Тұлға ұғымының мәні мен түсінігі

АҚ «ҚАРЖЫ АКАДЕМИЯСЫ»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жобалық жұмыс

Тақырыбы: Тұлға ұғымының мәеі мен түсінігі

 

 

 

 

 

 

 

Қабылдаған:Тортаев Т.К.

 

Орындаған:Ақтай С.Ғ.

 

 

 

 

 

 

 

Астана қаласы

2012 жыл

МАЗМҰНЫ

  1. КІРІСПЕ.........................................................................................3

 

  1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ............................................................................4

 

    1. Тұлға ұғымы.......................................................................4
    2. Тұлғаның әлуметтенуі........................................................7
    3. Тұлғаның дамуына әлуметтік ортаның әсері.................10
    4. Тұлғаның әлуметтік қатынастарғы қатысуы..................12

 

  1. ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................19

 

  1. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Адамзаттың  жекелеген өкілдерінің өмір сүруі  “индивид” ұғыммен байланысты. “Индивид дегеніміз халық, қоғам, тап, әлеуметтік топ сияқты әлеуметтік қауымдастықтардың, жалпы адамзаттың жеке өкілі ретінде, нақты адам ретінде түсіндіреді. Әлеуметтануда “индивид” ұғымы  әлеуметтік қатынастардың жеке дара алғандағы өкілі қарастырылған  жағдайда қолданылады. Индивидтер қызметінің бірігуі нәтижесінде әлеуметтік қатынастардың жүйесі қалыптасады. Бұл жерде индивид ұғымы “нақтылы адам” мағынасында қолданылады. Тұлға ұғымы адамның және индивидтің табиғи емес мән-мағынасын айқын  көрсету үшін енгізілген, яғни бұл  ұғым оның әлеуметтік бастауларын айқындайды.

Бүгінгі таңда тұлғаны  өзіндік ерекше қасиеттерге ие құбылыс, қоғамдық қатынастардың субъектісі мен объектісі, «жүйенің» қызметтік рөлдік «жүйелері» ретінде өзіндік реттеуге, адамшылық-эстетикалық, саяси дүниетанымдық таңдауға саналы және еркін түрде қабілетті тұлғаны жан-жақты зерттеудің өмірлік қажеттілігі қазіргі уақытта қоғамтану және «адамтану» ғылымдары үшін өте өзекті мәселе болып отыр.

Бұл тұрғыдан алғанда әлеуметтанудың да осы мәселеге қосар өзіндік үлесі бар. Өйткені  әлеуметтану үшін тұлғаның қалыптасуы мен оның гуманистік айқындалуы және дамуын айқындау өте маңызды. Сол себепті мен жобалық жұмысымның тақрыбын «Тұлға ұғымының мәні және түсінігі»-деп алдым.

Жобалық жұмыстың зерттеу объектісі: Тұлға және тұлғаны қоршайтын қоғам.

Жобалық жұмыстың мақсаты:Тұлға ұғымының мәнін ашу.

Жобалық жұмыстың міндеттері:

    1. Тұлға ұғымын жан-жақты қарастыру.
    2. Тұлғаның қалыптасуы мен әлуметтенуін көрсету.
    3. Тұлғаның дамуына әлуметтік ортаның әсерін бақылау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тұлға ұғымының мәні мен  түсінігі

 

Тұлға - жеке адамның өзіндік  адамгершілік, әлеуметтік, психология қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерішң жиынтығы, қоғамдық даму жемісі мен белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі

Басқаша айтқанда, адамның тарихи дамуының әртүрлі  деңгейлерінде жеке алғандағы және нақтылы-тарихи өзгешіліктерін көрсету  үшін “индивид” деген ұғыммен  қатар, “тұлға” деген ұғымды қолданады. Тұлға дегеніміз – индивид  дамуының қорытындысы және мұнда  барлық адамдық сапалар неғұрлым толық көрініс табады.

Әлеуметтік  өмірде адамдардың бір бірімен әртүрлі  салада тығыз қарым-қатынасының, өздерінің  белсенді, саналы іс-әрекеттері арқасында  индивид (жеке адам) әлеуметтендіріліп, бірте бірте, келе келе тұлғаға айналу керек. Тұлғаның өзіндік өзгешіліктері, саналығы, бағалы бағдарлары мен әлеуметтік қатынастары, қоғамға қатысты бірқатар дербестіктері және өз іс-әрекеттері үшін өзінің жауапкершілігін түсіну, т.б. тұлғаның бойынан табылуға тиісті міндетті сипаттамалары болып саналад. Тұлға өзі өмір сүріп отырған  әлеуметтік ортада болып жататын  әлеуметтік елеулі іс-әрекеттердің нәтижесі ғана емес, сонымен бірге олардың  себепшілері де болып табылады. Сондықтан  да халықтың рөлін жақтаған көзқарастар  проблеманың тұлғалық жағын ғана жоққа шығармауға тиіс.

