Тұлғаның түрткілері мен қасиеттері

Мазмұны

 

 

Кіріспе           3

1 Тұлға туралы жалпы түсінік       4

1.1 Тұлғаның психологиялық  мүмкіндіктері     4

1.2 Тұлғаның психикалық  дамуындағы биологиялық және  әлеуметтік

жағдаяттардың өзара байланысы        7

1.3 Тұлғаның әлеуметтенуі және оның даму кезеңдері   9

2 Тұлғаның түрткілері  мен қасиеттері             12

2.1 Қызығу, дүниетаным, сенім,  мұрат                        12

2.2 Қарым-қатынас                17

2.3 Қарым-қатынас теориялары              22

Қорытынды                 26

Қолданылған әдебиеттер тізімі              28

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Қарым-қатынас – адамдар  арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі  процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды  ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының  қажетті шарты болып табылады.

Қарым-қатынас барысында  адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен  алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті  деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:

1) ақпараттық-коммуникативтік  (ақпарат алмасу және адамдардың  бірін-бірі тануымен байланысты);

2) реттеуші-коммуникативтік  (адамдардың іс-әрекетін реттеу  және біріккен әрекетті ұйымдастыру);

3) аффективті-коммуникативтік  (адамның эмоционалдық аясымен  байланысты).

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда  қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа  адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік  береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре  отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс  пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас  орнатуға мынадай ережелердің орындалуы  көмектеседі: барлық адамдармен тең  дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының  жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа  адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін  қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас  жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық  білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау  жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі  өлшемі болып табылады.

Педагогикалық қарым-қатынас - белгілі бір педагогикалық қызмет атқаратын, жәйлі психологиялық  климат құруға және оқу іс-әрекетін, педагог пен оқушы арасындағы, оқушылар ұжымы ішіндегі қатынастарды психологиялық тиімді етуге бағытталған  оқытушы мен оқушының сабақтағы  және сабақтан тыс уақыттағы кәсіптік қарым-қатынасы.

Перцептивтік қарым-қатынас  — адамның парапар қабылдауы, оның ішкі дүниесіне бойлау, әрбір  жеке сәтінде оның психикалық жағдайын сезіну дағдысы, оның тәртіп себебін  түсіну дағдысы. Мұғалім өзінің перцептивтік қарым-қатынас қабілеттерін ұдайы  дамытуы қажет.

Фатикалық қарым-қатынас (лат. fatuus - ақымақ) - қарым-қатынас үрдісі үшін ғана мазмұнсыз қарым-қатынас.

1 Тұлға туралы жалпы  түсінік.

 

 

    1. Тұлғаның психологиялық мүмкіндіктері

 

 

Жаңа туған нәресте "адам" деп аталғанымен, "тұлға" деген  атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ержету үшін бала оңы мен солын, өзінің "менің" басқа "мендерден", яғни басқа  адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан  да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға  деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше  әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті  өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүние танымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары бар адамды түлға  деуге болады. Мінез, қабілеті бір  сыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы  жаман-жақсы қылықтары үшін жауап  бере алатын адамды да кісі, не тұлға  дейміз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, топжарған түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бүзық, қасқай т.б. толып жатқан өкілдері болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзатқа жаны қас жауыз тұлға.

Имандылықтың ерекше бір  көрнісі халқымыз ерекше қастерлейтін кісілік ұғымы, тұлғаның аса өнегелі  түріне жатады. Төл тілімізде "Он үште отау иесі" (қыз балалар үшін), "Он бесте отау иесі" (ұл балалар  үшін) дейтін аталы сөз бар екені  де хақ. Осы жасқа келгенде бал  дәурен балалық шақ аяқталады. Бүл  — өмір талабынан, ауқымы кең тыныс-тіршіліктен  туындайтын құбылыс. Халқымыз кез келгенді кісі деп атай бермей, оны имандылық  пен адамгершіліктің басты белгісі, ее жиып, етек жабу нәтижесінде біртіндеп  қалыптасатын адамның азаматтық  ар-ожданы, кісілік, кескін-келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген.

