Технологиялық процесстің сипаттамасы

Мазмұны

 

  1. Кіріспе...................................................................................................................3
  2. Технологиялық процесстің сипаттамасы..........................................................6
  3. Функционалды сұлбаның сипаттамасы...........................................................10
  4. Құралдар мен автоматты жабдықтарды таңдау..............................................12
  5. Қорытынды.........................................................................................................21
  6. Қолданылған әдебиеттер тізімі........................................................................22
  7. Спецификация....................................................................................................23

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Автоматы түрде реттеу дегеніміз адамның тікелей қатысуынсыз агрегаттың жұмысын немесе процесстің берілген режимін демеу. Автоматы түрде реттеу кезінде адам рөлі жобалаумен, монтажбен, жүйені реттеумен және де оның іс-әрекетін бақылаумен шектеледі. Адам автоматтандырылған реттеу кезінде тікелей процесті басқарудан босайды және бұл бөліктегі оның функцияларын автоматтандырылған реттегіштер деп аталатын арнайы қондырғылар іске асырады.

Автоматы түрде реттеу ескі технологиялық процестерді түбегейлі түрде жетілдіріп және қарқындатып қана қоймай, сонымен қатар қолмен реттеу кезінде мүмкін болмаған, жаңа процестерді іске асыруға мүмкіндік берді.  Бұл реттеу түрі адам еңбегін жеңілдетіп, оның өнімділігін арттырады және денсаулыққа қауіпсіз болады.

Өндірісті автоматтандыру адамның өндірістік процестерді басқару функцияларын тікелей орындаудан босап, бұл фукциялардың арнайы қондырғыларға берілуімен сипатталатын машина өндірісінің жаңа кезеңі. 
         Реттеу параметрі деп агрегат жұмысын немесе технологиялық процесс жүрісін анықтайтын физикалық-химиялық немесе басқа айнымалыларды айтамыз.

Автоматтандырылған реттегіш деп реттеу процесін іске асыратын қондырғылар шоғырын атайды.

Технологиялық режимді басқарудың мәселесі жекеленген технологиялық параметрлердің (су шығыны, температурасы, қысымы) автоматтанған реттеудің жергілікті жүйесінің (САР) көмегімен шешіледі.

Реттеу объектісі – бұл, анықталушы параметрін тұрақты түрде қолдауды немесе белгіленген заң бойынша өзгертіп отыруды қажет ететін технологиялық агрегат. 

Тапсырушы жабдық жүйенің кіруіне басқарушы (тапсырушы) әсер етеді. Басқарушы әсер тұрақты тапсырылған шама болуы мүмкін немесе белгіленген заң бойынша қолданылуы мүмкін, егер бұл заң бойынша реттелетін шама қолданылатын болса, өлшегіш жабдықтың көмегімен өлшенген реттелетін шаманың нақты мәні ауытқушы ықпалының берілген мәнімен салыстырылатын салыстыру элементіне түседі. Реттелетін шама өзінің берілген мәнінен ауытқиды да, қате пайда болады. Келісілген дабыл күшейткіш арқылы күшейеді де, жаңарту элементіне келіп түседі. Жаңартылған дабыл объектіге реттеуші ықпал ете отырып, өз кезегінде заттың немесе энергияның құйылуын өзгертетін реттеуші органды қозғалысқа келтіретін атқарушы механизмге барады. Соның нәтижесінде бұзылған тепе-теңдік қалпына келеді де, реттелетін шама берілген мәніне қайта оралады. 

Автоматтандыруға ұсату, ұнтақтау, флотация, фильтрлеу, қойылдыру және құрғатып, кептіру үрдістерін жатқызуға болады.

Өндірісті автоматтандырудың негізгі мақсаты – өнім сапасын жақсарту, еңбек өнімділігін жоғарылату мен өндірістің  барлық ресурстарын тиімді қолдануға жағдай құру болып табылады.  Барлық іс барысында  және құрылып жатқан  өндірістік нысандар белгілі бір дәрежеде  автоматтандыру әдістерімен жабдықталады. Автоматтандыру жүйесінде қазіргі заманға сай ғылым мен техниканың  жаңа жетістіктері кеңінен қолданылады.

