Толық және өндірістік өзіндік құн есебі
Мазмұны
Кіріспе……………………………………………………………
Негізгі бөлім
I Өндіріс шығындары және өзіндік құн.
1.1. Кәсіпорын шығындары түсінігі және
олардың түрлері…................4
1.2 Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы
және мәні………..................7
II Толық және өндірістік
өнімнің өзіндік құнының есебі
2.1 Толық өзіндік құнды
калькуляциялау................
2.2 “Абзорпшен-костинг ” жүйесі
бойынша калькуляциялау................
III Өнімнің өзіндік
құнын жетілдіру жолдары
3.1 Өзіндік құнды есептеудің
шетелдік тәжірибедегі әдістері.........
Қорытынды………………………………………………………
Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………………30
Кез-келген
кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас
бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап
алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері,
жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік
шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде
өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің,
жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім
өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс,
қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал,
жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек
ресурстары және басқа да өнім өндірісіне
және өткізуге шығындарды бағалық талдау
болып табылады.
Материалдық
құндылықтар өндірісі, тауар саудасы,
сонымен қатар қызмет көрсету адамдық,
мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын
қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар
соңында әртүрлі нысанда және көлемде
өзіндік құнға негізделеді.
Аталған
шығындар, өнім және қызмет көрсетуге
аударылған, өзіндік құнға қосылғандар
оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша,
өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында
өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге
кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын
көрсетеді.
Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық
шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына
барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал,
электр энергиясы, амортизациялық жарна,
еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын
шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір
өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын
өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.
Курстық жұмыс
барсында қарастырылатын тақырыптар:
өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік
құныны түсініктіеріне жалпы сипаттама;
өзіндік құнынын талдау; өнімнің өзіндік
құнын калькуляция баптары бойынша топтау;
өнімнің өзіндік құныны негізінде өнімге
баға белгілеу; өнімнің өзіндік құнын
азайту жолдары.
1. Өндіріс шығындары және өзіндік құн.
1.1. Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері.
Кәсіпорынның
өндірістік шешімдері нарық
жағдайлары мен шығындар
арқылы анықталады. Өнім көлемінің
өзгеруі фирмалардың
Бухгалтерлік шығындар = нақты шығындар.
Экономикалық шығындар = бухгалтерлік шығындар + балама шығындар Қысқа мерзім кезеңінде өндірістің жалпы, тұрақты және айнымалы шығындары анықталады.
Жалпы шығындар (ТС) – бұл өндіріске кеткен барлық шығындар және тұрақты, айнымалы шығындардан тұрады.
ТС = ҒС + VС
Тұрақты шығындар (ҒС) - өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындар. Бұларға салықтар, жалға беру, төлемдер, сақтандыру, амортизация және т.б.
Айнымалы шығындар (VС) – бұлар өнім көлемі өзгерсе бірге өзгеретін шығындар. Олар шикізатқа, жалақыға, энегияға, транпортқа, материалдарға кеткен шығындар.
Өндірістік шығындарды талдағанда
жалпы шығындармен қатар
орташа және шекті шығындарды
талдаймыз. Өндірістің орташа
жалпы шығындары (АТС) өнімнің
АТС(АС) =ТС/Q
Орташа жалпы шығындарды (АТС) 2 түрге бөлуге болады (АҒС).
а) орташа тұрақты шығындар: АҒС=ҒС/ Q
б) орташа айнымалы шығындар: АVС=VС/ Q
Өндірістің
шекті шығыны (МС) жалпы
шығындардың өзгеруіне өнім
көлемінің өзгеру қатынасына
тең болады және өнімнің
қосымша данасын
МС= ТС/ Q
Өнім шығару көлемі өскен кезде тұрақты шығындар (ҒС) өзгермейді. Сондықтан жалпы шығындардың (ТС) өсуі айнымалы шығындардың (VС) өсуіне тең болады.
МС= VС/ Q
Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өндірістік тұрақты шығындар құрылымында қалдық және старттық шығындар туады.