Кісіліктің түрліше деңгейі  болады. Оның жаман, жаксысы, көргенді, көргенсізі, өнегелі, өнегесізі, т.б. түрлері  болады. Жұрт имандылықты бойына дарыта білген пенделерді ғана пір түтқан, адамгершіліғі темен, не одан жұрдайларды "имансыз", "көргенсіз" деп  иттің етінен жек көрген. Ондайлар кінәлі әрі күнәлі деп саналып, ерте ме, кеш пе жазасын тартатын болған. Кісіліктің басты белгілерінің бірі — ар-ұятқа кір келтірмеу, намысты  аяққа баспау. Қазақта "жарлы болсаң да, арлы бол" деген сөз осыған орай айтылған. Ар-ұяты бар кісі ғана биязы, ақжарқын, иманжүзді, ақыл-парасатты  келеді.

Халық түсінігінде мінез-құлықтың әр түрлі жағымды жақтары "кісілік" ұғымының төңірегіне топтасады. Кісіліктің басты белгілері: ар-ұятты қастерлеп  сақтау, намыстылық, мейірімділік пен  қайырымдылық, ізеттілік, адамдық пен  шыншылдық, ілтипаттылық пен кішіпейілділік. Қазақ дәстүріндегі үлкенді сыйлау, оның алдынан кесе өтпеу, оған міндетті түрде сәлем беру, үйге келгенде төрден орын беріп, кісінің көңіл-күйіне қарап, орынсыз сөзге араласпау  кісілікке жарасымды қасиеттер.

Сондықтан адамның жеке басының  психологиясын ұғыну үшін ең алдымен  оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай қоғамның мүшесі, қандай таптың өкілі  екендігін, нақтылы кәсібін, білімін, іс-тәжірибесін білуіміз қажет. "Әлеуметшіліксіз,—  дейді X. Досмұхамедов (1883— 1939), — қазақта  ұлт тіршілігі, үлт мемлекеті  болуға мүмкін емес... Оңды әлеуметшілік құру үшін елдің өткен-кеткен тұрмысын бүрынғы болған әлеумет қимылдарын тану керек". Осы айтылғандар бізге  оның психиологиясы туралы белгілі  пікір айтуға мүмкіндік береді. Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер көп. Олардың бастылары: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар, дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам.

Психология көптеген жаратылыстану  және қоғамтану ғылымдар қатарында  адамды, тұлғаны зерттейді, бірақ  олардың жеке өздеріне тән ерекше қырлары мен сырларын бөле қарастырады.

Бұл орайда психология тұлға  терминімен бір қатар адам, тек  өкілі (индивид) және «даралық» түсініктерін пайдаланады. Бұл ұғымдардың бәрі өзіндік  өзгешелікке ие, дегенмен олар өзара  кіріге байланысқан. Аса жалпыланған, бірігімді түсінік – бұл адам.

Адам - өмірдің ең жоғары даму сатысын, қоғамдық еңбек үдерісінің өнімін, табиғилық пен әлеуметтіктің  ажыралмас бірлігін танытушы тіршілік иесі. Әлеуметтік-тайпалық мәнге ие болуымен бірге, әрбір адам өз алдына бөлектенген табиғат туындысы, тек  өкілі.6

Тек өкілі – бұл homo sapiens (саналы адам) ретінде нақты адам, дамудың адамдық алғы шарттарын (нышандарын) бойына сіңірген жаратылыс  туындысы.

Даралық – нақты адамның  тұтастай болмысының, оның табиғи және әлеуметтік меңгерілген қажеттерінің қайталанбас, ерекше сипаты.

Даралық әр адамның меншікті тәжірибесінен, білімінен, пікірі¬нен, ұстаным – көзғарастарынан, мінезі мен темпераментіндегі өзгешеліктерден  көрінеді, адам өз даралығын дәлелдейді, бекітеді.

Адам даралығының негізгі  көрсеткіштері – сеп-түрткілері (моти¬втері), темпераменті, қабілеттері, мінезі.

Сеп-түрткілер (мотивы) –  іс-әрекетке ынталандырушы не мәжбүрлеуші, белгілі қажеттердің қанағаттандырылуымен байла¬нысты, «не үшін іс-әрекет орындалып  жатыр?» деген сұраққа жауап  беретін ниет, талаптар (побуждения). Тіршілік жағдайына, қажеттеріне орай әрбір адам өзіне тән салыстырмалы тұрақты және қайталанбас сеп-түрткілер  жүйесін (мотивация) пайдаланады.

Тұлға бес түрлі мүмкіндіктерімен сипатталады. Олар келесідей: танымдық, құндылықты, шығармашылдық, ара-қатынастық (коммуникативтік) және көркемөнерлік.

