Тәуеккелдердің түрлері және қаржы менеджментінде тәуекелділікті басқару

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ                                                                                                                 2                                                            

Қаржы тәуекелін басқарудың теориялық аспектілері..........................................3

Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері.....................................................................5

Қаржылық тәуекелдер.............................................................................................8

Қаржылық тәуекелді басқару...............................................................................11

Қаржылық тәуекелдердің  басқару жүйесіне  

пайдалылығының әсері  және

 стратегиясы мен тактикасын...............................................................................15

ҚОРЫТЫНДЫ                                                                                                    21

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ                                                         22

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Тәуекел дегеніміз – тарихи және экономикалық категориялар екені  анық. Біріншіден, тарихи категория  ретінде ол – адамзатбаласысаналытүрдесезінетінқауіпдегенұғымдыбілдіреді. Өркениеттің даму деңгейінеқарайтауарлық-қаржылықбайланыстарпайда бола бастағанкездетәуекелэкономикалық категория ретінде де танылабастады. 

Экономикалық категория  ретіндетәуекел – болуы да мүмкін, болмауы да мүмкінқұбылысболыптабылады. Әрине, мұндай тәуекел бола қалған күнде оның үш түрлі нәтижесі болатындығы анықталған. Бұлнәтижелердіңбіріншісі – жағымсыз, яғни «жаманайтпай, жақсыжоқ» демекші, ұтылыс, зияншегудепаталады. Ал екіншісі, ешпайдасы да, зияны да жоқ бос әрекетпен аяқталатын нәтиже. Үшіншісі – әрине, тәуекелдіңтөресі, яғниұтысқа, пайдатабуғақолжеткізгенжағымдынәтиже.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаржы тәуекелін  басқарудың теориялық аспектілері

Тәуекелшілдікті мүмкіндігінше  тізгіндеп, басқарып отыруға болады. Былайшаайтқанда, тәуекелжасаудыталапететінжағдайлардыболжап, оны насырғашаптырмаудыңамал-тәсілдерінқарастырудыңүштүрліжолы бар. 
Қаржылықтәуекелкәсіпорынныңқаржыинституттарымен (банктермен, қаржылық, инвестициялық, сақтандырукомпанияларымен, биржалармен т. б.) байланысыбарысындатуындайды. Мұндайтәуекелгесебепболатынжәйттер – инфляция факторлары, банктердіңесептікставкаларыныңөсуі, құнды қағаздар бағасының төмендеуі т. б.

Қаржылық тәуекелдің екі түрі бар; біріншісі – ақшаныңқұндылығына, яғнисатыпалумүмкіндігінебайланыстытәуекелдер, екіншісі – қаржықұюға (инвестициясалуға) байланыстытәуекелдер. Ақшаныңқұндылығына, демексатыпалумүмкіндігінебайланыстытәуекелдердіңқатарына: инфляциялықжәнедефляциялықтәуекелдер, валютағақатыстытәуекелдер, соныменбіргеағымдағы (ликвидті) тәуекелдежатады.Инфляция – ақшаныңқұнсыздануы, яғнибағаныңөсуіекендігібұлкүндебаршамызғамәлімжәйт. Алдефляциякерісінше, бағаныңтөмендеуіжәнеосығанорайақшақұнының, демек, сатыпалумүмкіндігініңартуы.Инфляциялықтәуекелдіңқауіптіжағы, инфляцияөскенжағдайдатүскенпайданың, яғниқаржыныңшынайысатыпалумүмкіндігінендетезірекқұнсыздануыболыптабылады. Мұндайжағдайдакәсіпкерлікжүйеніңайтарлықтайзияншегетіндігіанық.

