Топырақ биотасына мұнайдың әсері
Жоспар
КІРІСПЕ
1.1 Мұнай өндіретін және мұнай өңдейтін
өндіріс орындары-техногенді экожүйелер.
1.2 Қазақстан республикасында топырақтың
мұнаймен ластануының негізгі мәселесі.
1.3 Топырақ биотасына мұнайлы ластанудың
әсері.
1.4 Топырақтағы мұнай көмірсутектерінің
биодеграциясына әсер ететін факторлар
1.5 Топырақтың микробиологиялық қасиеттеріне
мұнаймен ластанудың әсері
1.6 М ұнаймен ластанған топырақтарды тазартудың
қазіргі кездегі жағдайы.
1.7 Мұнаймен ластанған топырақтарды тазарту
үшін өсімдік-фитомелиораттарды қолданудың
жетістіктері
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Зерттеуде алдына қойылған ғылыми мәселенің қазіргі кездегі жағдайы, бекітілген тақырытың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысандары мен зерттеу жүргізудің әдістемелік қамтамасыздандыру негіздері, жоспарланып отырған зерттеулердің ғылыми-техникалық деңгейі, жаңашылдығы, басқа зерттеу нәтижелерімен байланыстары, зерттеуден алынған нәтижелердің практикалық маңызы және диссертациялық жұмыстың құрылысы мен көлемі туралы мәліметтер келтірілген.
Бірінші тарауда Оңтүстік Қазақстан облысындағы люмбрикофауна қауымдастығының түрлік құрамының таксономиялық құрылысы, облыс көлемінде топырақ типтеріне орай кездесетін жеке түрлердің таралу заңдылықтары, олардың тіршілік ерекшеліктері мен морфометрикалық сипаттамалары қарастырылған.
Жалпы, зерттеулерден алынған деректерді салыстырмалы түрде зерделей келе, келесідей заңдылықтарды бөліп айтуға болады:
- Облыс көлемінде таралған топырақ типтерінде кездесетін жауын құрттары қоңдылығы мен морфлогиялық ерекшеліктері бойынша біркелкі емес. Олар ұшырасу жиілігі, құрттардың сыртқы түсі, ұзындығы және салмағы бойынша әртүрлі;
- Тау бөктерінен жазықтыққа қарай таралатын таулы қоңыр, таулы сұр қоңыр, кәдімгі сұр, ашық сұр, шалғындық сұр, сұр құба және тақырлы топырақты аймақтарда жауын құрттарының морфометрикалық көрсеткіштері өзгереді. Ұшырасу жиілігі 121,0±8 – 8,0±1 данаға, ұзындығы 13,4±1,6 - 5,4±0,57 сантиметрге, салмағы 0,39±0,01 - 0,14±0,01г дейін кемиді;
- Әр топырақ типінен жиналған жауын құрт популяциясы морфометрикалық көрсеткіштері бойынша ерекшеленетін ересек дернәсілдер топтамаларынан тұрады. Ерекше топтамалардың саны мен популяция ішіндегі өзара қатынастары топырақ типтерінде бірдей емес. Топтамалар саны таулы қоңыр және таулы сұр қоңыр топырақ типтерінде, басқа топырақтармен салыстырғанда, айтарлықтай жоғары (4-5 топтама). Аталған топтамаларға жататын жеке даралар барлық морфометрикалық көрсеткіштері бойынша бірыңғай.
Қазақстанда таралған жауын құрттары топырақ типтерінде жыл мерзіміне орай өзгеріп отыратын топырақтағы ылғал мөлшеріне және ауа мен топырақтың жоғарғы қабатындағы температураның көрсеткішіне орай топырақтың 10–50 см қабаттарына миграцияланады. Жаз айларында жауын құрттарының 70,0 % -дан астамы 50 см тереңдікте тіршілік етеді. Олардың қоңдылығы мен морфологиялық көрсеткіштері топырақ типтеріне байланысты.
