Толем картолары
«Төлем
карталары»
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ – ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙРЫЛЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ 6
1.1 Шетелдегі карточкалық бизнестің дамуы 6
1.2 Карталардың түрлері және жіктелуі 13
1.3 Төлем карточкаларының жұмыс принциптері 33
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ НАРЫҒЫНЫҢ ОСЫ ЗАМАНҒЫ ЖАҒДАЙЫ 42
2.1 Қазақстанда төлем карталарын енгізудің экономикалық алғышарттары 42
2.2 Төлем карталары бойынша несиелеу механизмі 46
2.3 Екінші деңгейлік банктерде төлем карталарын қолданудың талдамасы 57
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ 61
3.1 Ұлттық
төлемдік микропроцессорлық
3.2 Жұмыстың озық әдістері мен түрлерін төлем карталарымен жұмыс барысында енгізу 66
ҚОРЫТЫНДЫ 75
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 77
ҚОСЫМШАлар А 80
Қосымша
Ә 87
КІРІСПЕ
Бүгінгі күні карточкалық бизнестің дамуы, ел экономикасы дамуының индикаторы ретінде саналады. Расында да, осы көрсеткішпен қатар, банктер өз клиенттеріне сервистің жоғарғы деңгейін көрсетуге талпынуда. Кез келген банктің негізгі мақсаты – клиенттер үшін жоғары деңгейлі ыңғайлылықты қамтамасыз ету. Адам өзінің ақшасына әлемнің кез келген нүктесінен қол жеткізуі қажет және өзін жайлы және сенімді сезінуі керек. Осы ретте банктер төлемдік карталарды, клиенттің шотына рұқсаттық әмбебап құрал ретінде пайдалануға тырысады, адамның уақытқа да, қашықтыққа да тәуелсіз болуы үшін, өзіне-өзі қызмет ету тәртібі жағдайында операциялардың барынша көп санын аударады.
Дегенмен,
төлем карталары сирек
Төлем карталарын ұстаушылар, оның басқа да қызметтерінің болатындығын ұмытып, тек ақшаны ғана алуды іске асырады. Ол бүкіл дүниежүзі бойынша ақшаны аудару мен қабылдап алудағы жылдамдық пен құпиялылықты, тауарлар мен қызметтерге төлем жасау мүмкіндігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ ақшаңызды тәулік бойында алуыңызға рұқсат берілген. Ақшаны тек беріп ғана қоймай, сондай-ақ ақша қабылдап алатын да банкоматтар бар. Бұдан басқа, карточка сізге тиімді валюта курсы бойынша валютаны конверсиялау мүмкіндігін береді, бұл да оның соңғы мүмкіндігі емес.
Төлем
карталарын тауарлар мен қызметтерге
төлем жүргізудегі қолдану
Жұмыстың мақсаты – Қазақстанның несиелеу мен ақшасыз есеп айрылысу жүйесінде төлемдік карточкаларды қолданудың экономикалық шарттарын зерттеу.
Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- төлем карталарын және олардың қызмет ету принциптерін зерттеу;
- Қазақстандағы төлем карталары нарығының осы заманғы жағдайын талдау;
- Қазақстанда төлем карталарын енгізудің экономикалық алғышарттары қарастырылған;
- төлем карталарымен жұмыстың алдыңғы қатарлы үлгілері мен әдістерін енгізу;
- ұлттық төлемдік микропроцессорлық карточканы қолдану.
Төлем карталары негізіндегі ақшасыз есеп айырылысу жүйесін Қазақстанда кеңінен енгізу тек мына жағдайда ғана мүмкін болады, егер коммерциялық банктер, сауда және қызмет көрсету мекемелері, жеке тұлғалар, яғни есеп айырылысу процесінің барлық қатысушыларының мүдделерінің теңдігі қамтамасыз етілсе. Қазіргі кезде төлемдік жүйелердің мүдделі қатынасушылары ретінде коммерциялық банктер танылады, дегенмен, төлем карталары бойынша төлемдер жүйесін құру, тек банктердің тауарлар және қызметтер ұсынушы кәсіпорындармен бірлесіп, келісіп әрекет етуінде ғана мүмкін болмақ. Өз кезегінде, тұрғындар күнделікті есеп айырылысу үшін, әрине, егер бұл қарапайым және жайлы болса, төлем карталарын пайдаланады. Осы секілді жүйелерді енгізудегі потенциалды пайдалар барлық қатынасушылар үшін, сонымен қатар мемлекетке де жақсы таныс.Жұмыстың ғылыми жаңалығы – төлемдік-карточкалық қызмет көрсетудің тиімділігі мен оның заңдық-нормативтік базасын жетілдіру бойынша кепілдеме ұсыну болмақ.