Дефляциялық тәуекелдің қауіпті  жағы – бағаның төмендеуі және соған байланысты кәсіпкерлік бағыттағы  экономикалық ахуалдың нашарлауы, өнім сатудан түсетін табыстың азаюы  болып табылады. 
Инвестициялық тәуекелдің мынандай қауіпті түрлері бар: пайда табу мүмкіндігін қолдан шығарып алу, табыстың азаюы және қолдағы қаржыдан айрылу.Несие тәуекелінің қауіпті тұсы – несие алушының негізгі қарыз бен оның өсімін несие берушіге белгіленген мерзімде қайтара алмауы. Соныменқатар, қарызғашектелген құнды қағаздардышығарушыэмитенттіңоғанлайықтыөсімдінемесеқарыздыңнегізгісомасынтөлеугеқабілетсізболыпқалуы да жатады.

«Тәуекелтүбі – желқайық, өтесің де кетесің» дегенхалықданалығы бар.Әрине, халықайтса, қалтайтпайды. Бірақоныңмәні  мен мағынасын, реті мен орнынтүсінебілуүшінтереңпайым, биікпарасатқажет. Сондықтан да бұлтұстатәуекелдің де түр-түріболатынынестеберікұстағанжөн. Қаржытәуекелінеқадамбасартұста «Жетіретөлшеп, бірреткес» дегеннақылсөздіестеншығармағанабзал. Өйткені қаржыныңқашан да нақтыәріқатаңесептісүйетінідәлелдеудіқажететпейтінақиқат.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Тәуекел мәні, мазмұны және түрлері

Нарықтық қатынастар дами келе, күтілетін нәтижені алудағы  айқынсыздық пен сенімсіздік  пайда болады, сәйкесінше тәуекел туады. Кәсіпорынның қызметінде әртүлі тәуекелдерді төмендету немесе олардың алдын - алудың құрамдарын және сәйкес бағалау әдістерін қалыптастырудың қажеттілігі пайда болады. Сондықтан менеджер сыртқы ортаның анықсыздығымен жалпыланған тәуекелдерден сақ болу әдістерін тауып, ұсынуы міндетті болады.

Тәуекел – қоршаған ортаның  табиғи жағдайларынан (сел, жер сілкінісі, су тасқыны және т.б.) және адам қоғамның әртүрлі қызметінен  мүмкін болатын шығындалуы қауіпсіздігі. Тәуекел - бұл тарихи және экономикалық категория.

Тарихи категория ретінде  тәуекелді адам сезетін мүмкін қауіп-қатер  деп түсіндіруге болады. Тарихи тәуекел  қоғам дамуының барлық жолымен байланысты.

Экономикалық категория  ретінде тәуекел бұл іс жүзіне асатын немесе аспайтын жағдай. Бұл  жағдай пайда болған кезде 3 экономикалық нәтиже болуы мүмкін: теріс (жеңілу, зиян, шығын), нольдік және оң (жеңіп  шығу,  табыс, пайда).

Сәйкесінше, өндіріс менеджментіндегі тәуекел - бұл болжанған нұсқаумен  салыстырғанда табыстың төмендеуі  немесе шығындардың пайда болу ықтималдылығы.

Тәуекелсіз бизнес болуымүмкінемес. Тәуекелдіңөсуі - кәсіпкерлікеркіндіктіңбелгісі.

Тәуекелдібасқаруғаболады, яғнитәуекелдіжағдайдыңбасталуынболжауғаболатынәртүрліәдістер мен тәуекелдеңгейініңтөмендеуінешаралардықолдануғаболады.

Тәуекелдібасқарудыұйымдастырудыңтиімділігікөбінесетәуекелдіңтоптамасымен (классификациясымен) анықталады. Тәуекелтоптамасы (классификация) бұлқойылғанмақсатқажетуүшінанықталғанбелгілерібойыншатәуекелдердінақтыбөлуболыптабылады

Тәуекелдітоптаудыңғылыминегізделген  жүйесіәртәуекелдіңжалпыжүйедегіорнынанықтайды. Олтәуекелдібасқарудаәдістер мен тәсілдердісәйкесіншетиімдіқолдануүшінқажет. Әр тәуекелдің сәйкесінше тәуекелді басқару тәсілі бар.

Тәуекелдіңтоптастырылғанжүйесінетәуекелтоптары, категориялары, түрлеріжәнеалуантүрлерікіреді  (сурет 15.1).

