Өзіндік құн: түсінігі және сипаты

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Радиотехника  және байланыс колледжі

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы: Өзіндік құн: түсінігі және сипаты

 

 

                                                         Орындаған: Бопырбаева М

                                                          Тексерген:

                       Баға:

                      Күні:

 

 

 

 

Семей 2012

Мазмұны

 

 

 Кіріспе 

 Негізгі бөлім   

 Бөлім 1. Өндіріс  шығындары және өзіндік құн. 

1.1. Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері 

1.2 Өнімнің өзіндік  құнының қалыптасуы және мәні  

 Бөлім 2. Өнімнің  өзіндік құнын талдау. 

2.1 Өзіндік құнды  жоспарлау және өнімді өндіру  шығындарының   
  классификациясы  

2.2 Өнімнің өзіндік  құнын талдау 

2.3. Өнімнің өзіндік  құнының бағаны анықтаудағы рөлі  

 Бөлім 3. Өнімнің  өзіндік құнын азайту жолдары.    

3.1. Еңбек өнімділігін  арттыру 

3.2. Өндіріс процесінде  қолданылатын шығындарды азайту  

Қорытынды 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары  нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы  түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің  өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып  табылады.  

Материалдық құндылықтар  өндірісі, тауар саудасы, сонымен  қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет  етеді. Бұл қолданылған ресурстар  соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.  
 Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді. 

Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған  барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік  құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік  құн сол кәсіпорын шығынының  жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын  өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.  

Курстық жұмыс барсында қарастырылатын тақырыптар: өндіріс шығындары және өнімнің өзіндік құныны түсініктіеріне жалпы сипаттама; өзіндік құнынын  талдау; өнімнің өзіндік құнын  калькуляция баптары бойынша  топтау; өнімнің өзіндік құныны негізінде  өнімге баға белгілеу; өнімнің өзіндік  құнын азайту жолдары.

Өзіндік құн – ол қызметті көрсету мен өнімді өндіру және өткізумен  байланысты кәсіпорынға өндірістік және коммерциялық қызметті жүзеге асыруға  қажетті өндірістік факторлар шығындарының ақшалай мәні.

Баға құрамындағы шығындар бағаның мүмкін төмен деңгейінің шегін белгілейді.

Өндіріс көлеміне байланысты кәсіпорынның (фирманың) барлық шығындары  екі түрге бөлінеді – тұрақты  және өзгермелі. Тұрақты және өзгермелі  шығындардың екеуіне де тиесілі  аралас шығындар да бар.

Калькуляция - тауар (қызмет) бірлігінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорынның өндіріске және тауар (қызмет) бірлігін өткізуге кеткен шығындарының ақшалай формасын айқындайды.

Шығындардың калькуляциялық баптары бойынша топтастыру негізінде  оларды экономикалық элементтер бойынша  жалпылау қағидасы жатыр. Мұнда өндіріс  пен өнімді өткізумен байланысты және басқарушылық сипаттағы шығындар ерекшеленеді.

Бөлім 1. Өндіріс шығындары  және өзіндік құн.

Өндіріспен және өндірістік өзіндік құнды қалыптастырушы шығындарды есептеу 1996 жылы бекітілген Бухгалтерлік есеп стандарттарымен сәйкес жүзеге асырылады.

Өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) өндіруге кеткен шығындар олардың экономикалық мазмұнымен сәйкес келесі элементтерге топтасады:

- материалдық шығындар;

- еңбек төлемі шығындары;

- сақтандыруға аударымдар;

- құралдардың тозуы;

- басқа да шығындар.

«Материалдық шығындар»  элементінде шикізат пен негізгі материалдарға; сатып алынатын бұйымдарға, жартылай полуфабрикаттарға, қосалқы материалдарға, өндіріс қажет ететін отын және электрқуаттылығына кететін шығындар көрсетіледі.

