«ЦентрКредитБанкі» ЖШС
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Атырау инженерлік- гуманитарлық институты
«экономика және кеден ісі» пәндер кафедрасы
Өндірістік тәжірбие есебі
Тәжірибе орыны: «ЦентрКредитБанкі» ЖШС
Орындаған: Қаржы мамандығының 3- курс студенті Аңғарбаев А
Тәжірбие жетекшісі: доцент Жиенқұлова Л.Т
Тәжібие орның жетекшісі:ТАКУПОВ.Е
2013
Мазмұны:
Кіріспе.......................
1. Жалпы
бөлім.........................
1.1.Банктің қысқаша сипаттамасы мен қысқаша тарихи анықтамасы…..…4
1.2 Банктің
құрылуының ұйымдық-құқықтық
1.3 Банк органының ұйымдық
құрылымы және оны
1.4 Банктің жоғары ұйымдармен,
басқа банктермен, құрылтайшылармен,
клиенттермен өзара қарым
2. Банктің операцияларының
түрлері.......................
2.1 Есеп айырысу операциялары.....
2.2 Несиелік операциялар..........
2.3 Депозиттік операциялар........
2.4 Кассалық операциялар..........
2.5 Халықаралық есеп айырысу
және валюталық операциялар...................
3. Банктің негізі ақтаратын қызметтері
3.1 Банктің бағалы қағаздармен
қызметі.......................
3.2 Банктегі
несиелендіру тәртіптері мен
жағдайлары....................
4. Банктегі маркетинг және банктің нарықтық жағдайдағы қызметін дамыту мәселелері
4.1. Банктегі
маркетингті жүзеге асыру......
4.2. Банктің
нарықтық экономикада даму келе шегі…………………………….29
Қорытынды.....................
Пайдаланған
әдебиеттер....................
Жалғамалар....................
Кіріспе
Мен, Аңғарбаев Асхат Атырау инженерлік- гуманитарлық институтының Экономика, қаржы және басқару факультетінің “Қаржы” мамандығының 3-курс студенті белгіленген оқу мерзімі және оқу жоспарына сәйкес өндірістік тәжірибені Атырау қаласы бойынша «ЦентрКредитБанкі» акционерлік қоғамынан 2013 жылдың 21 қаңтар –30 наурыз айлары аралығында өттім.
Менің өндірістік тәжірибемнің негізгі мақсаты мынада:
- «ЦентрКредитБанкі» АҚ негізгі қызметі және оның тарихымен танысу;
- «ЦентрКредитБанкі» АҚ заңды және нормативті актілерімен танысу;
- Банк құрлымы және оның бөлімшелерімен танысу;
- Банктің басқа банктік ұйымдармен, клиенттерімен және жоғарғы ұйымдармен байланыстарын танып, білу;
- менің оқу процесінде алған кәсіптік, теориялық білімімді тереңдетіп, оны тәжірибемен ұштастыру;
- өндірістік тәжірибесінің есебін жазуға материалдар жинақтап, оларды талдау;
- банктің ұйымдық жағдайына әсер ететін ішкі және сыртқы ортаның әсерін, банкті басқарудың ұйымдастырылуын біліп, үйрену.
Өндірістік тәжірибе процесінде мен «ЦентрКредитБанкі» АҚ Атырау бөлімшесінің барлық бөлім қызметімен танысып, нақты бөлімнің жұмыс нұсқауын оқып, тиісті бөлім мамандарымен тәжірибе есебіне байланысты сұрақтар бойынша жеке-жеке кеңесіп, оқу процесінде алған білімімді тәжірибеде бекіттім. Осының барлығы маған төменде ұсынып отырған тәжірибе есебіне қатысты материалдар жинақтауға көмектестім.