Адамзаттың  жекелеген өкілдерінің өмір сүруі  “индивид” ұғыммен байланысты. “Индивид дегеніміз халық, қоғам, тап, әлеуметтік топ сияқты әлеуметтік қауымдастықтардың, жалпы адамзаттың жеке өкілі ретінде, нақты адам ретінде түсіндіреді. Әлеуметтануда “индивид” ұғымы  әлеуметтік қатынастардың жеке дара алғандағы өкілі қарастырылған  жағдайда қолданылады. Индивидтер қызметінің бірігуі нәтижесінде әлеуметтік қатынастардың жүйесі қалыптасады. Бұл жерде индивид ұғымы “нақтылы адам” мағынасында қолданылады. Тұлға ұғымы адамның және индивидтің табиғи емес мән-мағынасын айқын  көрсету үшін енгізілген, яғни бұл  ұғым оның әлеуметтік бастауларын айқындайды.

Әлеуметтік өзара іс-қимылдар мен қарым-қатынастардың ұйытқысы жеке тұлға болып табылады. Адам тұлғасын зерделегенде оның көріністерін мынадай деңгейлерге бөлу қалыптасқан:

    • табиғи деңгей - адамның өзінде бар және оған басқа адамдардың ықпалынсыз дамитын деңгей;
    • биологиялық деңгей - шығу тегі бойынша ортақ болуы, бүл орайда адамның жануармен ұқсас болуы міндетті емес;
    • мұрагерлік деңгей - ата-аналарының тектік қорының негізінде тіршілік етіп дамитын деңгей; ол биологиялық (бірақ биологиялықтың бәрі мұрагерлік емес);
    • әлеуметтік деңгей - адамның әлеуметтену, басқа адамдармен араласуы мен өзара іс-қимылы барысындағы деңгей.

 

Әлеуметтік көрініс кең мағынасында үш құрамдас бөліктен тұрады:

    • өзіндік әлеуметтік - өзінің әлеуметтік рөлдерін қалыпты атқаруға қажет деген белгілер жиынтығы;
    • ерекшеленген мәдени - автоматты түрде сақталатын, жеке адамның ажырамас белгісіне айналған және басқалардың оны тәрбиелі деп санауына мүмкіндік беретін әдептілік мінез-құлық нормалары мен ережелерінің жиынтығы;
    • ізгі - адамдағы әдеп нормаларын ең жоғары талаптар ретінде сақтауға байланысты әлеуметтік және мәдени бастамалардың жарқын көрінісі.

Бұлайша іріктеу “адам”, “жеке адам” және “тұлға” ұғымдарының аражігін ажырату  үшін қажет. “Адам” ұғымы жалпыға ортақ, ол барлық адамдарға тән сапалар мен қасиеттерді сипаттау үшін пайдаланылады. Бұл ұғым дүниеде  өзіне ғана тән тіршілік ету тәсілімен басқа барлық материалдық жүйелерден өзгеше адам әулеті, адамзат сияқты ерекше тарихи дамушы қауымдастықтың бар екенін көрсетеді. Осынау тіршілік ету тәсілінің арқасында адам тарих дамуының барлық сатысында, жер шарының барлық нүктелерінде адам баласы болып қалады, онтологиялық мәртебесін сақтайды.

Бірақ адамзат  өз бетінше өмір сүрмейді. Өмір сүретін  де, әрекет ететін де нақты адамдар. Адамзаттың жеке өкілдерінің өмір сүруі  «жеке адам» деген ұғыммен  көрсетіледі. Жеке адам - адамзаттың жеке дара өкілі, оның барлық әлеуметтік және психологиялық белгілерінің: ақыл-ойының, ерік-жігерінің, қажеттіліктерінің, мүдделер және т.б. иесі. “Жеке адам” ұғымы  бұл арада “нақты адам” мағынасында  қолданылады.

Адамның жеке басының және тарихи дамуының түрлі  деңгейлеріндегі нақты-тарихи даму ерекшеліктерін көрсету үшін “жеке  адам” ұғымымен қатар “тұлға” ұғымы пайдаланылады. Тұлға – жеке адам дамуының нәтижесі, оның барлық адамдық қасиеттерінің неғұрлым толық жүзеге асуы.