 

 

 

 

Болжамды нәтижеге байланысты тәуекелдерді келесідей екі үлкен  топқа бөлуге болады: таза және спекулятивті.

Таза тәуекелдер дегеніміз  теріс немесе нольдік нәтижеге жету. Бұл тәуекелдерге келесілерді жатқызуға  болады: табиғи, экологиялық, саяси, транспорттық және коммерциялық  тәуекелдердің бөлігі (мүліктік, өндірістік, саудалық).

Спекулятивті (алып сатарлық) тәуекелдер оң нәтижеге жету және де теріс  нәтижені алу мүмкіндігін көрсетеді. Бұл тәуекелдерге коммерциялық тәуекелдің бөлігі болып табылатын қаржылық тәуекелдер жатады.

Тәуекелдің пайда болуының негізгі себептеріне (базисті немесе табиғи тәуекелге) байланысты, олар келесі категорияларға бөлінеді: табиғи,  экологиялық, саяси, транспорттық, коммерциялық тәуекелдер.

Табиғи тәуекелдерге табиғаттың дүлей апаттарымен байланысты: жер  сілкінісі, су тасқыны, өрт, эпидемия және т.с.с. тәуекелдер жатады.

Экологиялық тәуекелдер - бұл  қоршаған ортаның ластануымен байланысты тәуекелдер.

Саяси тәуекелдер мемлекеттің  қызметімен және елдегі саяси жағдайымен байланысты тәуекелдер.

Транспорттық тәуекелдер – бұл жүкті көлікпен (автокөлік, темір жол, әуе және т.б.) тасымалдауға байланысты тәуекелдер.

Коммериялық тәуекелдер –  қаржы-шаруашылық қызмет үрдісінде   ысыраптың болуы қауыпсыздігін көрсетеді.

Құрлымдық белгісі бойынша  коммериялық тәуекелдер мүліктік, өндірістік, саудалық  және қаржылық болып бөлінеді.

Мүліктік тәуекелдер - бұл  ұрлау, диверсия, техникалық және технологиялық  жүйелердің шектен тыс шығуы себептері  бойынша кәсіпкер мүлігінің жоғалту  ықтималдығымен байланысты тәуекелдер.

Өндірістік тәуекелдер - әртүрлі факторлардың әсерінен (қондырғылар, шикізат, транспорт және т.с.с. негізгі  және айналым қорларының зақымдалуы немесе бүлінуі) өндірістің тоқтап қалуынан пайда болған шығындармен байланысты тәуекелдер, және де жаңа техника мен  технологияны өндіріске енгізуімен  байланысты тәуекелдер.

Саудалық тәуекелдер төлемдерді кешіктіру, тауарды мерзіміне жеткізіп бермеу, тауарды тасымалданған кезіндегі  төлемнен бас тарту, төлемді мерзімінде төлемеу себептерінде болған шығындармен  байланысты тәуекелдер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаржылық тәуекелдер

 

Қаржылық тәуекелдер қаржылық ресурстарың, яғни ақша құралдарының, қаржылық активтердің құнсыздануынан пайда болатын жоғалтуларға байланысты.

Қаржылық тәуекелдер екі  түрге бөлінеді: ақшаның сатып  алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдер және капиталды салуымен байланысты (инвестициялық) тәуекелдер.

Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдерге  келесілерді жатқызуға болады: инфляциялық және дифляциялық тәуекелдер, валюталық тәуекелдер, өтімшілік (ликвидность) тәуекелдері.

Инвестициялық тәуекелдер келесідей  тәуекел түрлерінен тұрады: алынбай  қалған пайда, табыстылықтың төмендеуі, тікелей қаржылық жоғалтулар.

Алынбай қалған пайда тәуекелі – бұл қандай да бір шараны (мысалы, сақтандыру, инвестиция құю және т.б.) жүзеге асыру нәтижесінде пайда  болған қаржылық зиян. 

Табыстылықтың төмендеу тәуекелі несие және салымдар бойынша портфельді инвестициялар бойынша дивиденд пен пайыздар көлемінің төмендеуі  нәтижесінде пайда болады.