Қалдық шығындар-өнімді өткізу мен өндірістің тоқтауымен болатын тұрақты шығындардың бөлігі. Неғұрлымшаруашылық қызметінің тоқтау уақыт ұзақ болған болған сайын, соғұрлым қалдық шығыннның көлемі аз. Бұл жағдайда фирмада жұмысшы күшін жалдау мен ғимараттарды жалға беру туралы түрлі шарттар мен келісімдерден құтылу мүмкіндіктері пайда болады.
Старттық шығындар-өндірісті қайта қосумен және өнімді өткізумен байланысты туатын тұрақты шығындардың бөлігі.
Кез-келген кәсіпорын (фима) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады.
Кәсіпорын табысы 2 түрлі көрсеткішке тәуелді болады: өнім бағасы және оның өндірісіне шығындар. Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Нарықтық баға қалыптастыру заңдарының әсерінен еркін бәсеке жағдайында өндіруші немесе тұтынушы қалауына сәйкес жоғары немесе төмен болмайды, ол автоматтты түрде орнатылады. Өнім өндірісіне шығындар-өндіріс шығындары басқаОлар тұтынылатын еңбектік немесе материалдық ресурстар көлеміне, техника деңгейіне, өндірістің ұйымдастырылуына және басқа факторларға байланысты өсуі немесе төмендеуі мүмкін. Сәйкесінше, өндіруші шығындарды азайтудың көптеген көздерін қарастырады, ол оны өзінің тиімді басқару қабілетімен жүзеге асыра алады.
Жалпы түрде өндіріс шығындары
Өндіріс шығындарына және өнім өткізуге төмендегілерге байланысты шығындар қосылады:
· ұдайы өнім өндірісі, белгіленген технология деңгейінде өндірістің ұйымдастырылуы;
· табиғи шикізаттарды қолдану;
· өндірісті дайындау және үйрену;
· өндірісті ұйымдастыру мен технологияны жетілдіру, сонымен қатар өнім сапасын жақсарту, оның сапалығын арттыру, ұзақ тұтыну және басқа да пайдалану қасиеттерін арттыру (капиталды емес сипаттағы шығындар);
· рационалдау және құрастыру, тәжірибиелік жұмыстарын жүргізу, моделдер мен нұсқаларды дайындау және тексеру, авторлық сыйақы төлеу және т.б;
· өндірістік процеске қызмет ету; өндірісті шикізат, материал, жанармай, энергия, құрал-саймандар және басқада еңбек құралдары және заттарымен қамтамасыз ету, негізгі өндірістік қорларды жұмысқа қабілетті жағдайда ұстау, санитарлы-гигиеналық талаптарға сәйкес жұмыс жасау;
· қалыпты еңбек жағдайын және техника қауісіздігін қамтамасыз ету;
· өндірісті басқару: кәсіпорынның басқару аппараты қызметкерлерінің, фирма және оның құрылымдық бөлімшелерін, іс-сапарларын қаржыландыру, техникалық басқару құралдарын ұстау және аудиторлық қызметтерге төлемдер, кәсіпорынның, фирманың коммерциялық қызметімен байланысты өкілеттілік шығындар және т.б.
· кадрларды дайындау және қайта дайындау;
· мемлекеттік және мемлекеттік емес әлеуметтік сақтандыруға аударымдар.
Әрине, фирманың, кәсіпорын қызметінің нәтижесі (табыс және шығын) өнім өткізуден (жұмыс және қызмет көрсету) фирманың, кәсіпорынның негізгі құралдары және басқа да мүліктерін өткізуге байланысты емес операциялардан түсім, осы операциялар бойынша шығындар сомасының азаюының қаржылық нәтижесінен құралады.
1.2. Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы және мәні.
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді. Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.
Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал,
электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады. Сонымен, кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып өнімнің өзіндік құн болып саналады, ол өндірістегі өнім өткізілуінің ақшалай нысандағы шығындар жиынтығын құрайды және барлық өндіріс тиімділігін анықтайды.