Тұлғаның танымдық (гносеологиялық) мүмкіндігі оның өзі жинақтаған ақпараттың көлемі және сапасымен анықталады. Бұл ақпарат сыртқы дүние (табиғат  және әлеуметтік) жөніндегі білімдер мен өзін өзі тану мәліметтерінен құралады, сонымен бірге бұл құрамға  адамның танымдық іс-әрекетімен байланысты психологиялық сапалар да кіреді.

Тұлғаның құндылықтық (аксиологиялық) мүмкіндігі оның ізгілік¬тілік, саяси, діни, эстетикалық салалардың құңдылықтары жүйесіне орай әлеуметтену үдерісінде игеріп қабылдаған мұраттары, өмірлік  мақсаттары, наным-сенімдері және ұмтылыс-ниеттері, яғни бұл психологиялық және идеологиялық сәттердің бірлігі, тұлға санасы мен оның өзіндік санасы жөнінде  әрі бұлардың бәрі көңіл-күй, ерік және зерделік (ақыл-ес) тетіктердің жәрдемімен қалыптасып, тұлғаның дүниетанымында, көзқарастарында және тіршілік ұмтылыстарында ашылып, көрінуі.

Тұлғаның шығармашылдық  мүмкіндігі - ол қабылдаған және өз бетінше  меңгерген ептілік және дағдылар, жасампаздық , өнім беру немесе қайта  жасау әрекеттеріне деген, қабілеттілігімен және олардың қандай да бір не бірнеше  еңбек, әлеуметтік-ұйымдастыру мен  қадағалау-бағалау салаларындағы  іске асыру шамасы.

Тұлғаның қарым-қатынас (коммунинативті) мүмкіндігі - оның басқа адамдармен жасаған, орнықтырған әңгіме сұхбатқа түсу, байланыс түзу әрекеттерінің  сипаты және беріктілігі. Өз мазмұны  бойынша тұлғааралық тілдесу, ортақтасу  әлеуметтік рөлдер жүйесінде байқалады.

Тұлғаның көркемөнерлік  мүмкіндігі - оның әсемдік әлеміндегі қажеттерінің деңгейі, мазмұны және жеделдігімен, сонымен бірге олардың  қаншалықты қанағаттандырылуымен өлшестірілуі. Тұлғаның көркемөнер белсенділігі кәсіби және өзіндік дербес шығармашылығында әрі өнер туындыларын қажетсінуінде, пайдалануында ен жая, ашылады.

Әрқандай қоғам өзінің тұлғалық сапа – қасиеттерді бағалау  өлшемін (критерии) тағайындайды. 63

Тұлға дамуы – оның әлеуметтік ұнамды сапалары жүйесінің әр өмір кезеңіне орай қалыптасып баруын, белгілі  қоғамдық алғы шарттарды, әлеуметтік тапсырысты орындап жүруін, адамды қоғамдық жатсынуға  итермелейтін жағдаяттардың күшін  жойып отыруын талап етеді.

Тек өкілінің тұлғалыққа жетілуінде ұқсастыру (идентификация) мен тұлғалық дербестену (персонализация) үлкен  маңызға ие.

Идентификация – тек өкілі  санасында өзін басқа адамдармен, тіп¬ті бүкіл адамдар қауымы, қоғамымен  теңдестіру, ұқсастыру сезімінің  қалыптасуы.

Персонализация - әрбір тұлғаның басқа адамдар арасындағы өзінің ке¬мелді өкілеттілігін, қадір –  қасиетін ұлықтай білуі мен нақты  әлеуметтік қауымдастықта өз мүмкіндіктерін ашып, іске асыра білу сезімі.

Өзге адамдармен тұлға  өзінің «Мен» сезімімен, яғни өзі  жөніндегі өз тұжырымдарымен, өз мүмкіндіктерімен, өз мәнділігі негізінде қатынас  жасайды. Тұлғаның өзіндік танымы (рефлексия) нақты «Мен» мәніне сәйкес болуы  да, болмауы да мүмкін. Өз «Менін»  орынсыз асқақ тұту не оның деңгейін жөнсіз әбден қарапайымдылықта төмендетіп жіберуден ішкі тұлғалық дау-дамай  күйзелісі (конфликт) пайда болады.65

Тұлғаның өмір жолы нақты  тарихи- әлеуметтік кеңістікте өтеді. Өндірістік - материалды жағдайлардың, тұтыну аймақтарының, әлеуметтік қатынастарының өзіндік ерекшелігі адамның тіршілік, өмір сүру қалпын айқындайды, оның әрекет – қылығындағы тұрақтанған меншікті ерекшеліктері тұлға типін айырады.

