Теміржол саласындағы жүк тасымалдауды ұйымдастыру

                                                     Кіріспе

Жүк тасымалында екі өзекті жағдай қалыптасып отыр. Біріншісі – темір жол көлігін тарифтік реттеудің қазіргі жағдайы – ол өз кезегінде жүк тасымалының азаюына, қызмет көрсету сапасының төмендеуіне, темір жол жүйесінің физикалық және моральдық жағдайының құлдырауына әкеліп соғады. Екіншісі – жылжымалы құрамның жетіспеушілігі. Тасымалдың негізгі бөлігі әлі күнге ескі вагондармен атқарылады. Осыдан он жыл бұрын нарықтағы қазақстандық вагондар сұраныстан асып кетсе, қазіргі уақытта жүктің 20 пайызы қа­зақстандық емес вагондармен атқарылады. Соның салдарынан жүк жөнелтушілерді вагонмен толық қамтамасыз ете алмай отырмыз. Мұнымен бірге қазіргі қолданыстағы тариф саясаты жолаушылар тасымалындағы қаржы жетіспеушілігін жүк тасымалының кірісі есебінен жабуға мәжбүрлеп тұр.                                                                                                   Осындай қиындықтарға қарамастан әлемдік қаржы және экономикалық дағдарысқа қарсы шаралар кешенін уақытында ұйымдастырды.   Дегенмен, дағдарыс 2007-2008 жылдары тасымалдау көлемінің 4-5 пайызға төмендеуіне әкеліп соқтырды. Жоғарыда айтылған саланы 2020 жылдарға дейінгі дамытудың бағ­дарламасына сәйкес, осы аралықта 76 мың жүк вагондарын, 1,5 мың локомотив пен темір жол желісін жаңғыртуға “Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ пен жеке меншік иелерінің және мемлекеттің қаржысы жұмсалады.Темір жол көлігін Орта Азия аймағындағы көліктік-логистикалық хаб ретіндегі жарқын болашақ күтіп тұр. Салада кадр және жастар саясаты, әлеуметтік бағдарлама белсенді жүзеге асырылуда.   Үстіміздегі жылғы алты айда бір жарым мың теміржолшы білімін жетілдірді. Темір жол көлігі саласында 1700 жоғарғы және орта арнаулы оқу орнын бітіргендер өндірістік практикадан өтіп, қызметке орналасты. Жастар форумы жеңімпаздарының инновациялық жобалары өндіріске енгізілуде.                                                                                                         «Денсаулық» және «Жәрдем» медициналық пойыздарының дәрігерлері 2011 жылдың бірінші жартысында алыс станциялардың 60 мыңнан астам тұрғындарына дәрігерлік көмек көрсетті. Пойыз дәрігерлері алты айда сырқаттармен 285 185 қабылдау өткізді.         Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша теміржолшылар қыркүйек айында ең соңғы медициналық құралдармен жабдықталған «Салауатты Қазақстан» үшінші медициналық пойызын жіберуді жоспарлап отыр.                  Темір жол көлігі Қазақстан экономикасын дамытуда басты роль ойнап, жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың негізгі бөлігін атқару арқылы мемлекеттің көлік жүйесінің негізі болып табылады. Қазақстан темір жол торабының инфрақұрылымы республиканың барлық аймақтарын өзара байланыстырып, басқа көрші мемлекеттердің темір жол тораптарымен 15 байланыс нүктесіне ие, оның ішінде он бірі Ресей Федерациясымен.     Қазақстан Республикасының территориясының үлкендігі және көптеген ірі кәсіпорындардың шикізатты экспорттауға бағытталуы негізінде мемлекетіміздің темір жолдарының ролі барлық отандық экономика үшін стратегиялық маңызды. Жүктердің көптеген түрлері үшін темір жол көлігі бәсекелестігі жоқ көлік  болып табылады.        Республикамыздағы ең ірі компаниялардың бірі бола отырып, ЖАҚ ҰК Қазақстан темір жолы 85 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуде.       Халық шаруашылығының барлық салаларын біріңғай жүйеге біріктіретін теміржол көлігінің тұрақты жұмыс істеуі, Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуінің қажетті шарты болып табылады. Осыған орай, оның тұрақты қызмет етуі үшін қажетті шарттармен қамтамасыз ету белгілі бір ресурстарды қажет етеді. Бірақ та, объективті себептерге байланысты соңғы                                                 Жүкті тиеу сәтінен бастап, «Қазтеміртранс» АҚ тасымалдаушы ретінде вагон беруге тапсырыс, коммерциялық қатынастағы жүкті қабылдау, тасымалданушы құжатын ресімдеу, ТехПД-дан есептер сияқты бастапқы және соңғы операциялардағы жұмыстың бөлігін орындайды. Сонымен қатар, вагон қозғалысын бақылауы жолдардан өту локомотив-сағаттарымен қамтиды. Сондай-ақ,қол қойылған тасымалдау келісім-шарттары бойынша экспедиторлық компаниялармен және жүк аттандырушылармен жұмыс жүргізілуде.                                                                                                               Магистральдік жүйе операторы арасында шектелген жұмыспен тасымалдау процессінің барлық технологиясын орындауда, тасымалдаушымен, локомотивті тарту және экспедиторлық компаниямен, сондай-ақ, «Қазтеміртранс» АҚ да өзара әрекет процесін кезеңдік орындау 2004 жылдың желтоқсанынан бастап, алғашқы жоба аясында жеке алынған бағыттар бойынша жүк тасымалдауын орындауда.        Жұмыста үнемділікті арттыру және тәртіпке келтіру үшін «Қазтеміртранс» АҚ «ҚТЖ» ҰК» АҚ және «Локомотив» АҚ-мен, сондай-ақ экспедиторлармен тасымалдау ұйымына келісім-шарттар құрылымдық бөлімдердегі өзара әрекет белгіленген уақыт тәртібін жасап  шығарды.                                     Жүкті тиеу сәтінен бастап, «Қазтеміртранс» АҚ тасымалдаушы ретінде вагон беруге тапсырыс, коммерциялық қатынастағы жүкті қабылдау, тасымалданушы құжатын ресімдеу, ТехПД-дан есептер сияқты бастапқы және соңғы операциялардағы жұмыстың бөлігін орындайды. Сонымен қатар, вагон қозғалысын бақылауы жолдардан өту локомотив-сағаттарымен қамтиды.                  Бүгінгі күні қосымша бағыттар жіберуге орай белсенді жұмыстар жүруде. «Қазтеміртранс» АҚ-ның тасымалдау міндетті қызметінің оындалуына байланысты өткізілген пилотты жоба сараптамасы жүкті жеткізуде бірталай уақыт ұтуымен, жолды өтуде тиелген вагондарды ажыратудың төмендеуімен және жүк тиеуде жүк аттандырушы тапсырыстардың 100% орындалуымен тиімділгін танытты.Жүк иелері тарапынан күннен күнге өсіп келе жатқан талаптарды ескере отырып, сондай-ақ жүк тасымалдаудың жаңа тиімді технологиясына өтуді жүзеге асыру үшін «Қазтеміртранс» АҚ контрейлерлік тасымалдауды ұйымдастыру үшін 13–4095 моделді ажыратусыз тартқышы бар жартылай тіркемелерсіз автопойыздарға артуға арналған мамандандырылған плотформалардың 50 бірлігін сатып алды.                                                  

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Теміржол саласындағы жүк тасымалдауды ұйымдастыру.  

