Тәрбие әдістері. 2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  ИНСТИТУТЫ

«МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР» КОЛЛЕДЖІ

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТӘРБИЕ ӘДІСТЕРІ

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған: У. Жақсыбаева

Қабылдаған: М.Нурабаева

 

 

 

 

 

 

 

 

Тараз 2013

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ.........................................................................................................3

ТӘРБИЕ  ӘДІСТЕРІ.

1.1ТӘРБИЕ  ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ ЖӨНІНДЕ ТҮСІНІК.....................................................................................................4-6

1.2.ТӘРБИЕ  ӘДІСТЕРІНІҢ ЖІКТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ. .......................6-14

2. ТӘРБИЕ ӘДІСІНІҢ МӘНІ  МЕН БӨЛІНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1.КОЛЕКТИВТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ  ЖӘНЕ  ӨЗІН-ӨЗІ БАЙКАУ , БАҚЫЛАУ  ӘДІСТЕРІ.......................................................................... 15-17

2.2.СЕНДІРУ ӘДІСТЕРІ........................................................................17-19

2.3.ЫНТАЛАНДЫРУ ӘДІСІ................................................................19-25

2.4.ЖЕКЕ АДАМНЫҢ САНАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ӘДІСТЕРІ................................................................................................25-32

3. ҚОРТЫНДЫ............................................................................................33

4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.........................................................34


 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Тәрбие әдісі (гректің "методос" — жол деген сөз) — бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылған мақсаттарға  қол жеткізу үшін пайдаланылатын жол, тәсілдер - тәрбиелеу саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары.Тәрбие әдістері — ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым-қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы. Ол балалардың тіршілік, әрекет, қарым-қатынастарын ұйымдастырып, белсенділігін арттырып, тәртіпке келтіруді көздейді. Тәрбие әдістерінде тәрбиешінің тұлғалық ерекшелігі, кәсіптік  құзыр деңгейі айқындалады.

Қазіргі педагогикалық теорияда «Тәрбие әдісі» ұғымы әлі де жете зсрттелмеген мәселелердің бірі.Өйткені  бұл жөнінде әр түрлі көзқарастардың бар екені байқалуда. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне берген анықтамаларының өзі-ақ дәлел бола алады. Т.Е.Конникованың анықтамасы бойынша  — бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету. И.С.Марьенконың  анықтамасы бойынша, тәрбие әдісі —  бұл жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау. В.А.Сластенин  тәрбие әдісін тәрбиешілері мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері  деп тұжырымдайды.

Сонымен, әр түрлі авторлардың  анықтамаларына сүйеніп, мынадай қортынды жасауға болады. Тәрбие әдісі –  тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байлайыс іс-әрекеттерінде  оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің  қалыптасуына бағытталған педагогикалық  жұмыс тәсілдері. Мұндай анықтама ынтымақтастық  педагогика талабына сәйкес келеді. Ынтымақтастық  педагогика мұғалім мен балалардың, бірлесу еңбегіне сүйеніп, оларды қуаныш сезіміне бөлейді,табысқа жеткізеді.

 

1. ТӘРБИЕ  ӘДІСТЕРІ .

1.1ТӘРБИЕ  ӘДІСТЕРІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ ЖӨНІНДЕ ТҮСІНІК.

Тəрбие əдістері –бұл тəрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары, тəсілдері. Мектеп тəжірибесіне орай əдістердің жəне бір анықтамасы – қажетті  сапаларды қалыптастыру мақсатымен тəрбиеленушілердің санасына, еркіне, сезіміне жəне қылық-əрекетіне ықпал  жасау тəсілдері.

Əдістер түрі сан-алуан да шексіз көп. Ал оның нақты көрінуі  өз шəкірттерінің білімдік күш-қуаты  мен жалпы мүмкіндіктерін жете танып, оларды өтілетін материал сипатына байланыстырып  жəне басқа да көп оқу жағдаяттарын зерделі саралай білген педагог  əрекетіне тəуелді. Қай тұлға, қанша  тұлға араласса, əдіс формасы да сондай əрі сонша – бұл заңдылық. Əлбетте, əдістердің бəрі бірдей тиімді деп айту қиын. Ол үшін сол əдістің  түзілу, қолдану жағдайларын білу қажет. Нақты мақсатқа байланысты дайындалған  көп əдістердің ішінен біреуі ғана тиімді болуы мүмкін. Тəрбие тəжірибесі алдымен ежелден келе жатқан дəстүрлі əдістерге арқа сүйегенді тəуір  көреді. Алайда, көптеген жағдайларда  олардың да тиімсіз болып қалатыны бар, сондықтан да тəрбиеші əрдайым  тəрбиенің нақты шарттарына сай  келер көздеген мақсатқа үлкен үнем жəне мол табыспен , жылдам жеткізетін жаңа əдістерді іздестіруге мəжбүр. Тəрбие əдістерін құрастыру, таңдау жəне дұрыс қолдану – педагогикалық  шеберлік шыңы.

