Өзін-өзі тану сабағын экскурсия түрінде өткізу ерекшеліктері

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ......................................................................................................4

 

I ТАРАУ.  ЭКСКУРИЯ ҰҒЫМЫ МЕН  ЭКСКУРЦИЯ САБАҒЫ

 

  1. Экскурция сабағы туралы жалпы түсінік ............................................5-6

 

1.1 Экскурция сабағының құрылымы......................................................7-9

 

II ТАРАУ.  ЭКСКУРЦИЯ САБАҒЫНЫҢ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

  1. Экскурция сабағының өткізілуі мен ерекшеліктері........................... 10-14

 

2.1 Өзін-өзі тану сабағын экскурсия түрінде өткізу ерекшеліктері ...........15-18

 

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................19-

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Қазіргі кезде оқыту теориясы мен практикасында сабаққа дамып отыратын жүйе ретінде қарайтын көзқарас қалыптасқан. Сабақты үнемі бір сарынмен қалыптасқан әдіс бойынша өткізу мүмкін емес.Себебі, сабақ – сыртқы ортамен ақпараттық және басқа да арналар арқылы байланысатын жүйе. Осы сыртқы байланыстар мен ішкі қайшылықтар ықпалы арқылы сабақ дамып, жетіліп отырады. Сабақ – өзара тығыз байланысқан, өзара әрекеттесетін бөліктерден тұратын бүтін жүйе. Оқушыға сабақты түсіндірудің түрлі жолдары бар. Қазіргі заман талабына сай түрлі әдіс-тәсілдердерді қолданып сабақтың мазмұнын ашуға болады.Өзін-өзі тану сабағы әр сабақты жаңашылдықпен өтуді қажет етеді. Әр бір сабақ қызықты және басқа сабақтардан ерекше бір әдіспен өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Соған орай сабақты өткізудің түрлі формалары  бар. Мысалы: лекция, семинар, экскурсия, конференция, “Эврика” сабағы, практикалық жұмыс, “Дидактикалық ертегі” сабағы т.б. Соның ішінде ерекше өткізу формасы экскурция сабағы болып табылады. Экскурция сабағы оқытудың дәстүрлі емес әдісіне кіреді. Оқушыларды түрлі орындарға экскурцияға апару немесе бір сабақты саяхат түрінде өткізу оқушылардың танымдық қасиеттерін арттыруға ықпал етеді. Оқушылар өз бойындағы рухани-адамгершілік қасиеттерін дамытады және эстетикалық, танымдық қасиеттерін дамыуға ықпал етеді.

Курстық жұмыстың  зерттеу пәні:  дәстүрлі емес сабақ, экскурция сабағы

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: экскурция сабағының тиімділігі мен ерекшеліктерін  қарастыру

Курстық жұмыстың   мақсаты: дәстүрлі емес сабақты талдай отырып, экскурция сабағының ерекшеліктері мен тиімділігін сонымен қатар маңызын айқындау. Өзін-өзі тану сабақтарын экскурция түрінде өткізу, экскурция сабағының тиімділігін  арттыруға ықпал ету жолдарын қарастыру.

Курстық жұмыстың    міндеттері: Экскурция сабағының басқа  сабақтардан айырмашылығын қарастыра отырып, өзін-өзі тану сабағын экскурция түрінде ұйымдастыру жолдарын қарастыру.

Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: тақырыпты  зерттеу барысында ғылыми  әдістемеде қолданылып жүрген талдау, саралау, салыстыру т.б әдістері арқылы топталып, сипаттама жасалынды.

Курстық жұмыстың  теориялық негізі: экскурция сабағының ерекшеліктерін талдай отырып, курстық жұмыстың теориялық негізі ретінде М.Н.Скатинаның «Дидактика средней школы», Ю.Конаржевскийдің «Анализ урока»,                            И.П. Подласыйдың «Педагогика начальный школы» және А.В Хуторскойдың «Современная дидактика» т.б   әдебиеттерді пайдаландым.

Курстық жұмыстың  жаңалығы: экскурция сабағының ерекшеліктерін талдай отырып, өзін-өзі тану пәнінін табиғат аясында ұйымдастыру тәсілін қарастыру.

Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттен тізімінен  тұрады.

