Жеке тұлға - азаматтық құқықтың субъектісі ретінде
Жеке тұлға - азаматтық құқықтың субъектісі ретінде
Жоспар:
Кіріспе
І-бөлім
1.1 ҚР азаматтық құқығындағы жеке тұлға ұғымы
1.2 Азаматтардың құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттігі
1.3 Шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтардың құқық қабілеттілігі
1.4 Қорғаншылар
мен қамқоршылардың құқықтары
мен міндеттері
ІІ-бөлім
2.1 Азаматтардың есімі мен тұрғылықты жері
2.2 Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану
2.3 Азаматты өлді деп жариялау және оның құқықтық салдары
2.4 Азаматтық хал актілері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
мен нормативтік актілер
Кіріспе
Мен осы курстық жұмысты жазу барысында әр түрлі әдебиеттер қолданып, «Жеке тұлға- азаматтық құқықтың субъектісі ретінде» тақырыбын қарастырдым.
Құқықтар мен міндеттер қашан да сол құқықтар мен міндеттердің қайсыбір субъектілеріне байланысты болады. Біз қайсыбір субъективтік құқық туралы айтқанымызда, бұл құқыққа әлдебіреуінің ие екендігін үнемі есте ұстаймыз. Сондай-ақ, міндеттің де кейбіреудің мойнындағы міндет екендігін жадымыздан шығара алмаймыз.
Заң
тілінде құқықтардың және міндеттердің
иелерін «құқық субъектілері» немесе
«тұлға» деп атайды. Тұлғаның заңдық тұрғыдан
алғандағы ұғымы құқық қабілеттілік ұғымымен
сәйкес келеді. Құқық өкілеттілігін алған
құқық қабілетті атаулының бәрін тұлға
деп атауға болады. Тұлғаның екі категориясы
бар. Құқық субъектілері – ең алдымен
адамдар ( жеке тұлға). Әрбір адам – құқық
субъектісі.
- ҚР азаматтық құқығындағы жеке тұлға ұғымы
Тұлғаның екі категориясы бар. Құқық субъектілері — ең алдымен адамдар (жеке тұлға). Әрбір адам — құқық субъектісі. Бірақ, құқықта субъектілердің басқа да категориясының барлығы мәлім. Бұл — ұжымдар, толып жатқан ұйымдар, кәсіпорындар, қоғамдар және т.б. да құқық пен міндеттердің иелері болып табылады.
Жоғарыда айтылған екі категориялы құқық субъектілерін (яғни адамдар мен ұйымдарды) бір-бірінен ажырату үшін заңгерлер бұларды жеке тұлғалар және занды тұлғалар деп бөледі. Жеке тұлға дегеніміз — Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар. Заңды тұлға деп - мекемелерді, ұйымдарды, кәсіпорындарды және т.с.с. атайды.
Азаматтық кодекстің 12-бабына сәйкес, жеке тұлға деп Қазақстан Республикасының азаматтарын, басқа мемлекеттердің азаматтарын және азаматтығы жоқ адамдарды айтамыз. Азаматтық алған адам сол мемлекеттің құқық субъектісі болады. Сондықтан да азаматтық заңда жеке тұлғалардың құқық қабілеттіктері туралы емес, азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы ғана айтылған. Құқық қабілеттілігі ең алдымен толық түрде Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі.