Қазақстанда басты топырақ типтерінде таралған жауын құрттарының анатомиялық және морфологиялық белгілері бойынша сараптама жасалынды. Талдау нәтижесінде бір-бірінен басты белгілері бойынша ажыратылатын алты түрі және олардың өзара сандық қатынасы анықталды. Жауын құрттар қауымдастығы Lumbricidae тұқымдасының төрт туысына жататын төмендегі алты түрден құралғаны анықталды (сурет 1).
Қазақстан дүние жүзі бойынша мұнай державасы болып саналатын елдердің қатарынды. Мұнай қоры бойынша дүние жүзінде 13-ші орынды иеленсе, ал мұнай шикізатын өндіру көлемі бойынша 18-ші орынды алады. Европа және Азия елдері ішінде Қазақстан Ресей, Ұлыбритания, Норвегиядан кейінгі төртінші орында тұр. Территориямыздың 1 млн 700 мың шаршы шақырымын мұнай және газ қоры алып жатыр. Қазіргі таңда 208-ден астам мұнай газ кен орындары ашылған. Басым көпшілігі Батыс Қазақстан облысы аумағында шоғырланған [1].
Мұнай және мұнай өнімдерін өндіру, өңдеу және тасымалдау жердің топырақ қабатының құнарлығына кері әсерін тигізеді. Құнарлы топырақ мол өнім екені белгілі. Сонымен бірге біздің планетамызда топырақ маңызды басқа да роль атқарады. Жердің топырақ жамылғысында және оның гумустық қабатында тірі организмдердің және олардың биогенді энергиясының негізгі бөлігі орналасқан. Осыдан «топырақ- организмдер» экологиялық жүйесі биосфераның қалыптасуының, тұрақтылығының және өнімділігінің бас механизмінің бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының энергетикалық жоспары алдағы ұзақ уақытта «қара алтынды» өндіру көлемін жоғарылатуды көздейтіні белгілі. Бұл мұнай құбырларының кеңеюі мен мұнай және мұнай өнімдерін тасымалдау мөлшерінің көбеюіне әкеледі.
Сондықтан, жаңа апаттар мен мұнай және мұнай өнімдерінің төгілу қауіптілігін жоққа шығаруға болмайды.
Топырақ қабаты болып жатқан процестер мен өзгерістер туралы ақпаратты жинап, қоршаған ортаның өзіндік индикаторы болып табылады.
Топырақтың антропогендік
деградациялануы негізінен
Мұнай және мұнай өнімдерімен ластану жаңа экологиялық жағдай тудырады, табиғи биоценоздың терең өзгерісіне және толық трансформациясына әкеледі. Ластанған топырақ жалпы ерекшелігі: топырақ мезо және микрофаунасының түрлік және сандық шектелуі. Топырақтық мезофаунаның жаппай жойылуы: апаттан соң үш күн аралығында топырақ жануарларының көп түрлері өліп, немесе ластанбаған топырақпен салыстырғанда 1% ғана құрайды. Оларға ең улы әсерді мұнайдың жеңіл фракциясы тигізеді [1, 2].
Аз уақыт ингибирленгеннен соң ластану әсеріне жауап ретінде топырақтың микроорганизмдер кешенінің тез көбеюі мен белсенділігінің артуы байқалады. Ең алғаш көмірсутекті тотықтырғыш бактериялар саны ластанбаған топыраққа қарағанда тез көбейеді. Көмірсутектерді залалсыздандыру процесіне қатысатын «арнайы» топтар пайда болады.
Микроорганизмдердің максимум мәні ферменттер санымен байланысты. Микроорганизмдердің ең көп мәнге жетуі негізінен мұнайдың табиғи деградациялануының екінші сатысында байқалады.
Топырақта мұнай және мұнай өнімдерінің ыдырау барысында микроорганизмдер саны ластанбаған топырақтағы микроорганизмдер санына жақындайды. Бірақ көмірсутек тотықтырғыш бактериялар саны көпке дейін үлкен мән көрсетеді.
Экологиялық жағдайдың
өзгерісі өсімдік организмдерінің
фотосинтездеу белсенділігін
Жоғары өсімдіктердің фотосинтездеу функциясының өзгерісі, соның ішінде дәнді-дақылдар. Кейбір жұмыстар ластанған топырақта көп ферменттер белсенділігінің төмендегенін көрсетті. Ластану нәтижесінде каталаза, уреаза, гидролаза, протеаза, нитратредуктаза, ферменттерінің белсенділігі төмендейді. Дегидрогеназа белсенділігі артады.
