Трансформатордың жұмыс iстеу принципi

Кіріспе.

          Электр энергетикасы — энергетиканың басты құрастырушысы, оның басты міндеті — электр энергиясының тұтынушыларын электрлік энергиямен жабдықтау үшін электр энергиясын тиімді жолмен өндіру, тарату және үлестіру.

Бұл сала кез келген елдің әлеуметтік және эконономикалық дамуының маңызды бөлігі, себебі электр энергиясының энергияның басқа тасымалдаушыларынан көрі бірқатар ерекшеліктері бар: үлкен қашықтыққа таратудың, тұтынушылар арасында үлестірудің және энергияның басқа түрлеріне (механикалық, жылулық, химиялық, жарықтық және басқа да…) түрлендірудің салыстырмалы жеңілдігі.

Электрлік энергияның маңызды өзгешілігі — оны бір уақытта өндіріп, сол уақытта тұтынуға болады.

Энергияның басқа түрлерімен салыстырғанда, электр энергиясының артықшылығы сөзсіз. Оны сым арқылы өте алыс жерлерге аз шығынмен жеткізу, тұтынушыларға таратып беру ыңғайлы. Ең бастысы, өте қарапайым құрылғылардың көмегімен бұл энергия: механикалық, ішкі, жарық энергияларына т.с.с. энергияның кез келген басқа түрлеріне оңай айналдырылады.

Тұрақты токқа қарағанда айнымалы токтың артықшылығы кернеу мен ток күшін, энергия шығыны болмайтындай дерлік өте кең ауқымда түрлендіруге болады.

Электр тогы генераторларда - энергияның қандай да бір түрін электр энергиясына түрлендіретін құрылғыларда өндіріледі. Генераторларға жататындар: гальвани элементтері, электростатикалық машиналар, термобатареялар және күн батареялары т.с.с.

Егер энергияны шығынсыз дерлік түрлендіру мүмкін болмаса, онда электр тогы еш уақытта да дәл осындай кең қолданыс таппаған болар еді. Электр станцияларындағы қуатты генераторлардың ЭҚК-і, әдетте едәуір үлкен. Ал бірақ іс жүзінде көбінесе онша үлкен емес кернеулер керек.

Айнымалы токты, кернеуді бірнеше есе арттырып немесе кемітіп, ал қуатты іс жүзінде шығындатпай түрлендіру трансформатордың көмегімен іске асырылады.

Электр энергиясын үлкенді-кішілі электр станцияларында негізінде электромеханикалық индукциялық генератор арқылы өндіріледі. Электр станциясының негізгі екі түрі бар: жылу және гидроэлектпр станциялары. Бұл электр станцияларының бір-бірінен айырмашылығы генератордың роторын айналдыратын қозғалтқыштардың әр түрлілігінде.

Жылу электр станцияларында энергия көзі ретінде мынадай отындар пайдаланылады: көмір, газ, мұнай, мазут, жанғыш сланец. Электр генераторларының роторын бу және газ турбиналары не іштен жану қозғалтқышы айналдырады. Ең үнемділері жылулық бу турбиналы ірі электр станциялары.

Электр энергиясының тұтынылатын орны көп. Ал оның өндірілетін орындары көп емес, отын және гидроресурс көзіне жақын орындар. Электр энергиясын жинап сақтау қолдан келмейді. Оны шығарып алысымен бірден тұтынып, іске жарату керек. Сондықтан электр энергиясын алысқа жеткізу қажеттігі туады.

     Көптеген жағдайда  бiр ток көзiнен әртүрлi кернеуге арналған құралдарды қоректендiру қажет болады. Мысалы, теледидарды 220 В-тық ток көзiне қосқан кезде оның iшiндегi қыздыру шамдарына 6,3 В, транзисторларға 1-2 В, ал электронды-сәулелендiру түтiкшесiне 15000 В кернеу беру қажет. Кернеудi осылай қажетiмiзше көтерiп, немесе төмендету үшiн трансформаторлар деп аталатын құралдар пайдаланылады.

     Қуаттың тұрақты  дерлік мәнінде айнымалы ток кернеуінің ток күшімен қатар өзгеруін айнымалы токтың трансформациясы дейді.