Табыстылықтың төмендеу тәуекелінің  келесідей түрлері бар: пайыздық тәуекелдер және несие туекелдері.

Тікелей қаржылық жоғалтулар тәуекелінің келесідей түрлері  бар: биржалық, сұрыпталған, банкроттық, несиелік тәуекелдіктер.  

Биржалық тәуекелдер биржалық келсім шарт жасаудан болатын зиян қауіпсіздігін білдіреді.

Сұрыпталған тәуекел (латын  сөзінен таңдау, сұрыптау деген мағына береді) – бұл инвестициялық портфельді құру кезінде бағалы қағаздардың  басқа түрлерімен салыстырғанда  инвестициялау үшін бағалы қағаз  түрлерін, капитал салу түрлерінінің дұрыс емес тәуекелі.

Банкроттық тәуекел кәсіпкердің  капитал салымын дұрыс таңдамау нәтижесінде өзіндік капиталын  толық жоғалту қауіпсіздігі және мойына алған міндеттерді орындай  алмауы.

 

 

 

 

1 кесте.

Қаржылық тәуекел

 

 

 

 

 

Þ

Несиелік тәуекел

Валюталық тәуекел

Сатып алушылардың төлем  қабілетсіздігі

Инвестициялық тәуекел

Пайыздық тәуекел

Инвестицияларды қайтару  бойынша міндеттерді орындау

Инфляциялық тәуекел

Шикізат пен материалдарға  бағалардың өсуі

Алынбай қалған қаржылық пайда  тәуекелі

Инновациялық қызметтің  тиімсіздігі

Негізгі қарызды және оның пайыздарын дебиторлардың төлемеуі

Коммерциялық тәуекелдер

Þ

Сұраныстың тұрақсыздығы

Аса прогресивті өнімнің  пайда болуы

Бәсекелестердің мүмкіншіліктерін жете бағаламау

Сатып алушылардың өз міндеттерін  орындамауы

Әріптестің және мердігердің  адалсыздығы

Өндірістік- техникалық тәуекел

 

 

 

 

 

 

 

Þ

Қондырғылардың үнемділіксіз жұмыс істеуі

Технологияның жетіспеушіліктері

Технологиялық өзгерістердің  жоқтығы

Қондырғылардың тозуы

Қуаттылық резервтерінің  жоқтығы

Техникалық қызмет көрсету  мен жөндеу жоспарларын орындалмауы

Қондырғылардың жоспардан  тыс бос тұрып қалуы

Қондырғыларға қосымша бөлшектерінің  болмауы

Жұмыс және қондырғыларды  жөндеу тәртібінің бұзылуы

Төтенше жағдайлар

Шикізат пен материалдардың сапасының төмендігі

Негізгі қорлардың сенімділігінің (тұрақтылығының) кемшіліктері

Ақпараттық тәуекел

 

Þ

Ақпарат түрінің, көлемінің, формасының тиімсіздігі

Берілген мәліметтерді қорғау дәрежесінің төмендігі

Ақпараттың ағымы

Аудиторлық тәуекел

Өндірісті диспетчерлеу үрдісіндегі  қателер

Әлеуметтік тәуекел

 

 

Þ

Әлеуметтік инфрақұрылымының жоқтығы

Жабық жұмыссыздық

Басқару персоналымен жұмысшылардың  өндірістік қарым-қатынасы

Жұмыс күшінің артықшылығы  немесе жеткіліксіздігі

Кәсіптік жарамсыздылық

Еңбекке қабілетсіздігі

Өндірістің зиянсыздығы

Саяси

тәуекел

 

 

Þ

Жұмысшылардың толқулары  мен ереуілдер

Транспорттық тарифтердің, төлемдердің өсуі

Энергия көздеріне бағалардың өсуі

Салық салу жүйесінің өзгеруі

Капитал қозғалысына ресми  түрде рұқсат беру немесе тоқтату

Жергілікті төрешілердің жәрдемдесуі немесе қарсы әрекеті

Өкілетті органдармен  қарым-қатынасы

Экологиялық тәуекел

Þ

Тұрғылықты аудандардың  шектен тыс газдануы

Өндірістің зияндылығы

Төтенше және апат жағдайлары

Зиянды өндіріс қалдықтарының  жоғары болуы




 