Топырақ қабатының ластануы оның тұрақты функцияларын бұзады: физико-химиялық қасиетін өзгертеді, биохимиялық процестердің сипаттамасын, микробиотаның белсенділігін төмендетеді. Осыған байланысты топырақтың мұнай және мұнай өнімдерімен ластану өзекті проблемасы қарастырылып, топырақ қабатының жағдайына экологиялық баға беріліп, оны шешу жолы келтіріледі [3].
Мұнай және мұнай өнімдерімен ластанған топырақтың өзіндік тазару және қайта қалпына келу процестері өте ұзақ, көптеген ғалымдардың айтуы бойынша шамамен 20-25 жыл уақыт аралылығында жүзеге асады екен.
Мұнай өнімдерін топырақтан тазартудың әлемдік тәжірибеде қолданылатын әдістері экстракция, физикалық адсорбция, пиролиз, өртеу және т.б әдістер экономикалық және экологиялық жағынан тиімсіз болып келеді.
Сондықтан бұл проблемаға байланысты жүргізілген бірнеше зерттеулерге қарамастан, аймақтың табиғи жағдайларының ерекшеліктерін есепке ала отырып тазарту әдістерінің тиімді түрін қажет етеді.Қазіргі уақытта тазартудың тиімді тәсілінің бірі көмірсутектерді тотықтырушы микроағзалар көмегімен тазарту болып болып табылады.
Зерттеуіміздің мақсаты Қаражанбас кен орнының мұнайымен ластанған топырақты көмірсутектерді тотықтырушы микроағзалар көмегімен тазарту.
Қаражанбас кен орны
Маңғыстау облысының
Зерттеу нысаны Қаражанбас кен орнының мұнайымен ластанған топырағы және көмірсутектерді тотықтырушы микроағзалар. Мұнаймен ластанған топырақтан көмірсутектерді тотықтырушы микроағзаларын бөліп алу культураларды жинақтау тәсілі арқылы орындалды.Энергия және көміртек көзі ретінде Қаражанбас кен орнының шикі мұнайы пайдаланылды. Мұнайдың құрамы 20% тығыздықта 0,949, масс. Күкірт 1,68; смола 21,6; асфальтендер 5,3. Көмірсутекті ингрдиенттер бойынша мұнайдың құрамы,масс.%: парафиндік-71; нафтендік – 15,1: ароматтық-13,9. Мұнайдың салқындау температурасы -20 0 -25 0.
Топырақтағы мұнай және мұнай өнімдерінің мөлшерін анықтау гравиметриялық әдіспен орындалды. Ол үшін мұнайды хлороформмен экстракциялайды, содан кейін хлороформды сығындыдан гексанмен экстракциялайды.
Аналитикалық зерттеулер тың сынамалы топырақтарда жүргізілді. Сынаманы алу уақыты мен лабораторияға түсу уақыты арасы 2-3 күн. Топырақтың биологиялық белсенділігі мен оның өзіндік тазаруын қалдық мұнай және мұнай өнімдерінің болуына, топырақтың ферменттік белсенділігіне, демалу қарқындылығына, микроорганизмдердің маңызды физиологиялық топтарының санына және химиялық құрамына қарап бағалайды.
Сурет 1 - Зерттелген жауын құрт түрлерінің үлестік қатынасы
Сонымен, зерттеуде анықталған жауын құрт түрлерінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы топырақ типтерінде таралу қарқыны мен ерекшеліктері бойынша Аp. с. caliginosus, Аp. с. trapezoidеs және E. foetida космополиттік түрлер болып табылды. Оның соңғысы, алдыңғы екі түрмен салыстырғанда, аридтік климаттық аймақтардағы топырақтарда кеңінен кездеседі. Аp. roseus түрі тау бөктеріндегі құнарлы топырақта молырақ ұшырасып, жазықтықтағы аридтік топырақ типтеріндегі жауын құрт қауымдастықтарында орташа үлеске ие. Ал, D. veneta және А. leoni Оңтүстік Қазақстан облысының қоңыржай климаттық жағдайы мен құнары мол таулы қоңыр және таулы сұр топырақтарда тіршілік етуге бейімделген эндемикалық түрлер болып саналады.
