Термопласттар. Термопластты полимерлердің үйінді тығыздығын анықтау тәсілдері

Кіріспе

Қазіргі уақытта  ғылым және техника саласында  пластикалық массаны қолдану  кең етек жайған. Халық шаруашылығында полимер материалдарын қолданбайтын саласыны айту қиын. Қазір пластмассалар  ерекше қасиетіне байланысты медицина, авиақұрылыс, радиоэлектроника және басқа да кешендерде жалғыз және алмастырылмайтын материал болып табылады.

Полимерлердің кең қолданылуы келесілерге негізделген

  1. Бір материалда бірнеше маңызды техникалық қасиеттердің біріктірілуінде
  2. Полимер материалдарынының синезіне қажеті шикізатардың қол жетімділігі
  3. Алдын ала қасиеттері берілген полимерлерді синтездеу мүмкіндігі
  4. Полимер материалдарын бұйымдарға өндеуде аздаған еңбек шығынының жеңілдігі

Пластмасса  өндеу процесі бірнеше технологиялық  процестердің жиынтығынан тұрады, олардың  көмегімен бастапқы полимерлерден эксплуатациялық қасиеттері таңдалған бұйымдар алуға болады. Пластмассаларының өңдеуiнiң әдiстерi тағайындауы бойынша даярлайтын, негiзгi және қорытындылаушыға бөлiнедi.

Алдын ала әзiрлеудiң әдiстерi қайта өңделетiн  шикiзаттың технологиялық қасиеттерiнiң жақсартуы үшiн қолданылады, сонымен бiрге шикiзаттар және өңдеу әдiстерiндегi бастапқы материалдар ретiнде қолданылатын (гранулалар, тәбiлеткiлер, парақтар) даярлауларды алу үшiн.

Алдын ала даярлау  әдісі өнделетін өнімнің технологиялық қасиетін жақсарту мақсатында, және жартылай өнім мен дайындамалар (гранула, таблетка, беттер) алу үшін қолданылады, олар өндеудің негізгі әдістерінде бастапқы материалдар ретінде пайдалынлады. Дайындалған әдістерге араластыру, вальцелдеу, таблетирлеу, кептіру, алдын ала қыздыру және бөлшектендіру жатады. 

Өндеудің негізгі  әдісі бастапқы материалдан белгіленген  пішіндегі дайын зат алу процесі  болып табылады.

Бұйымды дайындау экструзия, қысым астында құйма, пневмо- және вакуум құрастыру, ппрестеу, каладирлеу арқылыжүргізіледі. Өндеу әдісін таңдағанда полимердің табиғатына байланысты алынады (термопласт немесе реактопласт), себебі өндеу барысында оның жүрубарысы өзгеруі мүмкін.

Соңғы әдіс дайын  заттарға нақты пішін беріп, бұйымның элементтерiнiң ажырамайтын қосуларын құрады. Бұл әдістердің негізгілері заттарды механикалық өндеу, пісіру, желімдеу және қабат қаптау болып табылады.

 

 

 

  1. Процестің теориялық негіздері

 

Термопластикалық  материалдарға немесе термопласттарға (thermoplast, thermoplastic) өндеу процесінде қыздыру кезінде қатты агрегатты күйден сұйыққа айналатын полимерлерді айтамыз: жоғары эластикалық немесе тұтқырағынды (құйма термопласттар тұтқырағынды күйге өтеді). Салқындаған кезде қайтадан қатты күйге айналады. Қыздыру кезінде термопласттар қылығы термореактивті  материалдарға немесе реактопласттарға қарағанда өзгеше, олар өндеу кезінде қатайып және ары қарата сұйық агрегаттық күйге өте алмайды.

 

Термопласттардың  физикалық күйі

 

 

 Термопластты материалдар  қабылданатын фазалық күйіне байланысты аморфты және кристаллды (кристалданатын) болып бөлінеді. Кристалданатын термопластталдарда әрдайым белгілі мөлшерде кристалданбаған (аморфты) материалдар қалып отырады, сондықтан ол материалдарды кейде бөлшекті-кристалды деп атайды. Кейбір материалдар (РС) кристалдана алатындар қысым астында құйғанда кристалданбай аморфты болып қалады. Құймалану шартына байланысты аморф немесе кристалды болатын материалдар (РЕТ) бар. Басқалары (РРS) – кристалдану дәрежесін қатты өзгертетіндер мен технологиялық режим өзгерісінен қасиетін өзгертетіндер. Кристаллизацияға қабiлеттiлiгi - метериалдарды өндегенде мінез – құлығының өзгеруін анықтайтын және мiндеттi түрде бұйымдардың құрастыруында есепке алынуы керек болатын және пресс-қалып және құюдың технологиялық тәртiптбін таңдаудағы материалдардың өте маңызды қасиетi.