Қазақстан
Республикасының Президентінің 1995
жылғы 19 маусымда қабылданған «Шетелдік
азаматтардың құқықтық жағдайлары туралы»
Заң күші бар Жарлығының 2-бабына
сәйкес, «Қазақстан Республикасының азаматтары
болып саналмайтын және басқа мемлекеттің
азаматы туралы дәлелі бар азаматтар шетел
азаматтары болып саналады». Қазақстан
Республикасындағы олардың азаматтық
құқық қабілеттілігі өзінің мемлекетінің
заңымен емес, Қазақстан Республикасының
заңымен айқындалады. Олар Қазақстан Республикасының
заңында қаралмаған азаматтық құқыққа
таласа алмайды және де егер заңда өзгеше
көзделмесе, құқық қабілеттілігі шектелуге
жатпайды. Аталған Жарлықтың 2-бабының
11-бөлігіне сәйкес, «Қазақстан Республикасының
азаматтары болып саналмайтын және басқа
мемлекеттің азаматтығы туралы дәлелі
жоқ адамдар азаматтығы жоқ адамдар деп
есептеледі». Егер заң құжаттарында көзделмесе,
азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасы
азаматтарымен тең дәрежеде азаматтық
құқықты пайдаланады.
1.2
Азаматтардың құқық
қабілеттілігі мен әрекет
қабілеттігі
Құқық
субъектілерін сипаттайтын
Конституцияның аталған тұжырымына орай азаматтардың құқық қабілеттілігі заңда бәріне бірдей және бірыңғай құрылған. Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтардың құқық қабілеттілігі барлық азаматтар үшін тең дәрежеде екендігі танылған. Дейтұрғанмен, құқық қабілеттілігің теңдік принципі нақты субъективтік құқық шеңберінде жекелеген азаматтарға берілетін міндеттілік теңдікті көрсете қояды деуге болмайды. Азаматтардың бәрінде бірдей кез келген құқықты ала беру (мысалы, тұрғын үйді, машинаны) мүмкіндігі бола бермейді. Құқық қабілеттілігінің теңдігі дегенде, заңда бұл орайда ешкімге артықшылық бермейтіндігі, ешкімге субъективтік құқық алуға тыйым салмайтындығы тұрғысынан түсіну керек. Азаматтық құқық қабілеттілігінің теңдік принципінен жалпы ережеге сәйкес оны шектеуге жол берілмейді. Азаматтық Кодекстің 18-бабы 1-тармағында былай деп жазылған: "Заң құжаттарында көзделген реттер мен тәртіп бойынша болмаса, ешкімнің де құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін шектеуге болмайды". Қолданылып жүрген заңға сәйкес, құқық қабілеттілігін шектеу азаматтың қылмыс жасау негізінде, сот үкімі арқылы алынған шара бойынша шектелуі мүмкін. Бұл орайда азамат құқық қабілеттілігінен толықтай (тұтастай) айрылмайды. Тек заңда көрсетілген құқықтарға ғана шектеу қойылады. Қазіргі қылмыстық заңда азаматтың құқығын айыру мына жағдайларға:
1. белгілі бір лауазымды иеленуге немесе белгілі бір қызметті жасауға (жүргізуші, дәрігер және т.б.);
2. елдің
аумағында емін-еркін жүріп-
Ескерте кеткен жөн, біздің заң бойынша құқықты жою қашан да уақытша сипатта болады. Сонымен қатар құқық қабілеттілігін шектеуді азаматтық, басқалай субъективтік құқықтарынан айыру жағдайымен шатастыруға болмайды. Құқық қабілеттілігін шектеу дегеніміз - қандай да бір құқықты алу мүмкіндігінен айыру болып табылады.
Азаматтың құқық қабілеттілігі оның туған сәтінен басталады, яғни ана құрсағынан тірі туып, жеке өзі өмірге келгеннен кейін жеке тұлға болып есептеледі. Мысалы, түсік тірі туа тұрса да, тұлға деп саналмайды, өйткені, ол адам бейнесіне әлі келмеген. Бірақ, айтарлықтай дамыған шала туған бала тұлға санатына қосыла алады. Сонымен, егер сәби тірі туып аз күн болса да өмір сүрсе, онда ол азаматтардың хал актілерін тіркеу органдарында кай кезде шетінегеніне қарамастан туғаны жөнінде тіркеледі.
Азаматтық кодекстің 1044-бабы бойынша мұра қалдырушының тірі кезінде іште калған және мұра ашылғаннан кейін тірі туған азаматтар мұрагер бола алады, ондайда сәби небәрі бірнеше минут өмір сүрсе де аталған құқықты иеленеді.