 

 Жоғарыда қарстырылған тәуекелдердің  топтама жүйесі кәсіпорынның  өндірістік-шаруашылық қызметінде, транспорттық және сауда ұйымдарында, коммерциялық банктерде, несие мекемелерінде, инвестициялық және сақтандыру компанияларында және т.б. тәуекелді басқару тәсілдерін таңдау үшін қолданылады.  

Тәуекелдерді топтастыру, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметіндегі тәуекелдерінің ерекшеліктерін толық  көрсетпейді. Осыған байланысты, өндірістік менеджментте тәуекелді басқару  үшін  көрсетілген тәуекелдер топтамасын қолдану қажет, ол кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметінің маңызды жақтарын қамтиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қаржылық тәуекелді  басқару

 

Кәсіпорынның қаржылық тәуекелдерін басқаруы әр түрлі қаржылық тәуекелдеріне  әр жақты баға беретін және олардың  мүмкін болатын нашар қаржылық нәтижелерді  жоятын, қаржылық шешімінің принцип  жүйесін, дайындау түрін, іске асырылуын  анықтайды. Қаржы тәуекелдердің  басқарылуының басты мақсаты  кәсіпорынның даму процесінде және нарықтық бағаның төмендеуін тоқтату негізінде  қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қаржы тәуекелдерін басқаруының  негізгі міндеттері төмендегі 2 кестеде  көрсетілген.

 

 

 

2 – кесте. Қаржы  тәуекелдерін басқаруының негізгі  міндеттерінің жүйесі

 

Қаржылық тәуекелдерді басқарудың негізгі мақсаты

Қаржылық тәуекелдерін басқаруының  негізгі міндеттері

Кәсіпорынның даму процесінде және нарықтық бағаның төмендеуін тоқтату  негізінде қаржылық қауіпсіздігін  қамтамасыз ету.

  1. Кәсіпорын қызметінің көтерілген қаржы тәуекелдерінің сферасын анықтау;
  2. Мүмкін болатын және тәуекел оқиғаларына әр жақты объективті баға беріп, олармен байланысты мүмкін болатын қаржылық жағдайлар;
  3. Қаржы операциясының қарастыратын табыс деңгейіне байланысты қаржы тәуекел деңгейін төмендетуін қамтамасыз ету;
  4. Тәуекел оқиғаның басталу кезінде мүмкін болатын қаржы тәуекелдерінің алдын алу.

 

Кәсіпорынның қаржылық тәуекелдерін басқару каезеңдері (3 – кесте).

 

3 – кесте. Кәсіпорынның  қаржылық тәуекелдерін басқару  кезеңдері

1

Қаржы тәуекелдерін басқаратын ақпараттық базаны құру

2

Қаржы тәуекелдерін идентификациялау

3

Қаржы тәуекел деңгейінің бағасы

4

Қаржы тәуекелінің бастапқы кезең деңгейін төмендету амалдарын  бағалау 

5

Тәуекелдік шешімдерін қабылдағанда талаптар жүйелерін жасау

6

Тәуекел шешімдерді қабылдау

7

Қаржылық тәуекелдің мүмкін болатын теріс нәтижелерін алдыру амалдарын талдау және іске асыру

8

Қаржы тәуекелдерінің мониторингі  мен тексерілуі


 

  1. Қаржы тәуелдерін басқаратын ақпараттық базаны құру.

Кәсіпорынның қаржылық тәуекелдерін басқарудың тиімділігі көбінесе пайдаланылатын информациялық базаға байланысты. Жүргізілетін қаржылық операцияның түріне және қаржылық қызметінің жеке бағыттарына сәйкес информациялық база құрылады. Құрылған информациялық базаның сапасын бағалау процесінде жеке тәуекелдерді айқындау үшін оның қалыңдығы тексеріледі; қажетті динамикалық қатарларды және қажет етілетін топтастырулар тұрғызу мүмкіндігі; информацияның пайда болу көзінің сенімділігі. Кәсіпорын пайдаланатын толық емес немесе сапасыз информациялық база бүкіл тәуекел – менеджменттін тиімділігін төмендетеді.