Екінші тарауда топырақтың мұнай және мұнай өнімдерімен ластануының вермикультураларға әсерін зерттеу нәтижелері қарастырылған.
Зертханалық моделді тәжірибелерде және «ПКОП» ЖШС-нің өндірістік жағдайында (сурет 2) мұнай және дизельді отынның жауын құрттарының тіршілігіне әсерін салыстырмалы түрде зерттеу L. rubellus түрінің Ap. с. caliginosus түріне қарағанда төзімді екенін көрсетті.
Сурет 2 - «ПКОП» ЖШС-ның өндіріс аумағы мұнай және мұнай өнімдерінің төгілімдері ұшырасатын жер телімдері
Мұнайдың 5,0 % шоғыры Ap. с. caliginosus түріне жататын жауын құрттарының тіршілігімен сиыспайтын ластану дәреже болып табылды. Мұнайдың 7,0-8,0 % шоғырларында тиесілі 30,7±2,2% - 77,6±5,3% құрттардың тіршілігі жойылды, ал 10,0 % шоғыры L. rubellus құрты үшін де сиыспайтын жағдай болып анықталды (сурет 3).
Сурет 3 - Мұнайдың түрлі шоғырларының Ap. с. caliginosus және L. rubellus құрттарының тіршілік әрекеттеріне әсері
Дизельді оттынның 2,0 % шоғыры жауын құртының тіршілігін күрт тежейді, ал 0,1 %-дан бастап жауын құрттарының морфометрикалық көрсеткішіне кері әсер етеді.
Мұнай өнімдерінің жеңіл фракциялары аталған жауын құрт түрлері үшін өте улы болып табылды. Жауын құрт тіршіліктерінің жойылуы тәуліктер емес, шамалы сағаттар мен мезеттер аралығында тіркелді. АИ-80, АИ-85, АИ-92, АИ-96 бензин маркаларының улылық әсері 0,001 % шоғырынан бастап көрінді. 0,002 % шоғырындағы тіршілігі жойылған L. rubellus жауын құрттарының үлесі тиесілі 55,6±2,9., 68,3±4,4., 72,2±5,2 және 86,7±6,8 % құраса, бұл көрсеткіш Ap. с. caliginosus түрінде 55,6±4,8., 88,3±6,4., 92,2±7,3 және 96,7±8,7 % шамасында болды.
Сонымен, зерттелген мұнай және мұнай өнімдерінің жауын құрттары үшін улылық әсерінің өсу бағыты бойынша келесі реттікте орналасты: мазут → шикі мұнай → дизельдік отын → авиациялық отын → толуол → бензол → ксилол → бензин маркалары. Топырақ құрамында құмкөл мұнайының жоғары болуына L. rubellus жауын құрты төзімділік көрсетті.
Мұнай өнімдерінің шоғырлық көрсеткіштерінің улылық әсеріне жауын құртының реакциялық жауабы зерттеу нәтижелері негізінде топырақтың ластану дәрежесін анықтауда биотестік экспресс әдісі түзілді. Бұл әдіс дөңгелек радиальді бағытта бөлінген арнайы құрылғыда жауын құртының реакциялары арқылы мұнай өнімдерінің 0,001- 4,0% шоғырын анықтауға мүмкіндік береді. 4 – суретте көрсетілгендей, экспресс биотестілеу әдісі ылғалдығы 30-32% мұнаймен ластанған топырақ салынған радиалді шеңберде екі кезеңде іске асырылады. Бірінші кезеңде таза немесе мұнай шоғыры өте аз топырақ сынамалары анықталады, ал екінші кезеңде жауын құрттарының ерекше реакциялық белгілері арқылы топырақтағы мұнай шоғырының саны мен сапалық көрсеткіштері анықталады.