Кристализацияланатын  материалдар тұну және тұну анизотропиясының (бойлық және көлденен тұну айырмасы) жоғары деңгейі болады. Пигментер және басқада  қоспалар нуклеаторлар  тәрізді  кристазилацияланатын материалдардың құрылымын және қасиеттарін өзгертулері мүмкін.

Температураға байланысты аморфты термопласттар 3 физикалық күйде болады: әйнектәрізді, жоғары эластикалық және тұтқырағынды.

Әйнектәрізділерге шамалы деформация серпімділігі тән. Жоғары эластикалықтан әйнек тәріздіге өтеу температуралар диапазонында өтеді, олардың ортасын әйнектелу температурасы T(glasstransitiontemperature, Tg) деп аталады. Әйнектелі температурасы анықтау әдісіне байланысты өзгеруі мүмкін. Әйнектелу температурасы жоғарылағанда аморфты материалдың тасымалдануы температурасы жоғарылайды.

Жоғары эластикалық  күйдегі полимерлер жүз және одан да жоғары % жететін  қайтымды деформацияға ұшырауы мүмкін. Құйма тәрізді  термопластты материалдардың температурасын көтергенде жоғары элестикалық күйден тұтқырағынды күйге өтеді. Мұндай өзгерудің температурасын ағынды температура Тт деп атайды.

 

Пайдалану қасиеттеріне байланысты термопластардың  жіктелуі

 

Құйма термопластты материалдарды пайдалану қасиеттерінің  дәрежесіне қарай бірнеше топтарға бөледі. Осындай қасиеттердің біріне ұзақ уақыт пайдалану жатады.

 Пластмассаларды  шартты түрде топтарға бөледі (әр түрлі басылымдарда жіктелудің  бірнеше критерийлерін келтіреді):

  • Жалпы қолданысқа немесе жалпы техникалыққа арналғандар (generalpurposeplastics);
  • Конструкциялық пластмассалар немесе инженерлік – техникалаыққа арналған (engineeringplastics);
  • Суперконтрукциялы (super-engineeringplastics) немесе жоғары температураға тұрақты полимерлер (hightemperatureplastics).

Термопласттардың  ішінде термопластикалық эластомерлер немеес термоэластопластарды (ТРЕ) ерекше көрсетеді, олар технологиялық қасиеттері бойынша олар қарапайым термопласттарға жатады, пайдалану қасиеттеріне карай каучуктер  мен резиналарға ұқсас, олар үлкен қайтымды деформацияға ұшырай алады. Ұзақ пайдалану температурасы қарай термопласттар жалпы қолданысқа (generalpurpose TPE) және инженерлі – техникалық қолданысқа (engineering TPE) арналған материалдар болып бөлінеді.

 

Химиялық  құрылымына байланысты термопласттардың жіктелуі

 

Химиялық құрылымына байланысты құйма термопластты материалдар әдетте бірнеше топтарға (кластарға) бөлінеді. Қазіргі өнеркәсіптерде полиолефиндердің (РО) көптеген түрлерін өндіреді, олардың ішінде ммаңызды топтарына полиэтилендер (РЭ) мен полипропиленден (РР) жатады. Материалдардың көптеген түрлері стиролды пластиктер (PS), полиамидтер (РА), күрделі полиэфирлер (polyester) топтарында келтірілген.

Полимерлерді целлюлоза  (cellulosicplastics), фторопластты (fluoroplastics) негіздегі топтарға дәстүрлі бөледі.

 

Өндіру  көлеміне байланысты термопласттардың жіктелуі

 

Әдебиеттерде  жиі үлкен тоннажды материалдарды  ерекшелейді, оларға полиэтилен (РЕ), полипропилен (РР), негізгі стиролды пластиктер (РS) мен негізінен АБС (АВС), акрилаттар (acrylic), ПВХ (PVC) және бутылкалы ПЭТ (PET) жатады.