Жүк тасымалдауды ұйымдастыруда, сондай-ақ теміржол саласының тоқтап қалусыз, үзіліссіз жұмыс істеуіне жүкті тасымалдауды жоспарлау негіз болады. Жүк тасымалдауды жоспарлаудың мақсаты: мүмкіндігінше аз шығынмен тасымалды көлік түрлеріне шығынды үнемдеу мақсатында бөлуде, жүк тасуда тепе-теңділікпен қамтамасыз етуде және жүк артудың ырғақтылығы, сонымен қатар бар ресурстарды тиімді пайдалануда, техникалық мүмкіндіктерде, магистралдық желі мүмкіндіктерінде, жүк жіберушінің сұранысын уақытында және толық қанағаттандыру болып табылады.                                                                                                                         Заңдылық тұрғыда тасымалдауды жоспарлау айтарлықтай өзгертулерге ұшыраған жоқ. Тасымалдаудың жоспары жылдық жоспарлау, айлық жоспарлау және өтінім негізіндегі жүк жөнелту болып бөлінеді.                         Басты жоспарлау тасымал көлемін және теміржол саласы даму стратегиясын анықтауға мүмкіндік береді. Жылдық жоспарлау есебімен халықаралық тасымалдың транзитті тарифін қолдану сұрақтары ыңғайланады. Сондай-ақ, республикалық, халықаралық қатынаста отандық жүк жөнелтушілерге тарифті төмендету мүмкіндігін туғызады.               ҚР «Теміржол көлігі туралы» Заңына сәйкес, тасымалдар берілген тапсырыс негізіндегі келісім және жүк жіберуші мен тасымалдаушы арасында бекітілген жүкті тасымалдау туралы келісімге сай орындалады. Келісім-шартпен тасымалдың мерзімі, көлемі, көлік құралымен қамтудағы талаптары мен тәртібі және жүкті тасымалға әкелу анықталады.                                   Жоспарланған айлық тапсырысы бойынша жүк тасымалдау келісімінің бірі болып табылады. Жүкті тасымалдау тапсырысының түрі, оны ресімдеудің тәртібі, толтырылуы, орындалуы, есептеу мен енгізілген өзгерту жүк тасымалдау  Ережесімен  қарастырылады.            Құрылымдау мақсаты есебінен, қолданыстағы заңнама негізінде тасымалдау үрдісіне қатысушылардың қарым қатынасы нарықтық бәсекелестік жағдайда жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру темір жол көлігі қызметі жүктерді тасымалдау жоспарын сапалы өзгертуді қарастырады.                                Жүктерді тасымалдауды жоспарлау тасымалдау үрдісімен тығыз байланысты және тасымалдаушының техникалық мүмкіндігін тиімді пайдалануға жол ашады. Жылжымалы құрамның барлық түрлерін үнемді қолдану, олардың сыйымдылығы, жүктерді бағыттармен тасымалдауды арттыру, қозғалмалы құрамның бос жүруін азайту, жүк түсіру мен жүк арту кезінде вагондардың тұрып қалу уақытын азайту. Теміржол көлігі саласында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асырып жүрген тұлға болып «Теміржол көлігі туралы» ҚР Заңына сәйкес тасымалдау үрдісінің қатысушысы табылады.     Жүктерді тасымалдауды жоспарлауда тасымалдаушы, жүк жіберуші, жүк алушы, экспедитор тасымалдау үрдісінің қатысушылары болып табылады. «Теміржол көлігі туралы» ҚР Заңына сәйкес, тасымалдаушы белгіленген мерзімде қабылдап алуды, ал жүк жіберуші тасымалдауға келісілген мерзімде жүк беруге міндеттеленеді.                                                              Магистралді теміржол желімен жүк тасымалдау, орындалуға қабылданған (келісілген) жүк жөнелтушінің жүкті жөнелту тапсырысы негізінде жүзеге асырылады. Мәлімдеме жүкті тасымалдау жоспары бойынша жүк жіберушіге беріледі.                                            Жүк тасымалдаудың айлық жоспарлануы жіберушімен берілген жоспарланатын айдан кем дегенде республикалық және халықаралық қатынастағы 14 күн бұрын және халықаралық қатынастағы үшінші елдерге кем дегенде 20 күн бұрын тасымалдаушыға жүк тасымалдау жоспары бойынша айлық мәлімдеме негізінде жүзеге асырылады.                        Тасымалдаушыға жүк тасымалдау жоспары бойынша мәлімдемелер жүк жіберушімен ГУ-12 формасындағы арнайы бланкілерінде ресімделген жүк номенклатурасы анықталған үш данада беріледі.                                    Өтінімнің әр данасына ұйым басшылығы қол қойып, қол қаржылық операцияларда қолданылатын мөрмен бекітіледі.                                       Тасымал жоспары бойынша өтінімге енген мәліметтер және кодтардың дұрыстығына, жүкті шығаруда ұйым тұтынуы тасымалы көлемінің мәлімдемеге сайлығына, сонымен қатар, қозғалмалы құрам түріне, тасмалдың үнемділігіне жүк жіберуші жауап береді.                                             Жүк тасымалдау жоспары бойынша, айлық өтінімнің бланк формасы, электрондық есептеу машиналарында берілген мәлімдемелердің автоматтандырылған өңдеуінің мүмкіндігін қарастырып, республикалық қатынастарда, халықаралық қатынастарда, үшінші елдің халықаралық қатынасында жүк жіберушілердің барлығы үшін бірдей болады.                       Жүк жіберушілер тасымалдаушыға әр жүк номенклатурасына, әр аттандырушы станцияға, жүк тасымалдау жоспары бойынша үшінші елдің халықаралық қатынасында магистралді теміржол желі операторына жеке айлық өтінім береді.                                                                        Тасымалды ұйымдастыру және жоспарланған айға тасымалдаушының техникалық мүмкіндіктері туралы өтінім берілген тасымал көлемі келісім-шартқа сай келгенде тасымалдаушы жүкті тасымалдау жоспары бойынша айлық өтінімді магистралді теміржол желі операторына береді.Магистральді теміржол желі операторы автоматтандырылған жүйе жүк тасымалдауды жоспарлау (алда АРМ МПП) тасымалдаушылар мен сұрыптаудан өткен құралдарымен, таныстырылған жүк жіберушілер негізінде республикалық, халықаралық және үшінші елдің халықаралық қатынасында, жүк тасымалдау жоспары бойынша тасымалы ескерілген жүк тасымалы жинақталған айлық жоспары жобасын әзірлеуде.                                  Жүк тасымалдаудың жоспарлық желісін құру үшін жүк тасымалдау айлық жинақтау жоспары құрылған жобаны магистральді желі операторы, межеленген жолы, жүк номенклатурасы және жылжымалы құрам түріне байланысты есеп шоттарының макетіне жинақтап, белгіленген мерзімде жүк тасымалдау теміржол көлігінің Кеңес Дирекциясына (бұдан әрі Дирекция) жөнелтеді;                                                                                                   Магистральді теміржол желі операторы қабылданған және жалпыланған АРМ МПП айлық жүк тасымалы жоспары негізінде жеке вагон паркін (жалға алынған) бөлумен бірге, қозғалмалы құрамның техникалық нормаларын орындауды әзірлеу үшін, тиелген вагон, ағымдары корреспонденциясының жобасын құрайды;                                                                                                      Берілген есепшот негізінде Дирекция тағайындалған мерзімде магистральді желі жолға жөнелту операторын жылжымалы құрамды пайдаланудың нақтыланған айлық техникалық нормалары және шамамен тәулігінде тонналар мен вагондар номенклатура бойынша бөлінген жүк тасымалдың айлық жоспары туралы, ақпараттандырады;                                                  Магистралды желіс операторы жөнелтушілерге тасымалдау жоспарын хабарлайды, ал жөнелтушілер әр арту станциялары бойынша тасымалдау жоспарларын хабарлайды.                                                                            Станция жоспарлық айының келуінен бұрын жүкжөнелтушілердің келісуімен жоспармен жүк тасымал өтінімінің орындалу тәртібін белгілейді, бұл ай, декада, тәулік бойын тасымалдаудың бірыңғайлылығы пен ырғақтығын қамтамасыз етеді, сонымен қатар жөнелтілген бағыттар бойынша жүк тасымалдың өтінімін орындау және артудың көбеюін қамтамасыз етеді. Айлық өтінімдермен қатар жүкжөнелтушілер жүк тасымал жоспары бойынша жоспарланған айдың алдында, 14 күннен кеш емес, жөнелтушіге жүк өтінімін, бағыттарын ұсынады, айлық тасымалдау жоспары бойынша өтінімді белгіленген тәртіпте үш данамен тапсырады. Жүкжөнелтуші жүк тасымалдаушының келісімімен бағыттарға тасымалдауды календарлық күн сайынғы жоспарын құрып бекітеді және жоспарлық ай басталғанша үш күннен бұрын тасымалдау станцияларына және жүк жөнелтушілерге хабарлайды.                                                                                                 