Телеарналарындағы реалити-шоулар

Телеарналардағы реалити-шоулар

Жоспары:

  1. Кіріспе
  2. Реалити-шоу. Жалпы шолу
  3. Реалити-шоудың түрлері
  4. Реалити-шоулардың қоғамға әсері. Әлемді алаңдатқан шоулар.
  5. «Батыс-Шығыс», қазақ телевизиясындағы шоулардың шетел реалити-шоуларынан айырмашылықтары мен ұқсастықтары
  6. «Реалити-2050» немесе реалити-шоудың болашағы бар ма?

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

«Теледидар қазір журналистиканың барлық ескі жанрларын жаңарған түрге айналдырды. Олардың бар-ау деп есте жүргендердің жаңа қырларын ашты. Жаңа әдістерді дүниеге келтіріп, журналистикаға жаңаша жанрлар мен формалар сыйлады”

М. Барманқұлов

 

Телевизияда «Реалити ТВ”  өмірге келген кезде оған «Реалити – шоу» деген айдар тағылды. Экран туындысы телевизиялық кеңістіктегі шындыққа бағыт ұстанып, бір мезгілде ол көріністегі бейненің сан алуан мазмұндылығы, әрі мінез-құлық үлгісі болып табылады. Ол – көшедегі адмадармен сұхбат, пікірлесу, біздің замандастарымыздың күнделікті тыныс-тіршіліктері жайлы хабар. Кейіпкер де уақыт кеңістігінде өмір сүруші жандар. Реалити – шоу бағдарламасын жасаушылар оны ойын –сауық түрінде ойластырған. Негізгі идея аудиторияны күнделікті шыншыл, боямасыз өмірге жинақтау, жақындату, оны телевизия әйнегі арқылы бақылау болып табылады. Бұл теледидардың рекреативті функциясымен өзектес.

Отандық теледидарда Реалити-шоу  деңгейінде жасалған, әрі көрермендер  қызыға тамашалайтын фильм-портреттер бар. Қоғамымыздың өсіп-өркендеу жолында  тағдыры көпшілікке үлгі болар, ұрпақ  үшін мәні зор, жан-дүниесі шуаққа толы тұлғалар бейнесі – қызықты әрі  тамаша. Ол – деректі фильм-портреттер, саналуан бағдарламалар, ток-думан  хабарлары, нақты өмір, деректі кино. Сан-саладағы деректі сериалдар  қоғамдық көңіл-күйдің барометрі іспеттес. Онда қоғамның қалай өмір сүріп, жатқаны  шыншыл, әрі боямасыз көрсетіледі. Көрерменнің  бүгінгі қалауы да, талабы да осы.

Реалити-шоу аз уақыт ішінде-ақ миллиондаған көрерменді көгілідр экран  алдына әкелетін бағдарламалардың бірі. Психологтардың айтуы бойынша, басқа  адаманың өмірін бақылау екінші адамды әрқашан қызықтырып алып кететін  жай.

Мен осы курстық жұмысымда: біріншіден, реалити-шоудың тарихын  зерттемекпін; екіншіден, реалити бағдарламалардың түрлерімен танысу; үшіншіден, реалити-шоулардың  рейтингтеріне шолу; төртіншіден, қазақ  телевизиясындағы реалити-шоуларды шетел реалити-шоулармен салыстыру, көрермен ретіндегі түйінімді жазбақпын.

«Реалити-шоу»  ұғымы телевидениеде  соңғы жылдары пайда болғандықтан, осындай форматтағы бағдарламалар  жайлы әдебиеттерде өте аз кездеседі. Сондықтан курстық жұмысымды жазуда ғаламтор мәліметтерін, БАҚ мәліметтерді пайдаландым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Реалити-шоудың тарихы қайдан бастау алады?

 

Реалити-шоу (ағылышн тілінен reality- шындық, шынайылық)- телевизиялық ойын-сауықтық  бағдарлама түрі. Сюжеті белгілі бір топтың (топтардың), топтағы адамдардың өмір шындығына сәйкес іс-әрекеттерінен құралады. Осындай бағыттағы бағдарламалардың белгілері:

  • Сценарий болмауы;
  • Алғашқы дубльден телеэфирге берілуі;
  • Қарапайым, тәжірибесі жоқ адамадармен қоса, кәсіби актерлердің қатысуы;
  • Түсірілім жұмыстарының көбіне шынайы түрде түсірілуі (экстремалды жағдайлар)

Тарихы.  Реалити шоу тектес бағдарламалар ең алғаш телеарналарда 1940  жылдары шыға бастады.

«Реалити-шоу жанр ретінде 1948 жылы қалыптасқан екен. Жал­пы, реалити-шоу көңіл кө­теру бағытына арналған телевизиялық бағдарламалар. Бағдарламаның негізгі сюжетінде бір немесе бірнеше адамның өмір сүру салты бейнеленеді. Шынайылықты қаз-қалпында бей­нелеуге талпынатын жанр АҚШ пен Ұлыбританияда кеңінен қанат жайған. Қос елде реалити-шоу дегеннен гөрі, реалити-те­левидение деген түсінік қалып­тасқан. Аталмыш телевизиялық жанрдың бірнеше ерекшелігі бар. Мәселен, реалити бағдар­ламалар ешбір сценарисіз өрбиді әрі бағдарлама эфирге бірінші дубльден бастап шығарылады. Көбіне, реалити бағдарламаларға елге танылған актерлерден гөрі, қарапайым жандар қатысады. Бағдарламаның түсірілімі барын­ша шындыққа жақын болуы тиіс. Былайша айтқанда, реа­лити-шоу көрермен мен экран­ның ар жағындағы адамдарды байланыстыратын көпір десек те болатын шығар. Себебі, жанр пайда болғалы бері көрермендер өмірден алынған жағдайлардың нағыз жанашырына айналды.