Сурет 4 - Экспресс биотестілеу әдісінің сызба нұсқасы
Үшінші тарауда жауын құрттарның техногенді ластанған топырақтағы мұнай мен ауыр металл иондарының азаюына әсері қарастырылған.
Топырақтағы
мұнай мөлшерін азайту жауын құртының
қоректену үрдісімен
Сурет 5 – L. rubellus жауын құрттың ас қорыту жүйесінен бөлініп алынған микроағзалар қауымдастығының құрылысы
Мұнаймен ластанған топырақты биорекультивациялау технологиясына, вермикультуралық тізбекті ендірген кезде мұнай шоғырының вермикультура пайдаланылған технологияның нәтижесі 2,92 % -дан - 3,29 %-ға дейін артық төмендейтіні анықталды. Тәжірибеге дейін жүргізілген химиялық сараптамада топырақтың құрамындағы мұнай келесі көрсеткішті көрсетті: полициклонафтендік қосылыстар (R1=1-3СН; R2=С3Н7 – С12Н25) - 41,11%, алифаттық тізбекті қосылыстар &s (СН3)-12,3%, моноциклоараматты қосылыстар (R1=1-2 СН3, R2=С3Н7 – С12Н25)-21,4%, бициклоароматты қосылыстар (R1=1-2 СН3, R2 С3Н7)-11,12%, асфальтендер (R1=0-1 СН3, R2)-9,36%, толуолды шайырлар - 4,71%. Ал, тәжірибеден кейінгі химиялық сараптамада тек полициклонафтендік қосылыстар-13,14% - да тіркелді.
Биорекультивациялаудан
кейінгі химиялық талдау нәтижелері
топырақтағы мұнай құрамынан ал
Е с к е р т п е:
Сурет 6 - Топырақта жүргізілген тәжірибе және бақылау көрсеткішінің ИҚ - спектрі
Жауын құртының тіршілігіне ауыр металл иондарының улылық әсерін зерттеу барысында қорғасын мен кадмий иондарына тиесілі 60,0±0,55 және 30,0±0,41 ШМШ олардың тіршілік үрдісімен сиыспайтын мөлшер болып табылады. Зерттелген жауын құрттарының ішінде L. rubellus түрі Ap. с. caliginosus түріне қарағанда ауыр металл иондарының улылық әсеріне төзімді болып табылды (сурет 7, 8)
Сурет 7 - Қорғасын және кадмий иондарының әр түрлі шоғырларының L. rubellus жауын құртының тіршілігіне улық әсері
Сурет 8 - Ap. с. caliginosus жауын құрттары үшін қорғасын және кадмий иондарының шектік шоғыры
1кесте - Топырақта пестицидтердің шамамен рұқсат етілген концентрациялары (ШРК)*
Зат |
ШРК, мг/кг |
Зат |
ШРК, мг/кг |
Абат |
0,6 |
Нитрофор |
0,2 |
Амбуш |
0,05 |
Офунак |
0,05 |
Амибен |
0,5 |
Пентахлорбифенилдер |
0,1 |
Антио |
0,2 |
Пирамин |
0,7 |
Арезин |
0,7 |
Пликтран |
0,1 |
Байлетон |
0,4 |
Плондрел |
0,15 |
Байтекс |
0,4 |
Поликарбацин |
0,6 |
Бенлат |
0,1 |
Промет |
0,01 |
Биферан |
0,5 |
Рамрод |
0,2 |
БМК |
0,1 |
Реглон |
0,2 |
Бромофос |
0,2 |
Ровраль |
0,15 |
Бронокот |
0,5 |
Сангор |
0,04 |
Гексахлорбензол |
0,03 |
Сапроль |
0,03 |
Геметрел |
0,5 |
Солан |
0,6 |
Гербан |
0,7 |
Стомп |
0,15 |
Гидрел |
0,5 |
Сульфазин |
0,1 |
Дактал |
0,1 |
Сутан |
0,6 |
ДДВФ |
0,1 |
Тепоран |
0,4 |
Декстрел |
0,5 |
Тербацил |
0,4 |
Дигидрел |
0,5 |
Тиллам |
0,6 |
Дифенамид |
0,25 |
Тиодан |
0,1 |
Дропп |
0,05 |
Топсин-М |
0,4 |
Зеллек |
0,15 |
Трефлан |
0,1 |
Кампозан |
0,5 |
Триалат |
0,05 |
Каптан |
1,0 |
ТХАН |
0,2 |
Карагард |
0,4 |
ТХМ |
0,1 |
Которан |
0,03 |
Фталан |
0,1 |
Ленацил |
1,0 |
Хостаквик |
0,2 |
Лонтрел |
0,1 |
Цианокс |
0,4 |
Метазин |
0,1 |
Цидиал |
0,4 |
Метоксихлор |
1,6 |
Этафос |
0,1 |
Морфонол |
0,15 |
Эупарен |
0,2 |
Нитропиридин+ 6ХПК |
0,2 |
Ялан |
0,9 |
* ШРК - шамамен рұқсат етілген концентрациялар.