Тəрбие тəсілі – жалпы  əдіс бөлігі, нақты жақсаруға жеткізетін жеке əрекет. Көркемдеп айтатын болсақ, тəсіл- тəрбиешінің өз шəкірттерімен бірге мақсатқа тезірек жету үшін таптап өткен соқпағы. Егер осы тəсілмен басқа да тəрбиешілер пайдалана бастаса, тəсілдер уақыт озуымен даңғыл жолға - əдістерге айналады. Əдістер мен тəсілдер байланысының тығыз екені осыдан көрінеді.

Тəрбие құрал-жабдықтары. Тəрбие жеке ықпалдарды байқатса, құрал-жабдықтар  тəсілдердің жиынтығынан құралады. Мысалы, еңбек –тəрбие құралы, ал көрсету, еңбекті бағалау, жұмыс қателігін білдіру –тəсілдер. Сөз (кең мағынада) – тəрбие жабдығы, ал ілікпе сөз, əзіл ескертпе, ескертпе теңеу – осы жабдық құрамындағы тəсіл. Бұл тұрғыдан кейде тəрбие əдісін көзделген мақсат үшін қолданылатын тəсілдер мен құрал-жабдықтар жүйесі деп те атайды.

Əдіс баламалары өте көп. Олар арасынан мақсаттар мен нақты  жағдайларға сай келетіндерін таңдап алу үшін оларды қандай да бір ретке  келтіріп, топтастыру, яғни классификациялау қажет. Əдістер классификациясы  дегеніміз қандай да белгісі бойынша  бір топқа келтірілген əдістер  жүйесі. Осы классификацияға арқа сүйеп, педагог барша жүйені анық білуімен бірге оның қажеті мен өзіне  тəн сипаттарын тереңірек түсінеді. 
Тəрбие əдісі- көп өлшемді құбылыс, оның жүйелесуіне негіз болар белгілер сан-алуан. Солар арасында аса танымал болғандарын атап өтейік. Сипаты бойынша əдістер – сендіру, жаттықтыру, мадақтау жəне жазалау. Мұндағы «сипат» мəні – əдістің бағыт-бағдарын, қолдану аймағын, ерекшеліктерін жəне т.б. білдіреді.

Қарым-қатынас тәсілі (коммуникативтік  тәсіл) - балалар мен ересектердің іс-қызмет кезіндегі қатынасына негізделіп, оқушылардың қоғамдық мінез-құлық  нормаларын игеруіне көмектеседі. Оқушылар тәртіп ережелері жөніндегі ақпаратты  топта, сыныпта, мектепте құрастырып, оны  төменгі және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар, ересек адамдар  арасында жетілдіреді.

Бағалау тәсілі көмегімен  мектеп оқушылары адамдардық кимыл-әрекеттерін, көзқарастарын, сенімдерін, тәртіп бағыттарын айқындауға, негіздеуге, өз іс-қызметін, оқу мен еңбектегі жетістіктерін, адамгершілік сапаларын өздері бағалауға  үйренеді. Оқушы іс-қызметтің адамгершілік жақтарын бағалауға жаттығады. Мұғалім  бағалауды, өзіне-өзі баға беруді қалыптастырып қамқорлық жасайды. Баға беру алынған білімді жеке тәжірибемен байланыстырып, оған жаңа қасиет береді.

 

1.2.ТӘРБИЕ  ӘДІСТЕРІНІҢ ЖІКТЕУ ҚҰРАЛДАРЫ.

Тәрбие құралдары дегеніміз - оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар.

Мектеп пен жанұяның педагогикалық  процесінде оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру жүзеге асады. Педагогикалық  процесті сауатты ұйымдастыру үшін мұғалім оның теориялық негіздерін түсініп, оның мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын, құралдары, формалары жэне әдістерін, тәсілдерін ажырата білуі  керек. Құралдары формалар мен әдістер педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекетінің қозғаушы күші болып табылады, соның арқасында жеке тұлғаның қалыптасуы жүзеге асады (Н. Д.Хмель).

