Тәрбие әдістері

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

І ТАРАУ. Тәрбие әдісінің  теориялық мәселелері

1.1.  Тәрбие әдісінің мәні мен  бөліну ерекшеліктері.

1.2.  Тәрбие әдісінің  жаңа  міндеттері

1.3. Қазіргі кездегі  білім беретін орындарындағы тәрбие әдістері.

 

ІІ ТАРАУ.  Қазіргі  жаңа  тәрбие  әдістерін мектепте  қолданылу жолдары.

2.1. Мектепте қолданылатын  жаңа әдіс түрлері.

2.2. Тәрбие әдістерінің қолданылу жолдары.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ.

 

Тақырыптың өзектілігі. Қазiргi кезде жас ұрпақты  тәрбиелеу жолында қолданылатын  тәрбие әдістерінің ерекшеліктерінің мағынасын ажырату. Бұл жөнінде ой-пiкiрлер ғылыми түрде дәлелденген. Осы ретте аса күрделi үдерістерді талдау, тәрбиенің қазiргi әлеуметтiк-мәдени жағдайдағы рөлiн айқындау маңызды. Бұл орайда қат-қабат проблемалардың қордаланып қалғанын ешкiм де жоққа шығара алмайды. Жалпылама дүниетанымдармен қатар жоғалып келген немесе бұрын күштеу нәтижесiнде айрылған аса маңызды қасиеттердiң орнын толтыруда адамның рухани мәдениетiнiң негiзiн қалау тек мектепте тәрбие әдістеріне түрлендіру арқылы ғана жүзеге асырылады.

Озық педагогикалық  ғылымға, адамтануға тығыз байланысты ұлттық, демографиялық, этнопсихологиялық, әлеуметтiк, мәдени және өзге де факторларды  мұқият ескере отырып, бала тәрбиесiн дамытудың жаңа көзқарастарын жасайтын уақыт жеттi. Бұл жерде әңгiме педагогиканың өзiндiк ерекшелiктерi ескерiлуi тиiс, психологиялық және әлеуметтiк-педагогикалық жұмыстың нақты “тәрбиелiк-технологиялық” бағдарламасы жөнiнде болып отыр.

Бұл проблемаларды шешу жолдарын iздестiрудің рухани негiзi мен оның болашақ ұрпақ тәрбиесiндегi рөлiн зерттеуде, сондай-ақ мектеп тәрбиесiн жетiлдiруде педагогикалық шарттарды жүзеге асыруда жатыр.

Курстық жұмыстың мақсаты - тәрбиенің тарихи тәжiрибесi мен ұлттық ерекшелiктерiн теориялық тұрғыдан негіздеп, бала тәрбиесіндегі жаңа тәрбие түрлерін, әдістерін пайдаланудың педагогикалық шарттарын анықтау.

Курстық жұмыстың нысаны –тәрбиенің озық идеялары мен дәстүрлері.

Курстық жұмыстың міндеттері:

1.Тәрбиенің тарихи-педагогикалық аспектілерін анықтау.

2.Қазіргі қазақ отбасында  балаларды тәрбиелеудің ерекшеліктері  мен мүмкіндіктерін ашу.

3.Отбасында оқушыларды  этнопедагогикалық негізде тәрбиелеудің  мазмұнын саралау.

Курстық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері: жеке тұлғаны тәрбиелеуде отбасы мен мектептің және қоғамның байланысына таным теориясы тұрғысынан келу; қазақ этнопедагогикасының тұжырымдары; отбасы тәрбиесінің теориясы; әлеуметтендіру теориясы; этномәдени білім беру теориясы; тәрбие теориясы.

Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша философиялық, этнопсихологиялық, этнопедагогикалық, психологиялық, педагогикалық, тарихи, заң және құқықтық ережелерге, авторлық және оқу-тәрбие бағдарламаларына, әдістемелерге талдау жасау, тиiстi әдебиеттер мен мұрағат мәлiметтерiне теориялық талдау, мектептегi танымдық үдерістерді бақылау, ата-аналар, мұғалiмдер, мектеп оқушылары арасында түрлі сауалнамалар (анкета, әңгiмелесу, сұраққа-жауап, т.б.) жүргiзу, педагогикалық материалдарды саралау, модельдеу, математикалық тұрғыдан өңдеу әдістері қолданылды.

Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен  тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 І ТАРАУ. Тәрбие әдісінің  теориялық мәселелері

1.1.  Тәрбие әдісінің мәні мен  бөліну ерекшеліктері.