1948 жылы АҚШ-та «Жасырын камера» атты бағдарлама көр­сетілді. Бағдарлама барысын­да әрқилы жағдайға тап болған адамдардың іс-әрекеті жасырын камераға түсірілді. «Жасырын камера» бағдарламасы әп-сәтте көрерменнің жоғары ықыласына бөленеді. Ал 1950 жылы көрсетіл­ген «Уақыттан озу» атты бағдар­ламада қарапайым адамдар әр­қилы сынға тап болып, өзара жа­рысқа түседі.

Уақыт өте келе, реалити  шоу­дың өзі бірнеше түрге  бөлінген. Кей реалити шоуларда кейіп­кер­дің  өмір сүру салты көрермендерге сол  қалпында ұсынылады. Мұн­дай реалити  шоу түрі бақылау деп аталады. Яки көрермен қауым, экранның бер  жағында отырып, кейіпкердің өмірімен кеңірек танысады. Ал кей жағдайда белгілі бір оқшауланған аймақта  реалити шоудың кейіп­керлері бірнеше  күн өмір сүріп, тірі қалудың амалын іздейді. Шоудың мұндай түрі «тірі қалу шоуы» деп аталады екен. Мә­селен, Ресейдің «Соңғы батыр» (Последний  герой) бағдарламасы реалити шоудың осы түріне жатады. Реалити шоудың ендігі бір түрінде бірнеше адамнан  құрылған топ кәсіптің белгілі түріне үйренеді. Ресейде біраз дау тудырып, шенеуніктерді де алаңдатқан «Дом-2»  реалити шоуында бір топ жас  үй салумен айналысты емес пе? Міне, дәл «Дом-2» үйрену немесе үйрету-шоуы деп аталады екен.» («Айқын», Дидар ТВ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қойылымы

Реалити шоуды қоюдың  бірнеше тәсілі бар. Көбінесе қатысушылар тобы  белгілі бір аймақта  болады, олардың күнделікті өмірлері телекамера арқылы теларналардан көрсетіліп отырады. Осындай жобалардың әрбірінің өз мақсаты болады. Көп жағдайда ол бір сыйлық болуы мүмкін. Видеоматериалдарды жинастыру түрліше жүзеге асады: қатысушылардың орналасқан аймақтарына жасырын камералар қойылу, қатысушылардың жазу апараттарын тағып жүруі. Осындай материалдар эфирге өңделіп беріледі, кейде өзегртілмей беріледі.  Реалити-шоу екі топқа бөлінеді:

  1. Сайыс түріндегі;
  2. Қатысушылардың өзін-өзі дамыту түріндегі.

 

Реалити-шоуда басқа бағдарламалар секілді өзінің идеясы, мәні болады. Біріншіден, адамға өмірдегі әртүрлі ситуациялардан шығу жолдарын көрсетеді. Екіншіден, реалити-шоу арқылы адмадарды қоғамдағы қатынастарында ретке келтіруге болады.

В.Л.Цвиктің «Журналистикаға  кіріспе» кітабында «Журналистика  – тек қоғамдық пікріді туғызушы коммуникация құралы ғана емес, шынайы дүниені эстетикалық жағынан  ұғыну» деген болатын. Реалити-шоулар тек рекреативті функциялық рөл ойнайды деп ойлауымыз мүмкін, алайда Цвиктің кітабына жүгінер болсақ, олар ұйымдастырушылық, мәдени-ағартушылық функциялар негізінде жүзеге асады. Сондықтан реалити-шоуды тек біреудің іс-әрекетін бақылау деп қабылдамау керек, одан әр адам өзіне тәлім-тәрбие алған жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

Реалити-шоудың түрлері

Бұл жанрдың дамуы оның әртүрлі түрлерінің қалыптасуна алып келді. Алайда оның қалыптасуы жайлы ортақ бір пікір жоқ, әрбір реалити-шоуды шығарушылар әр алуан пікірде.

Алғашқы түрі – реалити, Англияда docu-soap  (документальное мыло) деп атайды. Бұл түрінің басты  айырмашылығы – қатысушыларды шоуды  ұйымдастырушылардың видеобақылауы. Яғни, болып жатқан дүниелерді сырттай  бақылау. Реалити-шоудың осындай түрінің  мысалы ретінде Ресейдің «Дом-2», «Голод» бағдарламаларын алуға болады.  «Дом-2» жобасының басты мақсаты- жобадан өз махаббатын табу, таба алмағанадам жобадан шығады; ал «Голод» қатысушыларды қаражатсыз шетелге шығарады, адамның өмірдегі әртүрлі ситуацияларда қандай әрекеттер жасайтынын бақылау- басты мақсаттары осы болды.