Жұмыстың
тәжірибе жүзіндегі құндылығы –
жеке сипатты ғана емес, сондай-ақ ұлттық
мүдделерді қарастырушы төлемдік жүйелердің
қауіпсіздігі мәселелерін қарастыру
болмақ.
1 ТӨЛЕМ КАРТАЛАРЫ – ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ ЕСЕП АЙРЫЛЫСУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРАЛЫ
1.1
Шетелдегі карточкалық
Пластикалық карточкалардың ежелгі тарихы бар. Кредиттік карточка идеясы өткен ғасырда, Эдуард Белламидің 1888 жылы жарық көрген «Өткенге көзқарас» (Looking Backward) атты кітабында ұсынылған еді, ал алғашқы рет картонды кредиттік карточкаларды тәжірибелік тұрғысынан енгізудегі әрекеттер АҚШ-та толайым сауда кәсіпорындары мен мұнай компаниялары арқылы жиырмасыншы жылдары жүргізілді. Әрине, мұндай несиелеудің ерекше құралы тек АҚШ-та енгізілді, себебі ол елде ХІХ ғасырдың аяғынан бастап жеке тұлғаларға тұтынушылық несиелер беру қарқынды дамыған еді. 1914 жылы кейбір дүкендер өздерінің тұрақты ауқатты тұтынушыларына арнайы карточкалар бере бастады, яғни оларды өздеріне «байлап-матап» ұстау мақсатында. 1928 жылы Бостондық Farrington Manufacturing компаниясы арқылы алғашқы металлдан жасалған пластинкалар шығарылды, оларда адрес басылған және олар несие төлеуге қабілетті клиенттерге ғана берілді. Карточканы жасау үшін қолданылатын материалды іздестіру он шақты жылдарға созылды, және тек 60-шы жылдары ғана қабылдауға болатын шешім табылды – ол магниттік жолағы бар пластикалық карточка.
Несиелік карточкаларды құрастыру жобасы ресторанда басталды. Бұл АҚШ-та 20-шы ғасырдың ортасында басталды. 1936 жылы ортақ кленттерді несиелеуге келісім берген кәсіпорындардың алғашқы бірлестігі пайда болды. Ерекше табыс ресторандық «Diners Club» («Түстену клубы») несиелік карточкасының үлесіне түсті. Жақсы абыройға ие болған ресторандардың тұрақты клиенттері ғана «DC» карточкасын ала алды және де оны олар Нью-Йорктың көптеген ресторандарында қолма-қол ақша орнына ұсынды. Ресторандар шоттардың көшірмелерін «DC» -қа беріп отырды, ол ай сайын клиентке жалпы шот есебін шығарып беріп отырды. Клиент «DC» -пен есеп айырылысса, ал ол ресторандармен есеп айырылысып отырды 1951 жылдың басына қарай Diners Club компаниясы, сауда және сервистің 300-ге жуық кәсіпорындарымен келісімшартқа отырды, және де 35 мыңға жуық адам карточка иелері ретінде саналды. Карточканы қолданудың ақысы жылына 3 долларды құрады. Жылдың аяғына қарай компанияның табыс айналымы 6,2 млн. долларға жетсе, таза кіріс 61 мың.долларды құрады.
