Волейбол. 2
Мазмұны
Кіріспе .............................. .............................. .............................. .............................. ..........2
1 бөлім
1.1 Мектеп жасындағы балалар дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері...................3
1.2 Дене тәрбиесіндегі
ойын әдісі.................... .............................. .............................. ......6
1.3 Спорттың адам өмірінде
алатын орны................... .............................. .......................8
Волейболдың дамуы және пайда болуы.........................
.............................. .........10
2 бөлім
2.1 Сабақ уақытында волейбол
ойын тәсілдерін үйрету және
оны жетілдіру жолдары......... .............................. .............................. .............................. .........12
- Тұрғын жайдары волейбол......................
.............................. .............................. ...17
2.3 Ойынның техникасы мен
тактикасын оқыту..............
2.4 Доп беруге оқыту
методикасы....................
2.5 Допты ойынға қосу.......................... .............................. .............................. ................23
2.6 Шабуылдағы соққылар...........
3 бөлім
3.1 Қорғаныстағы ойын техникасы... .............................. .............................. ...................28
3.2 Қорғаныста ойнауға
оқыту методикасы.............. .............................. ........................30
3.3 Жарысты ұйымдастыру................... .............................. .............................. ...............32
3.4 Төрешілердің міндеті.......... .............................. .............................. ............................34
3.5 Жарыс алаңы және
керекті заттар................ .............................. ..........................35
3.6 Воллейбол ойынының
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер.................... .............................. .............................. ............40
Кіріспе
Спорт және қимыл ойындары – дене тәрбиесінің сезімталдыққа негізделген тәсілі, олар денсаулықты сақтауға және нығайтуға өте тиімді.
Сірә, спорт ойындарының ең қолайлы, кең тараған түрі волейбол болса керек. Енді осы ойынның адам организіміне әсері туралы қысқаша тоқталайық.
Ойын тактикасының қарапайымдылығы және доп үшін тікелей тартыстың жоқтығы волейболдың кқпшіліктің жаппай айналысуына жол ашты.
Ал волейболшылардың организіміне түсетін салмақ мөлшері орташа деңгейде. Денеге аса күшті әсер ететін қимыл – жүгіру мұнда аз қолданылады. Волейбол ойнау реакциясы жылдамдығын, ептілікті, төзімділікті қалыптастыруға көмектеседі, тыныс, жүрек, тамыр, бұлшық ет жүйелерін нығайтады, ой шаршауынан арылады, жалпы алғанда организімге игі әсер етеді, волейбол адамды коллективтік қимылға, жеке бас мүддесінің команда мүддесіне бағындыра білуге, тәртіпті болуға, өзгелерге дер кезінде көмекке келуге үйретеді.
Дәрігерлер мен дене шынықтыру, спорт мамандарының бірауызды пікірінше, волейболдың емдеу-сауықтыру мүмкіндіктері орасан зор.
Сондықтан да осынау тамаша ойын әрбір мекеме, жоғары оқу орны, мектеп, демалыс орны, тұрғын жайда берік орын алса, нұр үстіне нұр болар еді.
Споттық ойын ретінде волейболдың пайда болуы және дамуы. Хақаралық барша бұқарасына волейболмен шұғылдануға жолдың ашықтығы. Халықты сауықтыруға және бұқаралық спортты дамытуға волейболдың міндеті. Соғыстың алдынғы жылдарындғы Волейболдыңдамуы. Волейбол республикалық кешендік спорт мектептерінің бағдарламасында. Соғыстан кейінгіалғашқы жылдарда және соғыстан деінгі жылдарда волейболдың дамуы салыстырмалы мәліметтер. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан волейболы. Қазақстан волейболшыларының Қазақстан және Орта Азия Спартакиядаларының бағдарламасының біріншіліктерге қатысуы.
1956-жылға дейінгі біріншіліктері
мен чемпионаттары. Қазақстан волейболшыларының
халқаралық жарыстарға қатысуы.
