Қылмыстық құқық. 4

 
 
 
 
 

Мазмұны 

І Кіріспе

ІІ Жаза түсінігі және мақсаты

ІІІ Жаза түрлері

ІV Пайдаланған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ   

Біздің елімізде ХХ ғасырдың 90-жылдарының басынан бастап болып жатқан әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгеріс – жаңғырулар қоғамның құқықтық саласындағы өзгерістерге де еріксіз алып келді. Ел ішінде жүргізіліп жатқан кешенді реформалар жаңа базасыз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Соңғы он жыл ішінде кез келген құқықтың мемлекеттік алғашқы тұғыры, берік іргетасы болып табылатын бірқатар заңдар: Конституция, Азаматтық кодекс, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық-атқару кодексі және т.б. қабылданды.Қазіргі таңда Қылмыстық құқықтарға жаза дайындау жүйесінің түсінігі мен маңызы бұрынғыға қарағанда әлдеқайда өзгерістермен толықтыруларға ұшырады. Бұл дегеніміз өмірдің жаңа ағымына қарай қылмыстық жаза түрлерінің өзгеруі мен байланыстырамыз.Осы курстық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы Қылмыстық жаза тағайындаудың жүйесінің түсінігі мен маңызын ашып көрсету. Осыдан біз жазаның ауырлығын және жеңілдіктерін толығымен біліп көре аламыз.Осы жаза тағайындау жүйесінің түсінігін және маңызын толық көлемде түсіну үшін жаза тағайындау түрлерін курстық жұмысқа енгізіп отырмыз.Осы жұмыстың әдебиет тапшылықтарына келетін болсақ соңғы шығарылып жатқан ғалымдардың, профессорлардың жұмыстарының жоқ болуы, осы жұмысқа ауыртпалығын тигізді. Бірақ «Қолда барды қадыр тұт» – демекші бар әдебиет информативтік актілер, түрлі әдебиеттер қолдана келе осы жұмыстың ауқымды жерлерін аша түстік деп ойлаймыз.

Жаза туралы тусінік және оның белгілері

Жаза — бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа деген реакциясы. Егер қоғамға қауіпті әрекет жазаға әкеліп соқпаса, онда ол қылмыс болып есептелінбейді. Қылмыстың жазалану белгісі, қылмыстың міндетті белгісі болып табылады. Жаза — соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Ол қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды қылмыстық заңда көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады.

 Жазаның белгілері:                                                                                                                                   -жаза — бұл мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы,                                                                       -жаза жеке сипатта болады. Ол тек қылмыскерге ғана қолданылады және ешқандай жағдайда да басқа адамдарға жүктелмейді (мысалы, кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскердің ата-анасына);                                                                                                                      -жаза әрқашан қылмыс жасаған адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуге байланысты оған белгілі бір моральдық қасірет әкеледі және белгілі бір құндылықтардан айырады.

XV—XVII ғасырларда қазақтың әдет-ғұрып заңында жазалардың мынадай түрлері болған:                          а) рудан қуып жіберу;                                                                                                                                    ә) кінәліні жәбірленушінің туыстарына беру;                                                                                              б) адамның жеке басына қарсы жасалған қылмыстар мүліктік қылмыстар үшін айыппұл тағайындау;                                                                                                                                                    в) денеге ауыр жарақат салғаны үшін, кісі өлтіргені үшін құң тағайындау;                                               г) өлім жазасы — жазаның бұл түрі өте сирек қолданылды;                                                                 ғ) әке-шешесін сыйламаған, құрметтемеген балаларға және антты бұзғандарға тен жазасы мен масқаралау жазалары қолданылды.                                                                                             