Төлем жүйелерінің дамуына шешуші әсерін тигізген АҚШ-тың карточкалық нарығындағы негізгі оқиғалар 1958 жылы шешілді. Hilton қонақ үйі желісінде ауқатты клиенттерге есептеліп жасалған Carte Blanche жүйесі жұмыс істей бастады. Бірінші ашушылар табысын бағалай келе, ірі американдық банктердің бірқатары тек ресторандарда ғана қолданып қана қоймай, сондай-ақ басқа да орындарда қолдануға болатын несиелік карточкаларды шығарды. Сөйтіп, төлем жүйелері қалыптаса бастады: банк карточка шығарып және де клиентке шот ашты; бір елдің территориясында және де одан тысқары шетелдерде дүкендердің, барлардың, ресторандардың, қонақ үйлердің және т.б. тұтас желісі қалыптаса бастады, оларда пластикалық карточкалардың қызметімен айналысушы орталық жабдықталды, төлемге банк-эмитент арқылы шығарылған карточкалар алынды. Пластикалық ақша нарығын игеруде алғашқы бастаушылар ретінде, қазірде аттары әлемге әйгілі Bank of America, Master Card, American Express, Visa International танылды. 1958 жылдың қазан айында карточка нарығына American Express жүйесі шықты, ол жол чектерімен қызмет көрсетудің халықаралық инфрақұрылымын құрған еді. Американдық қонақ үйлер ассоциациясы шығарған Universal Travel Card карточкасына құқық алғаннан бері, American Express алғашқы шын мәніндегі бұқаралық карточка болып саналды. Бір жылдан соң осы карточканың иегерлері 50 мыңға жуық адамға жетті. Карталарды сауда және сервистің 30 мыңдай кәсіпорындары қабылдады. Иә, осындай жағдай қалыптасты, яғни карточкалық нарықтың қалыптасуы мен дамуы, «саяхаттар мен көңіл көтерулер» (Travel and Entertainment – T&E) үшін арналған карточкалар есебінен жүзеге асырылды. Банктік карталар бірқатар кейінірек пайда болды, яғни T&E, Diners Club, American Express, Carte Blanche карталарын таратушы компаниялар күш ала бастағанда. Карточкалар нақты түрде T&E типті және тек банктік типті карточкаларға жіктеле бастады. 1958 жыл банктік несиелік карталардың шығуымен ерекшеленді. АҚШ-тың банктерінің 100 -ден астамы, осы уақытқа өздерінің карточкалық бағдарламаларын іске асыра бастады. Олардың арасында екі банк танылды: Bank of America и Chase Manchattan Bank, яғни, оларға пластикалық карталар нарығы тарихында ерекше роль атқару жүктелді. Өзінің жекелеген карточкалық бағдарламасын іске асырудағы алғашқы жылдарының аяғына қарай Chase Manchattan Bank 350 мың. карточкалар шығарды және олардың қызметіне 5 мыңнан астам сауда мекемелерін тартты. 1960 жылдың соңына қарай карточкалар бойынша айналым 25 млн.долларға жетті. Сонымен қатар, сол кезде қауіпті қарқынмен операциялық шығындар мен несиелерді қайтармау жағдайлары өсті. Бағдарлама ешқандай кепілдіксіз, жағдайдың күрт өзгеруіне әкеп соққан шығынды бағдарламаға айналды. 1962 жылдың қаңтар айында банк өзінің карточкалық бизнесін 9 млн.долларға сатты. Бірқатар уақыт бойы, American Express бөлігі ретінде танылып, 1969 жылы ол Chase Manchattan Bank –тің оған 50 млн. доллар төлеуі нәтижесінде оның қарамағына өтті. Кейінгі екі жыл ішінде карточкалық бағдарламаны қолдану нәтижесінде банк 2 млн. доллар көлемінде шығынға батты және 1972 жылдың қаңтар айында, National Bank of America Inc ассоциациясының барлық құқықтарына мойынұсынып, одан құтылды. National Bank of America Inc пайда болуы карточкалық нарық дамуының жаңа кезеңінің тууымен ескерілді, яғни оның интернационализациясы мен шын мәніндегі ғаламдық төлемдік жүйелердің қалыптасуымен ерекшеленеді. Сол кезде Chase Manchattan Bank-тің және көптеген АҚШ-тың барлық банктерінің бағдарламалары қиындықтарға ұшыраған еді, ал сол кезде кеңінен танылғаны BankAmericard-тың карточкасы еді, ол АҚШ-тың ірі Bank of America арқылы шығарылды. Бірақ карточкалық істе оның кең танылуына, сәттілікке ие болуына (сол Chase Manchattan Bank өз мүмкіндіктері бойынша Bank of America –дан ешбір кемшілігі жоқ еді) банктің мөлшері мен шамасы себеп болған емес, керісінше банктің географиялық орналасуы себеп болды десек қателеспес едік: Калифорния – АҚШ-тың ең бай штатттарының бірі еді. Бұдан басқа, 1996 жылы Bank of America өзінің карточкаларын шығаруға басқа банктерге лицензияларын бере бастады.