Еңбек төлемі шығындары құрамына келесілерді жатқызады: еңбекақы, сый-ақы; ынталандыру және өтемдік төлемдер; натуралды төлем ақы ретінде берілетін өнім құны және т.б.

«Сақтандыру аударымдары» элементінде бюджетке аударылатын әлеуметтік салықтың көлемі көрсетіледі (21%).

«Құралдардың тозуы» элементінде негізгі өндірістік қорларды толық қалпына келтіруге кеткен амортизациялық аударымдардың сомасы көрсетіледі.

Басқа да шығындар құрамына табиғи азаю шегіндегі жетіспеген сома, өндіріс ақауы, құрал-жабдықтарға қызмет көрсету, тасымалдау шығындары, өзіндік құнның басқа элементтеріне жатпайтын өндірістік сипаттағы өндірістік емес шығындар жатады.

Элемент бойынша топтастыру негізінде еңбектік және материалдық ресурстар балансы құрылып, артықшылықтар немесе қамтамасыз етілмеу жағдайы байқалады. Фирма немесе кәсіпорын деңгейінде шығындардың мұндай топтасуы өндірістік қорларды жоспарлауға, кадрлік саясатты жасау үшін (қысқарту, қайта мамандандыру және т.б), еңбекақы қорының ұтымды пайдалануына, орташа жалақы деңгейін бақылауға, өндіріс қуаттылығының деңгейін анықтау үшін қолданылады.

Өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өндірістік өзіндік құнына енбеген шығындар есептік кезеңдегі шығындар деп есептелінеді.

Калькуляциялану кезінде өнімнің өзіндік құнына ену әдісі бойынша шығындар тура және жанама болып топтасады.

Тура – өнімнің белгілі бір түрін өндіруге қатысты шығындар.

Жанама (үстемелі) – жанама жолмен үлестірілетін басқарушылық сипаттағы шығындар және олар бір уақытта өнімнің бірнеше түрімен байланысты болады. Мәселен, өндірісті басқару мен ұйымдастыруға байланысты – жалпы әкімшілік шығындар; несие бойынша пайыздар төлемі; тауарлық-материалдық қорларды өткізу шығындары.

Кәсіпорын өз тауарларына (қызметтеріне) ең кем дегенде өндірістің барлық шығындарын өтей алатын бағаны белгілеуге тырысады.

Шығындар кәсіпорынның коммерциялық саясатына елеулі түрде әсер етуі мүмкін.

Шығындары төмен кәсіпорын кез-келген нарықта жоғары бәсекелестік басымдылыққа ие болады. Ол бәсекелестерге қарағанда төмен баға белгілей алады және бұл баға бойынша сезімталдарды тартатындықтан басқаларға қарағанда жоғары сату көлеміне ие болады.

Керісінше, шығындар деңгейі жоғары болған фирма, жоғары бағада төлем жасай алатын сатып алушыларды иемденетін нарықтың қуысына бағытталған лайықты-мәртебелі (жоғары) баға саясатын құрады.

Тиімді баға саясатын жүргізгісі келетін кәсіпорын өнімді өндіру мен өткізуді бастамас бұрын, өзінің шығындар деңгейін өндіретін тауарлардың (қызметтердің) мүмкін баға деңгейімен салыстыруы керек.  

1.2 Өнімнің өзіндік құнының  қалыптасуы және мәні

Калькуляциялау  – өнім, жұмыс және көрсетілетін қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды. Өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылады.

Қазіргі заманға экономикалық әдебиет калькуляциялауды өнімнің  жеке түрлері бірліктерінің өзіндік  құнын экономикалық есептеу жүйесі деп белгілейді.

Калькуляциялаудың міндеті  – шығындардың оның көтеруші бірліктерге, яғни өткізуге, сондай-ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің, бірлігіне қанша  болатынын есептеу.

