Төлем жүйесі және қолма-қолсыз есеп айырысулар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ
ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ
«Экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар» жоғарғы мектебі
«Есеп және қаржы» кафедрасы
Жұманалы Абай Иманалыұлы
Төлем жүйесі және банкаралық есеп айырылысулар
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Ғылыми жетекшісі:
аға оқытушы
Астана, 2013ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……………………………………………………………
1 ТӨЛЕМ ЖҮЙЕCІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Төлем жүйесінің
түсінігі мен құрылымы ..............................
1.2 Төлем жүйеcінің
түрлері мен қатысушылары......
1.3 Қазақстан Республикасында
төлем жүйесінің қалыптасуы....
2 ҚР ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ («Ұлттық банк» мәлеметтерінен алынған)
2.1 Қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібі……………………….16
2.2 ҚР төлем жүйесінің қызметін талдау…………………………………………19
2.3 Банктің электрондық қызметін оңтайландыру………………………………27
3 ҚОЛМА-ҚОЛСЫЗ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Пластикалық карточкалармен есеп айырысуды дамыту…………………….30
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………36
КІРІСПЕ
ХХ ғасырдың соңғы он жылдығы ішінде барлық әлемде төлем жүйесін реформалау белсенділік танытуда. Төлем жүйесін реформалау қолма-қолсыз есеп айырысуларды тиімді, қауіпсіз және жылдам жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін жаңа технологиялардың пайда болуымен тікелей байланысты болып отыр. Жаңа технологиялық шешімдерде Қазақстан мемлекетін айналып өтпегені баршаға мәлім.
Кеңестік дәуірде негізі қалыптасқан қолма-қолсыз есеп айырысулар жүйесінің бүгінгі нарықтың талаптарына сай келмейтіндігі анықталды. Бұл төлем жүйесі сенімді және тиімді емес болатын. Орталықтан жоспарлау жүйесі тұсында төлемдерге мемлекет тарапынан кепілдік берілсе, нарықтық қатынастар жағдайында ең басты мәселе уақтылы төлемдерді жүзеге асыруға келіп тірейді.
Қазақстан ұлттық валютасын енгізген күннен бастап өзінің төлем жүйесін құруды қолға алды. Бұл жолда ҚР Ұлттық банкі тарапынан күрделі реформалау жүзеге асты.
Төлем жүйесі кез келген мемлекеттің ақша жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл жүйедеге жүргізілген реформаларға басты себеп 90-жылдың басындағы жаппай төлем дағдарысы ықпал еткен болатын.
Бүгінгі күні Қазақстанның төлем жүйесі Еуропалық Одақтың стандартына жақын болып келеді.
Қолма-қолсыз есеп айырысу
– бұл банктік айналым
Қолма-қолсыз есеп айырысудың кең таралуы, қолма-қол ақшаның айналу аясын шектеуге, ақша белгілерін жасауға, сақтауға және есептеуге кеткен шығындарды азайтуға мүмкіндік береді. Қолма-қолсыз есеп айырысудың тиімді формаларын енгізу төлемдердің жылдамдануына, есеп айырысуда ақшалай қаражаттарының айналымдылығына көмектеседі, соңында ақшалардың банктік айналымын тездетеді, қолма-қолсыз есеп айырысу «зат алмасуда» халық шаруашылық байланыстарда делдал болады және олардың нақтылығымен үздіксіздігі жалпы экономиканың тиімділігіне байланысты болады.
Қолма-қолсыз есеп айырысулардың мәні мынада, олар шаруашылық органдардың қорларының айналымына және шаруашылық мәмілелердің аяқталуына көмектеседі.
Курстық жұмыстың өзектілігі – жаңа төлем құралдарын тәжірибемізге енгізу және банктің есеп айырысумен байланысты жаңа қызметтерін дамыту сұрақтары әлі де болса толық шешілген емес. Сондықтан да таңдап алынған зерттеу жұмысының тақырыбы өте өзекті болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты – төлем жүйесінің қалыптасу мен іске асырылуының теориялық және әдістемелік аспектілерін оқып біле отырып, қолма-қолсыз есеп айырысуды одан әрі дамыту жолдарын зерттеу.