  1. Қаржы тәуекелдерін идентификациялау.бұл үрдіс келесі сатылардан

тұрады:

Бірінші сатыда – жалпы кәсіпорынның қаржы қызметімен байланысты тәуекел факторларын идентификациялайды. Бұл идентификациялау үрдісінде факторлар сыртқы және ішкі болып бөлінеді.

Екінші сатыда – қаржылық қызметінің әр бағытына қарай оларға байланысты сыртқы немесе жүйелік қаржы  тәуекелдер түрлері анықталады.

Үшінші сатыда  - жеке қаржылық қызметінің түріне немесе қойылған қаржылық операцияларына байланысты ішкі немесе жүйелі емес қаржы тәуекелдерінің тізімі анықталады (қаржы тұрақтылықтың төмендеу тәуекелі, кредиттік тәуекел және т.б.).

Төртінші сатыда – кәсіпорынның қаржылық қызметіне байланысты жалпы қаржылық тәуекел портфелі құрылады(мүмкін болатын жүйелік және жүйелік емес қаржылық тәуекелдерін қосады.).

Бесінші сатыда – идентификацияланған қаржы тәуекелдер портфеліне негізделіп ең тәуекелді түрлері мен кәсіпорынның қаржылық қызметінің бағытының сфералары анықталады.

  1. Қаржы тәуекел деңгейінің бағалау. Тәуекел – менеджмент жүйесінде

бұл кезең  ең қиын болып келеді, ол заманға сай әдістемелік құралдар пайдалану, қаржы менеджерлерінің жоғары деңгейлі техникалық және программалық қамтылуды қажет етеді және де керек кезінде мамандандырылған эксперртерді байланыстырады.

Бірінші сатыда – идентификацияланған әр қаржы тәуекелі түрі бойынша мүмкін пайда болатын тәуекел оқиғаны анықтайды. Бұл мақсатқа байланысты бағалаудың ең әдістемелік құрылғылары пайдаланылады, олар бәсекелестік жағдайда бұл мүмкіндік деңгейін бағалай алады. Жеке бағалау амалдарын таңдауы келесі факторлармен анықталады:

  • Қаржы тәуекел түрімен;
  • Информациялық базаның кеңдігі мен шындығы;
  • Қаржылық менеджерлерінің техникалық және программалық қамтылуы, мұндай бағалауды жүргізу үшін заманға сай компьютер технологияларды пайдалану;
  • Бағалауды жүзеге асыратын қаржылық менеджерлерінің мамандандырылған деңгейіне байланысты;
  • Күрделі қаржылық тәуекелдерді бағалауға мамандандырылған эксперртерді тартуы мүмкіндігі.

Екінші сатыда -  тәуекелді  оқиға келгенде мүмкін болатын қаржылық зиянының мөлшері анықталады.

а) тәуекелсіз аймақ.Бұнда жүзеге асыралатын операцияның тәуекелсіздігіне мүмкін болатын қаржылық жоғалтулар олар бойынша болжамданбайды. Бұндай қаржылық операцияларға хеджирлеу, қысқа мерзімді мемлекеттік облигацияларды инвестициялық қаржыландыру және т.б.;

ә) болатын тәуекелді  аймақ. Есептік жалпы табыс көлемінде қарастыратын қаржылық операция бойынша мүмкін болатын жоғарлатулар.

в) қауіпті тәуекел  аймағы. Жалпы меншікті қаржы көлемінде қарастырылатын қаржы операцияның мүмкін болатын жоғалтулары. Бұндай қаржылық  операцияларының нашар қорытындысы кәсіпорынды банкротты жағдайға әкеледі.