Екінші түрі – қатысушыларға арналған белгілі талаптары мен тапсырмалары, арнайы сценарийі бар реалити-шоу. Бұл жерде қатысушылар арнайы тапсырмаларды орындайды, жеңіліс және жеңіс болады.

Бірінші түрі Survivor атты америкалық форматтан тараған болса, екінші түрі өз  бастауын «Big Brother» атты 6 жыл бұрын эфирге шыққан реалити-шоудан  алады. Ерекшелігі- қатысушылардың сайыстары, олардың күнделікті өмірін бақылау, әртүрлі тапсырмалар беру, т.б.  Осы түріне мысал ретінде, «Ел Арна» телеарнасының «Шіркін Life!», «Фобия», «Махаббатқан он қадам»; «Қазақстан» ұлттық арнасының «Дарабоз» жобаларын атап өтуге болады.

Реалити-шоудың үшінші түрі - talent's search немесе таланттарды іздеу. Біздің еліміздегі «Екі жұлдыз», «Жұлдызды сәт», «Х-фактор», «Мама Миа» жобаларын жатқызуға болады. Айта кетерлік жайт, дәл осындай шоу түрлері экономикалық жағынан көп пайда алып келеді. Және көп жағдайда продюсерлер шоу қатысушылары арқылы жоба біткеннен кейін де ақша табатын жағдайлар көп кездеседі.

Соңғы жылдары  реалити-шоудың форматтары бірнеше  бағытта даму үстінде:

  • Бақылау. Телекөрермендердің шоу қатысушысының өмірін, іс-әрекеттерін бақылауы. Сондықтан, жобаға қатысушы адамның бойында қоғамға тән, үлгі боларлықтай мінез болуы тиіс. Өзіне көңіл аударту, ойнай білу, көрерменге әсер қалдыру жоғары бағаланады.

 

  • Жаңғырту (модернизация). Осындай бағыттағы бағдарламада қатысушының өміріндегі бір нәрсені өзгерту немесе жаңғырту (мәселен жұмыс орны, көлігі). Мысалы, 1979 жылы жарық көрген   америкалық шоу  «This Old House» (қатысушының үйін жаңғырту)

 

  • Тірі қалу шоуы. Бұл бағытында қатысушылар жеңіс үшін күреседі, олардың төтенше және экстремалды жағдайлардағы төзімділігін тексеру, шыдамадылығын сынау сияқты еркешеліктері бар. Мысалы: «Шіркін Life-Бурабайда!», «Фобия», «Х-tream», т.б.

 

  • Үйрету шоулары, рекреативті функциядан басқа, қатысушының өзіне практикалық білім алып келеді. Қатысушылар алдында жаңа мамандықты игеру, кәсібилігін арттыру сияқты талаптар қойылады. Мәселен,                        «Х-фактор»

 

 

  • Ойын-шоулар. Күтпеген нәтижелер – бұл шоудың басты ерекшелігі. Мысалы: «Шіркін Лайф 1, 2, 3», «Фобия», «Дарабоз», т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Реалити-шоудың қоғамға әсері. Әлемді алаңдатқан шоулар

Біздің еліміздің реалити-шоуларын Батыс еледерімен салыстырсақ, арасы  жер мен көктей. Себебі батыста  реалити дегеніміз, ең алдымен –  жанжал.

ТМД елдерінде телеаудиторияны  батыс шоуларынан мүлдем өзгеше дүниелер қызықтырады, мәселен қарапайым  адамды жұлдыз қылып шығару («Жұлдызды сәт!», «Аймақтар аламаны»), қарапайым өмірдегі  ас жасау («Бешбармақ шоу») секілді.

Батыс еледеріндегі ең жанжалға толы реалити-шоулардан мысал келтіре  кетейін:

  • "Exhausted" ("Истощенный"). Қатысушылар 100 мың фунт ақша үшін сайысқа түседі. Жоба қатысушылары жеңіс жолында тамақтан, күнделікті жуынудан, ұйқыдан айырылад, күні-түні адам ойына келмейтін, физикалық ауыр тапсырмалар.

Алайда үлгі аалрлықтай реалити-шоулар да бар:

  • Ұлыбританияда «From Ladette to Lady» атты телевизиялық шоу көрсетіледі, бұл шоуда маскүнемдікке салынған қыздарды тәртіпті, тәрбиелі ару етіп шығару. Бұл жобаның айтарлықтай дәрежеге жетіп жатқан жайы бар.

Ең алдымен реалити-шоуға  қатысты адамдары үш топқа бөлеміз:

1. Реалити-шоуды ұйымдастырушылар;

2. Реалити-шоуға қатысушылар;

3. Көрермендер.

Қоғамда теледидардан көрсетілетін дүниелер көп жағдайда адамға кері әсер етеді деген пікір қалыптасқан. Ашуланамыз, таңданамыз, сынаймыз. Алайда оның тек кемшіліктерін көру біржақты пікір. Ең алдымен, реалити-шоуларды көп  көрермендер  өзге біреудің өмірін бақылау үшін көріп жатады.