 

Тәрбиенің әдістері, тәсілдері  және құралдары туралы ұғым. 
Қазіргі педагогикалық теорияда «Тәрбие әдісі» ұғымы әлі де жете зсрттелмеген мәселелердің бірі. Өйткені бұл жөнінде әр түрлі көзқарастардың бар екені байқалуда. Бұған көптеген авторлардың тәрбие әдісіне берген анықтамаларының өзі-ақ дәлел бола алады. Т.Е.Конникованың анықтамасы бойынша — бұл педагогикалық жұмыстың тәсілдері мен жолдары арқылы тәрбие мақсатына жету. И.С.Марьенконың анықтамасы бойынша, тәрбие әдісі — бұл жеке адамға тікелей және жанама түрде ықпал жасау. В.А.Сластенин тәрбие әдісін тәрбиешілері мен тәрбиеленушілердің іс-әрекетінің өзара байланыс тәсілдері деп тұжырымдайды.

Тәрбие әдісі ұғымы туралы мұнан басқа да бірсыпыра анықтамалар бар. Осы анықтамаларға қарағанда шамасы әрбір автор тәрбие әдісі туралы ұғымды өзінің зерттеу жұмысының нәтижссіне сүйеніп түсіндіретін сияқты. Бірақ, біздің байқауымызша, әр түрлі анықтамалар бір мақсатты көздейді, демек, бұл сананың дамуына, баланың мінез-құлық тәжірибесінің қалыптасуына әдістің тәрбиеелік ықпал жасауы.

Сонымен, әр түрлі авторлардың  анықтамаларына сүйеніп, мынадай қортынды жасауға болады. Тәрбие әдісі – тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байлайыс іс-әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері. Мұндай анықтама ынтымақтастық педагогика талабына сәйкес келеді. Ынтымақтастық педагогика мұғалім мен балалардың, бірлесу еңбегіне сүйеніп, оларды қуаныш сезіміне бөлейді, табысқа жеткізеді. 
Тәрбие жұмыстарының әдістері тәрбиенің мақсатына, принциптеріне және мазмұнына, балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне, олардың тәрбиелік дәрежесіне байланысты. Тәрбие әдістері тәрбие жұмысының мақсаттары және мазмұны анықталады, ал мақсат әдістің бас критерийі. 
Барлық әдістер тәрбие мақсаттарын іске асыруға, оқушыларды мінез-құлықтың қоғамдық нормасына үйретуге, адамдармен қарым-қатынас жасауға және олардың іс-әрекеттерінінде құнды тәжірибелерін пайдалануға бағытталуы қажет.

Әдістерді іске асыру барысында тәрбиеші оқушыларға педагогикалық ықпал жасайтын тәрбиенің тәсілдері мен құралда рын да қолданады.  
Тәсіл әдістің құрамды бөліктері, әрбір әдістің тәсілдері болады. Мысалы, үйрету мен жаттықтыру әдістерінің тәсілді нұсқау, көрсету, машықтандыру, тапсырма т.б. Нақты тәрбие барысында әдістер мен тәсілдер арасында нақты шекара жоқ, ол құбылмалы (өзгергіш), жылжымалы болады.  
Тәрбие құралдарына іс-әрекеттерінің түрлері, көрнекі құралдар, көптеген коммуникация құралдары, педагогикалық ықпал жасау құралдары (мұғалім, ата-ана, ересек адамдардың сөзі, олардың өнегесі т. б.) жатады. Тәрбие мақсаты жемісті болу үшін осы құралдарды тиімді пайдалану қажет.  
Оқушы тұлғасы қалыптасуының басқарылуын қамтамасыз ету — тәрбиенің негізі құралдарын толық және тиімді пайдална білу. А.С.Макаренко өз тәжірибесінде тәрбиедегі шешуші роль атқаратын нәрсе оқшауланған құралдар емес, керісінші олардың үйлесімді құрылған жүйесі екенін дұрыс көрсеткен-ді.

Адам еңбектің, танымның, қарым-қатынастың субъектісі ретінді  іс-әрекет барысында қалыптасады. Педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылса, тұлғасы қалыптасып келе жатқан адамның негізгі іс-әрекет түрлері құралдары болып табылады

Тәрбие әдістерін жіктеу, оған әр түрлі көзқарас тұрғысынан қарау. 
Белгілі орыс педагогтары тәрбие әдістерін жасау үшін 40- жылдардың соңында 50-жылдардың басында көп күш салды. Тәрбие әдістері проблемасын шешуде зор үлес қосқан педагогтар Н.К.Гончаров, Т.Е.Конникова, И.Т.Огородинков, Н.И.Болдырев, И.С.Марьенко, Г.И.Щукина, В.А.Сластенин т. б.