Жауын құрттары топырақты ауыр металл иондарынан тазартуға қабілетті, олар қоректену үрдісінің қарқындылығымен тікелей байланысты. Топырақтағы қорғасын және кадмий иондарымен тиесілі 20,0±0,12 және 5,0±0,41 ШМШ дәрежелерінде ластанған топырақтарға 10,0%, 30,0% және 50,0% қара шірік енгізілген тәжірибелерде топырақтағы ауыр металл иондары тиесілі 68,9±3,5., 77,4±4,8 және 85,3±5,6 % - ға, ал кадмийдің 81,6±6,5., 95,8±5,5 және 98,6±7,5% - ға дейін кемитіні анықталды;
Сонымен, жауын құрттары мұнай және ауыр металл иондарымен ластанған топырақты биорекультивациялау технологиясында маңызды қызмет атқаратын тізбек болып табылады.
Төртінші тарауда мұнаймен ластанған топырақтарды биорекультивациялау технологиясында вермекультураны пайдалану ең соңғы ақтық тізбек болып табылады. 9-суретте көрсетілгендей люмбрикофаунаны агротехникалық, микробиорекультивациялау, фиторемидияциялау іс шараларынан кейін мұнайдың мөлшерін вермикультуралық тізбексіз биорекультивациялау кезінде 97,2 % - болса, вермикультараның қатысуымен тазартуда ол көрсеткіш 99,8 % - ды құрайды.
Е с к е р т п е: Қ - қопсыту, С - суару, А - аммофос, КТМ - көмірсутектотықтырғыш микроағзалар,
Өс - өсімдік, ЖҚ - жауын құрт
Сурет 9 - Ластанған топырақтың түрлі қоспаларға байланысты мерзімге тәуелді тазалану дәрежесі
Технологгияның шартына орай ластану дәрежелеріне тиесілі бір шаршы метрге шаққандағы жауын құрттарының мөлшеріне 5,0% дейінгі ластану кезінде L. rubellus, Ap. с. caliginosus 150-200, ал 7,0-7,5% ластану кезінде тек L. rubellus - қызғылт калифорниялық жауын құртын 300-350 ересек дернәсілдерден кем болмауы тиіс. Жауын құрттарын питомниктерден көшіру мерзімінің ең қолайлы сәті наурыз-сәуір және қыркүйек-қараша айлары. Мұнаймен ластанған топырақты люмбрикофаунаны пайдалану арқылы тазарту технологиясын пайдалану рекультивация мерзімін 1,0-5,0% ластану кезінде бір айға ал, 7,0-7,5% жағдайда 15-20 тәулікке қысқартады.
Ұсынылып отырған әдістің экономиялық тиімділік есебі, мұнаймен ластанған топырақтарды тазарту үшін люмбрикофаунаны пайдаланудың тиімді екенін көрсетті.
Топырақты тазартудың технологиялық процесінің өлшемдерін келесідей белгілейміз:
Х1 – топырақты тазалау уақыты [ күн];
Х2 – топырақ ылғалдылығы [%];
Х3 – топырақ температурасы [ Гр.Ц];
Х4 – топырақтағы мұнай пайыздық мөлшері [ %];
Y - топырақты тазарту дәрежесі [ % ].