Калифорниялық банктің экспансиясына жауап ретінде Банкаралық карточкалық ассоциациясының бірнеше ірі банктері арқылы құрылған Inter Card Association (ICA) болды. 1969 жылы АҚШ-тың батыс жағалауы банктері арқылы шығарылған Master Charge карточкасына деген құқықты Асоциация сатып алды. Өз кезегінде, BankAmericard-ты шығарушы банктер, бақылаудан бір банктің (Bank of America) бағдарламасының шығарылуын талап етті. 1970 жылдың шілде айында National Bank of America Inc (NBI) төлемдік ассоциациясының құрылғаны туралы жария етілді.
Сөйтіп, 70-шы жылдардың басында АҚШ-та бір мезгілде банктік карточкалар нарығында бәсекелесінің күші бойынша тең келуші екі карточка пайда болды: ICA мен NBI. Басында барлығы бұғанға дейінгі жүргізілген ретпен жүрді: банктер таңдау жасап, біреулері бір ассоциацияға, екіншілері басқасына қосылып жатты.
Бірақ 1971 жылы, нарықтың барлық қатысушылары үшін күтпеген жерден банк Worthen Bank Trust Company of Little Rock екі жүйенің де мүшесі ретінде қабылданды. NBI жағынан Ассоциация мүшелерімен Master Charge карточкаларын шығаруға шектеу қойылды. Іс сотқа дейін барды, сөйтіп, 1972 жылы аймақ соты бұл мәселені қараушы қорытынды шығарды, яғни NBІ тыйым салу антитрестік заңның бұзылуына, еркін бәсекеге кедергісін келтіреді және тұтынушылар құқықтарын шектейтіндігі анықталды. NBI сот шешіміне қарсы шығуға ұмтылды, дегенмен прецедент құрылды, және әзірге бұл процесс созылғанға шекті (жалпылама 5 жылға) көптеген банктер екі карточкаларды да шығаруды бастады. 1976 жылы NBI берілді. Мәселе түбегейлі түрде күн тәртібінен алынып тасталды, сонда ірі бірнеше банктер – NBI мүшелері, Bank of America және Chase Manchattan Bank банкін қоса, сол жылы ICA-ға мүшелікке қабылдауға және Master Charge карточкасын шығаруға өтініш жасады. Америкалық нарықтың дамуына қарама-қарсы карточкалық операциялардың интернационализациясы жүріп жатты. Европаға «жол ашқан» Diners Club компаниясы болды, ол 1951 жылы Ұлыбританияда өзінің атын және несиелік схемасын қолдануға қатысты алғашқы лицензиясын берді. Осыған ұқсас, ауқатты British Hotels Restaurans Association ұйымы (қонақ үйлер мен ресторандардың британдық ассоциациясы) өзінің жеке дербес несиелік карточкасын (BHR) шығара бастады. 1965 жылы, Rikskort шведтік компаниясымен бірігу арқылы, ағылшындық жүйе Швециядағы бас-пәтері бар Eurocard International компаниясын құрды. Американдық төлемдік ассоциацияларының бәсекесі 70-ші жылдары европа нарығына шықты. 1974 жылы ICA, Eurocard International мүшесі болып табылатын AcsessCard британдық жүйесімен келісімге қол қойды. Осылай Eurocard International мен ICA арасында ынтымақтастық басталды. 1976 жылы BankAmericard өзгерткен NBI VISA карточкасының жаңа атауы, түбегейлі Ассоциация қызметінің ғаламдық сипатын өзгертті, ал оның өзі VISA International деп аталды. Осыған ұқсас қадамды 1980 жылы, өзінің карточкасының атауын анағұрлым түсінікті - MasterCard етіп өзгерткен ICA жүзеге асырды. Осылайша Eurocard International мен ICA ынтымақтастығы басталды. 1976 жылы BankAmericard ауыстырған NBI VISA карточкасының жаңа атауы, нақты түрде Ассоциация қызметінің ғаламдық сипатын бекітті, ал оның өзі VISA International деп аталды. 1980 жылы осыған ұқсас қадамды ICA жасады, ол карточкасының атауын – анағұрлым түсінікті – MasterCard етіп өзгертті. 1992 жылдың аяғында Eurocard International мен Eurocheque төлем жүйесінің бірігуі жүргізілді. Жаңа ұйым Europay International деп аталды. Оның бәсекелесі – сол бұрынғы - VISA International болды.