Курстық жұмыстың негізі міндеттері:
- есеп айырысу ұғымын және оның жіктелуін қарастыру;
- қолма-қолсыз есеп айырысудың мазмұны мен оны ұйымдастыру
принциптерін айқындау;
- Қолма-қолсыз есеп айырысудың қазіргі формалары мен құралдарын
нақтылау;
- ҚР-ғы төлем жүйесінің қызмет етуін талдау;
- Қолма-қолсыз есеп айырысуларды жетілдіру жолдарын қарастыру.
Зерттеу объектісіне ҚР қолма-қолсыз есеп айырысулар немесе төлем жүйесі жатады.
Зерттеу жұмысының теориялық негізін төлем жүйесі, соның ішінде қолма-қолсыз есеп айырысулар жүйесіне қатысты шетелдік және отандық ғалымдардың еңбектері мен ісін ұйымдастыруға қатысты заңнамалар мен өзге нормативтік актілер, шетел тәжірибелері, статистикалық мәліметтер, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің есептік материалдары құрайды.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кiрiспеден және үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде “Төлем жүйеcінің теориялық негіздері” деп аталады, онда төлем жүйесінің ұғымы, бағыттары, нарықтық экономикадағы рөлі мен шетелдік тәжірибесі қарастырылады. Екінші бөлімде “ҚР қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыруды талдау” деп аталады, онда Ұлттық банк мысал ретінде қолма-қолсыз есеп айырысуды ұйымдастыру тәртібі және оны талдау жүргізіледі.Үшінші бөлімде “Қолма-қолсыз есеп айырысу жүйесінің қызметін жетілдіру жолдары” қарастырылады. Курстық жұмыс, сонымен қатар қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.
1 ТӨЛЕМ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Төлем жүйесінің түсінігі мен құрылымы
Нарықта төлем жүйелерінің көптеген түрлері қызмет көрсетеді. Солардың ішіндегі ең кең тарағандарын атап шықсам.Олар:Орталық банкінің төлем жүйесі, отандық және шетелдік ірі коммерциялық банкілер жүйесі,Cheeps және Free Wine жүйелері,SWIFT жүйесі, Visa және Europay жүйелері, жинақ картасы,Uniоn-card, Алтын карона, Western Uniоn, Mоney Gran, Ресей Жинақ банкісінің коммуналдық төлемдер қабылдайтын жүйелері, Webmoney, PayCash, Gyber Plat, Assist жүйелері.
Төлем жүйелері қолданысы
жағынан банкаралық, карталық, есепшот
ашпай ақша аудару, электронды ақша
болып бөлінеді.Мұнда қорытушы фактор
болмағандықтан, мұндай бөліністің түрлерін
сараптай алмаймыз. Бірінші жүйе –
төлем жүйелерінің бір
Жалпы алғанда, бір фактор
бойынша бір ғана топтастыру жасау
төлем жүйелерінің көп
Әдетте, төлем жүйелері төмендегідей болып сипатталады: көтерме, бөлшек, жалпы, клирингілік, күнбе-күн, рейстік,оn-line режиміндегі, кредиттік және дебеттік аударма.
Федералдық қор жүйесінің статистикасы бойынша 1000 доллар төлемінің 5 %-ын ғана құрайды, ал осы төлемдердің құны барлық төлем айналымының 88 %-ын құрайды.
Ұлттық банк пен Халықаралық есеп айырысу банкісінің ресми құжаттарында көтерме және бөлшек төлем жүйесінің анықтамасы болмайды. Ұлттық орталық, ірі отандық және халықаралық банкілердің банкаралық есеп айырысу жүйелері көтерме жүйе болып есептеледі. Ал пластикалық карта, есепшот ашпай ақша аудару, электронды ақша негізінде құрылған жүйе – бөлшек жүйеге жатады. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық – соманы тиімді төлеу факторы.