Қылмыстық жаза - мемлекеттiк күштеу шараларының бірi болып табылады және ол мемлекеттiң қылмыспен қарсы күрес жүргiзу құралдарының бiрi ретiнде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы күрес жүргiзуде әр түрлi ұйымдастырушылық, тәрбиелiк, экономикалық, рухани шаралардың барлық түрiн кнiнен қолданады, сөйтiп қылмыстан сақтандыру мәселелерiне ерекше көңiл бөледi. Сондықтан да бiздiң жас, тәуелсiз мемлекетiмiз қылмысқа қарсы күрес қылмыстық жазаны қолдануда ең негiзгi басты күрес деп саналмайды, бұл құбылысқа қарсы күресте шешушi мәселелер жоғарыда аталып экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерiнiң белсендiлiгiн, оларың құқықтық сана-сезiмiн жетiлдiру арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттiк күштеу шарасы ретiнде тек арнаулы, заңда көрсетiлгне жағдайда ғана жүзеге асырылады. Қылмыс iстеген адамдарға мұндай шараны қолдану мемлекеттiң атқаратын функцияларының бiрi ретiнде қарастырылады. Әсiресе ауыр, өте ауыр қылмыс iс-тегендерге соған сәйкес ауыр қылмыстық-құқықтық күштеу шараларын қолдану мемлекеттiң мiндетi болып табылады. Мемлекееттiк күштеу шаралары сан алуан. Оларға бөлек қылмыстық құқықтық шаралар ғана емес, азаматтық, әкiмшiлiк, тәртiптiк шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттiк күштеу шараларының жеке бiр түрi бола отырып, өз ерекшелiктерiммен оқшауланады. Бiрiншiден, қылмыстық жаза-мемлекеттiк күштеу шарасы ретiнде қылмыстық заңмен ғана белгiленедi. Қылмыстық кодексте жазаның сот үшiн мiндеттi тiзбектерi мен оны қолданудың тәртiбi тұжырымдалған. Сот қылмысқа кiнәлi адамға қылмыстық заңда көрсетiлген шараның шеңберiнде оның шегiнен шықпай, жаза тағайындайды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетiлгеннен гөрi неғұрлым жеңiлiрек жаза тағайындауға құқылы.  
Мемлекеттiң күштеу шарасы ретiндегi қылмыстық жазаны мемлекет атынан тек қана сот тағайындайды. Қылмысмтық кодекстің 38-бабында «жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбірлеу шарасы» делінген. Қылмыстық жазамен салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік органдар немесе лауазымды органдар арқылы жүзеге асырылады.  
Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 38-бабының 2-бөлігінде жазаның мақсаты-әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамдарды түзеу, сондай-ақ сотталғандарды да, басқа адамдарды да жаңа қылмыстарды істеуден алдын ала сақтандыру екендігі айтылған.                                                                                                Әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру, сотталған адамға жаза тағайындау және жазаны орындау арқылы оны түзеу, сөйтіп жаңа қылмыс істеуден оны сақтандыру жазаның арнаулы ескертуі болып табылады.                                                                                        Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру дегеніміз - қылмыс істеген аламға әділетті жаза тағайындау, істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі, келтірілген зиян мөлшері, жаза тағайындаудың басты негіздері, кінәлінің                                                                             ҚЫЛМЫС – дегеніміз қоғамдық қауіпті іс-әрекет, ал ЖАЗА – мемлекеттік күштеу шараларының бірі және ол қылмысқа қарсы күрес жүргізудің негізгі құралы.                              Заң бұзушылық іс-әрекеттер сипатына және қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және ерекше ауыр қылмыстар болып бөлінеді. Елеулі маңызы жоқ, қоғамдық қауіпті емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған іс-әрекет қылмыс болып табылмайды.           Қылмыстық жаза - қылмыстық заңмен ғана белгіленеді, осы міндетті – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі жүзеге асырады. Кодекстің негізгі міндеттері - адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын-алу болып табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді. Қылмыс жасау, яғни Қылмыстық кодексте көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден-бір негізі болып табылады. Қылмыс жасаған адамдар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей.                                                                                                                         Қылмыс жасаудың да себептері әр түрлі. Біреулер қылмысты абайсызда жасаса, енді біреулері заңды білмеуден, енді бірі қасақана, тағы басқалары арақ, есірткі заттардың буынан қылмысқа барады. Жоқшылықтан қылмысқа баратын, керісінше баршылықтың, байлықтың арқасында не істерін білмей қылмысқа ұрынатындары да кездеседі.   «Тамағы тоқтық, көйлегі көктік аздырар адам баласын» деген қанатты сөзді ұлы Абай осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын айтса да, өзінің құндылығын осы уақытқа дейін жоғалтқан емес.                                                                                                                                                                 Кез-келген қоғамдағы қылмысты - азайтатын да, көбейтетін де, сол мемлекеттегі әлеуметтік жағдай мен экономикалық ахуалдың деңгейі. Қоғамның дамуына байланысты әр кезеңде қылмыстың, жазаның да дамып, өзгеріп отыратыны заңды құбылыс. Еліміздегі жұмыссыздық, халықтың әлеуметтік жағдайы, идеологиялық саясат, қоғамдық сананың өзгеруіне байланысты – қоғамымызда ауыр қылмыстардың өсіп жатқаны баршамызға аян. Мысалы: терроризм (233 бап)– қазіргі дәуірдегі ең қауіпті қылмыс түрі болып табылады. Мұндай қылмыстар ұлттық шектен шығып, халықаралық сипат алуда. Біздің мекемеде осындай қылмыс жасаған – 6 сотталған жаза мерзімдерін өтеуде Қазіргі уақытта тағы бір назар аударатын нәрсе, жылдан-жылға қылмыс қатыгездігімен, шектен шыққан жүгенсіздігімен ерекшеленіп бара жатқаны. Сыбайлас жемқорлық, қызмет бабын пайдалану, адам өлтіру, әйел зорлау, тонау, денеге ауыр жарақат салу, ұрлық, қарақшылық, алаяқтық сияқты қылмыстардың көбеюі. Мысалы: біздің мекемеде ҚР ҚК-нің 175 бабы бойынша 2007 жылы - 44 сотталған жаза мерзімін өтесе, 2008 жылға – 78 сотталған жаза мерзімдерін өтеуде.   

 Қылмысқа жауап – ол жаза қолдану, сонымен бірге жаза қолдану – қоғамды қылмыстан сақтайтын және жаңа қылмыстың жасалуына жол бермеудің қажетті құралы.  