Жүк жөнелтушілер декада басталғанға дейін 3 күн бұрын тасымалдаушыға ГУ-11 формасы бойынша жүк тасымал жоспарын арту көлемімен декада күндері бойынша есептелген декадалық өтінімін беруге міндетті. Жүк тасымал жоспары бойынша өтінім келісілген тәртіпте тасымалдау жоспарын орындау ГУ-1 формалы есеп картасына енгізіледі.                                                 Жүк тасымалы бойынша айлық өтінімдер, егер жүк жөнелтушілермен белгіленген мерзімнен кеш берілсе, ППГ сәйкес тасымалдаушы оны жоспардан тыс өтініш ретінде қарастырады.         Жүк тасымалы бойынша өтінімдер тасымалдау күнінен 5 күн бұрын жолданады. Мұндай өтінімдер жүк жөнелтушілердің қаржылық әрекеттерінде қолданылатын фирмалық бланкілерінде, банк және пошта деректемелері, байланыс телефондар, мекенжайы, электрондық поштасы көрсетілген, басшының қолы қойылған, ұйымның мөрі бар болуы тиіс. Егер жоспардан тыс тасымалды орындау мүмкін емес болса, тасымалдаушы үш тәулік бойы өтініштен бас тарту туралы хабарлауға тиіс.                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1.Жүк тасымалдау және оның атқаратын қызметтері                                 Жүктi   тиеу,түсiру (жүктен босату)                                                                        Жүктi тиеудi және түсiрудi (жүктен босатуды) тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi (жүк алушы) тасымалдау ережелерiнде немесе шарттарында көзделген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырады.                                         Кедендiк тексерiп қарау мақсатында орналасуы кеден органдарымен келiсiлген кiрме жолдарда жүктi, жүк-багажды вагондарға, контейнерлерге тиеудi, сондай-ақ олардан түсiрудi тасымал процесiне қатысушылар жүзеге асыруы мүмкiн.                                                                                         Тасымалдау процесiне қатысушылардың тауарларды тиеуге (түcipугe), зақымдалған буманы жөндеуге, буманы ашуға, буып-түюге немесе қайта буып-түюге, сондай-ақ вагондарды, контейнерлердi беруге және алып кетуге, санитарлық паспорттар беруге, жүктердi, контейнерлердi сақтауға байланысты шығыстары және кеден органдарының не өзге де мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының бастамасы немесе нұсқауы бойынша осы жұмыстарды орындауға байланысты туындаған басқа да шығыстары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мөлшерде жүк жөнелтушілер, жүк алушылар есебiнен өтеледi.                                                            Жүк жөнелтуші жүкті тиеу кезінде жүктің орналастырылуы мен бекітілуінің дұрыстығын, тиісті көлік құралының тиелуінің белгіленген нормалары мен схемаларының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.                                   Поездар қозғалысының қауіпсіздігін және тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету үшін тасымалдаушы жөнелту алдында жүктің тиелуі мен бекітілуінің дұрыстығын, тиісті көлік құралының тиелуінің белгіленген нормалары мен схемаларының сақталуын тексеруге құқылы.         Жүк жөнелтушi жүктi тасымалдауға жүру қауiпсiздiгi, жүктiң және жылжымалы құрамның сақталуы қамтамасыз етiлетiндей етiп дайындауға мiндеттi.                                                                                                       Тасымалдаушы жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының құралдарымен жүктi тиеуге, түсiруге (жүктен босатуға) вагондар, контейнерлер беру уақыты туралы берерден кемiнде екi сағат бұрын оларды хабардар етуге мiндеттi.Егер тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартта өзгеше белгiленбесе, тасымалдаушы тасымалдау ережелерiнде көрсетiлген тәртiппен жүктiң баратын станцияға жеткiзiлгендiгi туралы жүк келген күннен кейiнгi тәулiкте күндiзгi сағат он екiден кешiктiрмей жүк алушыны хабардар етуге мiндеттi.              Егер шарт талаптарында көзделген болса, тасымалдаушы жүк алушыға немесе экспедиторға оның атына жүк келе жатқандығы туралы алдын ала хабар беруi мүмкін.                                                                                                Жүк алушы өзiнiң атына келген жүктi қабылдап алуға, жылжымалы құрамды босатуға және оны тазалауды қамтамасыз етуге мiндеттi.                        Жылжымалы құрамды тазалау тасымалдау ережелерiнде көрсетiлген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.                                               Вагондарды, контейнерлердi беру және алып кету                                               Тасымалдаушы жүк жөнелтушiге вагондарды, контейнерлердi қабылданған өтiнiмде және (немесе) шартта белгiленген мерзiмдерде жүк тиеуге беруге және оларды алып кетуге мiндеттi. Берiлген вагондар, контейнерлер мәлiмделген жүктердi тасымалдау үшiн тасымалдау ережелерiне сәйкес (жарамды, iшi мен сырты тазаланған) болуға тиiс.                                      Вагондарды, контейнерлердi тиеуге дайындау вагондар мен (немесе) контейнерлер меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiзде тиесiлi болатын тұлғаның есебiнен және тасымалдау ережелерiне сәйкес айқындалатын мерзiмдерде жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырылады.  Вагондарға жүк тиеу тасымалдаушының құралдарымен жүзеге асырылатын жағдайлардан басқа кезде, мәлiмделген жүктердi тасымалдау үшiн жүк жөнелтушi вагондар мен контейнерлердiң коммерциялық тұрғыдан жарамдылығын анықтайды.                                                                          Жүк жөнелтушi тиiстi жүктердi тасымалдауға берiлген жарамсыз көлiк құралдарынан бас тартуға құқылы.                                                               Вагондарды, контейнерлердi пломбалау                                                               Жүк тиелген вагондар мен контейнерлер:                                                                       1) егер жүктi тасымалдаушы тиеген болса, соның бекiту-пломбалау құрылғыларымен;                                                                                                            2) егер жүктi жүк жөнелтушi, порт, айлақ тиеген болса, онда жүк жөнелтушiнiң, порттың, айлақтың бекiту-пломбалау құрылғыларымен пломбаланады.                                                                                             Вагондар, контейнерлер кедендiк тексеру үшiн ашылған жағдайда, оларды жаңа бекiту-пломбалау құрылғыларымен пломбалауды кеден органдары тасымалдау ережелерiне сәйкес, қолдануға рұқсат етiлген бекiту-пломбалау құрылғыларының түрлерiмен жүзеге асырады.                                                  Кеден органдары қолданған бекiту-пломбалау құрылғылары жүк жөнелтушi мен тасымалдаушының бекiту-пломбалау құрылғыларына теңестiрiледi.   Тасымалдау ақысы.                                                                              Егер шартта өзгеше көзделмесе, жүк тасымалдау ақысын және тасымалдаушыға тиiстi өзге де төлемдердi жүк жөнелтушi, экспедитор жүк жөнелтiлгенге дейiн төлейдi.                                                                                       Бұл орайда жүк тасымалдау ақысы жүк тасымалдауы жүзеге асырылатын ең қысқа ара қашықтыққа есептеп алынады.                                Ірі габаритті (габариттен тыс) және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау жүзеге асырылатын ең қысқа қашықтықты анықтау осындай жүктерді тасымалдауға арналған темір жолдардың техникалық мүмкіндіктерін және өткізу қабілетін ескере отырып жүзеге асырылады.                                      