Ұсақ төлемдерге қарағанда ірі төлемдерде жүйенің барлық амал-тәсілдерінің нақты әрі дұрыс болғаны өте маңызды. Сонымен бірге, клиенттерді қауіпсіздікпен қамтамасыз етудің жылдам түріне қызығушылық танытады. Жүйенің жоғары талаптары үлкен тарифтер мен шығындарды анықтайтын болғандықтан, клиенттердің түсінігі бойынша тек ірі төлемдерді жүргізу тиімді болып көрінеді.
Келісім жасаушылар төлемді жүргізуге кепілдік алып, оның басталуын күтпей-ақ қойса да болады. Бөлшек жүйелер банкаралық есеп айырысуды көтерме жүйе арқылы жүзеге асырады, бұл оның бөлшек жүйеге тәуелді екенін көрсетеді. Бөлшек жүйелер өзіндік зерттеу жүргізбейді және клиенттердің төлем жүргізуін жылдамдатады. Олар шығынды аз жұмсап, клиенттерден делдалдық қызметі үшін аз молшерде комиссия ұстайды.
Көтерме төлем жүйесін
тек орталық банкілер қалыптастырып,
өздері бақылайды, яғни мемлекеттік
заңдарға сүйеніп реттейді.Себебі банкаралық
есеп айырысудағы ақаулықтар елдің
экономикасына соққы болып
Нақты мерзімдегі жалпы есеп айырысу жүйесінің жалпы есеп айырысу жүйесі төлем жүйесіндегідей анықталады. Онда зерттеу мен есеп айырысу ешқандай шығынсыз, қазіргі уақыт режимінде және бірінен кейін бірі жүзеге асады.
Жалпы есеп айырысу АҚШ-тың Федералдық резервтік жүйесі, Германияның Бундес банкі мен Украинаның Ұлттық бані сияқты Ұлттық көтерме төлем жүйелеріне тән. SWIFT банкаралық коммуникация жүйесі жалпылама негізде төлем құжаттарын жүзеге асырады. Ресейдің ірі банкілерінің ішкі банкілік есеп айырысуы да жалпы негізде құрылған.
Төлемдерді жинақтаудың клирингілік тиімділігіне біріңғай есеп айырысу орталығы мен уақыт қажет.Төлемдердің жинақталуы неғұрлым жоғары болса, әрбір банк үшін кіріс төлемдері шығыс төлемдеріне тең болады және осы төлемді аяқтау үшін шамалы қаржы қажет.
Мәселен, SWIFT жүйесі өзінің дамыған технологиясына қарамастан төлемдерді 30 минуттың ішінде жүргізуге кепілдік береді: әр түрлі аймақтағы банкілердің арасында төлем 10 минут ішінде жүреді, қатысушы банкінің төлемдер жүргізуіне де осындай уақыт қажет.
Ресей банкінің көп рейстік жүйесінде бір күнде төлем жүйесінің 5 сеансы жүргізіледі. Егер клиенттер бір аймақтың банк ісіне жатса, онда төлем бір күнде төрт кәсіпорынның шаруашылық байланысы арқылы өтеді.
Ресей банкінің көп рейстік жүйесі төлем технологияларының даму кезеңдері болып табылады.
Күнбе-күн төлемдер 1990 жылдың басында құрылған аймақаралық және халықаралық төлем жүйесі арқылы жүргізіледі. Бірнеше күн төлем жүргізу кәсіпорындарға тән емес және олар тәжірибе жүзінде сақталмаған. Көтерме жүйеге қарағанда бөлшек жүйеде төлемдерді жүргізудің жылдамдығы төмен. Карталық төлем жүйесі қазіргі кезде автоматтандыруды жүргізуде, ал төлемнің өзі бірнеше күннің аралығында төлеуші мен алушының есебі арқылы жүзеге асады .
Күнбе-күн төлемдерді
банк есебінің өтімділігімен басқару
оңай, сондықтан төлемдердің тобы
клирингілік негізде өзіне
Күнбе-күн жүргізілетін есеп айырысулар банк шотындағы тұрақты қалдықтардың қалуын және сол қалдықтарды несиеге тарату арқылы ақша табудың мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Нақты уақыт аралығында есеп айырысуға көшкенде, тұрақты қалдықтар мен кредиттеудің табысы төмендейді.