Жаза – кек алуды, тән азабын шектіруді немесе адамдардың қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді. Бұл туралы біздің Ата заңымызда да айтылған. Қылмыс қаншалықты жеңіл болса да, ауыр болса да, ол үшін қоғам алдында жауап береді. Қолымен істегенді – мойнымен көтеру қажет.   

 Қылмыстық  жаза - қылмыстық заңмен ғана белгіленеді. Сот кінәлі адамға арнаулы заңда көрсетілген шеңбер шегінен шықпай, жаза тағайындайды.                                          Сонымен, қылмыстық жаза дегеніміз – соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы, ол мемлекет атынан қылмыстық іс-әрекеттері үшін, кінәлінің кінәсін бетіне басатын құқықтық баға болып табылады.   

 Кез-келген  қылмысқа қолданылатын жазаның негізгі мақсаты, ол:

- біріншіден, қылмыс  жасаған тұлғаны жазалау;

-екіншіден, әлеуметтік  әділеттілікті қалпына келтіру;

-үшіншіден, жазаға  кесілген адамды тәрбиелеу болып табылады. 

Жазаның түрі сан  алуан. Оларға тек қылмыстық –  құқықтық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Жазаның түрлері Қазақстан  Республикасы Қылмыстық кодексінің 39 бабында көрсетілген. Соның ішінде, бас бостандығынан айыру жазасына тоқталайық. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48 бабының 1-ші тарағына сәйкес, бас бостандығынан айыру жазасы – сотталушыны қоныс-колониясына жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады.   Бас бостандығынан айыру мерзімі қылмыстың қоғамдық қауіптілігі мен ауырлығына, сотталушының кінәлілігіне және басқа да мән жайларға тікелей байланысты. Бас бостандығынан айыру жазасын – 6 айдан 15 жылға дейін, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 49-бабының 1 бөліміне сәйкес ерекше ауыр қылмыстар үшін – 20 жылға дейін мерзімге, не өмір бойына белгілейді.  Өмір бойына бас бостандығынан айыру өмірге қастандық жасалатын аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін берілетін өлім жазасына балама ретінде белгіленеді.Қорыта айтқанда, қылмысқа барған адам оның бір кезде оралатын зардабын сезінетін болуы керек және жаза тағайындау жасалған қылмысқа сай болу қажет.  

Жазаның мақсаты

Жазаның мақсаты  деп түпкілікті әлеуметтік нәтижелерді айтады, оған жазаны қолдану мен жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Жазаның мақсаттары мынадай:                                                                   а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру. Ол кінәлі адамға жазаны қолдану қылмыстық әрекет жасау нәтижерінде бұзылған жеке және қоғамдық мүдделерді қалпына келтіруді және қол сұғу объектісіне келтірілген зиянды өтеуді білдіреді;                                                                                ә) сотталушыны түзеу. Бұл мақсат кінәлінің теріс бағдарын өзгертуге бағытталған. Егер адам басқа жаңа қылмыстаp жасамаса және қылмыстық заңның сақталуының қажеттілігін сезіне бастаса, түзеуге қол жеткізеді;                                                                                                                  б) жаңа қылмыстардың жасалуының алдын алу. Бұл мақсатты әрбір нақты қылмыс үшін қылмыстың жауапты бекітуді және жаза тағайындау мен оның орындалуын бұлтартпауды қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі. Жазамен сескендіру адамдардың санасы мен әрекетіне әсер етеді.                                                                                                                                            Кез-келген қылмысқа қолданылатын жазаның негізгі мақсаты, ол:

- біріншіден, қылмыс  жасаған тұлғаны жазалау;

-екіншіден, әлеуметтік  әділеттілікті қалпына келтіру;

-үшіншіден, жазаға кесілген адамды тәрбиелеу болып табылады.  

Жазаның түрі сан  алуан. Оларға тек қылмыстық –  құқықтық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар да жатады. Жазаның түрлері Қазақстан  Республикасы Қылмыстық кодексінің 39 бабында көрсетілген. Соның ішінде, бас бостандығынан айыру жазасына тоқталайық. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 48 бабының 1-ші тарағына сәйкес, бас бостандығынан айыру жазасы – сотталушыны қоныс-колониясына жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады.   Бас бостандығынан айыру мерзімі қылмыстың қоғамдық қауіптілігі мен ауырлығына, сотталушының кінәлілігіне және басқа да мән жайларға тікелей байланысты. Бас бостандығынан айыру жазасын – 6 айдан 15 жылға дейін, ал Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 49-бабының 1 бөліміне сәйкес ерекше ауыр қылмыстар үшін – 20 жылға дейін мерзімге, не өмір бойына белгілейді.  Өмір бойына бас бостандығынан айыру өмірге қастандық жасалатын аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін берілетін өлім жазасына балама ретінде белгіленеді.Қорыта айтқанда, қылмысқа барған адам оның бір кезде оралатын зардабын сезінетін болуы керек және жаза тағайындау жасалған қылмысқа сай болу қажет.                                                                                                                                              Жаза тән азабын шектіруді немесе адамның қадір-қасиетін қорлауды мақсат етпейді. 1650 жылы Энн Грин деген азаматша өзінің жаңа туған нәрестесін өлтіргені үшін айыпталып, Англия, Оксфорд, Касл-Ярд түрмесінде дарға асылып өлітіріледі. Жіпті кескен соң, мүрдені табытқа салып Оксфорд Университетіне анатомиялық зерттеу үшін жібереді (бұл шара 1540 жылдан бастап барлық жазалаған қылмыскерлерге қатысты міндетті болған). Анатомиялық театрда Энн Гриннің тірі екендігі анықталады, ол мойнына байланған жіпке қарамастан тірі қалған. Дәрігерлер әйелді құтқарып қалады, бірқатар көрнекті шенеуніктердің ара түсуімен сот қудалауынан босатылады. Энн Гриннің дарға асылғаннан кейін 14 сағаттан соң сөйлеуге шамасы келеді, бір тәуліктен соң сауығып кетеді және бұдан кейін 9 жылдай өмір сүріп, 3 баланы дүниеге әкеледі. Оксфорд университетінің анатомиялық театрында жүз жылдың ішінде 17 дарға асылғандардың өмірге қайта келуінің 3 оқиғасы тіркелген, барлық оқиғада олар тек әйелдер болған.