Өзіндік құнның экономикалық міндеті-жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның негізінде өндірістің барлық элементтерін қайта өндіру: өндірістік қорлар және жұмыс күші. Осы жерде кәсіпорынның өзіндік құнның негзгі элементі болып амортизация, яғни шығындалған материалдық ресурстар құны, еңбекақы-ол шығындардың бөлімдері болып табылады. Сонымен қатар кәсіпорын да басқа да шығындарды жүзеге асырады: өз жұмысшыларына сыйақылар төлейді, банк несиелеріне пайыз төлейді, әлеуметтік объектілерді ұстайды, бюджеттік емес қорларға аудрымдар жүргізеді-бұл шығыстар кәсіпорынның қосымша шығыстарын құрайды.
Өнекәсіптің дамуының бөлек кезеңдерінде бұл шығындардың орнын толтыру көздері өзгеріп отырады. Олар өнімнің өзіндік құнына қосылса немесе кәсіпорын қолында қалатын табыс есебінен іске асырылады немесе бюджет есебінен өткеріліп отырған. Осылайша, өнімнің өзіндік құнына қосылатын шығындар құрамына әрдайым өзгеріп отырады. Бұл өзгерістердің басты мақсаты-қазіргі кезеңдегі орныққан өндірістік қатынастардың дамуын қамтамасыз ету, оларды толтыру көздері бойынша шығындарды шектеу-өнімнің өзіндік құны немесе пайда.
Шығындар жиынтығы пайда көлемін анықтайды, олардың көбейуі 2 түрлі факторға байланысты болады: бағаның өсуі және өнімнің өзіндік құнының төмендеуі. Соңғысы тиімдірек болып табылады.
Өнімнің өзіндік құны –синтетикалық, кәсіпорын қызметінің барлық
жағын бірлікте және өзарабайланыста
сипаттайтын жалпылама
1) Өзіндік құнда өндірістің қоғамдық шығындарының 5/4 бөлігі шоғырланады. Сондықтан да өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс құралдарының жұмсалуы қамтамасыз етіледі.
2) Өзіндік құн көтерме бағаны қалыптастыру базасы болып табылады, оның есептемей бағақалыптастыру мүмкін болмайды.
3) Өзіндік құн негізінде табыс, жеке бұйымдардың рентабельділігі , яғни олардың өндіру мақсаттылығы.
Өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар 2 түрлі негізгі белгілер бойынша жіктеледі:
1. Шығындардың алғашқы элементтері бойынша.
2. Пайда болу және бағытталу сипаттамасы бойынша.
Шығындарды экономикалық элементтері бойынша жіктеу өндірі шығындары сметасын дайындағанда қолданылады. Бұл жіктеу негізі шығындардың әрбір элементінің экономикалық сипаты бойынша біртекті шығындарда біріктіріледі, олар жиынтық өнімнің өзіндік құнын құрайды. Сонымен қатар шығындардың келесідей элементтері ерекшеленеді: еңбекке төлем шығындары; әлеуметтік сақтандыруларға аударымдар; Мемлекеттік қорларға жұмысбастылықтың қатысуымен аударымдар; амортизация; Басқа шығындар.
Қарастырылып отырған шығындар тобы заттай және тірі еңбек шығындары қатынасын бекітуге, өнім өндірісіне барлық шығындар бағасын анықтауға мүмкіндік береді. Шығындардың бұл тобы айналым құралдарын жоспарлауға, материалды шығындар сомасын анықтауға пайдалынылады, ол өз кезегінде таза өнімді есептеуді қажет етеді.Шығындарды калькуляциялық баптар бойынша жіктеу оларды өз алдына өндірістік бағдары бойынша топтау, яғни өндіріс процесінде пайда болу орны және өнімді өткізуді көрсетеді. Шығындарды калькуляциялық баптар бойынша жіктеудің негізі ол тікелей шығындарды өз алдына тәуелсіз бірыңғай экономикалық элементтері шығындар бабы түрінде ерекшеленсе, ал қосымша шығындар кешенді шығындар бабында көрсетілген: шикізат және материалдар; жартылай фабрикаттар және технологиялық мақсаттағы көмекші материалдар; өндіріс жұмысшыларына негізгі және қосымша еңбекақы; технологиялық мақсаттағы жанармай және энергия; әлуметтік сақтандыруларға аударым; цехтық шығындар; Жалпышаруашылық шығындар; Коммерциялық шығындар; жалпыөндірістік шығындар.