Жүктi тасымалдауға және беруге байланысты түпкiлiктi есеп айырысуды жүк алушы жүк жеткiзiлген  кезде жүргiзедi.                                         Жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, экспедитордың тасымалдар үшiн берешегi болған, сондай-ақ олар төлемдердi дер кезiнде жасамаған жағдайда, бұдан кейiн тасымалдаушы борыш өтелгенге дейiн тасымалдау шартын жасасудан бас тарта алады.                                                                                       Жүк тасымалына ақы - жүктi тасымалдауға қабылдаған күнi, ал жүк жеткізілген кезде есеп айырысқан ретте жүк берiлген күнi төленедi.            Жүктерді тасымалдау:                                                                                1) халықаралық – Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасында немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен тасымалдау;        2) республикаішілік – Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жөнелту және межелі темір жол станциялары арасындағы тасымалдау болып бөлінеді.                                                                                                                  Тасымалдаушы поездарды қабылдау, жөнелту, тоғыстыру, басып озу жөнiндегi, жолаушыларға қызметтер көрсету, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтiлiмдерiн және (немесе) жүктердi қабылдау, беру жөнiндегi тиiстi операцияларды жүргiзу үшiн ашық темiр жол станцияларының арасында тасымалдауды жүзеге асырады. Тиісті жол дамытылымы бар темір жол станциясында поездарды құрастыру және тарқату жөніндегі маневрлік жұмыстар және поездармен техникалық операциялар жүргізілуі мүмкін. Барлық немесе жекелеген операцияларды орындау үшiн темiр жол станциялары жұмыс режимiнiң талаптарын, сондай-ақ оларды ашу және жабу тәртiбiн облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) және өзге де елдi мекендердiң жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарымен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган айқындайды.                                                                                                  Шекара, кеден, ветеринария, фитосанитария органдары және басқа органдар темiр жол станциясы аумағындағы өз қызметтерiн темiр жол станциясының жұмыс режимiнде жүзеге асырады.                                                                        Темiр жол станцияларының жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау жөнiндегi операцияларды, сондай-ақ жүктердi қабылдау, тиеу, түсiру және беру жөнiндегi операцияларды жүзеге асыру жөнiндегі қызмет көрсетулеріне тасымалдаушылардың тең дәрежеде қол жеткiзуi қамтамасыз етiлуге тиiс.                                                                Темiр жол станциялары өзiнiң қызметi мен жұмыс сипатына қарай жолаушылар, жүк, сұрыптау станциялары, учаскелiк және аралық станциялар болыпбөлiнедi.                                                                                                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Жүк тасымалдау шарты                                                              Жүк тасымалдау шартына сәйкес тасымалдаушы жүк жөнелтушi өзiне сенiп тапсырған жүктi оның тасымалдау талаптарын сақтай отырып, баратын темiр жол станциясына дер кезiнде әрi сол күйiнде жеткiзiп беруге және жүк алушыға тапсыруға мiндеттенедi, ал жүк жөнелтушi (жүк алушы) жүк тасымалына ақы төлеуге және оны қабылдап алуға мiндеттенедi.                      Темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдау шарты темiр жол көлiгi жүкқұжатын толтыру арқылы ресiмделедi.                                                                                    Жүк жөнелтушiге темiр жол көлiгi жүкқұжатына жөнелту станциясының күнтізбелік мөртабаны қойылған жүктің қабылданғаны туралы түбіртек берiлген кезден бастап жүк тасымалдау шарты жасалды деп есептеледi.      Тасымалдау шартының талаптарын  өзгерту.                                  Тасымалдау шартының талаптарын өзгерту, соның iшiнде жүктiң барар жерiн өзгерту тараптардың келiсiмi бойынша тасымалдау ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады.                                                                                                   Кедендiк бақылаудағы жүктiң барар жерiн өзгерту тиiстi кеден органының келiсiмi болған кезде жүргiзiледi.                                                      Кедендiк бақылаудағы жүктi тасымалдау адамдардың денсаулығы мен өміріне, жүру қауiпсiздiгiне, экологиялық қауіпсiздiкке, жүктiң сақталуы мен сапалық жай-күйiне қатер төндiрген жағдайда жүктiң барар жерiн өзгерту, кеден органын белгiленген мерзiмде мiндеттi түрде хабардар ете отырып, олардың келiсiмiнсiз  жүзеге асырылады.                                                            Бұдан әрi тасымалдау жүру қауiпсiздiгi мен жүктiң сақталуына қатер төндiретiн жағдайда, тасымалдаушы жүк жөнелтушiнi (жүк алушыны) хабардар ете отырып, жүктi қайта тиеуге құқылы.         Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар өздерінің құзыретiне сәйкес жүкті тасымалдаушыдан алып қоюға құқылы. Бұл орайда тасымалдаушының жүктi тасымалдау және сақтау жөнiндегi шығыстарын, сондай-ақ оған келтiрiлген зиянды кiнәлi тарап  өтеуге тиiс.                                                                                                               Жүк жөнелтушінің, жүк алушының залалдары Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен өтеуге жатады.                               Жүк тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт.                            Жүк тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт бойынша тасымалдаушы жүктi белгiленген мерзiмдерде қабылдауға, ал жүк жөнелтушi жүктi тасымалдауға келiсiлген көлемде тапсыруға мiндеттенедi.                                        Жүк тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартта тасымал көлемдерi, мерзiмдерi, сапасы, көлiк құралдарын берудiң және жүктердi тасымалдауға ұсынудың талаптары, сондай-ақ тасымалдауды ұйымдастырудың осы Заңда және тасымалдау ережелерiнде көзделмеген басқа да талаптары белгiленедi.    Тасымалдаушы мен жүк жөнелтушi жүйелi түрде тасымалдауды жүзеге асыру қажет болған кезде тасымалдауды ұйымдастыру туралы ұзақ мерзiмдi шарт жасауы мүмкiн.                                                                                              Құқықтар мен мiндеттердiң ауысуы. .          Жүктiң баратын жерiне жеткiзiлгенi туралы хабарланған кезден бастап тасымалдау шарттары бойынша құқықтар мен мiндеттер жүк алушыға ауысады.                                                                                                           Жүк алушы жүк жөнелтушiнiң дұрыс емес iс-әрекеттерi салдарынан тасымалдаушыға төленген шығыстар мен залалдардың орнын толтыруды жүк жөнелтушiден талап  етуге құқылы.                                                                  Жүк тасымалдау  ережелерi.                                                                                          