60-жылдардың екінші жартысынан бастап педагогикалық іс-әрекеттерін жіктеуде «Советская педагогика» журналының беттерінде бірнеше талас пікірлер айтылып келді.

Қазіргі кезде тәрбие әдістерін  жіктеудің ІІ-ден астам түрлері  бар. Солардың ішінде Т.Е. Конникова, Г.И.Щукина және С.В.Сластенин жасаған тәрбие әдістері жіктеуінде бірізділік байқалады. Бұл жіктеу мектептерде қолданылып келеді.

Герцен атындағы Санкт-Петербург  мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдары (Т.Е.Конникова, Г.И.Щукина) жасаған  тәрбие әдістерін жіктеу 3 топқа бөлінеді.

Бірінші топ - тәрбиеленушілердің іс-әрекеттеріндегі, қарым-қатынасындағы, мінез-құлқындағы жағымды тәжірибені қалптастыру  әдістері: талап, қоғамдық пікір, үйрету, жаттықтығу, арнайы тәрбиелік ситуация.

Талап - мінез-құлық, нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру. Талаптың ынталандыру және тежелеу функциялары бар. Ынталандыру функциясы - бұл жұмысты бастау және аяқтау. Тежелеу - басқа адамдардың жұмысына кесел келтіретін әрекетті тоқтату. 
Қоғамдық пікір - бұл ұжымдық талаптың бейнеленуі, ал талап — нақты міндет, оны іс-әрекеті процесінде орындау қажет. Ұжым мүшелерінің байымдауы, баға беруі — бұл қоғамдық пікір, ұжымының еркі және күші. Ұжым тәрбие субъектісі, педагогтың тірегі.

Үйрету, жаттықтыру - бұл мінез-құлық нормасына сәйкес оқушыларды қажетті дағдыға, әдетке төселдіру. Тәрбие үйретуден басталады. Мысалы, баланың мезгілімен жатуы, өз мүліктерін, жұмыс орнын тәртіпке келтіріп ұстауы т. б.

Үйрету әдісі баланың орындағыштық, сыпайылық (инабаттылық), мұқияттылық, табандылық сияқты қасиеттерін қалыптастырады. Балалардың өмір тәжірибесі кеңейіп, санасы дамыған сайын, үйрету әдісі өзінің алғашқы маңызын жойып, басқа әдістермен бірігеді. Мысалы, бұл әдіске өте жақын жаттықтыру әдісі.

Жаттықтыру әдісі—бұл әр түрлі ситуацияда оқушылардың моральдық тапсырмаларды орындауы. Жаттықтыру әдісінің, ұжымының мүддесімен, талаптарымен қабысуы қажет. Мысалы, кез-келген тәрбиелік шараларды мезгілінде бастау оқушыларды тәртіптілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Оқушылардың өндірістік бригадалары, шефке алу жұмыстары оқушыларды борыштық сезімге, жауапкершілікке жаттықтырады. 
Үйрету және жаттықтыру әдістерінің тәсілдері: нұсқау көрсету, машықтандыру, тапсырма.

Тәрбиелеуші ситуация жеке адамның  жағымды әрекеттерінің және қылықтарының қалыптасуына ықпал етеді. Бұл әдіс тәрбиешілер және тәрбиеленушілер арасындағы қарым-қатынасқа қолайлы жағдай жасайды. Сынып, мектеп біріншілігіне жарыс ұйымдастыру топқа, ұжымға және оқушыға (мектепті көгалдандыру, сыныпты, дем алатын орындарды дайындау, яғни безендіру т.б.) тапсырма беру тәрбиелеуші ситуацияда іске асырылады.

Өз еркімен таңдау ситуациясының  тәрбиелік мәні өте зор. Мысалы, екінші адамға тұрып орын беру немесе үндемей  қалу; шынын айту, немесе жалған сөйлеу т.б. Мұндай ситуациялар балалар көп ойланады, қайғырады. 
Екінші топ. Жеке адамның санасын қалыптастыру әдісте (ұғым, байымдау — пікірін айту, баға беру, сендіру). Бұл топтың әдістері: саяси, этикалық әңгіме, әңгімелесу, пікірталас лекциялар, өнеге.