Қазақстан волейболшылары- Олимпиадалық
ойындар, Әлем және Европа чемпиондары.
Волейболдың дене тәрбиесі және тұрғындарды сауықтыру жүйесіндегі орны. Разрядты талаптардың және бақылау нармативтерінің ғыдыми әдістемелік негізі.
Спорттық разрят және дәреже алу үшін разрядтық талаптар және волейболшылардың техникалық-тактикалық дайныдығының нормативтері.
Дене шынықтыру иниститутунда жоғары дәрежелі мамандарды даярлау (оқытушылар және жаттықтырушылар) волейболдың арғы қарай дамуының маңзыды шарттардың бірі. Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру т.б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, щабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу, допты қарсыласының алаңына алдап тастау т.б. Демек адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бір түрі.
1.1 Мектеп жасындағы балалар дене тәрбиесінің
маңызы мен міндеттері
Мектеп жасындағы балалардың денсаулығына, дене дайындығына, өмірге қажет әр түрлі қозғалыс іскерлігі мен дағдысының қалыптасуына дене тәрбиесінің маңызы өте зор. Осы кезеңде оқушылар дене тәрбиесі және спорттық қимыл-әрекеттермен белсенді шұғылданбаса, олардың денесі жан-жақты, толық дамымайды. Дүниежүзі, Ресей және Қазақстан ғалымдарының пайымдауынша мектеп жасындағы оқушылардың қимыл белсенділігі аптасына 8-12 сағаттан кем болмауы қажет. Қимыл-әрекет белсенділігінің аздығы баланың денсаулығын нашарлатады, ағзаның қорғаныс күшін әлсіздендіреді, дене дамуын толық қанағаттандырмайды.
Бала ағзасының табиғи даму шыңы жоғарғы сынып жасына келетіндіктен негізгі дене қабілеттілігі мен функционалдық мүмкіншіліктерін осы мектеп жасында жетілдіру қажет. Барлық дене қасиеттерін дамыту және тәрбиелеуге ең қолайлы, тиімді кезең – мектеп жасындағы уақыт. Онан кейінгі кезеңдерде оларды дамыту өте қиынға соғады.
Мектеп жасындағы кезең әр түрлі қимыл-әрекеттерді үйретуге, жетілдіруге, өмірге қажет қимыл ептілігі мен дағдысын қалыптастыруға ең қолайлы кезең болып есептеледі. Осы кезеңде үйренбеген қимыл-әрекеттерді, кейін адам денесі қатып, буын жылжымалығы, сіңір созылымдылығы азайып, қозғалыс шеберлігі нашарлап қалған кезде үйрену, жетілдіру қиынға түседі. Бала кезінде әр түрлі, көп үйренген, жетілдірілген, дағдыланған қимыл-әрекеттер адамға кеңістікте оңтайлы, епті, жеңіл қозғалуға мүмкіншілік береді. Жаңа, күрделі қимыл-әрекеттерді жылдам үйреніп алуға жол ашады. Ал мектеп жасын босқа, әрекетсіз өткізіп алған адамдардан мысал іздегіңіз келсе, дене тәрбиесі сабақтары дұрыс өтпеген мектептерді бітірген адамдардың ебедейсіз, орашолақ қимыл-әрекеттерін көресіз, солардан мысал табасыз.
Дене тәрбиесі сабақтары және спорттық жаттықтырулармен айналысқан оқушылардың бос уақыттары аз болады, олар әр минөттарын санап, қадірлеп өмір сүреді. Спортпен шұғылданатын балалар шылым шекпейді, ішімдік ішпейді, нашақор болмайды, бос уақыттарын үнемді пайдаланады, ондай келеңсіз іс-әрекеттермен айналысатын адамдардың арасында болмайды. Өйткені олардың бос уақыттары аз, адам ағзасына зиянды нәрселерді біледі, ондай әрекеттерге барса денсаулық нашарлайтынын, спортта жоғарғы нәтижеге жете алмайтындықтарын түсінеді.