Құқық қабілеттілігі адамның — құқық субъектісінің өлуімен бірге қысқарады. Өлген адамның ие болып келген құқықтары мен міндеттері ішінара (жеке бастың, жеке отбасылық жағынан) қысқарады, ішінара (мүліктік құқықтар) мұрагеріне көшеді. Өлім — бірқатар құқықтық салдар тудырып кететін факт. Сондықтан, адам туғанда тіркелсе, қайтыс болған азаматты да хал актілерінде тіркеу керек. Айта кететін жайт, азаматтың денсаулығы және психикалық жағдайы оның құқық қабілеттілігіне әсер етпейді.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз - азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі - азаматтың құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді. Азаматтың құқық қабілеттілігі оның, дүниеге келген сәтінен бұл дүниеден озғанынша бірге болады. Азаматтың әрекет қабілеттілігі үшін оның, өз еркімен мүлікті иеленіп, оған билік ету немесе өзіне міндеттеме алуға тілек білдіруі қажет. Сондықтан да азаматтың құқық қабілеттілігі оның жасы мен психикалық жағдайына қатысты келеді. Ол өзіне азаматтық құқықпен міндеттілікті алу үшін қалыпты әрі толысқан психикада болуы тиіс. Нәтижесінде құқық қабілеттілігі барлардың бәрі бірдей әрекет қабілеттілігіне ие емес, бір сөзбен айтқанда, азаматта құқық қабілеттілік болғанымен, әрекет қабілеттілігі белгілі бір уақыт арасында болмауы мүмкін.
Азаматтық
кодекстің 17-бабына сәйкес
Бұл арада ескеретін мынадай бір жағдай бар: Азаматтық кодекстін 17-бабы 2-тармағына сәйкес, заң құжаттарында 18 жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Қазақстанда "Неке және отбасы туралы" Заң бойынша некеге тұруға 18 жастан бастап рұқсат етіледі. Егер дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін тіркеу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін ("Неке және отбасы туралы" Заң, 10-бап).
Әдебиеттерде азаматтардың әрекет қабілеттілігі толық, ішінара (толық емес) және шектеулі болып бөлінеді. Онық өзі азаматтың әрекет қабілеттілігіне байланысты жүзеге асады. Жаңа туған бала толығынан құқық қабілеттілігі бола тұрса да, өзі әрекет жасап қайсыбір құқыққа ие болуға немесе өзіне міндеттер алуға қабілетсіз екендігі түсінікті нәрсе. Саналы әрекет жасау қабілеті кісінің өскендігіне (жасына) байланысты. Сондықтан әрекет жасау жасы толған адамдарда ғана болады.
18 жасқа толғандар ғана ер жеткен деп саналады (АК-тің, 17-бабы, 1-тармағы). Осы жасқа толған соң адам азаматтық құлсық айналымының толық құқылы қатысушысы болып қана қоймай, ол саяси құкықтар мен міндеттерге де ие болады.
Толық емес немесе ішінара әрекет қабілеттілігі бойынша, азамат өзінің әрекеті арқылы кез келген құқықтық әрекетті жасай алмайды, былайша айтқанда, заңда тікелей көрсетілген бірқатарына ғана ие.
Ішінара (толық емес) әрекет қабілеттілігі әдетте, жасы кәмелетке толмағандарға тән, ал берілетін әрекет ауқымы олардың жасына байланысты. Заң мұндай тұлғаларды екі топқа бөледі: а) жасы кәмелетке толмаған 14 пен 18 жас аралығындағылар; б) жасы кәмелетке толмаған 14 жасқа дейінгі жас балалар.
14 пен
18 жас аралығындағылардың әрекет
қабілеттілігі мейлінше
— өздерінің заңды өкілдерінің, яғни ата-аналары мен асырап алушылардың, корғаншылары келісімінсіз-ақ өз бетімен жасаған мәмілелер; — ата-анасының (асырап алушының, қамкоршысының) рұқсат берген жазбаша хаты негізінде жасалатын мәміле.