Қазақстанда тұрғындардың жан басына алғанда төлем карточкаларының және айналымдарының үлкен көлемді саны Шығыс Европа елдерімен салыстырғанда көп. 2001 жыл біздің елдің банктері үшін елеулі жыл болды. «ТуранАлемБанкі» акционерлік қоғамы (АҚ) өзінің ең танымал VISA Platinum карточкасын шығарса, «Қазкоммерцбанк» АҚ өзінің алғашқы чиптік транзакциясын жүргізді, ал Тексабанк өзінің ағылшын тіліндегі бірінші Virtual Visa карточкасын шығарды. Мұндай карточка «нақты өмірде» қолданыла алмайды, себебі ол Интернет арқылы ғана қолданылады.Бар жоғы бес жыл бойы VISA төлем жүйесінің қазақстандық банктермен жұмыс істеуі барысында, олар арқылы 754 мың. карточка шығарылды (өткен жылмен салыстырғандағаы өсу 110 пайызды құрады), олардың айналымы 590 млн. долларды құрады (өсім 210 пайыз), транзакциялар саны – 8,3 млн. доллар (өсім 250 пайыз). Осы цифрлардан белгілі болғаны, айналымдардың өсуі шығарылушы карточкалар санынан артып кеткені, ал бұл мынаны байқатады, яғни карточкалардың жиі түрде және үлкен көлемде кішігірім төлемдер үшін қолданылғандығы. VISA –ның серіктес банктерінің саны 1996 жылы үштен он төртке шекті өсті. Айтпақшы, қазір банктер айына 60 мың.данаға дейін төлем карточкаларын шығаруда. 1996 жылы алғашқы банкомат орнатылған болса, бүгінде олардың жалпы саны 500 құрайды. Мұның барлығы, Қазақстан нарығының осы қызмет түріне дайын екендігін және халықаралық төлемдік құралдарды қолдану арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуға қызығушылық танытуына куәлендіреді.
Мұның барлығы мынаның куәсі, яғни Қазақстанның нарығы осы қызмет түріне дайын және халықаралық төлемдік құралдарды қолданып ақшасыз төлемдер жүргізу жүйесінің дамуына мүдделі.
Банкоматтар мен сауда терминалдары, пластикалық карталар негізінде өзіндік қызмет көрсетудің банктік жүйесінің қызметін қамтамасыз етуші қондырғылар болып табылады. Банкомат (Automated Teller Machine - ATM) – бұл пластикалық карточкалар бойынша қолма-қол ақша беруге тағайындалған электронды-механикалық қондырғы. Банкоматтарды қарапайым және басқа да операцияларды (салымдарды қабылдау, шот туралы анықтамалар беруге, ақша аудару және т.б.) орындаушы толық қызметтік деп бөлу қабылданған. Банкоматтар алдын ала болжалынған орнықтыру орындарына қарай көшелік және ішкі(бөлмелер үшін) деп бөлінеді. Көшелік банкоматтар әдетте ғимараттар қабырғаларына орнатылады. Кез келген типті банкоматтар процессорды, графикалық мониторы бар дисплейді, ақпаратты енгізуші пернетақтаны, пластикалық карталардан және оған бағытталған ақпаратты оқу мен жазуға арналған, сондай-ақ банкноттарды сақтау мен беруге арналған қондырғыны қамтиды. Қосымша банкоматтар бумалы принтерлермен, ақша қабылдау қондырғыларымен және қауіпсіздік құралдарымен жабдықталады.