 

Гомополимерлер. Сополимерлер. Стереизомерлер

 

Бірдей мономерлерден  тұратын полимерлер гомопилимерлер (homopolymer), ал әр түрліден – сополимерлер (copolymer).

Кейбір материал (полипропилен, полистирол, және т.б.) түрлері  химиялық формуладан басқа стереоизомерияға мән береді – атомдардың бүйір топтарының кеңістіктік конфигурациясы полимерлік тізбекке қатысты. Стереометрияның маңызды түрлері:

  • Изотактикалық (isotactic) – бүйір топтары “бір жақты” полимерлі тізбекте орналасқан;
  • Синдиотактикалық (syndiotactic) – бүйір тізбектер “бір жақтан басқа жаққа” қарай сатылы кезектесетін полимерлі тізбек;
  • Атактикалық (atactic) – бүйір тізбектің “бір жақтан басқа жаққа” ретсіз орналасатын полимерлік тізбек.

 

Толтырғыштың түрi бойынша термопласттардың жіктелуі

 

Толтырғыштар термопласттардың пайдалану және технологиялық қасиеттерін біраз өзгертуі мүмкін. Термопласт құрамында шыныталшықтары мен басқа шыны түрлері бар толтырғыштарды дәстүрлі түрде шыныпластиктер (glassfilled) деп атайды. Соңғы жылдары өңдеудің ерекше жағдайын талап ететін ұзын шыныталшықты материалдары кең тараған.

Көмірпластиктер (carbonfilled) деп көмір талшықтары бар материалдарды атайды.

Кейде “арнайы” термопласт топтарын ерекшелейді. Оларға анетаприн (жануға тұрақтылығы жоғары материалдарды атайды), электрөткізгіш қоспалары (антастатикалық, электрөткізгіш, ЭМИ – экрандайтын материалдар), антифрикционды қоспалар (үйкеліс коэффициенті азайтылған материалдар), қоспалары бар материалдар жатады.

 

Физикалық қасиеттері

 

Полимерлердің физикалық қасиеттері мономер сипатына ғана емес, көпшілік жағдайда тізбектегі орташа мономерлік звенолар санына және соңғы макромолекулада тізбектер қалай орналасуына байланысты. Тізбектің орташа ұзындығы мен полимеризациялану дәрежесі бірнеше эксперименттік жолмен анықталады (мысалы, осмометриялық – әртүрлі ерітінділердің осмотриметриялық қысымының өзгеруі; тұтқырметриялық – тұтқырлығының өзгеруінен; оптикалық әдәс – әртүрлі ерітінділердің сәулежұтуының өзгеруі; ультрацентифугилеу – бұл жағдайда заттар тығыздықтары бойынша бөлінеді). Үйінді тығыздық – брутто полимердің салмағын білдіреді г/см³.

  1. Шикізат, өнімдер мен материалдардың қысқаша сипаттамасы

 

Полиэтилен — [—CH2——CH2—]n, ақ түсті термопластикалық полимер. Полиэтиленді алғаш AlBr катализаторын қолданып, Г.Г. Густавсон алған (1884). 1933—36ж 100МПа қысым мен 200ºС температурада Англия мен КСРО - да, кейінірек Германия мен АҚШ - та өндіріле бастады. Өнеркәсіп жағдайында жоғары қысымды полиэтиленді (тығыздығы 0,913 — 0,934 г/см3, балқу температурасы 102 — 105ºС) және төмен немесе орташа қысымды полиэтиленді (тығыздығы 0,919 — 0,973 г/см3, балқу температурасы 125 — 137ºС) этиленнің полимерленуі нәтижесінде алады. Полиэтиленнің физика-химиялық қасиеттері температураға өте тәуелді. Температура өзгергенде кристалдану дәрежесі, тығыздығы, т.б. көрсеткіштері өзгереді. Тығыздығы төмен полиэтилен 20ºС-та айына 0,04% су сіңіреді, ал тығыздығы жоғары полиэтилен үшін бұл көрсеткіш 0,01 — 0,04%. Бөлме температурада органикалық еріткіштер әсер етпейді, тек ғана HNO3-те, хлорланған және ароматты көмірсутектерде ериді. Полиэтилен — халық шаруашылығында өте кең қолданылатын полимер. Ол жұқа пленка, су құбыры, химиялық аппарат бөліктерін, құты, стакан, тығын, тех. бұйымдар, т.б. дайындауда, ауыл шаруашылығында көкөніс пен жеміс өсіру ісінде қолданылады. Қазақстанда Атырау қаласындағы химиялық зауыт түйіршікті полиэтилен өндіріп, еліміздің 200-дей кәсіпорнын шикізатпен қамтамасыз етуде.

