Тәуекел деңгейін бағалау және төмендету әдістері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ  МИНИСТІРЛІГІ

Ш. УӘЛИХАНОВ атындағы КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК  УНИВЕРСИТЕТІ

 

МИНИСТЕРСТВО  НАУКИ И ОБРАЗОВАНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

КОКШЕТАУСКИЙ  ГОСУДАРСТВЕННЫЙ УНИВЕРСИТЕТ 

имени Ш. УАЛИХАНОВА

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ

ФАКУЛЬТЕТ ЭКОНОМИКИ И ИНФОРМАЦИОННЫХ ТЕХНОЛОГИЙ

 

 

 

 

Қаржы кафедрасы

Кафедра Финансы

 

 

 

«Қаржылық менеджмент» пәні бойынша

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

КУРСОВАЯ РАБОТА

 

по дисциплине «Финансовый менеджмент»

Тақырыбы

   На тему        «Тәуекел деңгейін бағалау және төмендету әдістері»

 

 

 

 

 

 

Орындады:

Выполнил: Еслямова Б.Е

«Қорғауға жіберілді»  

«Допускается к защите»

Аға Оқытушы    

Преподаватель ст.преп.  Базылжанова А.С.

Бағасы 

Оценка _____________________________

 

 

КӨКШЕТАУ 2013

 

 Жоспар

 

 

Кіріспе................................................................................................................3

 

1. Тәуекел деңгейін бағалау және төмендету әдістері.

1.1. Тәуекел мәні, мазмұны  және түрлері.......................................................5

1.2.Кәсіпорын қызметінің  тәуекелін бағалау және талдау  әдістері.............8

1.3. Қаржылық тәуекелді төмендету тәсілдері.............................................11

 

2. «Қазақтелеком» АҚ филиалының қаржылық тәуекелін талдау

2.1.Кәсіпорын қызметін  қаржылық талдау...................................................16

2.2. Кәсіпорындағы қаржы  тәуекелін басқару жүйесін талдау...................22

2.3. Кәсіпорындағы қаржы  тәуекелін басқару жүйесін жетілдіру.............26

 

Қорытынды......................................................................................................29

Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................................30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

    Нарықтық экономика  жағдайында тәуекел – бұл кәсіпкерліктің  маңызды элементі. Тәуекел адамдардың  қабылдайтын шешімдерінің дұрыс  нәтижелілігіне әсер ететін көптеген  шарттар және факторлармен байланысты  қызметтердің кез келген түрлеріне  тән. Тарихи тәжірибе көзделген  нәтижелерге жетпеу тәуекелі  тауарлы-ақшалай қатынастар және  шаруашылық айналым қатысушыларының  бәсекелестігі жалпылылығында  көрінетіндігін көрсетеді. Сондықтан капиталдық қатынастардың пайда болуы және дамуымен байланысты тәуекелдің түрлі теориялары пайда болады, ал экономикалық теорияның классиктері шаруашылық қызметтегі тәуекел мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөледі.

   Тәуелсіз кәсіпкерлік  болмайды. Ең көп табысты жоғары  тәуекелді нарықтық операциялар  әкеледі. Алайда барлық жерде  шек керек. Тәуекел міндетті  түрде максималды жіберілетін  шекке дейін есептелуі тиіс. Өз  нарықтық қызметте қате жіберуден  қорықпау өте маңызды, өйткені  олардан ешкім сақтандырылмаған, ең маңыздысы- қателіктерді қайталамау. Менеджер міндеті нарықта тік  бұрылыстарды жұмсарту үшін қосымша  мүмкіндіктерді алдын ала ескеруге  бағытталған. Менеджемнттің басты  мақсаты, әсіресе Қазақстанның  бүгінгі жағдайында, ең қиын жағдайларда  табыстың тек аз ғана төмендеуі  болуы мүмкін, бірақ банкрот туралы  сөз болмауы тиіс. Сондықтан әрқашан  тәуекелді басқаруды әрқашан жетілдіруде ерекше назар аударылады; яғни тәуекел менеджментін жетілдіру.

