Топырақтардың бонитет балын есептеу
Жоспары
Кіріспе……………………………………………………………
Негізгі бөлім………………………………………………………………
- Топырақтарды агроөндірістік топтастыру туралы жалпы түсінік........
- Топырақтарды бонитеттеу туралы жалпы түсінік.......................
........... - Шаруашылық топырақтарына сипаттама.....................
........................... - Топырақтардың бонитет балын есептеу.......................
...........................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Кіріспе
Еліміздің топырақ қоры –
халық байлығы. Оны дұрыс пайдалану,
санды-сапалы ғылыми негізде жүргізу
санақсыз мүмкін емес. Бұған жер
кадастрын жасау мен жүргізуге
арналған жұмыстар жатады. Кадастр
француз тілінде – регистрация,
тіркеу деген ұғымды білдіреді. Жер
кадастры – жердің табиғаттық, шаруашылық
және құқықтық жағдайлары туралы нақтылы
және керек мәліметтер жинағы. Мемлекеттік
жер кадастрының деректері - жерді
тиімді пайдалануға және оны қорғауға,
халық шаруашылығын жоспарлауға, ауылшаруашылық
өндірісін орналастыру мен
Ең бірінші топырақ санағы біздің дәуірден 300 жыл бұрын Египетте жүргізілген. XVIII-XIX ғасырларда жер кадастры Франция, Италия, Германия және Еуропаның басқа елдерінде жасалған. Ресейде топырақтардың санды және сапалы санағы XV ғасырда бағынышты елдерден салық жинау үшін жасалған. Топырақтану ғылымы дамуына орай санақ әдістері де жаңғырып отырған. XIX ғасырда В.Докучаев Нижегород губерниясының топырақ жамылғысын зерттеп келе, алғашқы топырақты сапалы санақ жүргізу әдісінің негізін салған. 1917 жылға дейін Ресейде, басқа Еуропа мемлекеттеріндегідей жер санағын жүргізудің ең басты мақсаты салық салуға және топырақ сапасына қарай жердің өлшемдік бөлігінен алынатын таза пайданы шығаруға арналған. Топырақтар санағының негізгі түрін көрсететін құжат-ірі масштабты топырақ картасы, картограммасы және оларды сипаттайтын қолжазбалар мен химиялық мәліметтер.
Топырақтарды сапалы бағалаудағы ең басты жұмыстарға - топырақтарды агроөндірістік топтастыру және оларды бонитеттеу жатады. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында топырақтарды санды-сапалы санау ауылшаруашылығына жеке шаруашылықтардан бастап бригадаларға дейін өте қажетті материал болып табылады.
- Топырақтарды агроөндірістік топтастыру туралы жалпы түсінік.
Агроөндірістік топтастыру деп – топырақтарды бірыңғай агрономиялық қасиеттері мен экологиялық жағдайлары жақын, құнарлық деңгейі мен сапалық ерекшеліктері ұқсас, сонымен қатар бір типті өңдеуге қажет агротехникалық және мелиорациялық шаралары жақын топырақ түрлері мен түршелерін агроөндірістік топтарға біріктіруді айтады. Бұл жұмыс материалдары әдеттегіде топырақ қорын санауға және жерді бағалауға пайдаланылады; ауылшаруашылық дақылдарды дұрыс орналастыру мен ауыспалы егістерді мамандандыруға, агротехникалық және мелиоративтік шараларды белгілеуге қажет. Агроөндірістік топтастыру картограмма (сызықша кесте) күйінде топырақ очеркіне (сипаттамалық қолжазба) кіреді де, шаруашылықтарға тапсырылады.
Агроөнеркәсіптік топтастыру агрономдарға жердің сапасын бағалауға, ауылшаруашылық дақылдарын орналастыру мен ауыспалы егістердің мамандануына және тиімді агротехникалық, мелиоративтік шаралырды жүзеге асыруға қажетті болады.