Материалистік диалектика адам табиғатын биологиялык пен әлеуметтіктің (тұқымқалаушылық мүмкіндіктер мен  әлеуметтік ортаның) бірлігі деп  түсіндіреді. Адам, басқа да тіршілік иесі сияқты, табиғат және қоғаммен өзара әрекеттестікте болады, оларды өзінше қабылдайды, яғни осы әрекеттестіктің  белсенді қатысушысы. Қоршаған дүниені өзгерте отырып, адам өзін де өзгертеді (К. Маркс). Бұл ретте әр түрлі іс-әрекеттің орны ерекше. Адамның психикасы мен санасы қоршаған ортамен әрекеттестігі арқасында және нақты бір іс-әрекет барысында дамиды. Бұл ретте индивидумның іс-әрекеті жеке дара емес, басқа адамдардың (ата-ана, мұғалімдер, оқушылар т.б.) іс-әрекетімен тығыз байланыста жүзеге асады. Сондықтан жалпы адамзаттық мәдениетті игеру үшін бала қоршаған ортамен басқа адамдар арқылы әрекеттестікте болуы керек, яғни олармен қарым-қатынас жасауы қажет. Осылайша, іс-әрекет пен қарым-қатынас жеке тұлғаның қалыптасуының ең маңызды шарты болып табылады. Педагогикалық ықпал етудің амалдары да осылар. Педагогикалық ықпал ету тәсілдері дегеніміз жеке тұлғанын қоршаған ортамен мақсатты әрекеттестігін ұйымдастыруға жағдай жасау. Сондықтан педагогикалық құралға жеке тұлғаның әрекеттестік жасайтын ортасы (табиғи, әлеуметтік, материалдызқ, рухани) және осы әрекеттестікті ұйымдастыратын іс-әрекеттің түрлері (қарым-қатынас, таным, ойын, еңбек, т.б.) жатады. 
Педагогикалық құралға қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері-әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған, белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады.

Педагогикалық процестің  ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады:

- қатысушылар құрамы (жеке  даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық,  жаппай);

- тұтас педагогикалық  процестің оқу жұмысында қолданылуы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия);

- таным іс-әрекетінің  сыныпта және сыныптан тыс  уақыттағы байланысы (бірлесіп  жасайтын жұмыс, аз топпен жұмыс,  білімді тексеру, оқу жағдайындағы кездесу т.б.)

- оқушылардың сыныптан  тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара  әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік  кеш, конференция, олимпиада т.б.).

Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер  мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады. Тәрбие әдістері дегеніміз  тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған  тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәсілдері мен нақты әрекеттері, оқушылардың белсенді іс-әрекетінің ынталануы тәрбие мақсатына бағытталуы керек. Тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл дегеніміз әдістің жеке көрінісі. Әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады. 
Формалар, әдістер, тәсілдер сияқты ұғымдар шынайы педагогикалық процесте өзара тығыз байланыста болады. Біріншіден, олар бір-біріне тәуелді (формалар мен әдістер, әдістемелік тәсілдер құралдар арқылы жүзеге асады); екіншіден, күнделікті тәжірибеде олардың арасында белгілі бір айырмашылық жоқ. Тәрбие әдістері мен тәсілдері әрқашан бірін-бірі алмастырып отырады: кей жағдайларда әдіс тәсілге айналады.

Сабақ – оқуды ұйымдастырудың басты формасы. Соңғы жылдардағы педагогикалық технологиялардың дамуы  оқыту формаларын айтарлықтай байытуда: конференциялар, ғылыми айтыстар, оқуға  байланысты кездесулер, пікірталастар  көңінен қолданылуда.

Оқушылардың сыныптан тыс  іс-әрекетін ұйымдастыруда оқыту  мен тәрбиенің барлық амалдары, формалары  мен әдістері қолданьшуда. Алайда, бұл  ретте іс-әрекеттің барлық түрлері  кеңінен қолданылады.Іс-әрекеттің барлық түрлері қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Бұл іс-әрекеттер барысында мұғалім оқушылардың санасы, сезімі мен ерік-жігерінің қалыптасуына, олардың мінез-құлқы мен тіршілік әрекетін ұйымдастыруға әсер ететін тәрбие әдістерін қолданады. Тәрбие әдістері, әсіресе ынталандыру әдістері, сыныптан тыс жұмыспен қоса оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда да кеңінен қолданылады. Олар оқушылардың танымдық тілек-қалаулары мен қажеттіліктерінің дамуына әсер етеді. Оқыту әдістері ақпаратты игеруге, жалпы оқу және арнайы сипаттағы білік пен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.Оқыту мен тәрбие әдістері, өзінің арнайы қызметтері бола тұра, тұтас педагогикалық процесте бірлікте қолданылады.Қазіргі педагогикалық теорияда «Тәрбие әдісі» ұғымы әлі де жете зсрттелмеген мәселелердің бірі. Өйткені бұл жөнінде әр түрлі көзқарастардың бар екені байқалуда. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне берген анықтамаларының өзі-ақ дәлел бола алады. Т.Е.Конникованың анықтамасы бойынша — бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету. И.С.Марьенконың анықтамасы бойынша, тәрбие әдісі — бұл жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау. В.А.Сластенин тәрбие әдісін тәрбиешілері мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды.

