Теміржол станциясының жұмысы


Мазмұны

Кіріспе......................................................................................................................4

  1. Бастапқы деректердің талдауы..............................................................................4

1.1.Аралық станция схемасын таңдаудың дәйектемесі......................................4

1.2.Қабылдау-жіберу жолдарының санын  анықтау............................................6

1.3.Технико-экономикалық станцияның  мінездемесі.........................................7

1.4.Жүк таситын ауланың қонысын  таңдау.........................................................7

  1. Жол жоспары және профильге негізгі талаптар қою..........................................8
  2. Станцияның жолдық дамуы..................................................................................8
  3. Станцияның жұмыс технологиясы.......................................................................9

4.1.Станцияларды (қайта құрылымға) жетілдіру туралы ұсыны....................10

  1. Станциялық құрылымдардың мінездемесі........................................................11

5.1.Жолаушыларға қызмет  көрсететін құрылымдар.........................................11

5.2.Жүк таситын құрылымдар.............................................................................11

5.3.Басқада құрылымдар......................................................................................12

  1. Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету......................................12
  2. Реттеу-зауыт станциясының мінездемесі...........................................................13

7.1.Солтүстік-Новокузнецк  станциясының жолдық дамуының  мінездемесі............................................................................................................13

  1. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Станциядағы еңбект қорғау.....................................................................................................................14
  2. Темір жол көлігін техникалық пайдаланудың жалпы ережелері.....................17

9.1.Локомотивтер, мотовагонды поездар және өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам машинистерінің поездарын жүргізі тәртібі......................................................................................................................20

  1. Қорытынды............................................................................................................23
  2. Қолданылған әдебиеттер......................................................................................24

Кіріспе

Негізгі темір жолдағы  станциялардың жалпы саны аралық станциялар санына дәл келеді. Кез – келген аралық станция конструктивтік жоспарда күрделі объект болып табылады. Іс жүзінде әрбір аралық станция әдеттегідей, экономикалық аудандарға қызмет көрсетеді.

Аралық станцияларға техникалық (қабылдау, басып озу, пойыздарды айкастыру) жүк таситын және коммерциялық (жүк тиеу және жүктерді түсіру және оларды рәсімдеу), сонымен бірге жолаушылар операциясы (жолаушыларды отырғызу және түсіру, поштаны және жүктерді қабылдау және жіберу). Кейбір аралық станцияларда қызмет көрсетулер ескерілген, ал үлкен жүк айналымында жіберу маршруты немесе вагондардың топтары үшін сатылы маршруттар және олардың құрастырылуы қарастырылған. Жеке аралық станциялар бастапқы және соңғы итермелі пойыздар немесе қала маңындағы құрлымдар болып табылады.

Аралық станциялар аталған  операцияларды орындауы үшін, осы  құрылымдарды пайдаланады, жолдық дамыту, жүк таситын құрылымдар, жолаушылар құрылымдары, қызметтік және техникалық ғимараттар, байланыс құрылымдары және СЦБ, ал кейбір бөлек жағдайларда  маневрлік құралдар. Кейбір станцияларға маневрлік локомотивтер және итерушілердің локомотивтары үшін жабдықтау құрылымдары қаруладыра алады.

Жолдық дамытудың схемаларын ажыратуға байланысты көлденең, ұзынынан орналастырылған қабылдау-жіберу жолдары  танып біледі. Қабылдау-жіберу жолдарының жалпы саны (басты уақыттарын қосқанда) аралық станциялардың біржолды сызықтарына 3-4 және екіжолды сызықтарына 4-5.

Құрама пойыздар және олардан ағыту вагондары, сонымен  бірге жүк таситын пунктердің қызмет көрсетуі қолданылады; құрама пойыздардың локомотивтары; мамандандырылған маневрлік локомотивтер, бір немесе бірнеше жапсарлас бекітілген станция бөлімшелері; жол жүріс маневрлік локомотивтері қолданылады.