Агроөндірістік біріктіруде мына белгілері мен қасиеттері ескеріледі:
- Топырақ кескінінің, әсіресе оның жоғарғы қабатының құрылымы;
- Қара шірінді қабатының гумустілігі (қара шіріктілігі) және қалыңдығы;
- Механикалық құрамы;
- Қоректі элементтердің түрлері мен мөлшері;
- Ылғалдану реті мен деңгейі;
- Жер бедеріне қарай топырақ түрлерінің орналасу жағдайы;
- Аналық жыныстар мен төсеніш жыныстардың жағдайы;
- Топырақтың мәдениленген (жақсарған) сатысы;
- Топырақ алаңдарының біркелкі жайласуы және олардың көлемі (конфигурациясы) жамылғы әлпеті (орналасудағы өзгешелігі);
- Топырақ құнарлығын арттырудағы агротехникалық шаралар біркелкілігі.
Топырақты тиімді пайдалану үшін агроөндірістік топтастыру мен қатар жерді класстарға бөлу жұмыстарын жүргізеді. Жерге белгілі территорияның топырағы мен табиғи жағдайлар кешені жатады.
Жерлерді жіктеу деп – оларды ауылшаруашылығына жарамдылығы тұрғысынан бөлуді айтады. Ол үшін жерлерді кешенді зерттеу, яғни, жер бедерін, топырақ құраушы жыныстарды, топырақ құрамы мен ылғалдану жағдайын білу керек. Жиналған мәліметтерге сүйеніп, жерлерді категориялар мен кластарға бөледі. Жер класына табиғи және шаруашылық қасиеттері бір-біріне жақын, біркелкі өңдеуді тілейтін және топырақты бұзылудан қорғау талабы бірдей жерлер (алаң, танап) тобы жатады.
Жалпы жерлер төмендегі сипатталған 7 категория мен 37 класқа бөлінеді.
I категория - егістікке жарамды, 14 класқа бөлінген жерлер:
- топырағы мәдениленген жерлер;
- дренделген-су (ағынды) айрықтармен сәл бүлінген жерлер (20 градусқа дейін), карбонатсыз құмбалшық және жеңіл құмбалшық топырақты;
- дренделген-су (ағынды) айрықтар мен сәл айқындалған беткейлер, топырағы құмбалшықты және жеңіл құмбалшықты карбонатты;
- дренделген су айрық пен сәл ылдыйлау беткейлер (20 градусқа дейін), топырағы құмды және құмайтты;
- дренді су аймақтар мен сәл ылдыйлау беткейлер, топырағы балшықты және тұтасқан;
- дренді су айрықтар мен айқындалған беткейлердің қатты жыныстары мен қойтасты, малта тасты салындылары бар, құмбалшық топырағы;
- сәл дренді, қысқа мезгіл мол ылғалданатын балшықты, құмбалшықты карбонатсыз топырақты жерлер;
- сәл дренді, қысқа мезгіл мол ылғалданатын балшықты, құмбалшықты карбонатты топырақтар;
- сәл дренді, қысқа мезгіл мол ылғалданатын балшықтар мен құмбалшықты, құмайтты және құмды топырақты;
- эрозиялық қауіпті ылдыйлы (2-50) беткейлердің қопсынды жыныстарында қалыптасқан балшықты және құмбалшықты, аздап шайылған топырағы;
- сәл эрозиялық қауіпті ылдыйлы (2-50) беткейлердің қопсынды жыныстарында қалыптасқан балшықты және құмбалшықты, аздап шайылған, құмдақ түрше топырағы;
- эрозиялық қауіпті ылдый (5-100) беткейлердің балшықты, құмбалшықты, қопсынды жыныстарда қалыптасып шайылған топырақты;
- эрозиялық қауіпті ылдый (5-100) беткейлердің балшықты, құмбалшықты, қопсынды жыныстарда қалыптасып шайылған құмайт түршелі топырағы;
- эрозиялық көтеріңкі қауіпті, тік ылдый (2-100) беткейлерде, қатты жыныстарда қалыптасып шайылған топырақты.