14 пен
18 жас аралығындағы жасы
1) өзінің жалақысына, стипендиясы мен басқа кірістеріне билік етуге;
2) интеллектуалдық меншік құқығы бар объектілеріне билік етуге;
3) ұсақ тұрмыстық мәмілелер жасауға;
4) банкке салым салуға және өзінің салымына, оның ішінде өзінің атына салынған салымдарға иелік етуге құқылы.
14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар басқалай мәмілелерді, яғни мәмілелерді ата-анасының, асырап алушыларының немесе қорғаншыларының келісімімен жасайды. Мұндай келісімнің нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәміле үшін белгіленген нысанға сай келуге тиіс (АК-тің 22-бабы, 1-тармағы).
Мәміленің аталған екі түрі бойынша жауапкершілікті, заңды өкілдерінің келісімі талап етілсін не етілмесін, жасы кәмелетке толмағандардың өздері көтереді.
Жасы кәмелетке толмағандар (14 жастан 18 жасқа дейінгі) келтірілген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе табысы болмаған реттерде зиянның тиісті бөлігін, оның ата-аналары (асырап алушы адамдар) немесе қамқоршысы өтеуге тиісті. Олардың бұл міндеті зиян келтірушінің жасы толғаннан кейін, сондай-ақ келтірген зиянды өтеуге оның жеткілікті мүлкі немесе еңбек табысы жасы толғанға дейін пайда болған ретте жойылады.
14 жасқа
дейінгі кәмелетке толмағандар
үшін мәмілелерді, егер заңда
өзгеше көзделмесе, ата-анасы, асырап
алушылары мен қорғаншылары
1.3 Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтардың құқық қабілеттілігі
Шетел азаматтары дегеніміз - ол ҚР-ның азаматтығында жоқ және басқа мемлекеттің азаматтығында болатын тұлғалар.
Ал тұрғылықты жер заңы бұл жеке тұлғалардың тұрғылықты мекен жайы орналасқан мемлекеттің заңын қолдануды айтамыз, жеке тұлғаның азаматтық заңын қолдануға себеп болған 1804 жылғы Француз Азаматтық кодексі онда шетелде жүрген ,Француз азаматтарының әрекет қабілеттілігі мен азаматтың жағдайы ұлттық заңмен анықталады делінген.
Кейіннен ұлттық заң мәселелері 1865 жылы Италияның Азаматтық кодексінде де, 1896 жылы Герман Азаматтық заңында бекітіледі, ал Англо - Американдық құқықтағы домицилий концепциясы басқа құқық жүйелерінен ерекше, себебі ол Рим құқығына негізделген, ал англо- саксондық жалпы құқық жүйесі бойынша, пайда болу домицилиясымен (шыққан тегімен) таңдау домицилиясына бөлінеді.
Мысалы, некемен туған бала әкесінің домилициясына, некесіз туған бала шешесінің домицилиясына тиісті болады.
Дәл осылай отбасы және неке қатынастары, мұрагерлік қатынастар қаралады. Яғни жеке заң және domisilii заңы бойынша.
ҚР-ның Азаматтық Кодексінде «жеке тұлғалардың жеке заңы» атты арнайы 1094- бап бар.
ҚР-ның заңы бойынша, жеке тұлға қай елдің азаматтығын алса, сол елдің құқығы оның жеке заңы болып саналады.
Адамның екі немесе оданда көп азаматтығы болған жағдайда адам неғұрлым тығыз байланысты елдің құқығының жеке заңы болып саналады.
Мысалы, Қазақстанның Австрия мен Турцияның Халықаралық жеке құқық туралы заңына сәйкес, егер тұлға бірнеше мемлекеттің азаматы болса, оның жеке заңы болып байланысы жақынырақ мемлекеттің заңы табылады.