Тұлға бірқатар гуманитарлық ғылымдардың зерттеу  объектісі болып табылады. Философия  тұлғаны дүниеде қызмет ету, таным  және шығармашылық субъектісі ретінде  қарастырады. Психология тұлғаны психикалық процестердің, қасиеттердің және қарым-қатынастардың: темпераменттің, мінездің, қабілеттің, ерік-жігердің және т.б. орнықты тұтастығы ретінде зерттейді. Әлеуметтану көзқарасы тұлғаның әлеуметтік-типтік белгісін бөліп қарайды.

Әлеуметтану проблемаларының бірі тұлғаның құрылымдық талдау болып табылады. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы жеке адамның әр алуан қызметі  барысында, өзі кіретін қауымдастықтар мен бірлестіктердің ықпалымен  қалыптасатын және қызмет атқаратын  объективті және субъективті қасиеттерінің  жиынтығын қамтиды. Тұлғаның құрылымында  мыналар бөліп қаралады:

1) өмір салты  мен еңбек, қоғамдық-саяси, мәдени-танымдық, отбасылық-тұрмыстық сияқты қызметтерде  көрінетін әлеуметтік сапаларды  жүзеге асыру тәсілі;

2) тұлғаның  объективті әлеуметтік қажеттіліктері. Тұлға - қоғамның органикалық  бөлігі, сондықтан оның құрылымы  негізінде қоғамдық қажеттіліктер  орын алады. Басқаша айтқанда, тұлғаның құрылымы қоғамдық тіршілік  иесі ретінде адамның дамуын  анықтайтын объективті заңдылықтармен  айқындалады. Тұлға бұл қажеттіліктерді  ұғынуы да, ұғынбауы да мүмкін, бірақ та ол қажеттіліктер  тіршілік етуін, өмір сүруін  тоқтатпайды және  тұлғаның мінез-құлқына  айқындық енгізіп отырады;

3) шығармашылық  қызметке - қабілеттілік, білім, дағды жатады. Қалыптасқан тұлғаны қалыптасудың бастапқы сатысындағы жеке адамнан айырып көрсететін де оның дәл осы шығармашылық қабілеттері;

4) қоғамның  мәдени құндылықтарын игеру дәрежесі, яғни тұлғаның рухани жан дүниесі; 

5) тұлға басшылыққа  алатын ізгілік нормалары мен  принциптері. Және, ақырында сенімдер - адам мінез-құлқының басты бағытын  анықтайтын ең терең принциптер. Сенімдер тұлғаның тұлғалық құрылымының өзегін құрайтын объективті қажеттіліктерді сезінуімен байланысты.

Әлеуметтануды бірінші кезекте ортақ мәселе қызықтыратын болғандықтан, жеке адамға қатысты әлеуметтанудың түбегейлі  проблемаларының бірі - әлеуметтену процесі болып табылады.

 

Әлуметтену ұғымы.

 

“Әлеуметтену” ұғымы жалпылама түрде жеке адамның әлеуметтік топ пен жалпы қоғамға тән мәдениет ұғымына кіретін және жеке адамның қоғамдық қарым-қатынастардың белсенді субъектісі ретінде қызмет атқаруына мүмкіндік беретін белгілі бір білім, норма, құндылық, ұстаным, мінез үлгілері жүйелерін меңгеруі процесін сипаттайды.

Әлеуметтенуден  бейімделуді (жаңа шарттарға үйренудің  уақыт бойынша шектелген процесі), оқытуды (жаңа білім алу), тәрбиені (әлеуметтендірудің агенттері мен институттарының жеке адамның рухани аясы мен мінез-құлқына мақсатты түрде ықпал етуі), есеюді (адамның 10 жастан 20 жасқа дейінгі кезеңде әлеуметтік психологиялық қалыптасуы) және ержетуді (адам организмінің жеткіншектік және жастық шағындағы нығаюының физикалық-физиологиялық процесі) ажырата білу қажет.

Әлеуметтену процесі негізгі өмір тізбектері деп аталатын сатылардан өтеді. Бұл балалық, жастық, ересектік және қарттық шақ. Әлеуметтену процесін нәтижеге жетуі немесе аяқталуы бойынша балалық пен жастық кезеңдерді қамтитын бастапқы, немесе ерте әлеуметтенуге және басқа екі кезеңді қамтитын жалғасқан әлеуметтенуге бөлуге болады. Өмір тізбектері әлеуметтік рөлдердің алмасуымен, жаңа мәртебеге ие болумен, зиянды әдеттерден, айналасындағылардан, достық байланыстардан бас тартумен, өмір салтын өзгертумен байланысты. Ескі құндылықтарды, нормаларды, рөлдер мен мінез-құлық ережелерін ұмыту әлеуметсіздену деп аталады. Содан кейінгі ескі құндылықтардың орнына жаңа құндылықтарға, нормаларға, рөлдер мен мінез-құлық ережелеріне үйрену қайта әлеуметтену деп аталады.