Калькуляциялаудың түпкілікті нәтижесі – калькуляцияны ұсыну. Өнімнің, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің  өзіндік құнын калькуляциялаудың  әртүрлі түрін айқындайды.

Жоспарлы калькуляция  еңбек шығындарының озық және одан әрі техникалық өрлеуді, өндіріс  пен еңбекті ұйымдастыруды жақсартуды көрсететін өндіріс құралдары негізінде  жоспарланатын кезеңге арналып  жасалады.

Жоспарлы калькуляцияның бір түрі – сметалық калькуляция; оны бір рет шығатын бұйымға  немесе жұмысқа, тапсырыс берушілермен есептесу, баға белгілеу және басқа  мақсаттар үшін жасайды.

Жобалық калькуляция –  келешектік калькуляцияның бір түрі, олар күрделі қаржының, жаңа техниканың және технологияның тиімділігін  анықтау үшін қолданылады. 

2.1 Өзіндік құнды жоспарлау  және өнімді өндіру шығындарының    
  классификациясы

Шығын есебі мен калькуляциялау тәсілдерінің түрлері

Шығынды есептеу мен калькуляциялау тәсілін кәсіпорын өз бетінше  таңдайды, өйткені жеке жағдайлардың бірқатарына: саланың кімге тиесілілігіне, қолданылатын технологияға өнім ассортиментіне және т.б. байланысты.

Өнімнің өзіндік құнын  калькуляциялау әртүрлі тәсілдермен  жүзеге асады. Калькуляция тәсілі –  калькуляциялық бірліктің өзіндік  құнын есептеп шығару үшін қолданылатын әдістердің жүйесі. Өнімнің өзіндік  құнын калькуляциялау тәсілін талдау өндіріс түріне, оның күрделілігіне, бітпеген өндірісі бар-жоғына, өндірістік циклдің ұзақтығына шығарылатын  өнімнің номенклатурасына және т.б. байланысты.

Шығынды есептеу мен калькуляциялау тәсілдерін 3 белгі бойынша топтастыруға болады:

  • шығын есебі объектілері бойынша: - процестік;
              • бөлістік;
              • тапсырыстық;
  • шығын есебінің толықтығына қарай:

- толық өзіндік құнды  калькуляциялау;

- толық емес өзіндік  құнды калькуляциялау;

  • шығындар есебі мен бақылаудың оперативтілігі бойынша:
  • нақты өзіндік құн есебі;
  • нормаға сай шығындар есебі.

 

 2.2 Өнімнің өзіндік құнын  талдау

Калькуляциялаудың процестік тәсілі. Өзіндік құнды калькуляциялаудың процестік жүйесі біртекті немесе шамамен ұқсас, бірдей өнімді сериялап немесе жаппай өндіретін не болмаса үздіксіз өндірістік циклі бар өндірісте қолданылады. Процестік тәсіл көбіне өнеркәсіптің кен өндіруші энергетика салаларында қолданылады.

Калькуляциялаудың бөлістік тәсілі. Бұл тәсіл кеңінен тараған. Ол технологиялық процестің жеке сатыларында бастапқы шикізатты қайта өңдеу жолымен өнім алатын барлық кәсіпорында қолданылады. Калькуляциялау объектісі ретінде бөліс деп аталатын өндіріс кезеңі болғандықтан, бұл тәсіл бөлістік деп аталды. Мұндайды жартылай өнімді шығарумен аяқталатын технологиялық процестің біткен бөлігі бөлістік деп түсіндіріледі. Жартылай өнімнің бөлінуі оның өз пайдалану бағыты  бойынша, яғни басқа жаққа өткізілуі мүмкін болған жағдайда жүзеге асырылады.

