұйым синтетикалық және талдамалы шоттар ашады.Егер  тауарлық-материалдық қорлар жасалған шарттар бойынша сатуға арналса, онда есеп қисап шартты орындау үшін арналған көлемде контракті бағалары бойынша жүргізіледі. Шарт бойынша қажеттен асып кеткен қорлар ағымдағы рыноктық бағалар бойынша қайта бағаланады. Егер шикізат пен материалдар негізінде шығарылған дайын өнімдер өзіндік құнына тең немесе асырылған бағалар бойынша сатылатын болса, шикізат пен материалдар қайта бағаланбайды. Егер  мұндай сенімділік жоқ болса, шикізат пен материалдар олардың қалпына келтіру құны бойынша қайта бағаланады. Өткізудің таза құнын бағалау әрбір есепті кезеңінде дүркін-дүркін жүргізіледі.Өткізудің таза құнына дейінгі қорлардың бастапқыда ішінара есептен шығаруға әкеп соққан жағдайлар өзгергенде ,есептен шығарылған сома қорлардың өзіндік құнын сипаттайтын шамаға дейін өтеледі.

        Тауарлақ-материалдық қорларды сақтаудың бірыңғай мерзімі жоқ,әр кәсіпорында өз өндірісінің ерекшеліктері болады.Сондықтан әрбір кәсіпорын материалдық қорлар үшін өз нормаларын белгілеп,бекітуге тиіс.Шикізат пен материалдар –ең көп деңгейде 45 күнге дейін .Көптеген кәсіпорындар өз өндірісінің ерекшеліктеріне қарай ақшаға қатысты аз жұмсалатын, бірұ әр уақытта қолда болуға тиіс қорлардың көп номенклатурасын қоймада сақтауға мәжбүр болады.Осындай қорларға неғұрлым тән мысалдар қосалқы бөлшектер табылады. Қандай да бір тиын тұратын қосалқы бөлшектің болмауынан жабдық жөнделмей  қалуы мүмкін.Қосалқы бөлшектер үшін сақтау мерзімін ең көп дегенде алпыс күнге дейін белгілеуге болады. Егер кәсіпорын қоймаларда қорлардың сақтаудың нормативтік оңтайлы мерзімін белгілесе, онда олардың әрбір түрі бойынша тауарлық- материалдық қорлардың нақты айналымдылығын есептеген жөн және жіктеу белгілері бойынша талдау жасау керек.

     Өткізудің таза құнының  ұлғаюынан болған тауарлық-материалдық  қорларды кез келген қайта қосымша есептеу шамасы қайта қосымша есептеуді жүзеге асыру кезеңінде шығыстар деп танылған тауарлық-материалдық қорлар шамасының азаюы ретінде танылуы тиіс.

 

 

 

 

1.3.Тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысы есебі және құжатталуы

 

    Өндіріс қорларының шығысы мен түсімі бойынша жасалатын алғашқы құжаттар материалдық есепті ұйымдастырудьң негізі болып табылады. Тікелей алғашқы кұжаттардың көмегімен тауарлы-материалдық қорлардың тиімді пайдалануын және сақталуын, қозғалысын алдын ала, ағымдағы және келешектегі бақылануын жүзеге асырады. Есепті тиімді ұйымдастыру ісінде қорлардың сақталуы мен есепке алынуына қатысы бар барлық тұлғаларға баға көрсеткішінің номенклатурасын жасап, таратудың маңызы зор. Онда субъектінің қолында барлық материалдық қорлар белгілі бір белгілері бойынша әзірленеді.