Жазаның турлері

Қазакстан Республикасының Қылмыстық кодексі кәмелеттік жасқа толмағандарга тағайындалатын жазаның жүйесі мен тізімін бекітеді. Оларға: айыппұл, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, қамау, бас бостандығынан айыру жатқызылады. Сот тәжірибесінде анағұрлым көбірек ұолданылатын жазалардың кейбір түрлерін жеке-жеке қарастырайық. Ең алдымен, айып салу — бұл сот тағайындайтын соманы ақшалай өндіріп алу. Айыппұл салған кезде, адам ақшалай төлемге байланысты белгілі бір материалдық шығынға ұшырайды                                                                                                                               

1)Айыппұл

2)Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру

3)Қоғамдық жұмыстарға  тарту 

4)Әскери қызмет  бойынша шектеу 

5)Өлім жазасы

6)Түзеу жұмыстары

7)Бас бостандығын  шектеу

8)Қамау                                                                                                                                              

Айыппұл жазаның жеңіл түрі және ол айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі немесе сотталған адамның жалақысының немесе екі аптадан бір жылғы дейінгі кезеңдегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалады.                                                                                                  Айыппұл тағайындағанда сот жасалған қылмыстың ауырлық дәрежесін және адамның мүліктік жағдайын ескеруі тиіс. Кәмелеттік жасқа толмай сотталған адамға айыппұл дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Қоғамдық жұмыстарга тарту. Қоғамдық жұмыстар - бұл сотталған адамның оқудан немесе жұмысынан бос уақытында тегін қоғамдық пайдалы жұмыс атқаруы.                                                               Түзеу жұмыстары — бұл сотталған адамды табысынын белгілі бір бөлігін мемлекет пайдасына ұстап қалу арқылы еңбекке тарту. Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан соттың үкімімен белгіленген мөлшерде, бес пайыздан жиырма пайызға дейінгі шекте мемлекет пайдасына ұстап қалу жүргізіледі.                                                                                                                     Қамау — бұл сотталған адамды қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады, олар жазаны абақтыда өтейді. Қамау бір айдан алты айға дейінгі мерзімге белгіленеді. Қамау кезіндегі оқшаулау, қамаудан да анағұрлым қатаң жаза — бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін екендігін еске салуы тиіс. Қамау үкім шығару кезінде он алты жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдер мен кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар әйелдерге қолданылмайды.                                                                        

Бас бостандығынан айырусотталушыны колония — қонысқа жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режімдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады.Бас бостандығынан айыру кезінде сотталған адамның құқықтық жағдайына шек қойылады. Ол оған шек қоюдан көрінеді. Адам жүріп-түру еркіндігінен, еңбек қызметін тандаудан айырылады, өз уақытына билік етуі шектеледі. Бас бостандығынан айыру алты айдан он бес жылға дейін, ал ерекше ауыр қылмыстар үшін жиырма жылға дейінгі мерзімге не өмір бойына белгіленеді. Өлім жазасы — бұл қылмыстық жазаның ең қатаң және ерекше жазалау шарасы. Өлім жазасы қылмыстардың ең тар шеңберіне тағайындалатындығымен және сирек орындалатындығымен ерекшеленеді. Өлім жазасына кесілген әрбір адам кешірім жасауды өтінуге құқылы. Сотталушыға кешірім жасау туралы өтінішті Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия қарайды. Бүгінде көптеген мемлекеттер өлім жазасын алып тастауда, оны қолдануға мораторий жариялауда немесе іс жүзінде мүлде қолданбай келедіЖаза – мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды,  оның  құқын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті ұйымдардың  құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық  бүтіндігін, қоғам  мен  мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін, адамзаттың  бейбіт  өмірі  мен  қауіпсіздігін  қылмыстық қастандықтан қорғайды. Ол қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың басты формасы және  қылмыскерліктің алдын алу шараларының   бірі   болып табылады. 

