Жеке меншік
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ-----------------------
І. ЖЕКЕ МЕНШІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ---------------------
І.1. Меншіктің пайда болуы, мәні--------------------------
1.2. Жеке меншіктің экономикалық
қатынастардағы маңызы мен
ІІ. ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ МЕН МЕЛЕКЕТ
ИЕЛІГІНЕН АЛУ ------------------------------
2.1 Қазақстан Республикасында
жекешелендіру мен мелекет иелігінен
алу бағдарламасы------------------
2.2 Қазақстандағы
2.3 Қазақстан Республикасындағы жеке
меншіктің ұйымдық – құқықтық пішіндері---------------------
III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
ЖЕКЕ МЕНШІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ-----------------------
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ------------------------
ҚОСЫМША ------------------------------
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Өтпелі кезеңде нарықтық экономикаға өту мемлекет үшін қиын болды. Меншік қатынастарын өзгерту, қайта құру, жалпы жаппай мемлекеттік меншіктен жеке меншікке өту, тіпті олардың толық бірігуін қамтамасыз ету. Демек, мелекеттік меншікті реформалау, оны жекешелендіру, мемлекеттік мүліктің жеке объект және жеке ұжымдық иелігіне ауыстыру мәселелері туындайды. Мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру ғана кәсіпорынның экономикалық еркіндігі мен жауапкершілігін ұйымдастыру.
Бұрынғы кейбір социалистік елдерде мемлекеттік меншік басқа меншік түрлерінің жалпы құрылымынна қарағанда артықтау болады. Осы жағдай ел экономикасында бәсекелестің болмауына алып келіп, өндіріс тиімділігінің төмендеуіне, өндіруші кәсіпорындар тұтынушыны билеп төстеуіне және тапшылық экономикасының пайда болуына алып келді.
Осыолардың барлығы бәсекелесті
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың елдің даму жауапкершілігін өз қолына алып, нұсқап отырған жолы да — нарыктық қатынастар жолы. Егемендік алған жылдарға талдау жасай отырып, өткен жолдың қаншалықты күрделі екендігіне, тек экономика саласында емес, сонымен қатар еліміздің саяси және әлеуметтік проблемаларды шешуіне тура келгендігіне көз жеткіземіз.
Жекешелендіру – мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өзгеру ретінде өтпелі экономика кезінде ТМД елдерінде ғана, Шығыс Еуропада және нарықтық экономикасы дамыған елдерде: Ұлыбритания, Франция, Германия және АҚШ та кеңінен қолданылады. Алайда, жекешелендірудің мақсаты нарықтық экономикасы дамыған елдермен нарықтық экономикаға түскен елдерде әртүрлі жүргізілді. Егер нарықтық экономикасы дамыған елдерде жекешелендіру мемлекеттік бюджетке қосымша қаржы тартуды мақсат етті.
АҚШ-да мемлекеттік кәсіпорынды сату ұзақ мерзімде – 5 жылдың аумағында жүргізіледі. Бір мезгілдегі (бірден төленетін) төлем жалпы төленетін соманың 20 %-нан аспауы керек. ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде жекешелендірудің өте күрделі моделі қолданылды.
Венгрияда кәсіпорынды олардың жұмыскерлері сатып алады. Онда жұмыскерлердің қаржылары ғана емес, кәсіпорынның тапқан пайдасы мен банк несиелері қолданылды.
Чехословакида шағын кәсіпорындар аукцион арқылы ірі кәсіпорындар тұрғындар қаржысын, банк несиелерін және шетел капиталын тарту арқылы жекешелендіреді. Сондай – ақ Чехословакияда кәсіпорындар сатып алу үшін тұрғындарға купон мен чектер тегін таратылады. Чек пен купондар жекешелендірілген кәсіпорынның акциясына айырбастау үшін берілген.