 

I ТАРАУ.  ЭКСКУРИЯ ҰҒЫМЫ МЕН  ЭКСКУРЦИЯ САБАҒЫ

 

  1. Экскурция сабағы туралы жалпы түсінік

 

Экскурсия - (excursio) латын тілінен аударғанда «серуендеу» деген мағынаны білдіреді. Негізінен бұл пән оқу үрдісіне Батыс Европа және  Ресей оқытушылары арқылы ХVIII-ХІХғғ енгізілді. 1910 жылы Мәскеуде «Орталық экскурсиялық комиссия» құрылды оқушылар мен оқытушыларға қызмет көрсету үшін. Совет үкіметі экскурсияны оқу үрдісінде ең қажет элементі деп қарастырды. 1918 жылы Мәскеуде «Орталық оқушылар экскурсиялық бюро» құрылды. Экскурсиялар туризмде мәдени-танымдық түрі ретінде, құрама бөлігі ретінде 20-жылдардың сонымен                       30-жылдардың басында өрлей бастады.

 Дәстүрлі емес сабақтар интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты - оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тұтас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады.

Экскурсия кезінде оқу табиғатта, мұражайда, өндірісте өтіп, оқушылар алуан түрлі объектілерді және болмыс құбылыстарын бақылайды және зерттейді, өмірдегі құбылыстарды тікелей қабылдайды. Экскурсия әсемдікті түсінуге, танымға қуануға, қоғамға пайдалы болуға ұмтылуға көмектеседі. 
Далада, орманда, өзен жағаларында оқушылар табиғат сұлулығын түсінуге үйреніп, өздерінің әсерлерін сурет салу, гербарийлер жасау арқылы білдіреді. Мұражайларға, көрме залдарына, өндіріс орындарына бару өнер шығармаларын түсінуге, үйреншікті заттар мен құбылыстардан сұлулықты табуға, адамның еңбегінің сұлулығын сезінуге үйретеді.

Әрбір экскурсия тақырыппен байланысты. Экскурсия арқылы бала әртүрлі курстарда оқылып жатқан құбылыс, зандардың байланысын көреді, оларды қолдануға үйренеді. Мысалы, жерде жұмыс істегенде өлшеу үшін геометрия заңдарын қолданып, қарапайым құралдармен жұмыс істеп, сурет салады, көргендерін жазады, картамен жұмыс істейді.

Экскурсия мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Мәселенің өзі, танылуға тиісті объекті оқушыларға қызықты болады. Экскурсия нәтижелері сыныпта шығарылады. 

Экскурсия жаңа білімдермен қатар, мұғалімге өз оқушыларын жақсы білуге көмектеседі. Экскурсияға баратын топтарда 10 оқушыдан 40 оқушыға дейін болады, ұзақтығы 40-90 минут. Оқу экскурсияларын мазмұнына қарай тақырыптық және кешенді (шолу) деп бөледі. Тақырыптық экскурсияларға барғанда оқу пәндерінің бір немесе бірнеше байланысты тақырыптар оқылады. Кешенді экскурсиялар екі немесе одан да көп оқу пәндерінің бір-бірімен мәселен, дүниетанудан "Ағын сулар мен желдер", өсімдіктер, жануарлар және "сыртқы орта" деген тақырыптарды оқу үшін экскурсияға баруға болады, байланысты тақырыптарын оқу үшін ұйымдастырылады. 
Оқылатын бөлімдегі орнына қарай кіріспе, негізгі, қорытынды экскурсиялар өткізіледі. Кіріспе экскурсия оқушыларды және оқу курстарымен, бөлімдерімен таныстырады. Негізгі экскурсиялар арқылы оқушылар тақырыпты терең түсінеді, теориялық материалдың тәжірибесі керектігін үғынады. 
Қорытынды экскурсиялар бөлімді қорытындылау және жүйелеу үшін, оның нақты процестермен және құбылыстармен байланысын анықтау үшін өткізіледі. Мұғалім алдын ала экскурсия болатын жерді көріп, оның білімге ықпалын анықтап, экскурсияның мақсатын және міндеттерін, түрін және құрылымын анықтайды, оқушылар үшін проблемалық сұрақтар, тапсырмалар әзірлейді, экскурсияның әдіс, тәсілдерін белгілеп, жоспар құрастырады. Жүретін жерлердің бағдарын жасап, қосымша көрнекіліктер және керекті жабдықтарды (өлшейтін құралдарды, блокнот, қарындаштарды, гербарийлерге арналған папкаларды, фотоаппаратты, компасты) әзірлейді, оқушыламен әңгімелеседі, қауіпсіздік ережелерін, өзін-өзі ұстау жөнінде айтады , экскурсия өтетін жерге қысқаша сипаттама беріп, қалай, қайда қарау керек екенін, нені бақылау, жазып алу, суретке түсіру керектігін айтып, қалай жүру керектігін түсіндіреді. Әрбір оқушының міндетін айтып, керек жағдайда топқа бөледі, топ басшыларын тағайындайды, жауапты оқушыларды бөліп, мәліметтерді талдап қорыту туралы нұсқаулар береді.