Тәрбие әдіс ұғымы туралы мұнан басқа да бірсыпыра анықтамалар  бар. Осы анықтамаларға қарағанда  шамасы әрбір автор тәрбие әдісі  туралы ұғымды өзінің зерттеу жұмысының  нәтижссіне сүйеніп түсіндіретін сияқты. Бірақ, біздің байқауымызша, әр түрлі  анықтамалар бір мақсатты көздейді, демек, бұл сананың дамуына, баланың  мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасуына әдістің тәрбиеелік ықпал жасауы. 
Сонымен, әр түрлі авторлардың анықтамаларына сүйеніп, мынадай қортынды жасауға болады. Тәрбие әдісі – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байлайыс іс-әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. Мұндай анықтама ынтымақтастық педагогика талабына сәйкес келеді. Ынтымақтастық педагогика мұғалім мен балалардың, бірлесу еңбегіне сүйеніп, оларды қуаныш сезіміне бөлейді, табысқа жеткізеді.Тәрбие жұмыстарының әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және мазмұнына, балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, олардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты. Тәрбие әдістері тәрбие жұмысының мақсаттары және мазмұны анықталады, ал мақсат әдістің бас критерийі.Барлық әдістер тәрбие мақсаттарын іске асыруға, оқушыларды мінез-құлықтың қоғамдық нормасына үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға және олардың іс-әрекеттерінінде құнды тәжірибелерін пайдалануға бағытталуы қажет.

Әдістерді іске асыру барысында  тәрбиеші оқушыларға педагогикалық  ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралдарын да қолданады.  
Тәсіл әдістің құрамды бөліктері, әрбір әдістің тәсілдері болады. Мысалы, үйрету мен жаттықтыру әдістерінің тәсілді нұсқау, көрсету, машықтандыру, тапсырма т.б. Нақты тәрбие барысында әдістер мен тәсілдер арасында нақты шекара жоқ, ол құбылмалы, жылжымалы болады.  
Тәрбие құралдарына іс-әрекеттерінің түрлері, көрнекі құралдар, көптеген коммуникация құралдары, педагогикалық ықпал жасау құралдары жатады. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін осы құралдарды тиімді пайдалану қажет.  
Оқушы тұлғасы қалыптасуының басқарылуын қамтамасыз ету — тәрбиенің негізі құралдарын толық және тиімді пайдална білу. А.С.Макаренко өз тәжірибесінде тәрбиедегі шешуші роль атқаратын нәрсе оқшауланған құралдар емес, керісінші олардың үйлесімді құрылған жүйесі екенін дұрыс көрсеткен еді. Адам еңбектің, танымның, қарым-қатынастың субъектісі ретінді іс-әрекет барысында қалыптасады. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылса, тұлғасы қалыптасып келе жатқан адамның негізгі іс-әрекет түрлері құралдары болып табылады.Тәрбие әдістерін жіктеу, оған әр түрлі көзқарас тұрғысынан қарау.

Белгілі орыс педагогтары  тәрбие әдістерін жасау үшін 40- жылдардың  соңында 50-жылдардың басында көп  күш салды. Тәрбие әдістері проблемасын  шешуде зор үлес қосқан педагогтар Н.К.Гончаров, Т.Е.Конникова, И.Т.Огородинков, Н.И.Болдырев, И.С.Марьенко, Г.И.Щукина, В.А.Сластенин т. б. 60-жылдардың екінші жартысынан бастап педагогикалық іс-әрекеттерін жіктеуде «Советская педагогика» журналының беттерінде бірнеше талас пікірлер айтылып келді. Қазіргі кезде тәрбие әдістерін жіктеудің ІІ-ден астам түрлері бар. Солардың ішінде Т.Е. Конникова, Г.И.Щукина және С.В.Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылып келеді.Герцен атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдары (Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина) жасаған тәрбие әдістерін жіктеу 3 топқа бөлінеді.

Бірінші топ - тәрбиеленушілердің іс-әрекеттеріндегі, қарым-қатынасындағы, мінез-құлқындағы жағымды тәжірибені қалптастыру әдістері: талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтығу, арнайы тәрбиелік ситуация.

Талап - мінез-құлық, нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Талаптың ынталандыру және тежелеу функциялары бар. Ынталандыру  функциясы - бұл жұмысты бастау және аяқтау. Тежелеу - басқа адамдардың жұмысына кесел келтіретін әрекетті тоқтату. 
Қоғамдық пікір - бұл ұжымдық талаптың бейнеленуі, ал талап — нақты міндет, оны іс-әрекеті процесінде орындау қажет.