Автоматты реттеу теориясының дамуы ақпаратты өңдеу, басқару туралы, яғни кибернетиканың дамуына негіз болды. Қазіргі уақытта  кибернетикалық басқару принциптері адамның шаруашылық саласының  барлық жақтарын қамтыды: технологиялық процестерді, өндірісті, ғылымды, сауда, қызмет ету тағы сол сияқты басқаруды.

Технологиялық жабдықтарды тиімді түрде автоматтандыруға  кең түрде  микропроцессорлар мен микробақылаушылар техникасын қолдану арқылы жүзеге асырады.

Автоматты басқару жүйені өндірісте қолданудың экономикалық жағынан да тиімді. Енді атап айтылғандай  автоматтандырудың  экономикалық артықшылығына көз жүгіртсек: жоғары және тұрақты саналы өнім; тауарға деген пайда болған қажеттілікпен дайын өнім шығару арасындағы уақыттың  қысқаруы; еңбек өнімділігінің  едәуір жоғарылауы, дене еңбегін, материалдар мен энергияны үнемді пайдалану; өндірісті  қосымша еңбек ресурстарынсыз кеңейту мүмкінділігі.

Процессті автоматтандыру еңбек өнімділігін жоғарылатудың, сонымен қатар  жұмысшылар еңбегінің  жағдайын жақсартудың неғұрлым тиімді жолы болып келеді.

Автоматтандыру қазіргі ғылыми – техникалық революцияның негізгі факторларының бірі болып келеді. Өндірістің  автоматтандырылуы негізгі басқару нысандарының талдауы мен синтезіне, сонымен қатар  автоматты басқару, реттеу және бақылаудың  техникалық әдістерінің  кешенін құру  мен қолдануға жүйелік келісуі жатыр. Автоматты жүйелерде  ғылым мен техниканың  ең жаңа жетістіктері кеңінен қолданылады. Бүгінгі күні  өндірістік  процестердің автоматтандырылуының 2 түрі бар:

-бөлшекті

-кешенді

Басқарудың автоматтандырылған жүйесі – бұл техникалық база ретінде электронды-есептеуіш машиналарды қолданатын адам-машиналық жүйелер.

ХХІ ғасыр үздіксіз  білім беру мен жаңа технологиялар ғасыры деп кездейсоқ айтылмаған, үшінші мыңжылдықта аса жоғары технологиялар барлық салада үздік үлестерін қосып, өмірімізді жаңа сатыға, биік белестерге шығаруда.

 

 

Технологиялық процесстің сипаттамасы

Біздің елімізде квастан көп тараған салқындатқыш сусын жоқ. Квас – ежелгі сусын. Квас кең таралған көптеген славян тағамдарын: окрошка, ботвинья, суық сорпа, т.т. жасауда негіз ретінде пайдаланылып келген.

Квас шөлді ғажап тез қандырады, сергітеді және тамаша дәмі, хош иісі бар. Алкогольсіз сусындардың халықаралық байқауыларында көптеген елдердің мамандары орыс квасының дәмдік қасиетіне ең жоғары баға берді. Қазіргі уақытта квас көптеген елдерге экспортқа шығарылады.

Квасты сырадан жоғары бағалаған орыстың тамаша ғалымы Д.И.Менделеевтің айтқаны мейлінше дұрыс. «Меніңше, - деп жазды ол, - Ресейде тамыр жайған сыра тазалық жағынан өте пайдалы және орысқа жақсы таныс квасқа мүмкін-қадерінше жақындай түссе ғана өтімді болмақ. Қазір, үйде квас дайындау өнері жоғала бастаған кезде, бізге «баварлық» емес, қайта қышқылдығы мен тоқтығы, дәмділігі жоғары «боярлық» немесе қарапайым сөзбен айтқанда орыс квасы керек».