Кіріспе әңгімеде мұғалім экскурсияның мақсатын айтады, содан кейін оқушылар объектілерді қарап, тапсырманы орындауға кіріседі; сурет салады, жазады, объектінің ерекшіліктерін бөліп, көргендерінен қорытынды жасайды. 
Мұғалім экскурсия кезінде өз әңгімесін демонстрациямен ұштастырады. Оқушылардың бақылауларына басшылық етеді. Экскурсияның соңында мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексереді, қорытынды әңгіме болады. Керек жағдайда оқушылар үй тапсырмасын орындайды. Экскурсия материалдарын кірістіріп сабақ өткізуге болады.  Мектепте өтетін экскурсиялар оқытудың тиімді формасы болғандықтан, оларды жиі өткізу керек, себебі ол өмірді тану дағдыларын қалыптастырады. Ол үшін экскурсияларға тапсырмалар әзірлеп, нәтижелерін тексеріп отыру керек.    

 

 

    1. Экскурция сабағының құрылымы

       Оқыту жұмысын тек сабақ арқылы ұйымдастыру мүмкін емес.  Сыныптық-сабақ жүйесінің негізгі кемшілігі - оқушылардың дара ерекшеліктерін дамытуға жеткілікті мүмкіндіктердің болмауы - оқытуды ұйымдастырудың басқа жолдарын іздестіруге себеп болды. Сондықтан оқушылардың сыныптық-сабақтағы танымдық әрекетін дамыту, толықтыру және оқушылардың өзіндік шығар-машылық белсенділіктерін, қабілеттерін арттыру мақ-сатында оқыту жұмысын ұйымдастырудың қосымша түрлері қолданылады. Олардың қатарына семинар, экскурсия, факультативтік, қосымша, конференция сабақтары, өндірістік оқу, үйдегі оқу жұмысы, тәжірибелік-зертханалық (практикум) және пәндік үйірме жұмыстары, олимпиада, сынақ және емтихан, өзіндік жұмыс түрлерін жатқызуға болады. 

Экскурцияның негізгі міндеттері:

1. Экскурсантқа көруге, тыңдауға және сезуге көмек беру;

2. Экскурсантқа  объекті  көрудің, түсінудің практикалық дағдысын беру;

3. Тақырыпқа, әңгімеге, көрсетуге бүкіл экскурсия бойы тұрақты назар қамтамасыз ету.

Экскурсия методика жұмысы 2 бөліктен тұрады:

1. Экскурсия  дайындау методикасы;

2. Экскурсия  өткізу методикасы.

Жаңа экскурсияны дайындау 3 кезеңнен тұрады:

1. Алдан - ала жұмыс – келешек экскурсияға мәліметтер жинау және сол мәліметтерді зерттеу, сонымен қатар экскурсияда көрсетілетін объектілерді таңдау;

2. Тікелей экскурсия дайындау  – бұл дегеніміз экскурсиялық  маршрутты құру, нақты мәліметтерді  өңдеу, бірнеше негізгі сұрақтардан  тұратын экскурсияның негізгі  бөлігінің мазмұнын құрастыру, бақылау  мәтінін жасау, экскурсия методикасын  жинақтау, әңгімелеудің, көрсетудің  тиімді методикалық тәсілдерін  анықтау;

3. Қорытынды кезең – экскурсияның  маршрутты қабылдау мекеменің  басшысымен жаңа экскурсияны  бекіту және экскурсияның алдында  шығармашылық топ экскурсияны  қорғайды. Жаңа экскурсияны дайындаудың  кезеңдерін бейнелеуге болады. Олардың  өзіндік реті бар. экскурсия тәжірибесінде  қалыптасқан жүйелілік бойынша  қарастырамыз.