      Жаза тағайындау – жасалған  қылмыста айыпты деп танылған  адамға  айыптау  үкімін  шығарарда   қылмыстық  ықпал  жасаудың нақты шарасын соттың таңдауы.  Жаза тағайындау қылмыстық заңды қолдану барысындағы ең жауапты және маңызды саты болып табылады Өйткені, жаза тағайындау, оны жүзеге асыру сотталған адамды түзеуге, әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге, қылмыстың алдын алуға ықпал етеді. Жазаның осы мақсаттарына қол жеткізу көбіне қылмыстық жазаны әділ әрі негізді тағайындау арқылы мүмкін болады. Қылмыстық құқық жаза тағайындағанда кінәлінің жеке-дара жауапкершілік принципін негізгі басшылыққа алады. Осы мәселеге байланысты Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі «Қылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты  сақтауы» атты Норнмативтік қаулысында  былай  делінген:  Қазақстан  Республикасы  Конституциясының  барлық  адам заң мен сот алдында тең, ешкім де сот үкімінсіз қылмыс жасауда кінәлі деп танылуға жатпайды және қылмыстық жазаға  тартыла алмайды деген қағидаларын басшылыққа  ала отырып, соттар қылмыстың түрі  мен ауырлығына,  айыптының қызыметтегі және қоғамдағы орнына қарамастан, әрбір қылмыстық істі заңға сәйкес  бұлжытпай шешуі қажет екендігіне  жете  назар аударуға  тиіс. Заңның  бұзылуын  ештеңе де ақтай алмайды.  Қылмыстық жаза тағайындаған  кезде соттар Қылмысты кодекстің (ҚК) 52-бабында көрсетілген жаза тағайындаудың жалпы қағидаларын бұлжытпай сақтауы, сондай-ақ, сотталушы жасаған қылмыс ауырлығы бойынша қай санатқа жататындығын; реидивтің болуын және оның түрін; сотталушының қылмыстық әрекеті қай сатыда тоқтатылғанын; қылмысты топ, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық   қауымдастық жасаған   жағдайда сотталушының   қатысу дәрежесін;  қылмыстық мақсатқа жету үшін оның әрекеттерінің мағынасын және келтірген немесе  келтірілуі  мүмкін зиянның сипаты мен көлеміне ықпалын; қылмыстар жиынтығын; жазаны жеңілдететін немесе ауырлататын  жағдайларды;  сол қылмыс үшін көзделген жазаға қарағанда неғұрлым жеңіл жаза тағайындау немесе шартты соттау негіздерін ескеруі тиіс. Сондай-ақ, қылмыстық заңда қылмыс жасаған адамдардың жасы кәмелетке толмағандарына, жасы 65-тен асқан ер адамдарға, сондай-ақ, әйелдерге қылмыстық  жаза тағайындаудың ерекшеліктері көзделгенін ескере отырып, соттар отталушылардың жынысын және жасын  ескеруі  қажет.  Сотталушының   нақты   қылмыс  істеудегі  кінәсі анықталған жағдайда, сот оған жазаны істеген қылмысы үшін  жауаптылық қаралған заңның  тиісті баптарында көрсетілген шектен шықпай тағайындайды. Мұндай ретте, сөз жоқ, істелген қылмыстың ерекшелігі және  кінәлінің  жеке тұлғасы  жан-жақты  еске алынады. Тек қана, осы мәселелерді  есепке алған  жаза  ғана  әділ  әрі  заңға  сай деп танылады. Қылмыс   жасаған  адамға  белгілі  бір  жазаны  жеке  дара тағайындау «Жаза тағайындаудың жалпы негіздері» деп аталатын арнайы ережелерге сәйкес жүргізіледі. Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза тағайындаудың жалпы негіздері көрсетілген.  Жаза, егер ол жасалған қылмыстың ауырлығына, қоғамға  қауіптілік сипаты мен дәрежесіне, кінәлінің жеке  тұлғасына  және қылмысты жасау жағдайларына сәйкес тағайындалатын болса, әділетті деп танылады.

         Мұнда «сәйкес» термині бір ғана ұқсастық емес, тепе-теңдік деген мағынада қолданылады, яғни жаза қылмысқа  сыртқы  формальды  жағынан  емес, әлеуметтік  жағынан  және арифметикалық жағынан емес, заңдық жағынан тең болуы керек дегенді білдіреді. Сонымен бірге, жаза және негізді болуы керек. Егер оны барлығы, сотталғаннан бастап қоғамның барлық мүшелері заңды, негізді және көз жетерлік жаза ретінде қабылдаса ғана ол әділетті деп танылады. Тағайындалатын жазаның заңға сәйкестік талаптары ерекше маңызды. Жасалған қылмыстың қауіптілігін бағалай отырып, сот ең алдымен, аталған қылмыстың түріне Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі заң шығарушының берген бағасын ескеруі керек. Сондықтан, әділетті жаза тағайындаудың міндетті алғы шарты ретінде қылмыстың нақты заңдық саралануы саналады. Қылмысты саралаудағы қателік әділетсіз жаза тағайындауға әкеп соғады.