Кредиттік және дебеттік ақша аударулардың арасындағы айырмашылық – төлеуші төлем нұсқасымен бірге банкіге барып төлем жүргізеді.
Карталық жүйелердегі төлеушілер негізінен – халық, ал алушылар – сауда мекемелері болып табылады. Сатып алу үшін төлемді ресімдеген кезде, дүкеннің дұрыс қызмет етуіне сатып алушы күмән тудырмауы керек. Сондықтан, дүкен сатып алушыдан тек төлемнің талаптарын ғана қабылдамайды, сонымен бірге қатысушы банкілердің өзіне де талап қояды. Банк үшін мыңдаған адамдардың төлем нұсқауларын орындағаннан гөрі, жүздеген дүкендердің төлем талабын орындаған артық. Төлемдерді зерттеуге қажет техникалық құралдарды адамдарға таратқаннан гөрі, дүкендерге орнатқан арзанырақ.
Кесте 1
Төлем жүйелерінің негізгі сипаттамасы
Жіктеудің факторы |
Жіктеу |
Ерекшелігі |
Кемшілігі |
Ақша аударуға қолайлы сомма |
Көтерме
Бөлшек |
Технология мен қауіпсіздік жағдайы мықты, тәуекелі аз
Шығыны аз |
Коммиссиялық ақшалар мен шығынның көпшілігі
Қауіпсіз, төлемнің тәуекелі жоғары |
Ақша аударудың тәсілдері |
Клирингілік
Жалпы |
Корреспонденттік шоттағы ақшаның аздығы, өтімділікпен реттеген оңай, шығын аз Жедел төлем мен жүйелік тәуекелдің мүмкіндігі |
Жедел төлем мен жүйелік тәуекелдің мүмкін еместігі
Коррепонденттік шоттағы ақшаның көптігі, өтімділікпен басқару қиын және үлкен шығындар |
Ақша аударуға кететін уақыт |
Белгілі уақыт режимі
Бірнеше сағат Күнбе-күн Бірнеше түн |
Клиенттерге құрмет көрсету
Шығыны аз |
Технологияларға қойылатын жоғарғы талаптар мен үлкен шығындар Клиенттерге қойылатын талаптардың аздығы |
Төлем нұсқауларын банкіге беру тәсілі |
Кредиттік аудару
Дебеттік аудару |
Құжаттандырудың қарапайымдылығы мен шығынның аздығы
Ақша алушығы берілетін кепілдік бар |
Ақша алушыға берілетін кепілдік жоқ
Құжаттандырудың күрделілігі мен үлкен шығындар |
Карталық жүйедегі дебеттік аудару кезінде төлеушінің акцепті бар төлем құжатының нұсқасы алушы-банкіде қалады. Төлемші–банк төлем жүйесінің талаптарын негізге ала отырып, өз клиентінің есепшотындағы ақшаны есептен шығарады. Егер төлеуші өз тарапынан бұл есепппен келіспейтіндігін білдірсе, онда бұл жағдайды реттеу ұзақ уақытқа созылатын болады.
Клиенттер төлем шығындарын азайтуды талап ете алады: төлем жүргізуді біршама жылдамдату, тәуекелді төмендету.
Төлем шығындарының азаюы төмендегідей төлем жүйелерінің үндестігін сипаттайды. Көтерме (қауіпсіз), жалпы (жедел төлем мен тәуекелдің төмендігін қамтамасыз етуші), төлемді уақытында төлеу (жедел), дебеттік ақша аудару (ең қарапайым және шығыны аз).
Көбінесе, бұл тенденция
орталық банкілердің жалпы
Төлем жүйесі күрделенген механизм, сондықтан ол нақты қағидаларға негізделуі қажет. Төлем жүйелерін жасауға көп көңіл бөлінеді, соған сәйкес ол міндетті түрде заң шығару мен түрлі төлем жүйелерінде есепке алынады. Халықаралық төлем банкінің төлем және есеп айырысу жүйелерінің комитеті осы қағидаларға баса назар аударады.