Реалити-шоудың әрбір  форматы  өз бағыттары арқылы ерекшеленеді, бірақ бәрінің басын қосатын  ерекшелік – экранда біз қарапайым, өзіміз секілді өмір сүретін адамдарды  көреміз. Олардың өмірі, артықшылықтары мен кемшіліктері, жетістіктері мен  жеңілістері- қоғамда пікір қалыптастырады. Адамда олда мен секілді қарапайым  адам маған неге сондай болмасқа деген де ой келуі бек мүмкін. Қатысушының кемшіліктері мен қателіктерін көрермен бірден байқап отырады. Әр адамда кемшілік болатын болғандықтан, телекөрермен қатысушыларға қарап өз кемшіліктерін түзейді, түсінеді.

«Х-фактор», «Екі жұлдыз», «Жұлдызды  сәт» секілді  бағдарламаларды көре отырып, көрерменде сол жобалардың қатысушылары сияқты өзінің де алдына белгілі бір мақсат қойса, талпынса жететіндігін түсінуіне де әсер етеді.

Қандай болмасын реалити-шоу  – қоғамдағы немесе адам өміріндегі өзекті мәселелерді, олардың шешу жолдарын да көрсетеді. Ал психологиялық реалити-шоулар өзекті мәселелерге көп көңіл  аударатын аудиторияға қызықты. Кейбір қоғамдық немесе жеке мәселелерді  шешудің өзіндік жолдары болмаған жағдайда, реалити жобалар бұл  мәселеге өзге бір жағынан қарау, шешу жолдарын қарастыру сияқты нәрселерді көрсетуі мүмкін.

Үшіншіден, реалити-шоудың ерекші факторларының бірі- көрермен сол  шоудағы қатысушының әсерін көзбен көре отырып ала алады. Ойыншы мұңайса  бірге мұңайып, ашуланғанда бірге  ашуланып, бірге қуанып отырады.

  Кері әсерлері

Сан түрлі реалити-шоулардың  адам психологиясына  әсер ететіндігі жайлы түрлі пікірлер айтылып  та, жазылып та жүр. Әрине, оның да артықшылығы  мен ерекшелігімен қоса, кемшіліктері де бар. Ресейдің «Дом-2», «Каникулы  в Мексике», Қазақстанның «Блондинки в загоне» сынды шоулары жасөспірімдерге  кері әсерін тигізуі мүмкін. Осы  шоулардағы ұрыс-керіс, жанжал, қыздардың  төбелесі сияқты әрекеттер жағымсыз әсерін тигізетіні анық. 

Реалити-шоулардағы жанжалдар, балағат сөздерді жиі естіп жатамыз, бұл бір. Екіншіден, қатысушылардың, оның ішінде бозбалалар мен жас қыздардың  шылым шегуі экраннан ең жиі көрсетілетін көріністердің біріне айналды десек, қателеспейміз. Телевизияны тәрбие құралдарының бірі ретінде қарастырар болсақ, осындай жайттардың көрермен санасына теріс әсер ететінін ескерген жөн.

Алайда осындай сәтте  «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген  аталы сөзді ойға алғанымызда жөн.

 

Әлемді алаңдатқан шоулар

«Әлбетте, алпыс жылдың ішінде реалити-шоулардың мәні де, мағынасы да өзгерері хақ. Әйтсе де, қайсыбір бағдарлама белгілі бір мақсатты көздейтіні аян. Бірақ қазіргі таңда телевизия мамандары көрерменді барынша таңғалдыруға талпынып, шоу атаулының сан түрін назарымызға ұсынады. Осыдан тұп-тура 6 жыл бұрын «Терезенің ар жа­ғында» атты реалити-шоу әлемде біраз дау тудырған болатын. Шоу-бағдарламаны ұйымдасты­рушылар халықты азғындыққа тәрбиелейді деп айыпталған да болатын. Десек те, бұдан сабақ алған ешкім жоқ. Тіпті әлемдік реалити-шоулардың кескіні мен мағынасы тереңдей түсті десек те болады. Реалити-шоу­лар­дың сан түрін көрсетіп, көрер­меннің зәре-құтын алу жағынан Гол­ландия озық тұр десек, әсте жаңылыспаспыз. Гол­ландиялық көрермендерге «Үлкен донор» атты реалити бағ­дарлама ұсынылған еді. Аталған жоба көрермендер тарапынан біраз сынға да ұшыраған. Өйт­пегенде ше, бағдарлама бары­сында ми ісігіне тап болған Лиза есімді кейіпкер өзінің бүйрегін үш бірдей үміткердің біреуіне беріп, донор атануы керек еді. Лизаға таңдау жасауға бағдар­ламаға телефон арқылы хабар­ласқан көрермендер көмектесуі тиіс еді. Ең қызығы, Лиза өз бүйрегін көзі тірісінде «тапсы­руы» керек болатын. Мұндай адамгершілікке кереғар бағдар­лама голлан­диялық билік өкіл­дерін бейжай қалдырған жоқ, әрине. Голландия билігі бағдар­ламаны эфирден алып тастау керек деген ұсы­нысын бірнеше рет білдірген болатын. Алайда шоу-бағдар­ламаның продю­сер­лері мұндай жоба алдымен қоғам үшін қажет екенін айтып, міз бақпай қойды. Осылайша бағдарлама ұйым­дастыру­шы­лары донор мәсе­лесіне қоғамның назарын аудар­мақшы болған. Әрине, қоғам мұндай көрі­ніс­терге селт етпей қоймайды. Бірақ адамгершілік тұрғысынан бұл дұрыс қадам ба?