ҚР- да шетелдік азаматтардың әрекет қабілеттілігі оның жеке заңы арқылы анықтау қағидасына 3 шектеу бар:
1. ҚР-ның аумағында шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың мәміле жасау мәселесі, яғни шетелдік азамат Қазақстанда сатып алу-сату, кепіл, айырбастау және басқа да келісім шарттар жасасқаннан кейін, өз жеке заңына сілтей отырып яғни жеке заң бойынша тиісті жасқа толмауына байланысты жасалған келісім-шарттардың дұрыстығы мен заңдылығына дауласа алмауы.
2. ҚР-сы аумағында шетел азаматының зиян келтіру салдарынан туған жауапкершілігінің азаматтық әрекет қабілеттілігін Қазақстандық құқықпен анықтайды.
3. ҚР-дағы
шетел азаматтарының және азаматтығы
жоқ тұлғалардың әрекет қабілеттілігін
шектеу, оларды хабар ошарсыз кетті немесе
қайтыс болды деп тануды ҚР- ның заңнамасымен
жүзеге асырады.
1.4
Қорғаншылар мен қамқоршылардың
құқықтары мен міндеттері
Жоғарыда айтылғандай, әрекет жасау қабілеттілігі жоқ адамдардың да құқықтарға және міндеттерге ие бола алатындығы айтылған. Ал бұлар өздерінің құқықтарьн қалайша жүзеге асырады, азаматтық айналымға қалайша қатысады? - деген сұрақ туады.
Бұл мәселе қорғаншылық немесе қамқоршылық тағайындау жолымен шешіледі. Бұның мәні мынада: қорғаншы - өзінің әрекеттерімен қорғауындағыға құқық және міндет еншілей отырып, әрекет қабілеттілігі жоқ адамның орнына өзі әрекет жасайды. Қамкоршылықтың мәні, қамқоршы адамдар - ішінара әрекет қабілеттілігі бар адамдарға өздерінің міндеттерін орындағанда көмектесіп, бақылауына алатындығында сонымен қатар оларды үшінші жақтардан болатын қ иянаттардан корғап жүретіндігінде. Екінің бірінде, дене мүшесінің кемістігінен (мәселен, соқыр, мүгедек) өзінің құқықтарын жүзеге асыра алмайтын және қорғай алмайтын, бірақ, сонда да әрекет қабілеттілігі толық деп танылатындарға да, қамқоршы адам тағайындалады. Мұндай адамдар жөнінде қамқоршының қызметі сол мүгедек адамның құқыққа ие болуына, құқығын жұзеге асыруына қажетті әрекеттерін орындап отыру болып есептеледі. Кәмелетке толған әрекетке қабілеті бар адамның қамқоршысын қорғаншы және қамқорлық жасаушы орган сол адамның келісімі бойынша ғана тағайындауы мүмкін.
Кәмелетке толған әрекетке қабілетті қамқоршылыққа алынушыға тиесілі мүлікке билік етуді, қамқоршылыққа алынушымен жасалған тапсыру шарты немесе мүлкін сенімді басқару негізінде қамқоршы жүзеге асырады.
Қамқоршылыққа алынушыны асырап алуға және оның тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыруға бағытталған тұрмыстық және өзге де мәмілелерді жасауды қамқорлыққа алынушының келісімімен қамқоршы жүзеге асырады ("Неке және отбасы туралы" заңның 113-бабы).
Жергілікті атқарушы органдар қорғаншы және қамқоршы органдар болып табылады.
Аудандық және қалалық атқарушы органдар өздерінің қорғаншылық және қамқоршылык жөніндегі міндеттерін халыққа білім беруге, оны әлеуметтік қорғауға және оның денсаулығын сақтауға уәкілеттік берілген органдары арқылы жүзеге асырады; ал поселкелік, селолық, ауылдық атқарушы органдар бұл қызметтерді дербес жүзеге асырады.
Қорғаншы немесе қамқоршы тек оның келісімімен ғана тағайындалуы мүмкін.
