Тақырыбы:Әлеуметтік педагог және оның кәсіби шеберлігі
«Жалпы және әлеуметтік педагогика» пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:Әлеуметтік педагог және оның кәсіби шеберлігі
Алматы 2012
Кіріспе |
3 | |
I |
ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГТЫҢ ШЕБЕРЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ |
|
1.1 |
Әлеуметтік педагогтың мәдениетінің мәні мен маңызы |
4 |
1.2 |
Әлеуметтік педагогиканың зерттеу әдістері мен ұстанымдары |
7 |
1.3 |
Педагогтың қасиеті мен оның түрлері |
8 |
II |
Қазақстан Респубикасындағы педагогтың жұмысының барысын талдау |
|
2.1 |
Қазақстан Республикасындағы педагогтың заңнамалық құжаттары |
11 |
2.2 |
Қазақстандағы педагог маманының ерекшеліктері |
13 |
2.3 |
Педагогты кәсіптік дайындау түрлері мен әдістері |
15 |
III |
Қазақстандағы педагог қызметкердің жұмысын жетілдіру мәселесі |
|
3.1 |
Әлеуметтікпедагогтың кәсіптік – мәдениетін жетілдіру мәселелері |
18 |
3.2 |
Әлеуметтік педагогтың кәсіптік – мәдениетін жетілдірудегі шет ел тәжірибесі |
20 |
3.3 |
Әлеуметтік қызметкердің педагогикалық мәдениетінің жетілдіру жолдары |
21 |
Қорытынды |
24 | |
Пайдаланылған әдебиеттер |
26 |
КІРІСПЕ
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі.Әрбір адам қоғамда өмір сүріп,өзгелермен экономикалық,саяси-әлеуметтік, кәсіптік-этикалық және басқа қарым-қатынастарға түседі.Табиғат заңдарын адам қаншалықты жақсы білуі керек болса,әлеуметтік қарым-қатынас механизмдерін де,немесе адамдар арасындағы қатынастар заңдылықтарын да соншалықты жақсы білуі қажет.
Әлеуметтік жұмыста кәсіптік қызметкердің әдепті,сыпайы,білімді, мәдениетті,білікті болуы кәсіптік талап болса,қызметкердің болмыстық деңгейі мен жан-дүниесінің тазалығына, әлемдік өркениет құндылықтарына тікелей байланысты.Адамдар қауымдастығы өмірдің жақсы деңгейіне ұмтылғандаоларға-мыңдаған ғасырлар бойы жинақталған адами құндылықтарға,өз заманының жаңа құндылықтарына, әдеп, мораль, кәсіптік-этика ұстанымдарына берік болуы керек болады.
Курстық жұмыстың мақсаты-әлеуметтік жұмыс туралы теориялық және маңызды практикалық іс-тәжірибе негізінде,қазіргі заман талаптарына сай кәсіптік-педагогикалық ерекшеліктеріне талдаукөзделді.
Осындай мақсаттан мынадай міндеттер туындайды:
- Әлеуметтік педагогикалық мәдениетінің мәні мен маңызын ашу;
- Қазақстанда әлеуметтік педагогиканың заңнамалық құжаттарына сипаттама беру;
- Әлеуметтік педагогикалық ерекшеліктерін негіздеу;
- Әлеуметтік педагогты кәсіптік дайындау түрлері мен әдістерін салыстыру;
- Әлеуметтік педагогтың кәсіптік-мәдениетін жетілдіру мәселелерін ұсыну;
- Қазіргі әлеуметтік қызметкердің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру үлгілерін беру.
Курстық жұмыстың зерттеу нысанасы–Еліміздегі әлеуметтік педагогтардың өз жұмысындағы педагогикалық ұстанымдары.
Жұмыстың құрылымы.Курстық жұмыс кіріспеден,негізгі және қорытынды бөлімнен,пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады. Кіріспеде курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі,зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері айқындалады. Қорытынды бөлімде негізгі бөлімде айтылған ойлардан тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.