Шығындарды калькуляциялық жіктеу мағынасы-оның негізінде әртүрлі өнім түрлері бірлігінің өзіндік құнын есептеуді білдіреді. Ол өндірістің әр түрлі учаскелерінде өзіндік құнды төмендету резервтерін іздестіруге мүмкіндік береді. Калькуляция-өнімнің, жұмыстың өзіндік құнын шығындардың түр-түрі бойынша есептеу. Шығынның түр-түрі бойынша өндірілген өнімнің бір өлшеміне немесе орындалған жұмыстың әр түрлі көлеміне жұмсалған қаржының мөлшерін анықтау.
Өзіндік құнның көрсеткіштерінің маңыздылығымен байланысты ол әртүрллі критерилер бойынша бірнеше түрге жіктеледі. Өйткені осы жіктеулердің кейбіреулері кәсіпкерге өзіндік құнды жақсы игеруге мүмкіндік береді:
а)шығу көзі бойынша шығындар (өндіріс,цех, участок);
б)жұмыс және қызмет көрсету түрлері бойынша;
c)өнім өндірісімен байланысты барлық шығындар жиынтығы екі негізгі элементтерге бөлінеді:
· материалды шығындар (шикізат, материалдар, жанармай, энергия, қосалқы бөлшектер, құрал-жабдықтың ескіруі және т.б.);
· тірі еңбекті қамтамасыз етуге шығындар (еңбекақы, әлеуметтік
сақтандыру, демалысқа, ауырған күндерге төлемдер және т.б. );
д) шығындарды басқаша топтастыру оларды мүмкін болатын өнім өндірісіндегі фирма ұйымдастырылуы, қызметі, яғни калькуляция статьялары бойынша бөлістірілуі мүмкін:
· материалдар (шикізат, материалдар,сәйкес көліктік дайындау шығындары);
· еңбекақыға
тікелей шығындар(өндіріс
· жартылай фабрикаттар және комплекттаушылар;
· құрал-жабдықты ұстауға және жөндеуге шығындар;
· цехтық (өндірістік) шығындар;
· жалпышаруашылық шығындар;
е) дайын өнім шығындар құнын аудару әдісі бойынша:
· тікелей шығындар;
· жанама шығындар;
f) қалыптасу уақыты бойынша:
· ағымдық шығындар;
· болашақ кезең шығындары (өндірістің келесі кезеңінде қолдануға арналған ағымдық кезеңдегі өндіру );
Қазақстан экономикасындағы барлық салалары бойынша
кәсіпорындардағы жұмыс пен қызметке қосылатын өзіндік құнына қосылатын шығындарды бірегей анықтау мақсатында 1992 жылдың 30 шілдесінде Министрлер Кабинетінің Нұсқауы негізінде жүзеге асырылады. Қазақстанда өзіндік құнның қалыптасуы толықтай жетілмеген, ол өтпелі экономика және соған сәйкес мәселелермен байланысты. 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап кәсіпорындар бухгалтерлік есептің жаңа басты есептеу жоспарына көше бастады.
II Толық және өндірістік өнімнің өзіндік құнының есебі
2.1 Толық өзіндік құнды калькуляциялау
Егер өндіріске жұмсалған шығындар есебінің жүйесін өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнын шығындарды толық қосу тұрғысынан қараса, онда шығындарды толық, толық емес, шектеулі енгізу жүйесін бөлуге болады.
Толық емес өзіндік құнды жасау тәсілі “директ-костинг”, ал толық өзіндің құнды - “абзорпшен-костинг” деп атайды.
Толық өзіндің құн бойынша есепте шығындар тұрақты, өзгермелі, тікелей және жанама делініп бөлінуіне қарамастан, өнімді өндіру мен сатуға байланысты ксіпорынның барлық шығындары кіреді. Өнімге тікелей жатқызуға болмайтын шығындарды әуелі жауапкершілік орталықтарына бөледі; сосын таңдалған бөлу базасын өнімінің өзіндік құнына сайма-сай көшіреді.
Есепте шығындар объектісіне бірден жатқызылуы мүмкін тікелей шығындар:
- тікелей материалдық шығындар;
- еңбекті өтеудің тікелей шығындары;
- еңбекті өтеуден аударымдар.