Калькуляциялаудың тапсырыстық тәсілі. Бұл тәсіл бұйымға, жеке жұмысқа немесе көрсетілген қызметке ашылған өндірістік тапсырыстың калькуляциялаудың объектісі болып шығуына байланысты аталды. Тапсырыстық тәсілде нақты өзіндік құн тапсырыс аяқталған соң анықталады, бұган дейін барлық шығындар бітпеген өндірісті құрайды. Тапсырыстық тәсілдің кемшілігі мынада, күрделі, қайталанбайтын немесе сирек қайталанатын тапсырыстарды дайындағанда материалдық және еңбек шығындарын мөлшерлеуді ұйымдастыру қиын, нормаға сай калькуляцияны жасау мен өндіріс барысындағы шығындарды алдын ала бақылауды жүзеге асыру қиындайды.

Толық өзіндік  құнды калькуляциялау. Біздің тәжірибемізде толық өзіндік құнды калькуляциялау дәстүрлі түрде жүргізіледі. Толық өзіндік құн бойынша есепте шығындар тұрақты, өзгермелі, тікелей және жанама деліліп бөлінуіне қарамастан, өнімді өндіру мен сатуға байланысты кәсіпрынның барлық шығындары кіреді. Өнімге тікелей жатқызуға болмайтын шығындарды әуелі жауапкершілік орталықтарына бөледі; сосын таңдалған бөлу базасын өнімінің өзіндік құнына сайма-сай көшіреді.

Толық өзіндік құн негізінде  кәсіпорын басшысы өнімнің пайдалылығы  мен шығындылығы, болашақта оны  өндірудің мақсатқа сәйкестілігі туралы тиісті тұжырымдар жасайды.

Толық өзіндік құн бойынша  есептеу жүйесінің біздің пікірімізше, бірқатар жақсы жақтары мен олқылықтары  бар. Толық өзіндік құн бойынша  есептеудің тиімді жақтары:

    • ҚР-нда қолданылып жүрген қаржылық есеп пен салық салу жөніндегі нормативті актілерге сәйкестік;
    • Аяқталмаған және дайын өнімнің құнының байыпты бағалау

Есептеудің бұл жүйесінің  елеулі оқылықтарына мыналарды жатқызуға  болады:

    • Өнімнің өзіндік құнына оны өндіруге тікелей қатысты емес шығындар кіреді;
    • Жанама шығыстарды есептен шығарған жалпы бөлу базаларын қолдану салдарынан калькуляциялау объектілерінің өзіне тән даралығы жоғалады;
    • Өнімге сұраныс азайғанда, қоймадағы дайын өнім қорына тұрақты қосымша шығыстар капиталданады;
    • Өзіндік құнды жоспарлы калькуляциялауда жоспарлы пайда алдын-ала қарастырылады, шын мәнісінде ол зиянның тәуекелділігін жою мақсатында жасалады.

 

 

  2.3. Өнімнің өзіндік құнының бағаны анықтаудағы рөлі

Өзгермелі шығындар бойынша өзіндік құнды калькуляциялау мен «директ-костинг» жүйесіндегі  есептің ерекшеліктері

Шығындарды өнімнің өзіндік  құнына толық енгізу тұрғысынан толық  өзіндік құн есебінің жүйесі шығындарды тиімді басқаруға қажетті ақпаратпен толық қамтамасыз етпейді. Сондақтан  халықаралық практикада «директ-костинг»  шектеулі өзінік құн есебі жиірек қолданыла бастады. «директ-костинг» жүйесінің негізіне салынған басты  принцип – өзгермелі және тұрақты  шығындарды жеке есептеу мен тұрақты  шығындарды есепті кезеңнің зияны деп  тану. Бұл жүйе әрқилы елдерде әртүрлі  аталады. Германия мен Австрияда  «бірен саран шығын есебі» немесе жабу сомасы; Ұлыбританияда - «Маржиналды  шығындар есебі»; Францияда – «маржиналды  есеп» термині қолданылады.

«Директ-костинг» жүйесінің  айрықша ерекшеліктері бар:

    • Өндірістік шығындар өзгермелі шығындарға және тұрақты шығындарға бөлінеді;
    • Өнімнің өзіндік құнын шектеулі шығындар бойынша калькуляциялау;
    • кірістер туралы есепті жасаудың көп сатылығы.