I ӘЛЕУМЕТТІКПЕДАГОГТЫҢ ШЕБЕРЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1Әлеуметтік педагогтың мәдениетінің мәні мен маңызы
Әлеуметтікпедагог баланы,жастар мен қарттарды,ересек адамдарды әлеуметтіндірудің заңдылықтарын зерттейді. Бірақ,көбінесе қарастыратын нысанының жас ерекшеліктері мен күйзелісті ахуалының өзгешелігіне байланысты келеді.Мысалы, қарттармен әлеуметтік педагогикалық жұмыс,жастар арасындағы жұмыс,мүгедек балалар арасындағы әлеуметтік педагогикалық жұмыс деген секілді көптеген салалармен тарауға бөленеді.Қазіргі кезде қоғамдағы әр түрлі жаңғырулар мен өзгерістердің ықпалы қатты әсер ететін ең бір нәзік түсі–адамның әлеуметтік жағдайы.Сондықтан біз бұл жерде ең басты объект ретінде бала және онымен жұмыс мәселелерін қарастырамыз,біз әлеуметтік педагогика баланың білім– тәрбие алуына қоғамның тигізетін әсерін зерделейді.Басқаша айтқанда адамдардың білім алуына,әлеуметтік тұлға болып қалыптасуына,білім, мәдениет,тағы басқа қоғамдық институттардың тигізетін әсерін зерттейтін ілім деуге болады.
Әлеуметтік педагогиканың жеке өзіне тиісті теориясы, тәжірибелік практикалық іс-шаралары бар.Қандайда ғылыми теория болмасын,ол тәжірибеге сүйеніп дамиды,яғни жұмыс тәжірибесінен оның теориялық анықтамалары қалыптасады.Олар әлеуметтік педагог пен әлеуметтік қызметкерлерге тиесілі.Олардың жүргізетін іс-шаралары адамдарға белгілі бір топқа тигізетін әсерін анықтауға кедергілерді жоюға және күйзелістен шығуға көмектесуге бағытталған
Мәдениет танушылық көзқарас тұрғысынан алып қарағанда, әлеуметтік педагогты адамдардың әлеуметтік–педагогикалық тәжірибесінің адамгершілік пен рухани мәдениетінің,шығармашылық пен қарым-қатынастың нәтижесі ретінде түсіндіре отырып,ұрпақтан-ұрпаққа мәдениет тасымалдаушы деп қабылдаған өте маңызды. [1]
Кез келген саладағы әлеуметтік педагогтың кәсіби құзіреттілігіне жоғары талаптар қойылады.Ол тек педагогикалық тұрғыдан әрекет етіп қана қоймай,сонымен қатар түрлі жағдайларға байланысты әлеуметтік әрекеттердің басқа да түрлерін меңгеруі керек. Педагогикалық құзіреттілікпен қатар саяси,әкімшілік,медициналық және эканомикалықта құзіреттіліктерді де игеруі тиіс.Себебі оның іс-әрекеті осы салалармен тығыз байланысты.
Мәселе бойынша арнайы әдебиетті таңдаудың нәтижесі көрсеткендей,әлеуметтік қызметкердің кәсіби әрекеттері келесі мақсаттарды көздейді:
- жеке мәселелермен олардың себептерін анықтау;
- мәселелі жағдайларды алдын алу;
- қызметкерлерге білім беріп тәрбиелеу;
- жеке және әлеуметтік қиыншылықтарымен күрес жүргізу; қоғамдық оңтайлы жағдайларды құру және осындай жағдайларды құруға қатысу;
- жағдайы нашар отбасыларына,олардың балаларына оқу-тәрбие алу үшін материалдық көмекті ұйымдастыру;
- білімге деген қабілеттерді зерттеу;
- қоғамдық өмірге қатысуға және әлеуметтік құқықтарды дұрыс қабылдауға дайындау;
- басқалармен араласуға,бағыт бағдар алуға, жауапкершілікке, --өзін-өзі сыйлауға және сабырлыққа дайындау;
- педагогикалық білімнің ізгілену кезінде болашақ маманның жеке тұлғасына оның адамгершілігін, мәдениеттілігін және кәсіби білімділігін қатар қалыптастыра отырып, оларды бір тұтас дамыту;
- әлеуметтің дамуы мен жұмыс істеуінің жаңа тенденцияларын есепке алу;
- педагогикалық білімнің, педагогикалық оқу орындарының тіршілігіндегі барлық істің демократиялануы;
- педагогикалық білімді оның тәжірибесімен өзара байланысты тұғырландыру;
- қазіргі уақыттың талаптарына сәйкес және болашаққа болжам жасай отыра, әлеуметтік педагогтарды дайындау жұмысының түрлерін, оның әдістемесін, мазмұның жаңартып, толықтырып отыру.