Ертеде орыстар квастың алуан түрін дайындаудың сырларын білген. Тәтті, қышқыл, окрошкалық, шаруашылық, қызыл, сухарьлық, хош иісті, жалбыздық квастар, алуан түрлі хош иісті шөп қосқан квастар, орыс, литван, поляк, украин квастары, т.с.с. белгілі болған. Нан квасынантыс, жеміс, жидек, бал квастарыкеңінентараған.

Квас пайдалы ма? Квас – сүт қышқылды және ашытқылы негізде қарабидай сухарынан (ұннан) және өнген арпа дәнінен дайындалған табиғи сусын.

Кваста көп мөлшерде (0,25-0,50 пайыз) сүт қышқылы 0,3-5 пайыз қант, 0,3-0,8 пайыз декстрин, 0,4-0,8 пайыздай спирт бар. Кваста аз мөлшерде В тобының дәрумендері, сондай-ақ азотты сығынды заттар, амин қышқылдары мен минералды тұздар бар.

Ашыту кезінде пайда болатын көмірқышқылы сусынның органолептикалық және сергіткіш қасиетін күшейтеді.

Квастың химиялық құрамымен танысу бізді  оның пайдалы екеніне иландырады. Квас ас қорытатын сөлдің бөлінуін күшейтетіні, көп ретте ас қорыту процесіне қолайлы әсер ететіні дәлелденген. І Петрдің тұсында квастың госпиталь тамағының міндетті құрамдас бөлігі болғаны тегін емес. Квастың (әсіресе қышқылдығы жоғары квастың) кейбір ауру шақыратын микроорганизмдер жөнінде бактерицидтік әсері бар екені күмәнсыз.

Соңғы жылдары квас өндіруге барған сайын көбірек көңіл бөлініп келе жатқаны маңызды. Бұл істің энтузиасы Д.А.Королев кезінде квасты индустриялық негізде дайындаудың экономикалық жағынан өзін ақтаған, қызықты әдісін ұсынды. Оның өзгеше ерекшелігі – жергілікті жерде сақтауға төзімді, дәмдік сапасы жоғары квасты тез жасауға болатын концентрат зауытта дайындалады. Бұл кваста сүтқышқылды ашу басымырақ, мұның өзі оның дәмдік сапасын арттырып қана қоймай, сонымен бірге ондағы спирттің үлесін 0,1 пайызға дейін кемітуге көмектеседі.

Квас дайындау тәжірибесінен:

Қара нанды кептіріп аламыз. Немесе ұсақ етіп түйілген арпа жармасынан қарапайым әдіспен ботқа дайындап аламыз: екі стақан жарма керек, тұз қосудың қажеті жоқ. Таңертең қамыр илеп қоямыз. Эмальды табаққа 1,5 стақан жылы су құйып, 1 шағын пакеттегі ашытқы саламыз, ұн қосамыз. Қамырымыз құймақтың қамырынан қаттырақ болуы керек. Жылы жерге 3-4 сағатқа қойып ашытамыз. Эмальды шелекке толтыра су құямыз да, отқа қойып қайнатамыз. Дәл осы кезде 1 литр суға бір шымшым құлмақ салып, қосымша қайнатып аламыз. Қайнаған соң суытып тұндырамыз.

Шелектегі су қайнаған кезде оттан аламыз да, кепкен нанды немесе ботқаны саламыз. Жаңа сауған сүттің температурасына жеткенше суытамыз. Суығаннан кейін нанды сүзіп алып тастаймыз. Ботқаны пайдаланған болсаңыздар, онда ол шелекте қала береді. Дәміне қарай қант қосамыз. Сусын тәттілеу болғаны дұрыс. Құлмақ тұнбасын сүзіп, шелекке құямыз. Ашыған қамырды да шелекке салып, жақсылап араластырамыз. Шелектің бетін дәкемен немесе орамалмен жауып, жылы жерге 12 сағатқа қоямыз. Уақытылы араластырып отыру керек. Әдетте кеште жасаған жөн. Сонда таңертең квас көпіріп дайын тұрады. Дайын квасты дәкеден немесе темір сүзгіден өткізіп, сүзіп аламыз. Квасты 1,5 литрлік бөтелкеге шамалы (3 см-дей) толтырмай құйып қойыңыз. Бұл бос кеңістік газдардың түзілуіне қажет. Бір шелектен 5-6 бөтелке квас шығады. Бөтелкелерді қараңғы жерге қоямыз. Квас біраз тұрып, сергіткіш қасиетке ие болуы керек. Бір тәулік өткеннен кейін сусынды іше беруге болады. Басында дәмі сәл тәттілеу болады. Ал толық дәміне кіруі үшін үш тәулік керек. Үш тәуліктен кейін бөтелкелерді тым қатты ашып кетпеуі үшін, тоңазытқышқа немесе салқын жерге қоюға болады.

