«Темірбанк» АҚ-ның меншікті капиталының жетілдіру жолдары

 

Жоспар: 
 

 
 
  Кіріспе ………………………………………………………………………

I Бөлім. Банктердің меншікті қаражаттары және олардың қызметтері

  1.1. Банктің меншікті капиталының құрылымы………..................

  1.2. Банктің меншікті капиталы мен оның қызметі және жарғылық капиталының құру тәртібі......................................................

1.3. Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі.......................... 

II Бөлім. «Темірбанк» АҚ-ның меншікті капиталының құрлымы 

2.1 «Темірбанк» АҚ-ның қалыптасу және даму тарихы

2.2 «Темірбанк» АҚ-ның атқаратын қызметтері және жүргізетін операциялары

2.4 «Темірбанк» АҚ-ның меншікті капиталының құрлымы 

III Бөлім. «Темірбанк» АҚ-ның меншікті капиталының жетілдіру жолдары

  Қорытынды ..................................................................................................

  Пайдаланылған  әдебиеттер ......................................................................

 
 
 3 
 
 5
 
9
 15 
 22 
 32 
  25
27
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

    Банктің пассивтік операциялары негізінде  қалыптасқан және барлық активтік операцмялар бойынша банк өтімділігін қамтамасыз ету және пайда табу мақсатында орналастыруға бағытталатын банктің меншікті және тартылған қаражаттарының жиынтығы банктік ресурстар болып табылады.

    Банк  ресурстарының құрылымына мыналар жатады:

  1. Банктің меншікті капиталы
  2. Банктің заемдік және тартылған қаражаттар

    Банк  русурстарының құрамындағы меншікті капитал үлесі тартылған қаражаттарға қарағанда өте төмен болғандықтан барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10% жуық бөлігі өтелсе, ал қалған бөлігі тартылған қаражаттардың үлесіне тиеді.

    Коммерциялық  банктердің меншікті капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын  кәсіпорындар және ұйымдарға қарағанда  өзіндік ерекшеліктерге ие.

    Банктің меншікті капиталы банктің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды. Банктің бастапқы құрылуы барысында меншікті капитал көмегімен банк қызметіне байланысты алғашқы шығындар: жер, ғимарат, құрал-жабдық, жалақыға жұмсалатын және тағы басқа шығындар жабылады. Себебі, меншікті капиталсыз банктің қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті капиталдың есебінен банкте қажетті резервтер құрылады. Сонымен қатар, банктің меншікті капиталы ұзақ мерзімді активтерге жұмсалымдардың басты көзі.

    Банктің меншікті капиталы – банктің қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылған банктің әр түрлі қорлары мен сол сияқты ағымдағы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардағы бөлінбеген пайдасы.

    Банктің меншікті капиталының құрылымы бірдей емес, себебі, оларға әсер ететін әр түрлі факторларға, атап айтсақ активтер сапасына, меншікті пайданың пайдалануына, капиталдың бағасын нығайту мақсатында және банк саясатына байланысты жыл бойына өзгеріп отырады.

    Сонымен, қазіргі коммерциялық банктердің меншікті капиталы мынадай баптар құрайды:

  • Жарғылық капитал;
  • Резервтік капитал;
  • Қосымша капиталдар;
  • Бак операцияларына бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылған қорлар (резервтер);
  • Бөлінбеген банк пайдасы;

    Қазақстанда екінші деңгейлі банктер акционерлік  формада құрыла алады.

    Тақырыптың  өзектілігі: екінші деңгейлі банктердің меншікті капиталының қалыптастыруы  және оның банк қызметіндегі рөлі мен  мақсаты.

    Жұмысты орындаудағы мақсат: банктің меншікті капиталының жеткіліктілігіне жүргізілетін талдау мен оған қолданылатын көрсеткіштер және банктің меншікті капиталын қалыптастыру тәртібі мен қазіргі таңдағы отандық банктердің меншікті капиталын ұдғайту перспективаларын айқындау.

    Жұмысты орындаудағы міндеттер:

  • Жаңадан енгізілген банктің меншікті капиталына қойылатын пруденциялдық нормативтерді көрсету;
  • Банктің меншікті капиталдағы болып жатқан өзгерістерге зерттеулер жүргізу;
  • Банктің меншікті капиталына және оның жеткіліктілігіне талдау жүргізу.