Бұл төрт тәртіптік Х көрсеткіштерінің топырақты Ý тазарту дәрежесіне әсері зерттелді. Бұл тарсырманың шешімі кәсіби компьютер Mathcad-14 жүйесі үшін арнайы даярланған бағдарламаларда алына отырып, үш сатыда орындалды:
- тәртіптік параметрлер кеңістігінде үйлесімділіктің орналасу орнын анықтау.
- зерттелетін нысанаға барабар тәртіптік көрсеткіштердің, топырақты тазарту сапасына таңдалған әсерін сипаттайтын математикалық үлгіні алу.
- алынған математикалық үлгілерді қолдана отырып тазарту процесінің үйлесімді тәртібін табу.
Технологиялық процестің Ý көрсеткішінің максималды мәніндегі тәртіптік параметрлер тәжірибелік құндылыққа ие болды, жүргізілген 132 зерттеу нәтижелері аппроксимациясының (үйлесімді) ең жақсы дәлдігі 1- ші теңдеуді қолдану барысында алынды, ол Х кірісінің өзгеру сипатын жақсы қамтып көрсетті. ( -шығыстың есептік мәні, bi – математикалық моделдеудің коэффициенті):
(1)
2- ші теңдеуде көрсетілгендей Бокс-Хантердің екінші тәртіптегі жоспары қолданылды, бұл тек 20 тәжірибені ғана жүргізу барысында кері шегіністі теңдік түріндегі зерттелген жүйенің математикалық үлгісін алуға мүмкіндік берді.
(2)
Стьюдент критериі бойынша мәнділікті тексеруді көрсеткендей, математикалық үлгілердің барлық коэфиценттері мәнді болып табылды. Фишер критериі бойынша тексеру көрсеткендей, зерттеу нәтижелерінің тепе теңдігі сиыспайды.
10 – шы және 11 - ші суреттерде әрбір тәжірибе үшін аппроксимация қателігінің өзгеруінің тәуелділік сызбасы көрсетілген, ондағы қателік 4,0 % - дан аспайды. R2 = 0,9936 мәні алынған, сонымен қатар оның мәні 1 – ге өте жуық бұл алынған математикалық үлгінің теңбе – теңдігін қосымша дәлелдейді.
Сурет 10 - Әрбір тәжірибе өткізілген есептік (■) және тәжірибелік салыстыру сызбасы
Сурет 11 - Әрбір әдіске өткізілген аппроксимация қателерін өзгерту сызбасы
12 - ші суретте көрсетілгендей, бұл мәндердегі топырақты тазартуының азғана дәрежесі Х1 максималды мәнінде және Х2 минималды алынған (үш реттік сызбаның оң жақ үстінгі бөлігі).
Сурет 12- X3 =20,5 белгіленген мәндегі Ý функциясының үш реттік сызбасы
Үйлесімді тәртіптік мәндерді табу үшін жасалынған зерттеулердің нәтижелерін математикалық өңдеудің осы үшінші сатысында 1 - ші кестенің соңғы екі бөлігінде көрсетілген кірістердің өзгерген мәндеріндегі шектеулер барысындағы 2 - ші теңдеуді пайдалана отырып Mathcad-14 жүйесінде жүргізілген квази-ньютон алгоритмінің негізінде тізбексіз бағдарламалау әдісі қолданылды, мұнаймен ластанған топырақты тазалаудың қолайлы режим көрсеткіштері 2 - ші кестеде келтірілген.