Қазақстандағы жекешелендіру процесі Чехословакияда қолданылған моделге ұқсастықпен жүзеге асырылды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Осы зерттеу курстық жұмысымның өзекті мәселесі - Қазақстандағы жеке меншіктің қалыптасуындағы жекешелендірудің рөлін қарастыру болғандықтан, жекешелендірудің басты мақсаттары мыналар болып табылады:
- мемлекеттік меншікті жеке меншікке ауыстыру;
- мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін жеке адам мен коммерциялық құрылымдырға бюджетті толықтыру үшін сату;
- жекешелендірудің қарқынды әрі сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету;
- мемлекеттік меншікті жекешелендіруді халықаралық практикада қолдану, осы және т.б. мәселелер.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Қазақстандағы жеке меншіктің мәнін, формаларын, экономикалық қызметтерін зерттеу;
- Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру процесін қарастыру;
- Қазақстан Республикасындағы жеке меншікті дамыту жолдарын жан-жақты қарастыру болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ЖЕКЕ МЕНШІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
І.1. Меншіктің пайда болуы, мәні
"Меншік" ұғымы әрбір
экономикалық жүйенің
Меншіктің пайда болу табиғатына қомақты үлесті классикалық экономикалық ғылым өкілдері: Уильям Петти, Давид Рикардо және Адам Смит қосты. Олар алғашқы рет коғамның тапқа - жалдамалы жұмысшы, капиталист және жер иеленуші - болып жіктелуін негіздеді. Уильям Петтидің: еңбек — байлықтың атасы, жер — оның анасы деген қанатты сөздері кезінде дұрыс айтылған.
Өткен дәуірдегі экономикалық ой меншіктің мәні мен мазмұнын қарастыруда ерекше қадам жасады. Физиократтар мектебінің негізін қалаушы француз экономисі Франсуа Кенэ ( 1694-1774 жж.) "Экономикалық кесте" (1758) деген еңбегінде меншікті көбейту процесінде еңбек өнімділігі рөлінің басымдығын көрсеткен. Әуелден физиократ болған ол, енбекшінің егін шаруашылығында басымдығын қолдап, оны барлық байлық пен әл-куаттың қайнар көзі деп санаған.
Француз экономисі Пьер Жозеф Прудон (1809-1865 жж.) меншікке көзқарасын өзінің "Кедейліктің философиясы" еңбегінде баяндаған
К.Маркстың тұжырымдауы бойынша, меншік экономикалық категория ретінде адамдардың еркі мен санасына тәуелсіз өмір сүреді.
Маркстік теорияға сәйкес — құралдар, заттар және т.б. меншіктің заттық мазмұнын құрайды. Алайда "меншік" ұғымы тек қана заттық мазмұнымен немесе адамның затқа қатынасымен шектеліп қана коймайды. Адам басқа адамдармен өзара тығыз байланыста өмір сүреді, еңбек өнімін өндіреді және тұтынады. Ешкімге жатпайтын нәрсені - қоғамнан тыс, басқа адамдармен байланыссыз иемдену мүмкін емес. Айталық, тіл бір ғана адамның өнімі болып табылады. Себебі, ондай жағдайда адам ешкіммен сөйлесе алмайды. Меншікте дәл солай: ешкіммен қатынаспайтын адамның меншігі - экономикалық категория ретінде мазмұнын жояды. Меншік табиғи емес, ол заттардың қоғамдық қасиеті.
Меншік теориясына сүбелі үлесті батыстың қазіргі экономикалық мектебінің өкілдері американ экономистері - Рональд Коуз (1910 ж.) және Армен Алчиан (19І4ж.) қосты. Бұл теория кейінірек Й .Барцель, Г. Демесц, Д. Нарт, Р. Познер және басқалардың еңбектерінде өзінің жалғасын тапты. Осы ғалымдардың тұжырымдамасына сәйкес, ресурс өзінен өзі меншік бола алмайды, тек ресурстарды қолдану арқылы тұтас кешенді құқық - міне осы меншіктің мазмұнын құрайды.
Меншіктің экономикалық мазмұнына жүргізілген қысқаша талдау мынаны байқатады: меншік - бұл адамдар арасындағы материалдық және рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну саласындағы күрделі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды байқатады.