          Жазаның мақсатқа лайықтылығы  дегеніміз – соттың тағайындаған  мәжбүрлеу шарасының сотталған  адамға оң ықпал етуге сәйкес  келу талабын білдіреді. Соттың  таңдаған жазасы оның жалпы мақсаттарына қол жеткізудің жеткілікті құралы болуы керек. Осыған байланысты, Қылмыстық кодекстің 52-бабы 2-бөлімінде «Қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуы тиіс...» деп көрсетілген. Қылмыстық заң сотты жаза тағайындау кезінде жаза мақсаттарының біреуіне қол жеткізу болып саналатын жазаның сотталған адамның түзелуіне әсер ететіндігін көре білуді және жасалған қылмыс пен қылмыскерді сипаттайтын барлық мән –жайларды ескере отырып, жазаның мүмкіндігінше ең қатаң емес түрін дұрыс тағайындай білуді, оның мөлшерін анықтауды міндеттейді. Сот жазаны  Қылмыстық кодекстің  жалпы бөлімінің  ережелерін  ескере  отырып тағайындайды.

           Қылмыстық қоғамға қауіптілігі  – бұл Қылмыстық кодекспен қарастырылған іс-әрекеттің қылмыстық заңмен қорғалатын обьектілерге нақты зиян келтіру немесе нақты зиян келтіру қаупін тудыруының обьективті қасиеті. Әрбір қылмыстың қоғамға қауіптілігі қылмыстық құқық теор-иясында екі категория: қоғамға қауіптілік сипаты (сапалық белгі) және қоғамға қауіптілік дәрежесі (сандық белгі) арқылы ашылады. Қылмыстық қоғамға қауіптілік сипаты –қылмыстың сапалық категориясы, ол ең алдымен, қол сұғушылық обьектісінің ерекшелігімен, яғни обьектінің қоғам мен мемлекет үшін құндылығымен, қылмыс нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшерімен және т.б. жағдайлармен анықталады.

        Барлық қылмыстар бір-бірінен  осы қоғамға қауіптілік сипаты  бойынша ерекшеленеді. Қылмыстық  қоғамға қауіптілік дәрежесі - қылмыстың  сандық категориясы. Бұл жасалған қылмыстың ауырлығына байланысты шешіледі. Ол ең алдымен қылмыс құрамының белгілерімен, обьектіге келтірілген зардаптың мөлшері мен сипаты; кінәнің нысаны, мақсат пен ниет; қылмыстың жасалу тәсілі; субьектінің ерекшелігі және т.б. жағдайлармен анықталады. Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі көбіне қылмыстың обьективтік жағымен, ал қоғамға қауіптілік сипаты қылмыстың обьектісімен және субьективтік жағымен сипатталады. ҚР Жоғарғы сотының жоғарыда аталып өткен Нормативтік қаулысының 2 пунктіндегі түсіндіруіне сәйкес, «жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтағанда, соттар қылмыстың ауырлығын анықтау тәртібін реттейтін ҚК-нің 10-бабы талаптарын, сондай-ақ, нақты қылмыстық әрекет (кінәнің түрі, себебі, тәсілі, жасаған қылмыстық жағдай мен кезеңі, одан болған ауыртпалық, сотталушылардың әрқайсысының қылмысқа қатыстылығының дәрежесі мен сипаты, т.б.) жағдайының барлығы ескерілуі тиіс». Жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты мен дәрежесін анықтау кезінде нақты іс бойынша жинақталған барлық обьективтік және субьективтік белгілерін есепке алу қажет.

      Соттар  жазаның түрі мен мөлшерін белгілеу үшін сотталушының елеулі мәні бар  жеке басының мәліметтерін жан-жақты, толық және обьективті түрде тексеруі тиіс. Атап айтқанда, сотталушының денсаулығын, еңбекке қабілеттілігі мен қатыстылығын, білімін, сотталғандығы туралы мәліметтерді, сонымен бірге, сотталушының отбасы анықталғаннан кейін, тағайындалған жаза оның отбасы немесе оның асырауындағы адамдардың жағдайына қандай әсер ететінін ескеруі қажет. Жаза тағайындау, яғни айыптау үкімін шығарарда жаза таңдау сот қызметіндегі маңызды және   жауапты сәт. Жазаның  тағайындалуы әлеуметтік әділеттіліктің қалпына келуіне,сотталған адамның түзелуіне,сотталғанның да,басқа адамдардың да жаңа қылмыс жасауын болдырмауға көмегін тигізеді. Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін жаза дәлелді де, әділ болуға тиіс. Қылмыс жасаған адамға, делінген ҚК-тің 52-бабында, оның түзелуі және жаңа қылмыстың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс. Соттың жаза тағайындауға осы тұрғыдан қарауы ҚК-нің 52-бабында келтірілген жаза тағайындаудың жалпы негіздерін (ережесін) қамтамасыз етеді. Бұл бап сот үшін жаза тағайындаудың нақты емес, жалпы ережесін белгілейді, ол бір жағынан, соттың заңды қатаң бағдарға алуын көздейді, екінші жағынан, жаза тағайындағанда оның өзінше ынта көрсетуіне мүмкіндік береді. Жаза тағайындау белгілі бір принциптерге негізделеді, олар қылмыстық заңның жалпы құқықтық және салалық арнаулы принциптерінің нақты көрінісі болып табылады. Жаза тағайындаудың негізінде жатқан принциптер мыналар: заңдылық,а дамгершілік, жазаның әділеттілігі, жазаның дәлелдігі және үкімде оның себебінің міндетті түрде көрсетілуі, жазаны жеке даралау, қылмыстық қудалау шараларын үнемдеу. Бұл принциптер ҚК нормаларында өз көрінісін табады.