 

 

 

 

 

1.Бастапқы деректердің талдауы

Аралық станция – 6

Станциялық алаңның ұзындығы - 2580 метр

Сызықтағы тарту  - тепловоздық 

Сызықтағы қозғалыстың  өлшемдерiн жоспарлау, бір тәуліктегі пойыздары-40

Қабылдап - жіберу жолының  пайдалы ұзындығы - 850 метр

Объектіге қабысу кірме  жолы: Масложиркомбинат.

Пойыздың қосымша қызмет көрсетуi үшiн станциядағы  жүрілетін жолдың саны - 1

Станция алаңының жоспары  және көрінісі - 1

Жолаушылар платформасының ұзындығы - 400 метр

Жүк таситын станцияның ауласын жобалап қою:

а)екі жабылған қойма, ұзындығы - 60 м.

б)жабық платформа  ұзындығы - 84 м.

в)үйiлген алаң - 110 м.

Пойыз қозғалысында сигнализация және байланыстық құралы - автоматты  түрде  бiтеулі болады.

Станциядағы рельстердің  түрлері: бас жолда-Р65, қабылдап - жiберу жолында-Р50

 

 

 

 

1.1.Аралық станция схемасын таңдаудың дәйектемесi

Жаңа аралық станция жобасы керекті мерзімді есептеп өткiзу қабiлетiн қамтамасыз етіп және ол болашақтың әрі қарай дамуын есепке алуы керек.

Бас жолдағы жебе тәрізді  тік қисықтардың шектері тыс  аудармаларын жинақтау керек, өйткені  ол салыстыру үшiн станциялық площадтың тап қалған ұзындығын нормативтiк қисықтардың тангенстерiнiң шамасына кiшiрейтуі керек. Станция алаңының ең төменгi ұзындығы тангенсті есепке алмай айналдырғанда көлденең қисық ұзындықтармен түйістіретін тап келген жолдардың күйі1кестеде келтірілген.

1-шi кесте

Сызықтың дәрежесі       Қабылдап жіберу жолының орналастырылуы(станция  типі)

Станция алаңында қабылдап жіберу жолының ең төменгі пайдалы  ұзындығы, метр

850 1050 12501

1)Ұзын бойы 2500 2900 3300

1)Жартылай ұзын бойы 2000 2200 2400

1)Көлденең 1450 1650 1850

 

Бас жолдағы жебе тәрізді  тік қисықтардың шектері тыс  аудармаларын жинақтау керек, өйткені  ол салыстыру үшiн станциялық площадтың  тап қалған ұзындығын нормативтiк  тiк қисықтардың тангенстерiнiң  шамасына кiшiрейтуге керек.

қайда

Lз - алаңның сыну нүктелерінің арасындағы профильнiң  тап қалған ұзындығы;

Lст - тангенстер мен  тiк қисықтардың арасындағы алаңның  ұзындығы, метр

  - сәйкесiнше тараптың  жұп және жұп емес тiк қисықтарының  тангенстерi.

Аралық станция 1дәреженің  бір жолды сызығында жобаланады. Қабылдап -жiберу жолдарының пайдалы ұзындығы қалған 850 метр, станция алаңындағы станция жолдарының ұзындығы 2580 метр,станция жолдарының профильі - көлбеулері 30/00 және 20/00.

Тiк қисық тангенстерi осы жағдайда құрайды:

Жұп тараптан 

Тақ тараптан 

Станция алаңының ұзындығы дамыған станция жолымен беріспейтін  болады.

1 кестеде көрсетілгендей, ұзын жолдардың бойының орналастырылуына  қажетті алаң 2500 метр, ал нақты  2517,5 метр керек, яғни шеткi жебе  тәрiздi аудармалар (тiк қисыққа) профильнiң сынуларына түспейдi. 

Демек, станция орынының  ұзындық бойын схема бойынша  жобалап қою.