Жүк тасымалдау ережелерi жалпы ережелердi қамтиды, сондай-ақ мыналарды:                                                                                                                                    1)тасымалдарды жоспарлау;                                                                                          2)тасымалдау жоспарын орындаудың есеп карточкасын жасау;                                3) жүктердi тасымалдауға қабылдау;                                                                               4) жүктердi  беру;                                                                                                      5) вагондар мен контейнерлердi пломбалау үшiн бекiту-пломбалау құрылғыларын қолдану;                                                                                            6)жүкқұжаты мен тасымалдау құжаттарын ресiмдеу;                                               7) жаппай тасымалданатын жүктердi маршруттармен және вагондар тобымен бiр жүкқұжаты  бойынша тасымалдау;                                                                  8)құндылығы жарияланған жүктердi тасымалдау;                                                           9)жүктi вагон таразыларында өлшеу дәлдiгi нормалары;                                                  10)жүк массасының табиғи азаю нормалары;                                                           11) тасымалдаулар және тасымалдау ақысы бойынша есеп айырысулар;                  12) вагондарды беруге-алып кетуге шарттар жасасу және осындай шарттардың мiндетті талаптары;                                                                          13) тиеу және түсiру мерзiмдерi;                                                                                  14) жеткiзiп беру мерзiмдерiнiң және жеткiзiп беру мерзiмдерiн есептеу ережелерi;                                                                                                                                 15)сақтау;                                                                                                                16) жүктi ұстап қалу, өткізу, жүктердi мемлекеттiк органдарға тапсыру;            17)жүктiң барар жерiн өзгерту, жүк жөнелтушiге қайтару;                                         18)бос және үйiн тиелген жүктi тасымалдау;                                                     19)ашық жылжымалы құраммен тасымалдау;                                                                      20)жолсерiктердiң жолбасшылығы арқылы тасымалдау;                                        21)жөнелтушi маршруттарымен тасымалдау;                                                        22)ұсақ және шағын тонналық жөнелтiлiмдермен тасымалдау;                                23)контейнерлермен және көлiктiк пакеттермен тасымалдау;                                     24)мұз болып тоңазыған жүктердi  тасымалдау;                                                                25) тез бүлiнетiн жүктердi тасымалдау;                                                                       26) жануарлар мен құстарды  тасымалдау;                                                                 27) ветеринариялық, фитосанитариялық бақылауға жататын жүктердi тасымалдау;                                                                                                                                         28)актiлер жасау;                                                                                                        29) сұйық жүктердi құйып алу арқылы вагон-цистерналарда және бункерлiк жартылай вагондарда тасымалдау;                                                                               30)қауiптi жүктердi тасымалдау;                                                                                 31)арнайы зерттеулер мен сараптамалар  жүргізу;                                                   32)ерекше жағдайларда жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру;                            33) вагондар мен контейнерлерді жүк түсірілгеннен кейін тазалау және жуу шарттары мен тәртібін;                                                                                           34) Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес өзге де талаптарды белгiлейдi.                                                                                                                   Жүк тасымалдау қағидасын сақтауына бақылауды жүзеге асыру тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.                                                                                          Жүк тасымалдарын жоспарлау.                     Тасымалдаушы жүк тасымалдауды ұйымдастыру шарттарына және берiлген өтiнiмдердiң негiзiндегi тасымалдау шарттарына сәйкес жүзеге асырады. Жүктердi тасымалдауға берiлетiн өтiнімнiң нысаны, оны ресiмдеу, толтыру, орындау, өзгерiстер енгiзу және есепке алу тәртiбi тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.                                                                          Халықаралық қатынастағы тасымалдарға өтiнiм беру Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.                                                                                                 Тасымалдаушы, осы Заңмен және тасымалдау ережелерiмен көзделген жағдайларда, жүктердi тасымалдау өтiнiмiн қабылдаудан бас тарта алады. Темiр жол көлiгi  жүкқұжаты.                                                                      Жүк жөнелтушi жүктi тасымалдауға ұсынған кезде тасымалдаушыға әрбiр жөнелтiлiм үшiн темiр жол көлiгi жүкқұжатын, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қажеттi жағдайларда өзге де құжаттарды (сертификатты, лицензияны, ветеринариялық куәлiктi, кедендiк декларацияларды) тапсыруға мiндеттi.                                                    Темiр жол көлiгi жүкқұжаты мен өзге де тасымалдау құжаттарының нысаны, оларды ресiмдеу тәртiбi тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.                         Жүк жөнелтушi жүкқұжатқа енгiзiлген мәлiметтердiң дұрыстығы, сондай-ақ ол темір жол көлiгi жүкқұжатында көрсеткен мәлiметтердiң қателiгiнен, дәл еместiгiнен немесе толық еместiгiнен болған барлық зардаптар үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жауаптылықта болады. Вагондар, контейнерлер кедендiк тексеру үшiн ашылған жағдайда, оларды жаңа бекiту-пломбалау құрылғыларымен пломбалауды кеден органдары тасымалдау ережелерiне сәйкес, қолдануға рұқсат етiлген бекiту-пломбалау құрылғыларының түрлерiмен жүзеге асырады. Кеден органдары қолданған бекiту-пломбалау құрылғылары жүк жөнелтушi мен тасымалдаушының бекiту-пломбалау құрылғыларына  теңестiрiледi.                                   Тасымалдау құжаттарын тексеру.                                                                        Тасымалдаушы темiр жол көлiгi жүкқұжатында көрсетiлген мәлiметтердiң дұрыстығын тексередi, ол үшiн:                                                               Жүкке тексеру жүргiзуге;                                                                                          Жүк жөнелтушiден, жүк алушыдан, экспедитордан және вагондардың (контейнерлердiң) операторынан заңды тұлғаның тiркелгендiгi туралы нотариус куәландырған куәлiктiң көшiрмесiн  алуға;                                                Жүк жөнелтушi, жүк алушы, экспедитор және вагондардың (контейнерлердiң) операторы ретiндегi жеке тұлғалардың өз басын куәландыратын құжаттарын тексеруге құқылы.                                                       Жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, экспедитордың өкiлi тасымалдаушыға жүктi қабылдауға (жөнелтуге) немесе беруге (алуға) сенiмхат тапсыруға мiндеттi.                                                                                                        Жолаушыларды, жүктерді,жолжүктер мен багаждық жүктерді кедендік ресімдеу.                                                                                                       Кедендiк тексерiп қарау мақсатында орналасуы кеден органдарымен келiсiлген кiрме жолдарда жүктi, жүк-багажды вагондарға, контейнерлерге тиеудi, сондай-ақ олардан түсiрудi тасымал процесiне қатысушылар жүзеге асыруы мүмкiн.                                                                                                        Кедендiк бақылаудағы жүктiң барар жерiн өзгерту тиiстi кеден органының келiсiмi болған кезде жүргiзiледi.                                                   