Объектілерді келесі топтарға бөлуге болады:

1. Біздің халқының өмірінде болған  тарихи оқиғалармен, қоғаммен, мемлекеттің  дамуымен байланысты орындар;

2. Ғимараттар  мен құрылыстар, мемориалды ескерткіштер, белгілі адамдардың өмірі мен қызметіне байланысты орындар: архитектуралық ансамбльдер, қоғамдық-инженерлік құрылыстар, мәдени саласындағы ғимараттар және т.б.;

3. Табиғи  объектілер: ормандар, саябақтар, өзендер, көлдер, қорықтар мен қорықшалар және реликті өсімдіктер;

4. Мемлекеттік  және халық мұражайлардың сурет экспозициясы, тұрақты және уақытша көрмелер;

5. Археология  ескерткіштері: ежелгі тұрақтар, қоныстар, қорғандар, киелі орындар және т.б;

6. Өнер ескерткіштері: бейнелеу өнерінің туындылары, қолтаңбалы өнер, мүсін және т.б.

Экскурция сабағының құрылымы басқа сабақ тәсілдеріне қарағанда ерекше. Экскурсия жұмысының мақсаты - оқушылардың сабақта алған теориялық оқу материалдарын практикамен жалғастыру, бекіту. Сондықтан оқыту процесінде оның маңызы зор. Ол барлық оқу пәндерінде, әсіресе физика, химия, биология, тарих және еңбек сонымен қатар өзін-өзі тану сабақтарында кеңінен қолданылады. Бұл оқушыларды оқу процесін бақылай білуге жаттықтырады және оқу материалын өмірмен байланыстыра алуға үйретеді. 

Экскурсия сабағын өткізу орнына: мектептің оқу алаңына, табиғат аясына, ауыл шаруашылығына, өндіріске, көрмелерге, музейге бару т.б. нысаналар жатады.  Оқыту процесін бұлай ұйымдастыру мұғалімнен зор ұйымдастыру жұмысын талап етеді. Экскурсия түрінде жақсы өткізілген әрбір сабақ оқушыларға нақтылы фактілер мен құбылыстарды жақсы оқып үйренуге, өз түсініктерін кеңейтіп, білімдерін бекітуге мүмкіндік береді.  
 Экскурсия сабақтарында мұғалім оқушыларға оның тақырыбы мен мақсатын алдын ала түсіндіреді. Соның негізінде оқушылар нақтылы заттарды байқап, оларға бақылау жасайды. Оқытуды экскурсия жолымен ұйымдастырудың үш түрі бар:  

Біріншісі - кіріспе экскурсия деп аталады. Ол сабақта күрделі тарау, тақырыптарды өтер алдында ұйымдастырылады. Экскурсияның бұл түрін бастауыш және орта сыныптарда алдын ала өткізсе, олар үшін сабақ өте қызықты жағдайда болады.

 Екіншісі - ілеспелі экскурсия деп аталады. Ол белгілі бір тақырыпқа арналып, сабақ барысында оның орта шенінде немесе өн бойында жүргізілуі мүмкін.  
           Үшіншісі - қорытынды экскурсия. Ол күрделі тарау немесе тақырыпты өтіп болғанан кейін оқушылардың сабақтар жүйесінде алған теориялық білімдерін пысықтау, бекіту мақсатын көздейді. 

Экскурсия сабағының нәтижелі өтуі негізінен мұғалімнің алдын-ала дайындық жұмыстары  мен өткізу орнын дұрыс таңдай білуіне байланысты болмақ. Мұғалім экскурсия болатын нысананы  
 алдын ала барлап, содан кейін оқушыларға оның мақсатын түсіндіреді. Мақсатына қарай  оның жоспары жасалады. Жоспарда негізінен мына мәселелер қарастырылады: экскурсияның барысы, негізгі кезеңдері, басталу және аяқталу уақыты;   маршруты, қамтитын нысанасы;  экскурсияға қажетті құрал-жабдықтар;  экскурсия барысында байқау нысаналары мен оларды пайдалану жолдары  жеке және топ болып атқаратын жұмыстардың түрлері;  
 экскурсия қорытындысына сай оқушылардың тапсырмалары т.б.  
 XVIII ғ. Францияның атақты ғалымы Жан-Жак Руссо балалардың сезімін дамыту үшін, олармен табиғатқа экскурсия жасау қажеттігін дұрыс деп тапты. Оқытудың бұл түрі тек XIX ғ. бастап қолданыла бастады. Оны Ресейде              Л. Н. Толстой ұйымдастырған Ясная Поляна мектебінде кеңірек пайдаланды.  
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II ТАРАУ.  ЭКСКУРЦИЯ САБАҒЫНЫҢ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

  1. Экскурция сабағының өткізілуі мен ерекшеліктері

 

 

       Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең бастысы жағдай жасау қажет. Оқушының дарындылығының даму, қабілетінің ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне байланысты. Кез-келген сабақты қызықты өткізу, оқушының қызығушылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру мұғалімнің басты міндеттерінің болып табылады.