Бұл әдістердің балалар  санасына ықпал жасауда маңызы өте зор. Осы тұрғыдан балаларды өмірдің, еңбектің қоғамдық нормасына қатыстыру қажет, ал бұл балалардан осы нормалар жөнінде білімді, байымдауды, баға беруді талап етеді. Бұл жағдай жеке адамның өмірлік позициясын, яғни көзқарасын сипаттайды.

Әрбір әдістің мақсаты  мен мазмұны педагогикалық оқу  құралдарында жақсы жазылған. Сондықтан мысал ретінде тек қана әңгіме және пікірталас әдістеріне тоқталамыз.

Әңгіме — бұл балалардың санасын қалыптастыру әдістерінің  бірі. Балалар әңгіме әдісінде саяси, этикалық, эстетикалық мәселелерді талдауға белсене қатысады, олардан тиісті қорытынды шығару үшін ойланады, ақылға салып түсінеді. Әңгімі әдісі кез-келген мәселеде ұқыпты дайындықты талап етеді. Әңгіме әдісін іске асыру үшін мыналарды ескеру керек:  
1. Тақырыптың көкейтестілігі, яғни өмірге қажеттілігі балалардың мүддесіне жауап беруі тиіс.

2.Әңгіменің мазмұны  балалардың жас ерекшеліктеріне  сәйкес баяндалуы қажет. 

3. Әңгіменің тақырыбына  сәйкес техникалық құралдарды  тиімді пайдаланған жөн. 

4. Оқушылар үшін әңгіме тартымды, қызықты болуы керек: жаңалық, оқушыларды зеріктіретін артық сөздерден аулақ болу, бір нәрсен қайталай беру наразылық туғызады.

Пікір талас — бұл  жоғары сынып оқушыларының байымдауын (пікір айтуын), баға беруін, сенімін  қалыптастыру әдісі. Пікірталаста тақырып бойынша оқушы өзінің көзқарасын, ойын дәлелдейді. Сонымен бірге басқаның пікірін тыңдауға үйренеді, келісу немесе таласу пікірлер де пайда болады. Пікірталасқа мұғалім де, оқушылар да дайындалады. Оның тақырыбы және тұрақтары күні бұрын хабарландырылады.  
Пікірталас оқушыларды қателіктер мен жалған көзқарастармен күресуге үйретеді. Пікірталастың құндылығы сонда ол оқушылардың ойлану сезімін оятады, талаптандырады, ал бұл дұрыс идеяларды ұстауға, қателіктерден бас тартуға мүмкіншілік береді. Пікірталастың сонында басқарушы оқушылардың жауабын жинақтайды, талдайды, баға береді, қорытады. 
Үшінші топ — мадақтау және жазалау әдістері. Өткізілетін тәрбиелік шаралардың сапасын және тиімділігін арттыру үшін, кейде, адамгершілік тәрбнесінің әдістері көмектесуді қажет етеді. Бұл жағдайда мадақтау және жазалау әдістері пайдаланылады. Мадақтау тәрбиеленушінің іс-әрекетінде және мінез-құлқында белсенділікке ынталандырады. Жазалау-баланы өзінің теріс мінездері үшін ұялтады, оның теріс қылықтарын тежейді. 
Сонымен, Санкт - Петербург педагогикалық институтының ғалымдары жасаған тәрбие әдістерінің жіктеуінде ең алғашқы рет баланың адамгершілік санасы мен мінезі туралы анықтамалар берілген. Бірақ бұл екі ұғым тығыз бірлікте қалыптасуы қажет.

Мектеп өмірінде В.А.Сластенин жасаған тәрбие әдістерінің жіктеуі ойдағыдай қолданылуда. Бұл жіктеуде тәрбие әдістерініц 4 тобы қарастырылады.

Бірінші топ. Жеке адамның  санасын қалыптастыру әдістері: әңгіме, лекция, пікірталас, өнеге.

Екінші топ. Қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру және іс-әрекетті ұйымдастыру әдістері: педагогикалық талап, қоғамдық пікір, тапсырма, жаттықтыру, тәрбиелеуші ситуация.

Үшінші топ. Іс-әрекетін және мінез-құлықты ынталандыру  әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау.

Төртінші топ. Бақылау, өзін-өзі бақылау және тәрбиеде өзіне өзі баға беру әдістері: педагогикалық бақылау, әңгіме, сұрау (анкета, ауызша т. б.), қоғамдық пайдалы іс-әрекеттерінің нәтижелерін талдау, балалар ұйымдарының тапсырмаларын орындау.