    Әдістемелік негіз ретінде: ҚР «Банк және банк қызметі туралы» Заңы, ҚР қаржылық ұйымдар мен қаржы нарығын қағалау мен реттеу Агенттігінің және ҚР Ұлттық банкінің шығарған нормативтері, шектеулер мен ережелері, сонымен қатар шетелдік және отандық авторлардың еңбектері, бұқааралық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді, статистикалық көрсеткіштерді қолдандым 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    I Бөлім. Банктердің меншікті қаражаттары  және олардың  қызметтері

    1.1. Банктің меншікті капиталының құрылымы 

    Банктің меншікті капиталы, экономикалық капиталдар категориларының ішіндегі капиталдың бір түрі болып табылады. Меншікті капитал банк үшін маңызы өте зор. Себебі, банк ашу кезінде құрылтайшылар мен акционерлердің қосқан улесінен құрылған меншікті капитал, банк қызметін ұйымдастыруға және банк қызметінің аясын кеңейту үшін бастапқы және ең маңызды көзі болып табылады. Сонымен қатар банктің меншікті капиталы банк үшін әр түрлі қорғаныс пен қызметті дамыту функцияларын да орындайды. Соның ішінде:

  • Банкті қаржылық тұрақсыздықтан және шексіз тәуекелділіктерден сақтайды;
  • Банкті банкротқа ұшыраудан қорғайды;
  • Ағымды шығындарды жабады;
  • Банкке клиенттердің сенімділігін арттырады;
  • Клиенттердің комерциялық және тұтыну несиелерінің сұранысын қанағаттандырады және т.с.с.

    Сондықтан мемлекеттік қадағалау органдары  екінші деңгейлі банктер үшін әр түрлі  шектеулер қояды және де бұл шектеулердің орындалмауы туралы мәлімет алған кезде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының қаржылық ұйымдар мен қаржылық нарықты қадағалау мен реттеу агенттігі және тағы басқа мемлекеттік қадағалау органдары әр түрлі санкциялар мен шараларды қолданады және олар салымшылар мен инвесторлардың мәртебесін қорғайды.

    Банк  қызметі үнемі белгілі бір  тәуекелділіктермен байланысты болады, сондықтан активтерді тәуекелділігі  бойынша топтарға бөлу керек. Активтердің  тәуекелділігі бойынша сыныпталуы мен олардың меншікті капиталдың көлемімен өзара байланыстылығы, банктің басқару сапасын, сонымен қатар банктің қаржылық тұрақтылығын арттыруға өз әсерін тигізеді. Банктің меншікті құралдарына салымдар көлемінің көбеюі, қаржыландырудың ең қауіпсіз формасы болып табылады деп те айтуға болады және ол жүйелік төңкерістердің болдырмауына өз ықпалын тигізеді.

    Банктер «Резервтік талаптардың ең төмеңгі  мөлшері» атты нормативке сай, тартылған  несиелік ресурстардің бір бөлігін  жеке шотта депонирлеуге міндетті. Бырақ ол банктің өтімді активтері мен актив операцяларынан алған кірісті төмендетеді, ал меншікті капиталдың есебінен құрылған резерв Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде депонирленбейді, яғни ол банктің айналым капиталының бір бөлімі ретінде саналады. Бырақ оның жарғылық капиталға қатынасы, оның депонирленген тартылған ресурстардың қатынасыан кем болмауы керек.

    Меншікті  капитлалдың негізгі қиыншылықтарының бірі – меншікті капиталдың жеткіліктілігін  сақтау болып табылады. Оны 3 әдіспен  шешуге болады:

  1. Әрбір кезең арқылы капиталдың мөлшерін ұлғайту;
  2. Жалпы активтердің соммасын қысқарту;
  3. Тәуекелділігі жоғары салымдардың көлемін қысқарту арқылы активтер құрылымын өзгерту;

    Банк  қызметін қадағалау жүйесінде ағымды, есеп айыру, депозиттік шоттардағы қалдықтар бойынша міндеттемелерді орындау үшін, өтімділігі жоғары активтер көлемінің жеткіліктілігін сақтаудың маңызы өте зор. Олардың ішіндегі маңыздысы болып табылатын: олардың орындалуының нәтижесінен банктің корреспонденттік шотына қаржылар түсуімен байланысты операциялар болып табылады..