Аралық станцияның ұзындық  бойынша орналастыру схемалары:

1. ұзындықтың қысқартулары салдарынан жабысып тұратын айдаулардың өткiзу қабiлетi жоғарылайды;

2. ұзын құрамалы пойыздарды айқастыруы мүмкін (бiрлескен пойыздар);

3. пойыз тоқтағаннан кейін таратылып жiберу жақсы шарт (әсiресе, созылған көтеруiнің алдында);

4. қарсы пойыздардың бір уақытта қауіп-қатерсіз және биік дәрежеде қабылдауы жақсы шарттармен қамтамасыз етіледі;

5. отырғызу және жолаушыларды түсiру өте ыңғайлы шарт.

Кемшiлiктері:

1. Жер қазу жұмыстарының көлемi салдарынан, станция алаңының ұзындығы түбегейлі үлкеедi.

 

1.2. Қабылдау-жіберу жолдарының санын анықтау

Қабылдау-жіберу жолдарының саны қозғалаыстың өлшемдеріне және мінездемесіне байланысты бекітіледі.

Жаңа аралық станцияның жобасы есепке алу қаблетін қамтамассыз  ету және оны ары қарай дамыту керек.

Жалпы жол сандары:

 

mгл – бас жолдардың саны;

mСНиП  - қабылдау – жіберу жолдарының саны;

mдоп – қосымша жолдардың саны;

Жеке пункттердің және аралық станциялардың тораптары, жүк  таситын бөлімшенің шоғырландырылған жолына қабылдау – жіберу үлкею  жолдарына рұқсат етіледі.

 mобщ = 1+2+3=6 жолдары.

Сөйте келгенде, қозғалыстар  өлшемдерінде 40 буы бар 6 – қабылдау-жіберу жолдары бекітілген.

 

1.3. Техника-экономикалық станцияның мінездемесі

Осы жобаланатын аралық станция 1 дәреженің сызығында, қозғалысы 120 км/сағ жылдамдықпен орналасқан. Осыған байланысты 200 мм аласа аралық платформа түзеледі және ені – 4м, негізі – 6м, платформаның ұзындығы – 400м, аласа аралық платформа жобаланады. Бір бас жол жобалануда. Қабылдау-жіберу жолдарының ең қысқа ұзындығы 850м құрайды. Солтүстік тарап жақтан сыйымдылығы 100 жолаушыға есептелінген ғимарат болады. Нұсқауыштар және сигналдар басқару әдісі электір орталықтары арқылы іске асады. Станцияны жобалау үшін оған ерекшеленген станциялық алаң ұзындығымен 2580 м жолдардың профильдері:

Батыстан 30/00 түсіру ұзындығы 2100м,

Шығыстан 20/00 түсіру ұзындығы 2600м.

 

 

 

 

 

 

1.4. Жүк таситын ауланың қонысын таңдау

Қарсы жақтан да, жолаушылар жақтан да аралық станцияға жүк таситын  ғимарат құрылымдары орналаса алады. Ең алдымен, жүк таситын құрылымдардың  қоныстары туралы мәселенiң шешiмiн  есепке алу керек:

- пойыздардың қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуi;

- жолаушылар үшiн ыңғайлылықтың дәрежесi;

- станция қызметкерлерiнiң қауiпсiздiк дәрежесін қамтамасыз ету;

- станция құрылымдарының орналастырылу тығыздығы;

- станцияның ары қарай даму мүмкiндiгі;

- жүк таситын ауланың кіреберісінің ыңғайлылығы.

Жүк құрылғылары жағынан, қарама-қарсы оңтүстік жолаушылар ғимараты жағынан бұл талаптар қанағаттанарлықтай орналасқан. Аралық станцияның поездық  жолдарын маневрлік операциялар  күрделендіреді, сондықтан кәсіпорындардың  қоймалары, мүмкіндіктерінше, станциялық және поездық жолдарды бір ауданға орналастырады. Демек, одан әрі жобалауға станциялар мен жүк құрылғыларды орналастыруды қабылдау керек.