Әлеуметтік қызметкердің әлеуметтік-педагогикалық менталитеті ( ішкі жан дүниесі, ақыл-ойы, көз қарасы ) белгілі бір тұғырға табтіреген,құндылық бағдары, қоршаған ортаны қабылдауы мен ой елегінен өткізе білуі, кез келген тұрмыстық жағдайларда өзін басқара білуі, өзін ұстауы және белгілі тұрмыстық жүріс-тұрыс ережелеріне мығым дағдыланған адам болуы керек. Менталитет дегеніміз – адамның әлеуметтік – мәдени тәжірибесінің жиынтығы ретінде қарастырып, белгілі бір ұйымға, топқа, қауымға, жас ерекшеліктеріне, жынысына не болмаса ортақ мүдделеріне қарай бірігуі.
Кәсіби менталитет дегеніміз – білімі, түсінігі, қызметі, кәсібі бойынша өзінің жеке мінездемесі бар және соған сай куелетін белгілері бар адамдардың, кәсіп иелерінің топтасып бірігуі. [2]
Айтылғандардан басқа мынадай кәсіби біліктілікті дамытуы тиіс: адамдармен қарым-қатынас орната білу;жылдам және қоян-қолтық араласып кету немесе үйірсектік;бауырмашылық пен адамгершілікті, мәдениетті, мейірімді, адамдар үшін жанашыр бола алатын кең пейілді; болашаққа сенімді; адамдармен жұмыс істеуге, істес болуға бейімді, өз ойын білдіре алатын; белсенді де жігерлі, өз пікірі мен көзқарасын дәлелдей алатын;тосын және тұтқиыл жағдайлардан ұтымды жол таба білетін; ұстамды және жүйке жүйелерінің қозуы мен тежелуі үрдістерін басқара алатындай маман болуы керек.[3]
Шетелдік әлеуметтік кызметкер, әлеуметтанушы, әлеуметтік психолог және педагог ғылымдардың зерттеулеріне назар аударсақ, әлеуметтік қызметкердің және әлеуметтік педагогтың жеке психологиялық ерекшеліктері туралы келесідей пікірлері айтылған. Мысалы, Англияда зерделік – дамудың ең жоғарғы деңгейі, өзін-өзі реттей алатын және жеке тәртібі, талаптылығы, жігерлігі, қиын сәттерде адамдарға жәрдем бере алатын, сезімтал және ақыл парасатының жоғарлығында деп белгіленген.
Әлеуметтік қызметкердің іс-әрекеті көп қырлы және сан алуан. Әлеуметтік қызметкер қайда, қалай, қандай контингентпен жұмыс істесе де, ол адамдармен жұмыс істейді, соның ішінде балалармен жұмыс істеудің де өзіндік ерекшелігі бар. Эмоционалды сфераға – эмоциясының мығымдығы, оң ниетінің басым болуы, күдіктілігі мен күмәндылығының орны дәрежеде болуы, психологиялық сілкіністер мен қақтығысы ахуалдарды шұғыл да ұтымды шеше білуі керек.
1.2 Әлеуметтік педагогиканың зерттеу әдістері мен ұстанымдары.
Алдымен әлеуметтік педагогиканың зерттеу ұстанымдары туралы сөз қозғау керек. Себебі, ұстаным дегеніміз – педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыруға табан тірейтін, басшылыққа алынатын негіз.
Әлеуметтік педагогтың үш негізгі ұстамы бар:
- жұмыс барысында адамның табиғи болмысын ескеру;
- қоршаған ортаның мәдениетін; басқада ерекшеліктерін есте ұстау;
- ізеттілік қарым-қатынас орнату арқылы ықпал ету.
Адамның табиғи болмысымен байланысты ұстанымын басшылыққа алуда әлеуметтік қызметкер адамның табиғи ерекшеліктері мен жас ерекшеліктерін ескере отырып жұмыс істейді.
Бұл қағиданы жүзеге асыру үшін мынандай ережелерді қолдану тиіс:
- баланың жас ерекшелігін ескеру;
- баланың дара және жыныстық ерекшеліктерін ескеру;
- баланың бойында ашық байқалған қабілеттерін ескеру;
- өздігімен және жетекшілік арқылы қалыптасатын тұстарын ескеру.