Дәл осы мемлекетте тағы бір анайы шоу көрсетілді қалың  көп­шілікке. Бағдарлама бары­сында жүргізушілер көкнәрге тойып, өзара анайы қылықтарға жол беруі керек. Әрине, жан түршігерлік  көріністерге гол­ландиялық көрермендер  қар­сы­лық білдірді. Бірақ реалити  шоудың продюсері Сйорд Ван ден  Броек бағдарлама анайы қылықтан гөрі, жастарға ой са­лады деп ақталып  шықты. Продюсердің пайымдауынша, бағдарламаны көрген жастар, әрқилы есірткілік заттардың  зиянын санаға түюі тиіс екен. Десек  те, тыйым салынған кез келген дүние  қызығушылық ту­дыратынын ескерсек, жастар мұндай «теле-ақылдан» сабақ  алудың орнына, керісінше, сол қылықты  қайталауы әбден мүмкін еді.

Ал Ұлыбританияда «психологиялық сиқыршы» Деррен Браун тікелей эфир барысында «Орыс рулеткасын» ойнайды. Деррен Браун бір оғы бар 348 калибрлі Smith & Wesson тапаншасын маңдайына тақап, атып жібереді. Ең қызығы, тапаншаға оқты кө­рер­мендердің бірі салады. Әри­не, мұндай көрініс кез келген адамның жанын түршіктірері даусыз. Шоу-бағдарлама бірнеше минутқа кешігіп көрсетіле бас­тады. Өйткені егер тапаншадағы оқ сиқыршыға дөп тисе, барлы­ғы өзгерер еді. Әйтсе де, аталған бағдарлама сәтті аяқталды. Дер­рен Браун маңдайына тақалған тапаншаны екі рет өзіне қаратып, атып, үшіншісін ауаға атты. Бри­тан­дық құқық қорғау ұйымдары бағдарламаны дереу тоқтату керек деген бұйрық берген. Се­бебі, сиқыршының әрекетін қай­талаушы көрермендер та­былуы әбден мүмкін еді. Бірақ «Channel 4» телеарнасы реалити-шоуды көрсету керек деген шешім қабылдаған. Тағы бір таңқаларлығы, залға жиналған көрермендер 12 мыңнан астам адамның арасынан іріктелді.» (Айқын, Дидар ТВ)

 

Ал Қазақстандағы реалити-шоулар қандай деңгейде?

Қазақ телевизиясындағы реалити-шоулар жайлы сөз қозғағанда, алдымен  «Ел Арна» телеарнасының "Шiркiн, life" реалити шоуы айта кетуіміз керек. Жоба атауына байланысты сыни пікрлер көп айтылды. Жоба продюсері Толқын Сейдоллақызы «Zaman-Қазақстан» газетіндегі сұхбатында: «Әрине, қазақи көрерменге бағдарламаның атауы жағымсыз болуы мүмкін. «Life» ағылшын сөзін кіріктірмей, баршамызға түсінікті «өмір» деген әдемі сөзді тіркестіріп, бағдарламаны «Шіркін, өмір» деп атауға болмайтын ба еді? Ағылшындарға еліктеудің не қажеті бар?» — деген ұсыныстар мен пікірлерді көп естіп жатырмыз. Осы орайда мен айта кетейін, бағдарламаның атын қойып берген «Ел арнаның» директоры Айгүл Мүкей ханым. Жобаны жарыққа шығарамыз деген кезде шығармашылық топ форматы, сценарийі, қанша адам қатысады деген сауалдармен басшылықпен ақылдасқанамызда, «бағдарлама елдің құлағын елең еткізетін, көрермен таңырқайтын, телеарнада форматы жеңіл және шынайы, жасандылық болмайтын реалити шоу болу қажет» деп бізден талап етті. Сондықтан «Шіркін, life» деген атауға тоқталып, сол атау эфирге шықты. Таптаурынды, бір-бірін қайталайтын жауыр болған хабарлардың атауынан шаршадық. Басында қалай болады екен деп тосырқаған тұстар болды. Бірақ, шынын айтқанда, бағдарлама сол атауымен көрерменді тартып кеткен сияқты. Көпшілікті бағдарлама атауымен-ақ елең еткізе алдық.»,-  деп түсініктеме береді.

  1. "Шiркiн, life-ауылда!". Жоба продюсері Толқын Сейдоллақызы «Айқын» газетіне берген сұхбатында «Жобаның басты мақсаты -қала өміріне бейімделіп, ауыл тіршілігін жатсынып кеткен ақсаусақ өнер адамдарын ауыл өміріне араластыра отырып, қазақи болмысымыз бен салтымызды жаңғырту. Жоғары оқу орындарын бітіріп алып, қаладан жұмыс табылмаса да сенделіп жүрген жастарымыз қаншама. Солардың санасына нағыз тіршіліктің, баянды болашақтың алтын бесік - ауылда екенін жеткізу.» дейді.