II категория - басым шабындыққа жарамды жерлер 4 класқа бөлінген:
- жайылмалық шабынды-балшықты және құмбалшықты топырақты;
- жайылмалық шабынды-балшықты, құм және құмайт топырақты;
- жайылмадан тыс шабынды-балшықты және құмбалшықты топырақты;
- жайылмадан тыс шабынды құм және құмайт топырақтар.
III категория - жайылымдық, бірақ жақсарту арқылы басқа ауылшаруашылық қоныстарға пайдалануға болатын жерлер 7 класқа бөлінген:
- батпақтанған, мол ылғалданған топырақты;
- кебір және тұтасқан автоморфты топырақты, оның жамылғысы-орташа және тым алаланған;
- кебір және жартылай тұтасқан гидроморфты топырағы бар, оның жамылғысы-орташа және көп алаланған;
- кебір және гидроморфты топырағы бар, жамылғысы орташа және көп алаланған;
- эрозиялық аса қауіпті тік беткейде (100) орналасқан, топырағы шайылған;
- жұқа қабатты топырағы бар, тым тасты және қиыршықтасты;
- шымданған құмдар.
IV категория - ауылшаруашылығына күрделі жақсартудан кейін жарамды жерлер 6 класқа бөлінген:
- ойпаңды және өтпелі шымтезекті батпақтар;
- ойпаңды және өтпелі минералдық батпақтар;
- күшті және тым сортаңданған жерлер;
- тақырлар;
- сай-жыралы алаланған жерлер;
- жылжымалы (өсімдіксіз) құмдар.
V категория - ауылшаруашылығына шамалы жарамды қоныстағы жерлер 2 класқа бөлінген:
- жоғары (верховое) батпақтар;
- малта тасты, шашыранды, қырлы тасты жерлер.
VI категория - ауылшаруашылығына жарамсыз тік жарлы, тас жынысты жерлер.
VII категория - бұзылған жерлер 2 класқа бөлінген:
- шымтезекті (торф) және тау-кен өндірісі дамыған жерлер;
- терриконды (сатылы төбелі) жерлер.
Сонымен, жерлерді жіктеу нақтылы табиғи ауылшаруашылықтық аудандастыру болып табылады.
- Топырақтарды бонитеттеу туралы жалпы түсінік.
Топырақ бонитеті (латынша "bonitos" - сапалылығы, яғни сапалы баға) деп топырақ құнарлығының үйлесімді агротехникалық деңгейі мен қарқынды егіншіліктегі салыстырмалы бағасын айтамыз.
Бонитеттеудің негізгі принциптерін В.В.Докучаев қалаған. Мұнда әр уақытта және топырақтың кейбір жан-жақты қасиеттері мен көпжылдық өнімі немесе биологиялық өнімділігі алынады, олар бір-бірімен коррелятивті байланысты болуы керек. Топырақ бонитировкасында 2 паралелльді бонитеттеу шекарасын балл бойынша салыстыру керек, яғни топырақ қасиеті (негізгі шкала) және ауылшаруашылық дақылдарының салыстырмалы өнімі, одан кейін жалпы шкала анықталған баллдарымен тексеріліп келтіріледі.
КСРО-да бірнеше бонитеттеу әдісі бар:
- В.Докучаев атындағы Топырақтану институты әдісі, бұл әдістің негізіне топырақтардың табиғи қасиеттері (құнарлығы) белгілі дақылдар өнімімен сәйкестендіріледі.
- Топырақтың агроөндірістік топтарына қарап, дақылдардың өніміне сәйкестендіріп баға беру әдісі.