Және бір ескеретін жай, бөтелкелерді абайлап ашыңыз. Мойнын сәл қисайтып ұстап, қақпағын ашу керек. Әйтпесе квас түгел тасып кетеді. Ашытылып жатқан сұйықтыққа басқа кез келген дәрілік шөптердің тұнбасын қосуға болады. Бірақ құлмақтың тұнбасын міндетті түрде қосу керек. Сусынды көпіртетін де – сол құлмақ. Квастың түсі қоңыр болып шығу үшін, 2 ас қасық қантты табаға салып, қоңырқай түске енгенше күйдіреміз. Кейін үстіне аздап су құйып қайнатамыз. Қайнаған соң шелекке құйыңыз, квас тамаша түске бөленіп шыға келеді.

Нан квасын өндіруге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар:

1. Нан квасы жабдықтармен, аппаратурамен және мүк аммалмен жабдықталған жеке үй-жайда дайындалады.

2. Квас ашытқысының концентратын сақтауға арналған сыйымдылық босатылғаннан кейін және жаңа порцияларды қабылдау алдына ыстық сумен жуылады, дезинфекцияланады және сумен бірнеше рет шайылады немесе бумен өңделеді.

3. Нан ұсақтау бөлімшесінің жабдығы (квас нандарын ұсақтау, қарабидай және арпаның өнген дән жармасы) және беру механизмі (элеваторлар, транспортерлар, қоспаларды тұндыру күбісіне айдайтын сорғылар) аптасына бір рет шикізаттың қалдықтарынан тазартылады және дезинфекцияланады.

4. Концентратты суда ерітуге арналған шөміші бар күбі және сыра ашытқысын қантпен купаждауға арналған күбі жұмыстың әрбір циклінен кейін жуылады және бумен өңделеді, аптасына екі рет дезинфекцияланады.

5. Тығындау және тұндыру күбілері квас ашытқысын әрбір қайнатқаннан кейін қалған қойыртпақтарды толық жойғанға дейін сумен жуылады. Аптасына кемінде бір рет күбілер дезинфекцияланады.

6. Объектілердің тәулік бойғы жұмысы кезінде қалған квас ашытқысына арналған, ашытылған сыра ашытқысын салқындатуға арналған, квасты салқындатуға арналған жылу алмастырғылары, сыра ашытқысының түтіктері аптасына бір рет 5-6 минут дезинфекцияланады.

7. Жұмыс күні соңының мерзімдігі кезінде (екі ауысымдық жұмыс) сыра ашытқысы түтігінен және жылу алмастырғыштың барлық сыра ашытқышы тығындау күбісіне келіп түседі. Сыра ашытқысының түтігі ыстық сумен жуылады. Сыра ашытқысы түтігін дезинфекциялау Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген дезинфекциялау құралдарымен аптасына бір рет жүргізіледі.

8. Ашық ашыту күбілерін және купаждау күбілерін әрбір цикльден кейін сумен жуу және аптасына екі рет дезинфекциялау керек.

9. Нан квасын дайындау үшін ашытқылардың таза өсірінділері және сүтқышқылының бактериялары пайдаланылады.

10. Таза өсірінділерді араластыруға арналған үй-жайда жұмыс басталар алдында кейіннен бактерицидті шамдарды қолдана отырып, ылғалды жинау жүргізіледі. Грейнер қондырғысының барлық сыйымдылықтары (ашытқылардың таза өсірінділерін араластыруға арналған) бумен стерилденеді. 