Үйрету әдісі баланың орындағыштық, сыпайылық (инабаттылық), мұқияттылық, табандылық сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Балалардың өмір тәжірибесі кеңейіп, санасы дамыған сайын, үйрету әдісі өзінің алғашқы маңызын жойып, басқа әдістермен бірігеді. Мысалы, бұл әдіске өте жақын жаттықтыру әдісі.

Жаттықтыру әдісі—бұл әр түрлі ситуацияда оқушылардың моральдық тапсырмаларды орындауы. Жаттықтыру әдісінің, ұжымының мүддесімен, талаптарымен қабысуы қажет. Мысалы, кез-келген тәрбиелік шараларды мезгілінде бастау оқушыларды тәртіптілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Оқушылардың өндірістік бригадалары, шефке алу жұмыстары оқушыларды борыштық сезімге, жауапкершілікке жаттықтырады.

Әрбір әдістің мақсаты  мен мазмұны педагогикалық оқу  құралдарында жақсы жазылған. Сондықтан  мысал ретінде тек қана әңгіме және пікірталас әдістеріне тоқталамыз. Әңгіме — бұл балалардың санасын қалыптастыру әдістерінің бірі. Балалар әңгіме әдісінде саяси, этикалық, эстетикалық мәселелерді талдауға белсене қатысады, олардан тиісті қорытынды шығару үшін ойланады, ақылға салып түсінеді. Әңгімі әдісі кез-келген мәселеде ұқыпты дайындықты талап етеді. Әңгіме әдісін іске асыру үшін мыналарды ескеру керек:

1. Тақырыптың көкейтестілігі, яғни өмірге қажеттілігі балалардың мүддесіне жауап беруі тиіс.

2.Әңгіменің мазмұны балалардың  жас ерекшеліктеріне сәйкес баяндалуы  қажет.

3. Әңгіменің тақырыбына  сәйкес техникалық құралдарды тиімді пайдаланған жөн.

4. Оқушылар үшін әңгіме  тартымды, қызықты болуы керек:  жаңалық, оқушыларды зеріктіретін  артық сөздерден аулақ болу, бір  нәрсен қайталай беру наразылық туғызады.

Пікір талас — бұл жоғары сынып оқушыларының байымдауын, баға беруін, сенімін қалыптастыру әдісі. Пікірталаста тақырып бойынша оқушы  өзінің көзқарасын, ойын дәлелдейді. Сонымен  бірге басқаның пікірін тыңдауға үйренеді, келісу немесе таласу пікірлер де пайда болады. Пікірталасқа мұғалім  де, оқушылар да дайындалады. Оның тақырыбы және тұрақтары күні бұрын хабарландырылады. Пікірталас оқушыларды қателіктер мен жалған көзқарастармен күресуге үйретеді. Пікірталастың құндылығы сонда ол оқушылардың ойлану сезімін оятады, талаптандырады, ал бұл дұрыс идеяларды ұстауға, қателіктерден бас тартуға мүмкіншілік береді. Пікірталастың сонында басқарушы оқушылардың жауабын жинақтайды, талдайды, баға береді, қорытады.

Мектеп өмірінде В.А.Сластенин  жасаған тәрбие әдістерінің жіктеуі  ойдағыдай қолданылуда. Бұл жіктеуде тәрбие әдістерініц 4 тобы қарастырылады.

Бірінші топ. Жеке адамның  санасын қалыптастыру әдістері: әңгіме, лекция, пікірталас, өнеге.

Екінші топ. Қоғамдық мінез-құлық  тәжірибесін қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері: педагогикалық  талап, қоғамдық пікір, тапсырма, жаттықтыру, тәрбиелеуші ситуация.

Үшінші топ. Іс-әрекетін және мінез-құлықты ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау.

Төртінші топ. Бақылау, өзін-өзі  бақылау және тәрбиеде өзіне өзі  баға беру әдістері: педагогикалық  бақылау, әңгіме, сұрау  қоғамдық пайдалы  іс-әрекеттерінің нәтижелерін талдау, балалар ұйымдарының тапсырмаларын орындау.