Әлеуметтенудің  мәні адамды өз қоғамының мүшесі етіп қалыптастыратындығында. Кез келген қоғам өзінің әлеуметтік, мәдени, діни, этикалық мұраттарына барынша сай  келетін адамның белгілі бір  типін қалыптастыруға тырысып келген және тырысады. Алайда бұл мұраттардың  мазмұны тарихи дәстүрлерге, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуға, қоғамдық және саяси  құрылымға қарай әр түрлі болады. Дей тұрғанмен, қазіргі заманда  қоғамның толыққанды мүшесінің мұраты көп, жалпы немесе әр түрлі қауымдастықтар үшін азды-көпті үйлесетін сипаттамасы  бар екенін айтуға болады. Соған  сәйкес әлеуметтену процесі де әр түрлі қоғамдарда белгілі бір  ерекшеліктерді сақтай отырып, әмбебап  және үйлесімді сипаттамаға ие болады, бұл ғаламдық, жалпы планеталық және жалпы әлемдік тенденциялармен (кенттену мен ақпараттандырудан экологиялық және демографиялық үрдістерге дейін) байланысты.

Әлеуметтену процесінің мазмұны  кез келген қоғам өзінің мүшелері еркектің немесе әйелдің рөлін сәтті  меңгергеніне (яғни жыныстық-рөлдік әлеуметтенуге), өндіріс қызметіне білікті қатыса алуына және қатысқысы келуіне (кәсіби әлеуметтену), берік отбасын құруына (отбасылық рөлдерді игергеніне), заңды  сыйлайтын азаматтар болуына (саяси  әлеуметтену) және т.с.с. мүдделі екендігінде. Мұның бәрі адамды әлеуметтену объектісі  ретінде сипаттайды. Алайда, адам әлеуметтену  объектісі болып қана қоймай, субъектісі болған кезде де қоғамның толыққанды мүшесі бола алады. Субъект ретінде  адам әлеуметтену процесінде өз белсенділігін  жүзеге асырумен, өзін-өзі дамытумен  және қоғамда өзін-өзі көрсетуімен  етене бірлікте әлеуметтік нормалар мен мәдени құндылықтарды меңгереді.

Егер де әлеуметтену  процесінде адамның тұлғасы дамитын  болса, онда ол адам үшін сәтті әлеуметтену  болады. Әлеуметтену кемшілігінің көрініс  табуы девианттық мінез-құлық болып табылады. “Девианттық мінез-құлық” санаты мазмұнының үш қырын бөліп қарауға болады - біріншіден, девиация деп нормадан кез келген ауытқуды, тіпті прогрессивтік ауытқуды айтуға болады. Екіншіден, дәстүр бойынша девианттық деп әлеуметтік “жамандықтың” жағымсыз көрінісі ретіндегі девиацияны айтады. Үшіншіден, неғұрлым тар ұғымында девианттық мінез-құлық деп қылмыстық жазалауға соқтырмайтын, басқаша айтқанда, құқыққа қайшы болмайтын ауытқуларды айтады.

Девианттық  мінез-құлықтың өзіне тән белгісі  мәдени релятивизм болып табылады: мәселен бір іс-әрекет бір қоғамда  дұрыс саналуы, ал басқа қоғамда - әлеуметтік патология ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұған әр түрлі халықтардың  отбасы құқығы мен отбасылық дәстүрлерінен, әдет-ғұрыптарынан көптеген мысалдар келтіруге болар еді. Егер де Голландия, Швеция, Норвегия сияқты елдерде гомосексуалдық некелерге рұқсат етіп, мұндай жұптардың  бала асырап алу құқығын мемлекет қамтамасыз ететін болса, көптеген елдерде  сияқты біздің Қазақстан қоғамында  да мұндай жағдай қоғамдық мораль тұрғысынан да, заңнама тұрғысынан да мүмкін емес. Тіпті біртұтас заңнама қолданылатын, бірақ тұрмыста әр түрлі салт-дәстүрлерді  ұстанатын халықтар тұратын, әсіресе  бұл салт-дәстүрлер діни нормалармен  сақталатын бір мемлекеттің өзінде қиындықтар пайда болады. Мысалы, Қазақстандағы  азаматтық құқық бойынша бір  некелілік талаптары мен ислам  мойындайтын көп әйел алу дәстүрі  арасындағы қақтығыс осындай. Мәдени релятивизм екі түрлі қоғамның ғана емес, сондай-ақ бір қоғамның ішіндегі екі немесе бірнеше үлкен әлеуметтік топтардың  салыстырмалы сипаттамасы бола алады. Мұндай топтардың мысалы - саяси  партиялар, үкімет, әлеуметтік тап немесе топ, діндарлар, жастар мен жеткіншектер, әйелдер, аз ұлттар.