Оқушының шығармашылығын арттыру үшін жеке тапсырма қосымша сабақтар өткізу, сабақта қызығушылығын арттыру,  әр тақырып бойынша қорытынды жасау, тест дайындығын үйрету. Өзін - өзі тану баланы жолдастары арасында өзін сыйлата білуге, өзін - өзі жетілдіріп басқадан үлгі алуға, қоршаған орта жағдайында өзін - өзі бағып алуына, өз бетінше бір шешім айта алуына, әр іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Бірақ бұл жолда мұғалімге үлкен шығармашылықпен ізденіс керек.  Онсыз ұстаздың бала жүрегіне жол табылуы мүмкін емес. Өзін-өзі тану пәні сабақтарының ерекшелігі - оқушылардың үнемі қарым - қатынаста болатындығы. Балалар өзі туралы, өзінің ішкі ойлары, көзқарасы, кез - келген іс - әрекетіне қарсы ойын немесе пікірін білдіре алады.      

Экскурция сабағы басқа сабақтардан ерекше сабақ түрі болып табылады. Экскурция сабағының өзіне тән ерекшелігі халқымыз табиғат аялауға, қорғауға ерекше көңіл бөлген. Тіпті адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді де өзінің туып - өскен табиғатымен сабақтастырып жазады. 
Мысалы, халық арасында жаны жаздай, көңілі көлдей, пейілі кең даладай деген сөз тіркестерін жиі кездестіруге болады.

«Шығармашылық жұмыс» - өзін-өзі тану пәнінің ең маңызды бөлігі болып табылады, балалар үнемі шығармашылық жұмыста болады, мысалы, табиғатпен ұштастыра отырып сурет салу, өлең жазу, тілек құрап айту, кітапшалар жасау сияқты жұмыстарымен балалардың шығармашылық шабыты оянады, өз ісіне сын көзбен қарап, басқаның еңбегін бағалауды қалыптастырады.

            Экскурция сабағын қызықты етіп өткізу, мазмұнды етіп  ұйымдастыру мұғалімнің шығармашылығына байланысты. Объект болып бір оқиғамен байланысты ғимараттар, түрлі құрылыстар, археологиялық ескерткіштер, өнер туындылары саналады. Экскурсия кезінде объекті көрсету басты орын алады. Дұрыс таңдалған объектілер олардың саны, көрсетудің кезектілігі экскурсия сапасына әсер етеді.

Экскурсия сабағының басты объектілерін келесі топтарға бөлінеді:

1. Мазмұны бойынша: бір жоспарлы  және көп жоспарлы;

2. Функционалды белгісі бойынша: негізгі және қосымша;

3. Сақталу  дәрежесі бойынша: толық сақталған, біздің уақытымызға дейін біраз өгерістермен жеткендер, жартылай сақталған және жоғалтылған.

Экскурсияға кіргізілген объектілерге баға беру үшін келесі ережелерді пайдалану ұсынылады:

1. Танымдылық құндылығы – бұл дегеніміз объектінің бір нақты оқиғамен белгілі мәдени қайраткерлердің өмері мен шығармашылығына байланысты.

2. Объекттің әйгілігі – оның халық арасында белгілігі.

3. Объектінің  әдеттігіден тыс болуы – объектінің қайтланбас ерекшелігі бір аңызбен немесе оқиғамен байланыстылығы.

4. Объекттің айқын көрінуі –  сыртқы айқындығы қоршаған ортамен, ғимаратпен, құрылыстармен, табиғатпен өзара байланыстылығы.

Экскурция сабағында  білімді және әрекет тәсілдерін бекіту төмендегідей кезеңдерден тұрады:

  • Мотивация кезеңі.
  • Қажетті білімдер мен әрекет тәсілдерін өзектендіру.
  • Білімді дағдылы және өзгерген жағдайда қолдану үлгісін құрастыру.
  • Білімді өздігінен қолдану.
  • Бақылау және өзін-өзі бақылау.
  • Түзету.
  • Рефлексия.