Тәрбие әдістерінің  бұл жіктеуінде ІІІ, IV топтар ғана қарастырылды. Өйткені І, II топптардағы тәрбие әдістері Санкт-Петербург ғалымдары жасаған жіктеудегі I, II топтарда баяндалады.

Айрықша қолданылатын III топтағы әдістер жарыс, мадақтау, жазалау деп тұжырымдайды В.А.Сластенин, Т.Е. Конинкова т. б. 
Жарыс - балалардың ұжымда іс-әрекетін ұйымдастыру және ынталандыру әдісі. Ұжым жарыстың барысында өзінің жетістігі және жарысушы ұжымдардың табысы үшін әрекет жасайды. Жарыс оқушылардың, әсіресе енжар оқушылардың белсенділігін арттырады, жауапкершілігін, ұжымшылдығын дамытады.

Жарысты ұжымдық және дара түрінде өткізуге болады. Ұжымдық түрге сыныптар спорт командалары, оқушылардың өндірістік бригадалары, звенолары арасындағы жарыс жататын. Мұнда негізгі мақсат-ар-намыс, құрмет үшін күресу. Жарыстың дара түрлері: жауынгерлік, еңбек даңқы орындары бойынша жорық туралы жақсы әңгімелер сайысы, жақсы әндерді, билерді орындау сайысы т. б. Кейде жарысты дәстүр түрінде де пайдалануға болады. Мысалы: а) үйге берілетін оқу тапсырмасын үнемі орындау: ә) сабақ үстінде ескертпесіз жұмыс істеу, 61 мектеп және үй режимін сақтау; в) өте кәрі адамдарды көмектесу.

Мадақтау — бұл баланың жағымды; мінез-құлқын ынталандыру құралы. Егер бала өзінің жетістігін және ұжым алдындағы жауапкершілігін сезе білсе, онда мадақтаудың құндылығы арта түседі. Орынсыз мадақтаудан балада мен—мендік, тәкапарлық, дандайсушылық туады. Сондықтан мадақтау үшін жеткілікті мәліметтер керек.

Жазалау — бұл балаға қоғамдық талап қою, оның мінез құлқында байқалатын теріс қылықтарды тежеу тәсілдері. Жазалауда жабырқанқылық болмайды, ол болған қателікке қайғыру дейді А.С.Макаренко. Жазалау үшін оның шындығын толық білу, сонымен бірге ұжым пікірі жазалау жағында болғанда ғана баланы жазалауға болады. Күдіктеніп немесе ұжымның пікірсіз жазалауға болмайды. Жазалауда жеке адамның абыройын төгіп, балағаттау, қорлау ешқандай моральдық нормаға сыймайды. 
IV топтағы әдістердің ішінде педагогикалық бақылау және психологиялық сұрақтарды еске алған жөн. Педагогикалық бақылаудың бірнеше түрлері бар. Олар: тікелей бақылау, ашық бақылау, жасырын бақылау, қысқа мерзімді бақылау; ұзақ мерзімді бақылау т. б.

Тікелей бақылау зерттеуші мен  объект арасындағы бақылау арқылы тікелей  байланыс, қатынас.

Ашық бақылауды қатысушылар  біледі. Жасырын бақылауды телидидардан, жасырын дыбыс жазу, арақашықтық (дистанциялық) бақылау үшін тура микрофон байланысы көмегімен жүргізуге болады. 
Қыска мерзімде бақылау сабақ, үзіліс және бүтін жұмыс күні барысында жүргізіледі.

Ұзақ мерзімді бақылау оқу тоқсанынын және жыл бойында жүргізіледі.  
Жеке адамның тәрбиелілігін (әдептілігін) зерттеуде бақылау әдісін қолдану үшін нақты бағдарлама жасалады. Осыған орай, фактыларды жазу жүйесін ойластыру, оларды бақылау күнделігіне, бақылау картасына жазып отыру қажет.

Психологиялық сұрақтар ұжым мүшелері арасындағы қатынастарды, жолдастық құштарлықты немесе теріс қатынастарды анықтайды. Мұндай сұрақтар дер кезінде қайшылықты анықтауға және оны іскерлікпен шешуге мүмкіндік береді. Тәрбиенің нәтижелерін анықтауда мынадай көрсеткіштер еске алынады: оқушылардың моральдық норманы игеруі; мемлекет заңдарын білу және сақтау: сынып пен мектептің қоғамдық өміріне қатысуы; біздің еліміздегі және шетелдердегі жағдайларды бағалай білу. Сонымен, әрбір тәрбие әдістерінің мақсаты оқушыларды адамгершілік қөзқарасқа сендіре білуге, жеке және қоғамдық өмірдегі мінез-құлық нормаларнн меңгеруге үйретеді.