Шығындарды және калькуляциялаудың нақты жеке нормативті тәсілдері

Есеп объектілерді көптігіне  қарамастан, шығындарды екі тәсілмен – оперативті дәрежесімен айрықшаланатын нормативтік шығындардың есебінің нақты тәсілімен; және өзіндік құнның нормативті тәсілмен өндіріс процесінде калькуляцияланады, нақты есепті кезең  біткен соң жете зерттеуге болады. Шығындар есебінің нормативті тәсілін  қолданудың мүмкіндігімен қажеттілігі  туралы шешімді қабылдау нормалар мен  шығыстар сметасын дайындау мен үнемі  түзеу жөніндегі ұйымның мүмкіндіктерін талдауға негізделуі тиіс. Басқаша  айтсақ, ұйымдық құрылымда негізгі  нормамен нормативті қалыптастыруды нақты  шағындардың нормативтілерден ауытқуы  талдауды, ус жүзіндегі норманы түзеу  мен өнімді емес шығындарды жою туралы ұсыныстар әзірлеуді, өнімнің нақты  өзіндік құнын азайтуды жұзеге асыратын арнайы бөлімшеніің бар болуы  қарастырылған. Мұндай жағдайсыз есептің  нормативті тәсілін енгізу ұйымға нақты  пайда әкеле алмайды. Екі тәсілде  түпкілікті шотта өнімнің нақты  өзіндік құнын анықтау мен  көрсетуге бағытталған, бірақ біріншісі – шығындарды тікелей есептеу жолымен, ал екіншісі – нормадан ауытқуы арқылы көрсетеді. 

3.1. Еңбек өнімділігін  арттыру

Нақты шығынды есептеу  мен нақты өзіндік құнды калькуляциялау тәсілі

Нақты шығындарды есептеу  – қолданылып жүрген нормалар шамасы туралы мәліметтерді есепте көрсетпей, нақты болған шығындар туралы мағлұматтарды  дәйекті жинақтау тәсілі. Нақты өзіндік  құн есебінің жүйесі өз еліміздегі кәсіпорындарда дәстүрі және кең  тараған болып табылады және белгілі  принциптерге сай жүргізіледі:

  • өндіріске шыққан алғашқы бастапқы шығындарды бухгалтерлік есептің шоттары жүйесінде толық көрсету;
  • шығындарды өндіріс процесінде пайда болған сәтінде есептік тіркеу;
  • шығындарды өндіріс түрлері шығыс сипатына, пайда болған жерлері, есеп объектілері бойынша пайда болған жерлері, есеп объектілері бойынша жинақтау;
  • нақты шығындарды есеппен калькуляциялау объектілеріне қатысты ету;
  • нақты көрсеткіштерді жоспарлымен салыстыру.

Стандарт –  кост жүйесі және өнімнің өзіндік  құнын калькуляциялау

Бұл жүйе өткен ғасырдың  20-шы жылдардың басында АҚШ-та пайда  болды. Өнім бірлігінң өзіндік құнын  есептеу, баға белгілеу, шығындарды оперативті басқару және бақылау үшін материалдың  және еңбектің нормативтік шығындарын әзірлеп, пайдалануды қолға алған  болатын. Стандарт-кост тарихи жүйесі отандық нормативтік есеп жүйесінің  үлгісі болып табылады.

Отанымыздың экономистері америкалық ғалым Д.Ч.Гаррисон 1933 жылы аударылып  жарық көрген «Стандарт-кост» кітабы арқылы оның идеясымен танысты.

Басқару техника университеті бұл жүйені іс жүзіне асыру және тәжірибеде қолданудың жолдарын бөлшектеп  оқып білуді қолға алады. Мәселені шешуде нормативтік шығын есебінің әдісі  түрінде осы жүйені көрсету арқылыпрофессор  М.Х.Жебрак үлкен үлес қосты.