Меншіктің экономикалық мазмұны мынадай түсініктер арқылы сипатталады:
а) екі жүп категорияларының өзара байланысы: (меншіктеу) иемдеу-жатсыну;
ә) жекелену-қоғамдану сияқты жүп категориялардың өзара байланысы;
б) өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі;
в) табыстарды үлестіру тәсілі;
г) субъектілік-объектілік талдау.
1. Ең алдымен, меншіктің экономикалық мазмұнын екі түсініктің сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастың (индивид, топ, қоғам) өндіріс құралдары мен қызмет нәтижелөрін иемденуінің механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа шаруашылық бірліктерден және тұтас қоғамнан шеттетудің сәйкес формалары.
Иемдену деген қандай да бір қатынастар субъектісін осы қатынастардың тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес, субъектінің өзінің өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді. Ал шеттету - қандай да бір объектіні субьектінің өзіндік қызметіне айналдырудың мүмкін еместігін білдіреді.
2. Оқшауландыру деген әрбір тауар өндіруші белгілі бір тауарды өндіруге мамандануын білдіреді. Еңбек бөлінісі неғүрлым терең болса, оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы өзара тәуелділік те соғүрлым күшті. Жеке оқшауланған тауар өндірушілердің айырбастауы арқылы жузеге асырылады.
Қовамдастыру деген еңбектің қоғамдық сипатының дамуын білдіреді.
Бір жағынан, қоғамдық еңбек бөлінісі және өндіріс құралдарына жеке меншіктің салдарынан кәсіпорындар жеке тауар өндірушілер ретінде оқшауланған. Екінші жағынан, еңбектің қоғамдық сипатына байланысты, олардың бәрі біртұтас қоғамдық ұдайы өндіріс процесіне тартылған. Оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы экономикалық байланыстардың формасы - ақша айналымы арқылы жүретін тауар айырбасы болып табылады.
3. Меншік қатынастарының ауқымды негізін өндіріс факторларын біріктіру тәсілі құрайды.
Біріктірудің екі тәсілі ажыратылып жүр: тікелей және . сатылы.
Әндіріс құралдарын материалдық
игіліктерді тікелей
4. Табыстарды үлестіру өндіріс қүралдарын меншіктеушілер мүддесі үшін жүзеге асырылады.
5. Меншік субъектілері:
жеке тұлғалар, отбасы, әлеуметтік
топ, өндірістік ұжым, халық, басқару
органдары бола алады. Меншік
объектілері: өндіріс
1.2 Жеке меншіктің экономикалық қатынастардағы
маңызы мен рөлі
Бұрынғы Одақтағы қоғамдық ілімдер дамуының басты кемшілігі — объективтік процестердің, нақты күрделілігін жеңілдетуге саяды. Бұл жағдай "меншік" ұғымын зерттеу процесінде де көрініс алды. Біріншіден, меншікті жігері қатынастар ретінде, тек құқықтық феномен деп түсіну саяси экономия объективті экономикалық процестер қарастыратындығы және ол меншіктің мазмұнын біржақты түсіндіретіндігіне көңіл аударсақ, онда бұл көзқарастың дұрыстығы күмән туғызбайды. Ал осындай бағытты жақтаушылар меншікті құқықтық жағынан қарастыру — иемденудің экономикалық қатынастарын бейнлейтінін, сол себепті де бұл, олардың түрлері екендігін мойындайды. Әйтсе де олар экономикалық қатынастардың меншік қатынастары ретінде қарастырудың орнына, түр мазмұнынан айырып алады.
Екіншіден, көп уақыттар бойы меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұнына тікелеп бармай, оның бетін қалқып түсіндіру орын алып келді. Көптеген авторлар меншіктің экономикалық мазмұнының салыстырмалы мазмұнын өндірістік қарым-қатынастар арқылы анықтау мен оның кұқықтық мазмұнының күрделілігін мойындаумен бірге, олардың арасындағы өзара байланыс туралы нақты жауап бермеді.