Егер бұл қорғаншылыққа алынушының, мүдделеріне қайшы келмесе, қорғаншьшың немесе қорғаншылыққа алынушыға жақын басқа да адамдардың басым құқығы болады.
Егер
қамқорлыққа алынушылардың
Әрекетке қабілетті және ата-ана құқықтарынан айрылмаған, бірақ, балаларының тәрбиесін жүзеге асыра алмайтын ата-аналардың кәмелетке толмаған балаларына қорғаншы және қамқоршы тағайындалған кезде, қорғаншылар және қамқоршылар ата-аналардың тілегі ескеріле отырып тағайындалады.
Балаға қорғаншы (қамқоршы) тағайындау кезінде қорғаншының (қамқоршының) адамгерщілік және өзге де жеке қасиеттері, оның қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерді орындау қабілеті, қорғаншы (қамқоршы) мен баланың арасындағы қарым-қатынастар, қорғаншы (қамқоршы) отбасы мүшелерінің балаға деген көзқарасы, сондай-ақ егер бұл мүмкІн болса, баланың өз тілегі ескеріледі. Егер кәмелетке толмаған балаға қорғаншы немесе қамқоршы етіп тағайындалатын адам некеде тұрса, оның жүбайының келісімі талап етіледі.
"Неке және отбасы туралы" Заңының 108-бабында көрсетілгендей, қорғаншылар мен қамқоршылар бола алмайтындар мыналар сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілетгілігі шектеулі деп танылған адамдар;
сот бойынша ата-ана құқықтарынан айрылған немесе ата-ана құқықтарын сот шектеген адамдар;
өзіне заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерден шеттетілген адамдар;
егер сот олардың кінәсінен бала асырап алудың күшін жойған болса, бұрын бала асырап алушылар;
денсаулығының жай-күйіне байланысты баланы тәрбиелеу жөніндегі мІндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдар.
Қорғаншылық
және қамқоршылық қамқорлыққа
Заңда
белгіленген жағдайларды
Корғаншы
(қамқоршы) қамқоршылығына алынғандарды
өз есебінен асырап-бағуға міндетті емес.
Қамқоршылыққа алынушыны
Қамқоршылыққа алынушыны асырап-бағуға жеткілікті қаражат болмаған кезде қорғаншы және қамқоршы органдар оны асырап-бағуға жәрдемақы тағайындайды.
Жасөспірім қорғаншылыққа алынушы 14 жасқа жеткен соң оған қорғаншылық тоқтатылады, ал қорғаншылық міндетін жүзеге асыратын адам бұл туралы қосымша шешімсіз кәмелетке толмаған баланың қамқоршысы болады. Қамқоршылық кәмелетке жасы толғандарға тоқтатылады, ал ішкілікке салынып, нашақорлықпен айналысқандарға сот әрекет қабілеттілігі бар деп шешім шығарылған соң барып тоқтатылады.
Қорғаншылық пен қамқоршылық қамқорлыққа алынған адам қайтыс болған жағдайда тоқтатылады.
Қорғаншы қарауындағы адамның мүлкіне билік етеді, оның әрекет қабілеті болғанда істей алатын мәмілелерінің бәрін де жасауға құқығы бар. Сонымен бірге қамқорлықтағы адамның мүддесін қорғау мақсатында заң бірталай ережелерді сақтауды міндеттейді. Мәселен, қамқоршылыққа алынушы адамның кірістерін, соның ішінде оның мүлкін басқарудан түсетін кірістерін, қамқоршылыққ алынушының өзі дербес билік ету құқығы бар кірістерін қоспағанда, тек қана қамқоршылыққа алынушының мүдделеріне сай және қорғаншы мен қамқоршы органның алдын ала рұксатымен қорғаншы немесе қамқоршы жұмсайды.