Девианттық  мінез-құлықтың әлеуметтанудағы түсіндірілуі объективті әлеуметтік бағыттылықты және тұлғаның, әлеуметтік топтардың, қауымдастықтар мен тұтас қоғамның қызмет атқаруы және дамуы тұрғысынан алғандағы мінез-құлқының қоғамдық нәтижелері сияқты көрсеткіштерді, мінез-құлықтың әлеуметтік құндылықтар мен нормаларға сәйкестігін, қоғамдық пікірге берілген бағалар мен әлеуметтік санкцияларды қамтиды.

Қоғам түрлі  тәсілдер мен құралдарды пайдалана  отырып, әрқашан ауытқушы мінез-құлықтардың  жағымсыз нысандарын басып тастап отыруға  тырысады. Әрбір әлеуметтік топта  өз мүшелерінің мінез-құлықтарын тиісінше жасалған үлгілер шеңберінде сақтайтын  әлеуметтік бақылау жүйелері болады. Жалпыға ортақ қабылданған үлгілер  шеңберіне сыймайтын мінез-құлықтарды тиісінше қоғам санкциялаған болады. Санкция - әлеуметтік бақылау элементтерінің бірі. Әлеуметтік бақылау мойындауды білдіру, марапаттар мен ерекшелік жүйелері ретінде анықталады, солардың арқасында тұлғаның мінез-құлқы қабылданған мінез-құлық үлгілеріне сәйкестендіріледі. Демек, әлеуметтік бақылау өзін-өзін реттейтін жүйе ретінде қоғамның тұрақтылығы мен үйлесімді қызмет атқаруын ескере отырып, қоғам қабылдаған мінез-құлық нормалары мен құндылықтар жүйесіне сәйкес келетін жеке адамның мінез-құлқын қамтамасыз етуді мақсат тұтатын түрлі әрекеттер мен санкциялар, ынталандырулар мен марапаттар арқылы жүзеге асырылады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік бақылау топтағы конформизмді қалыптастырады. Адамның кез келген мінез-құлқы мен әрекеттері бақылауға жата бермейді. Әрбір адамның қоғамның түріне, топтағы қоян-қолтық қызметке, оның институттарының сипатына, жеке адамның топтағы ұстанатын позициясына қарай кең немесе тар болатын белгілі бір жеке аясы болады. Осынау іс-әрекет тұтас топты қаншалықты маңызды қозғайтын болса, оған қарсы қуғын-сүргін де соншалықты салмақты болады.

 

Тұлғаның дамуына әлуметтік  ортаның әсері

 

Тұлғаның  әлеуметтік ерекшеліктерін анықтау  жолында негізінен тұлғаның өзін - өзі бағалауы, өзіндік актуализациялануға талпынысы, қоршаған ортаны субъективті  қабылдауы, әлеуметтік  қасиеттерін  қарастырудың маңызы зор. Тұлғаның қоршаған ортамен қарым – қатынасы, жеткен жетістіктері мен ерекшеліктері  көптеген жағдайларға тәуелді, оларды тұлғаның әлеуметтік есею ұғымымен түсіндіріледі. Шетел психологиясында тұлғаның әлеуметтік есеюін «өзіндік аяқталу» терминімен белгілейді және оның мағынасын  тұлғаның өз мүмкіндіктерін аңғаруына  және дамытуына бағыттылы деп  сипаттайды. Өзіндік актуализацияланатын  тұлға ең алдымен дербестігімен, өз мәнді іске асыра алуымен, өзіндік  тұжырымдауларымен, ақиқатқа талпынысымен сипатталады. Адамдар өз жағдайларын  өздері құрайды. Сонда әлеуметтік жағдайды қатысушылардың әрекеттері құрайды. Әлеуметтік орта өздігінеен өгеретін ауа –  райынан өзгеше болып келеді. Ол үйі сияқты, біз оны өзіміз құраймыз. Жоғарыда келтірілген Маркстің топтауына  сүйенсек, тұлға өз тағдырларын өзгертуге  өз септігін тигізе алады. Қоршаған ортаның  ұсынған моделі үнемі өз тұжырымдауымызға сәйкес келе бермейді. Тұлға мен  әлеуметтік орта қатынасын түсінуде бұған тұлғаның жеке бас ерекшеліктерінің зор екендігі атап өту керек. Қоғам  дамуды оңды болуы үшін адам бойында  оңды қасиеттердің дамуы зор мәнге  ие.  