Олар меншік туралы ұғымдарды толықтырып отырды. Мұның позитивті маңыздылығы сонда, меншік экономика мен құқықтық біртұтастықта деп тұжырымдалды. Демек, меншік қатынастарының ерекшелігі де дәл осында.
Меншік қатынастары құқықтық және зкономикалық материалдардан тыс қалыптаспайды, олар екі формада бірдей әрекет жасайды. Сонымен, меншіктік категория ретінде қоғамдық процесті сипаттайтын принциптерінің ерекшелігі осында.
Меншік — қоғамдық құрылыстық экономикалық негізі - қоғамдық бастаулардың негізіне жатады. Сондықтан әрбір мемлекет меншік туралы заңдар қабылдап, оны қорғайды Меншік, заң, жалпы алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқықтық нормалар мен актілерді материалдық, байлық әр түрлі субъектілер жеке адамдар әлеуметтік, топтар, таптар, мемлекет арасында қалай иемделетіні және бөлінетіні анықталады. Меншік иесі заңмен анықталган мүліктерге ие болады. Және ол қолындағы мүліктерді иемдену, пайдалану және оған иелік жасау өкілеттігін алады.
Ендігі басты мәселе — меншіктің мәні және сипаты туралы. Жалпы, меншік дегеніміз не?. Міне, осы сұраққа жауап іздеу қажет.
Меншік дегеніміз - өндіріс құрал-жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар. Ол адам және заттың арасындағы қарым - қатынас емес, адамдар арасындағы қатынастар болып табылады.
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ МЕН МЕЛЕКЕТ ИЕЛІГІНЕН АЛУ
2.1 Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мелекет иелігінен алу бағдарламасы
Қазақстан Республикасындағы 10 жылдағы мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру процесін төрт кезеңге бөліп қарауға болады; олардың әрқайсысының өз мақсаттары бар. Бұл процестердің басы Қазақстанның еге-менді мемлекет ретінде орнығу кезеңіне түспа-түс келеді.
І кезең 1991-1992 жылдар аралығын қамтиды. Бүл кезеңдегі жекешелендіру процесінің негізгі бағыты - мемлекеттік орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өту үшін жағдай жасау мақсатында кең ау-қымда реформалау болды. Ол кәсіпорындарды олардың еңбек ұжымдарының ұжымдық немесе акционерлік менші-гіне жеңілдетілген талаптармен беру және сауда мен қызмет көрсету объектілерін сату, соның ішінде тұрғын үй купондарына сату жолымен жүргізілді.
ІІ кезең 1993-1995 жылдарды қамтиды. Бұл кезең Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасындағы 1993-1995 жылдардағы мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің Ұлттық Бағдарламасына" сәйкес жүзеге асырылады.
Жекешелендірудің екінші
кезеңінің негізгі мақсаты
Жекешелендірудің екінші
кезеңінің бағдарламасы институционалдық
реформалардың негізгі
"шағын жекешелендіру",
ол шағын сауда
- ірі және бірегей мүлік көшендерін (жүмысшылар саны 5000-нан асатын кәсіпорындар) жеке жобалар бойынша жекешелендіру;
- "мемлекеттік ауыл шаруашылық, кәсіпорындарын (совхоздар) жекешелендіру".
Жекешелендірудің III кезеңі 1996-1998 жылдар аралығын қамтиды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 2 ақпандағы №246 Қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасындағы 1996-1998 жылдарға арналған жекешелендіру мен қайта құрылымдау Бағдарламасына" сәйкес жүзеге асырылды.[6]
Үшінші кезең Бағдарламасының басты мақсаты жекешелендіру процесін аяқтау жолымен Қазақстан Республикасының экономикасында жеке меншік секторлардың басымдылығына қол жеткізу және оны бекіту болып еді.
Үшінші кезең мемлекеттік
меншіктің тек ақшалай
- мүліктік кешен ретінде мемлекеттік кәсіпорын;
- жекешелендірілуі
тұйық технологиялық циклді
- кәсіпорын мүлкін, мемлекеттік кәсіпорынды жойған жағдайда, тек аукционда ғана;
- шаруашылық серіктестіктердің жарғылық қорларындағы мемлекеттің акциялары мен үлестерін.