Тікелей материалдық шығындарда өндіріске жұмсалған негізгі материалдардың нақты өзіндік құны болады.
Өнімнің толық өзіндік құнын есептегенде, оған жанама шығындар кіреді, оларға бұл жағдайда кезеңнің қосымша шығыстарын жатқызады. Есепті кезең ішінде мұндай шығыстар жеке шоттарда жинақталады, есепті кезең соңында бөлудің белгілі бір базасына сәйкес өнімнің нақты өзіндік құнына кіреді. Негізгі өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, тікелей шығындар сомасы бөлу базасы бола алады.
Өнім өндірудің, жұмысты орындаудың, қызмет көрсетудің толық өзіндік құнына байланысты өндірудің, жұмысты орындаудың, қызмет көрсетудің толық өз құнына байланысты шығындардың есебі жүйесінің жағдайларындағы жалпы түрінде, сондай-ақ негізгі өндірісті басқару мен қызмет етуге байланысты қосалқы өндірістің шығыстары; жанамашығындар мен ақаудан болған шығындар 8100 “Негізгі өндіріс” шотында көрсетіледі. Тікелей шығындар 8100 “Негізгі өндіріс” шоты дебетіне, Тікелей шығындар 1310 “Материалдар”, “Өндірістік жұмысшылардың еңбегін өтеу”, “Еңбекті өтеуден аударымдар”, “Қосымша шығыстар” шоттарык редиттерінде есептеледі. Қосалқы өндірістің шығыстары 8300 “Қосалқы өндіріс”, 1310 “Материалдар”, “Өндірістік жұмысшылардың еңбегін өтеу”, “Еңбекті өтеуден аударымдар”, “Қосымша шығыстар” шоттарының кредитінен алынып, жинақталады. “Үстеме шығандар” кредитінде, сәйкесінше 8300 шот дебетінде көмекші өндіріске жататын үстеме шығындар есептен шығарылады.
Өнімнің, жұмыстың, көрсетілген қызметтін нақтыөндірістік өзіндік құны сомасы 8100 “Негізгі өндіріс” шоты кредитінен 1320 “Дайын өнім” немесе “Өткізілген дайын өнімнің өзіндік құны” шоттарының дебетіне ауыстырылады.
Толық өзіндік құн негізінде кәсіпорын басшысы өнімнің пайдалылығы мен шығындылығы, болашақтаоны өндірудің мақсатқа сәйкестілігі туралы тиісті тұжырымдар жасайды.
Толық өзіндік құн бойынша есептеудің тиімді жақтары:
- Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген қаржылық есеп пен салық салу жөніндегі нормативті актілреге сәйкестік;
- аяқталмаған және дайын өнімнің құнын байыпты бағалар.
Есептеудің бұл жүйесінің елеулі олқылықтарына мыналарды жатқызуға болады:
- өнімнің өзіндік құнына оны өндіруге тікелей қатыстыемес (нәтижесінде өнімнің жеке түрлерінің тиімділігін бұрмалау болады) шығындар кіреді;
- жанама шығыстарды есептен шығарған жалпы бөлу базаларын қолдану салдарынан калькуляциялау объектілерінің өзіне тән даралығы жоғалады;
- өнімге сұраныс азайғанда, қоймадағы дайын өнім қорына тұрақты қосымша шығыстар капиталданады;
- өзіндік құнды жоспарлы калькуляциялауда жоспарлы пайда алдын-ала қарастырылады, шын мәнісіндеол зиянның тәуекелділігін жою мақсатында жасалады.
- Өндіріс көлеміне байланысты шығындар тәртірбінің сипатына назар аудармау,салдарынан шығындарды талдау, бақылау және жоспарлау жүргізудің мүмкін еместігі (өйткені тұрақты шығындар есепте өзгермелі шығындар қарастырылады).
Негізгі матреиалдық шығындар тікелей шығындардың (қосалқы материалдар жанама шығыстар құрамынаескерілед) бірінші элементі болып табылады.
Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес материалдардың нақты өзіндік құны олардың сатып алу шығындарына негізделіп, анықталады, бұған ресурспен жабдықтаушы ұсынған несиені пайдаланғаны үшін процент төлеу, жабдықтаушы ұйымдар төлеген комиссиялық сыйақылар, тауар биржаларының көрсеткен қызмет құны, кеден, баж салығы, басқа ұйымдардың күшімен атқарылған тасымалдау мен жеткізу шығыстары кіреді.
Шығын баптарын көрсететін негізгі материалдардың құнын бағалау үшн дәстүрлі есеп саясатында төрт тәсіл пайдаланылады: орташа өзіндік құн бойынша; сатып алу уақыты бойынша, бірінші келген материалдың өзіндік құны бойынша (ФИФО); соңында сатып алу бойынша кірістелген өзіндік құн (ЛИФО).
ФИФО тәсілі бойынша материалдарды бағалауда: “бірінші келдің, бірінші кеттің” ережесі қолданылады. Бұл өндіріске материалдардың қай партиясы босатылуына қарамастан, алдымен, бірінші сатып алынған партия бағасы бойынша, содан екінші партия бағасы бойынша осылайша кезектілік тәртібімен, ай ішіндегі жұмсалған материалдардың жалпы саны алынғанша, есептен шығарыла береді.
ЛИФО тәсілі бойынша материалдарды бағалаған кезде, “соңында келіп, бірінші кетті” ережесі қолданылады. Бұл тәсілде өндіріске ең алдымен соңғы сатып алынған партия бағасы бойыша, содан кейін алдағы өткен партия бағасы бойынша шығыстың жалпы санына дейін материалдар есептен шығарылады.
Материалдарды бағалаудың көрсетілген тәсілдерін қолдану кәсіпорынды материалдардың аналитикалық есебінен тек қана түрлер бойынша емес, жеке партиялар бойынша да ұйымдастыруға бейімдейді.
Орташа өзіндік құн тәсілін пайдаланғанда, материалдық қорлардың өзіндік құны есепті кезең басында бар материалдық және осы кезеңде сатып алынған барлық материалдардың орташа өзіндік құнына тең болады.
ФИФО мен ЛИФО тәсілдері бойынша материалдарды бағалау мысалы
1-кестеде берілген.
1. ФИФО мен ЛИФО тәсілдерімен материалдарды бағалау
Көрсеткіштер |
Бірлік саны, дана |
Бірліктің бағасы, теңге |
Сома, теңге |
Материалдардың ай басындағы қалдығы |
1600 |
10 |
16000 |
Ай ішіндегі материалдардың түсуі: бірінші партия екінші партия үшінші партия |
2100 7000 1000 |
10 8 13 |
21 000 56 000 13 000 |
Бір айдағы |
10 100 |
- |
90 000 |
Материалдардың бір айда жұмсалуы: а) ФИФО тәсілі бойынша: бірінші партия екінші партия үшінші партия |
3700 7000 400 |
10 8 13 |
37 000 56 000 5200 |
Бір айдағы |
11 100 |
- |
93 200 |
ә)ЛИФО тәсілі бойынша бірінші партия екінші партия үшінші партия |
1000 7000 3100 |
13 8 10 |
13 000 56 000 31 000 |
Бір айдағы |
11 100 |
- |
100 000 |
Материалдардың ай соңындағы қалдығы: а) ФИФО тәсілі бойынша ә) ЛИФО тәсілі бойынша |
600 600 |
13 10 |
7800 6000 |
Материалдарды бағалаудың жоғарыда келтірілген тәсілдерін қолдануды талдау мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді.
ФИФО тәсілі материалдарды хронологиялық тәртіппен түсуіне сәйкес партияның өзіндік құны бойынша есептен шығарылуы тиіс. Инфляция жағдайында ол өндіріске босатылған ресурстардың өзіндік құнын кемітуге, олардың баланстағы қалдығын арттыруға, сондықтан, негізгі іс-қызметтін қаржылық нәтижесін көтеруге және өтімділік көрсеткіштерін арттыруға себепті болады. Бұл тәсілді күрделі қаржыны өзіндік қаражаты есебінен іске асыруды жоспарлайтын және пайдаға салынатын салық бойынша тиісті жеңілдіктерді пайдаланатын ұйымдарда қолдану мақсатқа сәйкес келеді.