Төлем карталарының бұдан былайғы алға басуы, олардың қызмет көрсету түрінің техникалық жағының жетілдірілуін талап етеді. Банкоматтар нарықтағы көзқарасты қамтамасыз ету үшін, шығындарды қысқартуға және пайда табуға арналған. (1 Сурет ). Олардан тіпті демалыс күндері де кассир жалдаудан құтылудың жолын және кассир алдындағы кезекті қысқартудың, клиенттерді сақтаудың, ең соңында – кассирлер штатының өсуін қысқартуға ұмтылуды және олардың құрамын қысқартуды, соған сәйкес шығындарды азайту тәсілдерін байқаймыз.
1 Сурет Банкомат арқылы қолма-қол ақша алу
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алу келесі түрде жүргізіледі:
1) саяхаттағы адам карточкасын Лондондағы банкоматқа салады да толайым бағасы бойынша долларға алмастырылушы британ фунттарын сұрайды;
2)
банктік компьютер мынаны
3) орталық компьютер клиенттің банкін бекітеді;
4) компьютер клиенттің банкіне сұраныс жасайды, яғни клиенттің шотында ақшасы бар не жоқ екендігін тексереді;
5)
клиенттің төлемге қабілеттілігінің дәлелдемесі
орталық компьютер арқылы кері Лондонға
беріледі де, сөйтіп саяхаттағы адам
өзінің ақшасын алады. Осының барлығына
10 секунд уақыт жұмсалады.
1.2
Карталардың түрлері мен
Пластикалық карточка – бұл, карточканы пайдаланушы тұлғаға тауарлар немесе қызметтері үшін ақшасыз төлем жасау мүмкіндігін ұсынушы, сондай-ақ банктер бөлімшелері мен банк автоматтарында ақшаларын алуды ұсынушы жекелеген төлемдік құрал. Карточканы қабылдаушы сауда немес сервистік мекемелер және банктер бөлімшелері карточкамен қызмет көрсету нүктелерінің желісін құрады.
Пластикалық карталардың даму барысында, олардың тағайындалулары бойынша, қызметтік және техникалық сипаттамалары бойынша ерекшеленетін әртүрлі түрлері пайда болды.
Егер компания карталар шығаруға шешім қабылдағанда, алдымен мынаны анықтап алғаны дұрыс, яғни ол картаның не үшін қажеттігін және олардың қандай болатындығын. Бір жағынан, егер адам карточка алғысы келсе, ол міндетті түрде мынаны анықтауы тиіс, яғни оған карточканың не үшін қажет болатындығы және сәйкесінше, өзіне қажетті карточка түрін таңдай білуі керек.
Карталардың жіктелуі үшін көптеген негіздемелер бар:
а) оларды дайындау материалы бойынша:
- қағаздан жасалған;
- пластикалық;
- металлдық.
Қазіргі кезде барлық жерде кең таралған түрі пластикалық карточкалар болып табылады. Бірақ та карточка иесін құпиялау үшін, жиі түрде пластикалық пленкаға жабыстырылған немесе жапсырылған қағаз (картонды) карточкалары қолданылады. Бұлар ламинатталған карточкалар. Ламинаттау ең қарапайым, арзан және жеңіл қол жетерлік жұмыс болғандықтан, егер карточка есеп айырысулар үшін қолданылса, бөгде адамдардың қол сұғуынан қорғау мақсатында, осы заманға лайық және пластикалы карталар дайындаудың күрделі технологиясын қолданады.