Мектеп жасында балалардың ағзаларына әсер ететін дене тәрбиесі жұмыстары дұрыс ұйымдастырылса, ол оқушының дене және ақыл-ой жұмыс қабілеттілігі деңгейінің көтерілуіне себеп болады. Осыған жетер жол дұрыс жоспарлануы, оқушылар белгілі білім негіздерін, әр түрлі ақпараттарды дұрыс алуы, меңгеруі, түсінуі керек. Оны түсінген оқушы өзінің дене және ақыл-ой, жұмысқа қабілеттілігі деңгейін жоғарылатуға тырысады, ұмтылады.
Дұрыс ұйымдастырылған дене тәрбиесі жұмыстары оқушылармен жүргізілетін басқа өнегелік, эстетикалық, еңбек, ақыл-ой тәрбиелерінің міндеттерін орындауды оңайлатады.
Мектеп жасындағы оқушылардың дене тәрбиесінің міндеттері:
Сауықтыру міндеттері:
1. Денсаулықты нығайту, дұрыс мүсінді қалыптастыру, ағзаның барлық жүйелері мен функцияларын дамыту, жүрек қан-айналысы, тыныс алу, орталық жүйке жүйесін нығайту, зат алмасу үрдісін белсенді ету.
2. Сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне ағзаның қарсылық күшін жоғарылату. Мүмкіншілік болғанынша дене тәрбиесі жаттығуларын, сабақтарын таза ауада өткізу қажет. Күн қызуы, ауа температурасы ылғалдылығы бала ағзасын шынықтырады.
3. Ағзаның жалпы жұмысқа
қабілеттілігін жоғарылату және
гигиена дағдыларын қалыптастыру.
Ол міндеттерді орындау үшін
оқушылар күнделікті дене тәрбиесі
жаттығуларын орындауы, оқу, демалыс,
ұйқы, тамақтану тәртіптерін сақтауы
қажет. Осы тәртіптерге бастауыш
және орта сынып жасындағы
кезеңнен бастап, үйретіп қалыптастыру
керек, өйткені бұл кезеңдер –
бала ағзасының қарқынды дамитын
кездері.
4. Жынысына, мектептегі жас
кезеңдеріне байланысты дене
қасиеттерін дамыту. Бастауыш сынып
жасындағы оқушылардың барлық
дене қасиеттерін үйлесімді дамыту
керек. Бірақ негізінен жылдамдық
және қимыл үйлесімділігі, ептілікке
басты назар аудару қажет болады.
Орта сынып жасындағы балалардың
жылдамдық қабілеттілігін және
күш жылдамдылығын дамытуға баса
көңіл бөлу қажет болады. Бірақ
өте ширығып, ұзақ уақыт күш
салатын жаттығуларды беруге
болмайды. Жоғарғы сынып жасындағы
оқушылардың күш жылдамдығы қасиетін
дамытуға, жалпы және аэробты
төзімділікті дамытуға көп көңіл
бөлген дұрыс болады.
Білім беру міндеттері:
1. Өмірге қажетті қозғалыс
іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру
және жетілдіру. Оқушыларды қалыптастыру
үшін керек қозғалыс іскерлігі
мен дағдылары мынандай бес
топқа бөлінеді (З.И. Кузнецов, 1968): 1)
адамға кеңістікте қозғалуға
көмектесетін қозғалыс іскерліктері
мен дағдылары. Олар: жүру, жүгіру, суда
жүзу, шаңғы тебу; 2) адам қозғалғанда
оның денесін басқаруға керек
дене қалпы мен тұрыстарының
дағдылары. Олар: негізгі тұрыс, бастапқы
қалып, әр түрлі дене қалыптары,
тұрыстары, саптық жаттығулар және
т.с.с.; 3) әр түрлі қозғалыстарды
спорттық құралдармен орындау
дағдылары. Олар: доптармен, секіртпелермен,
батпандармен, гимнастикалық таяқтармен
жаттығулар; 4) қол, аяқ қозғалыстарын
дененің басқа мүшелерінің қозғалыстарымен
үйлестіре, басқара білу дағдылары.