Топырақ бонитетінің өлшемді бағасы болады, оны баллмен көрсетеді. Топырақтар 1-100 балл, не болмаса топтарға бөлінеді (нашар, орташа, өте жақсы). Бонитеттік өлшеу бойынша шкаласы әрі жергілікті топырақ-климат жағдайына сәйкес облыс, аудан, шаруашылық көлеміндегі жерге баға беріледі. Мысалы, Қазақстанда 5 топырақ аймақтары бар:
- Солтүстік Қазақстандағы шалғынды дала аймағы;
- Солтүстік Қазақстандағы далалық аймақ;
- Орталық Қазақстандағы құрғақ далалы аймақ;
- Каспий-Балқаш аралығындағы шөл аймақ;
- Оңтүстік Қазақстанның тау етегіндегі аймақ.
Міне, осындай аймақтардың топырақ аты әр түрлі белгілі қасиеттерімен өзгеріп отырады, мұнда бағалау белгілері ескеріледі:
- Топырақтың басты тобы (тип), кіші тобы (типше);
- Гранулометриялық құрамы;зиялық сатысы
- Аналық жыныстары (лөсстілігі, қиыршық тастылығы);
- А+Β қабатының қалыңдығы және жыртылатын қабатының қалыңдығы;
- Қарашірік (гумус) молшылығы, қоры (т/га);
- Эрозиялық сатысы;
- Топырақ өнімділігінің сатысы (мәденилігі);
- Тұздар қоры, шоғырлануы, тереңдігі, зияндылығы (0-50 см, 50-100 см қабаттарда);
- Жер асты суларының құрамы, ағын тереңдігі, концентрациясы, қоры;
- Сілтілік сатысы және НСl қышқылынан "көпіршу" тереңдігі;
- Тұзды ерітіндінің ортасы (рН);
- Р.К. қоры (жалпы, тиімді), кг т/га;
- Сіңірілген натрий мөлшері;
- Топырақтың жалпы физикалық және су-физикалық қасиеттері;
- Ауа-райы көрсеткіштері (10ºC жоғары температура, аязсыз күндердің саны, т.б.);
- Негізгі өсірілетін дақылдардың көпжылдық өнім мөлшері, ц/га.
Топырақты бонитеттеудің 2 өлшемдеу түрі бар:
l. Жабық түрімен өлшеуде ең жақсы көрсеткіші (l00 б) деп тек жақсы қасиеттері бар, ең мол өнімді топырақты алады (қара топырақ, шалғынды боз топырақ), ал басқа кездесетін топырақтарды сонымен салыстырып бағалайды.
2. Ашық түрдегі өлшеуде l00 балл деп аймақтағы ең көп тараған топырақтардың көрсеткіштерін алады да, басқа топырақтарды сонымен салыстырып отырады.
Топырақ бонитеті мына формуламен есептелінеді: Т.Б = Н∙К∙100⁄М∙К.
Мұндағы, Т.Б. – топырақ бониеті;
Н.К – нақтылы көрсеткіші;
М.К. – максимальды ең көп бағалы көрсеткіші (l00 б).
Табиғи жағдайлар мен топырақ жамылғысының ТМД жерінде әр түрлі болуына байланысты бонитет шкаласы мен бағалау кестесінің әр түрлі аймақтар үшін бірнеше түрлері жасалған. Олардың ең кең тараған түрлері:
l. Дайындық-камералды кезеңдегі негізгі мақсат облыс пен өлкеге алдын-ала бонитет шкаласын жасау болып табылады. Ол үшін көптеген облыстың табиғи-экономикалық сипаттамасын, топырақтың картографиялық және агрохимиялық материалдарын, климаттық көрсеткіштерін, топырақ пен климаттық көрсеткіштерге арналған әдебиеттер, жер бағалау туралы мағлұматтар, шаруашылық пен тұқым және тәжірибе шаруашылықтарының көп жылдық өнімдерінің орташа көрсеткіштерін, мемлекеттік жерді тіркеу материалдарын топтастырады. Осы жиналған материалдар негізінде топырақтың қасиеті мен өнімділіктің бонитет көрсеткіші бойынша бонитет шкаласы құрастырылады.