1. Жалпы бөлім
1.1.Банктің қысқаша сипаттамасы мен қысқаша тарихи анықтамасы
«ЦентрКредитБанкі»
АҚ бөлшектеп несиелеу рыногында
жетекшілердің бірі және өсу қарқыны
бойынша мықты банктер
Банк клиенттері 25 мыңға жуық заңды тұлғалар және 150 мыңнан астам жеке тұлғалар. Банктің негізгі клиенттері шағын және орта бизнес кәсіпорындары мен жеке тұлғалар. Сонымен қатар, Банк өз қызметін үлкен корпоративті компанияларға да ұсынады. 2003 жылдың қазан айында ЦентКредитБанкі 2003 жылда шағын және орта бизнесті ЖДЕБ несиелеу бағдарламасы бойынша Қазақстандағы қарқынды түрде дамып жатқан банк атағына ие болды. ҚР Ауылшаруашылық Министрлігінің «Дәнді қолхат міндеттерінің кепілдік Қоры» АҚ, Жаңғырту және Дамыту Еуропалық Банкпен біргелесіп, ЦентрКредитБанкі агробизнес кәсіпорындарын несиелеу жобасын іске асыруға кірісті.
Дегенмен, банк қызметтері жүйесінің дамығандығына және Қазақстанның басым шағын кәсіпорындарын несиелеу бойынша бағдарламаларының көптігіне қарамастан қаржыландырудың негізгі көзі өздерінің қаражаттары болып отыр. Ал, шағын кәсіпкерлік субьектілері өз қаражаттарының есебінен қаражаттың қажеттілігін толтыра алмайды, банк ұсынатын қызметтер көптеген себептермен кез-келген кәсіпкерлерге беріле бермейді. Мұндай жағдайда кәсіпорындарды қаржыландыруға несие серіктестіктері мен шағын несие ұйымдары қолғабыс бола алады.
Несие серіктестігі – қатысушылардың несиедегі және басқа да қаржылық қажеттіліктерін тиым салынбаған жолдар есебінен және ақшаларды аккумуляциялау арқылы қанағаттандыру үшін заңды немесе жеке тұлғалармен құрылған, заңды тұлға.
Несие серіктестіктерінің әр түрлі үлгілері болады: несие-депозитті серіктестік және ауылдық несие серіктестіктері. Несие-депозитті серіктестігінің өз қызметін жүзеге асыру ерекшелігі оның, заңды тұлғалар депозитін қабылдауға мүмкіндігі.
Ауылдық несие серіктестігі –заңды немес жеке тұлғалардың өз еріктерімен біріккен, өзара несиелеу үшін қатысушылардың ақшаларын аккумуляциялау жолымен банк қызметтерінің жеке түрін жүзеге асырушы заңды тұлға. Ауылдық несие серіктестігінің қызметі ауылшаруашылықты несиелеу мәселелерін шешуге және мұндай серіктестіктердің қатысушыларына банктік қызмет көрсетуге бағытталған.Банк арасындағы барлық мүмкін қатынастар жиынтығы банк арасындағы корреспонденттік қатынастарға жатады. Ондай қатынас түрлері сыпайы, шынайы және келіссөздер қатынасы арқылы жүзеге асады. Банктер бір-бірімен әртүрлі қарым-қатынасқа түседі. Олар:
- бәсекелестер, клиенттерді тарту жұмысында жарысады;
- іскерлік әріптестер, бір-біріне несие беру арқылы;
- корреспонденттер, кезектесіп бір-бірінің клиенті ретінде жүруі.
Корреспонденттік шоттар операциясы ортасындағы қызметтер кең көлемде:
I.
- несиелік-есеп айырысу қызметі;
- Клиенттерге кассалық қызмет көрсету, келісілген өнімдерді өткізу және шаруашылық ұйымдарға қызметкөрсетудегі ақша аударымдары және ақша қаражаттарының сөгісі(взыскание); бюджетпен есеп айырысу. Операция бөлігі қолма-қол еңбекақы берілуге, кейбір әкімшілік-шаруашылық шығындарды, қолма-қол ақшаны қабылдаумен байланысты.
II.
- Бағалы қағаздармен банкаралық қарыз және депозиттер операциясы,
- Эмиссиялық банкпен кассалық операциялар.
III.
- Банктің өзіндік шаруашылық операциялары.
Клиент несиесінің сыйақысынан пайыз ретіндегі ақша қаражаттары келесі операцияларға жұмсалады:
1.оларға сыйақы төлеуге;
2.бюджетке салық төлеуге;
3.банк аппаратын ұстауға шығындар.
1.2 Банктің құрылуының ұйымдық-құқықтық негізі
«ЦентрКредитБанкі» АҚ -ның ұйымдық және басқару құрылымы Жарғымен жүйеленеді .