 

 

 

 

 

1.3.Жолаушыларды, багажды, жүк-багаждық жүктерді кедендік ресімдеу.              Қазіргі кездегі экономикалық даму ұлттық экономикалардың еларалық аймақтық және бірлескен шаруашылықтық кешенге бірігуінің айқын байқалатын беталысымен,кеңейтілгенеркін сауда аумаған құруға ұмтылуымен,тауарлар мен қызмет көрсетудегі өзара алмасулар,қаржылық  рксурстар қозғалысы бойынша халықаралық келісімдер рөлінің өсуімен сипатталады.Материалдық құндылықтардың  да сондай ақ қаржы қорларының да айналымын бірыңғай ережелермен реттейтін қаржы нарығы қалыптасуда және ұлттық экономика барлық елдерде белгілі мөлшерде ашық болып әлемдік еңбек бөлінісі мен халықаралық бәсекелестікке қатыса алады.  Сыртқы экономикалық байланыстар объективті түрде шарттандырылып,экономикалық өсудің маңызды факторына айналды.Көптеген елдерде нақ осылар ұлттық экономиканың жағдайын анықтайды және де бұл беталыс келешекте күшейе түседі.                           Сыртқы экономикалық іс әрекерпен айналысатын мемлекеттік басқару органдарының жүйесінде неғұрлым тез дамып келе жатқан сыртқы экононмикалық әрекет қатысушыларына уақтылы қызмет көрсететін кедендік қызметке ерекше көңіл бөлуде.Бұл жағдай  сыртқы экономикалық байланыстар масштабының ұлғаюынан туындап отыр.Кедендік жүйе әрекетін ұйымдастырудағы маңызды элементтер кедендік қызметтің тиімді құрылымын және органдарын Қазақстан Республикасының аумағында орналастыру вариантын таңдау болып табылады.       Кеден органдарының біртұтас жүйесінің принциптері біртұтас «кеден » ісін біртұтас кеден саясатын біртұтас кедендік аумақ біртұтас кедендік заңдарын біртұтас  кедендік тарифтік реттеуді және оның экономикалық саясат шараларымен үйлесе жүргізілуін ұйымдастыру мен жүзеге асыруға негіз болған біртектес принциптерімен ажырамастай байланысты болады.                  ҚР кедендік кодексі бұл Қазақстандағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы және оның әлемдік шаруашылық экономикасына кірігуі кезеңіндегі негізгі кедендік заң.                                                                     Жүктерді кедендік бақылау жүгізе отырып тасымалдау шарттары.Кедендік ресімделуі аяқталмаған жүктерді бір кедендік  органнан басқа бір кедендік органға жеткізу сол тасымалды іске асыратын  темір жолдың жауапкершілігімен кедендік бақылау арқылы жүзеге асады.                         Жүктер темір жолдар мен кедендік бақылау арқылы жүктердің  сақталуын қамтамасыз ететін жағдайдағы вагондар және контейнерлермен тасымалданады.                                                                                               Жөнелтуші кедендік орган тасымал маршрутына басқа да жағдайларына қарайлап темір жолдың мүмкіндіктеріне байланысты тасымалдаудың әдеттегі мерзіміне сәйкес бірақ бір айға екі мың км есебінен белгіленген мерзімнен аспайтын,қабылдауға  арналатын кедендік органға дейін тауарларды жеткізу мерзімін белгілейді.                                                                                                Темір жолдар жүктерді және олардың құжаттарын,тасымалдаудың қалыпты жағдайындағы табиғи тозуы мен кемуі салдарынан болатын өзгерістерден басқа олардың қапталуы мен жағдайының ешқандай өзгеріссіз қалпында қабылдауға арналған станцияға жеткізілуі және сол станция аумағына енетін кедендік органға хабарлауы тиіс.                                                                   Теміржол жұмысшылары кедендік бақылау арқылы өткізілетін жүктерді кеден органдарының рұқсатынсыз жүк иелеріне бере алмайды.Те міржол кедендік бақылауда тұрған жүктің кеден органдарының рұқсатынсыз берілгені үшін жауапкершілікте болады.                                                                     ҚР кедендік ауамғына шетелден әкелінетін жүктерді кедендік ресімдеу,шекаралық станция жұмысшыларының шетелден жүк келгендігі туралы кедендік лауазымды тұлғаларды хабардар еткенінен кейін басталады.Хабардар еу кедендік органға табыстама тізімдеменің немесе натурлық парақтың екі данасын,сондай ақ тасымалдаушылық және тауарға ілеспелі құжаттарды беру түрінде іске асады.                                              Табыстама тізімдеменің бір данасы ілеспелі құжаттардың кедендік мақсатқа арналған қосымша даналары бар болса ,сол құжаттармен бірге кеден органдарында қалады,ал басқасы кеден органдарына берген кезде табыстама тізімдемесіне қосақталып берілген барлық құжаттармен бірге станция қызметкерлеріне қайтарылады.                                                     Кеден органдарының лауазымды тұлғалары және шекаралақ өткізу станциясының қызметкерлері бірлесіп станция жұмысының технонлогиялық үдерісінде бекітілген және кеден органдарымен келісілген мерзімде қабылданып жатқан тасымалданушы құралдардың саны мен нөмірлерін тексереді,пломбылардың бүтіндігін ашық жылжымалы құрамдағы жүктің сақталуын тексереді.                                                                                       Осы тексеріс кезінде анықталған сәйкессіздіктерге байланысты шекаралық станция жұмысшылары жалпы нысандағы актіні және жүктерді тасымалдау Ережелерінде көрсетілген жағдайларда коммерциялық актілер жасайды.Актілерде тексеріске қатысқан шекаралық кеден органдарының лауазымды тұлғаларының аты жөні міндетті түрде көрсетілуі тиіс.Көрсетілген актілердің көшірмелері кеден органдарының талап етуі бойынша осы органдарға беріледі.                                                             Шекаралық кеден органының лауазымды тұлғасы құжаттарды тіркейді,өткізілетін жүк құжаттарын тексереді және келесі шешімдердің біреуін қабылдайды:                                                                                        а)жүктердің толық кедендік ресімдеуі жүргізілгендігі туралы                       ә)жүктерді және оның құжаттарын алып қою немесе қосымша тексеріс жүргізу туралы                                                                                                          б)жүкті арналымдық кеден органына кедендік бақылау арқала жіберу туралы.    Шекаралық кеден органындағы жүктерді толық кедендік ресімдеу ішкі кедендік органдағы толық кедендік ресімдеу үшін арналған,кеден органы бекіткен мерзім мен тәртіп бойынша ғана жүзеге асады.                 Техникалық,коммерциялық немесе басқа сипаттағы жөнелтім жағдайларына байланысты қайтару кезінде тасымалдау құжаттарына жалпы нысандағы акт қосылады.                                                                                                         Жүк және оның құжатын алып қою туралы немесе оны қосымша тексеру туралы шешім осындай шешімнің негіздері көрсетілген өткізу құжатындағы «Өткізуге рұқсат етілмейді» деген мөртабанмен бекітіледі.Мөртабанмен жазба кеден органының лауазымды тұлғасының нөмірлі жеке мөрімен куәландырылады.Бұндай жағдайда станция жұмысшылары жалпы нысандағы акт жасайды,жүкқағазға жеткізу мерзімін ұзарту деген белгімен көрсетіліп,жүктерді жеткізу мерзімі қажетті уақытқы ұзартылады.        Кедендік бақылауға ала отырып,арналымдық кедендік органға жүкті бағыттау туралы шешім қабылданған жағдайда ,кеден органының лауазымды тұлғасы «Кедендік бақылау арқылы тауарларды жеткізу ережелеріне » сәйкес жүргізуді ресімдейді.Осындай шешім қабылданғаннан кейін ,кедендік органның лауазымды тұлғасы халықаралық темір жол жүкқағазының жол тізімдемесі және кеденішілік өтпек құдаттардың бірінші бетіне бағыттаушы мөртабан қояды.                                                                                                           КӨҚ бір парағы темір жолға беріледі және тасымалдаушы құжаттармен бірге жүреді.                                                                                                          Шекаралық кедендік органның жүктерді кедендік ресімдеуі және бақылауы шекаралық берілімдік станция жұмысының технологиялық үдерісімен бекітілген және кедендік ресімдеуге қатысты бөлігінде кедендік органмен келісілген мерзімде іске алады.                                                                           Шетелден келген кедендік жүктер арналымдық станцияларындағы жалпы пайдалымдағы жерлерге орналасқан УСҚ уақытша сақтау қоймасы қойылады немесе УСҚ сы бар кәсіпорындардың кірме жолдарына беріледі.             