Қорғаншы және қамқоршы органның алдын ала берген рұқсатынсыз, қамқоршылыққа алынушының оның кірісі ретіндегі тиесілі сомасы есебінен қорғаншы мен қамқоршы қамқоршылыққа алынушыны асырау үшін қажетті азын-аулақ шығындар жасауға құқылы.
Қорғаншы мен қамқоршы органның алдьн ала берген рұқсатынсыз қорғаншының иеліктен алу жөніндегі мәмілелер жасауға, ал қамқоршының мәміле жасауға келісім беруге, соның ішінде қамқоршылыққа алынушының мүлкін айырбастауға немесе сыйға тартуға, немесе оның атынан кепіл шартын жасауға, оны жалға (жалдауға), тегін пайдалануға немесе кепілдікке беруге, қамкорлыққа алынушының заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерліктен тиесілі құқықтарынан бас тартқызуға әкеліп соғатын мәмілелер жасауғ, оның мүлкін бөлуге немесе одан үлес бөлуге, сондай-ақ қамқоршылыққа алынушының мүлкін азайтуға әкеп соғатын басқа да кез келген мәмілелер жасауға құқығы жоқ, аталған мәмілелер нәтижесінде корғаншы алған қаражаттың қалай жұмсалуға тиіс екенін қорғаушы және қамқоршы орган белгілейді.
Мүлікті қамқоршылығына алушыға сый ретінде немесе тегін түрде пайдалануға беруді қоспағанда, қорғаншының (қамқоршының), олардың жұбайлары мен жақын туыстарының қамқоршылыққа алынушымен мәмілелер жасауға, сондай-ақ мәмілелер жасау кезінде немесе қамқоршылыққа алынушы мен қорғаншы немесе қамқоршының жұбайы және олардың жақын туыстары арасында жүргізілген сот ісінде қамқоршылыққа алынушының атынан өкілдік білдіруге құқығы жоқ ("Неке және отбасы туралы" Заңының 114-бабы).
Қорғаншьг
немесе құқығы өзінің тиісті міндеттерін
тиісінше атқармаған жағдайда, соның
ішінде өзінің қорғаншылығын немесе
қамқоршылығын жеке басының пайдасы мақсатында
пайдаланған кезде немесе қамқоршылыққа
алынушыны қадағалаусыз қамқоршы орган
қорғаншьшы немесе қамқоршыны осы міндетгерді
атқарудан шеттетуі және кінәлі адамды
заңмен белгіленген жауапқа тарту үшін
қажетті шаралар қолдануы мџмкін.
ІІ бөлім
2.1
Азаматтардың есімі
мен тұрғылықты жері
Азаматтың құқығы мен міндеттерін алу мен жүзеге асыру тиісінше дербестікке ие болуы керек. Әрбір жеке азамат өзінің атымен аталады. АК-тің 15-бабы 1-тармағына сәйкес азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ, қаласа, әкесінің атын да қоса алады. Азаматқа туған кезде ат қояды. Ал ата-анасы болмаған жағдайда оны тәрбиелеп отырған адам жүзеге асырады. Әдетте балаға ата-анасының фамилиясы беріледі. Егер әртүрлі фамилияда болса, онда ата-аналары қайсысын беруді өздерІ келісіп шешеді.

- Жеке тұлға және жүйке жүйесі
- Жеке тұлғаларға несие берудің ақпараттық жүйесі
- Жеке тұлғалардың әрекеттілігі
- Жеке тұлғаны ұтымды тәрбиелеу
- Жеке тұлға - халықаралық құқықтағы қылмыстық жауапкершіліктің субьектісі ретінде
- Желдеткіш ауаның шаңдылығын анықтау,шығарылған зарарды заттардың массасын және шаң ұстағыш қондырғылардың тиімділігін анықтау
- Железная дорога
- Жеке меншік нарықтық экономиканың негізі
- Жеке меншік нарықтық экономиканың негізі
- Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі
- Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесі
- Жеке табыс салығы
- Жеке табыс салығы
- Жеке тұлға — азаматтық құқықтың субъектісі