Жалпы индивидтің қоғамдық қатынастарда активті субеъект ретінде функциялануына мүмкіндік  беретін әлеуметтік топқа немесе қоғамға тән, мәдениет ұғымына енетін белгілі – бір білімдер жүйесін, игеруі әлеуметтену үрдісі ретінде  қарастырылады. Тұлғаның әлеуметтенуі тек әлеуметтік – бақыланатын  және бағыттылық – ұйымдасқан жағдайлар  жиынтығынан ғана емес, сонымен қоса, аяқ - асты жағдайларын да тәуелді  болып келеді . Сонда адамдар өміріндегі кездейсоқ жағдайлар, конформды  ойлау ерекшеліктері, өмірді көрген қиыншылықтары адамның өзіне  тән қоршаған ортасына деген көзқарасын өзгертеді. Әлеуметтік жағдайларға  саналы мөлшерде икемделу тұлғаның өзіне, қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін  жағдайларды сөкпей қолдап отырған  жөн. Саналы түрде икемделу адамның, қоршағандардың өмірін жеңілдетеді.

 Көріп  отырғандай, тұлғаны әлеуметтік  тұрғыдан қарастыруда оның өзіне  деген субъективті көзқарсы адамдардың  қоғамдағы орнын белгілеуде маңызды  мәнге ие. Тұлға қоғамдық қатынастар  жүйесіне еніп, бұл үрдіс негізінде  қалыптасатын интегралды әлеуметтік  қасиетін, яғни тұлғаның дамуын  әлеметтенуден тыс қарастыру  мүмкін емес. Тұлғаның әлеуметтенуін  индивидпен қоғамдық тәжірибені  жаңғырту және меңгеру үрдісі ретінде анықтауға болады, соның қорытындысы ретінде индивид тұлғаға айналып, өмір үшін қажетті психологиялық қасиеттерді, білімдерді, дағдылардыигереі. Р. С. Немов көрсетуі бойынша, әлеуметтенуі дегеніміз бұл адамзатпен жасалған цивилизацияны индивидтің көп қырлытаным үрдісі, әлеуметтік тәжірибесін игеру, табиғи тіршілік иесіне қоғамдыққа ауысуы, индивидпен тұлға ретінде қалыптасуы . Әлеуметтену ұғымы кең қолданылғанымен, И. С. Кон пайдалануынша, оның нақты тұжырымдамасы жоқ. Тұлғаның әлеуметтік  ерекшеліктерінің қалыптасуына әлеуметтенудің ықпалы зор болғандықтан бұл ұғым алғаш рет ХІХ ғасырдың 40 жылдардың соңы мен 50 жылдарда американдық  социологтарымен (А. Парк, Д. Доллард, Дж. Кольман, В. Уолтер тағы басқалар) суреттелген. Әлеуметтенудің әлеуметтік жүйеге тұлғаның толық интеграциялы үрдісі ретіндегі ұғымын американдық социологтары еңгізген. Т. Ергешевский бойынша қоғамдағы тұлғаның дамуына байланысты жаңа қоғамдастықтар туындайды. Олардың өзара әсерлесуі негізінде «жалпы адамгершілік қоғамдастық» құрылады.

 

Қоғам мен тұлғаның әлеуметтік әрекеттесуі

 

Қоғам - бұл  адамдарға белгілі жүйелердің ішіндегі ең күрделісі. Ол, жеке адамдарды бір-бірімен  тек тікелей емес, ең алдымен, әр түрлі қоғамдық топтардың өкілі  ретінде байланыстыратын әр түрлі  қатынастар басты рөл атқаратын  аса қиын жүйені көрсетеді. Қоғамда  ақылды және тұтас жүйе ретіндегі  қазіргі қоғамның мақсаттарына сәйкес келе бермейтін өзінің мақсаттарының  ізіне түскен адамдар әрекет етеді. Бұлай болу себебі адам тіршілігінде қанағаттандырылуы оның өмір сүруінің негізгі талабы болып табылатын көптүрлі қажеттіліктерді жетекшілікке алады. Алайда осы қажеттіліктердің өзі функциялық тәуелділікпен байланысты болатын басқа адамдармен өзара әрекеттесу процесінде ғана қанағаттандырылады.

Нақтылы қоғамда  адам бір уақытта оның көптүрлі қажеттіліктерін  бейнелейтін бірнеше әлеуметтік топтарға жатады. Адамдар өздерінің  іс-әрекеттері процесінде бірігетін  және қоғамдық жүйе шеңберінде ең маңызды  қажеттіліктерін қанағаттандырудың  мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін анықтайтын әлеуметтік топтар құрайды. Әрбір әлеуметтік топ, басқа топтармен  қоғамдық жүйеде өзара әрекеттесе отырып, өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру талаптарын көбінесе басқа топтардың  есебінен жақсартуға ұмтылады. Әлеуметтік қайшылықтар арқасында қоғам  өзінің үздіксіз даму процесінде болатын  серпінді жүйесін көрсетеді. Ешқандай әлеуметтік топ өздерінің мүдделерін тұтастай іске асыра алмайды, өйткені  ол басқа топтармен өзара әрекет етеді және оларға бағынышты. Алайда әрбір топ қоғамдық өрлеуге ықпал  жасай отырып, қоғамнан өзінің үлесін ала алады.