 

 

2.Теміржол саласындағы жүк тасымалдаудың экономикалық тиімділігі.  Қазақстан темір жолы” ҰК” АҚ республика экономикасы мен ел тұрғындарын темір жолмен тасымалдау жөніндегі сұранысын толығымен қанағаттандырып келеді. Негізгі көрсеткіш бойынша, алғашқы жартыжылдықтағы жүк айналымы 100 млрд. тонна/шақырым болды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,3 пайызға жоғары. Сондай-ақ тасымал көлемі 14,7 пайызға артты. Ал экcпорт көлемі 25, импорт 2,9 пайызға өсті. Тұрғындардың әлеуметтік көңіл-күйінің маңызды индикаторы ретіндегі жолаушылар тасымалы 6,4 пайызға көтерілді. “ҚТЖ” ҰК” АҚ тобына жататын компаниялардың кірісі 25 пайызға өсіп, 284,3 млрд. теңгені құрады. Сала жұмысындағы оң өзгерістерді тәуелсіз сарапшылар дәйектеді. Халықаралық “Fіtch ratіngs” пен “Standard & Poors” рейтингілік агенттіктері ҚТЖ-ның рейтингін ВВВ- және ВВ+ деңгейінде “қалыпты” деп бағалады.                                                                                                         Мұның барлығы Қазақстан темір жолының 2008-2009 жылдарғы дағдарыс салдарын артқа тастап, жүк және жолаушылар тасымалдаудағы тапсырмаларды ойдағыдай орындап, қалыпты жұмыс ырғағына көшкендігін көрсетеді.                                                                                                        Жүк тасымалының тиімділігін арттыру үшін жүк тасымалындағы бәсекелестікті қалыптастырумен қатар, оған Ұлттық компанияның да сапалық жағынан бәсекелес бола алатындығын дәйектеу қажет. Саладағы халықаралық тәжірибе темір жол тасымалындағы мүмкіндіктің бірі – тасымалдау қызметіне ірі операторларды тарту болып табылады. Ол тәуелсіз тасымалдаушылармен бірге барлық бағдардағы нарықтық қатынастарға қатыса алады. Мұны жан-жақты ұйымдастыру 2014 жылдарға дейінгі бағдарламада көрсетілген.                                                                         Қазіргі уақытта жол шаруашылығына "Қазақстан темір жолы" РМК пайдалану шығындарының 18%  келедi. Жолды сауықтыруға күрделi салымдардың жеткiзiп беру мерзiмiн қысқарту, вагондар мен локомотивтердiң желi бойынша айналымын тездету есебiнен, тиiсiнше қажет жылжымалы парктi азайту, сондай-ақ жолды ағымдық күтiп-ұстау және жөндеу шығындарын азайту есебiнен бүкiл сала үшiн тиiмдiлiгi бар. Сонымен бiрге бұл iс-шаралар отын, электроэнергия және жылжымалы құрамды жөндеу шығындарын азайтуға қосымша мүмкiндiк бередi. АҚШ долларды құрайды және 2014 жылға қарай 315 млн. АҚШ долларына жетедi - 2001-2014 жылдарда.                                                                                    Еңбек өнiмдiлiгiн арттыру есебiнен жол жұмыстарын кешендi механикаландыру шаруашылықтың ағымдық шығындарын азайтуға мүмкiндiк туғызады. Есептеу 5 жыл iшiнде экономикалық тиiмдiлiк 30 млн. АҚШ долларын, ал 14 жылда - 130 млн. АҚШ долларын құрайтындығын көрсетiп отыp.                                                                                               Дүниежүзiлiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай саланы ақпараттандыру өзiн-өзi бес жыл iшiнде ақтайды. Бұдан әрi жаңа операциялық жоспар алдыңғы қатарлы ақпараттық басқару жүйелерiн қолдану негiзiнде саланың пайдалану шығындарын жылына 70 млн. АҚШ долларына азайтуға мүмкiндiк бередi. Алғашқы 5 жыл iшiнде экономикалық тиiмдiлiк 50 млн. АҚШ долларын, ал 14 жылда - 680 млн. АҚШ долларын құрайды.                 Жүк және жолаушылар тасымалдары шығындарының 41% локомотив шаруашылығына келедi, ол отынның (бүкiл кәсiпорын шығындарының 96%) және электроэнергияның (77%) ең iрi тұтынушысы болып табылады. Локомотив паркiн жаңартудан болатын экономикалық тиiмдiлiктi есептеу 14 жыл iшiнде 800 млн. АҚШ долларын құрайды.                                          Саланың пайдалану шығындарындағы вагон шаруашылығының жеке салмағы 17% құрайды. Вагон паркiн жаңартудың экономикалық тиiмдiлiгi, жаңа вагонды күтiп-ұстауға және жөндеуге шығындар 15-20% төмендейтiндiгiн алға тартсақ, 5 жыл iшiнде 6 млн. АҚШ долларын, ал 14 жылда - 42 млн. АҚШ долларын құрайды.                                                                                                                 Материалдық және отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу есебiнен ресурс үнемдеу технологияларын енгiзуден болатын нәтиже 5 жыл iшiнде 20 млн. АҚШ доллары, ал 14 жылда - 100 млн. АҚШ доллары болады.               Темір жол транспорты: Транспорттық жүйеде басты орынға темір жол ие. Соның ішінде 79 пайызы жүк тасымалы, 58 пайызымен жолаушылар тасымалданады.                                                                                             Қазақстан темір жолы -  Қазақстан Республикасының ауқымды территориясын ескере отырып, өндірісте өнім өндіруді және шикізатты экспорттауға бағытталған. Сонымен қатар темір жол отандық экономикада басты стратегиялық орынға ие. Қолдануға берілген темір жол ұзындығы қазіргі кезде 13,6 мың шақырым, темір жолдың 80 пайызы  30 жылдан астам уақыт қолдануда, ал 22 пайызы  50 жылдан астам уақытқа жеткен. Нақты жол шаруашылығының нашарлауы күнен - күнге ұлғаюда, оның себебі уақытында нормативтік көлемде жөндеу жұмыстарының жүргізілмегендіктен.                                                                                      Темір жол жүйесі Республикамыздың солтүстік аймағында ауқымды дамыған. Себебі ол жерде одақ жүйесіндегі шығыс, батыс магистралі өтеді. Басқа аймақтарда жүйе жеткіліксіз орналасқан.  Темір жол жүйесі  орталық және шығысқа қарай, сонымен қатар Ташкент – Шымкент - Орал- Самара  бағыттарына меридианды орналасқан. Республикамыздың темір жол транспортының тиімділігі мен сапа факторының жоғарылауына коммерциялық салада монополиялық жағдайдың қалыптасуы кедергі келтіреді. Мұнда нарықтық жаңартулар аяқталмаған. Сондықтан  «Қ.Т.Ж.» құрылымды ұйымдарға бөлініп, нақты бәсекеге қабілетті салада қызмет ете алатын көлемді жұмыстармен  айналысуы қажет. Тапсырушы мен тасымалдаушы арасында жауапкершіліктің жақсаруы үшін қызметтің келісім- шарт түрінде болғаны тиімді.                                              «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ 2011 жылдың алғашқы жартысындағы темір жол көлігі жұмысының қорытындысы мен екінші жарты жылдыққа арналған тапсырмалар жөнінде кеңес өткізді. Белгіленген мерзімде компания барлық көрсеткіштер бойынша міндеттемелерін орындады.                                                                                                     Темір жолдағы жүк айналымы жоспардағы 103,54 млрд. т-шм орнына 105,25 млрд. т-шм неттоға орындалды. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2,3 пайызға асыра орындалып, 2,32 млрд. т-шм нетто құрады.Жолаушы айналымы бірінші жарты жылдықта 6,5 млрд. ж-шм, өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 5,1 пайызға жоғарылады.                                                                                             Өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіші жақсарғаны байқалды. Тіркелген ақаулықтар саны бойынша өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға, ерекше жағдайлар бойынша 50 пайызға азайды. Пойыздардың қозғалыс кесетін орындауы 40 пайызға жақсартылды. Компанияның бірінші жарты жылдықтағы таза пайдасы өткен жылмен салыстырғанда 39 пайызға көтеріліп, 59 млрд. теңгені құрады. Есепті мерзімдегі қор жасақтау 2010 жылмен салыстырғанда 7 пайызға артып, ол негізінен болашақтың жобаларына жұмсалды. Қазіргі таңда компания екі темір жол желісінің құрылысын жүзеге асыруда. 2011 жылғы қазан айында Өзен-Түркменстанмен мемлекеттік шекара телімінде пойыз қозғалысына жол ашылса, желтоқсанда Жетіген –Қорғас бағдарында пойыз қозғалысы басталады.  «ҚТЖ» ҰК» АҚ өзінің негізгі міндетін атқарумен қатар Мемлекеттік үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясындағы тапсырмаларды орындауға, қазақстандық үлесті көбейтуге, Қазақстанның көліктік –логистикалық әлеуетін тиімді пайдалануға баса назар аударуда.                                                                                                       Биылғы жылы Павлодар облысындағы Екібастұз қаласында жылына үш мың вагон шығаратын зауыт іске қосылды. Жыл аяғына дейін Астанада жолаушылар вагоны шығарыла бастайды. 2012 жылы жүк және жолаушылар пойыздарына арналған элктровоздар шығарылады. Жүзеге асырылып жатқан жобалар арқылы жылжымалы құрамға сұранысты өзіміздің ішкі ресурс арқылы орындауға қол жеткіземіз. Үстіміздегі жылы компанияның жүк мүкәммәл мүлік паркі 4500 вагонға толығады. 2011 жылы компания жобаларындағы қазақстандық өнім көлемі 83 пайызға жеткізіледі.                                       Қазіргі таңда Қазақстанда шағын бекеттерден 100 жаңа вокзал салу жұмысы басталып кетті.Жаңа жолаушылар вагондары «Каспий» жылжымалы құрамында Атырау –Астана, жоғары сапалы Алматы –Атырау, Ақтөбе және Шымкент қалаларына қатынайды.                                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1.Жүк тасымалдаудың шығындары мен кірістері .       Тaсымалдаудың кірістері жолаушыларды тасымалдаудан,пойыздарда төсек орын керек жарақтарын беруден түскен ақшалай түсімдер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды ҚР көлік кешені қызметін үйлестіру реттеу және бақылауды жүзеге асыратын уәкелетті орган.Белгіленген бағалар бойынша коммерциялық алымдар.                                                                                 Тасымалдау шығындары ҚР заңнамасымен көзделген салық міндеттемелері ескеріле отырып ,ҚР темір жол көлігінің негізгі қызметі жөніндегі шығыстар номенклатурасында ескерілген жолауцшылар тасымалдарын жүзеге асыруға арналған тасымалдау шығындары.                                                                     Жолаушылар тасымалын жүзеге асыру жөніндегі қызметтер көлемі мынадай көрсеткіштермен сипатталады:тасымалданған жолаушы саны жолаушылар айналымы магистральдық темір жолдар бойынша вагон жүрісі.                              Есептеу мынадай құрамдастардан жүргізіледі:                                                Жолаушылар пойызының барлық жүру жолындағы және ҚР шекарасындағы қатынау маршруттық қашықтығы.Қатынау кезектілігі Пойыз қозғалысының кестесі бойынша  анықталады.                                                                          Жолаушы тасымалдау негізгі анықталатын құрамдағы вагондар саны ,вагондар жүрісін есептеу,вагондар түрлері бойынша бөлінеді.                 Тасымалдау арқылы темір жолға келетін кіріс жүктерді тасымалдау.жолаушыларды,багаждарды және пошталар сонымен қатар жүк жіберуші және жүкті қабылдаушы арқылы қөрсетілетін басқа да қызметтер үшін басты тарифтік төлем қалыптасады.Кірістер бойынша есептерге арналған эксплуатациондық жолдардың өлшеуіштері болып табылады.Жүк тасымалы бойынша тарифтік тонна км тікелей хабарлаушы жүктер бойынша бастапқы және соңғы операциялар жолаушылар тасымалы бойынша пошталық вагондардың жолаушылық км лері.        Жүк тасымалдау кірісі жолаушыларды тасымалдау  кіріс жоспарынан пойыздық өлшеммен саналады.                                                                                 Темір жолдың табыстары жүк  және жолаушы тасымалдаудың көлеміне,құрылымына,қашықтығына,тарифтердің құрылысының деңгейіне және жүйесіне тәуелді болады.                                                                                 Темір жол кірістері жолаушыларды және жүктерді тасымалдау және және тарифтердің деңгейіне және жүйесіне байланысты.Осы кірістерге сонымен қатар телеграф телефон операциялары ғимараттарды жалға беру.Кірістік ставкалар әр хабарламаның түрі бойынша тіркеледі.    