Кез келген білім саласының ғылымилығы – оның зерттелуі, теориялық ұғымдар мен түсініктердің қалыптасуы, жалпы зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру формулалары, заңдылықтары мен анықтамаларының нақтылығынан байқалады. Ғылыми зерттеу, теориялық білімдерді жасау - ғылымдардың және басқа да зерттеуші – қызметкерлердің танып білу іс-әрекетінен тұрады.
Оның екі түрі бар: тәжірибелік және теориялық. Тәжірибелік зерттеу жұмыс тәжірибесіне негізделеді. Ол – мұғалімдердің, әлеуметтік қызметкерлердің және басқада зерттеушілердің тәжірибе жұмысы. Ал теориялық зерттеуді ғалымдар, арнайы дайындығы бар зерттеушілер, ғылыми қызметкерлер, асперанттар, мұғалімдер, жалпы педагогтар тағы басқа жүзеге алады.[4]
Ғылыми зерттеулердің бұл екі түрі өзіндік айырмашылықтарына қарамастан өзара тығыз байланысты. Себебі, теориялық білім практикада тексеріліп, нақтылану нәтижесінде пайда болады. Ал тәжірибе жұмысында білім ғылымның жетістіктері қолдалынылып, зерттеуді одан әрі нәтіжелі ұйымдастыруға негіз бола алады.
Ғылими негізде қалыптасып келе жатқан осы ілімнің пәнін, нысанын анықтап, қазіргі қоғамда болып жатқан өзгерістердің адамға тигізетін әсерін, көмекке мұқтаж адамдардың, жетім- жесір, қарт, қараусыз қалғандар мен үй-күйсіз қалғандарға назар аударылып, олардың адамша өмір сүруіне жағдай жасаудың, күйзеліске ұшырағандарды қатарға қосудың жолдарын зерттеу түбегейлі қолға алына бастады.[5]
Әлеуметтік педагогиканы зерттеу жұмыстарының тиімділігімен табыстылығы – оны танып білуде қолданылған теориялық көздері, ой-пікірлері, әдістері мен тәсілдері,технологиясымен тағы басқа қолдануына байланысты.
Осыған орай Звягинский мынадай бес негізгі теориялық көздерді белгілейді:
1) Қоғамның әлеуметтік тапсырмасымен жалпы адамзаттық ізгілікті ой-пікірдің сәйкестігі;
2) Адам
туралы ілім-білімнің барлық жетістіктерінің кешенді түрде қолдануына (мысалы,педагогика,психология,
3) Отандық және шетелдік теориялық тұжырымдар мен ұстанымдар;
4) Бала өмір сүрген әлеуметтік ортаның педагогикалық ықпал ету әлеуметтілігі;
5) Әлеуметтік сферада жұмыс істеген қызметкерлердің шығармашылық әлеуметі - әлеуметтік педагог, әлеуметтік кызметкер, әлеуметтік психолог тағы басқа жұмыс нәтижелерінің тоғысуы.
Міне, осы көрсетілген зерттеу көздеріне сүйеніп, әлеуметтік педагогиканы зерттеу әдістері, тәсілдері мен технологиясын іріктеп алудың маңызы зор. [6]
1.3 Педагогтың қасиеті мен оның түрлері
Әлеуметтік педагогтың қызметі жұмыс сипатына қарай жалпы білім беру мекемелерінде, арнайы мекемелерде, жеке адамдармен жұмыс деп бөлуге болады,ал жұмыс объектісіне қарай мінез-құлқы нормадан ауытқыған балалар немесе жастар деп көрсетуге болады.
Әлеуметтік педагогика адамды бала кезінен тәрбиелеуге, өмірде дұрыс бағыт алуға, өзі - өзін тәрбиелеу керектігінен міндеттейді. Ол адамды қылмыс жолына түспеуге, жаман қылықтардан бойын аулақ ұстауға, ішкіш, нашақор болудан бас тартуға тәрбиелейді. [8]
Әлеуметтік педагогтың негізгі жұмыс нысаны өзінің толыққанды дамып жетілуіні әлеуметтік қорғау мен қолдауды қажет етуші бала және адамдар болып табылады. Осыған байланысты, әлеуметтік педагог маманы баламен жұмыс істеу барысында оның отбасымен, тәрбиеленіп жатқан шағын ортасымен, дамуына және қалыптасуынаәсер ететін түрлі факторлармен, қоғамдық институттармен бірлесе отырып іс-әрекет құрады. Аталған бірлестік іс-әрекеті оның бекітілген жұмыс жолдарында міндетті түрде белгіленеді. [9]
Әрбір кәсіби маман бойында мынадай қасиет болуы тиіс:
- адамгершілік;
- сыйластық;
- адамды барлық ерекшеліктерімен қабылдау;
- кішіні ізеттеп,үлкенді құрметтеу;
- өз мамандығына деген қызығушылық;
- өз ісіне жауаптылық т.б қасиеттер.