Полиэтилен радиотехника ментелеқондырғыларда электроқшаулағыш, химиялық өндірістерде антикоррозиялық жабындар ретінде, сондай-ақ орама кабыршақтар мен ыдыстар жасауда, мата, қағаз, ағаш өнімдеріне сіңіруге қолданылады. Полиэтиленнен химиялық өнеркәсіпте корпустар, футеровкалар, сонымен қатар химиялық белсенді және күйдіргіш заттар әсер ететін жағдайларда жұмыс істейтін қондырғылардың әр түрлі бөлшектері жасалады.

 

Сурет 1. Полиэтилен

 

Полипропилен (nCH2=CH(CH3) → [-CH2-CH(CH3)-]n) пропиленнің полимерлену өнімі, ақ түсті қатты зат. Полипропиленді радикалдық полимерлеу әдісімен алғанда, кіші молекулалы сұйық өнім түзіледі. Ал стереореттелген жоғары молекулалы полимерін алу үшін триэтилалюминий (С2Н5) А1 және тетрахлортитан ТіС14 катализаторлары қолданылады. Полипропиленнің бүйір топтары негізгі тізбек осінің бойында оралма тәрізденіп, әрбір екі элементарлы буыннан кейін кезектесіп орналасады. Полипропилен жоғары температураның өзінде де қышқыл, негіз және майлардың әсеріне төзімді. Кәдімгі температурада ешбір еріткіште ерімейді, ал 80ºС-тан жоғары температурада қыздырғанда, ароматты көмірсутектер мен хлорлы парафиндерде  ериді.

Полипропилен полиэтиленге өте ұқсас. Түсі ақ, қолға майдай сезіледі, термопластикалы материал. Молекулалық массасы 300—700 мың аралығында, тығыздығы 920 кг/м. Полиэтиленнен айырмашылығы — берік, жоғары температурада (160ºС—170ºC) жұмсарады. Полипропиленнен аса берік оқшаулағыштар, түтіктер, машина тетіктері, химиялық құрылғылар жасайды. Берік болғандықтан, қажалуға төзімді арқан, тор, техникалық мата алуда қолданылады.

 

Сурет 2. Полипропилен

 

 

Поливинилхлорид (ПВХ)  [-CH2-CHCl-]n (гр. poly — көп, лат. vinul — шарап және хлорид) — тұрмыста кең қолданылатын, маңыздылығы жағынанполиэтиленнен кейін екінші тұрған синтетикалық полимер. ПВХ-дан құбырлар, терезе жақтаулары, терезе жапқыштар, дастарқандар, еден төсеніштері, ойыншықтар, ыдыстар, қаптар, жәшіктер, т.б. жасалады. Тамақ өнімдерін ПВХ-дан жасалған бұйымдармен қаптауға болмайды. ПВХ-дан жасалған бұйымдарды қоқыс жағатын заводтарда жағу ерекше қауіп туғызады. Себебі, жағу нәтижесінде атмосфераға ПВХ құрамына кіретін диоксиндер.

 

 

Сурет 3. Поливинилхлорид

Полистирол (ПС) – стирол полимері:

Атактикалық полистиролды стиролды радикалды полимеризация  кезінде  инициаторлар ретінде пероксидті немесе азоқосылыстар қатысында  алады. Полимеризацияны массалық, эмульсияда (сулы ортада), жиі суспензияда өткізіледі. М = 500 + 2000 мың. Маркалық құрамы полистиролды алу әдісіне байланысты анықталады.  Полистирол маркасы массалық полимеризация - ПСМ, суспензиялық – ПСС, эмульсияда – ПСЭ деп белгіленеді. Полистирол балқымасының аққыштық көрсеткіші 1,5 – ден 15- ке дейін өзгереді. Тұрақтандырылған гранула немесе ұнтақ түрінде шығарылады.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Зерттеу схемасын, өту параметрлерін таңдау және негіздеу

 