   Нарықтық экономика  жағдайында өндірушілер, сатушылар  және сатып алушылар бәсекелстік жағдайында өздері, яғни өз үрей және тәуекел жағдайында қызмет етеді. Сондықтан олардың қаржылық болашағы көбінесе аз болжанады. Тәуекел менеджменті тәуекелді бағалау, бизнесте пайда болатын қаржылық қатынастар және тәуекелді басқару жүйесі болып табылады. Белгілі бір дәрежеде тәуекел жағдайы болуын болжамдауға және тәуекел дәрежесін уақытылы төмендету шараларын қабылдау мүмкіндік беретін түрлі тәсілдер қолданыла отырып,  тәуекелді басқаруға болады.

    Тауекел мөлшеріне  және дәрежесіне стратегия және  қаржылық менеджмент әдістерімен  жүзеге асырылатын қаржылық механизм  арқылы нақты әсер етуге болады. Бұл тәуекелді басқарудың өзіндік механизмі тәуекел-менеджменті болып табылады. Тәуекел-менеджментінің негізгі тәуекелді анықтау және төмендету бойынша ұйымдастырушылық жұмыстар болып табылады.

Бұл курстық жұмыстың негізгі  мақсаты- қаржылық тәуекелдің мәнін  толығырақ ашып, нақты кәсіпорын  мысалында қаржы тәуекелін басқару  жүйесін талдау  және оның жетіспеушіліктері  мен оны жетілдіру бойынша  ұсыныстар беру.

     Курстық жұмыс  екі бөлімнен тұрады. Бірінші  бөлімінде тәуекелді бағалау  теориясы, яғни тәуекел түрлері,  оны бағалау әдістері, тәуекелді  төмендету тәсілдері жазылған.

    Екінші бөлімінде  нарықтық экономика жағдайында  кәсіпорын мысалы ретінде «Қазақтелеком»  акционерлік қоғамының филиалы  алынып, қаржылық жағдайы, қаржылық  тәуекелді басқару жүйесі, қаржылық  тәуекелді жүйесін жетілдіру  талданады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Тәуекел деңгейін  бағалау және төмендету әдістері

1.1. Тәуекел мәні, мазмұны  және түрлері

 

    Тәуекел табиғаттың  түрлі құбылыстары және қоғамның  қызмет түрлерінің ерекшелігінен  туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар  қаупімен түсіндіріледі. Экономикалық  категория ретінде тәуекел өзімен  бірге болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін  жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс).

    Тәуекелді басқаруға  болады, яғни тәуекелділік жағдай туындауын белгілі бір шекте болжамдау және тәуекел дәрежесін төмендету үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі шаралар қолдануға болады. Көбінесе тәуекелді басқаруды ұйымдастыру тиімділігі тәуекелдің сыныптамасына тәуелді.  Мүмкін болатын нәтиже (тәуекелдік жағдайдың нәтижесіне) байланысты тәуекелдер екі үлкен топқа  бөлуге болады: таза және спикулятивтік.

     Таза тәуекелдер жағымсыз немесе нольдік нәтиже алуға мүмкіндік береді. Бұл тәуекел түрлеріне келесілер жатады: табиғи, экологиялық, саясаттық, транспорттық және коммерциялық тәуекелдер бөлімі (мүліктік, ондірістік, саудалық).

     Спекулятивтік тәуекелдер жағымды да жағымсыз нәтиже алу мүмкіндігімен сипатталады. Бұл тәуекел түрлеріне коммерциялық тәуекелдер бөлімі болып табылатын қаржы тәуекелдері жатады.

     Курстық жұмыс тақырыбы тәуекелімен байласынты болғандықтан қаржы тәуекеліне тереңірек тоқталамыз. Қаржы тәуекелі кәсіпорын қаржылық институттармен (банктер, қаржылық, инвестициялық, сақтандыру компаниялары, биржалар және т.б) қатынасы процесінде пайда болады.