Басқама банктің жүргізіп отырған барлық саясатының ҚР заң актлеріне сәйкес келуіне жауапкершілікте болады .
«ЦентрКредитБанкі» АҚ ең жоғарғы органы болып Акционерлердің жалпы жиналысы табылады . Акционерлер жиналысы банк қызметіне оперативті жетекшілік ету үшін Басқарма төрағасын немесе банк президентін сайлайды . Ол банкті өз орынбасарлары, яғни басқарма, департамент және бөлім басшылары арқылы басқарады.
Департамент директорлері,
басқарма басшылары өз бөлімдерінің
нақты мақсаты мен
Бөлімдер клиенттерге қызмет көрсету түрі бойынша білікті мамандардан тұрады .
Несие беруде нақты дұрыс шешімдер қабылдау үшін банкте несие Комитеті қызмет етеді .
Банктің ұйымдық құрылымын жетілдіру мақсатында соңғы жылдары мынадай шаралар қолға алынған :
- Бас офис пен Алматылыққ филиалын құрылымдық қайта ұйымдастыру . Бас офис қызметін оптимизациялау үшін 2001 жылдың мамырында банк басшылығымен жаңа ұйымдық құрылым жасақталынып жіне енгізілді . Оған сәйкес Алматы қаласындағы клиенттерге қызмет көрсету бойынша операциялық қызмет Алматы филиалына берілді . Болашақ банк шығындарын оптимизациялау мақсатында банк автотранспорт санын , сонымен қатар көмекші қызмет жұмысшыларын қысқартты . Бүгінгі таңда банк құрылымынан инкассация , күзет және тағы басқа негізгі емес қызметтерді алып тастап , оларды маманданған компанияларға ұсыну жұмысы жүргізілуде .
2. 2004 жыл басында «ЦентрКредитБанкі» АҚ 30 филиал иемденді . Филиалдар бір-бірінен операцияларының көлемі , мөлшері және ұсынып отырған қызметтері бойынша ерекшеленеді . Банк қазынашылығымен әр регионда өзіндік клиенттік базасымен жұмыс жасап отырған филиалдардың қаржылық көрсеткіштеріне жеке экономикалық бірлік ретінде талдаудың арнайы жүйесі құрылды . Бұл талдау 2005 жыл қорытындысы бойынша кейбір филиалдар қатарының шығындылығын көрсетті . Осылайша даму потенциалы жоқ филиалдары жабылып , қазір ҚР-сы территориясында 18 филиал қызмет етуде .
1.3
Банк органының ұйымдық
«ЦентрКредитБанкі» акционерлік қоғам болып табылады . Акционерлік банк өзінің жарғылық капиталын қалыптастыру және ұлғайту үшін жай және артықшылықты акциялар шығарады .
Жай акцияларды иемденушілердің банк тапқан пайданың мөлшеріне байланысты дивидендтер алу құқы , жиналыстарда дауыс беру арқылы банкті басқаруға қатысу құқы банк жабылған жағдайда мүлкінің бір бөлігін алу құқы бар. Артықшылықты акция иелері банк пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде нақты дивиденд алады.
«ЦентрКредитБанкі» АҚ барлық акциялардың 5000 теңге номиналдық құны бар. Әр қайсысы бір дауысқа ие. Осы акциялар бойынша төленетін дивидендтің жылдық минималды сомасы 1% көлемінде. Банктің 2004 жылғы акционерлік капиталы құрамы мынадай (кесте 1.1):
саны |
номиналы | ||
Жай акциялар |
1390000 |
1390000.0 | |
Артықшылықты акциялар |
10000 |
10000.0 | |
Акционерлерден сатып алған өзіндік акциялары |
17098 |
17098.0
| |
Акционерлік капиталы |
1382902 |
1382902.0 | |
1.4 Банктің жоғары ұйымдармен, басқа банктермен, құрылтайшылармен, клиенттермен өзара қарым қатынасы
Банктің өз қызметін тиімді, тартымды және жан-жақты жүргізуіне оның көпқырлы байланыстары зор ықпал етеді. «ЦентрКредитБанкі» АҚ басшы жоғары ұйымдармен және басқа да банктермен, құрылтайшыларымен, клиенттерімен, басқа да танымал ұйымдармен байланысының сипатын төмендегідей тізімдеуге болады:
- Банктің ҚР Үкіметімен байланысы оның республика деңгейінде қабылданған барлық заңдылықтар мен нормативтер шегінде қызмет етуінен көрінеді.