 

 

 

Функционалды сұлбаның  сипаттамасы

Квас дайындау процессінде нан экстракты І жинағышына Н1 сорғышы арқылы беріледі, оннан Н2 сорғышы арқылы ІІ цистернаға ауыстырып құяды, содан соң Н3 сорғышымен V жинағышқа жібереді, онда жылы сумен араластырылады. Жылы суды ыстық су мен суық суды араластыру арқылы алады. Араласқан экстрактты Н5 сорғышы арқылы VІ ашытатын күбіге аударып құяды. Дәл осы күбіге Н3 сорғышымен қант сиропының бір бөлігі беріледі, және Н4 сорғышымен ІV жинағыштан ашытқы беріледі. Ашытатын күбіде ашу процессі жүреді. Бұл процесс біткенде ашытқы ашытатын күбіден  Н6 сорғышымен VІІ мұздатқышына аударып құйылады. Суытылған ашытқы VІІІ күбіге түседі, бұл квастың купажирдануы үшін, соған қант  сиропының қалған бөлігі ІІІ қант ерітіндісі цистернасынан қосылады. Дайын квас Н7 сорғышымен құймаға  айдап жіберіледі.

Квас өндіруді автоматтандыру схемасы арқылы компаненттерді автоматты мөлшерлеу міндеттерін шығару және берілген температуралық режимдерді қамтамасыз ету, шығындарды бақылау, және де басқару, жабдықты блокадалау және дабыл жұмысы. Компаненттерді автоматты мөлшерлеу олардың сыйымдылық аралықтарын толтыру жолымен көлемді әдіспен жүзеге асады: экстракт үшін – цистерна мен жинақ, ашытқы үшін – жинақ. Осылай жинақты экстрактпен толтыруға керекті деңгей АСР қолданғанда жетеді, жоғарғы деңгейді қосатын деңгей 2–1, деңгейдің электронды дабыл бергіші 2–2, магнитті босатқыш 2–6, электрқозғалтқыш 2–7 Н1 сорғышы. Жинақта экстракт жоғарғы деңгейге  жеткенде HL1 жарықтық табло арқылы белгі береді. Н1 сорғышының жұмысы 1-1 манометр көрсеткіші арқылы бақыланады. Жұмыстың автоматты режимнен қол режиміне аудару схемасы 2-3 режим таңдау кілті арқылы, ал 2-7 электрқозғалтқышын басқару – 2-4 немесе 2-5 басқару кнопкасы арқылы жүзеге асады. Бұған ұқсас, экстрактор цистернасында деңгейді реттеу контур жұмысы өтіп жатады.

Температураны реттеу режимдері экстракт араласқан жинақта, ашытатын күбіде және ашытқы мұздатқышында ескерілген. Экстракт араласқан жинақтағы температура судың, ыстық су мен суық судың араласуынан алатын судың, температурасымен анықталады. Пневматикалық дистанционды берілгіші бар 15-2 манометрлік термометр көрсеткішімен жылы судың температурасы өлшенеді. Пневматикалық дабыл щитта орналасқан 15-3 көрсететін және задатчигі бар өздігінен жазатын аспапқа, ал одан – 15-4 пневматикалық пропорционалды температураны реттеуші регуляторға келіп түседі.  Реттеуші әсер 15-5 ыстық су берілісін өзгертетін мембраналық клапанға беріледі. Осыған ұқсас АСР ашытылатын күбідегі (17) және мұздатқыштағы (20) температураны реттеу өндіріледі.

Ашытатын және купаждалатын күбіге берілетін сироп мөлшері 19-1 және 22-1 алтылық сұйықтықтарды есептегіштермен бақыланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құралдар мен автоматты жабдықтарды таңдау

Деңгей датчигі

Деңгей датчигіқазіргі заманның автоматика элементтері болып келеді. Олар басқару жүйесінде қолдануға  және де әр түрлі сұйықтықтар, төгілмелі заттар (сыпучие вещества) және газдары бар резервуардағы деңгейді толтыру және ұстап тұруды бақылауғаарналған.