Олар: аунап түсу, ілініп тұру, жоғары
көтерілу, таяну, тепе-теңдік сақтау;
5) қолдан жасалған кедергілерден
өтуді қамтамасыз ететін кешенді
қозғалыстарды орындайтын дағдылар.
Олар: тіреле секірулер, өрмелеулер,
ұзындыққа және биіктікке секірулер;
2. Дене тәрбиесі мен
спорт саласында керекті білімді
қалыптастыру. Оқушылар төмендегілерді
білуі керек: 1) дене тәрбиесі жаттығуларының
ережелері мен жолдарын; 2) ағзаның
негізгі жүйелеріне дене тәрбиесі
жаттығуларының әсерін; 3) өз бетімен
жаттығулар ережелері мен әдістерін;
4) дене жаттығулары сабақтары, жаттығулар
кезіндегі өзін-өзі бақылаудың
негізгі тәсілдерін; 5) жанұядағы
дене тәрбиесінің рөлін;
Тәрбие беру міндеттері:
1. Дене тәрбиесі жаттығуларын
саналы түрде демалу, жаттығу,
жұмыс қабілеттілігін арттыру, денсаулықты
нығайту кездерінде қолдану қажеттілігі
мен біліктілігін тәрбиелеу. Дене
тәрбиесі мен спорт маманына
осы міндеттерді іске асыру
үшін оқушыларға өз беттерімен
жаттығулар жасауға жағдай жасау
керек. Ол үшін: оқушылардың дене
тәрбиесі мен спорт саласындағы
білімділігін арттыру, дене тәрбиесінің
қажеттілігіне деген бұлтартпас
дәлелдермен оларды қаруландыру,
өмірге қажет қозғалыс іскерлігі мен
дағдысының негізгі техникаларын дұрыс
орындауды, әдістемелік-ұйымдастыру шеберлігін
қалыптастыру қажет болады. Оқушылар өздерінің
жаттығуларын дұрыс құрастыра, жүктемені
мөлшерлей білуі керек. Оларға дене қасиеттерін
дамыту, тәрбиелеу әдістерін, өзін-өзі
бақылау тәсілдерін қолдана білуді үйрету
керек.
2. Психикалық үрдістерді
дамытуға көмектесетін өнегелік,
эстетикалық, жігерлілік, еңбек сүйгіштік,
батылдылық қасиеттерін тәрбиелеу.
1.2 Дене тәрбиесіндегі ойын әдісі
Уақытпен белгіленген жаттығулар әдістерінің әр түрлілігі мен барлық құндылықтарына қарамастан, оларда, негізінен, дене тәрбиесі үрдісінде орындаушылардың әрекеттерін және оларды орындау шарттарын толық реттеуін болжайтын басты әдiстемелiк сызықтардан тек біреуі iске асырады. Белгілі жағдайларда ойын және жарыс әдістерімен байланысты басқа да әдістер маңызды мәнге ие болады.
Ойынның маңызы – бұл алуан түрлі қоғамдық оқиға, жалпы айтқанда, дене тәрбиесі саласынан және тұтастай тәрбиеден жоғары тұрады. Ойын тарихтың ерте кезеңінде пайда болып, қоғамның бар мәдениетімен бірге дамып, өзінтану және сыртқы байланыста әр түрлi қажеттiлiктердi қанағаттандыруға, рухани және дене құрылысының кемелденуіне, демалыс пен ойындарға қызмет етті және қызмет етеді. Дегенмен ойынның басты қызметтерінің бірі - педагогикалық, бұл ойын ертеректен тәрбиенің негізгі құралдары мен әдістерінің бірі болып табылады. Тәрбие саласында ойын әдісінің түсінігі ойынның әдістемелік ерекшеліктерін көрсетеді, яғни оны әдістемелік қатынаста басқа тәрбие әдістерінен ерекшелейтін. Сонымен қатар ойын әдісі басқа футбол, волейбол немесе қарапайым қозғалыстағы ойындар сияқты белгілі ойындармен міндетті түрде байланысты емес. Негізінен, олар кез келген, әрине, егер бұл әдістің ерекшеліктерімен сәйкес келетін болса, дене жаттығуларының негізінде қолданыла алады.