   Қаржы тәуекелін  туындау себептері – инфляциялық  факторлар, банктің есептік мөлшерлемелерінің  өсуі, бағалы қағаздар құнының  тұмендеуі және т.б Қаржы тәуекелдері  екі түрге бөлінеді:

    1. Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдер;
    2. Капитал салымдарымен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер)

     Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдерге тәуекелдердің келесі түрлері жатады: инфляциялық және дефляциялық тәуекелдер, валюталық тәуекелдер, өтімділік тәуекелі. Инфляция ақшаның құнсыздануы болып табылады, бағалар өседі. Дефляция – инфляцияға кері процесс, ол бағалардың төмендеуінен және соған сәйкес ақшаның сатып алу қабілетінің жоғарылауынан көрінеді.

     Инфляциялық тәуекел – инфляция өсімі кезінде нақты сатып алу қабілеттілігі көзқарасынан өсуден көрі алынатын ақшалай табыстар тез құнсызданудағы тәуекел.  Мұндай жағдай кәсіпкер  нақты шығыстарға тап болады.

     Дефляциялық тәуекел-дефляция өсімі кезінде бағалар деңгейі төмендейді, кәсіпкерліктің экономикалық жағдайы нашарлайды, табыс төмендейді. Валюталық тәуекелдер сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да валюталық операцияларды жүргізу кезінде бір шетелдік валюта бағамының басқа да валюта бағамына қатынасының өзгермеуімен байланысты валюталық жоғалту қаупімен түсіндіріледі.

    Өтімділік тәуекелі – тұтынушылық құнының және сапалық бағаның өзгерісі себебінен бағалы қағаздар немесе басқа да тауарларды өткізу кезінде мүмкін болатын жоғалтулармен байланысты тәуекелдер.

   Инвестициялық тәуекелдер келесі ішкі жүйелік тәуекелдерді қамтиды:

1)жіберіліп  қойған пайда тәуекелі;

2) табыстылықтың  төмендеу тәуекелі;

3) тікелей  қаржылық жоғалтулар тәуекелі.

Жіберіліп қойған пайда тәуекелі – белгілі  бір шараларды (мысалы, сақтандыру, хеджирлеу, инвестициялау т.с.с.) іске асырмау нәтижесінде жанама (қосымша) қаржылық зиянның (алынбаған табыс) туындау тәуекелі.

     Табыстылықтың төмендеу тәуекелі  портфельдік инвестициялар, салымдар  және несиелер бойынша дивиденттер  және пайыздар мөлшерінің төмендеу  нәтижесінде туындауы мүмкін.

   Портфельдік инвестициялар инвестициялық  портфельдің пайда болуымен байланысты  және бағалы қағаздар және  басқа активті сатып алумен  түсіндіріледі. «Портфельдік» термині  итальян сөзінен «Porte foglio» шығып, инвесторда бар бағалы қағаздардың жиынтығын білдіреді.

   Табыстылықтың төмендеу тәуекелі келесідей тәуекел түрлерінен тұрады: пайыздық тәуекелдер және несиелік тәуекелдер.

    Пайыздық тәуекелдерге тартылған қаражаттар бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер ұсынылған несиелер бойынша мөлшерлемелерден жоғары болып кетуі нәтижесіндегі коммерциялық банктердің, несиелік мекемелердің, инвестициялық институттардың жоғалту қауіптері жатады. Пайыздық тәуекелдерге сонымен қатар акциялар бойынша дивиденттердің, облигациялар, сертификаттар және басқа бағалы қағаздар нарығындағы пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісімен байланысты инвесторлар жоғалтулар тәуекелі жатады.

   Пайыздың нарықтық мөлшерлемесінің  өсімі бағалы қағаздардың бағамдық құнының төмендеуіне алып келеді, әсіресе тұрақты пайызды облигацияларға қатысты. Пайыздың жоғарылауы салдарынан төмен тұрақты пайыз бойынша шығарылған және шығару шарттары бойынша эмитент жедел қайта қабылданатын бағалы қағаздардың массалық алынып тасталуының басталуы мүмкін. Тұрақтандырылған дәрежемен салыстырғанда орташа нарықтық пайыздың өсуі кезінде тұрақты пайыздық орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға өз қаражатынсалған инвестор пайыздық тәуекелге ұшырауы мүмкін. Басқаша айтқанда, инвестор пайыздың жоғарылауы есебінен табыстар өсімін ала алатын еді, бірақ жоғарыда көрсетілгендерге салынған өз қаражаттарын босата алмайды.