 

 

 

2. Жол жоспары және профильге негізгі талаптар қою

Аралық станцияны жобалау  барысында негізгі нормативті құжаттар Құрылыс нормасы және жобалау тәртібі (ҚНжЕ) болып табылады. Станцияларды көлденең аланда орналастыру керек, өйткені осы жағдайда пойыздардың қозғалуы  женілдейді, маневрлік немесе желдің әсерімен вагондардың түрткісінен үзіліп кету қауіпін төмендетеді, поездардың қозғалу және маневрлік жұмыстар кезінде көру шарттарын жақсартады. Жер қазу жұмыстарының көлемін кішірейту үшін кей жағдайларда көлбеулерде орналасқан станциялық аланға 1 , 5 %, ал қыйын жағдайларда 2 , 5% болады. Станциялық жолдар толық ұзындық шектерінде бір сыну профилін иемдене алады, бұл жағдайда профиль элементінің ұзындығы поездың жарты ұзындығынан аспауы керек 5 м.

Басқа және қабылдау –  жіберу жолдарының жебе тәрізді аудармалары  тік қыйсықтардың жеттерінен тыс орналасады.

 

 

 

3. Станцияның жолдық дамуы

Аралық станцияда жобаланады:

Бас жол I – рим әріпімен белгіленеді, поездарды тоқтаусыз  өткізуге,  жолаушылар поездарын  қабылдауға,жолаушылар платформасын жабдықтауға  арналған.

3,5, тақ бағытын қабылдау  - жіберу жолдары; 2,4,6 жұп бағыттыры араб сандарымен нөмірленеді; станцияда поездарды қабылдау, тұрақ және айдауға жіберулер, бас жолдардың нөмірлерін қадағалау қызмет етіледді.

Көрмелі 7 жолы жүк таситын  вагондарды үту үшін арналған тұрақ.

9 – шы тарту жолы  жеке вагондардың орын ауыстыруы үшін арналған. Жүктеу – жүк түсіру жолдары 8 және 10 жүк аумағына орналасады, жүк таситын операцияларға арналынған.

 

 

 

 

4.Станцияның жұмыс технологиясы

I жолда тоқтаусыз жүретін  поездардың рұқсатнамасы өндіріледі, тақ және жұп бағыттағы жолаушылар поездын қабылдап алу және рұқсатнама бағыттары, 2 – тақ және жұп жолаушылар және жүк поездын қабылдау бағыттары.

3,5 – тақ бағыттан  жүк поездарын қабылдау;

Тіркегіш -  вагондардың  құрама пойыздардан ағытып алу маневрлік  локомативтермен өндіріледі.

4,6 – тақ және жұп  бағыттан жүк поездын қабылдау, сонымен қоса жұп және тақ  бағыттардың құрама бағыттарын  қабылдау.

7 – вагондарға арналған  көрме жолы, жүктеу – жүк түсіру  жолдарға арналған жинау немесе  күтетін вагондар ушін.

8, 10 – вагондары бар жүк таситын операциялардың орындауы үшін жүктеу – жүк түсіру жолдары.

9 – тарту жолы вагондардың  орын ауыстыруы үшін және олармен  маневрлік операцияларды орындау.

Кірме жолда вагондармен  айырбас, сол сияқты комбинаттармен жүктелген, сонымен қатар маневрлік операцияларды құрама пойыздардың ілікпесі бойынша өндеп алады.

 

Құрама пойыздармен  жұмыс технологиясы:

Жұп бағыттың құрама пойыздары 4 немес 6 жолдарға қабылданады:

  • егер вагондардың топтары, осы станция үшін, басында орналасса, онда локомотив пойызды вагонның ағыту бөлігіне соға кетеді, содан кейін жүк ауласына заттарды тасиды;
  • егер вагондардың тобы ағыту сонында болса, онда маневрлік локомотив вагондар тобын алып сосын жүк ауласына тасиды;

Тақ бағыттың құрама пойыздары 4 немес 6 жолдарға қабылданады:

  • егер ажырату вагондарының топтпры құраманың басында орналасса, онда локомотив пойызды тарту жолындағы барлық құрама вагондарды өндеп алады, содан кейін ажыратылған вагондардың бөлігін жүк таситын аулаға шығарады;
  • егер вагондардың тобы ажырату сонында орналасса, онда маневрлік локомотив бірінші осы вагондар топтарын тартпа жолдарына орналастырады, содан кейін жүк ауласына шығарады;

 

 

4.1. Станцияларды (қайта құрылымға) жетілдіру туралы ұсыныс

Қайта құрылымдар нұсқалары ретінде үстеме, жылдамдықты  төмендетусіз тоқтаусыз айқастыруды қамтамассыз етеді.