Ойнаушылардың қызметі бейнелі немесе тұрақты «сюжетке» сәйкес ұйымдастырылады, тұрақты және едәуір мөлшерде кездейсоқ өзгеріске ұшыраған жағдай шарттарындағы белгілі мақсатқа жету ескеріледі. Ойын сюжеті тікелей бейнелі шағылысумен қоршаған шындықтан немесе басқа қолданбалы әрекеттер мен өмірлік қатынастардан (мысалы, қарапайым қозғалыс ойындарындағы еңбек, тұрмыстық әрекеттер) алынады немесе ойыншылардың өзара іс-әрекетінің шартты сызбасы ретінде (әсіресе қазіргі спорт ойындарына тән) дене тәрбиесінің қажеттілігіне сүйене арнайы жасалады. Ойын мақсатына жету мүмкіндігі (жеңіс), әдетте, қандай да бір әрекет әсерімен байланысты емес. Жеңіске жетудің ойын ережелерімен рұқсат етілген әр түрлі жолдары әрқашан болады, мiнез-құлықтың ортақ қырын шектейтін, бiрақ нақты әрекеттердi алдын ала анықтамайды. Дене тәрбиесі үрдісінде ойын әрекеті әдеттегідей кешенді мінезге ие, яғни әр түрлі қозғаушы әрекеттерден тұрады: жүгіру, секіру, лақтыру, т.б.
Кейде ойын әдісін біркелкі әрекеттер негізіне қатысты қолданады. Мысалы, «фартлек» («жарыс ойын») – ойын әдісінің үздіксіз айнымалы жаттығу әдісімен өзіндік байланысы, мұнда әр түрлі қарқындылықта жүгіру немесе жүріспен кезектестірілетін жүгіріс қатысушылардың арасында ойын бәсекелестігі түрінде өткізіледі. Белгіленген ерекшеліктер күшіне ойын әдісі ойыншыларға қозғалтқыш тапсырмалардың шығармашылық шешімі үшін пайдалануға жер береді, ойын барысында жағдайдың тұрақты және оқыс өзгеруі осы тапсырмаларды қысқа мерзімде және қозғаушы қабілеттіліктерді толық жұмылдырумен шешуге міндеттейді.
Көп ойындарда аралық қатынаста болса да, бірақ психикалық кернеуліктің жеткілікті жоғары деңгейінде белсенді тұлғааралық және топ аралық қатынастар жаңғырады, олар ынтымақтастық түрінде (бір топ ойыншыларының арасында), сол сияқты бәсекелестік түрінде (жұп арасындағы қарсыластар және топтық ойындарда) құрылады, кереғар қызығушылықтар кезігіп қалғанда ойын «жанжалы» пайда болып, рұқсат етіледі. Бұл жоғары эмоциональды қызуды тудырады және тұлғаның этикалық сапасын анықтауға көмектеседі. Ойын әдісі әрекеттердің құрамы ретінде алдын ала қарауға, сонымен қатар әрекет етушілерге әсер ету дәрежесі де рұқсат бермейді. Ойын мақсатына ойын жағдайларындағы тұрақты және оқыс өзгеріс, өзара әрекеттің жоғары эмоцианалдығы мен динамикалығы сияқты әр түрлі тәсілдермен жету мүмкіндігі – осының бәрі жаттығулар мазмұнын қатаң бағдарламалау мүмкіндігін және жүктеменің бағыты мен көлемі бойынша дәл реттеуді жоққа шығарады. Әрине, бұл ойын әдісін қолдану барысында педагогикалық басқаруды мүлдем жоққа шығаруды білдірмейді. Ол бұл жерде уақыты қатаң белгіленген жаттығулар әдісіне қарағанда аса қиын және жанама пішіндерге ие. Мұнда әрекеттердің жалпы сызбасы