Топырақ қасиеттері бойынша бонитет шкаласын құру үшін ең бірінші кезекте топырақ бонитетінің негізін қалайтын басты диагностикалық қасиет пен топырақ белгісін анықтауымыз керек. Осы мақсат үшін әрбір топырақ түршесіне арналған облыс топырақ тізімінен барлық шаруашылық топырақтарының морфологиялық, агрохимиялық және бонитеттің басқа диагностикалық белгілеріне керек болатын мағлұматтарын жинақтап жазып, олардың орта көрсеткішін шығарады. Одан кейін әрбір топырақ түршесінің диагностикалық белгісі мен нышандарын бонитировкалауды мына формуламен есептейді:
Б = 3н⁄3м∙100
Мұндағы, Б – топырақ баллы;
3Н – әрбір белгінің нақтылы көрсеткіші (гумус қоры, т.б.);
3М – белгінің максимальды немесе оптимальды көрсеткіші (100 б).
Бұл жағдайда 100 баллға облыстағы, өлкедегі өнімділік пен топырақ белгісі және қасиеті жағынан ең жақсы топырақ көрсеткіштері алынады.
Сонымен қатар облыс бойынша
өнімділіктің бонитет шкаласы жасалынады.
Ол үшін әрбір шаруашылықтағы, сорт
бағалау, ғылыми-зерттеу
Одан кейін ауылшаруашылық
дақылдарының көпжылдық өнімділігінің
орташа өлшемін есептеп, оны әрбір
топырақ түршесіне сай
Топырақтың жеке белгілері
мен қасиеттері бойынша алынған
бонитет баллдарын бір-бірімен
және осы топырақтағы өнімділікпен
салыстырып, одан кейін топырақ бонитетінің
диагностикасы ретінде тек
Іріктеп алынған топырақ
қасиеттері бойынша облыс пен
өлкенің және осы өнімділіктің бонитет
шкаласы жасалынады. Осы 2 шкалалары
бір-бірімен салыстыра
2. Далалық кезеңде топырақ бонитетінің жүргізілуін алдын-ала тәжірибе жасалған облыстың топырақ бонитет шкаласының дұрыстығын тексереді, шкалаға енгізілетін түзету коэффициентінің құжаттарын жинап, оны тексеріп және оның сәйкестігін, одан басқа аз көлемде кездесетін топырақ бонитеттерін жасап, оның өнімділіктерін анықтайды. Ол үшін шаруашылықта кездесетін әр түрлі деңгейдегі батпақтанған, кебірленген, тұзданған, шайылған, әр түрлі тереңдікте тұзданған ыза сулары бар топырақтағы ауылшаруашылық дақылдары мен табиғи жем-шөп өнімдерінің көрсеткіштерін жинақтайды. Осы жер бөлімшелерінде топырақ кескінін салып, одан топырақ үлгісін алып, оның агрофизикалық және агрохимиялық қасиеттерін зерттеп, өнімділікпен байланысын анықтайды.
3. Камералды-аналитикалық кезеңде топырақ бонитеті жұмысына далалық және зертханалық топырақ пен өнімділік зерттеу нәтижесі мағлұматтарына баға беріп, сол арқылы бонитет шкаласының соңғы нұсқасын, ауылшаруашылық өнімділігімен тығыз коррелятивті байланысы бар топырақ белгілерінің тізімін жасап, сонымен қатар зерттелген территориядағы топырақ бонитетін жүргізу тәсілінің қысқаша нұсқасын береді.
Қазақстанда топырақ жамылғысы мен оның диагностикалық белгілерінің әр түрлі болуына байланысты топырақ бонитет шкаласын жасау әр түрлі, соған байланысты топырақ бонитетінің әр түрлі тәсілдері мен шкалалары қолданылады.