Үйінді тығыздық – бірлік көлемдегі полимердің түйіршіктену массасы (кг/м).  Сусымалы материалдардың үйінді тығыздығы пішін мен жеке бөлшектердің өлшеміне (түйіршікметриялық құрам), тығыздық, ылғалдылық, кедір – бұдырлық, және т.б. жағдайларға тәуелді. Төмен үйінді тығыздықты (200 – 400 кг/м³) полимелік материалдар, әдетте,  нашар сусымаланады. Сондықтан олардың көлемдік дозалауында  дәлдік дозалану бұзылып,  өндіру режимінің өзгеруіне, қондырғының өнімділігінің төмендеуіне және жарамсыз өнімдердің шығуын көбейтеді. Конструкциялық термопластты материалдардың үйінді тығыздығының оптималды мәні 600 – 800 кг/м.

Үйінді тығыздық – брутто полимердің салмағын білдіреді г/см³. Егер масса жүктеменi тарттырса, толтырылған тығыздық пайда болады. Ректопласттарға тән нығыздау дәрежесі формаланатын массаның үйінді тығыздығына жуықтама меншікті салмақ қатынастарын түсіндіреді. Осы үш параметрлердің өлшемі DIN 53 466 стандартымен жасалады.

Термопласты полимерледің үйінді тығыздығын воронка және Скотт  волюмометрін пайдалану арқылы анықтауға  болады.

 

 

    1. Термопластты полимерлердің үйінді тығыздығын анықтау.

 Воронка арқылы анықтау

 

Қондырғылар:

  • 0,1г дәлдікпен анықтайтын таразы;
  • Сыйымдылығы (100±0,5) см³, ішкі диаметрі (45±5) мм металдан жасалған, іші жағы тегіс өлшегіш цилиндр

Тәжірибені  жүргізу:

Воронка тігінен, төменгі жағын өлшегіш цилиндрден 20 – 30 мм арақашықтықта орналастырады. Тәжірибе жүргізер алдында порошок немесе түйіршік тәрізді материал сыналасын жақсылап араластырады. Воронканың төменгі жағын тығын арқылы ашып, воронкаға  110 – 120 см³ порошок немесе түйіршік тәрізді материалды салады.

Қақпақты тезетіп ашып, материалды өлшегіш цилиндрге себілуіне мүмкіндік береміз. Егер материал электрикалық заряд әсерінен себілмесе, алюминий гамма оксиді немесе көмір күйесі (бірнеше процент) немесе этанол (бірнеше миллилитр) пайланып басқа тәжірибе жүргізеді.

Өлшегіш цилиндр  толық толған кезде артық материалды алып тастау үшін тіке пластинкамен бетін тегістейді. Өлшегіш цилиндрдің ішіндегісімен бірге 0,1 г дәлдікке дейін таразымен өлшейді.

Тәжірибе жасалатын  сынамамен екі анықтау жүргізіледі.

 

 

Эксперименттік  мәліметтерді өндеу:

Үйінді тығыздықты келесідей анықтайды:

 

 

 

    1. Скот волюмометрі арқылы үйінді тығызғыздықты анықтау

 

Үйінді тығыздықты волюмометр арқылы анықтау 2 - суретте  көрсетілген:

 

Жұмыс істеу реті:

  • Көлемі V=25 стаканды өлшеп, штативтің ойығына орнатамыз.
  • Стакан мен волюмометр арасын 25 ± 0,05 мм болатындай орнатамыз.

Тәжірибені  жүргізу:

Воронка тігінен, төменгі жағын өлшегіш цилиндрден 20 – 30 мм арақашықтықта орналастырады. Тәжірибе жүргізер алдында порошок  немесе түйіршік тәрізді материал сыналасын  жақсылап араластырады. Воронканың төменгі жағын тығын арқылы ашып, воронкаға  110 – 120 см³ порошок немесе түйіршік тәрізді материалды салады.

Қақпақты тезетіп  ашып, материалды өлшегіш цилиндрге  себілуіне мүмкіндік береміз. Егер материал электрикалық заряд әсерінен себілмесе, алюминий гамма оксиді немесе көмір күйесі (бірнеше процент) немесе этанол (бірнеше миллилитр) пайланып басқа тәжірибе жүргізеді.

Өлшегіш цилиндр  толық толған кезде артық материалды алып тастау үшін тіке пластинкамен бетін  тегістейді.

Өлшегіш цилиндрдің ішіндегісімен бірге 0,1 г дәлдікке дейін таразымен өлшейді.