Пойыздардың тоқтаусыз  айқастыруы қаблетін үлкейтуге мүмкідік береді 1,5 – 1,7 рет. Демек, пойыздардың  тоқтаусыз айқастыруында өткізу қаблеттілігінде учаскелік жылдамдық  кенет жоғарлайды (40 - 60%) жүктерді жеткізу де үдейді. Жүк пойыздарының және аз тоқтау сандарынын арқасында жанармай шығындары төмендейді.

  1. Екінші тартпа жолының құрлымы маневрлік операция үшін құрама пойыздармен және жергіліктк жүмыс үшін пойыздар жолына қызмет көрсету.

 

 

 

5. Станциялық құрылымдардың мінездемесі

5.1. Жолаушыларға қызмет көрсететін құрылымдар

Жолаушылар құрылымы сандарынан жолаушылар ғимарттары ескеріледі, жолаушылар платформасы, жүк қоятын қоймалар.

Бір жолда орналасқан станция үшін вокзалдардың өлшемі 36 18 (адам сыйымдылығы 100).

Жолаушылар ғимараты бас осьтен кем дегенде 20 метр қашықтықта орналасады. Жолаушылар платформасы  станцияның схемасын есепке алу, жолаушылардың  қозғалыс өлшемі және олардың орналасымдылықтары бекітіледі. Олардың ұзындығы жолаушылар құрамының ең үлкен ұзындығына сәйкес келуі керек(400 м). Негізгі платформаның ені 6 м, ал аралық ені 4 м.

Биіктігі 200 мм жолаушылыр платформасы жобалануда.

 

 

 

 

5.2. Жүк таситын құрылымдар

Жүк таситын операцияларды  орындаулары үшін аралық станцияларға ортақ пайдаланатын жабық қоймалар беріледі, жабық және ашық платформалар, контейнерлер және үйілген аландар. Осы айтылған құрылымдар әдетте бөлек алаңда орналасады, атылған жүк ауданымен , сондай ақ автокөліктерге арналған тұрақ аланы, жүкшілер үшін жеке бөлме және т.б.

Ортақ пайдалану орындарында жүк таситын операциялардың орындаулары үшін құрамалы құрлыс секциясы, екі жабық қоймадан тұратын, бір жабылған платформа және үйілген алаң қарастырылған. Платформаның ені үлгі жобалармен сәйкес 12 м құрайды, ұзындығы бастапқы деректерде көрсетілген. Жүк тиеу және түсіру орындары өртке қарсы құралдармен жабдықталынған, (байланыс, жарық).

 

 

5.3. Басқада құрылымдар

Жоғарыда көрсетілген  құрылымдардан басқа Аралық станцияда  келесідей құрылымдар жоспарлануда:

  • автоматика және телемеханика құралдары, электр орталықтандыру сигналдары, жолаушылар ғимаратындағы станцияның кезекшісін басқару;
  • сумен жабдықтау құрылымдары (ғимараттағы су қоймалары) жолаушылар ғимаратынан 150 м қашықтықта ал бас жолдан 70 м орналасады; жарық беруші сызықтар тыс жолдық дамытуларда орналасады.

 

 

 

6. Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуі Станцияның қызметкерлерінің еңбек қорғауы

Бөлімшеде пойыздардың  қозғалысын бір ғана жұмысшы басқару  керек – пойыздың диспечері.

Пойыз диспечерінің бұйрықтары осы бөлімше қызметкерлеріне тікелей байланысты сондықтан да олар осы бұйрықтарды сөзсіз орындаулары тиіс.