Айта кету керек, басқа да толып  жатқан тәрбие әдістерінің жіктеулерін  жасауда бірсыпыра үлес қосқан ғалымдарға В. И. Коротов, В.А.Каспин, И.С.Марьенко т.б. жатады. Олардың жіктеулері де оқыту мен тәрбие процесінде еске алынады.

Не себепті осы уақытқа дейін  тәрбие әдістерінің бірыңғай ғылыми негізделген жіктеуі болмай келді?

Оның себебі, біріншіден, тәрбие әдістерінің  жіктеуін жасауда бірыңғай пікірдің жоқтығы толық дәлел бола алады; екіншіден, тәрбие өте күрделі процесс, ол әр түрлі әдістердің өткізілетін тәрбие шараларының мақсаттары мен мазмұнына сәйкес келуін талап етеді.

Тәрбие әдістерін таңдап алу шарттары.Тәрбие жұмысында әдістерді таңдап алу оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, өмір тәжірибесіне, педагогикалық ситуацияларға тәуелді. Мысалы, үйрету әдісі кіші мектеп жасындағы балалар тәрбиесінде жиі қолданылады. Үйрету әдісі арқылы балаларды мектепте, үйелменде әр түрлі іс-әрекетіне дағдыландыруға болады.

Тәрбие жұмысында әр баланың жеке даму ерекшелігін еске алған жөн. Демек, тәәрбие жұмысын жаппай жүргізіп қана қоймай, онда балалардың дербес ерекшеліктерін де еске алу керек. Мысалы, сангвиник бала қиыншылыққа кездесе бастаған ісін аяғына дейін орындамайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.  Тәрбие әдісінің  жаңа  міндеттері

 

Тәрбие әдісі (гректің "методос" — жол деген сөз) — бұл мектеп тәжірибесінде тәрбиеге қойылған мақсаттарға қол жеткізу  үшін пайдаланылатын жол, тәсілдер - тәрбиелеу  саласына, еркіне, сезіміне, іс-әрекетіне әсер ету шаралары.        

 Тәрбиелеу мақсаттарына  әртүрлі жолдармен жетуге болады. Төрбиеші тәрбиеленушімен, олардың  күш-қуатына, мүмкіңдіктеріне, ынталарына  сүйене отырып, істеген жұмысында  қанша жол тапса, сонша тәрбие  мақсатына жету тәсілі ашылады. Әрине, кейбір жолдар басқасына қарағанда мақсатқа тезірек жеткізеді. Тәрбиешінің алдында тәрбиеге сай келетін, көзделген жетістікке тез апаратын және аз күш жұмсайтын жаңа, қолданылмаған жол табу міндеті тұрады. Құрастыру, тандау және тәрбие әдістерін дұрыс пайдалану - кәсіптік педагогиканың асқар шыңы болып есептеледі.        

 Алайда, тәрбиенің  жаңа әдісін жасауға көрінген  тәрбиешінің күші келе бермейтіні  белгілі. Әдіетерді жоғары деңгейге  көтеру үнемі алға тартылатын  міндет. Тәрбие процесінің жағдайына тура келетіндей, тәрбиеші өз күші мен мүмкіндігіне қарай жалпы әдістер мен толықтырулар енгізе отырып, өз міндеттерін шеше алады.        

 Тәрбие тәсілі - жалпы  әдістің бөлігі, жеке дара әрекет (әсер ету), нақты іс. Тәсілдер  — бұл тәрбиешінің қойылған мақсатқа тез жету үшін тәрбиеленушімен бірге салатын соқпақ жолы деуге болады. Егер оны басқа тәрбиешілер де пайдалана бастаса, біртіндеп ол соқпақ үлкен жолға -әдіске айналады. Тәрбие әдістері мен тәсілдерін тану, оларды дұрыс қолдану - бұл педагогикалык. шеберлік деңгейінің маңызды сипаттамасын білдіреді. Демек, тәрбис әдістері мен тәсілдері тығыз байланысты.         