Әр тұлға өзінің өмірлік  ізгілікті бағыт – бағдарын (стратегиясын) қалыптастырады. Ізгілікті бағыт - бағдар мәні – тұлғаның өмірлік ұстанымы, өз құндылықты бағытына сәйкес ағымдағы тіршілік жағдайларын өзгерту және оларды пайдаланудың, жасаудың жалпылай әдістері жүйесінің тұрақталған  бет алысы.

Тұлға қалпының аса маңызды  көрсеткіші оның өзіндік психикалық реттеу әрекеті, оның әрекет – қылығының  әлеуметтік қалыптасқан өлшем –  шектерге сай емес, тікелей жанама қарым – қатынасқа түсе білуі.

Тұлға өзінің тұрақтанған  қасиеттер бірігімімен сипатталады. Олар: - сыртқы ықпалдарға сезімталдығы, тұрақты сеп – түрткі, қызығу, қоршаған ортамен қатынас түзу қабілеті және өзіндік әрекет - қылықты реттеудің  адамгершілік принциптері. Тұлғаның бұл  ерекшеліктерінің бәрі тума (генетикалық), нәсілдік және әлеуметтік - мәдени жағдаятардың біріге іске қосылуының нәтижесі.

 

 

    1. Тұлғаның психикалық дамуындағы биологиялық және әлеуметтік

жағдаяттардың өзара байланысы

 

 

Тұлғаның болашақ психикалық даму мүмкіндіктері оның биологиялық  ұйымдасу табиғатында күні ілгері берілген. Оның жекеленген даму сұлбасы (схемасы) да тек өкілінің осы табиғи негізі – генотипімен анықталады. Дамудың  әрқилы кезеңдері түрлі гендер бақылауында  бола¬ды, дегенмен, олардың белсенділігі аяқ асты өздігінен көрінбей, сыртқы ықпалдар әсерінен іске асып жатады.

Психикалық даму үдерісі  тек генетикалық себептерден  ғана бол¬май, оған ықпал етуші әлеуметтік жағдайлардың да себептік әсерінің маңызы үлкен. Бұл себептердің (детерминанттар) бәрі де өзара байланыс¬ты. Қалыптастырушы қызмет (функция) неғұрлым күрделі келсе, табиғи және әлеуметтік себептердің  өзара байланысы да тығыз болады.

Дамудың әрбір нақты кезеңінде  белгілі қоршаған орта ықпалдарына  деген сезімталдық жоғары таңдамалық сипатқа (сензитивтікке) иелігі¬мен ерекшеленеді.66

Психиканың пісіп жетілуі  мен қалыптасуын ажырата білген орынды.

Психиканың пісіп жетілуі  – бұл адам психикасының іштей  өз бетін¬ше (спонтанное) өзгерістерге түсуі.

Психиканың қалыптасуы –  бұл психиканың сыртқы ықпалдарға және ең алдымен әлеуметтік әсерлерге  тәуелді дамып, белгілі нәтижеге келуі.

Жалпы генетикалық жағдаяттардың  әсері себебінен болатын тек  өкілінің барша морфологиялық, физиологиялық  және психикалық ерекшеліктердің бірлігі  – адам құрылымын (конституциясын) түзеді.

Биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың өзара ықпалдастық  проблемасы психология тарихында психологиялық  дамудың бірнеше теорияларының  пайда болуына негіз қалады.

Биологиялық пісіп жетілу теориясы адамның психикалық қызметтері нәсілдікпен анықталатынын, оның қоршаған ортаға тәуелсіздігін, ағзаның биологиялық  пісіп жетілуі барысында дамитыны жөнінде тұжырым жасайды. Әрбір  тек өкілінің дамуы бүкіл адамзат  тегінің дамуын қайталап отырады (биогенетикалық заң).

Қоршаған ортаның жетекшілік ролі теориясы бойынша – адамның  психикалық дамуындағы шешуші жағдаят  – бұл қоршаған орта. Бұл теорияны қолдаушылар психикалық дамудағы сапалық  өзгерістерді жастық кезеңдермен байланыстырмай, олардың бәрі білім, ептілік және дағдылардың топталуынан деп  түсіндіреді.

Қазіргі заман ғылым деректері  белгілі биологиялық жағдаяттардың  адамның қандай да психикалық сапаларының  қалыптасуын қиындататын не жеңілдететін шарттар ретінде қызмет ететінін айғақтайды.