Тағайындау бойынша деңгей датчиктерін бөлуге болады: Сұйықтық деңгейінің датчиктері (Су деңгейінің датчиктері) және төгілмелі заттар үшін.

Су деңгейінің датчиктеріәр түрлі резервуардағы сұйықтық  деңгейін бақылауға арналған. Су деңгейінің датчиктері қолданылатын қолданба типтеріне байланысты қатынасты және қатынассыз өлшеу әдістері қолданылады. Қатынасты өлшеуде (қалқымалы типті датчиктер) су деңгейінің датчиктері резервуар қабырғасында орналасадыжәне су деңгейі жоғары деңгейге жеткенде қатынас ауысады.

Төгілмелі заттарға арналған деңгей датчиктері: Бункердегі щаңның жоғарғы деңгейін бақылауға арналған. Төгілмелі заттарға арналған деңгей датчиктері бункер қабырғасында орналасады. Щаң деңгейі валда орналасқан пластинаға жете салысымен вал айналысы тоқтап, берілген деңгейге жеткені туралы дабыл беріледі.

Деңгей өлшеу принципіне байланысты деңгей датчиктері бөлінеді: қалқымалы, лопастты, дірілді, межелі, қысым, ағым, оптикалық, айналу жылдамдығы датчиктері, ультрадыбыстық және т.б.

 

 

Деңгей датчигі:

  1. Ультрадыбыстық деңгей датчиктері қатынассыз ортада резервуар тереңдігі он шақты метрдегі сұйықтық деңгейі және төгілмелі заттарды бақылауға мүмкіндік береді.
  2. Қалқымалы датчиктер бекітілген деңгейді бақылау үшін қосымша қоректенуді қажет етпейді және де арзан бағада жоғарғы сенімділікті қамтамасыз етеді.
  3. Сыйымдылық датчигі уздіксіз немесе бекітілген нүктедегі деңгейді бақылауға мүмкіндік береді. Оны сұықтықтар мен төгілмелі заттар үшін қолдануға болады.  Кейбір жағдайда деңгей өлшеу сыйымдылық қабырғасы арқылы жүргізілуі мүмкін.
  4. Дірілді деңгей дабыл берушісіне төгілмелі заттар, жабысқақ және паста сияқты өнімдер қорқынышты емес.

Деңгейдатчиктерініңсипаттамасы:

    • Шыға берістер: дискретті (датчиктер) немесе аналогті (индикаторлар).
    • Деңгей датчиктерін дайындау материалдары: пластик, металл, жай және азықтық татбаспайтын алмас, керамика және т.б.
    • Жоғары температуралық жәнеқауіпті жарылғышорындалу.
    • Заказға орындау мүмкін.

Овен САУ-М6

 

Сұйық  деңгейдің сигнализаторы үш каналдық  Овен САУ-М6 – сұйықтық деңгейін тексеру және сұйықтықтың деңгейінің реттеу, технологиялық үдерісті  автоматтандыруға  арналған.

                Деңгей сигнализаторының функциялық  мүмкіндіктері:

    • Резервуарда сұйықтықтың деңгейінің үш тәуелсіз тексеріс арнасы
    • Кез келген арнада(каналда) инверсия жүйе жұмысының мүмкіншілігі
    • Деңгейдің түрлі бергішінің қосыла алуы- кондуктометриялық, қалтқы

Техникалық сипаттама

 

Деңгей өлшеуіштердің саны

  1

Резервуардағы датчиктің бекітіле орналасуы

Көлденең

Материал

тот баспайтын болат

Өлшенетін орта тығыздығы

>=0,70 г/см3

Өлшенетін орта температурасы

-40...+105 °С

Өлшенетін орта қысымы

1,5 МПа (15 кгс/см2)

Үлкен мөлшердегі қуат

10 Вт

Үлкен мөлшердегі ток көзі

0,5 А

Үлкен мөлшердегі тұрақты ток кернеуі

180 В

Датчиктің жұмыс бөлігінің қорғау деңгейі

IP67

Кабельдің шығу ұзындығы

0,2 м


 

 

Шығын өлшеуші датчиктер


 

РМ1 шығын өлшеуіші

 

 

РМ1 шығын өлшеуіші шығынның, температураның, қысымның нәтижелерін есептейтін аппараттарды алмастыра  алады.(КСД самописцы, жиіліктің сумматорларының және т.д.)