Әрбір станция және жолдық орын қозғалысты басқарудың бір жұмысшының ұйғарымында болуы керек: станция  – станция бойынша кезекші, поезд  – локомотив машинисті.

Станцияның қызметкерлері темір жол жолдарында келесі талаптарды сақтау керек:

  • жұмыс орындарына және жұмыстан кейін тек қана әдейі қойылған маршруттармен, жаяу жүргінші жолымен, өткелдерден, тонелдерден өтуі керек;
  • тек қана жол жағасы бойынша, жапсарлас жолдар бойынша, жылжымалы құрамға назар аудара өту керек;
  • жолдарды тек қана тік бұрыштармен өту керек;
  • жылжымалы құрамамен жатқан жолды тек қана вагондардың аумалы – төкпелі аландарын қолдана отырып жолдан өту керек;
  • автотіркеуден 5 м арақашықтықта тұрған вагон топтарын немесе локомотивтарды айналып өту.

 

 

7.Реттеу – Зауыт станциясының мінездемесі

 

7.1.Солтүстік – Новокузнецк станциясының жолдық дамуының мінездемесі

Станция жұмыстарының технологиялық  процесстері – бұл       станцияның жұмысының жүйелері, алдығы әдістердің   қолдануына негңзделінген және еңбекті ғылыми ұйымдастыру,   пойыздар мен вагондардың және тізбек орынды ескеретін, жүк   тиеу және түсірулерді орындаудың уақыт нормасы, станцияны   жоспарлауды және басқаруды ретке келтіру.

Технологиялық үдеріс өндірістік цехтардың ең жақсы қызмет көрсетуін  қамтамасыз етеді, техникалық қолдану  құралдары, парарельдік операциялардың орындауын, пойыздар және вагондардың  өңдеуінің жанында әртүрлі мамндықтардың  қызметкерлерінің әсерлерінің тәртіпке салынғандығы, қозғалыс қауіпсіздігінің қатал орындалуы. Технологиялық үдеріс бойынша станцияны айқын жұмысы жүк тасмалдауларды жоспардың орындауын қамтамасыз етеді, өндірістік цехтардың қызмет көрсетуін пойыздардың түйіскен жүріс графигі, сонымен бірге станцияның барлық өндірістік буындарының станциялық операциялардың өндірісінің үзіліссіздігі және өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді.

Жұмыстың негізгі тағайындалған  сипаты  бойынша Реттеу – Зауыт  станциясы болып табылады, көлемі бойынша – класстан тыс станция. Станциядағы пойыздың және маневрлік жұмысы 12 локомотивтермен іске асады.

 

 

8.Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Станциядағы еңбекті қорғау

Поезд қозғалысына байланысты әрбір теміржолының бірінші міндеті-қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тасымалданатын жүктің сақталуы, қол жүгінің сақталуы, қоршаған ортаны сақтау талаптарының орындалуы.

Жоғарғы жылдамдықта  және қозғалыстың үздіксіздігінде  апатты жағдайсыз жұмыс әрбір  жұмысшының техникалық құралдарды пайдалану  нормасы мен өзінің жұмысында бекітілген қауіпсіздік ережесін сақтауымен қамтамасыз етіледі. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуде адам факторы маңызды роль атқарады.

Қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы әр түрлі себептерге байланысты болады: табиғат құбылыстарына, сырттай  дұрыс көрінген жол бөліктерінің ақауларына, составтың ақауына, байланыс желісінің зақымдануына, техникалық құралдардың ескіруіне, бірақ көбінесе поезд қозғалысына байланысты жұмысшылардың қателіктеріне байланысты болады.

Тасымалдауда брактар  мен апаттар бос емес жолға поезды қабылдауда, бос емес жолға поезды жіберуде, қозғалыстағы поезд бар жолға стрелкаларды аударуда, бекітілмеген вагондардың айналымға жіберілуінде, габариттің бұзылуымен де болуы мүмкін. Теміржолдағы қауіпсіздік жағдайының сараптамасы көптеген ережелердің бұзылуы бекітілмеген вагондардың айналымдар мен қабылдау-жіберу маршруттарына кетіп қалуынан болатынын көрсетеді.