Жазалау — бұл балаға қоғамдық талап қою, оның мінез құлқында байқалатын теріс қылықтарды тежеу тәсілдері. Жазалауда жабырқанқылық болмайды, ол болған қателікке қайғыру дейді А.С.Макаренко. Жазалау үшін оның шындығын толық білу, сонымен бірге ұжым пікірі жазалау жағында болғанда ғана баланы жазалауға болады. Күдіктеніп немесе ұжымның пікірсіз жазалауға болмайды. Жазалауда жеке адамның абыройын төгіп, балағаттау, қорлау ешқандай моральдық нормаға сыймайды. 
IV топтағы әдістердің ішінде педагогикалық бақылау және психологиялық сұрақтарды еске алған жөн. Педагогикалық бақылаудың бірнеше түрлері бар. Олар: тікелей бақылау, ашық бақылау, жасырын бақылау, қысқа мерзімді бақылау; ұзақ мерзімді бақылау т. б.

Тікелей бақылау зерттеуші  мен объект арасындағы бақылау арқылы тікелей байланыс, қатынас.

Ашық бақылауды қатысушылар  біледі. Жасырын бақылауды телидидардан, жасырын дыбыс жазу, арақашықтық (дистанциялық) бақылау үшін тура микрофон байланысы көмегімен жүргізуге  болады. 
Қыска мерзімде бақылау сабақ, үзіліс және бүтін жұмыс күні барысында жүргізіледі.

Ұзақ мерзімді бақылау  оқу тоқсанынын және жыл бойында  жүргізіледі.  
Жеке адамның тәрбиелілігін зерттеуде бақылау әдісін қолдану үшін нақты бағдарлама жасалады. Осыған орай, фактыларды жазу жүйесін ойластыру, оларды бақылау күнделігіне, бақылау картасына жазып отыру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.ТӘРБИЕ ӘДІСНІҢ МӘНІ МЕН БӨЛІНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

2.1.КОЛЛЕКТИВТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАЙҚАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ ӘДІСТЕРІ.

 Ұйымдастырылған кәсіпкерлік  ұжым мен мүшелерінің тәрбиенің  жоғарғы деңгейі мен қарым  – қатынас мәдениетін анықтайды.  Осыған орай келесі әдіс түрлерін  көрсетуге болады: дисциплина (пән,тәртіп), өз-өзіне қызмет көрсету, жарыс және өзін-өзі басқару.

Дисциплина – бұл ұжым мүшесінің қарым-қатынас мәдениетін қамтитын тәрбие әдісі. Сондай-ақ, ол ішкі тәрбие ережелері мен пайдалы  дәстүр мен жақсы мінездердің  қалыптасуына және олардың бір-біріне деген тең дәрежедегі талабы ретінде ұсынылуы қамтылады. Өз-өзіне қызмет көрсету – ұжым еңбегі мен өмірінің ұжымдық шарттарының пайда болуын көздейді. Қазіргі қоғамда өзіне қызмет ету өмір сүру нормасына айналды. Кәсіпкерлер ұжымы мен оқушылар ұжымында өзіне қызмет көрсету мекеме мен жұмыс орнын жинастырудан бастап, оны безендіру дейін жетеді .Өзіне қызмет көрсетуге ұжымның барлық мүшелерінің қатысуы маңызды болып табылады. Өзі - өзіне қызмет көрсету мен оның рационализациясының ұжымдық нормалары педагогтардың бақылауын алатын басты пәнге айналады. Ол қажетті материалдар мен қ ұралдармен қамтамассыздандыру сияқты дайындықты, қызметтердің бөлмесін жұмыс істеуді анықтайтын нақты кестені көрсетеді. Жарыс - жеке және ұжымдық еңбекті ынталандырады және оның қатысушыларының қызғаныштық қатынасын қамтиды. Бұл жерде бірлескен ұжымның нәтижелерді салыстыру мен тіркеу маңызды рол атқарады, сондықтан қатысушыларды ынталандыру, оның ішіндегі жеңімпаздарды ынталандыру да ең маңызды ролді иеленген. Жарысты тәрбиенің нәтижелі тәсіліне айналдыру үшін оның шарттарын орындау қажет.

Біріншіден, ұйымның ұжымдық  талпынысы шынайы төгіліп тұруы  қажет және өндіру мен оқыту қажеттілігімен бекуі керек.

Екіншіден, жарыс шарттарын  орындаушы педагогтар мен өзін-өзі  басқарудың мүшелері сияқты жағдай мен  нақты өзекті тапсырмалардың шығуы  керек.