- ҚРҰБ-і мен басқа коммерциялық банктермен байланысы . Банк ең алғаш ҰБ берген лицензия негізінде ашылады және бүкіл қызмет ету мерзімінде ҚРҰБ- мен белгіленген барлық пруденциялдық нормативтер мен ережелердің қатаң сақталуына жауапкершілікте болады . Сонымен қатар «ЦентрКредитБанкі» АҚ ҚРҰБ-мен, банк-резиденттермен және банк-бейрезиденттермен ұлттық жіне шетел валютасында корреспонденттік қатынастар белгілеуге, “ЛОРО” және “НАСТРО” корреспонденттік шоттары бойынша операциялар жүргізуге құқылы.
- «ЦентрКредитБанкі» АҚ заңды тұлға ретінде салық төлеуші болып табылады. Ол Салық Комитетіне салық заңдылығында қаралған мерзім бойынша салықтарды теңгеде есептеп төлейді.
- өз клиенттеріне сапалы қызмет ұсынуды қамтамасыз ету мақсатында банк халықаралық төлем жүйелерімен - VІSA ІNTERNATІONAL , Western Unіon – 2002 жылдан бастап байланыста.
- лизингтік операцияларына қажетті құрал-жабдықтарды иемденуде мынадай әріптес-жабдықтаушылары бар:
1.”АвтобусПром” ЖШС;
2.”ОРКА” ЖШС;
3.”ИнвестаАгро” ЖШС;
4.”FІRBІMATІC”
5.“ТДСпецтехника” ЖШС және т.б.
- тәуелсіз регистраторы “Регистрцентр”;
- Аудиторы ”Arthur Andersen”;
- Банк “Теміркапитал Б.В” еншілес компаниясының қызметіне толықтай бақылау жүргізеді . Ол 2001 жылы қарашада Нидерландыда тіркелген;
- «ЦентрКредитБанкі» АҚ Ресей Федерациясында өзінің ресми уәкілдігін ашқан алғашқы қазақстандық банк болып табылады. Уәкілдіктің міндеті – жаңа іскерлік байланыстарды бекіту.
Жаңа экономикалық қатынастарды орнату тұрғындардың материалдық жағдайына байланысты әруақытта тәуекел өсіміне алып барады. Банктің негізгі кескіні ретіндегі, жинақ түріндегі депозиттер бұл этапта үлкен мәнге ие.
Банк пен клиент арасындағы қарым-қатынас ерік негізінде, банк жағынан – қызмет көрсету, ал клиент – қаражат салымшысы ретінде болады.
Клеинттермен жұмысында Банк саясаты ұзақ мерзімді қызмет етумен және жекелеген әдіс негізінде құрылады. Байланыстың қазіргі құралдары және жұмысты тиімді ұйымдастыру төлемді нақты уақыт режимінде төлеуді қамтамасыз етеді. Және де «ЦентрКредитБанкі» АҚ тарифтері басқа банктің тарифтерінен аспайды. Жұмсақ саясаттың депозиттік пайыз ставкасына қатынасы тартылған қаражаттың, теңгеде және валютадағы көлемін өсіруге мүмкіндік жасайды. Соңғы 5 жылда тартылған қаражаттар көлемі 10есе өсіп, 2002жылдың маусымында 37млрд.теңгеден артық соманы құраған (22% үлесінде).
“Банктер және банктік қызмет туралы” ҚР Заңның 30 бабына сәйкес «ЦентрКредитБанкі» АҚ Атырау облыстық бөлімшесі келесі қызметтер түрлерін атқарады:
Депозиттер қабылдау, қаржылық ұйымдардың корреспонденциялық шоттарын және банктің металл шоттарын енгізу және ашу, кассалық операциялар, аударым операциялары, есептік операциялар, қарыздық операциялар, клиринг, сейфтік операциялар, инкассоға қабылдау, төлем құжаттарының акцепті, инкассация, шетел валюталарын ауыстыру, кепіл қабылдау, бағалы металдарды сақтау, лизингтік операциялар.