Сондай-ақ мемлекеттің акциялар пакеті мен үлестерін сенімдік басқаруға беруді:
- электроэнергетикалық кешендегі;
- мүнай-газ және мұнай-химия кешеніндегі;
- металлургиялық және таукен кешеніндегі;
- көлік-коммуникация кешеніндегі;
- агроөнеркәсіп кешеніндегі;
- әлеуметтік саладағы секторлық бағдарламаларды;
IV кезең 1999-2000 жылдар аралывын қамтиды және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген "1999-2000 жылдарға арналған жекешелендіру және мемлекеттік мулікті басқарудың тиімділігін арттыру Бағдарламасына" сәйкес жүзеге асырылды.
IV кезең Бағдарламасының басты мақсаты - жекешелендіру мен мемлекеттік мүлікті басқарудың құқықтық негіздерін жетілдіру; есепке алуды жақсарту, басқарудың тиімділігін жоғарылату және мемлекеттік мүлікті конкурстық және транспаренттік негізде жекешелендіруді қамтамасыз ету еді:
Бағдарламаға сәйкес:
- мемлекеттік акцияларды
иемдену және пайдалану
- "көгілдір фишка" ретінде анықталып, мемлекет оларда үлес қосушы ретінде қалдырылды; мемлекеттік мүлікті республикалық және коммуналдық деп бөлу жүргізілді; бұл жергілікті бюджеттер табыстарын жоғарылатуды және аймақтардың міндеттерінен шыға отырып, жергілікті жерлерде инвестициялық саясат жүргізуді көздейді. 1999-2000 жылдары Мемлекеттік мүлік комитеті мен оның облыстық бөлімшелері 34,5 мыңнан астам мемлекеттік меншік объектілерін, соның ішінде 1991-1992 жылдары 6,2 мың объектіні купондарға және Ресей рубльдеріне жекешелендірді; 28 мыңдай объект 1993-2000 жылдары ұлттық валюта енгізілгеннен кейін жекешелендірілді.
Алғашқы кезеңде жекешелендіруден 4144 млн. рубль алынған. 1993-2000 жылдары республикада жекешелендіруден 215,4 млрд. теңге, соның ішінде акционерлік қоғамдар акцияларын сатудан - 90%-тен астамы түсті.
2.2 Жекешелендірудің кезеңдері, әдістері мен сатылары
Жекешелендіру ұғымы ол мемлекетке қарасты кәсіпорындар, көлік құралдары, тұрғын үйлер және басқа мүлік ақы төлеп немесе басқадай жолмен азаматтардың немесе акционерлік қоғамдардың (серіктестіктердің жеке меншігіне алынатын процесті білдіреді.
Қазақстанда жекешелендіру 1991 жылдан басталды. Он жыл болған мемлекет иелігінен алу, жекешелендіру процесін төрт этапқа бөліп көрсетуге болады, әрбіреуінің өзінің мақсаты, міндеті болды.
Бірінші кезеңнің (1991-1992 ж.) негізгі бағыты мемлекеттік менішікті кеңінен реформалау, ондағы мақсат әкімшілік-әміршілдік тәсілден нарықтық экономикаға өтуді қамтамасыз ету болып табылады. Ол мемлекеттік кәсіпорындарды жеңілдік жағдайында ұжымжық немесе акционерлік меншікке беру, сауда және қызмет көрсететін объектілерді, соның ішінде үй купонына сату жүргізіледі.
Жекешелендірудің бірінші кезеңінде көптеген қателіктер болды, соның арқасында дағдарыстан шыға алмай, экономиканың дамуы нашарлады. Сол жіберген қателіктердің біразына тоқтальш өтейік.
- Тәжірибенің жоқтығынан меншік қатынасын реттеп отыратын қабылданған зандар пакетінде көптеген қайшылықтар болды. "Жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақстан республикасының халық депутаттарының жергілікті кеңестері туралы", "Қазақстан Республикасының меншігі туралы" зандар жекелешендіру процесімен елеулі егеске түсті. "Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы" заңның өзі де көп түзетілулерді қажет етеді.