2 кесте - Әріптік белгіленудің қолданылуы
Себептер |
X1 |
X2 |
X3 |
|
Уақыт |
Ылғалдылық |
Температура | |
Төменгі деңгей (-1) |
X1А=18 |
X2А=40 |
X3А=16 |
Жоғарғы деңгей (+1) |
X1Z=27 |
X2Z=50 |
X3Z=25 |
Нөлдік деңгей (0) (жоспар ортасы) |
X1O=22,5 |
X2O=45 |
X3O=20,5 |
Теңестіру аралығы (DX) |
XD1=4,5 |
XD2=5 |
XD3=4,5 |
Иық –a (a = 1,682) |
X1AA=15 |
X2AA=40 |
X3AA=16 |
Иық +a |
X1ZZ=30 |
X2ZZ=45 |
X3ZZ=25 |
3 кесте - Тазалаудың қолайлы режим көрсеткіштері
X1макс |
X2макс |
X3макс |
Y |
Уақыт |
Ылғалдылық |
Температура |
Топырақты тазалау дәрежесі |
30 |
45 |
16 |
12,89 |
4 кесте - Құрғақ-кепкен топырақтын құрамындағы пестицидтердің ШРК-сы, мг/кг
Пестицидтер |
ШРК |
Пестицидтер |
ШРК |
Атразин |
0,01 |
Малатион |
2,0 |
Базудин |
0,1 |
Металаксил |
0,05 |
Бетанал |
0,25 |
Пиримифосметил |
0,5 |
2,4-Д (қышқыл) |
0,1 |
Прометрин |
0,5 |
2,4-(дихлорфенол) |
0,05 |
Ронит |
0,8 |
2,4-Д (аминн тұзы) |
0,25 |
Севин |
0,05 |
2,4-Д (бутил эфиры) |
0,15 |
Симазин |
0,2 |
2,4-Д (кротил эфиры) |
0,15 |
Трихлорфон (хлорофос) |
0,5 |
2,4-Д (октил эфиры) |
0,15 |
Фталофос |
0,1 |
Карбофуран |
0,01 |
Хлорпирифос |
0,2 |
5 кесте - Топырақта ауыр металдардың ШРК, мг/кг
Металл |
ШРК |
Элемент түрі |
Мышьяк |
2,0 |
Жалпы мөлшері |
Сынап |
2,1 |
-//- |
Қорғасын |
32,0 |
-//- |
Қорғасын + сынап |
20,1+1,0 |
-//- |
Хром (VI) |
0,05 |
-//- |
Марганец |
1500 |
-//- |
Ванадий |
150 |
-//- |
Марганец+ванадий |
1000+100 |
-//- |
Сурьма |
4,5 |
-//- |
Мыс |
3,0 |
Жылжымалы қосылыстар |
Никель |
4,0 |
-//- |
Мырыш |
23,0 |
-//- |
Кобальт |
5,0 |
-//- |
Хром |
6,0 |
-//- |
ҚОРЫТЫНДЫ
- Қазақстанда кездесетін басты топырақ типтерінде климаттық жағдайдың ерекшеліктері мен топырақ құнарлылғына байланысты жауын құрттарының ұшырасу жиілігі 121±8 – 8±1 дана, ұзындығы 13,4±1,6 - 5,4±0,57 см, ал салмағы 0,39±0,01 - 0,14±0,01г аралығында тіркелді, жыл мезгілдеріне орай топырақтың 10-20 және 40-50 см тереңдіктерінде миграцияланады.
- Жауын құрттар қауымдстығын Lumbricidae тұқымдасына жататын төрт туыстың - Ap. c. trapesoides, Ap. c. caliginosa, Ap. rosea, E. foetida, D. veneta, A. leoni түрлері құрайды, оның ішінде Аp. с. caliginosus, Аp. с. trapezoidеs және E. foetida космополиттік, ал D. veneta және А. leoni эндемикалық түрлер болып табылды.
3. Жауын құрттарының тіршілігіне мұнай және мұнай өнімдерінің улылық әсерінің өсу бағыты бойынша, келесі реттілікте орналасты: мазут → шикі мұнай → дизельдік отын → авиациялық отын → толуол → бензол → ксилол→ бензин маркалары. Жауын құрт түрлерінің жауаптық реакциясы ластаушы агенттің түрі мен шоғырлық деңгейіне тікелей тәуелді, мұнай өнімдерінің улылық әсері октандық сан көрсеткішіне байланысты. L. rubellus мұнайдың 10,0±0,1% шоғырларына ал, Ap. c. caliginosa 5,0±0,04 % шоғырларына төзімді. Мұнай өнімдерінің улылық әсеріне L. rubellus төзімділігі жоғары. Зерттеу нәтижелерінің негізінде, топырақтағы мұнай өнімдерінің шоғырын анықтаудың биотесттік экспресс-әдісі түзілді.