Үшінші сатыда – тәуекелді жағдайдың басталу мүмкіндігін ескеріп отырып және сонымен байланысты қаржылық зиянның, жеке қаржылық операциялар бойынша немесе жеке қаржылық қызметінің түрімен мүмкіндігі бойынша жалпы қорытынды қаржылық тәуекел деңгейі анықталады.

  1. Қаржы тәуекелінің бастапқы кезең деңгейін төмендету амалдарын

бағалау.

Бірінші сатыда – қарастыратын қаржылық тәуекелдерінің басқару деңгейін қарастырады.

Екінші сатыда – қарастырылатын тәуекелдерді сақтандыру компанияларға жіберу мүмкіндігін қарастырады.

Үшінші сатыда – жеке қаржылық тәуекелдер деңгейін төмендетуін қамтамасыз ететін кәсіпорынның ішкі қаржылық мүмкіндіктері бағаланады.

5. Тәуекелдік шешімдерін қабылдағанда талаптар жүйелерін жасау. Аәсіпорынның қаржылық философиясына негізделетін, оның қаржы қызметінің басқару саясатын ескеріп жүйені құру.

6. Тәуекел шешімдерді қабылдау. Қаржылық тәукелдің бастапқы деңгейін бағалау негізінде, оны төмендету мүмкіндігі тәуекелді шешімді қабылдау жәнеоны болдырмау.

7. Қаржылық тәуекелдің мүмкін болатын теріс нәтижелерін алдыру амалдарын талдау және іске асыру.

8. Қаржы тәуекелдерінің мониторингі мен тексерілуі. Кәсіпорынның қаржы тәуекелдер мониторингі келесі блрктардан тұрады:

  • Қаржылық тәуекелдерге әсер ететін факторлар мониторингі;
  • Қаржылық тәуекелдерін теріс нәтижелерін болдырмау бойынша шараларды жүзеге асыру мониторингі;
  • Қаржылық тәуекелдерді басқарумен байланысиы бюджетті шығындар мониторингі;
  • Тәуекелді қаржылық операциялар мен қаржылық қвзмет түрлерінің нәтижелерінің мониторингі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Қаржылық тәуекелдердің басқару жүйесіне   пайдалылығының әсері және стратегиясы мен тактикасын

 

    Кәсіпорын активтерінің  пайдалылығы - шаруашылық қызметтің  нәтижесін көрсететін маңызды  қаржылық категория. Корпорацияның  тауар-ақша қатынастары деңгейінде  таза табыс пайда формасына  айналады. Корпорацияның тауар нарығында  сонымен қатар жеткізуге тауар  өндірушілерде шығады. Өнімге баға  белгілеп, олар оны тұтынушыға  жеткізеді, олар оған түсім  алады, бірақ пайданы білдірмейді.  Қаржылық нәтижені анықтау үшін  өнімді өндіруге және жеткізуге  кеткен шығындар мен түсімдердің  арақатынасын анықтау керек және  ол өзіндік құн формасын қабылдайды.

 

    Түсім өзіндік  құннан жоғары болған жағдайда, қаржы нәтижелері бойынша пайда   алғандығын байқаймыз. Кәсіпкер  әрқашан  алдына пайда алу  мақсатын қояды. Бірақ оны әрқашан  ала бермейді. Егер түсім өзіндік  құнға тең  болса, өнімді  өндіруге және өткізуге кеткен  шығынды өтейді. Өткізу шығынсыз  болды, бірақ сонымен қатар  пайда болмайды. Ол өндірістік, ғылыми-техникалық, әлеуметтік дамудың  негізі. Түсімнен  үлкен шығындар, корпорация шығындар  алады- ол теріс қаржылық нәтиже. Ол қиын қаржылық жағдайға  әкеледі, банкроттыққа ұшырау  мүмкіндігі бар.

 

    Пайда – нарықтық  қатынастытың маңызды  категориясы  ретінде бірнеше  анықталған  функцияларын атқарады. Пайданың  мағынасы сол, ол қаржылық нәтижені  білдіреді. Пайданың көлеміне  мынадай факторлар  әсер етеді:  нарық конъюктурасы, амортизацияны  есептеудің көлемі, еңбекақы төлеу  көлемі, шаруашылық деңгейі, өнімнің  бәсекелестікке қабілеттілігі, өндірістің  ұйымдастырылуы, қаржылық болжаудың  жағдайы мен әсері.