Орталық станцияларда өндірілетін электр энергиясын алыс қашықтықтарға жеткізу кезінде жеткізу желілерінде жылудың бөлінуі салдарынан энергия шығындалады. Берілген тұрақты қуат кезінде осы шығынды, кернеуді жоғарылату және токты төмендету арқылы кемітуге болады. Айнымалы токтың трансформациясын жүзеге асыратын құрал трансформатор деп аталады. Ол электромагниттік индукция құбылысына негізделген.

     Трансформаторды алғаш рет 1878 жылы орыс ғалымы П.Н.Яблочков ойлап тапқан, кейін оны 1882 жылы И.Ф. Усагин жетілдірді.

Трансформатор тұйық болат өзектен тұрады, оған сым орамнан тұратын екі катушка кигізіледі. Орамалардың біреуі (бірінші реттік орама) айнымалы кернеу көзіне тіркеледі. Екінші реттік орама (жүктеме) электр энергиясын тұтынатын аспаптар мен құрылғыларға қосылады. Трансформатордың орамаларындағы кернеулерінің қатынасы . Мұндағы к- коэффициенті трансформация коэффициенті деп аталады. Егер к>1 болса, трансформатор төмендеткіш, ал к<1 болғанда трансформатор жоғарылатқыш болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        1. Трансформатордың жұмыс iстеу принципi

 Трансформатордың жұмыс iстеу принципi электромагниттiк  индукция құбылысына негiзделген. Бiрiншi реттi орамдар арқылы айнымалы ток өткен кезде ферромагниттiк өзекшеде айнымалы магнит ағыны пайда болады. Бұл магнит ағыны өз кезегiнде екiншi реттi орамдарды да тесiп өтетiн болғандықтан осы орамдарда индукциялық ЭҚК-iн туғызады. Егер екiншi реттi орамдар тұтынушыларға қосылған болса, онда бұл тiзбектен де айнымалы ток өтедi. Ал бұл айнымалы ток өзекшеде қайтадан өзiнiң айнымалы магнит ағынын туғызады. Екiншi орамдардың туғызған магнит ағыны өзекшедегi толық магнит ағынын кемiтедi, бұл өз кезегiнде бiрiншi реттi орамдардағы өздiк индукция ЭҚК-iнiң кемуiне алып келедi. Өздiк индукция ЭҚК-iнiң кемуiнен бiрiншi реттi тiзбекте ток арта бастайды да, қоректендiрушi кернеудiң мәнi өздiк индукция ЭҚК-iне теңескенде жүйеде тепе-теңдiк орнайды.

     Трансформатордың  пайдалы әсер коэффициентi (ПӘК)

 

 

     Бүгiнгi күннiң  технологиялары ПӘК-i 97-98% болатын трансформаторлар жасауға мүмкiндiк бередi.

     Трансформаторлардың  электр энергиясын тасымалдаудағы ролi ерекше. Электр энергиясын қашық аралықтарға тасымалдау күрделi ғылыми-техникалық мәселе болып табылады. Бұл жердегi негiзгi мәселе энергия шығынымен байланысты. Өткiзгiштердiң қызуынан болатын энергия шығыны Джоуль-Ленц заңына сәйкес тiзбектегi ток күшiнiң квадратына пропорционал, яғни Q=I2Rt. Олай болса, тасымалдау кезiндегi бос шығынды азайту үшiн тасымалданатын қуатты кемiтпестен, ток күшiн мүмкiндiгiнше азайту қажет. Оның бiрден-бiр жолы кернеудiң шамасын аса жоғары, жүздеген мың вольтқа көтеру. Жоғарғы вольтты электр тасымалдау жүйелерiнiң болуы осымен байланысты. Электр энергиясын өндiретiн жерде кернеудi трансформаторлардың көмегiмен 400-500 мың вольтқа дейiн жоғарылатады да, тасымалдап жеткiзген соң энергияны тұтынатын жерде керiсiнше өндiрiстiк 220 вольтқа дейiн кемiтедi.

Қазіргі уақытта трансформаторларда энергияның жиынтық шығыны 2-3%-тен аспайды.