Металл
карталарына қарағанда
б) Картаға ақпаратты жазу тәсілі бойынша:
1) графикалық жазу;
2) эмбоссирлеу(қысы түсіру);
3) штрих-кодтау;
4) магниттік жолақтағы кодтау;
5) чипі;
6) лазерлік жазу.
Карточкаға ақпаратты жазуда ең көне және қарапайым жазу ретінде графикалық бейнелеу қала бермек. Ол осы уақытқа дейін де барлық карталарда, яғни ең технологиялық жағынан алғыр карталарда қолданылады. Басында картаға, оның иесінің тек фамилиясы, аты және оның эмитенті туралы ақпарат түсірілетін еді. Кейіннен әмбебап банк карточкаларында қол қою үлгісі қарастырылған еді, ал фамилиясы мен аты эмбоссирленген еді(механикалық түрде басылуы).
Эмбоссирлеу карточка арқылы төлем жүргізу операциясын, онда жапсырылған жапсырма арқылы тез жүргізуге жағдай жасады. Картаға түсірілген ақпарат, лезде көшірме жүргізуге арналған қағаз арқылы слипке беріледі. Алаяқтықпен күрес мақсатында көшірме қабаты жоқ слиптер де қолданылуы мүмкін, бірақ карточкада эмбоссирленген ақпаратты беру тәсілі ретінде бұрынғыдай механикалық қысым түсіру тәсілі қалды.
Эмбоссирлеу толығымен графикалық бейнелеуді ығыстырып шығармады. Яғни, қағазсыз технологияларға негізделген жүйелердің шығуымен, картаның және иесінің номері картаға персонализаторлар көмегімен графикалық тәсілмен түсірілетін болды. Осы заманғы персонализациялық қондырғы бірнеше минуттар ішінде карточка иесінің түрлі-түсті фотографиясы мен оның қол қою үлгісінің лазерлік үлгісін картаға түсіріп береді.
Штрих-кодтау. Ақпаратты карточкаға жазуды штрих-кодтау арқылы жүргізу магниттік жолақтарды ойлап тапқанға шекті қолданылды және төлемдік жүйелерде кең қолданыс таппады. Бірақ тауарларға басылатын штрих-кодтар секілді, осыған ұқсастары, арнайы есеп айырылысулар талап етілмейтін карточкалық бағдарламаларда жеткілікті түрде танымал. Бұл осындай карточкалардың төмен бағалы екендігімен және есептеуіш қондырғының арзандығымен байланысты. Мұнда ең жақсы қорғаныс үшін штрих-кодтар түссіз, көзге көрінбейтін қабатпен және инфрақызыл түсте жабылған.
60-шы
жылдардың соңындағы қолма-қол
ақша беруге арналған
Магниттік жазба, бүгінгі таңда пластикалық карточкаларға ақпаратты түсірудің бірден-бір тәсілі болып табылады. Әсіресе, ол төлемдік жүйелерде кеңінен танымал.
Магнитті жолағы бар карточкалардың артында магниттік жолақ бар, онда карточка иесін құпияландыру үшін, оны банк автоматтары мен сауда мекемелерінің электронды терминалдарында қолдану кезінде қажетті барлық мәліметтер жазылған. Бұл ISO халықаралық сапа талаптарына сай пластикалық карточкада, артқы жағында кемінде 100 байтқа дейінгі ақпараты бар магниттік жолағы болады, ол ақпарат арнаулы қондырғы арқылы оқылады. Карточка арнайы оқитын қондырғыға қойылған кезде, карточка иесінің жеке мағлұматтары шарт жасасуға келісімді алу үшін коммуникациялық желілер арқылы беріледі.
Карточканың магниттік таспасы үш жолдан тұрады: қаржы саласында әдетте екіншісін қолданады. Онда персоналды идентификациялық номері – картаның ПИН-коды (Personal Identification Number) (ол карта иесі арқылы банк автоматтарын қолдану кезінде арнайы клавиатурадан енгізіледі) немесе банктік ағымдағы шот жағдайы туралы, карточка иесінің аты-жөні, тегі, карточканың жарамдық мерзімі жазылған ақпарат сақталады. Терілген цифрлар жолақта жазылған ПИН—кодпен салыстырлады. Олардың сәйкес келмеуінде карточка иесіне ПИН-кодты терудің тағы да бірнеше жолы ұсынылады. Содан кейін карточка алынып қойылады немесе иесіне қайтарылады (еврокарта). Магниттік жолақта иесінің шотының жағдайы туралы қаржылық ақпарат жоқ.