Экскурция сабағы кезінде оқушылармен жұмыс жасау, сабақты талдау:          оқу жұмысын жүргізетін мұғалім сыныптағы барлық оқушылармен тікелей іскерлік қарымқатынас жасайды; әңгімелейді, түсіндіреді, оқушыларды проблема талдауға қатыстырады, оқушылардың бәріне басшылық етіп, нұсқау береді; мұғалім оқушылардың идеялық жағына, сезіміне тікелей әсер етіп, оқушылар мұғалімдердің қойған сұрақтарына жауап беріп, сезімдерін, ой толғаныстарын білдіреді; әрбір оқушы мұғалім берген ақпаратты меңгеруге тырысады; мақсатқа жетуге әрбір оқушы үлес қосады; мұғалім оқу жобалап, сыныппен байланыс орнатып, олардың назарын сабаққа аударып, білімді қабылдауға қызықтыру керек. Сабақтың соңында білім тексеретін сұрақтар қойған жақсы. Тақырыпты проблемалық, түсіндірмелі - иллюстративтік әдіспен ашуға болады, бірақ оқушылармен іскерлік байланыс болуы қажет; жаппай жұмыстың тиімділігі мұғалімнің барлық оқушыларды өз назарында ұстауына, әрбір оқушыны белсенді жұмысқа тартуына, зейінді шоғырландыра білуіне, тәртіпті ұстауына байланысты. Егер оқушыларға тек қана оқу ақпараттарын берсе, онда жаппай жұмыстың кемшіліктері көрінеді. Сабақтың нәтижелеріне жалпы баға беріледі.

 Экскурция сабағын  міндетті  түрде бір жерге саяхат түрінде  ғана емес, сынып ішінде де, елестету  арқылы ұйымдастыруға болады. Мысалы: өзін-өзі тану сабағында 7-сыныпқа арналған «Атамекен алтын бесік» тақырыбын өткізу кезінде интерактивті тақта мен басқа да құралдарды пайдалана отырып, еліміздің қалаларына  елестету арқылы ойша саяхат жасауға болады. Сабақтың басында оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіре отырып, тақтада Қазақстанның қалаларының суретін слайд арқылы көрсетіп, бүгін біз Астана қаласына саяхат жасаймыз деп, Астана қаласының түрлі ғимараттарының суретін көрсету арқылы сипаттау. Сонымен қатар топпен жұмыс жасау кезінде Астан қаласы туралы толық мәлімет алу үшін сынып оқушыларын  3 топқа бөліп,  экскурсия жүргіземіз. Бұл жұмыс барысында Астана қаласының кешегісі мен бүгінгісіне, болашағына сапар шегеміз. Олар ойша Астана қаласының өткен кездегі мен қазіргі кездегі бейнесін сонымен қатар болашақ кескінін елестете отырып, сол қалаға экскурцияға шыққан секілді әсер алады. Сонымен қатар оқушыларға Қазақстанның басқа да қалалары туралы мағұлмат беру, сол қалаларға ойша саяхат жасау мақсатында төмендегідей сызбаға Қазақстанның қалаларының атын жазып, әр оқушы бір қалаға сипаттама жасау арқылы оқушылар танымдық қасиеттерін арттырады.

 

Сабақты қорытындылау кезінде оқушылар тақырыпқа байланысты сабақтан түсінгендерін шығарма жазу арқылы және әр қалаға сурет салу арқылы сипаттама жасауға болады. Үйге тапсырма ретінде Қазақстанның көрікті жерлерін бейнелеу тапсырылады.  Сонымен қатар басқа сабақтарды да осындай әдіспен түрлі жолдармен ұйымдастыруға болады.