- Мемлекеттік меншіктің өзі республикалық және коммуналдық болып бөлінді. Басқа меншік түрлері болғанымен өндіріс өнімділігінде көп өзгеріс болмады.
- Мүліктер кәсіпорындарының өз қызметкерлерінің еңбегі есебінен құрылған деп қаралды, ол бүкілхалықтық екені ескерілмеді. Тегін алынған мүлікке көзқарас та "тегін" болды
- Баскару органдары қайта құрылған кәсіпорындарға қол ұштарын бермеді, көмектеспеді, оларға басқаша қарай бастады. Бұл үлкен қате, қатты адасу, ойткемі министрліктер мен ведомстволардан салалық істерді мемлекеттік міндеттерін ешкім алған жоқ, ал жекешелендіру осы реттеудің түрлерін ғана өзгертеді. Бастапқы кезде осы кәсіпорындарды мемлекет қолдауы, көмектесуі керек еді.
- Тұрғын үйді жекешелендіруде де үлкен қателік кетті. "Купон механизмі" туралы заңға қарамастан, пәтерлерді тегін берген категория адамдарға купонды есептеп беріп қойды. Үйді тегін алғандарға ешқандай да купон берілмеуі керек еді.
- Жергілікті әкімдердің жанынан жекешелендіру жөнінде қосарлас органдар құру практикасын тоқтату туралы Жоғарғы Кеңестің қаулысы орындалмай қадды.
Мамандардың айтуы бойынша, 1991-1992 жылға арналған жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алудың бірінші кезеңінің Нәтижесінде құны 41 млрд. сомға (1991 жылғы бағамен) жуық бағаланған 6198 объекті өзгертілді. Жекешелендірілген кәсіпорындарда 767 мың адам сөз жүзінде емес, іс жүзінде меншік иелеріне айналды. Бұл - республика бойынша жалпы жұмыс істеушілердің 12%-ы.
Жекешелендірудің екінші кезеңінің (1993-1995 ж.) негізгі мақсаты -
мемлекетке қарасты өндірістік объектілерді, басқа да материалдық және материалдық емес активтерді мемлекеттің өтеусіз және өтеммен беру арқылы республика халқына ұлтттық мүлікті қайтару барысында меншік құқығын дербестендіру негізінде орталықтандырылған - жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Осы
мақсаттарды жүзеге асыру
- мемлекеттік кәсіпорындардың көпшілігін акционерлеуді жүзеге асыру, мемпекеттік меншік объектілерін шағын жекешелендіру мен жаппай жекешелендіруді жүзеге асыру жолымен нарыққа бағдарланған шаруашылық қүрылымдарын жеделдете қалыптастыру, жекешелендіруге халықтың барлық топтарының қатысуы үшін жағдайлар жасау;
- шаруашылықты тиімді жүргізуші субъектілер ретінде жеке меншік иелерінің тобын қалыптастыру;
- шағын және орташа бизнесті дамыту;
- халық шаруашылығының ірі жәпс бірегей объектілерін қайта құрудың жеке жобаларын жүзеге асыру;
- жеке бизнес басым болатын және шетелдік инвесторлар қарастырылатын ұйымдық- шаруашылық құрылымдар құру;
- құнды қағаздар нарығының субъектілері ретінде инвестициялық құрылымдар жүйесін дамыту мен нығайту.
- Қазақстан Республикасында жүргізілген жекешелендірудің екінші кезеңінде жекешелендіру купонының екі түрі қолданылды:
- үй купоны, ол тұрғын үйді сатып алуға арналған жекешелендіру купоны;
- инвестициялық жекешелендіру купоны.