Ережелердің бұзылуының көптеген жағдайда басты себептері  болып жұмысшылардың тәртіпсіздігі, өздерінің қызметтік міндеттері мен ережелерді жеткілікті дәрежеде білмеуі, басшылық тарапынан талаптардың әлсіздігі де болады.

Барлық апаттардың қайғылы  ақыры адамдарды бақытсыз жағдайларға  әкеледі. Бірақ күтпеген жағдайларда  да теміржолшылардың кәсіби және шешімді  әрекеттері қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік береді. Теміржол транспортындағы апаттар мен кемшіліктер әрбір жұмысшының лауазымдық міндеттерін нақты орындауда болмайды.

Теміржол транспортында  поезд қозғалысының қауіпсіздігін  қамтамасыз етуге бағытталған кеңейтілген  іс-шаралар кешені жүргізіледі.

Осындай шаралардың бірі болып адамдарды жұмысқа тартуда  мұқият іріктеу жүргізу табылады. Бұл жұмысқа 18 жасқа толған, медициналық  тексеруден өткен және бекітілген тәртіп бойынша мерзімдік уақытта медициналық  тексеруден өтетін адамдар қабылданады.

Станция кезекшісінің лауазымына жоғарғы білімі бар лауазымдық нұсқаулық  пен ережелер бойынша сынақтан өткен, өз бетімен жұмыс істегенге дейін  тәжірибелі станция кезекшісінің қадағалауымен 5-10 кезекшілік тәжірибеден өткен  тұлға тағайындалады.

Осы жұмысшылардың қозғалыс қауіпсіздігін жауапкершілігі мен жұмысының қиындығына байланысты жұмыс орнында қажетті жағдай жасалуы керек.

Станция кезекшісі, сұрыптау жотасының кезекшісі, маневрлік  диспетчер, техникалық орталық операторларының  жұмыс орындарына бөтен адамдардың кіруіне тыйым салынады. Мұнда тек олардың жұмысын бақылайтын, орнатылған аппараттарды қадағалайтын адамдар ғана кіре алады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің шарты-ұқыптылық, тәртіп, қырағылық, сөйлесулердегі нақтылық, жұмысына деген  жауапкершілік. Поездарды қабылдау, жіберу, маневр жұмыстарын орындауда бірден бірнеше жұмыскер қатысады (станция кезекшісі, құрастырушы, машинист, стрелкалық бекет кезекшілері). Сондықтан олардың біреуінің дұрыс жұмыс істемеуі басқа жұмысшыларға ескертілуі керек.

Станциядағы қауіпсіздікті  күшейтудің басты шарасы поездың  және маневрлік радиобайланыс, парктік  дауыстау байланысы сияқты техниканы  енгізу.

Тиеу станцияларында қаупісіздік кепілі болып техникалық және коммерциялық қатынастарда вагондарды іріктеу, тиеудің ережелерін қатаң сақтау және жүктерді, әсіресе қауіпті габариттік емес жүктерді бекіту болып табылады.

Бекітілген қауіпсіздік  ережесін мүлтіксіз орындау поездарды  құрастыруда, әсіресе автоматты  тежегіштерді қосуда, поездарды жабдықтау  мен қамтамасыз етуде, оларды дабылдармен белгілеуде қамтамасыз етілуі керек.

Станцияда апатты жағдай туындағанда оның қайғылы жағдайға әкеліп соқпауы үшін қажетті жағдайлар, тіпті қалыпна келтіру және өртке  қарсы құралдарды тарту арқылы жасалуы  керек.

Қозғалыс қауіпсіздігін  қамтамасыз ететін талаптар нұсқаулық құжаттарда, теміржолды техникалық эксплуатациялау ережелерінде, поездар қозғалысы мен маневрлік жұмыстар нұсқаулығында, Қазақстан Республикасының теміржолдарындағы сигнализациялар бойынша нұсқаулығында анық берілген.