          Жаза тағайындаудың жалпы негіздері  – заңда белгіленген  критерийлер,  сүйенетін ережелер, әрбір нақты  іс бойынша жаза тағайындағанда  сот оларды басшылыққа алады.  Басқа сөзбен айтқанда, қандай  іс қаралмасын, айыпкерге қандай  жаза қолданылмасын, сот осы жалпы крийтерилерге сүйенуі керек. Жаза тағайындаған кезде қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, айыпкердің жеке басын, сондай-ақ жауаптылық пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мәнжайларды соттың ескеруі қажет. Жаңа қылмыстық заң, осы аталғандардан басқа, айыпкердің қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінезқұлқын, сондай-ақ,  тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалын ескеруді міндеттейді. Жаза тағайындаудың және қылмыстың қайталануының алдын алудың тиімділігі қылмыстың жан-жақты, дұрыс бағалануына тікелей байланысты. Жасаған қылмысы қоғамға онша қауіп төндірмейтін адамдарға бас бостандығынан айыру мен байланысты емес жаза қолданған дұрыс және, керісінше, ауыр қылмыс жасаған адамға сот қатаң жаза тағайындауы керек, себебі, ондай әрекет жасаған адамның бойын қоғамға жат қылық жайлап алған, одан  арылту үшін оны ұзақ уақыт көзден таса қылмай тәрбиелеу қажет. Қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты, бәрінен бұрын, қастандық жасалған нысан бойынша анықталады, жасалған қылмыстан қандай қоғамдық қатынастар бұзылады немесе бұзылу қаупі туады, яғни бұл қоғамға қауіптіліктің сапалық сипаттамасы. Осы тұрғыдан алғанда, қандай да болсын адам өлтірудің ар-ұждан мен қадір-қасиетке қастандық жасаудан айырмашылығы бар, денсаулыққа қарсы қылмыстың мүліктік қылмыстан айырмашылығы бар. Қоғамға қауіптілігі тұрғысынан қылмыс жасаудың себептері де, тәсілдері де, басқа мән-жайлар да маңызды рөл атқарады. Мысалы, аса қатыгездікпен, бұзақылық ниетпен немесе жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатында қасақана адам өлтіру (ҚК-тің 96 – бабының «д», «и», «м» тармақтары) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіруге қарағанда (ҚК-тің 99 – бабы) әлдеқайда ауыр қылмыс. Жаза тағайындағанда, сот сотталған адамға, сол жазаның оны түзейтіндей ықпалы болатынын, жазалаудағы мақсаттың орындалатынын болжауы керек, сонан соң барлық мән-жайларды ескеріп, жазаның түрін және оның мөлшерін анықтауға тиіс. Сонымен қатар, адамгершілік принципін басшылыққа алып, айыпкерге тағайындалған жазаның оның отбасына немесе асырауындағы адамдардың тұрмыс жағдайына қандай әсер ететіндігін де сот ескеруге тиіс. Жаза тағайындағанда, сот бұл талаптың материалдық және психологиялық жақтары бар екендігін ескеруі қажет. Мысалы, айыппұл салу, мүлкін тәркілеу және т.б., яғни айыпкерді қандай да бір дүние-мүліктен айыруға байланысты жаза тағайындалса, ал оның асырауында адамдар болып, оларды өзі ғана асырап отырса, әрине, жаза оның отбасының тұрмыс жағдайына әсер етеді, бұл жағдай да ескерілуге тиіс. Мұндай жағдайды сот жазаны жеңілдететін мән-жайға жатқызса, ал айыпкердің өзінің отбасы алдындағы жауапкершілігі байқалса және оның қартайған, қаражатсыз ата-анасы, еңбекке жарамсыз көп баласы болса, ал сотталған әйелдің артында жалғыз өзі асырап, тәрбиелеп отырған баласы қалса, мұның түзелуге ықпалы болады. Егер айыпкер өз отбасы мүшелерін жәбірлеп ұрып соғатын болса, өз балаларына немесе асырауындағы адамдардың тұрмыс жағдайына тигізетін  ықпалын ғана ескеруге болмайды, себебі егер бұл мән-жайлар ескеріліп, ауыр қылмыс жасаған немесе қоғамға аса қауіпті адамға өте жеңіл жаза тағайындалған болса, сол адамның қылмысынан жәбір шеккен адамның алдында да, жалпы қоғам алдында да әділдік үміті ақталмайды.