* Жоба авторы әрі жүргізушісі Асхат Садырбай «Айқын» газетіне берген сұхбатында «Жалпы, соңғы рейтингтер мен сұ­раныстарға қарасақ жеткен жетіс­тігіміз жаман емес сияқты. Рейтингтік пайызы «0» боп тұрған немесе қы­руар қаржы жұмсалып, көңілге қаяу түсірмейтін рейтинг жинаған еліміздегі айтулы жоба­лардың қасында азғана қаржымен түсірілген «Шіркін, лайф» беделді бәсекелес боп тұр.

- Негізгі ұстаным - ауыл  өмірін насихаттау. Қазақ жастарын  өз салт-дәстүрін ұмытпауға шақыру.» деген болатын.

Бұл жобада да біраз ұрыс-керіс, айқай-шу болды, көп адам осыдан шошынып, жастарға не тәрбие береді деген сияқты пікірлерді де айтты және Ресейдің «Дом-2» көшірмесі деп те жатты.  Алайда Батыс пен Ресей секілді  көргенсіздік пен тәрбиесіздікті насихаттаған жоқ. Бұл-реалити. Осындай шоуларда дәл қазіргі уақыт, заман талабы айна қатесіз көрсетіледі.  Елге танымал өнер адамдарының ауылдағы жұмыстарды атқаруы қарпайым көрермен үшін қызық дүние. Бұл жоба өз көрерменін тапты, жастар психологиясының әрқилы мәселелерін әртүрлі ситуациялар арқылы ашып бере алды.

  1. "Шiркiн, life-әскерде!". «Шіркін Life-2” жобасы көрермендердің көзайымына айналғаны рас. Десе де, көпшілік көрерменге әншілердің өнері мен жеке өмірі қызықты. «Шіркін Life-2” реалити шоудың 2-нші маусымында өнер адамдарының жанына қарапайым адамдардың саны қосылды. Осы орайда айта кететін жайт, бағдарламаның шарты бойынша олардың қолында ешқандай заманауи техника, байланыс құралдары, интернет желісі, тіпті, ұялы телефон да болмауы қажет болды. Бұл жерде олар күнделікті өмірін уақытша ұмытып, сапта тұрған сарбаздар секілді әскери өмірге араласа білуге тиіс еді. Бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі де осы — қатысушылардың Отан алдындағы борышын өтеуге деген ықыласын, әскер тәртібіне бейімділігін байқау. Олардың төзімділігі мен шыдамдылығы қаншалықты мықты екенін жан-жақты әрі түрлі тәсілдермен сынау сияқты шарттар болды. Бірінші маусымнан ерекшелігі- шынайы өмірге жақын болуы, себебі жұрт алдында жүрген өнер адамдарының қарпайым қатысушылармен бірге сайысуы, аздаған жанжалдары деген секілді дүниелер.

 Әрине, бұл жобаның  басты жаңалығы, жүргізуші Маржан  Сұлтанбаеваның шашын алғызып  тастауы болды. Біреулер мұны  ерлікке баласа, біреулер шоу  жасады деген пікірлер айтты. Осы бір жағдай бағдарламаның рейтингін жоғарылатты, ары қарай не бола екен деген көрермен қызығушылығын да туғызды.

 

  1. "Шiркiн, life- Бурабайда!".

 «Шіркін, life 3 Бурабайда!»  тележобасы — Ақмола облысының  Щучинск қаласындағы «Балдәурен»  оқу-сауықтыру орталығында өткізілді.

Бұл маусым алдыңғы екі  бөлімге қарағанда түрлі жаңалықтарымен ерекшеленеді:

  • Қатысушылар саны 12 адам — өнер жұлдыздары.
  • Тапсырмалар саны 14. Олардың барлығы дерлік түрлі спорттық ойындар мен арнайы сайыстарға негізделген.
  • Түсірілім Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Бурабай курорттық аймағында өтті.

 

Мақсаты:

  • Жоба иелерінің айтуынша бағдарламаның басты мақсаты — Қазақстанның спорт және туризм саласын жастар арасында кеңінен насихаттау.

Қатысушылар құқығы

  • Реалити-шоуға кез-келген өнерпаз немесе танымал тұлға қатыса алмайды. Қатысушыларға қойылатын басты талаптар:
  • Біріншіден ол: қазақ тілінде еркін сөйлеу білуі керек;
  • Екіншіден ол: рейтингі бар, халыққа қызық адам болуы керек;
  • Үшіншіден ол: жобаның барлық шарттарына төзе біліп, бағдарламаға барынша атсалыса білуі керек;

Шарты

  • Жобаға іріктеуден өткен 12 адам қатысады. Бағдарламаның басты ережесіне сәйкес, олардың тең жартысы, яғни 6 қыз, 6 ер болуы керек. Бұлар екі командаға бөлінеді.
  • Бұл жерде басты байқау командаларға негізделеді. Тапсырмалар жалпы командаға беріледі. Сондықтан бұл тұста әрбір қатысушы тапсырманы орындау барысында өз командасында мықтылық немесе тапқырлық таныта білуі керек. Әрбір жетістік командаға ұпай сыйлайды, әрбір кемшілік команданы артқа тартып, жеңіліске ұшыратады.
  • Жобаның ережесіне сәйкес қатысушылардың күнделікті тыныс-тіршілігін, олардың айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын жүргізуішілер бақылап отырады. Әрбір командаға күн сайын немесе 2 күнде 1 тапсырма беріледі.