    Банктің меншікті капиталы пассив операцияларына жатады және ол келесі баптардан тұрады:

  • Жарғылық капитал – жай акциялар (мерзімі шексіз бағалы қағаздар), ерекшелігі бар акциялар (дауыс беруге құқығы жоқ бағалы қағаздар);
  • Банктік резервтер – яғни, алдағы уақыттағы әр түрлі шығындарды жабуға, дивиденттер төлеуге, қайтарылмаған қарыздардың орнын жабуға арналады;
  • Қосымша төленген капитал – жай және ерекшелігі бар акциялардың сату курсы мен номеналдық курсы арасындағы айырмадан құрылады;
  • Қосымша төленбеген капитал – активтерді қайта бағалаудан құрылады;
  • Бөлінбеген таза кіріс – банк меншігінде қалатын, жылдан жылға жинақталатын кіріс сомасы;

    1- сызба. Меншікті капиталдың құрылымы.

    

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1.2  Банктің меншікті капиталы мен оның қызметі және жарғылық капиталының құру тәртібі. 

    Банктің ресурсы ретінде меншікті капитал  акционерлердің диведенді формасындағы құнға ие. Бұл ресурстың көбеюі екі әдіспен жүруі мүмкін:

  1. Жарғылық капиталды көбейту;
  2. Таза кірісті көбейту;

    Банктік қаражаттар құрылымындағы жарғылық капитал мен оған теңестірілген  баптар, банктің тұрақтылығы мен  оның жұмыс тиімділігін қамтамасыз етуде өте үлкен роль атқарады.

    Меншікті  капитал бірқатар қызметтер атқарады:

  1. Қорғаныс қызметі;
  2. Шұғыл қызметі ,
  3. Реттеуіш қызметі;
  4. Айналым қызметі;
  5. Резервтік қызметі;

    1. Қорғаныс қызметі. Банктің меншікті  капиталдың қорғаныс қызметі  оның капиталының шамасының банктің  төлем қабілетіне және тұрақтылығына  тікелей байланыстылығын сипаттайды. Банктің меншікті капиталы қаншалықты жоғары болса, соғұрлым банк өтімді болып саналады.

    2. Шұғыл қызметі. Меншікті капиталдың  шұғыл қызметі жер, ғимарат,  құрал–жабдықтар алуға қажетті  меншікті қаражаттарды жұмылдыруды,  сондай–ақ көзге көрінбейтін  зияндар жағдайына байланысты резервтер құруды сипаттайды.

    3. Реттеуіш қызметі. Қаржы және  салым иелерінің мүдделерін қамтамасыз  етуден басқа, банктің меншікті  капиталы реттеуіш қызметін атқарады. Бұл қызмет қоғамның мүдделерімен, сол сияқты банк операцияларына  бақылауды жасауға мүмкіндік беретін заңдар мен ережелерге тікелей байланысты. 4. Айналым қызметі. Кез келген банк капиталы банкротқа қарсы, не болмаса зияндардың орнын жабу үшін құрылмайды. Олардың басты мақсаты комерциялық қызмет көрсету болып табылады

    5. Резервтік қызметі. Тәуекелділіктер тек активтік операцияларға ғана емес, сондай-ақ пасивтік операцияларға да тиісті болып келеді. Пассивті операциялардан туындайтын тәуекелділіктерді болғызбау үшін, банктер тартылатын қаражаттар есебінен міндетті резервтер ретінде Орталық банкте резервтерін құрайды.

    Банктің жарғылық капиталы акционерлік капитал  деп аталатының себебі, меншікті бағалы қағаздар шығару жолымен қалыптасуында. Жарғылық капиталдың көлемі акция ұстаушылар – акционер, қатысушылар жарғысынан жиналады.

    Банктің жарғылық капиталына төмендегілер кіреді: жай акциялар, артықшылығы бар акциялар, артық капитал (акцияның курстық бағасы сомасы мен оның бастапқы бағасы арасындағы айырмашылық), бөлінбеген табыс.

    Акционерлік коммерциялық банктің акциясы, оның иесінің банктің жарғылық капиталыедағы үлесін және дивиент алуға құқығын, сондай-ақ банкті басқару ісіне қатысу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.

    Жай акциялар акционерге акционерлер жиналысымен  белгіленген мөлшерде дивидент алуға, сондай –ақ банк жойылған жағдайда банк мүлкінің бөлігін алуға құқық береді. Бұл жерде үлес пропорциялды жүргізіледі: «бір акция – бір дауыс» қағидасы бойынша олар бірдей бастапқы баға құнына ие болуы тиіс.