Қазіргі қоғам жанама рөлдік коммуникациясымен адамдарды әр түрлі, көбінесе кері ықпалдасқан әлеуметтік мәртебелердің субъектілеріне айналдырады. Барлық субъектілер, өзара әрекеттесу ауқымында “осы әлемде өзінің ұстанымдарын және өзінің әлеуметтік әлемді бөлу көрінісін орнатуға ниеттенуі” арқылы әр түрлі символикалық стратегияларды пайдаланады.

Қоғам әлеуметтік қатынас жүйесі ретінде  ешқашан тыныштық күйде болмайды. Ол үнемі өздерінің жеке мақсаттарын, жеке мүдделерін іске асыруға ұмтылатын жеке адамдардан тұрады. Әрқайсысының мүдделері әр түрлі болғандықтан, әрбір адам басқа адамдар жасаған кедергілермен оларды іске асыру процесінде қақтығысады. Оған басқа адамдармен араласуға, олармен тығыз ынтымақтасуға немесе жанжалдасуға тура келеді. П.Сорокин атап өткендей: “Адамзат қатынасының барлық шексіз теңізі өзара әрекеттесу процесінен құрастырылады: біржақты және екіжақты, уақытша немесе ұзақ, ұйымдасқан және ұйымдаспаған, ынтымақтастық және антагонистік, саналы және санасыз, идеялық, сезімдік-эмоционалдық және еркіндік”.

Тұлғаның  мінез-құлқының нақтылы түрлері  аса бағдарланбаған, тұлға барлық жағдайларда белгілі бір таңдау еркіндігіне ие, яғни оларға қарамастан, ол қоғамдық мүдделердің сәйкестігі ретінде іс жасай алады. Соңғы  жағдайда біз жеке адамның мінез-құлық  аномиясымен жұмыс істейміз. “Аномия” түсінігінің қайнар көзі өзінің тамырымен тереңге кетеді: көне гректер аномияны “заңсыздық”, “нормасыздық”, “басқарылмайтын” деп түсінді. Аномия әлеуметтік деңгейде және жеке-дара психологиялық деңгейде де қарастырылады. Аномиялы адам өзін жоққа шығару философиясымен ерекшеленетін, тек осы уақытқа ғана бағытталған, өткен мен болашақты мойындамайтын скептик ретінде көрсетеді.

Зерттеушілер  “аномияның белгілі бір деңгейі  қоғамда барынша еркіндік үшін қажет: нормалардың аса қатаю жағдайында жеке-дара еркіндік нормасы шектеулі”  деп санайды.

Неміс әлеуметтанушысы  Р.Дарендорф еңбектеріндегі әлеуметтік жан-жалдар проблемасы терең теориялық  негіз алды, ол өзінің әлеуметтану  тұжырымдамасын “жанжал теориясы”  ретінде анықтайды. Ол қоғамның құрамына төрт жағдай кіретін, жанжалды үлгісін  ұсынды:

1) әрбір қоғам  әрқашан өзгеріс күйінде болады;

2) әрбір қоғамда  әрқашан жалпы жанжалға әкелетін  келіспеушілік элементтері өмір  сүреді;

3) қоғамның  әрбір элементі оның ықпалдасуы  мен өзгерісіне ықпал ете алады;

4) кез келген  қоғам үнемі өзінің қанаушылыққа  түскен жағдайына қарсы күресетін  қоғам мүшелерінің (немесе топтардың)  басқа қоғам мүшелеріне деген  зорлығына негізделеді.

Р.Дарендорф  пікірі бойынша, әлеуметтік жанжалдың  негізі саяси факторларда жатыр. Олар: билік, мәртебе, абырой үшін күрес. Жанжалдар басым түсуші және бағыныштылар бар кез келген қауымдастықта  пайда болуы мүмкін, оның сендіруі бойынша: “Жалпы жанжалға қатысушы элементтер ұқсас кезде ғана өзінің қорытынды  нысанына жетеді”.