 

9.Темір жол көлігін техникалық пайдаланудың 

жалпы ережелері   

 

1. Темір жол көлігін  техникалық пайдалану қағидасы (бұдан  әрі - Қағида) темір жол көлігін  пайдаланудың негізгі тәртібін  және оларға қойылатын талаптардың  қағидаттарын белгілейді.

2. Осы Қағида темір жол көлігінің барлық бөлімшелері мен қызметкерлері үшін қажетті болып табылады.

3. Осы Қағиданы орындау  темір жол көлігінің барлық  буындары жұмысының үйлесімділігін, темір жол ұйымдарының нақты  және толассыз жұмыс істеуін  және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

        4. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) автоматты локомотив  сигнал беру сигнал беру мен  байланыстың дербес құралы ретінде  (бұдан әрі - АЛСО) - аралықтағы  поездар қозғалысы локомотив  бағдаршамдарының сигналдары бойынша  жүзеге асырылатын, ал бөлектенген пункттер блок-учаскелердің белгіленген шекаралары болып табылатын жүйе;

2) ауа аралығы (оқшаулағыш  түйіндесу) - түйіспе желісінің шектес  учаскелерінің электр оқшауламасымен  түйіндесуі (ток айырық). Оқшаулағыш  түйіндесу электр жылжымалы құрамның ток қабылдағышы өткен кезде түйіндесетін учаскелер электрмен жалғасатындай етіп орындалады;

3) аз әрекетті учаскелер  - жолаушылар және жүк поездарының  (қосындысында) кесте бойынша қозғалыс  мөлшері тәулігіне 8 жұптан аспайтын  учаскелер;

4) аралық - темір жол  желісінің шектес станциялармен,  разъездермен, озу пункттерімен  немесе жол посттарымен шектелген  бөлігі;

5) ауыр салмақты жүк  поезы - локомотивтердің тиісті  сериялары үшін салмағы қозғалыс  кестесінде белгіленген осы поезд  жүретін учаскедегі салмақ нормасынан 100 т және одан астам жүк поезы;

6) арнайы мақсаттағы  жолдар - аралықтар мен станциялардағы  сақтандырғыш және ұстағыш тұйықтар  және кірме жолдар.

7) арнайы жылжымалы  құрам - темір жолмен жүретін  алынбайтын жылжымалы бірліктер:

өздігінен жүретін арнайы жылжымалы құрам, мотовоздар, дрезиналар, жұмыстарды жүргізу үшін қажетті материалдарды тасымалдау немесе темір жол көлігі кәсіпорындарының қызметкерлерін жұмыс орнына жеткізу үшін қажетті арнайы автомотрисалар, көлік режиміндегі тартым жетекті дербес қозғалтқышы бар темір жол-құрылыс машиналары;

өздігінен жүрмейтін  арнайы жылжымалы құрам - көлік режиминдегі  тартым жетегі жоқ темір жол-құрылыс  машиналары, тіркемелер мен шаруашылық поездарына енгізілетін темір жолдардың  құрылыстары мен құрылғыларын күтіп ұстау, қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тағайындалған басқа арнайы жылжымалы құрам;

8) алынатын жылжымалы  бірліктер - электрлендірілген учаскелердегі  алынатын дрезиналар, жөндеу мұнарасы, электрлендірілген учаскелердегі, жол вагондары, жол өлшегіш, ақау тапқыш және басқа арбашалар және оларға қызмет көрсетуші қызметкерлер жолдан қолмен түсіріп алуы мүмкін жылжымалы бірліктер;

9) блок-учаске - автобұғаттау  кезінде немесе сигнал беру  мен байланыстың дербес құралы  ретінде қолданылатын автоматты локомотив сигнал беруі кезінде станциялар арасындағы аралықтың өту бағдаршамдарымен (блок-учаскелердің шекараларымен) немесе өту бағдаршамымен (блок-учаскенің шекарасымен) және станциямен шектелген бөлігі;