    Тұрақтандырылған деңгеймен салыстырғандағы  орташа нарықтық пайыздың төмендеуі  кезінде тұрақты пайызды орта  мерзімді және ұзақ мерзімді  бағалы қағаздарды айналысқа  шығарған эмитент пайыздық тәуекелге  ұшырауы мүмкін. Басқаша айтқанда, эмитент  нарықтан төмен пайызды қаражаттар тарта алатын еді, бірақ ол өзі шығарған бағалы қағаздармен байланысты.

Тәуекелдің  бұл түрі инфляция жағдайында пайыздық мөлшерлемелердің тез өсуі кезінде  қысқа мерзімді бағалы қағаздар үшін де мән береді.

    Несиелік тәуекел – қарыз алушының негізгі қарыз және несиелерге жататын пайыздардың төленбей қалу қаупі. Несиелік тәуекелге сонымен қатар қарыздық бағалы қағаздар шығарған эмитент қағаздар бойынша пайыздар немесе қарыздың негізгі сомасын төлей алмайтын жағдай да жатады.

  Сонымен  қатар несиелік тәуекел тікелей  қаржылық жоғалтулар түрлілігі  болуы мүмкін.

    Тікелей қаржылық жоғалтулар  тәуекелі келесі түрлерін қамтиды:биржалық  тәуекел, селективтік тәуекел,  банкроттық тәуекел, сонымен қатар  несиелік тәуекел. 

    Биржалық тәуекелдер өзімен бірге биржалық мәмілелерден жоғалту қаупін ұсынады. Бұл тәуекелдерге келесілер жатады: коммерциялық мәмілелер бойынша төлемеу тәуекелі, брокерлік фирманың комиссиялық сыйақы төлемеу тәуекелі және т.б.

   Селективтік тәуекелдер (латын тілінен selectio – таңдау, сұрыптау ) – инвестициялық портфель қалыптастырудағы басқа бағалы қағаздармен салыстырғанда инвестициялау үшін бағалы қағаздардың түрін, капитал салымының әдісін дұрыс емес таңдау тәуекелі.

    Банкроттық тәуекелі өзімен бірге  капитал салымының әдісін дұрыс  емес таңдау, кәсіпкердің меншікті  капиталын толық жоғалту және  өзіне алған міндеттемелер бойынша  есептесе алмау нәтижесінде туындайтын  қауіпті ұсынады. Нәтижесінде  кәсіпкер банкротқа ұшырайды.

    Қаржы тәуекелі өзімен бірге  уақыт функциясын ұсынады. Берілген  қаржылық актив немесе капитал  салымының түрі үшін тәуекел  деңгейі уақыт бойында жоғарылайды. Мысалы, импорттаушының шығыстары бүгінгі күнде контрактіге орытған кезден, уақыттан мәміле бойынша төлем мерзіміне дейінгі уақытқа байланысты, себебі ұлттық валютасының бағамының қатынасы өсуде.

    Шетелдік тәжірибеде капитал салымы тәуекелін саналы анықтау әдісі ретінде ықтималдық тоериясы ұсынылады. Бұл әдіс инвестициялық жобаның өткен мерзімдегі нәтижелермен байланысты ықтималды болашақтағы ақшалай ағымдарын нақты анықтауға мүмкіндік береді. Егер капител салымы жобасы бірінші мерзімде қабылданатын болса, онда келесі мерзімдерде ол қабылдануы мүмкін. Егер түрлі мерзімдердегі ақща ағымдары бір-бірімен тәуелсіз болатын болса, онда әр уақыт мерзімі үшін ақша ағымдарының нәтижелерін ықтималды орналастыруды анықтау қажет. Түрлі мерзімдердегі ақша ағымдары арасында байланыс болған жағдайда бұл тәуекелділікті қабылдап, оның негізінде келешектегі жағдай қалай болатынын елестетіп көруге болады.