Үстеме операцияларды реттеу үшін банкте негізгі клиенттерден (біртіндеп банкке маңызды көлемде төлем құжаттарын тапсырушылар) құжаттар қабылдау графигін енгізген. Клиенттерден Банк қызметкерлерінің әрекетіне шағымды және басқа да хаттарды банк экспедициясы немесе бас бухгалтердің өзі қабылдайды. Бұл туралы клиент ілінген хабарлама арқылы біле алады.
Бұдан басқа Банкте халықаралық стандарттарға сай пластикалық карталармен қызмет көрсету жүйесі енгізілген.
2. Банктің операцияларының түрлері
2.1 Есеп айырысу операциялары
Банктің барлық операциялары ақшалай-есеп айырысу құжаттар негізінде бухгалтерлік есепте көрсетіледі. Ақшалай-есеп айырысу құжаттары банкке кәсіпорын, ұйымдардан және басқа банктерден келіп түседі, бұнда оның заңдылығын және банктік бақылау жүргізуге қажет операция мінездемесі туралы керекті мәліметтер болады және ол банкте толтырылады. Есеп айырысудың екі түрі болады: қолма-қол және қолма-қолсыз.
Қолма-қолсыз есеп
айырысудың экономикалық негізі болып
материалдық өндіріс табылады. Нәтижесінде
төлем айналымының көп бөлігі(
Тауарлар және қызмет көрсетудегі қолма-қолсыз есеп айырысу және әртүрлі формадағы қаржылық міндеттемелерге байланысты, әрқайсысы есеп айырысу құжаттарына, мінездемесіне байланысты өзіндік ерекшеліктерге ие. Есеп айырысу формалары бір-бірімен байланысты элементтер жиынтығынан тұрады. Олардың қатарына төлем тәсілдері және соған сәйкес құжат айналымы жатады.
Құжат айналымы-бұл есеп айырысу құжаттарының қозғалысы және толтырылу жүйесі.
Банк бухгалтерлік есеп
пен бақылау жүргізу
Клиенттер құжаттарына мыналар жатады:
- төлем тапсырысы
- төлем талабы
- чектар.
- қолма-қол ақша салымына хабарландыру.
Клиенттер құжаттарынан басқа Банктік құжаттарға:
- авизо
- мемориалдық ордерлер
- несиені беру және қайтарып алу өкімі.
Кассалық кіріс құжаттарына:
*қолма-қол ақша салымына хабарландыру
*кассалық кіріс ордерлері
Кассалық шығыс құжаттарға:
*ақша алуға чектер
*кассалық шығыс ордерлері
Баланстан тыс құжаттарға:
- баланстан тыс кіріс ордері
- баланстан тыс шығыс ордері жатады.
Бұл құжаттармен кассада және бухгалтерияда сақталынатын құндылықтар мен құжаттарды қабылдау және берілуі толтырылады. Ақшалай-есеп айырысу құжаттары аналитикалық және синтетикалық есепте көрінген соң күндік құжаттар тексеріліп, жинақталып, сақталуға тігіледі.
Шотқа қолма-қолсыз ақша аударуға мемориалдық құжаттар қолданылады. Олардың құрамына клиенттердің банкке ұсынатын есеп айырысу құжаттары жатады. Кәсіпорындардың белгілі-бір операцияларды орындауға, банктен алатын және банкке беретін әртүрлі құжаттары ақшалай-есеп айырысу құжаттамаларының унифициярлы жүйесіне енгізілген.
Әрекеттегі заңдылыққа сәйкес қазір қолма-қолсыз есеп айырысудың мынандай әдістері бар:
-төлем тапсырысы
-төлем талабы-тапсырысы
-чектар
-аккредитивтар
Төлеуші мен төлем алушы арасындағы есеп айырысу әдісі, олардың өздерімен шаруашылық келісім-шартында (келісімінде) көрсетіледі. Төлеуші мен төлем алушы арасындағы есеп айырысудағы бір-біріне деген талаптары, даулары (претензия) банктік ұйымның қатысуынсыз шешіледі. Даулы сұрақтар сотта, үштік(третейский суд) сотта, және арбитражда шешіледі.