 Тәрбие құрал-жабдығы  кең тусінікті қамтиды. Тәсілдеп  жеке әсер етуді түсінсек, құрал  түсінігі сол тәсілдердің бірлігін  білдіреді. Құрал-жабдық - бұл қолданымдағы тәсіл ес бірак әлі әдістікке жете қоймаған шара. Мысалы, еңбек - тәрбие құралы, бірақ еңбекті бағалау, көрсету, қателігін анықтау - бұл ондағы тәсілдер.. Сөз (кең түсініктегі) - тәрбие құралы, бірақ ескертулер, сын айту, теңеу - бұлар тәсілдерге жатады. Осыған байланысты кейде тәрбие әдісі қойылған мақсатқа жету тәсілдері мен құралдары жүйесі ретінде анықталады, өйткені әдіс құрылымында тәсілдер мен құралдар міндетті түрде бірге қарастырылады.        

 Әдістердің жақсы,  жаманы болмайды, тәрбиелеу жодын алдын-ала оның қандай жағдайда қолданылғанын ескермей тұрып, жемісті-жеміссіз деп жариялауға болмайды.         

 Әдістерді таңдау  көптеген жағдайларға байланысты. Бірақ факторлардың саналуаңдығына  қарамастан әдістерді таңдау  детерминатты, яғни себепті байланыста болып келеді. Тәрбиеші қолданған әдістерінің себептерін қаншалықты терең түсінсе, әдістің өзіндік сипатын біліп, қолдануды білсе, соншалықты әдістің өнімдісін, тәрбиелеу жолының дұрысын таңдағаны.        

 Тәжірибеде үнемі  тұратын міндет - әдістің біреуін ғана қолданбай, тиімдісін, нәтижелі болатынын тандау. Тиімді деп - қойылған мақсатқа көп күш-қуат жұмсамай жететін неғүрлым пайдалы жолды айтамыз.        

 Кейбір жағдайларды  жете ескерген, өзіне тиімді педагогикалық  іс-әрекетті пайдаланған тәрбиеші тәрбие жұмысыңда әрқашан жоғары жетістікке жетеді. Тәрбие әдісін таңдау - жоғары өнер. Ал бұл өнер ғылымға сүйенеді.        

 Тәрбие әдістерін  таңдауды анықтайтын жалпы принциптерді  қарастырайық. Бірінші кезекте төмендегілер  ескерілуі қажет:

1. Тәрбис мақсаттары мен міндеттері. Мақсат әдісті тек жақтап қана коймай, оны белгілейді. Қандай мақсат болса, оғаи жетудің нақты тәсілі болуы керек.

2. Тәрбие мағынасы. Бір міндет бірнеше мағынаға ие болатынын естен шығармау қажет. Сол үшін әдісті мазмұнмен емес, нақты мағынамен байланыстыру тиімді.

3. Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері. Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне карамай, міндет әртүрлі әдістермен шешіледі. Тәрбие процесінің барлык. Кезеңінде белгілі бір сапалар қалыптасады, бірақ әр жеке сыныпта тәрбие әдісі өзгеріп отыруы тиіс. Бірінші сыныпқа дәл 
келетіні, үшінші сыныптағыларға сәйкес келмейді, ал бесінші сыныптағылар оны қабылдамауы мүмкін.

4. Ұжымның қалыптасу деңгейі. Ұжымның өзін-өзі басқару формасының дамуына қарай педагогикалық әсер әдістері өзгеріссіз қалмайды: басқарудың ыңғайлы (гибкость) болып келуі тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірігіп қызмет етуінің табысты шарты ретінде қажет.

5. Тәрбиеленушілердің жекелік және түлғалық ерекшеліктері. Жалпы әдістер, жалпы бағдарламалар тәрбиелік өзара әрекеттегі тек бастама ғана. Жекелік және тұлғалық түзетулер (корректировка) қажет. Инабатты тәрбиеші өз әдістерінде әр тұлғаның өзіне тән қабілеттерін дамытуға, оның өзіндік қасиеттерінің сақталуына, "мендік" белгілерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін әрекеттерді жасайды.

6 Тәрбиелік жағдайлар. Мұндай жағдайларға психологиялық-физиологиялық, санитарлы-гигиеналық, сонымен бірге сыныпта болатын қарым-қатынастар, яғни ұжымның көңіл-жайы, педагогикалық жетекшіліктің стилі жене тағы басқалар жатады. Абстрактты (дерексіз) жағдайлар болмайды, жағдайлар әрдайым нақты келеді. Олардың үйлесуімен жасалатын тәрбиелік шара-істер – педагогикалық ситуация деп аталады.