    Әрбір    атаулары,    сорттары    бойынша    шартты    сандық   белгілері   -номенклатуралық нөмірі беріледі, содан соң барлық кұжаттарда  ТМҚ - дың бары мен қозғалысы  бойынша берілген нөмірі қойылады. Номенклатуралық нөмірі: баланс  шоттарының нөмірі  немесе  материалдардың  қатар  нөмірі  бойынша берілуі       мүмкін.       Материалдардың       номенклатурасында      есептелінетін материалдардың бірлік бағасы көрсетіледі, яғни ол баға-номенклатурасы деп аталады.   Ол   жүйеленген   материалдар  тізімі   бойынша  жасалады  және  оны кәсіпорынның     барлық     бөлімшесі     (материалды-техникалық     жабдықтау, бухгалтерия, қаржы бөлімдері) анықтама ретінде пайдаланылады. Тауарлы-материалдық    қорлардың    түсуін     құжатпен     рәсімдеу.     Тауарлы-материалдық     қорларды     кәсіпорын     әртүрлі     жағдайда     алуы     мүмкін: жабдықтаушының     қоймасынан,     теміржол     станциясынан,      айлақтардан, аэропорттардан,   материалды   жауапты   тұлғалар   арқылы   өз   қоймаларынан. Жабдықтаушылардың қоймаларынан ТМҚ-ды алған кезде алушы - кәсіпорын өздерінің   жауапты   тұлғалары   арқылы   жүзеге   асырады.   Материалдардын қозғалысын   есепке   алған   кезде   мынадай   типтік   құжаттар   пайдаланылады: жабдықтаушылардың қоймасынан тауарларды алу үшін материалды жауапты тұлғаға сенімхаты беріледі. Сенімхатгы бухгалтерия рәсімдеп, алушының қолыш қойғызып, колхат алу арқылы береді. № М-2а типтік ведомосы аралық нысаны, алдын ала нөмірленген және түптелген журналға тіркеледі. Берілген сенімхатты есептеу журналы, сенімхатты тіркеуге және беруге жауапты тұлғада сақталады. Сенімхатты  беру  үшін  лауазымды  тұлғамен   келісім-шарт  жасалады,   ондай келісім-шарты жоқ болған жағдайда бір жолғы сенімхаттар беріледі. Берілген сенімхатта   шаруашылық   жүргізуші   субъектілер   оның   мерзімін   көрсетеді. Сенімхатқа кәсіпорын басшысы, бас бухгалтері қол койып, мөр басады. Сол сенімхатта алынатын тауарлардың тізімі сенімхаттың артқы жағында жазылады. Бір  қоймаға жататын тауарлы-материалдық  корлар  алынған  жағдайда оған бірнеше накладной керек болса, сенім беруші сенімді тұлғаға бір сенім хатын беруіне болады, бірақ онда берілген барлық накладнойдың нөмірі, күні керсетілуі тиіс. Егер де бір ғана сенімді тұлғаның бірнеше қоймадан тауар алуына тура келсе, онда оған әрбір қоймаға ұсыну үшін жеке сенімхат беріледі. Сенімхат, әрекет ететін мерзіміне қарамастан, тауарлы-материалдық қорларды алған кезінен бастап беріледі. Мерзімі өткен сенімхаттары бойынша есеп бермеген лауазымды тұлғаға жаңа сенімхаттар берілмейді. ТМҚ-ды ала салысымен материалды жауапты тұлға тапсырманы орындағаны туралы құжаттарды бухгалтерияға беріп, тауарлы-материалдық қорларды қоймаға өткізу керек, олардың сол қорларды қуаттайтын сенімхаты толық болмаса да. Егер де ТМҚ-ды алу құқығы жойылса, онда одан сенімхаты қайтып алынады, ал жіберушілерге басқа сенімхат беріледі. Пайдаланбаған сенімхаттар мерзімі өткеннен кейін келесі күні сенім білдірушіге қайтарылады. Пайдаланбаған сенімхатты пайдаланбаған кезде оны «Сенімхаттарды есепке алу журналында» тіркейді және оның түбіршегіне «пайдаланбаған» деген белгісін жасайды. Осындай сенімхаттар есеп беру кезеңінің соңына дейін сақталады, сосын есепті кезеңінің соңында жойылады.

    Тауарлы-материалдық қорларды кірістеуге мына құжаттар негіз болып табылады:

-  шот-фактура, онда: қатар нөмірі  мен күні, атауы және жабдықтау  мен ТМҚ-ды сатып алушының СТН, ҚҚС-ын есепке қою туралы куәлік  нөмірі, әкелінген ТМҚ атаулары  мен саны, құны, акцизделетін ТМҚ  сомасы т.б.;

- тауарлы-транспорттық накладной;

-  тауарды қабылдап алған  материалды жауапты тұлғаның  жазған накладнойы мен құжаттары, атап айтқанда:

    Кіріс ордері. Жабдықтаушылардан немесе өңдеуден түскен қорларды есепке алу үшін қолданылады. Ол бір ғана данада жазылады және ол жауапты тұлғадан материалдар қоймаға келіп түскен кезде толтырылады.

    Материалдарды  қабылдау туралы акті. Жабдықтаушылардың леспе кұжаттарындағы мәліметтерді сандық жэне сапалық айырмашылықтары бар қорларды қабылдау кезінде қолданылады; сондай-ақ кұжаттарсыз түскен материалдарды қабылдаған кезде де. Қабылдау комиссиясы міндетті түрде материалдық жауапты түлғаның жіберуші өкілінің немесе мүдделі емес мекеме өкілінің қатысуымен актіні 2 дана етіп жасайды. Қорлар қабылданғаннан кейін қүжаттармен қоса актілердің бір данасы материалдық қорлардың қозғалысын есепке алу үшін бухгалтерияға, екіншісі - жабдықтаушыға талап хатын жазу үшін, жабдықтау бөліміне немесе олардың бухгалтериясына жіберіледі.

    Тауарлы-материалдық қорлардың өндірісте дайындалған және сақталған кезіндегі жетіспеушілігі мен жоғалуы туралы актісі. Табиғи шығын нормалары айқындалмаған материалдық қорларын дайындау, сақтау немесе өндіру процесінде орын алған жоғалтуды анықтау үшін қолданады. Қорлардың сақталуына жауапты бөлімдердің балансынан шығаруға немесе кінәлі адамдардан өндіріп алуға аталған құжат негіз бола алады. Бұл құжат материалды қабылдау жөніндегі актіге тіркеледі. Екі данасы толтырылып, комиссия мүшелері мен кінәлі кісілер қол қояды. Бірінші данасы бухгалтерияға жіберіледі, ал екіншісі бөлімшеде қалады. Табиғи шығын нормаларына сәйкес материалдардың жоғалуы туралы актісі. Субъектінің қоймасына жабдықтаушылардан келіп түскен кезде табиғи шығын нормаларына сай қорлардың кемігені анықталса немесе өңделгеннен кейін оларға табиғи шығын нормалары қойылған болса, осы акті жасалады. Қорларды қабылдауды жүргізген кезде жасалынған актіге кіріс ордері қосымша қызмет атқарады. Комиссия екі дана етіп жасап қол қойып, 1 - ші данасын бухгалтерияға өткізеді, ал қорлардың жоғалуына материалды жауапты түлғалар ол сол адамдардың есебіне есептен шығаруға негіз бола алады, ал оның 2-ші данасы қоймада қалады.

    Материалдардың   бүлінуі,   сынуы,   қирауы  туралы   актісі.   Кәсіпорында бүлінудің, сынудың, қираудың нәтижесінде арзандатуға және қорларды есептен