Есеп айырысу-кассалық операциялардың орындалуына байланысты банкке талаптар, клиенттерден жазбаша түрде қызмет етуші банкке жолданады. Осындай талаптар бойынша банктер өзара және есеп айырысу-кассалық орталықтардың қатысуымен жазбалар жүргізеді. Клиент шотындағы қаражатты дұрыс емес және уақытында емес сызғанда немесе есепке алғанда клиент банкттен өз пайдасына жалпы сомадан 0,5% көлемінде айыппұл талап етуге құқылы.
Қазіргі есеп айырысу әдістерінде қолданылатын есеп айырысу құжаттары стандартталған талаптарға сай және келесі түрдегі міндетті көрсеткіштер болуы тиіс:
- есеп айырысу құжатының аты,
- есеп айырысу құжатының №, жазылу күні, айы, және жылы,
- төлеушінің аты және банктегі шотының № ,
- банк-төлеушінің аты және № ,
- төлем алушының аты және банктегі шотының №,
- банк-төлем алушының аты және № ,
- төлем мақсаты(чекте көрсетілмейді),
- төлем сомасы(цифрмен және жазбаша).
Есеп айырысу құжатының бірінші нұсқасында (экземпляр) міндетті түрде қатысушы тұлғалардың (банктегі шотына өкім ету құқығы бар) қолы болуы тиіс. Төлеуші шотындағы қаражатты сызу тек қана есеп айырысу құжатының бірінші нұсқасы негізінде жүзеге асырылады.
Құжаттарды толтыруда стандартты түрде бекітілген, типографиялық тәсілмен әзірленген бланктер қолданылады. Типографиялық блантерді қолданусыз ақшалай-есеп айырысу құжаттарын ЕЭМ(ЭВМ) толтыру рұқсат етілген. Бухгалтерлік жазбалар жүргізілетін барлық құжаттарда(сома жүретін баланстық, баланстан тыс және жеке шоттар) баға белгіленетін(котировка) орыны болуы тиіс.
Банк кассасына қолма-қол ақшалай, чек немесе есеп айырысу салымы туралы хабарлама қолмен қара сиямен(чернила), қаламсаппен немесе басу машинкасымен терілуі мүмкін. Чектағы және хабарламадағы шот иесінің аты, шот номері және банк аты мөрделуі мүмкін. Чектар және төлем тапсырмалары банкпен олар жазылған күннен 10 күн ішінде қабылданады(жазылған күнді есептемегенде) және құжатта көрсетілген күн түзетілмеген болуы тиіс. Қолма-қол ақша салымының хабарламасында банкке тапсырудың фактілік датасы көрсетілуі керек. Егер клиент басқа дата көрсетсе, онда құжаттың барлық нұсқасы түзетіледі. Банк есеп айырысу құжаттарын орындауға банктің операциялық күн ағымында қабылдайды. Банктің клиенттерден операциялық уақытта қабылдаған құжаттары сол күнгі баланста көрінеді.
2.2. Несиелік операциялар
Несиелік жұмыста жинақталған тәжірибені пайдалана отырып, банк сенімді несие алушылар санын, заңды және жеке тұлғаларды несиелендіру бағдарламасы көлемін ұлғайтты. Несиелік саясаттың базалық принциптер негізінде (жоғарғы сенімді салымдарды қамтамасыз ету, несиелік тәуекелді төмендету, несие алушылармен берік және ұзақ мерзімді қаржылық қатынастар, т.б.) неселік операциялардың ұлттық және шетел валютасындағы көлемі ұлғайды.
Кесте 2.2.1.
Республиканың несие нарығындағы
жетекші банктер үлесі,1.01.2005ж.
Қазкоммерцбанк |
«ЦентрКредитБанкі» АҚ |
ҚХЖБ |
ABN AMRO |
Т.б. банктер |
28,2% |
21,0% |
16,9% |
1,3% |
32,6% |
Несиелік қоржын көлемі 2004 жылы 56,711 млн. тенгеден 114,753 млн. тенгеге өсті. Банк несиелендіру көлемін екі еседен артық орындаған. Валюталық несиелер үлесі-80 пайыз, ал теңгелік несиелер үлесі-20 пайыз. Банктің несиелік қоржыны өсті және оның жалпы актив сомасындағы үлесі өткен жылдың (2003ж.) деңгейінде қалып отыр, 2004 жылы 31 желтоқсанда 73 пайыз (2003жылы 72 пайыз).