Генетикамен сыбайлас психология саласы – психогенетика – тек  өкілінің әрекет-қылық ерекшеліктерінде көрінетін генотип пен орта жағдайларының  өзара байланысын зерттейді.

Номотетикалық бағыт –  тұлға қызметтерінің жалпы, әмбебап  заңдарын талдауды көздейді. Бұл салада қолданылатын басты әдістер –  жаратылыстану әдістері: бақылау, эксперимент, деректерді математикалық – статистикалық  өңдеу.

Идеографиялық бағыт –  тұлға бірегейлігін, оның қайталанбас  біртұтастығын дәріптейді де негізгі  зерттеу әдістері ретінде рефлек¬сия және «жекеленген жағдайлар» әдістерін  қолдана отырып, олардан алынған  деректерді теориялық жалпылыққа келтіреді  әрі түсіндіре баяндайды..

Тұлға психологиясының гуманистік бағыты- психоанализ және бихевиоризм  принциптеріне қарсы тұжырымдарымен қалыптасты. Бұл психологиялық теорияның  басты ұстанымы: адам – бірегей  және қайталанбас, әлеммен ашық байланыстағы, өзін-өзі жетілдіріп баруға қабілетті  біртұтас құбылыс

Тұлғаның рөлдік теориясы адам әрекет-қылығын екі түсінік  негізінде сипаттайды: «әлеуметтік  мәртебе», «әлеуметтік рөл». Бұл  теорияның не-гізгі тұжырымдарын берген қалымдар Т.Парсонс, Р.Мертон және т.б.

Әлеуметтік мәртебе (статус) – бұл тек өкілінің қоғамдық құқықтары  мен міндеттері жүйесіндегі басқа  да көптеген амал-әрекеттерімен байланысқан  негізгі де нақты дәрежелік бағыт-бағдары.

Әр адамның әлеуметтік мәртебесі оның ішкі жандүниелік  ұстанымдары мен құндылықтарынан, сондай-ақ сырттай кейпінен (киім киісінен, мінез-құлығынан, жүріс-тұрысынан, сөз  саптау мәнерінен және т.б.) көрінеді.

Әлеуметтік мәртебе өзінің жоғары деңгейінде болса – ол мақтаныш, ол тұлға қанағатының белгісі, ал егер ол төмен дәрежеде көрінсе, жек  көрушілік, тіпті жеркеніш күйзелістерін  туындатады.

Қай деңгейде болмасын, адамның  әлеуметтік бағдар – бағытының ауысуы тұлғалық қасиет-сапалардың өзгеруіне  себепші болады да, оның «Мен» құрылымына ерекшеленген сипат ендіреді, өзіндік  санасы мен өзіндік бағамын жаңа арнаға салады. Адам араласқан әлеуметтік қатынастар жүйесі де жаңаланады, сырттай  қатынастағы адамдар көзқарасы  да ауысып, назарындағы тұлғадан күтетін  тілек-ниеттері жүйесі өткендегі қалпынан шығады.

 

 

    1. Тұлғаның әлеуметтенуі және оның даму кезеңдері

 

 

Тұлға әлеуметтенуі – бұл  тұлғаның қоғамдық құндылықтар мен  адамзаттық ұнамды әрекет-қылық әдістерін  меңгеруі негізінде қауым тіршілігіне  қажет қабілеттерді қалыптастыруы.

Әлеуметтену үдерісінде адам әлеуметтік қалыптарды меңгереді, әлеуметтік рөлдерді пайдалану әдістері мен  қоғамдық әрекет-қылық дағдыларын игереді. Тұлғаның әлеуметтенуі әлеуметтік шындықты тану негізінде қалыптасып барады.

Тұлға әлеуметтенуінің негізгі  көздері:

1) ерте балалық шақ  тәжірибесі – психикалық қызметтер  мен әрекет-қылықтық қарапайым  формаларының қалыптасуы;

2) әлеуметтік мекемелер  – тәрбие, оқу, білім жүйелері;

3) қарым-қатынас және іс-әрекет  үдерісіндегі адамдардың өзара  ықпал-әсері.

Әрқандай әлеуметтік роль өз ішіне көптеген мәдени қалыптар, ереже¬лер және әрекет-қылық үлгілерін  қамтиды. Өмір барысында әрбір адам жасы мен қызмет бабының өсуіне орай бір емес, бірнеше әлеуметтік рөлдерді меңгеруіне тура келеді.