Тәжірибе жасалатын  сынамамен екі анықтау жүргізіледі.

 

 

Эксперименттік  мәліметтерді өндеу:

 

Үйінді тығыздықты келесідей анықтайды:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Зерттеуге қажетті жабдықтар таңдау және негіздеу

 

    1. Воронка конструкциясы

 

      1. Бірінші саңылауы мм, екіншісі мм болатын воронка (сурет 1).

 

      1. Сыйымдылығы (25 ± 0,05) см³ және ішкі диаметрі (30 ±1) мм болатын цилиндрлі сыйымдылық.

Сыйымдылық  пен воронка магнитсіз, коррозия берік, қабырғасы жеткілікті қалың және қатты, деформация мен шамадан тыс жемірілуге төзімді металдан (мысалы МЕСТ 5632 12х08Н10Т маркалы болаттан) жасалуы керек. Сыйымдылық пен воронканың беті тегістелуі қажет.

 

      1. Өлшеу қателігі 0,05 г аспайтын лабораториялық таразылар МЕСТ 24104 және т.б.  .

 

      1. Сыйымдылық пен воронканы бекітуге арналған тіреу мен горизонталь діріл төзімді негіз (сонымен бірге тіреу воронканың саңылауы сыйымдылықтың жоғарғы бөлігінен 25 мм биіктікте болуын белгілейді) осьтік қондырылу керек (сурет 2).  

 

 

    1. Скот волюмометрінің конструкциясы

 

      1. Цилиндрлі бөліктерге бөлінген және 1,18 мм  саңылаулы латун ситосы бар үлкен және кіші конусты воронка.

МЕСТ 6613 бойынша 1,25 мм саңылаулы латун ситосын қолдануға рұқсат етіледі.

 

      1. Квадрат қимасының қорабы алып, тазалауға оңай болатындай етiп оның қарама-қарсы (бүйiрлеу ) жағына саңылаулар арқылы орналастырылып және ұстап тұратын төрт шыны көлбеген пластинкалары бар.

Пластинка түйіршіктер  әрқайсысына кезектесіп құлау үшін орналастырылған, нәтижесінде түйішіктердің  құлауы тоқтатылып, ағынның жылдамдығы азаяды.

Шыны  пластинкалар шыны пластинканың жоғарғы шеті мен қорабтың жанынан түйіршіктер төгілмейтіндей етіліп орналастырылады, және шыны пластинканың төменгі шеті бір линияда немесе шамалы тік жазықтыққа  жабылуып орналасуы керек.

Скот  волюмометрінің типтік конструкциясы 1 және 2 суретте көрсетілген. Көрсетілген  шамалар  міндетті болып табылады. Жоғарыда келтірілген шарттар орындалған кезде басқа шамалар шамамен өзгеруі мүмкін.

 

      1. Сыйымдылықты, қорабтарды және воронкаларды бірдей ось пен биіктікте (аралықта) ұстап тұратын тіреу мен горизонталь дірілге төзімді негіз суретте көрсетілген.

 

    1. Сыйымдылығы (25 ± 0,05) см³ және ішкі диаметрі (30 ± 1) мм болатын цилиндрлі сыйымдылық.

Ескерту – Сыйымдылық пен воронка магнитсіз, коррозияға төзімді, қабырғасы жеткілікті қалың және қатты, деформация мен шамадан тыс тозуға төзімді металдан жасалуы керек (мысалы МЕСТ 5632 12х18Н10Т маркалы болаттан) және сыйымдылық пен воронканың беті тегістеулі болу керек.  

 

4.3. Өлшеу  қателігі 0,05 г аспайтын лабораториялық  таразылар МЕСТ 24104 және т.б.  .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қондырғыдағы қауіпсіздік шаралары және еңбекті қорғау

 

 

Полимерлі материалдар  арзандығымен, жеңілдігімен және беріктігімен ерекшеленеді. Осының арқасында олар ремонт өндірістерінде пайдаланады. Алайда олардың көбісі улы, жанғыш, ал кейбіреулері жоғары қыздыру барысында зиянды заттар бөледі. Сондықтан полимер материалдарымен жұмыстарды изоляцияланған өндірістік кеңістікте ауа температурасы 15 -тан төмен емес және сәйкес ылғалдылығы 70%-дан жоғары емес болатын етіп өткізеді. Қабырғалар сылануы және жерден 2  м-ден кем емес ұзындыққа тақталанған плиткамен қапталған болуы керек. Мұндай кеңістікте ауаның сағатына алмасуы 8,10 есе-ден кем емес құйылутартылуы бар желдетуді ескереді. Осында синтетикалық шайырлар, желімдер, т.б. сақтау үшін тартқыш шкафтар орнатады.