Магниттік карталармен жұмыс істеудің екі режимі бар. on-line режимінде қондырғы (сауда терминалы, электронды касса, банкомат ) телефон желісі арқылы немесе арнаулы байланыс каналдар арқылы карталар авторизациясы орталығына магниттік жолақтан ақпаратты оқиды да, жеткізеді. Мұнда қабылданушы ақпарат өңделеді, содан соң процессингтік орталықта картаның иесінің шотынан сауда сомасы алынады (дебеттік карточкалар) немесе карта иесінің қарызы осы сауда сомасындай сомаға үлкейтіледі. (несиелік карточкалар). Мұнда, ережеге сәйкес, келесілер тексеріледі: картаның ұралнған немесе жоғалтылған еместігі, иесінің шотында қажетті соманың болуы (дебеттік карточкалар үшін), несие лимитінің өспегендігі(несиелік карточкалар үшін). Оff-line режимінде сауда жасағандығы туралы ақпарат ешқайда берілмейді, тек сауда терминалында немесе электронды кассада сақталады. Чектерді басып шығаруда қолмен айналдырушы, карточкада иесі туралы ақпаратты қайталап басушы арнайы қондырғылар қолданылады.
Кері
байланыс бойынша банкоматтардан ақшаны
беруде ережеге сай, карточка иесінің
4-6 мәндік жеке коды- PIN-код сұралады,
ол өз кезегінде алаяқтардан
Бұл қауіпсіздік шарасы пластикалық карточкалар бойынша тонаулар санының өсуін доғару үшін енгізілген. Іс мынада, яғни магниттік жолағы бар карточканы қолдануда оны көшіріп алса болғаны, бірақ кодты білмей, оның көшірмесін банкоматтарда қолдануға болмайтындығы. Дүкендерде пластикалық карточкалар көмегімен есеп айырылысуларды қамтамасыз ету құралдары ретінде сауда терминалдары қызмет етеді. Олардың қарапайымы клиент қол қоятын арнайы чекті алушы және пластикалық карточканың рельефтік бөлігін қамту үшін арналған механикалық қондырғылар болмақ. Сауда терминалдарында PIN-кодтар әдетте өте ауқымды емес сомаларды алуда қолданылмайды. Бірақ 15-20 жыл өтсе де белгілі болғаны, магниттік жолақ та алаяқтық пен қолдан жасаушылықтың қажетті деңгейін қамтамасыз ету мүмкін болмай отыр. Ал бұл, карточкаларға негізделген банктік және төлемдік жүйелерде сын сәті болмақ. Ендеше мамандар ақпаратты қорғаудың сенімді тәсілін іздестіре бастады. Ол чип немесе микросхема болды. Чипі бар карточкаларды жиі түрде смарт-карталар немесе интеллектуалды карталар деп атады.
Ең күрделісі жадылық карта болып табылады, онда магниттік жолақ болмайды, бірақ жады мен ақпаратты жазу мен оқуға арналған микросхемасы бар. Микросхемасы бар карточка (chip card, smart card) 1974 жылы Францияда ойлап табылды. 1975 жылы француз Ролан Морено алғаш рет жадылық электрондық картаны ойлап тауып, патенттеді. Тағы бірнеше жылдар өтті, Bull (Франция) компаниясы микропроцессоры бірге жасалған смарт-картаны жасап шығарды және патенттеді. Карточкаға кірістірілген микросхема (чип) – алдын ала жазылушы, содан соң сауда-саттық келісімінің жасалу сәтінде жаңартылып отыратын ақпараттың сақтаушысы болып табылады. Бұл карточканың қызметтік мүмкіндіктерін кеңейтіп, оның сенімділігін арттырады.