    Қазақстан Республикасында банктің жарғылық капиталын қалыптастыру процессі төмендегі  заңдар мен нормативтік актілермен реттеледі: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, заң күші бар «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Акцияларды шығаруды рәсімдеу, заңды күшін жою тәртібі туралы ереже және Қазақстан Республикасында акциялар шығару мен орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарц 1996 жылғы 29 қарашадағы №141 Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясының бекітілген «Қазақстан Республикасы аумағында жегелеген банк операцияларын іске асыратын банктер мен ұйымдар шығаратын акциялар мен облигацияларды эмиссия проспектілерінің Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінде сараптамадан өту тәртібі туралы» 1995 жылғы 15 мамырдағы №251 уақытша нұсқау, «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.

    Алғашқы шығаруды тіркеу үшін банк құру туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің рұқсаты негіз бола алады. Жекелеген  банк операцияларын іске асыратын банктер  мен ұйымдар шығаруды тіркеу кезінде өкілетті органға Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінде сараптамадан өткен және аудиторлық қорытындысымен бекітілген қосымша шығару проспектісін ұсынады.

    Акцияларды  одан әрі (қосымша) шығарғанда:

  • Өтініш;
  • Акцияларды қосымша шығару туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бар хаттама (хаттамадан көшірме);
  • Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
  • Жарғылық капиталының көлемінің өзгергені туралы көрсетілген статистикалық карточканың көшірмесі;
  • Қосымшалар мен өзгерістер енгізілген, нотариалды расталған жарғы көшірмесі немесе жарғыға өзгерістер мен қосымшалар еңгізу туралы акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бар хаттама (хаттамадан көшірме);
  • Құрылтайшы құжаттарға өзгерістер еңгізілген датадан бастап, бір ай мерзімде тіркеуші органның хабарламасын растайтын пошталық түбіртек немесебасқада құжаттар (егер қоғам көрсетілген өзгерістермен қайта тіркеуден өтпеген болса);
  • Әр акция түрінің үлгілері – шығару құжаттамасы нысаны түрінде екі данада;
  • Тәуелсіз тіркеушімен келісім-шарт көшірмесі және маманның біліктілік куәлігінің көшірмесі бар акционерлердің тізімін жүргізу туралы ішкі жағдай (атаулы акциялар шығарған кезде, егер алдыңғы шығаруларда бекітілмесе немесе өзгерістер барда);
  • Акцияларды шығаруды тіркеу кезінде бағалы қағаздармен жұмыс операциясына салық төленгенін растайтын төлем құжаттарының көшірмесі;
  • Бухгалтерлік баланстармен тігілген эмиссия проспектілері (шығару шарттары) екі данада;
  • Аудиторлық қорытынды;
  • Акциялардың бұрыңғы шығарудың мемлекеттік тіркелуі туралы куәліктің көшірмесі;
  • Қоғамды тіркеушісі берген, 5% жоғары акцияны иеленуші акционерлердің мәліметі тізімінен көшірме;

    Бағалы  қағаздарды шығару және шығарушы банк нақты өткізгенбағалы қағаздар құны қорытындылары туралы есепті тіркеуден  өткізген соң өкілетті орган төлемге түскен акциялар қаражатын пайдалану шектеулерін алып тастауға және оларды акционерлік ретінде жарғылық капиталына кірістеуге рұқсат береді. 

    1.4 Банктің меншікті  капиталының жеткіліктілігі 

    «Капиталдың жеткіліктілігі» термині банктің  жалпы тұрақтылығын және оның туекелге бару дәрежесін көрсетеді. Капиталдың жеткіліктілігі – бұл банк капиталының мөлшерін тәуекел дәрежелері ескерілген банк активтеріне сәйкес болуға тиісті. Сондай-ақ, коммерциялық банктер өз жұмыстарында банк капиталын шамадан тыс ұлғайтуды теріс санайды. Өйткені, ол банктің қызметіне кері әсер етуі мүмкін. Банктердің көбі акция шығара отырып, қаражат тартуға ыңтасыз болып келеді.