Себебі, әлеуметтік педагогтың қолында әр адамның тағдыры,
сондықтан ол өз ісіне жауапты әрі тұрақты болуы тиіс. Әлеуметтік жұмыс жеке адамға бағытталған. Тіпті ол топпен жұмыс істесе де, ол адамдардың әр қайсысымен жеке-жеке
жұмыс атқарады.[3]
IIҚазақстан Республикасындағы педагог жұмысының барысын талдау
2.1Қазақстан Республикасындағы педагогтың заңнамалық құжаттары
Елімізде, егемендікке қол жеткізгеннен кейін, 1995 жылы 30 тамызда өткізілген республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. 2000 жылы 21 қаңтарда Қазақстан Президенті Жарлығымен “Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелері”. Кодекстің негізгі идеясы – мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік сапаларына талапты арттыру, мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болғандықтан, олардың адамгершілігіне және моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қойылды. 2008 жылғы 29 желтоқсанда «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы негізгі заң», 2009 жылы 25 қарашада «Әлеуметтік қызметтер стандарттары»әлеуметтік қызметкерлерге нормативтік – құқықтық заңға сай құжаттар қабылданды.
Қоғам үшін мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді.
Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде, -
- Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақтауға және оны дәйекті жүзеге асыруға;
- Өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекет мүдделерін қорғауға, Қазақстанның беделін түсіретін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;
- Конституцияны бұлжытпай сақтай және Қазақстан Республика-сының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сүйене отырып, заңдылықтар қағидаттарын басшылыққа алуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзуға бастайтын іс-әрекеттерге жол бермеуі тиіс.[10]
2.2Қазақстандағы педагог маманының ерекшеліктері
Мамандық – жоғарғы
оқу орнында меңгерген, тұлғаның
білімі мен практикалық біліктілігі
арқылы өзінің арнайы дайындығы мен
жұмысының ұтымдылығын көрсету.
Мамандықтың даму логикасы
мынада біріншіден, қоғамға белгілі
бір қажеттіліктердің туындауынан
басталады.Ары қарай оны
Қазіргі әлемдік практика бойынша әлеуметтік жұмыс мамандығы қоғамдағы тепе –теңдікті сақтау үшін қажет.Қазіргі заманда қоғамдық ауыр дерттер қатарында, - СПИД, нашақорлық, маскүнемдік, улы затқа елту, ақша салынатын ойын, т.б. зиянды әуесқойлықтар адамдарды баудай түсіріп, бұзып, қыруда. Осы күрес майданында, - адам баласы әдепке мойын ұсынып, аман қала ма, әлде әлеуметтік апаттың құрбаны болып, құрып кете ме, - деген сұрақ шешілу үстінде.
Дәрулік қымызы, шұбаты болған, арақты аузына алмаған, насыбайшыны – нәжіс жеуші есептеген, өкпесін темекі түтініне ыстайтындарды, - «апиыншы» атаған, ортаға қоспаған, - қазақ ұлты алдында, өз елінде, мемлекеттінде әлеуметтік психологиялық реабилитация орталықтарын ашып, адамдарды әдепке бейімдеу, емдік әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету, салауатты өмір салтын насихаттау сияқты шаралар жүргізу міндеттері пайда болды. Аталған қоғамдық жағдайдың түп-тамырына үңілсек, мынаны ашық айтуға тура келеді.
Біріншіден, - қазіргі заман қоғамының шектен тыс коммерциялануы, адам ой-санасына орасан зор негативтік әсер етті.