Тасымалдаушы шығыстарын  қалыптастыру                                                Шығыстарды қалыптастыру тәртібі өндірістік-технологиялық факторларды ескере отырып жолаушы поезының әрбір маршрутына жүргізіледі:

Rтасымалдаушы = Rмтж + Rлок + Rвагонды жалға алу + R жолау.тас.             мұндағы:                                                                                                    Rтасымалдаушы – толық өзіндік құнына енгізілген тасымалдаушының шығысы;                                                                                                                       Rмтж – магистральдық теміржол желісін пайдалану қызметі үшін шығыстар  Rлок – локомотивпен тартуды ұсыну қызметі үшін шығыстар;                  Rвагонды жалға алу – вагондарды жалға алуды ұсыну қызметі үшін шығыстар;                                                                                                          Rжол.тас. – кезең шығыстарды қоса алғандағы жолаушыларды тасымалдаумен байланысты тасымалдаушының шығыстары. Тасымалдаушының шығыстарын есептеу мынадай бөлімдерден тұрады:              - вагондардың түрлері бойынша жолаушы поезының нақты әрбір маршруты бойынша тасымалдаушының тура өндірістік шығындарын анықтау;               - үлес салмақ бойынша үстеме шығыстар және маршруттар бойынша кезең шығыстарын есептеу және бөлу.                                                                                    1) Магистралдық темір жол желісі қызметіне (бұдан әрі – МТЖ) шығыстарды есептеу мына формуламен анықталады:

  а) төмендететін коэффициентсіз         б) төмендететін коэффициентпен                                                                                   а) Rмтж = Vваг-км *Pмтж      б) Rмтж = Vваг-км *Pмтж *kмтж                      мұндағы=Бастапқы құн – жойылу құны = 100 000 – 10 000 = 18 000                                                                                                                    Rмтж – МТЖ пайдалану қызметі үшін шығыстар;                                                     Vваг-км – жоспарланған кезеңге вагон-км (ваг-км) көлемі;                                                  PМТЖ – МТЖ пайдалану қызметі үшін тариф, теңге

kмтж – уақытша төмендететін  коэффициент (бұдан әрі - УТК).                        2) Локомотивпен тартуды ұсыну қызметі үшін шығыстарды есептеу мынадай формулалар бойынша 2 кезеңмен анықталады:                                                          1-кезең: Поезд бойынша қызметтің құны

Rлок= (Vтеп.лок.сағ *Pтеп.лок.сағ) + (Vэлек.лок.сағ *P лек.лок.сағ)    мұндағы =160*220-315*4=58552425                                                                                                          

Rлок – поезд бойынша  локомотивпен тартуды ұсыну қызметі  үшін шығыстар;

Vтеп.лок.сағ – тепловозбен  тарту жоспарланған локомотив-сағаттың  саны;      Pтеп.лок.сағ – тепловозбен тарту қызметі үшін тариф, теңге                    Vэлек.лок.сағ – электровозбен тарту жоспарланған локомотив-сағаттың саны;       Pэлек.лок.сағ – электровозбен тарту қызметі үшін тариф, теңге.

2-кезең: Вагон түрлері  бойынша қызметтің құны                                                  Rваг.лок.= Rлок /VQ i поездың вагон-км.* VQ i вагонның вагон-км.    мұндағы:                                                                                                                     Riлок – поезд құрамында қатынайтын i–түрі немесе вагондар тобы бойынша қызмет құны, теңге                                                                                                            Rп лок – поезд бойынша қызмет құны, теңге                                                                  VQ i поезд ваг-км. – ҚР аумағы бойынша жоспарланған кезеңге поезд жүрісі, ваг/км                                                                                                                                VQ i ваг. ваг-км. – ҚР аумағы бойынша жоспарланған кезеңге поезд құрамында қатынайтын тиісті вагон жүрісі, ваг/км.                                                    3) Жылжымалы құрам жалға алынған парк шығыстарының есебі:   Поездарды құру үшін жылжымалы құрам паркі есебі (резервте барды есепке ала отырып) мынадай формулалармен қажетті вагон түрі бойынша анықталады:                                                                                                         Жолаушылар вагондарына:

 Rваг. жалға алу = (Nваг.* Nқұрам.* kрезерв* Nжалға алу күндері

kпаркі* Pваг. жалға алу.)/ VW i dfu-rv* VQ i dfu-rv

 Электрсекциялар және дизельді поездар вагондары:

Rваг. жалға алу = [(Nваг+ kрезерв.)* Nқұрам. * Nжалға алу күндері *kпаркі* P Pваг. жалға алу]/ / VW i ваг-км* VQ i ваг-км;

 мұндағы:                                                                                                                       Rваг. жалға алу – вагондарды жалға берген қызметіне шығыстар;

Nваг – құрамдағы вагондар  саны;

Nқұрам – құрамдағы  қажетті саны;

kрезерв – вагондардың  міндетті резервті коэффициенті: жолаушылар вагондары бойынша 1,07 тең (айналымдағы барлық вагондар  санынан 7%); электросекция және дизельді  поездар бойынша 3 вагонға тең (бас, моторлы және тіркелмелі);

       Nжалға  алынған күндер – жоспарланған  кезеңге жалға алынған күндер  саны;

      kпаркі –  уәкілетті орган белгілеген жалға  алынған жолаушылар жылжымалы  құрамын пайдалану коэффициенті;

       VQ i ваг-км  – ҚР аумағы бойынша жоспарланған  кезеңге поезд құрамында қатынайтын  тиісті вагон жүрісі, ваг/км.;

       VW i ваг-км  – бүкіл жол бойында жоспарланған  кезеңге поезд құрамында қатынайтын  тиісті вагон жүрісі;

       Pвагонды  жалға алу – тиісті үлгідегі  бір вагонды жалға алу тарифы, тәулігіне вагон үшін теңге.

Nқұрам = Zn * Vқұрам

мұндағы:

Z – тәулік ішінде жөнелтілетін  поездар саны;

Vқұрам – жолаушылар  құрамының айналымы, тәулігіне.

Vқұрам жолаушылар құрамы  айналымының уақыты және поездарды  жөнелту жиілігінің Zn коэффициенті  бойынша нақты бағытқа қызмет  көрсету үшін Nқұрам құрамының  қажетті санын анықтауға болады:

 Поездардың күнделікті  рейске жөнелтілуі кезінде = 1 коэффициенті  қолданылады, поездардың күн ара  жөнелтілуі кезінде = 0,5, және т.с. Жолаушылар құрамының айналымы  – бұл Vқұрам, құрамның құрылған  пунктінен рейске жөнелтілген  сәттен бастап құрылған пунктіне  қайтып оралғанға дейін толық  тәулікпен есептеледі

  Мұндағы

 – құрамның құрылған  пунктінде және айналым пунктінде  тиісінше тұру уақыты, сағат;

  – құрылу пунктінен  айналым пунктіне дейінгі қашықтық, км;

  – тиісті құрылу пунктінен айналым пунктіне дейінгі және кері поезд жүруінің маршруттық жылдамдығы, км/сағат.

 4) Кезең шығыстарын қоса алғандағы жолаушыларды тасымалдаумен байланысты тасымалдаушы шығыстарының есебі.

R жолауш. тасымал.= (RW тікелей + RW үстеме+RW кезең шығыстары )* + RQ тікелей                                                                                                               мұндағы:                                                                                                                 Rжолауш. тасымал. – Қазақстан Республикасының шекарасындағы кезең шығыстарын қоса алғандағы жолаушыларды тасымалдауға байланысты тасымалдаушының шығыстары.                                                                        RWтікелей – тасымалдаушының бүкіл жол бойында жұмсайтын өнім (поезд, вагон түрі) бірлігі үшін шығыстарды қоса алғандағы өндірістің негізгі тікелей шығыстары                                                                                                              1) жолаушылар поездарында вагондарға қызмет көрсету: жолсеріктердің, поезд, локомотив бригадалары бастықтарының (электр секция және дизельдік поездар бойынша) жалақысы, әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар                                                                                                                         2) жеке жылжымалы құрамды күрделі және деполық жөндеу;