 

 

1.2.Кәсіпорын қызметінің  тәуекелін бағалау және талдау  әдістері

 

      Кез келген қаржылық немесе шаруашылық операциялардың тиімділігі мен онымен бірге болатын тәуекел деңгейі бір-бірімен байланысты. Тәуекел факторын есептемей толық инвестициялық талдау жүргізу мүмкін емес. Сондықтан тәуекел деңгейін бағалау және оның нақты операция табыстылығының деңгейімен байланыстығын бағалай білу қажет.

    Тәуекелдің мәні  мен түріне тәуелсіз кәсіпкерліктің  негізгі мақсатына – салынған  капиталдан табыс алуға – тәуекелді  анықтау сәйкес келеді. Төмен  табыс табу немесе шығыстарға  ұшырау ықтималдылығы қаншалықты  жоғары болса, соншалықты жоба  тәуекелді болатыны белгілі. Капиталды  салу мүмкін нұсқауларды таңдау кезінде жиі «бұл жобаның тәуекелі төменірек сияқты» дегендей абстрактілік пайымдаулармен шектеледі. Алайда, көбінесе тәуекел деңгейін нақты анықтауға болады. Алынған нәтижелерге сүйене отырып, салымшы оған тиімді ақша салымын таңдай алады, сонымен қатар сүмкін болатын тәуекел деңгейін де төмендете алады. Тәуекелдің жоғары, орташа немесе төмен деңгейлерін ажыратады. Тәуекелдің көлемін (не деңгейін) екі критерий арқылы өлшенеді (бағаланады): орташа ауытқу мәнімен (дисперия) және мүмкін болатын нәтижелерді өзгермелілігімен (вариация). Сонымен бірге тәуекелдің орташа күтілетін мәні мүмкін болатын нәтижелерді де бағалайды. Ауытқу орташа күтілетін мәннің орташа көлемнен ауытқу өлшемі деңгейін көрсетеді.  Кәсіпорынның қаржылық тәуекелін бағалаудағы дисперия өзімен бірге тәуекелді салымдардың орташа күтілген салымдардан нақты қаржылық нәтижелердің квадраттық ауытқулардың орташа салмақты көлемін ұсынады:

                     σ²==(х-х²)/n¸

мұндағы σ² - дисперия;

х-қаржы ресірстарының  салымының әр жағдайы үшін күтілетін  мәні;

х-қаржылық тәуекелдің орташа болжамды мәні;

n – қаржы ресурстарының салымдарының саны (жиілік).

    Дисперия қаржылық  тәуекелдің жиілігінің абсолютті  тербелісін сипаттайды, ал тербелістің  салыстырмалы дәрежесін вариация  коэфиценті көрсетеді. Ол келесі  формуламен анықталады:

                       v= σ/x*100,

мұндағы v-вариация коэфиценті;

                 σ-орташа квадраттық ауытқу;

                 x- қаржылық тәуекелдің орташа болжамды мәні.

Вариация коэфиценті 1-ден 100% -ға дейін өзгеруі мүмкін. Вариация коэфиценті қаншалықты жоғары болады, соншалықты тербеліс күшті. Вариация коэфицентінің түрлі мәндеріне келесідей сапалы баға бекітілген: 10%-ға дейін –салымдардың төмен тербелісі; 10-25%-қаржылық тәуекелдің орташа тербелісі;  25%-дан жоғары -  қаржылық тәуекелдің жоғары тербелісі.

    Дисперия мен  вариацианы қолданған кезде тәуекелдің  қаржылық нәтижені алудың математикалық  ықтималдылығы бар екенін ескеру  қажет. Бұл ықтималдылық субъектісі  эксперттік жолмен немесе объективті  қаржылық тәуекелдің деңгейін  математикалық есептеу негізінде  анықтауға болады. Кәсіпорынның  тәуекелдерін бағалаудың негізгі  әдістері болып статистикалық   әдістер есептеледі. Олардың ішіндегі  перспективалы әдіс қаржылық  тәуекелдерді факторлық талдау  (факторлық жүйе моделін қолдану)  болып табылады. Мысалы, диверсификацияланған  инвестициялық тәуекелді инвестиция  объектісінің даму перспективаларының  бар-жоқтығы бойынша, бәсекелестік  деңгейі, тапсырыстар саны, келісілген  шарттар саны бойынша, ал диверсификацияланбаған  –несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелер, инфляциялық күтілімдер, ел экономикасының дамуының жалпы беталыстары бойынша бағаланады.