«Стандарт-кост» жүйесінің  мағынасы есепке не болғаны емес, болуы  тиіс нәрсе кіреді, нақты шындық емес, міндеттісі ескеріледі, әсіресе  пайда болған ауытқушылық көрініс  табады.

Бұл жүйенің алдына қойған негізгі мақсаты – кәсіпорындағы  пайданың ауытқуы мен шығын есебі. Оның негізінде материалдардың, энергияның, қосымша уақыттың, еңбектің және басқа  қандай да бір өнімді немесе жартылай әзірленген өнімді дайындаумен байланысты шығындардың мөлшерін нақты анықтау  жатады және де бұл нормалар қайтадан орындалмайды. Оларды тіпті 80%-ке орындау  жұмыстың сәтті болғанын білдіреді. Норманың асып түсуі оның қате белгіленгенін  көрсетеді.

Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030»  атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел  инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген  экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл  басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стра-тегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз  назарымызды экономиканың нақты  секторына, оны сауықтыруға, фискальды  және монетарлық қатаң шектеулер  жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.

Қазақстанның алдыңғы  қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату  үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды  операциялар мен қызметтер көрсетуге  ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы  клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін  көрсетуді, клиенттерге қажетті  қызметтерге қолайлы бағаларды  пайдалануды білдіреді.

Коммерциялық банктер  өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке  деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер  үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға  қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы  тиімді болып табылады.

Банк операцияларының  тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды  клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап  бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.

Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді  ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер  де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге  үлкен назарын аударып отыр.

Жаңа қызметтерге пластикалық  карточкалар, банкаралық электрондық  есеп-айырысулар, элемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының  құрылуы жатады.

Біздің еліміздегі қазіргі  банктік институттар аталған  жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің  заказы бойынша маркеингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа  да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т.б. жүргізеді.

Халыққа қызмет көрсетіп жүрген банктер ролін жандандырудың  мәні мынада: шығынды азайта отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге, банктік қызмет көрсетуінде клиенттер  қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға,     жеке    тұлғаларға     банктік   қызмет    көрсету  сапасын 

жақсартуға, банктік қызметтер  спектрін кеңейтуге және олардың  өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасау.

     Жоғарыда аталған  көптеген мәселелердің шешу жолдарын  табу үшін оған терең үңіліп,барлық  тақырыпшаларға жеке – жеке  тоқталып, ашатындай етіп,  кешенді  түрде қарастыру қажет. Банктік  қызметтердің дамуы мен перспективалары  – біздің еліміздегі арнайы  ғылыми түрде аз зерттелген  мәселе болса да, банк саласында  қызмет атқарып жүрген көптеген  экономисттердің көкейінде жүрген  маңызды сұрақтардың бірі.

Курстық жұмыстың басты мақсаты: ҚР-сының коммерциялық банктің функцияларын және операциларының дамуын талдап мәселесін  ашу. Осы мақсатын ашу үшін мына міндеттемелерді  орындау керек:

  • Коммерциялық банктің мәнін ашу;
  • Коммерциялық банктердің фукнцияларын талдау;
  • Банктің активті және пассивті операцияларын қарастыру;
  • Банктің фукнцияларынның және операцияларының дамуын талдау;
  • Коммерциялық банктердің қызметтерін жетілдіру жолдарын қарасытыру.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен  тұрады.

3.2. Өндіріс процесінде  қолданылатын шығындарды азайту

     Несиелік жүйенің  төменгі буыны халық шаруашылығына  тікелей қызмет көрсететін және  коммерциялық негізінде кең көлемді  қаржылық қызмет жасайтын дербес  банктік мекемелер торабынан  тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік  және жеке банктер, банктік  заңдылықтарда коммерциялық банктер  деген жалпы атпен біріктіріледі.