    Сондықтан, кез келген саяси немесе экономикалық өмірдегі жағдайлар банктердегі  ресурстардың сыртқа ағылуына себеп болуға тиіс. Бастапқыда банк капиталының активтерге қатысты қатынас 20% шамасында болса, ал қазіргі оның шамасы 12%-ды (пруденциялдық номативтердегі КII-нің мәні) құрайды.Бұл дегеніміз банк жүйесіндегі төлем қабілетінсіздік тәекелдің уақыт өте келе арта түсетіндігін көрсетеді. Себебі, банк жүйесіндегі банктердің активтерінің сапасы әлі де болса өз деңгейінде еместігін ескерсек, онда болашақта оның орнын жабатын меншікті капитал үлесі жеткіліксіздігі байқалады.

    Демек, банк капиталының жиынтық деңгейінің жеткіліктігі банк жүйесін қолдайтын басты шарттардың біріне жатады.

    Банк  меншікті капиталын бағалау әдістемесі туралы сұрақ 80-ші жылдардың екінші жартысында халықаралық қаржы ұйымдарында  да үлкен пікірталас туғызған болатын. Сөйтіп, 1988 жылдың Базель комитеті келісімінің шешімімімен «Халықаралық біртұтас капитал есебі және капитал стандарты туралы келісім-шарт» негізінде «Кук коэффициенті» деп аталатын капитал жеткіліктілігі нормативі іс жүзіне енгізілді. 1993 жылдан бастап күшіне енген бұл коэффициент көптеген елдердің Орталық банктерінде, біздің Қазақстан Ұлттық банкінде пруденциялдық норматив қатарында пайдаланылуда.

    Кук коэффициенті банк капиталы мен оның баланстан тыс активтері арасындағы ең төмеңгі шекті қатынасын бейнелейді. Мұндағы меншікті капитал екі элементті қамтиді: негізгі және қосымша капитал. Олардың жеткіліктілігіне баға беру үшін, активтер мен баланстан тыс мендеттемелердің өлшемі таңдап алынған.

    Базель  келісіміне сәйкес, меншікті капиталдың жеткіліктілігін анықтайтын басты  көрсеткіш ретінде, тәуекелді актевтер көрсеткіші болып саналады: 

    

      мұнда: - Тәуекелді активтер коэффициенті;

      - Банктің меншікті капиталы;

      - Тәуекелділігі бойынша топтастырылған активтердің сомасы;

    Базель  келісіміне сәйкес, банктің капиталы екі деңгейде бөлінеді:

    Бірінші деңейлі капиталдың құрамына келесі баптар кіреді (KI):

  • Тіркелген көлеміндегі төленген жарғылық капитал (Шоттар: 3001,3025 минус 3002,3026,3003,3027);
  • Қосымша капитал (3101 шот);
  • Өткен жылдардың таза кірісінің есебінен құрылған қорлар мен резервтер, өткен жылдың таратылмаған таза кірісі;

    Минус:

  • Материалды емес активтер (1659 минус 1699 шот);
  • Өткен жылдың шығындары (3599 шот);
  • Ағымды жылдың шығындарының ағымды жылдың кірістерінен асуы;

    Екінші  деңгейлі капиталдың құрамына келесі баптар кіреді (КII):

  • Ағымды жылда шығындардың кірістердің асуы;
  • Негізгі құралдар мен бағалы қағаздарды қайта бағалау (3540,3560);
  • Тәуекелділігі бойынша топтастырылған активтер сомасының 1,25% аспайтын жалпы резервтер (провизиялар) (1465,1469 шоттар);
  • Бірінші деңгейлі капиталдың сомасының 50% аспайтын субординарлық қарыз (2402 шот);
 

    Активтерді  тәуекелділігі бойынша бес топқа  бөлінеді:

  1. 1 топқа – тәуекелділіктен бос активтер кіреді -0
  2. 2 топқа – тәуекелділігі төмен активтер кіреді – 20%
  3. 3 топқа – тәуекелділігі жоғары активтер кіреді – 50%
  4. 4 топқа – тәекелділігі өте жоғары активтер кіреді – 100%
  5. 5 топқа - тәуекелділігі аса жоғары активтер кіреді -100, 150%

    Тәуекелділігі бойынша өлшенетін активтер келесі формуламен анықталады:

      
мұнда:

     - жеке операциялар бойынша активтер;

     - туекелділік коэффициенті(деңгейі);

    Тәекелділігі  бойынша өлшенетін активтер банктің  меншікті капиталын есептеуінде және банк капиталының жеткіліктілігін анықтау үшін қолданылады.