бағдарламаланады (ойынның тактикалық жоспары мен ережелерінің, сюжеттің көмегімен), белгілі мөлшерде жүктеме де реттеледі (ойын уақытымен, ойын снарядтарының көмегімен, алаң өлшемінің шектелуімен және басқа да жанама жолдармен). Дегенмен ойын әдісінде өзара әрекеттестіктің мөлшер дәлдігі, ереже бойынша, уақытпен белгіленген жаттығулар әдістеріне қарағанда айтарлықтай кем. Ойын әдісі барлық өзіне тән ерекшеліктер күшімен дене тәрбиесі үрдісінде қозғалыстарды бастапқы оқыту үшін немесе жеке қабілеттіліктерге сайлау әсері сияқты емес, күрделендiрiлген шарттарда қозғалыс қызметінiң кешендi әбден жетiлдiруi үшiн пайдаланылады. Ол ең жоғары өлшемде тез бағдарлау, жылдамдық, тапқырлық, дербестiк, бастамашылық сияқты сапа мен ерекшеліктерді жетiлдiруге рұқсат бередi. Ол епті маманның қолында сол сияқты ұйымшылдық, жолдастық, саналы тәртіп және тұлғаның басқа да болмыс ерекшеліктерін тәрбиелеу үшін әбден пәрменді болып келеді.
1.3 Спорттың адам өмірінде алатын орны
Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.
Бұл туралы ұлы ойшыл Ибн Сина да өз шығармаларында айтқан. Ол сондай - ақ спортты мағынасына қарай жеңіл, ауыр, ұзын, қысқа сияқты бірнеше түрге бөлген. Денсаулық пен өмірді дамыту үшін кем дегенде спорттың 33 түрінен жаттығу жасау керектігін айтқан.
«Салауатты өмір сүру дегеніміз – тазалық сақтап, дене тәрбиесі және спортпен шұғылдану.»Бала тәрбиесіне қазақ халқы ерте кезден көңіл бөліп, баланың ақыл - ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына ерекше көңіл бөліп отырған. Бұған дәлел спорттық ойындары. Жас кезінен бастап балаларға дұрыс тәрбие беріп, дене дайындығын жетілдіре түсіп өскен жастар шымыр да шыныққан, епті де икемді болғанын білеміз.
Қазіргі уақытты өткен кезеңмен салыстыра алмайсың. Себебі уақыт өте көптеген өзгерістер өмірге енді. Тіпті бала тәрбиесіне жаңаша көзқараспен қараймыз. Қазіргі таңдағы қоғамдағы жатқылықтар оқушыларға кері әсерін тигізуде. Оқушылар арасындағы темекі, ішімдікке еліктеушілік, тіпті нашақұмарлық та дендеп бара жатқандай. Қазіргі ғаламдық жаңару кезінде компьютерге тәуелділік мәселесі де қосылып отыр. Қызығушылықпен істеген істің арты немен тынарын да түсінбей істеп опық жеуі мүмкін.
Сондықтан, спорттық ойын волейбол еңбекші бұқараны дене шынықтыру және спортпен тиянақты айналысуға, белсенді демалуға дайындаудың күшті құралдарының бірі.
Спорттық тартымдылығы – бәсекеде. Спорттық жекпе-жек техникалық шеберлікті жетілдірудің тамаша ынталандыру жолы. Ол әркімге спотрттағы қуанышын сыйлап, әсіресе жасөспірімдерді қызықтырады. Жарысты ширақ ұйымдастыру, салтанатты түрде өткізу, жеңімпаз командаларды наградтау, құрметті жүлдегерлерді сарапқа салу-осының бәрі ойынды халыққа әйгілеуге көмектеседі.