Екіншіден, - жеке бастың да,
әлеуметтік топтардың да күрделі
экономикалық әділетсіздік, рухани әдепсіздіктерге
тап болуы, өрескел әдепсіздікті,
- жан, тән қажеттіліктерімен
Үшіншіден, - адамның рухани және өмірлік қажеттіліктерге асқан мұқтаждығы нәтижесінде, азғындық идеологиясы ашықтан-ашық ақпарат құралдары арқылы адамдардың санасына құйылуда.
Осының бәрі жинақтала келе, ар-ұяттық адами құндылық аяққа тапталып, аталған теріс факторлар жеткіншектердің кейбір топтарының, қоғамның белгілі бір бөлігінің өмірге бейімделе алмауына – дезадаптацияға әкеліп соғуда.
- Әлеуметтік-медициналық,заңдық,
психологиялық-педагогикалық, материалдық және басқа көмекті, адамгершіліктік, күш пен психикалық денсаулықты қорғауды қажет ететін отбасылар мен адамдарды анықтауға,- - Оларға қиындық, жанжал жағдайларын тудыратын себептерді белгілеуге қиындықтар мен жанжалдарды шешуде ықпал етуде және әлеуметтік қорғауға,-
- Көмек қажет ететін халық тобына қажетті әлеуметтік – экономикалық көмек көрсетуде әр түрлі қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерге ықпал етуге,-
- Кәмелетке толмаған балалары бар әйелдердің, мүгедектердің, зейнеткерлердің үйдегі жұмысы туралы еңбек келісім-шартын жасау және отбасы тәжірибесіне көмек көрсетуге,-
- Әлеуметтік мінез-құлықты кәмелетке толмаған балалармен отбасы және некеге тұру мәселелері бойынша психологиялық, заң кеңесін және тәрбиелік жұмыс жүргізуге,-
- Қамқоршылық пен қамқорлық көрсетуді, емдейтін және оқитын тәрбиелейтін мекемелерге орналастыруды, материалдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа көмекті қажет ететін балалар мен ересектерді анықтауға, оларға ықпал етуге,-
- Кәмелетке толмаған тәртіп бұзушыларды қоғамның атынан қорғауды ұйымдастыруға, сотта олардың қоғамдық қорғаушысы ретінде сөйлеуге,-
- Отбасына, жетімханаларға әлеуметтік көмек көрсетуге орталықтарын, мүддесі бойынша жеткіншектердің, балалардың және отбасының орталықтары мен бірлестіктерін және тағы басқа құруға, қатысуға міндетті.
2.3 Әлеуметтікпедагогты кәсіптік дайындау түрлері мен әдістері
Қазақстан Республикасында тәуелсіздігі жарияланғанға дейін, әлеуметтік жұмыс жеке кәсіптік жұмыс деп қаралған жоқ. Елде «Коммунизм құрылысшысының моральдық Кодексі» болды. Өтпелі кезеңнің бастапқы кезінде Қазақстан мемлекеті, инфляция, бюджет тапшылығы, өндірістің құлдырауы, экономиканың бейресми секторының өсуі жағдайында, әлеуметтік қорғаудың ағымдық мәселелерімен айналысуға мәжбүр болды. Елімізде, мемлекеттік қызметшінің ар-ождан Кодексі, - негізгі бағдарлық құжат болғанмен, ол заңнамалық күшке ие емес екенін айта кету қажет. Қоғамдық өміріміздің негізгі құжаты Қазақстан Конституциясында «қоғамдық имандылыққа нұсан келтірмеу...» жөніндегі 12- баптың 5- тармағын, - «имандылық» терминін «инабаттылық».[12] Сонымен қатар, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған қандай да болмасын мемлекеттік құжат, әлеуметтік жұмыстағы қарама-қайшы болмауы шарт. Қабылданған заңдарға, жүргізілген қайта құруларға қарамастан, қазіргі кездегі әлеуметтік қорғау жүйесі күрделілігімен, заңнамалық жүйе – жеткіліксіздігімен ерекшеленіп отыр. Соңғы жылдарда экономикадағы қолайлы өзгерістер және тұрақты өсуді қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар әлеуметтік қорғаудың кешенді жүйесін құруды қолға алуға, кәсіптік-этика дәрежесінің артуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Қазақстанның қазіргі және болашақтағы басымдықтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, халықты әлеуметтік қорғаудың жаңа тұжырымдамасын әзірлеу қажеттілігі туындайды.