Қоғам дамыған сайын энергия тұтыну қажеттігі қарқындап өсе түседі. Әсіресе электр энергиясының орны ерекше, себебі энергияның басқа түрлерімен салыстырғандағы, оның бірнеше артықшылықтары электр энергиясын өте аз шығынмен энергияның кез келген басқа түріне оңай айналдыруға және оны алыс қашықтыққа жеткізуге мүмкіндік береді. 
Электр энергиясы айнымалы токтың индукдиялық генераторларынан әр түрлі электр станцияларында өндіріледі. Электр станциялары көмір мен мұнай қорларының жанында (жылу электр станциялары) немесе өзен-сулардың бойында (су электр станциялары) тұрғызылады. Жылу электр стандияларында отынның (мысалы, көмірдің) жылу энергиясы электр энергиясына түрленеді. Жоғары қысымда қызған бу ағыны бу турбинасының роторын айналдырады, сонда онымен бір оське орнатылған генератордың роторы да айналады. Су электр станцияларында судың механикалық энергиясы электр энергиясына түрленеді. Өзенді бөгеп, платинамен суды биікке көтереді. Биіктен гидравликалық турбинаның қалақшаларына құлаған су ағыны оны генератордың роторымен қоса айналдырады. 
Қазіргі кезде дүние жүзінде өндірілетін электр энергиясының біраз бөлігі атом электр станцияларында өндіріледі. Мұнда ауыр ядролардың тізбекті реакциясы кезінде бөлінген атомның ішкі энергиясы электр энергиясына түрленеді. Тізбекті реакция ядролық реактор деп аталатын қондырғыларда жүреді. Бұл туралы біз ядролық физика тарауында кеңірек айтамыз. Электр станцияларының отын немесе су қорларының жанында орналасуынан, электр энергиясын тұтынушыға дейін жеткізу мәселесі туады. Алыс қашықтыққа электр тасымалдау желісінде шығын көбейеді. Джоуль-Ленц заңы бойынша  , ал   — екенін ескерсек, электр желісінің ұзындығы  артқан сайын, шығын да көбейеді. Оны қалай азайтуға болады? 
Кедергіні азайту үшін сымдардың көлденең қимасының ауданын арттыру (жуан сымдарды пайдалану) немесе меншікті кедергісі аз материалдарды (мысалы, күмісті) қолдану керек. Бұл екі жолдың да іс жүзінде тиімділігі жоқ екені өз-өзінен түсінікті. Джоуль—Ленц заңының өрнегіне қарасақ, шығынды азайтудың тағы бір жолы — ток күшін азайту екенін көреміз. Бірақ берілетін қуат өзгермей қалуы тиіс. Қуат ток күші мен кернеудің көбейтіндісіне тең болғандықтан, ток күшін неше есе азайтсақ, кернеуді сонша есе арттыру керек. Олай болса, электр энергиясын жеткізу мәселесі токты трансформациялаумен байланысты. 
Генератордың өндіретін кернеуі  , ал жүктеменің тұтынатын кернеуі   болсын. Онда  , мұндағы   — желінің толық кедергісі. Әдетте, желінің активті кедергісі оның реактивті кедергісінен әлдеқайда артық болып келеді. Сондықтан желідегі кернеудің түсуі оның активті кедергісімен анықталады:  . Олай болса, желідегі энергия шығыны былай есептеледі:

Генератордың берілген қуаты үшін желідегі энергия шығыны оған түсірілген кернеуге кері пропорционал.

Генератордың қуаты   тұрақты болғанда, желіге берілген кернеудің   және   мәндері үшін энергия шығынын есептейік:

бұлардың қатынасы:

Егер желіге берілетін кернеу жеткілікті түрде жоғары болмаса, уақыт бірлігі ішінде сымдардағы шығын генератордың қуатынан асып кетуі мүмкін, онда энергия тұтынушыға мүлдем жетпей қалады. Осы айтылғандардан электр желісіне жоғары кернеу беру керек екені түсінікті. Айнымалы ток генераторларының өндіретін кернеуі жуықтап алғанда 20 кВ-тан аспайды. Сондықтан электр станцияларында жоғарылатқыш трансформаторлар қойылады. Әдетте, кернеу бірнеше саты жоғарылатылып барып, электр желісіне беріледі. Желінің аяғында кернеу бірнеше саты төмендетіліп, бұдан соң тұтынушыға беріледі. Біздің елде 220 В кернеу кеңінен қолданылады. 
Тұрақты токты желімен тасымалдаса, шығын айнымалы токпен салыстырғаыда әлдеқайда аз болар еді. Біріншіден, қайта магниттелуге шығын жоқ, екіншіден, реактивті кедергі нөлге тең. Бірақ тұрақты токты трансформациялауға болмайды, трансформатор электромагниттік индукцияның негізінде жұмыс істейді ғой. Алдымен, айнымалы токты жоғары кернеуге трансформациялап, содан кейін оны түзетіп, желіге жіберуге болады. Тұтынушыға жеткен соң тұрақты токты қайтадан айнымалы токқа айналдырып, кернеуді қажет мәнге дейін төмендетуге болар еді. Бірақ тұрақты токты қайтадан айнымалы токқа айналдырудың қиыншылықтары бар. Сондықтан қазіргі кезде, негізінен, айнымалы ток қолданылады. 
Қазіргі кезде адамзат қоғамының өмірін энергиясыз елестету мүмкін емес. Кеш бата бәріміз электр жарығымен өмір сүреміз, үйдегі көптеген электр құралдары, демалыс, көңіл көтеру орындарының тіршілігі, бүкіл өндіріс, өнімдерді өңдеу, басқа да қажетті заттарды жасау технологиялары электр энергиясын қолдана отырып жүзеге асатынын білеміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 1.1. Электроэнергетиканы дамыту

Электроэнергетиканы дамыту облыста Екібастұздың энергетикалық көмір қорының жоғары болуымен және ірі өнеркәсіп нысандарының салынуымен байланысты.

Облыс орталығының өнеркәсіп кәсіпорындарын энергиямен жабдықтау үшін «Қазақстан алюминийі» АҚ ЖЭО, «Павлодарэнерго» АҚ мен ЖЭО-2,3 салынды.

Екібастұз көмір бассейнін қарқынды игеруге байланысты үш блокты электр станциясы пайдалануға берілді – «Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ-ның Ақсу электр стансасы, «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС мен «Екібастұз ГРЭС-2 стансасы» АҚ.

Қазіргі уақытта облыс аумағында белгіленген жиынтық қуаты 8337 МВт және қолданыстағы қуаттылығы 6010 МВт болатын 7 жылу электр стансасы жұмыс істейді. Олар:

- «Екібастұз ГРЭС-1»  ЖШС - 4000 МВт (2248 МВт);

- «Екібастұз ГРЭС-2 стансасы» АҚ - 1000 МВт (875 МВт);

- «Еуроазиаттық  энергетикалық корпорация» АҚ - 2425 МВт (2075 МВт);

- «Қазақстан алюминийі» АҚ ЖЭО - 350 МВт (340 МВт);

- «Павлодарэнерго» АҚ-ның ЖЭО-2 - 110 МВт (110 МВт);

- «Павлодарэнерго» АҚ –ның ЖЭО-3 - 440 МВт (350 МВт);

- «Павлодарэнерго» АҚ –ның Екібастұз жылу орталығы - 12 МВт (12 МВт).

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Облыс энергетикасын ірі кәсіпорындарда көрсету

 

 

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС

«Екібастұз ГРЭС-1 стансасы» ЖШС – облыстағы ең ірі электр стансасы. Электр стансада жалпы белгіленген қуаты 4000 МВт болатын 8 энергоблок орнатылған. Бүгінгі таңда қуаттылығы 2500 МВт болатын 5 энергоблок жұмыс істесе, 3 энергоблок (әрқайсысының белгіленген қуаттылығы 500 МВт) қалпына келтірілуде.

«Екібастұз ГРЭС-2 стансасы» АҚ

Электр стансасында жалпы қуаттылығы 1000 МВт 2 энергоблок орнатылған. Белгіленген қуаттылығы 630 МВт болатын жаңа энергоблоктың құрылысы жүргізілуде.

«Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ 

Мұнда жалпы қуаттылығы 2425 МВт құрайтын 8 энергоблок орнатылған. Бүгінгі таңда оның жетеуінің жұмысына белгіленген қуаттылығы 2075 МВт болатын 7 энергоблок жұмыс істесе, 325 МВт қуатты бір энергоблок қалпына келтірілуде.

«Қазақстан алюминийі» АҚ ЖЭО

Бұл электр стансада 8 қазандық агрегат пен 6 турбинаның белгіленген электрлік қуаты – 350 МВт, ал жылулық қуаттылығы – 1170Гкал/сағ.

«Павлодарэнерго» АҚ-ның ЖЭО-2

Электр стансасында 5 қазандық агрегат пен 3 турбоагрегат орнатылған. Белгіленген электрлік қуаттылығы – 110 МВт, ал жылулық қуаты – 332 Гкал/сағ.

«Павлодарэнерго» АҚ-ның ЖЭО-3

Мұнда 6 қазандық агрегат пен 5 турбоагрегат орнатылған. Олардың белгіленген электрлік қуаттылығы – 440 МВт, жылулық қуаттылығы – 808 Гкат/сағ.

 

 

2. Энергия кәсіпорындарын перспективалы дамыту жоспарлары

Жалпы облыстың электр станциялары 2015 жылға дейін кезеңде электр қуатын 275 МВт (8337 МВт-тан 8612 МВт-қа) дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Қуаттылықты көбейтуге бағытталған іс-шараларға 300,0 млрд.теңге инвестициялау жоспарлануда. Бұдан басқа, экологиялық бағдарламалар, сенімділікті арттыру және басқалар бойынша іс-шараларды іске асыруға қаражат енгізу қарастырылуда.

«Екібастұз ГРЭС-2 стансасы» АҚ-да қуаттылығы 630 МВт болатын № 3 энергоблоктың құрылысы жүріп жатыр.

Іске асыру кезеңі: 2009 жылғы желтоқсан – 2014 жылғы желтоқсан. Құны – 113,5 млрд. теңге.

«Екібастұз ГРЭС-2 стансасы» АҚ басқармасының шешімімен құрамында «СВС СтройСервис» ЖШС (Консорциум көшбасшысы), «Кварц – Жаңа технологиялар» ЖАҚ және «КВАРЦ–KZ» ЖШС бар Консорциумнан қосылған құнға салынатын салық есебімен 8 422 729 940 теңге қаражатына қызметтер сатып алынды.

Құрамында «СВС СтройСервис» ЖШС (Консорциум көшбасшысы), «Кварц – Жаңа технологиялар» ЖАҚ және «КВАРЦ–KZ» ЖШС бар Консорциуммен бірінші кезекті құрылыс жұмыстарын орындау жөнінде шартқа қол қойылды.

2011 жылы 28 желтоқсанда негізгі жабдықты жеткізу келісіміне қол қойылды. Жобалау-смета құжаттамасын түзету шартына қол қою процесі жүріп жатыр. Сондай-ақ шарт пен смета жобасы, техникалық міндеттер келісімделуде.

 

 

 

 

 

 

 

             2.1. Еуроазиаттық энергетикалық корпорация

«Еуроазиаттық энергетикалық корпорация» АҚ қолданыстағы жабдықтар жағдайында электр стансанын қалпына келтіру кешендік бағдарламасы негізінде энергоблоктың қуаттылығын көтеру мақсатында техникалық қайта жарақтауды жүзеге асырады. 2011 жылғы маусымда қалпына келтірілген № 2 энергоблок іске қосылса, электрлік қуаттылықты жыл сайын 25 МВт-қа көтеру арқылы 2013 және 2015 жылдары қуаттылықты арттыру жоспарлануда.

«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС «Екібастұз ГРЭС-1-ді қацта құру және жаңғырту» жобасынжүзеге асыруда. Осы проект аясында жұмыс істемей тұрған барлық энергоблокқа жаңа күл ұстаушы электросүзгіштерді орнату арқылы қайта құру жоспарланған. Электросүгішті іске қосу әрбір энергоблоктың ауа қабатына шығарылатын күлді жылына 17,5 мың. тоннаға (20,0 мың тоннада жылына 3,0 мың тоннаға) дейін азайтады.