 Үшіншіден, жарыстың  негізін ұйымдастырушылық нәтижелердің  тікелей тіркелуінен құрылуы  тиіс, екінші формалдық көрсеткіштерден емес. Өзін-өзі басқару – жауапкершілік пен ұйымдастырушылықты қамтамассыз етеді. Бірақ, оның шарттары: ұжым жұмысын басқаруға жұмысқа қабілетті және нақты құқықтары мен мүмкіндіктері анықталады. Органдардың қатысуы қажет. Нақты ұжымда өзін басқару құрылысы үш түрлі фактормен анықталады: коллектив құрылымы, оның өмір сүру мазмұны, оның мүшелерінің ұйымдастырушылық қабілетімен анықталады. Басқару – бұл күрделі әлеуметтік функция . Ол табысты болуы үшін барлық ұжым мүшелерін жүйелі және бірізді қабілетпен және ұйымдастырушылық икемділігін қаруландыру керек. Сондай-ақ, тіркеу мен бақылауды ұйымдастыруға, жоспарлауға, ұйымдастырылған кеңес пен жиналыстардың өткізуіне есеп беру формасы мен нұсқауды жүргізуге үйрету керек.

Тәрбие әдістерінің ықпалын, оның сапасын және нәтижесін анықтау  және талдау үшін мінез-құлық пен  іс-әрекетке бақылау жасау, адамның  өзін-өзі бақылауы және өзіне-өзі  баға беру әдістері қолданады.Өзін-өзі  байқау және бақылау әдістері тобындағы  әдістің бірі -тәрбиелейтін жағдаят  туғызу әдісі. Тұтас педагогикалық  процесте жеке адам ең алдымен әр түрлі  әрекеттер барысында қалыптасып дамиды. Сондықтан баланың өмірін, қоршаған ортаға деген қарым-қатынасын  ұйымдастыру ісі белгілі міндетті шешуге барынша жауап беретіндей ұйымдастырылуы керек.Тәрбие жұмысының нәтижелерін оқушылардың мінез-құлқы мен іс-әрекетін, өзін-өзі тәрбиелеуін педагогикалық бақылау жүргізу арқылы білуге болады. Педагогикалық бақылау әдісі тәрбиелілікті анықтауға арналған. Ауызша және жазбаша сауалнама, тестілер, тәрбиелік мақсат көзделген шығармалар, оқушыларды өзін-өзі сендіруге үйрету, оқушылардың барлық іс-әрекетіне талдау жасау қорытынды шығару әдістері - баланың өзіндік педагогикалық психологиялық ерекшеліктерін тану-дамыту мақсатында кеңінен қолданылуда.Тәрбие әдістерін дұрыс таңдау және оларды тиімді пайдалануТәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық жағдаяттарға тәуелді.

2.2. СЕНДІРУ ӘДІСТЕРІ.

Сендіру әдістері – конференция, дискуссия, ағарту істеріне қатысушы болашақ мамандардың гуманитарлық көзқарасы мен жеке пікірлеріне негізделеді. Сендіру бір ұғымның саналы дәлелі мен өнегелі позициясын және орын алған жағдайда бағалауды болжайды. Айтылғандардың шын екендігіне көз жеткізсек оқушы өзінің әлемге, қоғамға, әлеуметке деген көзқарасын қалыптастырады. Сендіру де тәрбие әдістері тәрбие түрлерінің формалары арқылы жүзеге асады. Сендіру көркемдік шығармаларды үздікті оқу, әртүрлі пікір-талас жүргізу формаларынан тұрады. Сендіру өзін - өзін тәрбиелеу әдісі болып табылады. Сендіру өзін сендірумен тығыз байланысты және бұл тәрбиеленушілердің әлеуметтік проблемасын қабылдауға саналы, өз шешімімен жеке көзқарасын қалыптастырады. Осы құрылым негізінде талқылау мен қорытындылау жатады.

Ақпарат – тәрбиеленушілердің белгілі бір мағұлыматтарымен қамту. Бұл әдісті бастапқы деп санауға  болады, себебі ол жаңа идея, теория, ереже, тәрбие мазмұнын құраушы басқа ақпараттармен алғаш танысуда қолданылады.

Ақпарат әдісін қолданудың ең басты тәсілі педагогтың жеке мысалы мен өз сөзі болып табылады. Сондықтан  әңгіме, сұхбат, нұсқау, лекция формаларын да қолданады. Мақсатқа лайықты басқа  да адамдардың осы іске деген назарын  бөледі. Олар маңызды оқиға куәгерлері, оқымыстылар, политиктер және қоғам  қайраткерлері т.б.

Іздеу – ақпаратты жинау мен зерттеу құндылықтарының бағдарлануына және өздігінен білім алу процесіне тәрбиелеуді бағдарлайды. Іздену барысында өзін-өзін оқыту мен дағдылану қалыптасады. Іздену түрлері – туристтік-краеведтік жұмысты, туған жерінің атақты адамдарының өмірі туралы ақпарат жинау, яғни биографиялық іздеу болып ажыратылады. Бұлар қазіргі заманғы, тұлғалар болуымен қатар тарихи тұлғалар болуы да мүмкін. Бұл өте күрделі тәсіл бола келе әдеттің негізін қалаушылар туралы конспектілеуді жиналған деректі сұрыптауды, видиофильм жасауды т.б. талап етеді.