Отандық экономистер де осы қағидаларға қатты көңіл бөліп отыр. Алайда, олардың қалыптасуы жағынан айырмашылық өте көп, ол уақыт және зерттеумен түсіндіріледі. 1990 жылдан бастап отандық экономистер қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға қатысты ұстанымдарды өзекті ендіре түсті. Сол кезден бастап төлем жүйелерін ұйымдастыру мен технологиялары, ұстанымдарды қалыптастыруға көмегін тигізген құрылғылар да өзгере бастады.
- Төлем жүйесінің түрлері және қатысушылары
Төлем жүйесінің негізгі сипаттамасы мен олардың өзгеру тенденциясы, бәсекелестік қабілетінің оңтайлы дамуы мен тиімділігіне талдау жасау келесі қорытындыларды шығаруға мүмкіндік береді.
Көтерме жүйеге орталық және коммерциялық банкілердің төлем жүйелерін жатқызамыз.
Бөлшек төлем жүйелеріне карточка жүйесін, есепшот ашпай ақша аударуды, электронды ақша жүйесін жатқызуға болады. Олардың арасындағы өзгешелік төлемнің тәуекелі мен ұсталымдарының байланысын анықтағандағы төлемнің тиімді сомасына жинақталады. Клиринг негізіндегі төлем жүйесі төлемдерді есептік сальдо түріндегі корреспонденттік шот бойынша жүргізеді. Ал жалпы төлем жүйесінде төлемді әркім жүзеге асыра алады.
Кредиттік аудару дебеттік аударуға қарағанда қарапайымдау әрі өте жылдам, сондай-ақ ол төлем шығындарының аз болуын қамтамасыз етеді. Дебеттік аударымдар қабылдаушының үлкен кепіліне қарамастан жеңіліс табады, тіпті жеке тұлғалардың төлем сараланымдары да саудалаушы ұйымдардың пайдасына шешіледі.
Осылайша төлем жүйесіндегі
әр түрлі сипаттамаларға сын көзбен
қарап қолдану тәжірибесі–
Төлем жүйесінің теориясында келесі қағидалар ерекшеленеді: құқықтық, режимдік, мағыналық, тәуекелді азайту, барлық субъектілер жағынан бақылау мен басқару, қауіпсіздік пен сенімділік төлем жүргізудің жылдамдығын таңдау мүмкіндігі, акцепт, мүліктік жауапкершілік пен қатысу критерийі.
Үш субъект (клиент, қатысушы-банк, орталық банк) қатысатын қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесімен салыстырғанда төлем жүйесінде субъектілер саны өседі. Орталық банк қызметінің бір бөлігін қамтитын есеп айырысу банкі мен жүйе операторы пайда болады. Ережелер мен тәсілдерді қайта қарастыруды, олардың орындалуын қадағалауды, келіспеушіліктерді шешуді ауттрейд өткізіп, программистердің мамандандырылған компаниясын бағдарламамен қамтамасыз етуді жүйе операторы жүзеге асырады.
Қызметті жаңаша бөлу мамандандыруды күшейтіп субъектілер арасындағы келіспеушіліктерді жояды, бәсекелестіктерді жоғарылатып, технологияның дамуына үлкен әсер береді.
Егер бір коммерциялық банкіде бір оператор мен бірнеше жүйеге қатысушысы болса, онда төлем жүйелерінің арасында бәсекелестік туындайды. Сондықтан программистер арасында бәсекелестік жоғарылайды, себебі әр жүйе мен қатысушыға олар бірнешеуден келеді.
Төлем жүйесіне қатысушылар – көбіне коммерциялық банкілер. Жүйе операторлары қызмет көрсетулерді өз бетінше дамытулары керек. Бөлшек төлем жүйелері клиенттерді өздеріне коммерциялық банкілер сияқты тарта алмайды. Оларда төлем қызметтерінің жалпы қамтылымы ыңғайлы емес және клиенттердің талаптарына сай келмейді. Көптеген қатысушы-банкілер клиенттерге қызмет көрсету жағынан бәсекелесе отырып. Бірнеше төлем жүйелеріне қатыса алады.