Полимер материалдарымен жұмысқа 18 жастан кіші емес (әйелдерден басқа), берілген жұмыс түрін орындауға медициналық комиссиямен жіберілген және жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі бойынша алғаш инструктаждан өткен адамдар ғана жіберіледі. Жұмысшылар міндетті түрде норма бойынша арнайы киім мен басқа да қорғану заттарын қолдану керек.

Полимер құрамын  жасайтын жұмыс орындарын жұмысты  аяқтағаннан кейін жағып жіберетін  қағазбен жабу қажет. Технологиялық  процесс барысында бөлшектер  өлшемдері оның жарылыс қаупіне  байланысты 0,1 мм-ден кем емес шақ тәрізді копронды пайдалануға тыйым салынады. Полимер материалдарын желдеткіш орнатылған оқшауланған бөлмеде сақтайды. Полимерлерді жылытқыш приборлардың, кептіргіш камералардың және электр қозғалтқыштардың қасында сақтауға тыйым салынады. Полимерлі композицияларды дайындау және қыздыру, буландыруды тек тартқыш шкафта жүргізу керек, ондағы есіктерді қыздырғышты сөндіргеннен кейін 5минуттан ерте емес жағдайда ашуға болады.

Эпоксидті шайырлардың  зиян әсерінен қорғану үшін қолға  алдын ала сұйық мазь (вазелин мен манолин негізінде) жағады және периодты түрде (2 сағат жұмыс сайын) оны сабынмен жылу сумен жуады. Эпоксидті қосылыстарды бөлікке тек арнайы құрал (шпатель немесе күрекшемен) көмегімен жағады. Оның артық мөлшерін бөлшектен қағазбен алады, содан соң ацетонмен немесе басқа еріткішпен суланған мақтамен алып тастайды. Эпоксидті шайырлар теріге тиген жағдайда, оны жұқа матадан жасалған құрғақ дәкемен, сонан соң ацетонға батырылған тампонмен сүртеді, одан соң қолды сабынды суда жуады, қолдың терісіне тиген жағдайда қолды мұқият сабынды жылы суда жуып, сабынды паста жағады. Полимерлермен жұмыс барысында шылым шегуге және тамақтануға тыйым салынады.

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен, полимерлер қасиеттеріне байланысты машина құрылысында, текстильді өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және медицинада, авиақұрылыста, тұрмыста (ыдыс-аяқ, желім мен лактар, әр түрлі бұымдар) пайдаланылады. Бұлардан резина, талшықтар, пластмассалар, пленкалар дайындалады. Полимерлердің артықшылықтарына олардың жеңілдігі, майысқақтығы, беріктігі және арзандығы жатады. Сонымен қатар бірқатар кемшіліктері де бар: адамның денсаулығына зиян, тез жанады, ауа өткізбейді және синтездік полимерден қоршаған ортаға адам өміріне зиян заттар бөлінеді.

Осыларға қарамастан, полимерлер қазіргі уақытта көптеген салаларда кездеседі. Ғылыми техникалық даму бір орында тұрмағандықтан, қазірде полимерлерден жетілдірілген жаңа бұйымдар түрлері жасап шығарылуда.

Бұл әдістер  арқылы түйіршіктер мен порошоктардың  үйінді тығыздықпен қатар аққыштығын, престелуін, шайқалудын кейінгі тығыздықты анықтауға болады. Үйінді тығыздық порошоктың еркінүйінді тығыздығы деп аталады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Рябов В.Д. Химия нефти и газа 2004.-288с.
  2. Химия нефти/ Под ред. Сюняева З.И.-Л.: Химия, 1984-315 с.
  3. Шур А.М. Высокомолекулярные соединения. – М.: Высшая школа
  4. Дияров И.Н., Батуева И.Ю., Садыков А.Н., Саядова Л.Н. Химия нефти. Руководство к лабораторным занятиям.-Л.: Химия, 1990.-170с.
  5. Интернет ресурстары
  6. Тагер А.А. Физико-химия полимеров. – М.: Химия. 1968