Бонитет шкаласын жасау үшін
топырақтардың физикалық-
Аналитикалық мағлұматтарға егістік пен басқа да жерге салынған кескін деректерін пайдаланады. Кейбір аналитикалық мағлұматтардың нәтижесін тексеру үшін Стьюденттің 95% сенім деңгейіндегі статистикалық өңдеуден өткізіп барып сұрыптау керек
Топырақ сапа деңгейін бағалайтын көрсеткіштер:
- 0-50 см қабаттағы гумустың пайызбен берілген мөлшері;
- 0-50 см қабаттағы сіңірілген натрийдің жалпы сіңген негіздердің пайызымен есептелген орта өлшемдік мөлшері;
- 0-50 см қабаттағы сіңірілген магнийдің жалпы сіңген негіздердің пайызымен есептелген орта өлшемдік мөлшері;
- 0-50 см қабаттағы орта өлшемдік тұздану типі және орта өлшемдік пайызбен берілген тұздар мөлшері;
- Қиыршықтастылығы;
- Тастылығы;
- Гидроморфтық деңгейлер.
Әрбір топырақ түршесінің негізгі балл бонитетін жарты метрлік топырақ қабатындағы гумустың пайыз мөлшерімен, ал басқа қасиеттерін тұзету коэффициентін қолдану арқылы шығарады.
Топырақтың жалпы метрлік қабатындағы гумус мөлшерін есептеу үшін график тәсілін қолданады. Ол үшін миллиметрлік қағазға график құрады, онда ординат бойында үлгі алу тереңдігі, ал абсциссада гумустың пайыздық мөлшері аналитикалық жолмен анықталып, үлгі алу ортаңғы тереңдікке сәйкес келтіріледі.
- Шаруашылық топырақтарына сипат
тама.
Шаруа қожалығы орналасқан Алматы облысы Қарасай аудандық Қаскелең округінде қандай топырақтар тарағанын анықтау үшін жалпы 9 негізгі кескін және 34 жартылай кескін салынды. Соның ішінде II-категорияға жататын жерге 7 негізгі және 27 жартылай кескін салдым, ал III-категорияға жататын жерлерге 2 негізгі кескін мен 7 жартылай кескін салынып, топырақ түрлері анықталды. Негізінен бұл аймақта ашық қара-қоңыр топырақ, шалғынды қара-қоңыр, кәдімгі сұр топырақ және шалғынды сұр топырақтар қалыптасқан.
a.Ашық қара – қоңыр топырақтарға сипаттама.
Ашық қара қоңыр топырақ жалпы климатының құрғақшылығымен ерекшеленеді. Топырақ құраушы жынысы проэлювиальды және лёс тәріздес, кескінінде біраз көлемде малта таста кездеседі. Кескіні толық дамыған. Менің қожалығымның оңтүстік, оңтүстік шығысын және солтүстік шығысты қамтыған. Өсімдік жамылғысы 70 – 80 % - ға дейін. Оңтүстікке қарай бұл топырақтың түсі ақшылданады және гумус мөлшері азайған болып келеді. Жер асты сулары тереңде жатады және топырақ құралуына әсер етпейді. Ашық қара – қоңыр топырақтардың көбісі игерілген, бұнда дәнді дақылдар, темекі, техникалық дақылдар егеді, және бұнда көпжылдық шөптер және дәрілік шөптер өседі. Ашық қара – қоңыр топырақтардың барлығы карбонатты болып келеді. Кескіні сұр топыраққа ұқсас. Тек кәдімгі сұр топырақтың гумус мөлшері аз. Менің қожалығымның ашық қара – қоңыр топырағының гумус мөлшері 2,2 -2,6% .
Топырақ кескіні (№ 1). Бұл кескін ашық қара –қоңыр орналасқан аймақтың солтүстік батысы бөлігінде 115 м биіктікте қазылды. Жер бедері тау алды төбелі жоталы болып келген. Кескін жазық жеріне салынды. Өсімдік жамылғысы біркелкі емес кішкене сиректеу. Топырық бетінен тасиды.
0 –8 см – күрең қара – cұр түсті, пішіні оқ дәрі тәрізді кесекті, әлсіз тығызды, орташа құмбалшықты.
