Тақырып: Әкімшілік құқық негіздері
Тақырып: Әкімшілік құқық негіздері.
Жоспар:
- Әкімшілік құқықтың түсінігі.
- Мемлекеттік басқару органдары.
- Әкімшілік құқық бұзушылық, әкімшілік жауапкершілік,
шараның түрлері.
Негізгі мазмұны:
Әкімшілік құқық конституциялық азаматық және қылмыстық құқықтарға қарағанда іргелі құқық саласы ретінде болып келеді.
«Әкімшілік» латын тілінде басқару деген мағынаны білдіреді.
Әкімшілік құқық – құқықтың мемлекеттік басқару процесінде, атқарушы билік құрылымдарын құру, олардың құзыреттерін белгілеу, мемлекеттік қызметшілердің міндеттері, құқықтары және жауапкершіліктерін анықтау, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті азаматтардың өмірі, құқықтары мен бостандықтарын сақтауды жүзеге асыру кезінде пайда болған қоғамдық қытынастарды реттеуші саласы.
Әкімшілік – құқықтық қатынастардың субъектілері азаматтар, атқарушы билік органдары, қоғамдық және діни бірлестіктер, жеке кәсіпорындар болуы мүмкін. Бірак атқарушы билік әрбір әкімшілік – құқықтық қатынаста, не тікелей субъект ретінде, не жанама субъект қадағалаушы ретінде нақты немесе заңды түрде қатысып отырады.
Қазақстан Республикасындағы
атқарушы билік мемлекеттік басқару
органдары жүйесін құрайды. Оған:
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
- әлеуметтік – экономикалық саясатың қорғану қабілеттіліктің,
қауіпсіздіктің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын анықтайды, олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
- парламентке республикалық бюджетті және оның орындалуы туралы
есеп ұсынады, бюджеттің орындалуын қамтамасыз етеді;
- Мәжіліске заң жобаларын ұсыну арқылы заң шығару бастамасы
құқығын іске асырады, заңдардың орындалуын қамтамасыз етуі;
- Мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
- Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді;
- министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің,өзге де орталық және
жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды;
- Республиканың министрліктері, мемлекеттік комитеттері,өзге де
орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің толық не бір бөлігінде жояды немесе тоқтата тұрады;
Министрлік – мемлекеттік органдар арасындағы өзінің қалыптасқан басқару салалары (өрістері) бар (қорғаныс, қаржы, әділет, ішкі істер, т.б.) неғұрлым тиянақты ұйымдық форма. (Ғ.С.Сапарғалиев «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» оқулығын қараңыз).
Агенттіктер – Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар.
- Агенттікті Қазақстан Республикасының Президенті Республиканың
Премьер-министрдің ұсынысы бойынша құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
- Агенттік басқару саласына (өрісіне) басшылық жасайды. Заңнамада
көзделген жағдайларда салааралық үйлестіруді және басқа арнайы атқарушылық және шешуші функцияларды жүзеге асыра алады.
- Агенттік құрылымын оның басшысы бекітеді және ол департаменттерден және басқармалардан тұрады.
- Агенттік төрағасы жанынан алқа құрылады, ол ақылдасу-кеңесу
органы болып табылады.
Ведомства Орталық атқарушы органның органы (комитеті) ретінде құрылатындығын біршама түсіндіреді.
- Ведомства орталық атқарушы органның комитетінің функциясын
атқарады. Басқа органдарға қарағанда ведомствода, сонымен қатар, аумақтық бөлімшелер болуы мүмкін.
- Ведомстваны Үкімет тиісті орган басшысының ұсынысы бойынша
құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
- Ведомство арнайы атқарушылық және бақылау - қадағалау
функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестіруді не мемлекеттік басқарудың салалық (өрістік) басшылығын жүзеге асыруға құқылы.
Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз – жалпыға міндетті әкімшілік – құқықтық нормаларды бұзатын және әкімшілік жаза түріндегі жауаптылықты тудыратын заңсыз айыптық әрекет не әрекетсіздік.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңдық белгілері:
- құқыққа қайшылық;
- кінәлілік;
- қоғамға зияндылық;
- әкімшілік жауапкершілік.
Әкімшілік құқық бұзышылықтың элементтері:
- объект бұл заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар болып
табылады;
- субъектісі бұл 16 жасқа толған, ақыл есі дұрыс азамат;
- субъективтік жағы бұл қасақана не абайсызда жасалған нысаны;
- объективтік жақ бұл әрекет немесе әрекетсіздік.
Әкімшілік жазаның түрлері:
- Ескерту;
- Айып салу;
- Тәртіпсіздік әрекеті үшін бұйымды иесінен алу жазасы;
- Тәркілеу жазасы;
- Арнайы құқығынан айыру;
- Еңбекпен түзеу жұмыстары;
- Әкімшілік қамауға алу. (А.А. Тарановтың «Қазақстан
Республикасының Әкімшілік құқығы» оқулығын қараңыз).
Қолданылған әдебиеттер:
- А.А. Таранов «Қазақстан Республикасының әкімшілік құқығы».
Алматы, 2003ж.
- М.Дулатбеков, С. Амандыкова, А.Турлаев «Мемлекет және
құқық негіздері». Алматы, 2001ж.
- Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз.
- Қазақстан Республикасының әкімшіліктің құқық бұзушылық
кодексі. 2001 жыл,30 қаңтар.