12 жылдық білім беру. 2

12 жылдық білім беру

Қоғамның дамып өркендеуіне байланысты қазіргі таңда білім саласында ең өзекті мәселенің бірі әлемдік білім кеңістігіне жол ашатын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу болып отыр. Білім берудің бұл моделі әлемнің 80% астам елдерінде қолданылады. Бұл – соңғы жиырма-отыз жылда ғылым мен техниканың орасан жетістіктерге қол жеткізіп, жаңа технологиялардың қоғам қоғам өмірінің әртүрлі саласында кеңінен енгізілуіне байланысты туындаған жағдай. Сондықтан жастарды жаңа кезеңнің талаптарына сай тәрбиелеу үшін оларға жаңа мазмұнның, жоғары деңгейде білім беру қажет. Осындай өзекті мәселені шешу үшін дүниежүзілік қауымдастық 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуде. Ендеше біз де, әлемдік тұтастықтың бірі ретінде, бұл мәселеден шет қала алмаймыз. Керісінше, біз Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне үйлестіруге мейлінше ұмтылуымыз қажет. Еуропа Кеңесінің Декларациясына (1992)сай дүниежүзінде 136 мемлекетте 12-жылдық білім жүргізілуде,оның ішінде АҚШ, Жапония, Германия,Франция, Финляндия.ТМД елдерінен Украина,Өзбекстан,Балтық мемлекеттері көшті. 12 жылдық білім беру мазмұнының негізгі мақсаты дамып келе жатқан қоғамда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. 12 жылдық білім беру ерекшелігі: • Білім беру парадигмасының өзгеруі: Білім,білік,дағдыға негізделген білім беру мазмұнынан -құзыреттілікке негізделген білім беру мазмұнына ауысу. • Оқушылардың денсаулығын сақтау проблемасы • Оқушы тұлғасын әлеуметтендіру • Білім сапасын арттыру • Отандық құжаттарымызды шетел мемлекетерінің талаптарына сәйкестендіру: Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері. 12 жылдық мектепте оқытуды ұйымдастыру жалпы дидактикалық ұстанымдармен бірге шешуші мәні бар мынадай принциптерге ие болады: - жеке тұлғаның жас және психофизиологиялық даму ерекшелігінің ескерілуі; - күтілген нәтижеге жетуге бағдарлығы; - ашықтығы; - интерактивтігі. 12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі төмендегі ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады: - жеке тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуі; - күтілетін нәтижелердің жетістіктеріне бағыттылығы; - оқытудың сабақтастығы; - әрбір оқыту сатысының даралығы; Жалпы 12 жылдық орта білімге көшу барысында мына мәселелерге аса көңіл аударылып отыр: 1.Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі. 2.Мұғалімдердің білім беру барысында қолданатын әдіс-тәсілдерінің оқушылармен жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызу жағдайы. 3.Бірінші сынып оқушыларына білім берудің ойын әрекетіне негізделіп, біртіндеп оқу әрекетіне көшу талабының орындалуы, алты жасар баланың ерекшеліктерін ескеру мүмкіндігі. 4.Оқушының ойы мен тілін дамытудың, олардың еркін сөйлеуін, пікір сайысына қатысу деңгейін байқау. 5.Берілетін білімнің өмірмен, ұлттық салт-дәстүрлермен, жергілікті өлкетану материалдарымен байланысын қамтамасыз ету мүмкіндігі. 6.Білім беру барысында мұғалімнің бақылау, тәжірибе әдістерін ұтымды жерінде қолдана білу шеберлігі. 7.Сабақ мерзімінің 30-35 минуттан аспауы. 8.Мұғалімнің оқу-әдістемелік кешендерді пайдалану және оған талдау жасау шеберлігі. 9.Мектеп басшылары мен қоғамдық ұйымдар тарапынан эксперименттік сыныптар мұғалімдеріне көмек беру деңгейі. 12 жылдық оқытуға көшу жалпы алғанда қазақстандық білім беруді реформалаудың стратегиялық мақсатын: білім берудің ойлы, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағдарланған жаңа ұлттық үлгісін дамытуға, «баршаға білім беру» үлгісінен» әрбір адамға өмір бойында білім беру» үлгісіне өтуге мүмкіндік береді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етеді.

Жалпы санат


12 жылдық білім беру. 2