    Қаржылық тәуекелді  бағалаудың басқа да аналитикалық  әдістері кеңінен қолданылады.  Іскерлік белсенділік, қаржылық тұрақтылық коэффиценттері есептеледі, банкроттылыққа ұшырау ықтималдылығы анықталады, жалпы қаржылық даму деңгейі талданады. Тәуекел деңгейінің түрлі салыстырмалы сипаттамалары жасалып, рейтингтер анықталады.

    Тәуекелді бағалаудың  перспективалы әдісі модельдеу  болып табылады. Бұл әдістің негізгі  қиындығы нақты жағдайларға байланысты  модельді дұрыс  таңдау. Модельдер  қаржылық тәуекел ықтималдығын  бағалап, нақты жағдайды болжамдауға  мүмкіндік береді. Тәжірибеде тәуекелдерді  бағалауда аналогиялар әдісі  қолданылады.  Қаржы менеджерлері, мамандар түрлі шығарылымдар  немесе басқа кәсіпорындар тәжірибесі  негізінде белгілі  бір жағдайлардың  болуы, қаржылық нәтижелер алу ықтималдылығын, қаржылық тәуекел деңгейін анықтайды. Осы әдіс негізінде көптеген кәсіпорындардың тактикасы мен стратегиясы құрылады. бірақ әр кәсіпорынның өзіндік кадрлік, шикізаттық және салалық сипаттағы ерекшеліктері  бар екенін ескеру керек.

   Тәуекелді бағалаудың  негізгі әдісі кәсіпорынның қаржылық  жағдайын кешенді талдау, оның қаржылық тұрақтылығы мен төлемқабілеттілігін талдау болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдау кеңінен тараған. Оның мақсаты –кәсіпорынның балансы мен қаржылық нәтижелер және оларды қолдану туралы есебінегізінде жалпы қаржылық жағдайын және даму динамикасын бағалау. Мұнда қаражаттарды (активтерді) орналастыру мен қолдануына, олардың көздеріне (меншікті капитал мен міндеттемелер, яғни пассивтер) назар аударылады.

    Қаржылық жағдай  тұрақтылығының баланстық моделі  кеңінен танымал. Бұл модель  негізінде қаржылық тауекел облысы  анықталады және кәсіпорынның  қаржылық тұрақтылық деңгейі  талданады:

                         

                            Ф+З+Дс=Ис+Кт+К+Р

мұндағы Ф-негізгі құралдар немесе басқа айналымнан тыс активтер;

               З-запастар мен шығыстар;

               Дс-ақшалай қаражаттар, қысқа мерзімді  қаржылық салымдар,              

               дебиторлық қарыздар және басқа  активтер;

     Ис- меншікті  қаражаттар көздері;

      Кт-орташа, ұзақ мерзімді несиелер және  қарыздық қаражаттар;

     К – қысқа мерзімді несиелер;

     Р – кредиторлық  қарыздар;

       Қаржылық тәуекелді бағалау үшін қаржылық тәуекел ықтималдылығын сипаттауға мүмкіндік беретін коэффиценттерді (мультипликаторлар) есептеуде негізделетін мультипликативті әдісті қолдануға болады. Белгілі көрсеткіштерді есептеу есеп берудің белгілі баптары арасындағы қатынасын анықтауда негізделеді. Кәсіпорын қаржылық тәуекелін компьютерлік имитациясы перспективалы болып табылады. Қазіргі кезде тәуекелді бағалау бойынша дайын бағдарламалық өнімдер жиынтығы жасалған. Әр кәсіпорынды қаржылық тәуекелді жекеше модельдеу мүмкіндіктері бар. Қаржылық жағдайды болжамдау қаржылық тәуекел ықтималдылығын анықтауға, болашақта кәсіпорынның даму перспективасын айқындауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге болжамдау қаржылық талдау мен жоспарлауға сүйенеді.