Сонымен, әлеуметтену –  бұл әлеуметтік мекемелердің арнайы бағытталған жағдайларында немесе тұлғаға болған әртүрлі өмірлік  шарттардың кездейсоқ ықпалынан  туындайтын әлеуметтік 76

құндылықтар мен әлеуметке  бейімдескен әрекет-қылық әдістері жүйесін игеру үдерісі (сонымен  бірге – нәтижесі).

Әлеуметтену сапасы мен сипаты көп жағдайда нақты қоғамның әлеуметтік құрылысымен анықталады.

Әлеуметтенген тұлғаның психикалық қалып шеңберінде көрініс бе¬ретін бірнеше ерекшеліктерін атауға болады.

Тұлға өз дамуында әлеуметтік бейімділікпен бір қатар тұлғалық дербестік, өз даралығын тұрақтандыру қажеттігіне ие. Сындар¬лы жағдайларда  мұндай тұлға өз өмірлік бағытын  қорғай алады, өз ұстанымдары мен  құндылықты көзқарастарын сақтап қалу күшіне ие. Қатерлі жағдайларда қандай да ауытқулардың алдын алып, психикалық қорғаныс табуға тырысады.

Өз өмірлік жоспарын түзуде психикалық тұрақтанған тұлға шынайы мүмкіндіктерінен аспай, күші келмейтін  талаптарға ұрынбай, орын¬сыз әрекеттерден сақтана біледі. Дамыған тұлға  жоғары дәрежелі әділдік, ар-намыс және абырой сезімдеріне бай келеді. Ол алдына қойған шындыққа сай да мәнді  өз мақсаттарын орындауда табандылық көрсетіп, көздегеніне жетпей, тынбайды. Қиындау талаптар кезіксе, бұл тұлға  психикалық күйзеліс ауытқуына түспей, тактикалық жол-жосық табуда шеберлік таныта алады. Өз табыстары мен ұтылыстарының  себебін басқадан көрмей, өз мойнына  ала біледі. Күрделі өмір жағдайларында  жауапкершілік көтеруге әрі орынды тәуекелдікке бел буып, қалаған істі бастай алады. Көңіл-күй тұрақтылығынан жетілген тұлға әсемдік пен қастерлі рухани дүниеге сезімталдығымен  ерекшеленеді. Өз сый-қадірін құрметтей  білумен бірге, ол өзіне сырттай  көз жіберіп, бағалауға бейім, сонымен  қатар, әңгіме-сұхбатта орынды әзіл пайдаланып, фәлсафалық сын, күмән айтуда шеберлік танытады.

Әлеуметтенудің келесідей  кезеңдерін ажырата көрсетуге болады:

1. Бейімделу кезеңі (туғаннан  жасөспірімдік шаққа дейін бала 77

әлеуметтік тәжірибені ойланбастан  қабылдайды, соған бейімдеседі, икемделеді, еліктейді).

2. Даралану кезеңі (басқалар  арасынан өзін бөле көрсету  ниеті пайда болады, қоғамдық  әрекет-қылық қалыптарын сындарлы  ой қалыбына сала, қабылдайды).

3. Бірігу (интеграция) кезеңі (қоғамдағы өз орнын табу ниеті  пайда болып, қоршаған ортамен  үйлесім табуға ұмтылыс жасайды).

4. Еңбеккерлік кезеңі (адам  тек әлеуметтік тәжірибені меңгеріп  қана қоймастан, өз еңбек әрекетімен  қоршаған дүниеге ықпал жасап,  сол тәжірибені қайта жасайды,  өңдеп жаңа өнімге айналдырады).

5. Еңбеккерліктен соңғы  кезең (әлеуметтік тәжірибені  қайта жасауда әрі оны келесі  әулетке өткізуде үлкен де  маңызды үлесімен танылатын адамның  егде жасы).

Тұлға бағыт-бағдары –  бұл әрбір тек өкілінің құндылықты бағыт-бағдар жүйесі, өмірлік арқау  еткен қажетері, әрекет-қылықтарына  ықпал жасаушы құндылықтар мен  сеп- түрткілер, тұлғаның өмір жолы жүйесін  құрастырушы негізгі сапа-қасиеттері.

Тұлғалық бағыт-бағдарлар  төмендегідей ерекшеліктерімен ажы¬ралады:

1. Тұлға қарым-қатынастарының  әлеуметтік маңыздылығы, олардың  қоғамдық мәнділігі - күнделікті  әрекет-қылығындағы ізгілік, инабаттылық  нышандары, тұлға адамгершілігінің  прогресті әлеуметтік идеяларға  сәйкестігі, тұлғаның саяси-әлеуметтік  саналылығы.