Волейболмен айналысу-тек дене тәрбиесінің ұтымды жолы емес, жастарды пайдалы, қызғылықты іске тартудың да тимді түрі. Спорт нұсқаулары мен жаттықтырушыларды күнделікті жұмысына А.С.Макаренконың ойынға жетекшілік ету және ойын коллективін тәрбиелеу жөніндегі бағалы педагогканың ұсыныстарды тимді пайдалана белген жөн.
Дене тәрбиесі және спорт түрлерінен мамандарды даярлауда дене шынықтыру саласы бойынша жасөспірімдер мен ересектердің салауатты өмір салтын қалыптастыру және қозғалу белсенділігін арттыру, балалардың денсаулығын жақсарту, спорттық жаттығулар туралы білік пен дағды, білім шеңберінің аясын кеңейтуді міндетті түрде жоспарлау болып табылады. Спорт түрі бойынша теория мен тәжірибелік курстан басқа, мамандық бойынша айналысатындарға, сабақтарды кәсіби деңгейде өткізу, жарыстарды ұйымдастыру, әдістік, алайлылық (тактикалық), психологиялық, дайындау және ұзақ уақыттық жеке дайындық жұмыстарын жоспарлау қарастырылуы керек.
Адамның салауатты өмір салты қозғалыс белсенділігімен тығыз байланысы сөзсіз. Табиғат өскелең ұрпаққа қозғалу қажеттілігін сыйлаған деп айтуға болады. Бірақ, қазіргі кезеңдегі адамның бала кезінен қозғалыс белсенділігінің жетіспеушілігі байқалады. Үйде, бала бақша мен мектептерде балалардың қозғалыс мұқаждығы өте төмен.
Балалар мен жасөспірімдердің ағзаларының (жүрек, кан тамыр, тыныс жүйелерінің және т.б.) функционалдық мүмкіншіліктерін арттыратын, жүйке жүйесі мен тірек-қимыл аппаратына дамыту әсерін беретін және гиподинамиялық өтімділікті алдын алатын дене тәрбиесі мен спорт сабақтарында жеткілікті шұғылдану қажет болып саналады.
Жоғары оқу орындарында болсын, мектепте де оқушылардың дене тәрбиесі сабағынан білімін жетілдіру керек, өйткені дене жүктемелерін дұрыс қолдану, оны ары қарай жетілдіру жолдарымен оқушы жастар таныс емес. Дене жүктемелерінің адам ағзасына пайдасы мен қаншалықты әсер ететінін осы дене тәрбиесі білімі арқылы көпшілікке жеткізу дене тәрбиесі мен спорт мамандарының міндеті болып табылады. Жан-жақты қарастырып оны жақсы түсіндіріп, студенттер мен оқушыларға дене тәрбиесінен білім беру қажет.
Мамандарға сауалнама жүргізу бойынша, кезеңдегі дене тәрбиесі, көбінесе, практикалық сабақ, ал дене тәрбиесінен білімін жетілдіруге көңіл бөлінбейді. Оқушыларды дене тәрбиесі сабағымен шұғылдандырып қана қоймай, дене тәрбиесінен білімдерін де жетілдіруге болады. Мысалы, спорт ойындар түрлерімен айналысу адам ағзасы мен ішкі ағзаларының дамуына, жыныс бездері мен дене күшінің дамуына және денсаулығының мықты болуына әсер етеді, жастардың адамгершілік пен жігерлік және басқа да психологиялық сапаларын қалыптастыруға тәрбиелеуде, дене қабілеттерін (күш, жылдамдық, ептілік, төзімділік және т.б.) дамытуда тиімді әдіс болып табылады.