     Қаржы тәуекелінің сыртқы белгілері келесілер: міндеттемелерді орындамау, төлемдерді тоқтату, салықтарды төлеу мерзімінен кешіктіру, өндірістік, коммерциялық дәстүрлі байланыстардың бұзылуы. Ішкі белгілері: өндірістің тоқтап қалуы, өткізу көлемінің төмендеуі, жұмысшылардың қызметтен босатылуы, мерзімі өтіп кеткен кредиторлық қарыздың жоғары үлесі, қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерінің төмен көрсеткіштері, каржыландыру көздері ретінде қарыздық қаражаттарды қолдану үлесінің жоғарылылығы.

Кәсіпорынның  тәуекелін бағалау үшін рейтингілік  әдіс қолданылуы мүмкін. Оның мәні: негізгі  көрсеткіштер корреляциялық-регрессиялық талдау көмегімен топтастырылады. Кейін  кәсіпорынның эксперттік өлшем бойынша  белгілі көрсеткіштердің орта салмақты рейтинг мәні (орны) ретінде есептелетін  интегралды рейтингі анықталады. Келесі кезеңде кәсіпорынның талданатын топтарындағы тәуекел деңгейі бойынша әр кәсіпорынның интегралды рейтинг мәні есептеледі. Рейтингте бірінші орынды экономикалық потенциалы жоғары және төмен деңгейлі тәуекелді кәсіпорын алады.

     Кәсіпорынның экономикалық қызметінің тәуекелін сапалы бағалау төмендегілерді қарастырады:

  • тәуекел факторларын анықтау;
  • тәуекел туындайтын жағдайларды талдау;
  • тәуекелдердің потенциалды облысын анықтау;

Әр кәсіпорында  жіберілетін тәуекелдің облысын  анықтау қажет. Тәуекел облысы –  жалпы жоғалтулар бекітілген тәуекелдің шекті мәнінен аспайтын мүмкін болатын  жоғалтулардың кейбір зонасы. Тәуекел  көлеміне (зона) салалар ерекшеліктері, халық шаруашылығының құрылымдылық қайта құру жағдайында сала жағдайының өзгерісі, өндірістің мерзімдік сипаты, капитал айналымдылығының жылдамдығы, өндірілетін өнім диверсификация мүмкіндігі, клиенттер мен жабдықтаушылар диверсификациясы, әлемдік нарыққа шығу мүмкіндігі әсер етеді.

Саланың арнайы тәуекелдерін ескеру қажет. Тәуекелдің келесі облыстары бар:

  • тәуекелсіз зона;
  • минималды тәуекел облысы;
  • жоғары тәуекел облысы;
  • критикалық тәуекел облысы;
  • жіберуге болмайтын тәуекел облысы.

 

1.3. Қаржылық тәуекелді  төмендету тәсілдері

 

     Қаржы тәуекелдері түрлі әдістер мен тәсілдер көмегімен шешіледі. Қаржы тәуекелдерін шешу құралдары болып олардан қашу, ұстап қалу, беріп жіберу, деңгейін төмендету. Тәуекелден қашу тәуекелмен байланысты шарадан жай ауытқумен түсіндіріледі. Алайда кәсіпкер үшін көбінесе тәуекелден қашу пайда алу мүмкіндігін қолданбауды білдіреді. Тәуекелді ұстап қалу –тәуекелді инвестордың жауаптылығына қалтыру. Сонымен, инвестор венчурлік капиталды сала отырып, венчурлік капиталдың мүмкін болатын жоғалтуларын меншікті қаражаттары есебінен өтей алатынын алдын ала ескереді. Тәуекелді беріп жіберу инвестор тәуекел жауаптылығын басқа біреуге, мысалы сақтандыру қоғамына, беріп жіберумен түсіндіріледі. Бұл жағдайда тәуекелді беріп жіберу қаржы тәуекелін сақтандыру жолымен жасалды. Тәуекел деңгейін төмендету – жоғалтулар ықтималдылығын және көлемін қысқарту.