Экскурсия кезінде тек қана әңгімелей берсе біраз уақыттан кейін экскурсияға деген қызығушылық төмендейді, одан кейін тіпті жоғалады. Сондықтан объектілерді көрсетудің, әңгімелеудің арасында үзілістің болуы тиіс. Экскурсия кезінде оқу табиғатта, мұражайда, өндірісте өтіп, оқушылар алуан түрлі объектілерді және болмыс құбылыстарын бақылайды және зерттейді, өмірдегі құбылыстарды тікелей қабылдайды. Экскурсия әсемдікті түсінуге, танымға қуануға, қоғамға пайдалы болуға ұмтылуға көмектеседі. 
Далада, орманда, өзен жағаларында оқушылар табиғат сұлулығын түсінуге үйреніп, өздерінің әсерлерін сурет салу, гербарийлер жасау арқылы білдіреді. Мұражайларға, көрме залдарына, өндіріс орындарына бару өнер шығармаларын түсінуге, үйреншікті заттар мен құбылыстардан сұлулықты табуға, адамның еңбегінің сұлулығын сезінуге үйретеді. Мысалы, жерде жұмыс істегенде өлшеу үшін геометрия заңдарын қолданып, қарапайым құралдармен жұмыс істеп, сурет салады, көргендерін жазады, картамен жұмыс істейді. 
Экскурсия мәселелерді шешуге мүмкіндік береді. Мәселенің өзі, танылуға тиісті объекті оқушыларға қызықты болады. Экскурсия нәтижелері сыныпта шығарылады. Экскурсия жаңа білімдермен қатар, мұғалімге өз оқушыларын жақсы білуге көмектеседі. Оқылатын бөлімдегі орнына қарай кіріспе, негізгі, қорытынды экскурсиялар өткізіледі. Кіріспе экскурсия оқушыларды және оқу курстарымен, бөлімдерімен таныстырады. Негізгі экскурсиялар арқылы оқушылар тақырыпты терең түсінеді, теориялық материалдың тәжірибесі керектігін үғынады. Кіріспе әңгімеде мұғалім экскурсияның мақсатын айтады, содан кейін оқушылар объектілерді қарап, тапсырманы орындауға кіріседі; сурет салады, жазады, объектінің ерекшіліктерін бөліп, көргендерінен қорытынды жасайды. Мұғалім экскурсия кезінде өз әңгімесін демонстрациямен ұштастырады. Оқушылардың бақылауларына басшылық етеді. Экскурсияның соңында мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексереді, қорытынды әңгіме болады. Керек жағдайда оқушылар үй тапсырмасын орындайды. Экскурсия материалдарын кірістіріп сабақ өткізуге болады. Экскурция сабағында белгілі бір жерге саяхат жасап, сол жермен мәдени орталармен танысқаннан кейін оқушылардың сабақтан түйгендері мен саяхат жасаған орын туралы мәліметтер кез-келген сабақтың соңында хаттама арқылы толтырылады. Хаттама төмендегідей түрде жасалынады.

 

Хаттама 
Күні______________________________________________________________ 
Мектеп: _____________________________________________сынып________ 
Мұғалімнің аты, жөні___________________________________________ 
Жұмыстың өтілуі: ___________________________________________________ 
Пәні_______________________________________________________________ 

Тізім бойынша оқушылар саны___________________қатысушы саны 
Нешінші сабақ____________________Өткізілген орны_____________________ 
Сабақтың мақсаты дидактикалық_______________________________________ 
Тәрбиелік___________________________________________________________ 
Дамытушылық_______________________________________________________

 Сабақ кезеңдері ___________________________________________________

 Іс-қимыл әрекеті __________________________________________________  

 Сіздің ойыңыз, қорытындыңыз, немесе ескертулеріңіз___________________ 
Мұғалімнің____________________    Оқушының _______________________    

Экскурция сабағының басқа сабақтардан басты ерекшелігі дәстүрлі емес тәсіл арқылы оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Танымдық белсенділіктерін дамыту. Эстетикалық талғамдарын дамыту болып табылады. Себебі оқушылар түрлі  мәдени және тарихи орталарға бару арқылы мәдениеттілік пен көркемдікке бейімделеді. Сонымен қатар табиғаттың әсем жерлеріне серуенге шығу арқылы оқушылардың көркемдік пен шығармашылыққа қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Өзін-өзі тану сабағын экскурсия түрінде өткізу ерекшеліктері

 

     Бүгінгі таңда оқушылардың үзіліссіз білім алу міндеттерін жетілдіруге сай мектеп мұғалімдерінен олардың ойлау қабілеттерін одан әрі арттыру, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, сонымен қатар өзіндік жұмыстарына қатысты іскерліктері мен дағдысын тәрбиелеу талап етілуде.              Ол үшін өзіндік жұмыс оқушы-лардың тек үй жұмысын орындау барысында ғана емес, оқыту процесінің өн бойында өз орнын табуы тиіс. Оқушылардың әртүрлі өзіндік жұмыстары негізінде сабақтың нәтижесін және таным қабілеттерінің белсен-ділігін арттыруға болады.  Оқушылардың таным белсенділігі - оқуға қажетті білім мен дағдыны меңгеру және оларды өмірде, практикада пайдалана білуге, үйренуге оқушының істейтін саналы әрекеті.