Дискуссия – тәрбиеленушілердің пікір алмасуына және өнегелік –  этикалық ойларының дамуына, сондай-ақ , сынай білуге, сынды қабылдай білуге, қиын бір жағдайлардан шыға білуге үйретеді. Дискуссия барысында серіктесіңе  адамгершілік көмек беріп, оны демеу, қиын жағдайлардан көңіл бөлу де маңызды  болып табылады. Дискуссия тақырыбының  дамуын, қозғалыс үстінде болуы маңызды  болмақ.

Бірақ бұл зиянсыз сын  мен жалған ұсыныстардың ашылмай қалуына кепіл бола алмайды.. Дискуссия достар, оқушылар мен оқытушы арасындағы сенімділікті нығайтуға, жастар мен қамқоршыларының арасындағы бір-біріне деген сыйластықты күшейтуге, ұжым мүшелерінің жақсылық тілеуін болжайды, көрсетеді.

Жауапты ағарту - өз білімін дәлелдеу қажеттілігіне бағытталып, достарының арасында оқушылырдың білімін дәлелдеудегі оның көзқарасын, сенімін қамтамассыз етеді. Бұл этапта ұжым тәрбие істерінің субъектісіне айналса, педагог , көмекші және консультант қызметін атқару болып табылады. Жауапты ағарту ұжымның тәрбие функциясын күшейтеді және өз білімін басқалармен бөлісуге адамдар санын көбейтеді.

2.3 ЫНТАЛАНДЫРУ ӘДІСІ.

 Ынталандыру әдісі - бұл топ өмір сүруге үйренушілердің құрылымынан тұратын формалдық саласына бағытталады. Ынталандыру әдістері талап, ынталандыру, жазалау, болашақ пен көпшілік пікірлерінен тұрады. Педагогика саласында оның басты компоненті ретінде ынталандыру мен жазалау кең таралған

Тəрбиеленушіні белгілі  іс-əрекетті орындатуға талаптандыру ниетімен қолданылатын əдістер тобында  ынталандырудың орны өз алдына. Бұл  əдістің ежелден-ақ мадақтау мен  жазалау түрі белгілі. XX ғасыр педагогикасы жəне бір өте əсерлі ынталандыру əдісі – жарыстыру əдісін алға тартып отыр. Кейінгі он жылдықта дəстүрлі ықпал əдістеріне қосымша субъектив-прагматикалық əдістің тиімділігі жариялануда. Ғылыми зерттеулер мен практика нақтылағандай, бүгінгі жастардың ерекшелігі - өмірге болған прагматикалық (пайдакүнемдік) қатынасы. Осыдан қазіргі заман оқушысы өзіне, өз жолдастарына тəрбие маған не береді, неге, қай уақытта ол қажет, одан түсер пайда қандай жəне қаншалықты деген сұрақтарды үстемелеп қоятын болды. Осы секілді пайдакүнемдік – прагматикалық бағытты ескере отырып, кейбір шет ел педагогикалық жүйелері тəрбие процесін тəрбиеші мен тəрбиеленуші арасындағы коммерциялық қатынас сипатында бағалайды. Ал мұндай қатынас өзегі – пайда. Əдіс əлі қалыптасып, ресми қабылданған емес, бірақ тұрмыста тəрбиеші мен тəрбиеленушілер арасында түзілетін келісім-шарттар жүйесімен біртіндеп тұрақтануда.Мадақтау – тəрбиеленушілер əрекетіне ұнамды баға беру. Мадақтау ықпалы оқушының ұнамды көңіл-күй сезімін көтеруге негізделген. Осыдан да мадақтау балада өзіне деген сенім орнықтырып, жұмысқа деген жағымды көңіл қатынасын оятады, жауапкершілік арттырады. Мадақтау түрліше орындалуы мүмкін. Олар арасында тəрбие процесінде жиі қолданылатындары – қолдау, қуаттау, алғыс жариялау, құрметті құқықтар беру, мақтау қағаздары мен сыйлықтар беру жəне т.б.

Қарапайымды бола тұра, мадақтау өте жауапкерлі де іс. Мадақ шектен тыс əсіреге айналып кетпей, орынсыз  кем де болмауы керек. Санамен  сарапталмаған əсіре мадақ баланы бұзады. Осыдан мадақтаудың психологиялық  қырлары мен оның салдарын ескерген жөн:

1. Мадақ-марапат сырттай  көзге түсіп, əйгілену ниетімен  емес, мақтаушы мұғалім мен марапатталушы  оқушының, яғни екі тараптың бірдей  жан дүниелік қалауы мен қабылдауынан болуы шарт.