 

Функциялық мүмкіндіктері:

- сұйықтықтың немесе газдың соманың шығынының есептеу;

- қысым және қызулар  құбырда өлшеу;

- шығынның орта сағаттық  мағынасын тіркеу, қызудың және  қысымның;

- шығынның өлшеуіштін  бір бергішпен арнасын калибрлеуі;

- бірнеше өлшеулі және есептелген аумақтың индикациясы;

- программалау түймелермен аспаптың алдыңғы панельінде

                       

Шығын өлшеуіштің техникалық мінездемелері

Нәрдің номиналды кернеуі

220 В тазалығы50 Гц

Нәрдің номиналды кернеуінің ықтимал ауып кетуі

15...+10 %

Алымдық көмек

6 ВА –тан аспайды

Өлшеу уақыты

1,5 с-тан аспайды

Үлгі және шығынөлшеуіштің кеудесінің габаритті өлшемдері

Щ; 96х96х180 мм

Кеуденің ығының дәрежесі

IP 20


 

 

 

 

 

Температура  датчигі


ДТС Термоөңдеуші

 

ДТС Термоөңдеуші  жарылғыштық орындауда  әртүрлі ортадағы (бу, газ, су, құйылма материалдар, химиялық реагенттер және т.б.) температураны үзіліссіз өлшеуге арналған.

Сипаты

ДТСХХ4-ЕХ

ДТСХХ5-ЕХ

Номиналдық статистикалық мазмұны(НСХ)

50М; 100М

50П; 100П; Pt100

50М; 100М

50П; 100П; Pt100

Өлшенетін температураларағы жұмыс  диапазоны

–50...+150 °С

–50...+250 °С

–50...+180 °С

–50...+500 °С

Шартты қысым

10 МПа

10 МПа

Жұмыс тогының көлемі

5 мА

5 мА

Жылу инерциясының көрсеткіші

10...30 с

10...30 с

Сезімтал элементтердің саны

1 шт.

1, 2

Изоляцияға қарсы тұруы

100 МОм

100 МОм

Қорғау деңгейі ГОСТ б-ша 14254

IP54

IP54

Қорғаныш арматурасының материалы

сталь 12Х18Н10Т (мод. 024, 044–184); 
латунь (мод. 014, 034, 204)

сталь 12Х18Н10Т

     
         

 

 

 

 

 

Қысым  датчиктері

Rosemount 3051S


 

 

 

 

 

Түзу әрекет қысымын және шығынды реттеуіш РР- РД аспабы

Қысымның тұрақтылығын қамтамасыз етуге, тікқұламаның және бу суы шығынының тұрғын және индустриялық ғимараттың абоненттік енгізулеріне және басқа да өнеркәсіп салаларында қолданылады.

Әрекеттің ұстанымы мехнат күйтіндегі күштің теңгер серіппесінің майысқақ деформациясына негізделген.

Сондай- ақ, арнайы тапсырыс арқылы аспап шартты өту арқылы лайықты диаметрдегі фильтрмен, жауапты приварды құрыш фланцтермен жасақталады. Корпусты бөлшектерді 25 алмастан немесе 12Х18Р10Т- дан жасауға болады.