7. Тәрбие құралдары. Тәрбие әдістері тәрбие процесінің 
бөліктері ретінде керінеді, олар педагогикалық құралдар бірлігін құрайды. Әдістерден басқа да тәрбие құралдары баршалық, олар әдістермен тығыз байланыста, бірге қолданылады (көрнекі құралдар, өнер шығармалары, 
бұқаралық ақпарат құралдары). Тәрбие құралдарына олармен бірге, әртүрлі іс-әрекет түрлері (ойын, оқу, еңбек), педагогикалық техника (тіл, ым, қимыл т.б.), мұғалім мен окушының қалыпты өмірлік іс-әрекетін жасауға көмсктесетін құралдар жатады. Егер аталған жабдықтар белгілі бір деңгейде пайдаданылмаса, олардың маңызы еленбейді. Алайда осы жаңа жабдықтар әсері тәрбие әдістерін таңдауға негізгі ықпал жасайды.

8. Педагогикалык дәреже деңгейі. Тәрбиеші өзі білетін жеке меңгерген әдістерді таңдайды. Көптеген әдістер қиын, әрі көп күш жұмсауды талап етеді: кейбір педагогтар бұл мәселені айналыті өткісі келеді. Осыдан болатын кемшілік - тәрбиенің жетімсіздігі.

9.  Тәрбие уақыты. Уақыт аз болып, мақсат ауқымды болған жағдайда "ықпалды әсер ету" әдісі қолданылады. Бұл әдіс әсіресе қысқа мерзімде қайта тәрбиелеу үшін қолданылады. Мектеп уақытының, тұлғаның тұрақты 
қасиеттерін қалыптастыруға жеткілікті болатынын мойындайтын біртұтас көзқарас жоқ. Кейбір педагогтар уақыттың жеткіліксіздігін алға тартып, ықпалды әсер ету әдістеріне бағытталғанды жөн көреді. Қалай болғанда да, 
уақыт факторы тәрбие әдістерін таңдауда және жобалауда маңызды рөл атқарады.

10.  Күтілетін қорытындылар. Тәрбиеші әдістерді тандай отырып, оның табысқа жеткізетініне сенімді болуы қажет. Бұл үшін ол қолданылған әдістердің қандай қорытындыға әкелетінін алдынала болжай білуі шарт.      

 Әдіс құру – тәрбиелеу  міндетше орайластырылған жауап  болып есептеледі. Педагогикалық  әдебиеттерде көптеген мақсаттарға  қол жеткізуге мүмкіндік беретін  әртүрлі әдістерді табуға болады. Әдістер және олардың әртүрлі  модельдерінің коптігі соншалық, керекті мақсатқа сай келер әдісті тандауға сол әдістердің жіктелуі ғана комектесе алады. Әдістердің жіктелуі-анықталған белгілерге қарай құрылған әдістер жүйесі. Жіктелудің өзі әдістердің қайсысының жалпы және жалқы екенін. нақты және кездейсоқ теориялық немесе практикалық екенін білуге сонымен бірге оларды дұрыс таңдауға, барынша утымды пайдалануға көмектеседі. Жіктелуге суйене отырып, педагог тек әдістер жүйесін ғана танып қоймай, ол-әртүрлі әдістер белгілерінің өзгерісін жақсы түсінеді.        

 Кез келген әдістің ғылыми жіктелуі олардың жалпы негіздері мен белгілерін анықтаудан басталады. Тәрбие әдістері жүйесіне орай танылатын белгілер өте көп. Кез келген жалпы белгілерден жеке-дара жіктеме жасауға болады. Қазіргі педагогикада оңдаған жіктеме белгілі, бірі тәжірибелік міндеттерді шешуте қажет болса, екіншісі теориялық міндеттерді қарастырады. Көптеген өдістер жүйесінде жіктелудің логикалық негізі анық емес. Бұған тәжірибелік мәні бар жіктеулерге негіз ретінде әдістің бір емес, бірнеше маңызды және жалпы тұстарының болуы айқын дәлел.        

 Тәрбие тәсіддері өз ерекшеліктері  бойынша былай жіктеледі: сендіру,  жаттықтыру, мадақтау және жазалау,  іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушыларды  мінез-құлыққа ынталандыру, түсіндірмелі-көрнекі,  үйрету, үйлесімділікке келтіру,  өзіндік тәрбие. Тәрбиелік әсер ету әдістерінің нәтижесі бойынша оларды екі толқа бөлуге болады:

1. Адамгершілік қасиеттерін құрайтын  ықпалдар: түрткілер, қатынас, көзқарас  қалыптастыратын түсініктер, жаңашыл  көзқарастар, ой-пікірлер.

2. Қандай да бір көзқарас ұғымдарға сәйкес әдеттер орнықтырушы ықпалдар.