Бірнеше оператор бірнеше төлем жүйесіне қатыса алады.Мұндай жүйені жүзеге асырушы банк ретінде Ресей банкі, Visa немесе Eurоpay ассоциацияларын келтіруге болады, ал екінші жағынан Ресейдің коммерциялық банкілерін айтуға болады.
Электронды ақшалар
жүйесінің сәтсіздігі – коммерциялық
банкілердің делдалдығының
Банкілік шотқа қол жеткізу мен төлем жүйесінің негізін электронды технология құрайды. Қағаз құжаттар қолдану мен оларды қайта қарауда банкілер төлем жүргізу процесін өз беттерінше анықтайды. Электрондық жүйеде технологияның қиындығы сонда, банкілердің басшылары төлем жүргізу технологиясын құру үшін арнайы мамандандырылған программистерді жалдауға мәжбүр болады. Сондықтан да төлем жүйесінің субъектілері ретінде программистер қатысады, олар қатысушы-банкілер мен есеп айырысу институтының жүйе операторы қызметін атқарады.
Субъектілердің басты қызметтері 2 кестеде көрсетілген.
Кесте 2
Төлемдер жүйесінің субьектілері және олардың қызметтері
Субъектілер |
Қызметтері |
Жаңа субъектілерді бөлудегі ерекшеліктер |
Дәстүрлі төлеуші банк |
Қатысушы-банкілердің шоты бойынша есеп айырысу |
|
Қатысушы-банкілер |
Клиенттерге төлем қызметін сату: офистерге қолдау көрсету; клиенттермен жұмыс, клиент талабын талқылау; өткізілген төлем бойынша клиентке есеп беру |
Тиімділіктің жоғарылауы, мамандандырылудағы ұстанымдардың төмендеуі |
Клиент |
Төлем қызметін пайдалану және қатысушы-банкімен өзара әрекет |
|
Жаңалар Оператор |
Біріңғай стандарттарды жасау және бақылау, қатысушыға рұқсат беру, келіспеушіліктерді шешу |
Ағымдағы операциялық жұмыс пен банкінің есеп айырысу тәуекелінен босауы |
Зерттеуші |
Бағдарламамен қамтамасыз ету, енгізу және қызмет көрсету |
Төлем жүйесі технологиясының дамуы мен бәсекелестігі |
Зерттеушілер мен
1.3 Қазақстан Республикасында төлем жүйесінің қалыптасуы
Қазақстанның қолма-қол ақшасыз төлем жүйесі орталықтандырылған жоспарлы экономика жүйесі мен Кеңес Одағының мемлекеттік банкі қолдаған жүйеге негіз болғанымен, нарықтық экономиканың жаңа шарттарына сәйкес келмейді. Осыған байланысты 1991 жылы Ұлттық банк төлем жүйесі реформасын жүзеге асыра бастады. Қазақстан Республикасы төлем жүйесі реформасының негізгі мақсаты – банк пен оның клиенттері арасында төлем жүргізуді жылдамдату (1990 жылдың басында бірінші төлем мерзімі 3-12 күндік уақытты алған), сонымен қатар әр түрлі құралдарын айналымға енгізу болып табылады. Төлем жүйесін реформалаудың алғашқы бастамасы 1991 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі филиалдарында ашылған коммерциялық банкілердің МФО шоттарын жауып, банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыруды және коммерциялық банкілердің (Кредсобанк, Өнеркәсіп-құрылыс банкі, Ауыл шаруашылық банкі, Жинақ банкі) кассалық қызметінің орындалуын қамтамасыз етті. 1992 жылы КСРО құлағаннан кейін, ТМД мемлекеттерінің Ұлттық банкілерінде сауда-экономикалық есеп айырысуды жүзеге асыру мақсатында корреспонденттік шот ашылды. 1993 жылы Ұлттық банк мемлекет ішіндегі және мемлекеттен тыс шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы өзара қарызды есепке алуды жүзеге асырды. Осы жыл ішінде Қазақстанның облыстары арасында жалған авизоны қолдануды алдын алу мен төлемдерді жылдамдату мақсатында барлық дайын техниалық құралдардың күшімен электрондық есеп айырысуды енгізу басталды.