Жоба продюсері Толқын Сейдоллақызы masa.kz порталына берген сұхбатында «Біз табиғаттың көркем келбеті мен өнер жұлдыздарын үйлестіруге тырыстық» дейді. Жобаның ұтқан тұсы, реалити-шоумен қоса, Қазақстанның көркем табиғатын көрсете білгенінде деп ойлаймын.

Сонымен "Шiркiн, life" жобасы 3 маусымнан кейін өз жұмысын аяқтады. "Шiркiн, life" реалити-шоуын ұлттық құндылықтарды, тәрбиені, дәстүрді, білімді дәріптемейді деп айта алмаймыз. «Біткен іске сыншы көп» демекші, сан алуан пікірлер болды, дегенменде қазақ телевизиясында атап айтарлықтай реалити-шоулардың бірі болды деп ойлаймын.

2. Ұлттық құндылықтарды дәрiптеуге ат салысып жүрген "Алматы" телеарнасы да шоу-бағдарламалар аламанынан құр қалмаған еді.. "Алматы" телеарнасы Барыс жылында асабаларды аламанға қосты. Телеарнаның ойын-сауықтық бағдарламасы "Асабалар аламаны" деп аталады. Қазақ – тойшыл қауым. Тойдың сәнi де мәнi де асабаға байланысты. Сөзге шешен асабалар "Асабалар аламанында" өзара сайысқа түседi. Бағдарлама барысында олардың ұшқырлығы, сөзге шешендiгi, өнерi сыналады. Қазақ телеарналарында тың идея жоқ деушi едiк. Кей мамандардың "идея бар, алайда қаражат тапшы" деп байбалам салғаны да бар. Дегенмен "Алматы" телеарнасы тың идеяны шығарған сыңайлы. "Асабалар аламаны" тек қазаққа ғана тән бағдарлама болып отыр әзiрге.

Қазақ телеарнасы көштен қалып  жатқан жоқ. Әлемдiк телеарналармен иық тiрестiрмесе де отандық телеарналардың көрермендерге ұсынар өзiндiк жобалары жетерлiк. Спутниктiк телеарналар  жаулаған мына заманда бәсекелес болу да қиын шығар, бәлкiм. Дегенмен, отандық телеарналар бiздiң менталитетке сай, бiздiң көрерменге лайық өнiм шығарса мүмкiн бәсекеге де қабiлеттi болар ма едi, кiм бiлсiн?

 

3. 2008 жылы көрерменге жол  тартақан «Қазақстан» ұлттық  арнасының «Дарабоз» реалити-шоуы да өз кезегінде көрерменін тапқан болатын.  Жоба продюсері- Ләйлә Сұлтанқызы. Қатысушылар: ірктеуден өткен 14 жас қатысушылар. Ұлттық салт-дәстүрді насихаттауда еңбегі айтарлықтай болды, ғұмырының қысқа болағны өкінішті-ақ. Менің ойымша «Дарабоз» реалити-шоуыжаңаша ізденістің жемісі болды.

4. «Мама мия» көңілден шықты ма?

«КТК» телеарнасы да жаңа телемаусымда жаңалықтан құралақан қалмады. Жыл бойы телеарнада «Мама мия» һәм «Бешбармак-шоу» сияқты тың тележобалар көрерменмен қауышады деген ақпарат таратылды. Әрине, жаңалыққа елең етпеген көрермен аз болмады. Жаңа тележобалардан ұлтқа тән ерекшелік һәм жаңалық күткеніміз тағы жасырын емес. Әйткенмен өрекпіген көңіл әп-сәтте басылды. Осыған байланысты «Айқын» республикалық-қоғамдық басылымының «Дидар ТВ» қосымшасында  жарық көрген Әйгерім Бақытқызының мына мақаласына көз жүгіртсек:

«Өткен сенбіде «КТК» телеарнасынан «Мама мия» бағдарламасының алғашқы көрсетілімін тамашаладық. «Мама мия» - латынамерикалық «Телемундо» телекомпаниясының «Квенсенера» шоу-бағдарламасының қа¬зақстандық нұсқасы. Музыкалық реалити-шоу ТМД аумағында тұңғыш рет көрсетіліп отыр екен. Тележобада 14-16 жасар бойжеткендер аналарымен қосылып, ән айтып, өзара сайысқа түседі. 12 жұптың арасындағы қызу тартыста үздік атанған анасы мен қызы 3 миллион теңгені иеленеді. Әлбетте ел арасында талантымен тәнті еткен балалар да, аналар да жетерлік. Бірақ «Мама мияны» көріп, іштей қынжылдық. Бағдарлама барысында өмірдің ақ пен қарасын ажырата алмаған жап-жас қыздардың аузынан тек қана жауапсыз махаббат туралы әндерді тыңдауымыз қызық болды. Ән өнерінің төресіне айналған аға-әпкелерімізден әнді жүрекпен айту керек деген кеңесті жиі естиміз. «Мама мияға» қатысқан әнші қыздардың өнеріне баға берген қазылар алқасы да: «Сен әнді дұрыс айтпадың. Әнді сезінбедің. Жүректен өткізбедің» деген сыңайдағы сынды көбірек айтты. Дегенмен махаббаттың мәнісін түсінбейтін 13-14 жастағы бойжеткен жауапсыз сезім туралы әнді қалайша өнбойынан өткізіп, сезінуі керек? Әр адам өзінің жасына, табиғи дамуына байланысты ән айту керек шығар. Бұл - бір деңіз. Екіншіден, ел арасында сәбиқұмар қылмыскерлердің қарасы көбейгенін айтып, дабыл қағып, қынжыламыз үнемі. Бағдарламаны көру барысында «мұндай ке¬леңсіздіктің орын алуына өзіміз кінәлі емеспіз бе?» деген ойға қалдық бір сәт. Қалай дейсіз ғой? Теледидардан өкшесі қазықтай аяқкиім мен етегі қысқа көйлек киіп, бетіне опа-далапты аяусыз жаққан бойжеткенді көрген жас жігіт болсын, ер ағасының болсын ойы бұзылмай ма? Оның үстіне жас қыз махаббат туралы терең тебіреніспен ән айтса ше?!

Тағы бір айта кетерлігі, бағдарлама тұтастай бір тілде жүргізілмейді. Қазақ қызы орысша ән айтады, онысымен қоймай, тілін бұрмалап, орысша сөйлейді. Әділ қазылар алқасы да қазақтың төл  баласы болғанымен, орысша тіл сындырады. Әлбетте, жаңалықтың болғаны жақсы. Бірақ әр бағдарлама ұлттың ерекшелігі мен менталитетін ескерсе дұрыс  болар еді. Дәл осы жобаны тілін  бұрмалайтын шалақазақтардан гөрі, шалғайдағы таза қазақтардың көретіні ақиқат. Ауылдағы келіншектер үшін сахнада кіндігін көрсетіп, көлбеңдеп  жүрген аналар да ерсі көрінетіні хақ. Қазақта «баласы атқа шапса, анасы  үйде отырып тақымын қысады» деген  мақал бар. Бірақ «Мама мия» жобасында  аналар қыздарымен жағаласып, сахнаға  талпынады. Мұндай «жаңалықтың» арты не боларын уақыт көрсетер...» , - деп жазады.

«Мама Мия» біреуге ұнады, ал бәз біреулерге ұнамады. Телевидение  болған соң бәрін тәжірибеден  өткізіп көру керек. Дегенмен, осындай  бағдарламаларды ұлттық менталитетке сай етіп жасаса, халықтың көңілінен  шықпай қоймайды.

4. «Фобия»

«Ел арна» теларнасынан көрерменге жол тартқан бұндай реалити-шоу  бұрын-соңды қазақ телевизиясында болмаған. “«Фобияның» беті жылтыр болғанымен, астары Батыстың былығына толып жатыр.”, - деген сынды пікірлер ғаламтор беттерінде көптеп кездесуде. Алайда, көптеген сарапшылар осындай реалити-шоуларды тәжірибеден өткізіп көруіміз керек деген пікір айтады.

«Фобия» өз атына сай бағдарлама, алайда шоуды бүдан да қорқынышты қылғанда, оданда қызық болар ма еді деп ойлаймын. Жүргізушісі  Илхам Ибраһим де жақсы таңдалған, сөйлеу мәнері, көқарасы да бағдарламаның  атына сай.

 

5. «Махаббатқа  он қадам»

  «Махаббатқа он қадам» бағдарламасы Ұлыбританиядан лицензиямен сатып алынған. Қазір қазақ телевизиясы емес, көршілес Ресей бағ¬дарламаларының 99 пайызы көшірілген туындылар. Дегенмен әрбір ел шетелдік туындыны өз менталитеті һәм көрерменнің талғамына сай дайындайды. «Мәселен, «Махаббатқа он қадам» жобасын біз Ұлыбританиядан сатып алдық. Бірақ біз ағылшындардың жазып берген сценарийі бойынша жұмыс істегеніміз жоқ. Сценарийді өзіміз өңдеп, өзіміз жазамыз. Яки бағдар¬ламаны қазақстандық көрерменнің талғамына қарай бейімдейміз. Екіншіден, бағдарламаның шығармашылық ұжымы да отандық мамандардан құралған. Сондықтан бағдарлама қазақтарға арналып жасалды. Бәрін түгел дерлік қазақи тұрғыда ойлап, қазақи тұрғыдан шештік» дейді Асхат Садырбай «Айқын» газетіне берген сұхбатында.

 

Қорытынды

БАҚ зерттеу мамандары  «ХХІ ғасыр-жаңа дәуір, жаңа дәуір - реалити  телевизияның дәуірі» деп сенімді  түрде айтуда.

Реалитишоудың болашағы жайлы  бір ғана нәрсені айтуға болады: оның болашағын ешкім болжай алмайды. Егерде фильмнің немесе бағдарламаның соңында, басында «шынай оқиғалардың желісімен» деген сөздер тұрса – бұл үлкен жетістік. Көрермен әрқашанда шындықты көргісі келеді.