 

    Жоғарыда  айтылған  факторлар пайдаға тікелей   емес, тауардың өткізу көлемі  мен өзіндік құны арқылы әсер  етеді. Сондықтан соңғы қаржылық  нәтижелікті анықтау үшін өткізуге  арналған тауар көлемімен шығындар  мен ресурстардың бағасын салыстыру  керек. 

 

    Пайда ынталандыру  функциясын атқарады және бір  мезгілде қаржылық нәтижелік  болып табылады, корпорация ресурстарының  маңызды элементі болып табылады. Ол өз кезегінде өзін-өзі қаржыландыруға  әкеледі. Пайда сонымен қатар әр түрлі деңгейдегі бюджеттерді құруда негіз болады. Ол бюджетке салық түрінде және басқа да табыстармен түседі. Халықты қаржылық қанағаттандыру үшін мемлекеттің өзіндік функциясын анықтайды.

 

    Нарықтық  экономикада  пайданың маңызы өте  зор.  Пайдаға деген ұмтылыс тауар   өндірушілерді тұтынушыға қажетті,  аз шығынмен өндірілетін тауар  көлемін  ұлғайтуға әкеледі.  Кәсіпкерге пайда өзіндік белгі  болып табылады, ол қай жерде  бағаның үнемділігін көрсетеді  және осы сфераға ақша салудың  стимулы болып табылады. Пайданы  экономикалық категория ретінде  қарағанда біз оны обстрактілі  түрде айтамыз. Бірақ корпорацияның  шаруашылық және қаржылық қызметін  болжау және бағалау кезінде  корпорацияның меншігінде қалған  нақты көрсеткіштер пайда болып  табылады. Басты ақпараттық көрсеткіш  болып баланстық пайда табылады.

 

    Баланстық пайда  − кәсіпорынның тауар өткізуден   және тауар өндіруге байланысты  емес табыстарының жиынтығы. Баланстық  пайданы келесі схема түрінде  көрсетуге болады:

 

    Пайда мемлекет  пен корпорация арасында бөлінеді. Мемлекетке арналған пайда мемлекетпен   белгіленген салықтар мен жинақтар. Корпорацияның таза пайдасы баланстық   пайдадан салық пен басқа да  міндетті төлемдерді алып тастағанға  тең. Таза пайда корпорацияның  жарғысына сәйкес келесі қорларды  құруға бағытталады:

 

    − Қорлану қоры. Өндірістік, ғылыми−техникалық   және әлеуметтік дамуға арналып  жұмсалады.

 

    − Тұтыну қоры.

 

    Пайда жалпы  түрде – ол баға мен өзіндік  құнның айырмасы. Жоспарлы кезеңдегі  тауарлық шығаралым бойынша пайда  жоспарлы кезеңдегі тауар шығарылымының  бағасы жоспарлы кезеңдегі тауарлық  өнімнің өзіндік құнын шегергендегі  ағымдағы бағаға тең. 

 

    Осы кезеңге  өзкізуге арналған тауардың жоспарланған  пайда мөлшері (ҚҚС, тауарлық  және тұрмыстық жеңілдіктерді  қоспағанда) алдағы кезеңдегі тауарлардың  толық өзіндік құнын шегергендегі  ағымдағы бағамен өткізуден түскен жоспарлық түсімге тең.  Егер жоспарлы кезеңнің бағасымен ағымдағы өнімнің бағасын ескерсек, өнімді өткізуден түскен пайда жоспарлы жылда өнімнің қалдық құнына тең. Жоспарлы жылда өткізілмеген тауарлық өнімнен пайда, ол алдағы кезеңде өткізуге арналған тауарлық өнімдерден жоспарлы жылда өткізілмейтін дайын өнім түріндегі қалдықтар алғанға тең.