        Судья жаза тағайындағанда бас  бостандығынан айыруға байланысты  емес жазаларды, оның ішіндегі  айыппұл, қоғамдық жұмыстар және  бас бостандығын шектеу, сондай-ақ, қамауға алуға балама ретінде  жолын кесу шараларын қолдануға  көңіл бөледі.

         Қазақстан Республикасында құқық  қорғау қызметі мен сот жүйесінің  тиімділігін арттыру жөніндегі  шаралар туралы 2010 жылдың тамыздағы  Президент Жарлығында қоғамдық  тәртіпті қадағалауға, азаматтардың  бостандықтары мен құқықтарын  жоғары деңгейде қорғауға, құқық қорғау мен сот органдарының жұмысын одан әрі жетілдіруге баса назар аударылып отыр. 2010 жылдың соңына дейін осы Жарлыққа орай, қылмыстық жазаға қатысты заңнаманы ізгілендіру және қоғамға үлкен қауіп туғызбайтын қылмыстарды, оның ішінде, экономика саласындағы қылмыстарды әкімшілік құқық-бұзушылықтар санатына ауыстырып және оларды жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті қолдана отырып, қылмыстық сипаттан шығару қолға алынатыны, сондай-ақ, жазаларды жұмсарту арқылы жекелеген қылмыстардың ауырлық дәрежесі қайта бағаланатыны көзделген болатын. 

         Сондай-ақ, қылмыстық сот ісін  жүргізуде бітімгерлік рәсімдерді  кеңейтуге, оның ішіндегі медиация  институтын дамытуға баса назар  аударылып, ол жөнінде де жаңа  Заң қабылданды және жақын  арада қоланысқа енбек.

          Ол дегеніміз - мемлекетке зиян  келген жағдайда тараптардың  бітімге келуіне байланысты адамдарды  қылмыстық жауапкершіліктен босату  тәртібін реттеуге әрі онша  ауыр емес және ауырлығы  орташа  экономикалық қылмыс жасаған  адамдарға қамауға алу түрінде жолын кесу шараларын қолдану үшін шектеулер белгілеуге, сондай-ақ, келтірілген зиянды өз еркімен өтеген жағдайда оларды босатуға мүмкіншілік жасауға бағытталған болатын.

        Бұл, әрине, мемлекеттің қылмыстық  саясатын ізгілендіруден туындаған шаралар. Жарлықта, сондай-ақ, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің және судьялардың жауапкершіліктері күшейтілетіні айтылған. Қоғам және мемлекет байлығы - адам, ал, биліктің бірден-бір бастауы - халық.

         Сондықтан, бірінші кезекте сот билігі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын, Елбасының саясатына сеніммен қарауын, осы мәселелердің қағаз жүзінде емес, іс жүзінде нақты орындалуын қамтамасыз етуді көздеген шаралар еді.

        

        
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер 
 
1. Беляев Н.А.  Цели наказания и средства их достижения в исправительно-трудовых учреждениях/ Н.А. Беляев.- Л., 1963.- 25-26 б. 
2. Карпец И.И. Наказани:Социальные, правовые   и криминологические проблемы/ И.И. Карпец.- М.: Юрид. Лит, 1973.- 141 б. 
3. Тарбагаев А.Н. Понятие   и   цели  уголовной ответственности/ А.Н. Тарбагаев.- Красноярск, 1986.- 102 б. 
4. Марцев А.И. Теоретические вопросы общего и специалъного предупреждения преступления: Заң ғылымдарының докторы диссерт. Автореф/ А.И. Марцев.- Свердловск, 1975.- 24-25 б. 
5. Карпец И.И. Көрсетиген жүмыстың 156-157 беттері, жазадан босату. — М., 1973.- 6 б. 
6. Шаргородский М.Д. Наказание по советскому уголовному праву/ М.Д. Шаргородский.- М., 1958.- 198 б. 
7. Полубинская С.В. Цели уголовного наказания/ С.В.Полубинская.- М., Наука.- 1990.-486 б. 
8. Карпец И.И. Индивидуализация наказания/ И.И. Карпец.— М., 1962.-  27 б. 
9.  Ефимов Е.А. Условное осуждение и условно-досрочное освобождение от наказания/ Е.А. Ефимов. - М., 1963. — Б. 6. 
10. Шаргородский М.Д. Наказание по советскому уголовному праву/ М.Д. Шаргородский. — М., 1958. — Б. 156-157  
11.   Ломако В.А. Применение угловного осуждения/ В.А. Ломако. -Харьков,   1976. – 27 б. 
12. Ткачевский Ю. М. Освобождение от отбывания наказания/ Ю. М. Ткачевский. — М., 1970.- 20 б. 
13.   Анашкин Г.З. Условное осуждение и практика его примененш/ Г.З.     Анашкин, З.А.  Вышинская,  В.С.  Минская. — М., 1981, 116. 
14.   Г.З. Анашкин, З.А.  Вышинская,  В.С.  Минская. Көрсетиген жұмыс.-Б.6 . 
15.   Кейбір мәліметтерге қарағанда шартты түрде соттаудың 1972 жылғы өзіндік үлесі 23—25% болған. Караңыз:  Наказания, не связанные с лишением свободы. -М., 1972. - 21 б.