Неселендіру өзінің жоғарғы табыстылығына байланысты банк қызметінің басты бағыты болып қалуда. Бірақ несие саясаты несиелік операциялардан тек жоғары табыс алмай, несиелік тәуекелдерді максималды төмендетуге бағытталған. Несиелік операциялар тиімділігі консервативті несиелік саясаттың өтуіне, кәсіпқой мамандар жұмысына, шешім қабылдау механизмінің жетілдірілуіне байланысты өсіп отыр. Бұған және те несие алушылардың жақсы білімі, Қазақстан экономикасы салаларын дамытудағы қаржылық жобалардың мәні, орындалуы және несиеге ұсынылған қамтамасыз етудің жоғарғы өтімділігі, сенімі жатады. Депозит базасының өсімі, халықаралық несиелік институттар инвестициясы және шетелдік несие жобаларын тарту, мемлекеттің импортты орналастыру және экспортты бағыттау бағдарламасына қатысу арқылы Банк несиелік активтілікті сақтап өсіріп отыр. Банк әлеуметтік мәні бар көптеген жобаларға назар аударады. Олардың негізгі мәні аймақтарды дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады. Банк облыстық әкіматтар өткізуге жоспарлап отырған жобаларды несиелеуде үлкен тәжірибеге ие. Бұндай бағдарламаларға берілген несиелер негізінен шағын кәсіпкерлік субъектілерді қолдауға, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу өндірісін дамытуға бағытталып отыр.
Нарықтық экономика жағдайында табысты қызмет етіп отырған Банк клиенттік базасының құрлымын жақсартуға және ірі компанияларды тартуға мақсатты бағытталған жұмыс жасайды. Осындай жобаларды қаржыландырғанда негізгі көңіл сапалы қарызды қамтамасыз ету, клиенттердің басқалармен аффилирленуі, компаниялардың қаржылық тұрақтылығы, несиенің тұрақты мониторингі және кепілдің қамтамасыз етілуіне бөлінеді.
Ірі жобаларды қаржыландыру тек сапалы бизнес-жоспар ұсынғанда ғана жүзеге асады. Бұл жоспарда жобаның тиімділігі, жобаны өткізу қабілеті және оның қайтарымдылығын қамтамасыз ететін тәжірибелі менеджменттің болуы, ірі, қаржылы-тұрақты компаниялардың қолдауы көрсетілуі тиіс.
Негізгі несие алушылар болып өндірістік кәсіпорындар, ауыл шаруашылық өндірушілері, сауда компаниялары, мемлекеттік ұйымдар және жеке тұлғалар табылады.
Банк ірі қарыз алушылармен қатар, шағын және орта кәспорындарға қызмет көрсетеді. Банк олармен жұмыс жасай отырып, олардың жоғары сапалы деңгейге көшуін және бизнесінің дамуын қадағалайды. Көп жағдайда Банк клиент келісім жүргізгенде кепілші (гарант) және тапсырушы (поручитель) ретінде болады.
«ЦентрКредитБанкі» АҚ несие қоржынына әсер еткен 2004 жыл Қазақстанда тұтыну несиесінің құрылу және даму жылы болды. 2004 жылы тұтыну несие көлемі 3,5есе көбейіп 3 миллиард теңгеге артты. Белгіленген мақсатқа жету үшін тұтыну несиесінің жаңа бағдарламалары өңделіп енгізілді және ағымдағы бағдарлама өзгертілді. Осылар қатарына “Потребительское кредитование на неотложные нужды” және “Автомобиль в кредит – семье не повредит” активті бағдарламаларын жатқызуға болады.
Тұтыну несиесі келесі бағдарлама шегінде беріледі:
- Білім алу;
- Қозғалмайтын объект сатып алу үшін;
- Ломбардтық несие;
- Туризмге несие, т.б.
Банк жұмысы жылдардағы
жинақталған активті