1994 жылы мемлекеттік бағалы қағаздардың орталық депозитарийі құрылды. Қазіргі уақытта орталық депозитарийде мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша есеп айырысудың электрондық жүйесі енгізілген. Бұл делдалға нақты уақыт ішінде өз офистерінде, биржадан тыс нарықта бекітілген мәмлелер бойынша есеп айырысуға мүмкіндік береді. Төлемдер мен банк арасында құжаттар айналымын жүзеге асыру тәртібін жетілдіру мақсатында, 1995 жылы Қазақстанда алғашқы клирингілік палата (Алматы клирингілік палатасы) ашылды және ол көп жақты өзара есепке алу әдісі бойынша қызмет атқарады. Банкілер соңғы есеп айырысуларды әрбір қатысушының позициясы бойынша операциялық күннің соңында бір рет қана жүзеге асырады. 1995 жылы Ұлттық банкідегі шоттарды мұқият тексеру мен рубль зонасындағы мемлекеттердің тарапынан Ұлттық банкілердің корреспонденттік шоттарын қайта реттеу жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасы төлем жүйесін дамыту мен жетілдіру мақсатында, 1996 жылы Ұлттық банкінің облыстық филиалдары тарапынан аймақтық-клирингілік палаталар құрылды, олар ішкі аймақтық төлемдердің банкаралық клирингін жүзеге асырады.
Осы жылы нормативті түрде «электронды төлем тапсырмасы» ұғымы бекітілді. SWIFT жүйесіне бағытталған төлем жүйесіне қатысушылар арасындағы төлем бойынша ақпаратпен айырбас үшін электронды қатынас форматы дайындалып енгізілді. Бұл жүйе өз кезегінде филиалдар арасындағы есеп айырысуды талап етпейді.
1996 жылы алматы клирингілік палатасы банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы болып қайта құрылды.Бұл төлем жүйесінің тиімді тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы өзіне жүктелген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін әлемдік тәжірибедегі соңғы жетістіктерді ескере отырып, ақпараттық технологиялар мен техникалық құрал-жабдықтарды қолданады. Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы мынадай негізгі функцияларды атқарады: МСПД, банкаралық клиринг, SWIFT, VISA, KAZNNSS, СОБС, ФАСТИ.
Төлем жүйесін дамытуға әсер еткен маңызды шаралардың бірі – 1998 жылдың қазаны мен қараша айлары арасында Ұлттық банкінің орталық ақпаратында екінші деңгейлі банкілердің корреспонденттік шотын орталықтандыру болып табылады. Корреспонденттік шотты орталықтандыру негізінде Ұлттық банк есеп айырысу мен банкілік қызметті тез жүзеге асыруға, төлем жүйесінің бақылау функциясын және жалпы банкілік жүйе тиімділігін көтеруге мүмкіншілік берді.
Соңғы жылдарда тиімді әрі қауіпсіз банкілік және қаржылық секторлардың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында, Ұлттық банк тарапынан дамыған шетелдік мемлекеттерде қызмет ететін жалпы есеп айырысу жүйесіндегі ірі төлемдер жүйесін жетілдіру мен жақындастыру бойынша көп жұмыстар атқарылды. Сонымен 2000 жылы Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығының жүйесі халықаралық қаржы ұйымдар тарапынан берілген барлық негізгі талаптарға жауап беріп, RTGS нақты уақыт режимінде есеп айырысуды жүзеге асыратын МСПД-ға қайта ұйымдастырды. МСПД-ның маңызды принциптері-төлемнің нақты уақыт режимінде аяқталуы, есеп айырысудың түпкіліктілігі мен қайтарылып алынбайтындығында.