1992 - жылы қабылданған «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заң;
1998 – жылы қабылданған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң;
2003 жылы қабылданған «Міндетті
әлеуметтік қамсыздандыру
Қазақстан Республикасындағы Білім беру саласындағы әлеуметтік педагогтарға арналғана заңнамалық құжаттардың негізгілері,-
- “Білімтуралы”
- “Кемтарбалалардыәлеуметтікжәне медициналық – педагогика-лық түзету арқылы қолдау туралы”
- “Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы”,
- “Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы”,
- “Кәмелеткетолмағандарарасындағ
ықұқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы”
ҚазақстанРеспубликасыныңЗаңдар
әлеуметтік-педагогикалық менталитеті (ішкі жан дүниесі, ақыл-ойы, көз қарасы) белгілі бір тұғырға тіреген,құндылық бағдары, қоршаған ортаны қабылдауы мен ой елегінен өткізе білуі, кез келген тұрмыстық жағдайларда өзін басқара білуі, өзін ұстауы және белгілі тұрмыстық жүріс-тұрыс ережелеріне мығым дағдыланған адам болуы керек. [13]
Маман ретіндегі әлеуметтік педагогтың жеке ерекшеліктеріне тоқталатын болсам, оларға байқампаздық, алдын-ала сезе білуі немесе интуициясының дамығандығы, басқалардың жетістігі, қайғы қуанышына сезімтал, әр түрлі шарттар мен жағдайлардан шығудың жолдарын шұғыл және дұрыс таба алу сынды қасиеттер тән. Басқа адамдардың қал-жағдайынсұрау талаптарын түсіне алатын және өзін-өзі басқару мүмкіндігі мол, мәдениетті адам болуы тиіс.
Қорытынды
Әлеуметтік жұмыстың қазіргі кездегі ең күрделі мәселесі– мамандар. Оның осы бағытта жүргізілетін, басқа да, туыстай жақын істермен бірігіп кететінінен көреді. Мысалы, негізгі қаражаттық ағын жүргізілетін мемлекеттік әлеуметтік қорғау жұмысы - әлеуметтік жұмыспен бірге қарастырылатындықтан, соңғысына көптеген тиіссіз өкпе-наз, сын айтылып жатады. Сол себепті, әлеуметтік педагогтарды дайындауда, оларға педагогтарға ұсынылатын тәсілдемелер оқытылады. Әлеуметтік мемлекетті орнықтыруды басты бағыт деп алға қойған Қазақстан Республикасында тұрғын халыққа түрлі жәрдемақы, зейнетақы, бонус, жеңілдік түрінде әлеуметтік көмек жасалады. Нәтижесінде, бюджет қаражаты әлеуметтік қамсыздандыру, мен әлеуметтік қорғау ісіне құйылады да, олардан гөрі жекелік түрге жақын, әлеуметтік жұмыстың қаржылануы төмен күйінде қалуда. Әлеуметтік жұмыстың заңнамалық реттелуі – оның құзырлық кепілі. Мұның өзі кәсіптік-этика бұзылуы жағдайында, істің заңды шешілуінің кепілі деген сөз. Кеңестік кезеңде жалпылай мемлекеттік қамқорлық, әлеуметтік масылдық нәтижесінде, адамдар тұрмысының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдептік ұстанымдары жойылуға жақын қалды. Қоғамда радикалдық гедонизм, қаскөйлік, зорлықшылдық, эскапизм, мещандық көзқарас белең ала түсуде.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Холостова Е.И.Социальная работа, М., 2006
- Канке.В.А. Современная этика, М., «Омега-Л», 2008, с.372
- Халитова Ч.Р «Әлеуметтік педагогика»оқу – құралы,Алматы Білім 2007 ж
- ҚР «Арнаулы әлеуметтік қызмет»заңы
- Конфуций. На пути к современной цивилизации. М.,Просвещение, 1992, с.14/.
- ҚР «Арнаулы әлеуметтік қызмет»заңы
- М.Тілеужанов. Қазақ тағылымы. Орал, 1994, 4-5 б./
- Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. А., Рауан, 1994, 89-90 бб
- Қорқыт ата кітабы. А., Жазушы, 1986, 7-10 бб
- Конфуций. На пути к современной цивилизации. М.,Просвещение, 1992, с.14/.
- Қазақстан Республикасының Ата Заңы. А., Юрист, 1995 ж.