8–32 см – күрең түсті (гумус түсі жақсы байқалған) тамылар өте көп, жоғарыдағы қабатқа карағанда топырғы тығызырақ. Кесекті түйіртпекті жиегінде ақ дақты гипстер кездеседі.
32–70 см – ашық күрең түсті, тамырлары аз, карбонаттар дақтар түрінде кездеседі, гипс жолақтары кездеседі. Топырағы тығыз құмбалшықты.
70–120 см – ашық күрең сарғыштау түсті, өте көп мөлшерде карбонаттар жиналған, өте тығыз құмбалшықты.
120–180 см – ашық сары күрең түсті лёсті құмбалшық.
1-кесте. Карбонатты ашық – қара қоңыр топырақтың агрегаттық құрамы
Тереңдігі, См |
Фракция көлемі, мм | ||||||||
10 |
10 – 7 |
7 – 5 |
5 – 3 |
3 – 2 |
2 – 1 |
1– 0,5 |
0,5–0,25 |
<0,25 | |
0 – 8 |
2,6 |
2,84 |
3,37 |
4,58 |
1,95 |
5,50 |
13,25 |
12,56 |
53,25 |
2-кесте. Карбонатты ашық – қара қоңыр топырақтың гумусы, азоты, СО2 және жылжымалы қоректік элементтерінің мөлшері.
Тереңдігі См, |
Гумус % |
Жалпы азот |
C : N |
СО2 |
Жылжымалы түрлері мэкв 100 г топырақта | ||
NO3 |
P2O5 |
K2O | |||||
0 – 8 |
2,68 |
- | |||||
25 – 30 |
2,07 |
- |
- | ||||
Бұл топырақтың А қабатында гумус мөлшері 2,68 % ал, келесі қабатында 2,07 % жалпы гумус қабатының қалыңдығы 50 см-дей гумус мөлшері жоғарыдан төменгі қабатқа қарай азаяды. (Қалған мәлметтері анықталмаған).
3-кесте. Карбонатты
ашық – қара қоңыр топырақтың гумус
мөлшері
Тереңдігі См |
Гумус % |
Гумин қышқылдары |
Фульвоқышқылдары |
CГум/ Сфульв | |||||
|
Фракциялар | |||||||||
1 |
2 |
сумма |
1а |
1 |
2 |
сумма | |||
0 – 8 |
2,68 |
6,98 |
19,94 |
26,92 |
11,41 |
4,61 |
10,0 |
26,02 |
1,03 |
25 – 30 |
2,07 |
4,56 |
19,84 |
24,40 |
18,10 |
8,73 |
6,11 |
32,94 |
0,60 |
А қабатында гумус мөлшері 2,68 % В қабатында 2,07 % А қабатында гумин және фульво қышқылдарының мөлшерлері бірдей тек гумин қышқылы аздап көптеу гумин және фульво қышқылының қатынасы 1,03%. В қабатында керсінше фульво қышқылы басым, гумин қышықылы мен фульво қышқылы арақатынасы 0,60% құрайды.
b.Шалғынды қара – қоңыр топырақтарға сипаттама.
Бұл мен қарастырып отырған шаруа қожалығының оңтүстіктен орталық бөлігіне дейін және шығысқа қарай созылып жатыр. Тау алды жазықтықта 102,5 м – 99,7 м биіктіктер арасында бедері қалыптасқан . Жер бедері тегіс. Топырақ құраушы жынысы лёсті құмбалшық, жер асты сулары өте жақын орналасқан және топырақ құралуына әсер етеді.
Топырақ кескіні (№ 4) қожалықтың оңтүстігінде орналасқан, орташа құмбалшықты. Топырақ бетінен тасиды, гумус қабатының қалыңдығы 60 см. Карбонатты дақтар 45 см тереңдікте кездеседі. 130 см тереңдіктен бастап темір тотықтары кездеседі.
0–15 см – күңгір қоңыр түсті, орташа құмбалшықты, борпылдақ. Шаңды кесекті түйіртпекті.