2012 жыл. Желтоқсанда қуаттылығы 500 МВт болатын № 8 блокты пайдалануға беру жоспарланған. Жобаның құны – 23,4 млрд. теңге. ЕГРЭС-1 стансасының энерго қуатын өңдеуі 1,5 млрд. кВтч өседі.

2013 жыл. Маусымда № 7 энергоблогындағы электрсүзгіштерді іске қосу көзделіп отыр. Жобаның құны – 2,61 млрд. теңге. Электрсүзгішті іске қосу ауа қабатына шығарылатын күлді жылына 17,5 мың тоннаға (20,0 мың тоннадан жылына 3,0 мың тоннаға дейін) азайтады.

2014 жыл. Тамыз айында қуаттылығы 500 МВт құрайтын № 2 блок пайдалануға беріледі. Жобаның құны – 61,47 млрд. теңге. ЕГРЭС-1 стансасының электр қуатын өңдеуі 1,5 млрд. кВтсағ өседі.

2016 жыл. Желтоқсанда қуаты 500 МВт № 1 блок іске қосылады. Жоба құны – 69,1 млрд. теңге. ЕГРЭС-1 стансасының электр қуатын өңдеуі 1,5 млрд. кВтсағ артады.

“Павлодарэнерго” АҚ ЖЭО-2 және ЖЭО-3 қайта жаңарту және техникалық қайта жарақтаудың жеке инвестициялық бағдарламаларын іске асырады. Барлығы 2007 жылдан 2015 жылға дейін жабдықтарды жаңартуға 17,9 млрд.теңге инвестициялау жоспарланады. Осы қаражаттан 12,2 млрд.теңге қазандар мен турбиналарды ауыстыруға бағытталады. ЖЭО-3 электр қуаты 30 МВт дейін өседі. ЖЭО-2 белгіленген қуатты көбейтпей техникалық қайта жарақталады.

“Қазақстан алюминийі” АҚ ЖЭО күзгі-қысқы жүктеме максимумында белгіленген қуатты толық жүктеу кезінде жұмысының тұрақты болуымен ерекшеленеді. “Қазақстан алюминийі” АҚ жоспарлары кәсіпорын әлеуетін сақтауға бағытталады. Сол үшін бу өндіруді арттыра отырып қазан агрегаттарын кезең-кезеңмен қайта жарақтау қарастырылады.

Жылу желілері 

Облыстағы жылумен қамту желілерінің ұзындығы 903,7 шақырымды құрайды.Оның 407,2 шақырымы – Павлодар қаласында, Екібастұзда – 341,6 шақырым болса, Ақсу қаласына 78,8 км, аудандарға 76,1 км тиесілі.

Қалалардың жылумен қамтылуы «Павлодар жылу желілері» ЖШС мен «Жылусервис-Ақсу» КМК сияқты екі кәсіпорынмен жүзеге асырылады. Аудан орталықтарын мемлекеттік және жекеменшік коммуналдық кәсіпорындар жылумен қамтамасыз етеді.

Электрмен қамту

Өңірдегі электрлік желілердің жалпы ұзындығы 17,5 мың шақырым, оның 2,7 мың шақырымы - ВЛ-220-110; 13,6 мың шақырымы - ВЛ-35-10-0,4кВ, ал 10-6-0,4 кВ кәбілді желі – 1,2 мың шақырымды құрайды.

Қосымша стансалар саны – 4349 дана, оның ішінде 220-110 кВ қосымша станса – 78 дана, 35-10-0,4 кВ қосымша станса – 128 дана, КТП-6-10/0,4 кВ-4 – 143 дана.

Газбен қамту

Павлодар облысы аумағында табиғи газ бен орталықтандырылған газбен қамту жоқ.

Бөлшекті сауда нарығында баллондағы сұйытылған көмірсутекті газды жеткізу және өткізумен газбен қамтушы 8 кәсіпорын айналысады. Олар халық пен заңды тұлғалардың қажеттіліктерін толық көлемде газбен қамтамасыз етуде. Халықты газбен қамту сыйымдылығы 27 л және 50 л болатын газ баллонды құрылғыларды толтырады. Халық газдың көлемі мен жеткізілу сапасына риза.