Қазақстан Республикасындағы ақшалар ағымында банкілік жүйе жағдайын, төлем балансын, сыртқы қарызын, ақша-кредит саясаты мен валюталық саясаттың параметрлерін бақылайтын, жоспарлайтын және тез арада талдау жасайтын көрсеткіштер жүйесі қалыптасты. Осыған байланысты 2001 жылы кодтау жүйесі енгізіліп, Қазақстан Республикасының территориясында төлем құжаты қолданатын төлемдерді бекітудің біріңғай топтастырушысы - Қазақстан Республикасы мемлекеттік топтастырушысының жұмыс тәртібі анықталды. Зейнетақы реформасын жүзеге асыру үшін МТ 102 форматындағы электрондық жиынтық төлем тапсырмасы енгізілді. Сонымен қатар, зейнетақы салымы бойынша төлемдерді жүзеге асыру тәртібі банкімен бірлесіп дайындалды. Өтпелі кезеңде экономиканы реформалаудың негізгі құрамдас бөлігі ретінде бір жағынан төлем кризисі мен оның салдары, ал екінші жағынан жаңа банкілік жүйенің негізіндегі есеп айырысудағы өзгерістер саналады. Қазіргі уақытта республикадағы банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығында ірі көтерме төлем жүйесі мен бөлшек төлем жүйесі қызмет етуде.
Республикалық төлем жүйесін дамытудың негізгі кезеңі RTGS нақты уақытта есеп айырысуды жүзеге асыратын Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы базасындағы ірі төлемдер жүйесін құру болып табылады. RTGS жүйесін құру үшін кез келген мемлекеттің қаржы саласындағы артықшылығы басым болу керек. Бұл жүйенің болуы мемлекеттегі банкілік жүйенің тұрақты қызмет етуін сипаттайды. Бүкіл әлемде осындай жүйелерді құру үшін жалпы қабылданған стандарттар әрекет ету қажет.
Қолданушылар электронды төлем құжатының нақтылығы мен дұрыс толтырылуына мұқият болуы керек.
Қазақстанда Ұлттық клирингті енгізу KAZNNSS 1999 жылдың бірінші жарты жылдығына жоспарланған. Ол үшін KAZNNSS мәліметі бойынша, соңғы есеп айырысуды жүргізген Есеп Агентінің қызметін өз жауапкершілігіне алатын ұйымды таңдау керек. Қазіргі уақытта жеті Қазақстан банкі - Тұран Әлем банкі, Халық банкі, Қазақстан Ситибанкі, ABN AMRC Bank, Казкоммерцбанк, Альфа-банк, Алматы Сауда-Қаржы банкі KAZNNSS-тің қатысушылары болып табылады. Бұл факт Қазақстан нарығындағы жекелеген банкілік қызметтерде карточкалық бизнестің белсенді дамып келе жатқанын көрсетеді. Мұның өзі өз кезегінде Қазақстандағы Ұлттық клирингілік Visa International жүйесін енгізудегі тиімділік пен дер кезділікті сипаттайды.
Барлық Visa карточкаларын қолдануға трансакциялар екі Visa орталықтарының біреуіне - біріншісі Бейсингсток, Ұлыбританияға және екіншісі Мак-Дине, Вирджиния, АҚШ-қа есеп айырысу, авторландыру қызметі бойынша бағытталады. Барлық осы ақпараттар ағымдар Visa Net арқылы арнайы шлюзбен VAP компьютерлік интерфейске бағытталады. 1997 жылдың қарашасына дейін Қазақстанда тек бір ретті қолданылатын VAP - Тұран Әлем банкіне орналастырылды. VAP арқылы ақпарат желісін көбейтуге Visa жүйесіне қатысушы-банкілердің карточкалық бағдарламасының дамуы айтарлықтай дау тудырды. 1997 жылы Visа International Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығы өз құрамына VAP жаңа нұсқасын енгізуге ұсыныс жасады. Келісім шарт пен дайындық жұмыстары біткеннен кейін, 1997 жылы қарашада Банкаралық есеп айырысудың Қазақстандық орталығында Express Connect, Service Visa Net, Point Visa Net желілерімен бірден 6 банк жұмыс істей алатын шлюзді бағдарламалық-техникалық кешен орнатылды. Бұл VAP Х 25 желісі сенімсіз телекоммуникацияларды пайдалану үшін арнайы дайындалған. Х 25 көпшілік желісі ретінде Banknet дамыған желісі бар банкаралық қаржылық телекоммуникациялар орталығы таңдалынып алынды.