    Банктің меншікті капиталының жеткіліктілігі оның сенімділігін көрсетеді.Капитал  банкке оның акционерлер алдындағы  міндеттемелерін қамтамасыз ету  үшін, банк салымшыларын мүддесін қорғау үшін қажет.

    Меншікті  капиталдың минималдық мөлшері келесідей (2010 жылдың 1 тамызынан бастап):

    Лицензиясы  бар бантер үшін 5000.000.000 теңге;

    Аймақтық  банктер үшін (Алматы және Астана қалаларынан  тыс орналасқан)-2000.000.000 теңге.

    Барлық  банктер үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшер келесідей:Бір филиал және /немесе бір есеп–кассалық бөлімінен кп болуында- 2000.000.000 теңге оған қосу:

    300.000.000 теңге-аудандық орталықтарда және Алматы мен Астана қалаларында орналасқан әр бір филиалдар үшін;

    15.000.000 теңге-басқа қалалада орналасқан әр бір филиалдар үшін;

    50.000.000 теңге-басқа елді мекендерде орналасқан әр бір филиалдар үшін;

    15.000.000 теңге-аудандық орталықтарда және Алматы мен Астана қалаларында орналасқан әр бір есеп-кассалық бөлімдер үшін;

    7.000.000 теңге – басқа елді мекендерде орналасқан әр бір есеп-кассалық бөлімдер үшін.

    Келесіде, капитал жеткіліктілігін мінездейтін  пруденциялдық нормативтер орындалуы  анықталады- олар КI және КII коэффициенттері.

    Пруденциялдық нормативтер туралы ережесіне сәйкес меншікті капитал келесі формуламен анықталады:

    МК = КI + КII – ИК ;

    Мұнда:

    КI – бірінші деңгейлі капитал;

    КII – екінші деңгейлі капитал;

    ИК  – басқа заңды тұлғалардың  капиталына инвестиция және сүбординарлық  қарыздары (сатып алынған акциялар мен сүбординарлық қарыздар);

    Капитал жеткіліктілігін мінездейтін  және коэффициенттері келесідей анықталады:

      бірінші деңгейлі капитал  мен меншікті капиталдың есебіне  кірген екінші деңгейлі капиталдың жалпы сомасынан алынған бірінші деңгейлі капиталдвң мөлшерінде алынған банк инвестициясына кемітілген бірінші деңгейлі капиталды бірінші деңгейлі капитал мен меншікті капиталдың есебіне кірген екінші деңгейлі жалпы сомасынан алынған бірінші деңгейлі капиталдың мөлшерінде алынған банк инвестициясына кемітілген активтерге сәйкестендіру арқылы анықталады; 

      

      коэффициентінің мағынасы 0,06 (6%)-дан кем болмауы керек. 

      банктің меншікті капиталын арнайы резервтерге, тағыда екінші деңгейлі капиталдың құрамына кірмеген жалпы және банктің меншікті капиталының есебіне кірмеген екінші деңгейлі капиталға кемітілген тәуекелділігі бойынша өлшенген активтер мен шартты міндеттемелерге сәйкестендіру арқылы анықталады: 

      

      коэффициентінің мағынасы 0,12 (12%)-дан кем болмауы керек. 

    Капитал жеткіліктілігін мінездейтін нормативтік  талаптардың орындалуына бағалап  капитал құрамының үлесіне, олардың  динамикасына көңіл аудару керек. Келесіде капитал жеткіліктілігіне талдау CAMEL және BOSS дистанциялық банктік қадағалау жүйесі (BOSS ДБҚЖ) арқылы жүргізіледі. CAMEL және BOSS ДБҚЖ –інде капитал жеткіліктілігін мінездейді келесі көрсеткіштер бар:

  1.                     
 
  1.                     

    Мұндағы,

    МК  – меншікті капитал 

  1.                     
 

    Сыныпталатын  активтер дегеніміз – үмітсіз  және күмәнді активтердің сомасы, яғни сенімділігі төмен, банкке зияндар және қауіп әклетін несиелер, дебиторлық берешектер, бағалы қағаздар, басқа банктердің корреспонденттік шотындағы қаржылар және басқа банктерге салымдар. 

  1.                
 

    ІІ  Бөлім. «Темірбанк» АҚ-ның меншікті капиталының құрлымы

    2.1 «Темірбанк» АҚ-ның қалыптасу және даму тарихы