 

 

                   3. Персоналдың және төлемнің енбекақы есебі.

          Персоналдың және ортаның шықан санының ұйғарымы бір жұмыскерге.

           Өндірістің және өнімнің өндірісінің  көлемінің аумақтауының дамуының  маңызды факторы еңбектің әлуетінің  игерушілігі болып табылады. Анықтау  үшін ықпалды жеке еңбектің  факторы өндірістің көлеміне  еңбектің әлуетінің саралау пайдаланылады.

Саралау есебі : мұңсыз кадрлармен лайықты мамандықтың, кәсіптердің және квалиффикацилық, еңбектің үдерісінің, жұмыстың уақытының және өнімділік еңбектің жинақтаушы көрсеткішінің игерушілік механизациясының барлы

Персоналдың бір жұмыскерге орта шығатын санын анықтап, кестеде ұсынған деректер кәсіпорының жұмыс еңбек көрсеткіші.

Кесте 1 – Бастапқы деректер персоналдың санының есебі үшін

Ауысудың саны

1 жұмыскердің уақыт фонды

Негізгі жұмысшылардың орныдалатын коэф-т нормасы

Бір жылдық шығарылым

Еңбек сыйымдылығы, сағ-адам

НЗП қалдығының өзгерісі

Бас-аяқсыз өнімнің еңбек сыйымдылығы

Қызмет көрсету жұмыскерлерінің саны

Қызмет көрсету жұмыс орнының нормасы

 

А

 

Б

 

  А

 

Б

Слесарь

Электрик

Слесарь

Электрик

2

1820

1,15

4020

2420

  36

46

630

3

100

 90

5

6


 

 

Негізгі жұмыскердің санын  формуламен анықтаймыз

сыйымдылығы өндіріс көлемінің 2 баспагердің * жылында 3 баспагердің еңбек сыйымдылығы НЗП * қалдығының өзгерісі НЗП еңбек сыйымдылығы.

Уақыттың қоры 1 жұм. * Шаманың орындалу коэф-нті

Негізгі жұмыскердің саны (4020 * 36+ 2420 * 46+ 630 * 3) / (1820 * 1,15) = 123 адам

(Слесарь қызметінің саны*ауыстыру  саны/слесарьдің  қызмет көрсету  нормасы)+ (Электрик қызметінің саны/ауыстыру саны/слесарьдің  қызмет көрсету нормасы)* Ауыстыру саны/ қызмет көресету нормасы)

 

Қосалқы персоналдың саны (100 * 2 / 5) + (90 * 2 / 6) = 70 адам

Ср.Выр. = Жылдық шығарылым(А+В) ÷ Негізгі жұмысшының саны

Ср.Выр. = (4020+2420) ÷123 = 52,3

 

Ақырында, негізгі жұмысшының саны 123 адам және қосалқы персоналдың 70 адамнан келді.

 

 

 3.1. Жылдық енбекақы төлеу қорының жұмыс жоспары

Кәсіпорын барлық қызметкеріне енбекақы саны ЕФ көрсетіледі. (енбекақы фонды),кәсіпорынның шығынына кішкене орын алады.

Үлкен мағынада да жұмыстың уақытының қорының игерушілігінің саралау қызметкерлер бар. Жұмыс уақыттын бір неше санатқа бөлуге болады.

- төленбеген  (кешігу  және кыдыру т.б,  жұмыс күннің  әдеттегі кесте уақытымен орындағаны.Барлық  жұмыс уақытын бірнеше категорияға  бөлуге болады.

- емесадалда- оплаченное (уақыттан  тыс, жыл сайынғы демалыс ақы, мезгілді емес еңбекшілдігі және  т.б.);

Кәсіпорынның айтылмыш жұмыскерінің байқауы орта табысы, оның өзгерісінің туралы оның деңгейін айқындайтын фактор. Сол себептен кейінгі саралау бір жұмыскердің орта жалақысының өзгерісінің себебінің байқауына деген оқтаулы санатқа және кәсіптерге,  кәсіпорынға  болу керек. Бұл ретте ескеру қажет, орта енбекақы төлем ылғи жұмысшы үшін жылдын күннің санынан деген тәуелді болады, жұмыстың ауысуының жәнеорта сағаттық жалақының ұзақтырады.