     «Коммерциялық  банк» термині банк ісінің  ертеректегі даму кезеңінде, банктердің  сауда, тауар айырбасы операциялары  мен төлемдеріне қызмет көрсетуі  барысында пайда болды. Негізгі  клиенттері саудагерлер болған  сондықтан «коммерциялық банк»  деген атауға ие болды. Бірақ,  өнеркәсіптің және басқа салалардың  дамуымен банктер экономикалық  өзге де салаларына қызмет  көрсете бастағандықтан, да банктің  «коммерциялық» деген атауы бастапқы  мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол  банктің іскер деген сипатын  білдіреді, оның шаруашылық агенттердің  барлық жұмыс түрлеріне қызмет  көрсету олардың қызметтерінің  саласына байланыссыз болады. Коммерциялық  банктер – нарық экономикасында  қаржылық операциялар мен қызмет  көрсететін несиелік мекемелердің  тобын білдіреді. 

     Бүгінгі коммерциялық  банктер өз клиенттеріне 200 –  ге жуық әралуан өнімдер мен  қызмет көрсетуге әзір. Мұндай  кең көлемді операциялар коммерциялық  банктерге өз клиенттерін сақтай  отырып, қолайсыз жағдайда өзінде  пайдалы жұмыс жасауға септігін  тигізеді.

     Бір операциялардан  болған зиян, екінші бір операциялардан  түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық  елдердің коммерциялық банктері  несие жүйесінің негізгі операциялық  буыны болып қалуы кездей-соқтық  емес. Олар өзгермелі ақша-несие  нарығының жағдайына көндігетін  қабілетінің барлығын көрсете  алады.

     Депозиттік-қарыздық  операцияларды жүзеге асыра отырып  коммерциялық

банктер қаржы делдары  ролін  орындайды. Банктің бұл  қызметі екі жаққа да

пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің депозиттері айналыс  құралы қызметі мен өтімді активтер қызметін атқара отырып, кей жағдайда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз  алушылар кейде көптеген ұсақ қарызды  пайдаланады. Бұл кейде көптеген ұсақ қарапайым клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанның  өзінде де мүмкін болады. Мұндай кезде  коммерциялық банктер ретінде іскелік  операциялар жүргізіп, уақытша бос  ақша қаражатын тарту мүмкін емес.

     Коммерциялық  банктер өз клиенттерінің ақшаларын  сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді  ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке  деген клиенттерінің қажеттілігін  қанағаттандырады. Көптеген клиенттер  үшін облигацияға немесе акцияға  жұмсағанға қарағанда, мұндай  ақшаны сақтау формасы тиімді  болып табылады.

          Банктік несие - ең қолайлы  және көптеген жағдайда орны  ауыстырылмай қаржылық қызметтердің  формасы ретінде ол нақты қарыз  алушының қажеттілігін ескереді  және олардың қарыз алу жағдайына  көндігуіне мүмкіндік береді.

     Коммерциялық  банктердің мынадай бастапқы  қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп  айырысуларды жүзеге асыру, несие  беру. Коммерциялық банктердің басқа  қаржы институттарынан айырмашылығы  және ерекше бір қабілеті ол  ақша жасауы мен жоюында б.т.  Бұл  жерде ақша деп тек  қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ  талап етуге дейінгі салымдар  түсіндіріледі. Банктердің ақша  жасау мүмкіндігі экономика үшін  өте маңызды. Ол тиімді несие  жүйесін іске асыра отырып, экономиканың  өсуіне қажетті жағдай туғызады. Коммерциялық банктер өздерінің  депозиттік және несиелік операцияларының  көмегімен олар уақытша бос  ақаш қаражаттарын жинақтайды  және несие түрінде оларды  бере отырып, халық шаруашылығының  қажеттілігін қанағаттандырады, яғни  жаңа төлем құралдарын жасайды.

Өзіндік құн: түсінігі және сипаты