Техникалық сипаттамасы

Атауы

Мәндер

Шартты өтудің диаметрі,Ду, мм

25

32

40

50

80

100

Шартты пропускты мүмкіндік, м³/ч

6,3

10

16

25

60

80

Реттеуіш қысымның диапазонды күйттері,МПа

0,04-0,16; 0,1-0,4; 0,16-0,63

Пропорционалды шекара % мөлшерде  үстіңгі шекті күйттен

20

Сезбеушілік шекара % мөлшерде  үстіңгі шекті күйттен

4

Салыстырмалы реттелмейтін ағынғыштық % мөлшерде

0,1

Реттелмейтін ортаның температурасы, ºС

0-ден180-ге дейін

Реттеуіштердің массасы, кг

23,5

26

28,5

34,5

56

58


 

 

ОВЕН ТРМ 200 өлшеуіш аспабы



 

 

ОВЕН ТРМ 200 аспабы- екі арнаның өлшеуіші, температураны өлшеуге, деңгейді, қысымды, ылғалдылықты, салмақ пен басқа да жылутасымалдағыштардың физикалық параметрлерін және әр түрлі орталарды өлшеуде қолданылады.  ОВЕН ТРМ 200 өлшеуіш аспабы тоңазытқышты қондырғыларда, кептірілген шкафтарда, пештерде, пастеризаторлар мен басқа да технологиялық қондырғыларда қолданылады.

 

 

ОВЕН ТРМ 200 аспабының функционалды мүмкіндіктері

  • ОВЕН ТРМ 200 өлшеуішінде кен спекртді датчиктердің қосылуы үшін 2 универсалды кіре беріс бар (температура, қысым, деңгей және т.б. физикалық параметрлер).

  • Кіре беріс әр түрлі типті датчиктердің қосылуын қамтамасыз етеді.

  • ОВЕН ТРМ 200 өлшеуішінде цифрлық фильтрация және кіру сигналы коррекциясының функциясы бар, сондай- ақ аналогты кіру үшін шкаланы масштабтау да бар.

  • Өлшенетін көлемнің айырымдық есептелімі.

  • Өлшенген көлемнің ағымдағы мәнінің индикациясы және олардың кіріктірмелі 4 разрядты светоиодты цифрлық индикаторлары.

  • Өлшенген көлемнен төртбұрышты тамырдың индикациясын есептеу (мысалы, лезде шығынды өлшеу үшін).

  • RS-485 кіріктірмелі интерфейсі.

  • Әр түрлі топтағы мамандар үшін өлшеуіш аспапта әр түрлі күйтті қорғау деңгейі қаралған.

  • Өлшеуіш- реттеуіштің кескін үйлесімі ПК- да немесе аспап көлемінің беттік жағында жүзеге асады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Техникалық сипаттамасы

Қоректену

Қоректену күші   90…245В ауыспалы ток

Қоректену күшінің жиілігі 47...67 Гц

Универсалды кіру

Универсалды кірудің саны   2

Кірудің уақыт аралығы  1с

Дабыл көзін қосқандағы кіру қарсылығы

  • Токтікі                            100 Ом ± 0,1 % (ішкі резисторды қосқан  кезде)

  • Күштікі                           100 кОм- нан кем емес

Негізгі қателікті жіберу шегі

  • Жылутүрлендіргіш қарсылығын қолданған кезде   ±0,5 %

 
  • Қалған дабыл түрлері үшін±0,25 %

Корпус

Корпустың аумақты өлшемі және қорғаныс дәрежесі

  • ҚалқандыЩ196х96х70 мм, IP54*
  • ҚалқандыЩ296х48х100 мм, IP54*
  • Қалқанды Н               130х105х65 мм, IP44
 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қорыта айтқанда мен осы «Квас дайындау автоматтандыру жүйесі» тақырыбын ала отырып, квастың қалай жасалатынын, оны өндірісте қандай жолмен алатының және де квастың химиялық, физикалық қасиеттерімен таныстым. Сондай ақ функционалды автоматтандыру сұлбасын сыза келе квастың дайын болар алдында  күрделі  процесстерден өтетінің білдім. Және де осы күрделі процесстердің барлығы да автоматтандыру көмегімен жүзеге асады. Адамдар автоматизация көмегімен аз ғана уақыт ішінде көп өнім алады, сонымен қатар мұның барлығы қазір кнопкалар көмегімен басқарылады. Бұл өнімді сапалы, әрі көп алуға мүмкіндік береді. Бұл адамзат тарихының алға дамып, өркендеп жатқаның көрсетеді.  Мен келешекте бұдан да жоғары белестерге жететінімізге толық сенімдімін.