Р.Дарендорф  көзқарасы бойынша, тым типтілік қоғам үстемдік етушілер мен бағынушылар  қатынасы, жанжал мен қарсыласу қатынасы көрінетін қоғам болып табылады. Оның әлеуметтік жанжал трактатында  қоғам мен тұлғаның өзара әрекеттесу тұжырымдамасы өз бетінше іске асады. Жанжалды қоғамның табиғи күйі ретінде  түсіне отырып, ол өркениетті қоғамда  әлеуметтік күйзелістен және апатты төңкерістің қайта құрылуынан қашуға мүмкіндік беретін жанжалдарды  реттеу орын алады деп санады.

Американ  әлеуметтанушысы Кеннет Эдвард Боулдинг “Жанжал және қорғаныс: жалпы теория”  еңбегінде қазіргі қоғамда әлеуметтік жанжалды реттеу мүмкіндігін және қажеттігін белгілейді. Оның пікірінше, жанжал, бұл - екі тарап өз ұстанымдарының сыйыспайтындығын түсінетін және өздерінің әрекеттерімен  қарсыластарының алдын алуға  ұмтылатын жағдай.

Боулдинг  жанжал қоғамдық өмірден бөлінбейді деп санайды. Әлеуметтік жанжалдың  мәні туралы ұсыныс қоғамға оларды бақылауға, басқаруға, олардың салдарын алдын ала білуге мүмкіндік береді.

Р.Э. Парк - Чикаго әлеуметтік-экономикалық мектебінің негізін  қалаушы, ол әлеуметтік жанжалды өзара  әрекеттесудің негізгі түрінің: жарыстың, бейімделудің, ассимиляцияның және жанжалдың элементі ретінде  қарастырады. Оның белгілеуі бойынша, жанжал процесінде өзара әрекеттесу субъектілері бір-бірін және қарама-қайшылықтарды  саналы түрде таниды, туындаған жанжал әрі қарай берік байланысқа және әр түрлі ынтымақтастыққа алып келеді. Әлеуметтік өзара әрекеттесуінің маңызды  элементі жанжал деп санағандар қатарында  Л.Гумплович, Л.Ф.Уорд, Дж. Бернард, т.б. сияқты ірі зерттеушілер де болды.

Бір жағынан, өзара әрекеттесу негізінде ықпалдасудың адамдарды біріктіру процесі  өтіп жатыр; екінші жағынан, өзара әрекеттесу кері ықпалдасуға алып келеді, сонда  ғана адамдардың немесе топтың әлеуметтік мінез-құлқы қазіргі әлеуметтік ортаның құндылықтары мен нормаларынан ауытқыған болуы мүмкін қоғамның әлеуметтік құрылымының жіктелісін тудырады. Өз кезегінде кері ықпалдасу  процесі әлеуметтік өзара әрекеттесуде адамдардың қажеттіліктері мен мүдделерінің өзгерісімен де, өзіне енген әлеуметтік ортаның мүдделерімен де байланыста болуы мүмкін.

Жанжал әлеуметтік өзара әрекеттестіктің маңызды  элементі, керек десеңіз түрі болып  табылатындықтан, олардың әралуандылығынан екі негізгі типті бөліп көрсетеміз: ынтымақтастық және бақталастық (“ассоциация-диссоциация”).

Ынтымақтастық өзара әрекекеттесудің түрі ретінде  көбінде адамдар арасындағы нақтылы  қарым-қатынаста немесе топта адамдарды  біріктіру, өзара көмек, өзара қолдау, махаббат бейнесінің негізі болып табылады.

Бақталастық өзара әрекеттесудің типі ретінде  өзара әрекеттесуші тараптар жалпы  бөлінбейтін объектіге үміткер  болғанда пайда болады. Объектінің талабы ретінде кез келген нәрсе  болуы мүмкін (билік, қызмет, сайлаушылар  дауысы, жеке меншік). Егер ынтымақтастық  өзара қолдау негізінде құрылса, өзара әрекеттесуді тұрақтандыру, нығайту үшін серіктес мүдделерін есепке алуға, бақталастықтың алдын кесуге, жоюға ұмтылуға болады, керісінше жағдайда тек өзінің мүддесін ғана ойлау, қарама-қарсы тараптың пікірімен санаспау, керек болса жойып жіберу, қорлау үстемдік етеді.

Бақталастық бәсекелестік пен жанжалды қабылдай алады. Бәсекелестік белгілі бір  ресурстарды немесе басымшылдықты  бақылауға қатысты күш көрсетпейтін жанжал болып табылады. Нарық реттелген, реттелмеген бәсекелесті болжайды. Жанжал болған кезде қарсыласын тәни жоюға дейін баратын қатаң, агрессивті әрекеттер қолданылады. Жанжал - бұл  әрқашан қарсыластардың тікелей  қақтығысуы. Бәсекелестікке қарағанда, жанжалға қарсыласының білімі, жанжалдың  себебі және қиянкестік әрекеттің жауабын  күту тән.