Сонымен қатар, арнайы қозғалыс дағдыларын: спорт ойындарының барлық әдістерін, арнайы жаттығулар мен спорт акробатикасын, дененің қауқарсыз мүшелерінің жарақатының алдын алу, спорт ойындарының тактикасын, жарақаттан қауіпсіздендіру тәсілдерін және т.б. нәрселерді меңгеру қажет. Өз пәні бойынша жалпы дамыту жаттығулары мен жалпы дене даярлығын арнайы дайындықтан ажырата білу, бастауыш топтағы спортшылардың дайындық кезеңін дұрыс жоспарлау және оларды спорттық шеберліктің әртүрлі кезеңдерімен алмастыра білу дағдысын қалыптастыру білімін жетілдіру керек.
Волейболдың дамуы және пайда болуы
1985 жылы Америка Құрама
Штаттары колледждерінің бірінде
доктор Уильямс Морган жаңа
ойын ойлап тапты. Ол «Волейбол»
деп аталады. Бұл сөздің дәл мағынасы «әуедегі
доп». Бұл ойын тез арада өз қолдаушыларын
тапты. Әсіресе ол американ өрт сөндірушілер
арасында кең таралды. Олар өрт мұнараларының
қасына жіп керіп қойып, сол арқылы үрлкнген
қарынды әрлі-берлі соғып мәз болысатын.
Волейбол біртіндеп американдықтардың сүйікті ойынына айнала бастады. Оны балалар мен жастар, орта жастағы еркектер мен мырзалар, жас және жасамыс әйелдер ойнай бастады. Бәсекелес ойын кезінде жас шағынан шектеу болған жоқ. Фермерлердің балалары ікелерімен, қыздар әжелерімен ойнай беретін. Оның ешбір сөкеттігі де болған жоқ. Ойынның ережесі де тым қарапайым болатын, әйтеуір допты жерге түсірмеу керек.
1987 жылы жоғары да айтылған тақырыптар Уильямс Морган ойын ережесін енгізуді ұсынды. Ол кездегі ереже бүгінгі ге мүлде ұқсамайтын. Алаңның көлемі 7,6х15,1 метр, тордың биіктігі 198 см. Доптың салмағы 340 грамм болатын. Екі жақтың да ойыншылар санына шек қойылмайтын. Сондықтан да олар бір-бірінің аяқтарын басып, допты бірінші болып соғамын деп соқтығысып қалып жататын.
Волейболдың дамуының бірінші кезеңі 1895-1920 жылдар. Бұл кезде ойын көрермендер алдында өткізіліп командаға біріккен ойыншылар өзге спорт түрлеріндегідей формалар киіп шығатын. Таусылмайтын таласты, тіпті тым қызбалау техастықтар арасында жиы болатын жанжалдарды болдырма үшін Морган алаңның орта тұсына бір бүйірден орындық қойып, соған төрешіні отырғызуды ұсынды. Төрешінің пікірі ойыншылар үшін бұлжымас заң болды.
Кешікпей волейболды Орталық және Оңтүстік Америкада, Куба, Перу, Бразилия, Урагвай және Мексика елдерінде ойнай бастады. 900-ші жылдың басында волейболдан Азияда Жапондар мен Қытайлықтар танысты.
Европаға волейбол 1914-1917 жылдары келді. Әсіресе оны Чехия мен Словакия ұнатты.
1922 жылы Бруклинде жаңа
әрі қызықты ойынның көптеген
жанкүйерлерін жинаған волейболдан
алғашқы ресми жарыс өтті.
Осыдан кейін американдықтар волейболдв УШ Олимпиада ойындарының программасына енгізуді сұрады. Бырақ қатысатын елдердің саны жеткіліксіз болғандықтан халықаралық олимпиадалық комитет оны қабылдамады.

- Волейболдың дамуы және пайда болуы
- Волжская булгария
- Волжская Булгария
- Воли и особенности волевых качеств
- Волноводно-щелевая антенна
- Волноводно-щелевая антенна
- Волноводно-щелевая антенна не резонансного типа
- Волевые качества личности
- Волевые качества старшеклассников
- Волевые качества старших дошкольников
- Волевые процессы личности человека
- Волевые процессы личности человека
- Волевые черты характера и их значение в становление профессиональной карьеры
- Волейбол