2. Тұлға қажетсінулерінің  көп қырлылығы, оның қызығушылық  ауқымының кеңдігі мен негізгі  қызықсыну бағдарының нақтылығы  – тұлғаның ізгілікті мұрат  белгілеп, оған табанды ұмтыла  білуі.

3. Қарым-қатынастарының тұрақтылық  дәрежесі – тұлға әрекеттерінің  бірізділігі мен бірегей беріктілігі.

Әрқандай тұлғаның әрекет – қылығы мен мінездік ұстанымы оның мұрат еткен өмірлік бағыт-бағдарына  сай анықталады. Тұлғалық бақыт-бағдар – бұл нақты адам санасының  құндылықты орайласқан категориялық деңгейге көтерілуі. Тұлғаның барша ниеттері мен сенім¬дері, жақын да алыс (тактикалық, стратегиялық) мақсаттар жүйесі осы  категория негізінде қалыптасып барады.83

Қажетсінуден адам ағзасының, тек өкілінің, тұлға және әлеуметтік қауымдастықтың тіршілігі мен даму шарттары түзіледі әрі іске асып

 

2 Тұлғаның түрткілері мен қасиеттері

 

 

2.1 Қызығу, дүниетаным, сенім,  мұрат

 

 

Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талаптандыратын  бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Қандай болмасын объектінің себебін  білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата  алатынын және оның мінез-құлқының мән-жайын  толық түсіну қиын болады.

Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психология әртүрлі өзгеріске  түсіп отырады. Осыған орай, оның түркілері  де, мақсатқа жету үшін қажетті шаралары да өзгеріске түседі. Түрткінің өзгеруі  іс-әрекеттің бағыт-бағдарына нәтижесіне әсер етеді. Мәселен, қоғамдық мөні күшті  түрткі іс-әрекет нәтижесіне ерекше әсер етеді.

Жеке адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив — оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның  қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек  ету процесінде қалыптасқан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның  өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары  т. б.) болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті  еңбек құралдарымен пайдалану секілді  негізгі материалдық қажеттері  біртіндеп дами келе, қажеттердің  жаңа тобын — рухани қажеттерді (білім, көркемөнер т. б.) туғызады. Рухани қажеттердің дамуы — материалдық  қажеттерінің қанағаттандырылуына  байланысты. Адам қажеттерінің дамуы  тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамның алдына әр түрлі мақсаттар  қойып отыруына себепші болатын  негізгі түрткілер. Адам өзінің қажеттерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Бүл оны белсенді түрде іс-әрекет істеуге талпындырады. Оның қажеттері  саналы әрекетінің нәтижесінде біртіндеп  өтеліп отырады. Адам өз қажетін өтеу жолында сыртқы органы, табиғатты  өзгертуге дейін барады. Қажеттердің  өтелу, өтелмеуі адам психологиясына, оның, күйініш-сүйінішіне әсер етеді. Қажеттер орындалу тәсіліне қарай кісіде мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләззаттану, не азап шегу сезімдерін туғызады. Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың күшімен, түрлі теориялық, практикалық сипаттағы мәселелерді  шешуге мүмкіндік алады. Өйткені  қажет-адамның ойлау қызметін тудыратын  негізгі себептердің бірі болып  табылады, білдіріп қана қоймай, ол заттарды өз қажетіне байланысты өзгертуге, қайтадан жасауға әрекет етеді. Олай болса, адамдардың қажеттері  іс-әрекетінің негізгі  мотивтері, яғни оның психологиясының  қайнар көзі, бастамасы болып табылады. Қажет — (әсіресе, табиғи қажеттер) өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Егер, табиғи қажет өтелмесе, өмір сүру үшін тиісті жағдайлар болмаса, адам да, жануарлар да тіршілік ете алмайды. Адам өмірі үшін рухани қажеттерді өтеп отырудың да маңызы зор. Осындай  қажеттердің өтелмеуінен адам көп  қиыншылық көреді, өйткені бұл  оның сана-сезімінің өсуіне кедергі  келтіреді. Қажет жануарларда да бар. Бірақ бұл  биологиялық сипаттағы  қажеттер. Жануарлардың қажеттері —  олардың қоректенетін заттарын іздестіруінен  жақсы байқалады. Мәселен, тауық  жерден дән іздеп зыр жүгіреді. Ит қожасын көргенде тілін салақтатып, аузынан сілекейін шүбыртады. Мысық  мұрнына еттің иісі келгенде елең ете түседі де, сол жерден мияулап  шықпайды. Сөйтіп, аң біткеннің бәрі өз қажетін өтеу үшін әрекеттенеді. Мүндай қажет аңдарға туа бітеді, олар шартсыз рефлекстік сипатта  болады.