Жекешелендіру нәтижесінде әрбір кәсіпорындарға өзін-өзі реттеу арқылы дамуына жол ашылды, халық шаруашылығының дамуы жақсарды, тиімділік жоғарылады. Жекешелендіру бәсеке болатын, негізінен ұсак кесіпорындарын қамтыды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру - заман талабынан туып отырған объективті құбылыс. Қай елде болмасын жүргізілетін жекешелендіру халықтың әлеуметтік қорғау шараларымен бірге жүргізілуі тиісті.
Жекешелендіру бағдарламасының үшінші кезеңіндегі (1996-1998 жыл) негізгі мақсат Қазақстан Республикасының экономикасында жекешелендіру процесін негізінен аяқтауда жекеменшік сектордың басым болуы болып табылды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру тек ақша қаражатына сатылатын болды.
Жекешелендірудің төртінші кезеңі, 1999-2000 жылдардағы мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін арттыру және жекешелендіру бағдарламасына сәйкес жүргізілді.. Мұндағы негізгі мақсат жекешелсндірудің құқықтық негізін және мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру болып табылды, басқару тиімділігі артып, есепке алу жақсарды және т.б.
1991-2001 жылдары жалпы республика бойынша мемлекеттік меншікке қарасты жекешелендірілген объектілер саны - 36,7 мың, болды, соның ішінде 1991-1992 жылдары 6,2 мың объектілер купонға және ресей рубліне сатылды; 30 мыңнан астам объектілер 1993-2001 жылдары ұлттық валютаны - теңгені енгізгеннен кейін жекешелендірілді. Жекешелендірудің бірінші кезеңінде 4144 млн. рубль алынды. Он жьл ішіндегі кезенде жекешелендіруден ең кеп түскен ақша қаражаты, үшінші жөне төртінші кезеңдерде болды, яғни осыған сәйкес 354,2 және 58,7 млрд. теңгені құрады. 1993-2001 жылдары жекешелендіруден 232 млрд. теңге алынды. Жекешелендіруден алынған қаржының 97% астамы республикалық бюджеттен түсті, жергілікті бюджетке - 2%, басқа мақсаттарға - 0,9 пайызы жұмсалды.
Экономикада жекеменшік секторы осылайша қалыптасты. Қазіргі кезде онда республикадағы өнеркәсіп өндірісінің 85% жуығы ондіріледі.
Өтпелі экономика жағдайында меншік қатынастары түрлі өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістер мемлекет қарамағынан алу және жекешелендіру процестерімен байланысты.
Мемлекет иелігінен алу - мемлекеттік меншікті өзгертуге байланысты мемлекеттің экономикадағы шектен тыс ролін жоюға бағытталған шаралар жиынтығы.[10]
Мемлекет иелігінен алу монополизмді жеңуге, бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.
Ол мына бағыттар бойынша жүреді:
1) иемдену процестін мемлекет қарамағынан алу;
2) шаруашылық жүргізудің сан түрлі нысандарын жасау;
3) жаңа ұйымдық құрылымдарды қалыптастыру. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру тығыз байланысты.
Жекешепендіру - меншікті мемлекет иелігінен алудың бағыттарының, бірі, оның мәні - меншікті жеке және заңды түлғалардың жеке меншігіне беруде. Мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарды жекешелендіру - азаматтар мен акционерлік қоғамдардың мемлекеттен және жергілікті билік органдарынан;
- кәсіпорындарды және
олардың кәсіпорындар ретінде
бөліп шығарылатын

- Жеке меншік нарықтық экономиканың негізі
- Жеке меншік нарықтық экономиканың негізі
- Жеке меншік нарықтық экономиканың негізі
- Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі
- Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі
- Жеке табыс салығы
- Жеке табыс салығы
- Жеке кәсіпкердің табысына салық салу
- Жеке кәсіпкерлерге салық салуды жетілдірудің бағыттары
- Жеке кәсіпкерлерге салық салуды жетілдірудің бағыттары
- Жеке кәсіпкерлерге салық салуды жетілдірудің бағыттары
- Жеке кәсіпкерлерге салық салуды жетілдірудің бағыттары
- Жеке кәсіпкерлерге салық салуды жетілдірудің бағыттары
- Жеке кәсіпкерліктің құқықтық мәртебесі