     Оқушылардың таным белсенділігін  арттыру барысында экскурция  сабағының   ықпалы ерекше. Әсіресе, өзін-өзі тану сабақтарын экскурция түрінде өткізу ерекше тәсіл болып табылады.  
Экскурция сабағы жалпы орта білім беретін мектептің 10-11 -сыныптарында өтілетін «Өзін-өзі тану» пәні бойынша берілетін білім мазмұнын арттыруда ерекше ықпал етеді . Ол өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаттарына жетудің құралы болып табылады.

   Мектептің жоғары сатысындағы базалық мазмұн адам мен қоршаған әлем туралы түсініктерді тек танымдық тұрғыда ғана емес, өзекті сипатта яғни зерттеушілік ізденіспен, мәселені шығармашылық тұрғыда түсінетіндей кең мағынада қарастырылады. Өзін-өзі тану пәнін оқытуда сабақтастықты сақтай отырып бірінші сыныптан бастап, оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай мектептің жоғары сатысындағы 10-11 сыныптардың  арасында негізгі төрт тақырып бойынша экскурция сабақтарын ұйымдастуға болады.  
Олар:  
1.Таным тағылымдары.

2.Адам  болам десеңіз...

3.Жарасымды  өмір салтанаты.

4.Кең  дүние келбеті.

 

Мектеп бітіруші бозбалалар мен бойжеткендер өзінің алдағы өмірін таңдап, жауапкершілік, дербестік, мақсатқа талпынушылық сияқты құндылық бағдарға ерекше мән берілетін үлкендер қауымына белсенді түрде әлеуметтену үдерісіне түседі. Жастардың өмірдің қандай кезеңдерінде болмасын белсенді әрекет етіп, оң шешім қабылдай білуге даяр болуы мен табысқа жетудің шешуші шарты жоғарғы адамгершілік құндылықтарды негізге алуында болып табылады.

10-11-сынып оқушылары ересек өмірдің табалдырығын аттаудың алдында тұрғандықтан олардың үйлесімді тұлға болып дамуында танымдық әлеуметтену маңызды деп саналады. 

 

Аталған жас кезеңінің негізгі ерекшеліктері оқушылардың өмірлік жолын таңдауына байланысты тұлғаның көпқырлы өзіндік «Менін» қайта қарауынан туындайды. Бұл алуан түрлі қызығушылықтар, талпыныстар, мақсат қою мен міндеттер, іс-әрекеттерін жоспарлау, рухани ізденістер, абырой іздеу, кез келген ықпалдан өзін алшақ ұстау, қарым-қатынас аясын таңдау, өзін-өзі дәлелдеуі арқылы көрініс береді.

«Таным тағлымдары» атты бірінші тарау мазмұны оқушылардың жалпы адамзаттық құндылықтардың ерекшелігін саналы сезіну арқылы өзіндік артықшылықтарын ұғыну мақсатын көздейді.

Адамның өзімен-өзі және қоршаған ортамен үйлесімді қарым-қатынас орнату қабілетін дамытуға, танып-білуге ұмтылысын, өзінің эмоциялық күйін басқара алу білігін дамытуға басты назар аударылады. Оқушылардың арманға қол жеткізудің адамгершілік жолы, өмірде қуана білудің адам үшін мәнділігі, адалдық, ой тазалығы, шынайылық, талаптылық, тәуекелдік сияқты жеке тұлғалық қасиеттерінің жаңа қырлары туралы білімі мен махаббат, бақыт, өмір туралы түсініктері кеңейтіледі және тереңдетіледі. Адамның өмірдегі басты және қосалқы мәселелерді айыра алу білігіне, өмірдегі өз орнын түсінуіне ықпал ететін рухани байлық, қызмет ету сияқты ұғымдарды ұғындыру қарастырылады.

Осы тарау бойынша оқушылардың танымдық қабілеттерін дамыту мақсатында оқушыларды түрлі мәдени орындарға экскурсияға алып бару арқылы мәдени-танымдарын арттыруға үлкен мүмкіндік туындар еді.  
Мысалы: ақын-жазушылардың музейлеріне апару арқылы сол жазушылардың өмірі мен шығармашылығымен танысу арқылы әдеби танымдарын арттыра алады. Сонымен қатар әдебиет пен шығармашылыққа қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік туындар еді. Шығарма мен өлең жазу өзін-өзі тану пәнінде маңызды орын алады. Бұл өз кезегінде рухани-адамгершілік білім берудің дамуына ерекше ықпал етеді.

Өзін-өзі тану сабағын экскурсия түрінде өткізу ерекшеліктері