Қызығу — шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама  тұрақты жеке ерекшелігінің бір  көрінісі. Сонымен қатар, қызығуда бір  нәрсені ерекше таңдап, соған зейін  қойылады. Адамды еліктіріп, өзіне тартқан  нәрсенің бәрі қызығудың объектісі  болып табылады. Қызығудың физиологиялық  негізі —"Бұл не?" дейтін рефлекс. Мәселен, біреуді "футболға қызығады" десек, ол адамның футбол ойынына  үнемі баратынын, футбол жөніндегі  кітаптарды оқып отыратындығын, біреумен әңгімелесуде де, көбінесе, осы тақырыптың айналасында сөз қозғауды тәуір  көретінін байқаймыз. Сөйтіп, адамның  қызығуы бір нәрселерге асыра  зейін қоюдан, оған құмартудан, соны үнемі ойлаудан көрініп отырады.

Қызығулар да бейімдіктер  тәрізді балалардың кішкентай кездерінде ерекше байқалады. Мәселен, кейбір балалар  кішкентайында автомобильге, тракторға  жалпы ~ техника атаулыға әуесқой  келеді. Мүндай балалардың есі-дерті  машина болып, уақытының көбін соның  айналасында өткізеді, олардың маркасын жаксы айыра алатын болады. Кейін  осы бала мектеп қабырғасында физика, қол еңбегі сияқты пәндерді бар ықласымен  оқиды, ал мектеп бітіргеннен кейін  сол балалардың біразы жасынан өзі  жақсы көретін техника саласында  нәтижелі жұмыс істеп, өз қабілеттерін жақсы көрсетеді. Қызығу құбылысының  табиғаты өте кұрделі. Ол ең алдымен  өзінің көлемі жағынан ажыратылады. Осы тұрғыдан бір адамның қызығуы  кең, жан-жақты болып келеді де, екінші біреудікі керісінше өте тар  болады. Қызығуы өте тайыз, ой-өрісі  тар адамның образын Н. В. Гоголь шығармаларынан көптеп кездестіруге болады. Мәселен, "Шинель" әңгімесіндегі  Акакий Акакиевич қағаз көшіруді өз өмірінің негізгі арқауы еткен. Ол тіпті қызметтен қайтқаннан кейінгі  бос уақытының барлығын қағаз  көшіріп жазуға арнайтын болған, осы  ісіне қуанып, ләззат алған.

Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ осылардың  ішінде басты біреуі, ең басыңқы  қызығуы болады. Мұндай қызығулар, әсіресе, оқу әрекетіне аса қажет. Оқу  қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы баланың сабақ  үлгеруіне, білімді терең алуына көп жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары балаларда оқу мотивтерінің дамуына  байланысты қалыптасып отырады.

Адамда қызығудың жөнді  көрінбеуі оның өмірін мазмұнсыз  етеді. Мұндайда ол енжар болып, іші  пысады, зерігіп, берекесі кетеді. Қызығудың  мазмұнды әрі кең, өрісті болуы оның басты ерекшеліктерінің бірі. Мұнысыз  адамның рухани өмірі дамымайды. К. Маркс бір сөзінде: "Адамға лайықтың бәрі де маған жат емес" деген  екен. Бұл қызығуы жан-жақты дамыған  адамның ғана айтатын сөзі. Қызығуы  тұрақты қасиетке айналған адам ғана іс-әрекеттен жақсы нәтиже шығара алады, ісі әр уақытта да берекелі болады. Кейбір адамдар кез келген нәрсеге қызығады да, сайып келгенде, оның бір де біреуіне жөндеп тұрақтамайды. Мұндай "көрсе қызар" әуесқойлық адамды тұрлаусыз, тұрақсыз етеді. Егер осы әдет бойға сіңіп кеткен болса, бұл — үлкен кемшілік. Қызығуы  тұрақтанбаған адам қызметтің қай  саласында болмасын пәрменді еңбек  ете алмайды. Тек тұрақты қызығу ғана адамның бүкіл бойын билеп, қандай бөгеттер болса да жеңе білуге, небір ауыртпалықты көтере білуге жөрдемдеседі.