Қаржы тәуекелін шешуде нақты құралдарды таңдауда инвестор келесі принциптерге сүйенуі тиіс:

меншікті капитал мүмкіндігінше  ғана тәуекел етуге болады;

тәуекелдің соңын ойлау  керек;

аз нәрсе үшін көппен тәуекел  етуге болмайды.

Бірінші принципке сүйенуде инвестор капитал салымын жасаудан бұрын тиіс: берілген тәуекел бойынша  мүмкін болатын шығыстар көлемін  максималды түрде анықтау;

Оларды (шығыстар) капитал  салымының көлемімен салыстыру;

Оларды (шығыстарды) барлық меншікті қаржы ресурстармен салыстырып, инвесторды банкроттыққа әкелмей ме екенін анықтау. Капитал салымы бойынша шығыстар көлемі бойынша шығыстар көлемі капитал көлеміне тең, не одан кіші, не үлкен болуы мүмкін.

   Портфельді инвестиция  кезінде, яғни екінші ретті  нарықта сатуға болатын бағалы қағаздарды сатып алған кезде шығыс көлемі әдетте шығыстанатын капитал көлемінен аз. Инвестордың өзіндік қаржылық ресурстардың көлемі және максималды мүмкін болатын шығыстар көлемінің арақатынасы банкроттыққа апаратын тәуекел деңгейі. Ол тәуекел коэффицентімен өлшенеді:

                                        Кр=У/С

мұндағы   Кр - тәуекел  коэффиценті;

                 У – максималды мүмкін болатын  шығыс сомасы;

                 С – нақты түскен қаражаттар  есебімен өзіндік қаржылық 

                        ресурстар көлемі.

Екінші принципке сүйену инвестор шығыстың максималды мүмкін болатын көлемін біле отырып, оның тәуекелдің ықтималдылылығы қандай екенін анықтауды және тәуекелден (яғни шарадан) бас тарту, тәуекелді өз жауаптылығына алу немесе тәуекелді  басқа тұлғаның жауаптылығына алу  немесе тәуекелді басқа тұлғаның жауаптылығына беру шешімін қабылдауды талап етеді.

   Үшінші принциптің  қызмет етуі қаржы тәуекелін  әсіресе беріп жіберуде көрінеді. Бұл жағдайда инвестор сақтандыру  сомасы мен сақтандыру сыйақы  өзіне жағымды арақатынасын анықтау  тиіс. Сақтандыру сыйақысы немесе  сақтандыру жарнасы – бұл сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру тәуекелі үшін төлемі. Сақтандыру сомасы – материалдық құндылықтар (немесе сақтанушының азаматтық жауапкершілігі, өмірі және денсаулығы) сақтандырылған ақша сомасы. Егер шығыс көлемі сақтандыру сыйақысын үнемдеумен салыстырғандағы үлкен болса, онда тәуекел ұсталынып қалуы тиіс емес,  себебі инвестор тәуекелді өзіне алмау керек.

Жобаның жоғары дәрежелі қаржылық тәуекелділігі  оны жасанды төмендету жолдарын іздеу қажеттіліктеріне әкеледі. Тәукелелділік  дәрежесін төмендету – жоғалтуының  ықтималдылығы мен көлемін қысқарту. Ол үшін әр түрлі тәсілдер қолданады:

  • Диверсификация;
  • Таңдау мен нәтижелер туралы қосымша ақпарат алу;
  • Лимиттеу;
  • Өзін - өзі сақтандыру;
  • Валюталық тәуекелділіктерден сақтандырылу;
  • Сақтандыру;
  • Хеджирлеу;
  • Байланысты облыстардағы қызметтерді бақылауға қол жеткізу;
  • Компанияның жалпы қорлардағы компанияның спецификалық қорларын пайдалану үлесін есептеу мен бағалау.