Осы фактор ықпалының есебі орта деңгейінің өзгерісіне жалақының  жұмыскердің санаттарының абсолютті мен әдістің көмегіммен  жүзеге асады.

Жұмысшылар дәрежелер бойынша жылдық орта мөлшерде еңбекақыларға деңгейге өзгеріске бұл факторлардың ықпалдар есеп айырысуы абсолютті айырмашылықтардан қабылдаудан көмекпен іске асып жатыр.

Сонымен бірге талдау процессінде  орташа еңбек төлемнің өсу екпіндерімен және еңбектің өнімділікпен арасында сәйкестік орнату керек. Атап өткендей, ұлғаймалы орнын толтыру және қажетті пайда мен табыстылық алу үшін еңбектің өнімділіктерінің өсу екпіндері оның төлеудің өсу екпіндері озу  маңызды. Егер бұл қағида сақталмаса, өнімнің өзіндік құны,  еңбекақылар қордың жоғарылатуы  және пайданың сомаларының кішірейтуі болады.

Еңбекке төлеуге құралдар тиімділік баға қолданылуы үшін жұмыс істейтін бағаларда жалпы, тауарлық өнімдер көлем, теңге еңбекақыларға пайдалар сомасы сияқты көрсеткіштер қолдану қажетті. Талдау процессінде бұл көрсеткіштердің динамикасын,  олардың деңгейі бойынша жоспардың орындауын талқылау керек. Қандай кәсіпорын көп тиімді жұмыс істейтінін көрсететін межзаводской салыстырмалы талдау өте пайдалы болып жатыр.

Еңбек төлемдер құрамына кәсіпорынмен, мекемемен, ұйыммен есептелінген, пайдаланылған және пайдаланылмаған уақыт үшін ақшалай және табиғи формаларда еңбектің төлеулердің сомалары, ақы және үстеме, жұмыстың тәртібімен және еңбектің шарттармен сабақтас өтемақы төлем, сый ақы және бір-ақ рет мадақтау төлем, сонымен бірге жүйелі сипат алып жүрген қоректенуге, тұрғын ұйға, отынға төлемдер кіреді.

Жыл сайын және қосымша демалыстардың артына есептеған соманы, есеп беру айда демалыстарға күндерге келетін сомада тек қана есеп беру айға еңбек төлемдерге қорға қосып жатыр.

Еңбек төлем қор есеп айырысу үшін бастапқы мәндер 2 кестеде көрсетілген.

 

 

 

Кесте 2 – Еңбек төлем қор есеп айырысу үшін бастапқы мәндер.

Негізгі жұмыскерлердің орташа сағаттағы тарифті жалаки,  тенге

Қосымша жұмыскерлердің орташа сағаттағы тарифті жалаки,  тенге

Негізгі жұмыскерлердің  жоспарлы тапсырманы 100% орындауда сый ақының пайызы

Қосымша жұмыскерлердің  жоспарлы тапсырманы 100% орындауда сый ақының пайызы

360

310

20

10


 

 

 

Негізгі жұмыскерлердің  еңбек төлемдер қорын  осы формула бойынша есептейміз:

 

НегізЕТҚ. = Орташа сағаттағы тарифті жалаки * Қиындық + Сый ақы

 

Негіз ЕТҚ. = 380 * (4020 * 36 + 2420 * 46) + (380 * (4020 * 36 + 2420 * 46) * 0,25) = 48647600 тенге

 

Қосымша жұмыскерлердің  еңбек төлемдер қорын  осы формула бойынша есептейміз Фонд заработной платы вспомогательных рабочих рассчитаем по формуле:

Қосым ЕТҚ. = Орташа сағаттағы тарифті жалаки * Жұмыскердің жоспарлы уақыттың қоры * Қосалқы жұмыскерлердің саны + Сыйақы

 

Қосым ЕТҚ. = (340 * 1820 * 70) + (340 * 1820 * 70* 0,1) = 47647600 тенге