1627-1636 жылдардағы Маньчжур әскери жорықтары.Кореяның Маньжурлық Цин әулетіне бағынуы

10 тарау.    1627-1636 жылдардағы  Маньчжур әскери  жорықтары.Кореяның  Маньжурлық  Цин әулетіне  бағынуы

Корей мен  қытай әскері бірлесіп Кореяға шабуылдап  жатқан жапон әскеріне  тойтарыс беру кезінде  қазіргі Маньчжурия жерінде Қытай мен Кореяға  бірдей қауіп төндіретін  жаңа күш  пайда болды.Чжурчжэндық  маньчжу,суксухэ, хуньхэ тайпаларынан құрылған маньчжур халқы Нурхаци билігінің(1559-1626) астына шоғырланды.1580 жылы маньчжурлықтардың мемлекеттік басқару құрылымы қалыптаса бастап,1590жылы маньчжур тайпаларын біріктіру аяқталды.1599жылы әскери билікке негізделіп құрылған жаңа Маньчжур мемлекетінде жекеменшік жазу енгізілді.XVII ғасырдың бірінші онжылдығында Нурхацидің билигі нығайғаны соншалық - 1616жылы ол өзін хан,жоғарғы билік иесі деп жариялап,мемлекетке Кейінгі Цзинь деген жаңа атау береді.Бұл жаңа маньчжурлық билеушілердің қаншалықты ауқымды жоспар құрғанының бір белгісі еді.Мемлекеттің жаңа есімі маньчжур мемлекеті 1140жылы Суп дәуіріндегі Қытайдың солтүстігін жаулап алған чжурчжэндық Цзинь мемлекетінің(1115-1234) ізін жалғастырушы екенін айқындап тұру керек болатын.Кейінгі Цзиньнің Қытай жеріне дәмесі болғанын айтпасақ-та белгілі нәрсе.

   1636жылы  екінші маньчжур билеушісі Абахай (1591-1643) өзін патша-орта мемлекеттің  билеушісі жариялап,мемлекеттің  атауын Цин деп өзгертті.Бұл маньчжурлықтардың Қытайды бағындырғысы келетін ниеттерінің ашық көрінісі еді.Себебі,Цзинь атауы сол кезде Қытайды билеп отырған Мин әулеті атауымен ұқсас еді.

   Маньчжур  мемлекетінің нығаюы мен жер  аумағын кеңейту барысында маньчжур  халқы Қытаймен қақтығыстарда қорған ретінде өзінің оңтүстік көршісі Кореяны көмекке шақырмақ болды.Ал Корея XVII ғасырдың басында Имчжин соғысының зардаптарын тартып жатқандықтан келісуге мәжбүр болды.

1.XVII ғасыр басындағы  Корея

  Бұрын  Имчжин соғысы кезінде Кореяда материалды жағымен қоса адам шығынының көп болғанын айтып өткенбіз.Жапондармен болған соғыстың бар ауырпашылығы өзінің билеу кезеңімен тұспа-тұс келген Сончжо патша мемлекетті қайта құруға бағытталған бірнеше реформалар бастап көрмек болды.Мысалы,Имчжин соғысында қайтпас қайсарлықтарын көрсеткен жеке-бағынышты ноби категориясының адамдары бостандық алып, «мейірімді жан» янмин мәртебесіне ие болды.

  Мемлекеттік  қазынаны толтыру үшін төменгі  қоғамдық топ өкілдеріне төменгі мемлекеттік жұмыс істеуге рұқсат берілді.Бірақ осындай мемлекеттік қызметке қабілетіне қарай іріктеп алу конфуцийшілдік қағидаларын бұзып,шенеуніктердің сапалы құрамына әсерін тигізді.

     Имчжин соғысы билік басындағы топты біріктіріп нығайтпай,сарай ішіндегі билік үшін таласты ушықтырды.1599жылы көшбасшы болып келе жатқан «Солтүстік партия» «Үлкен солтүстік партия» және «Кішкентай солтүстік партия» деп өз ішінен екіге бөлінді. «Солтүстік партия» бөлінген жылы билікке «Кішкентай солтүстік партия» келіп,1608жылы Сончжо патша өмірден өткенше көшбасшы болып келді.

    «Кішкентай  Солтүстік партия» ықпалынан  айырылғаны тақмұрагерлік себебінен  болды.Имчжин соғысы кезінде Пхеньянда болған Сончжо патша жұбайынан мұрагері болмаған соң,Кон есімді күңнен туған  ұлы Кванхэ-гунды тақмұрагері қылып тағайындайды.Кванхэ-гун сапарларда әрдайым әкесіне еріп жүріп,мемлекетті басқару істерінде оған көмектесетін.1600жылы Сончжо патшаның бірінші әйелі өмірден өтіп,3жыл өткен соң екінші рет әйел алады.1606жылы Сончжо патшаның екінші әйелі өмірге «ұлы патша» Енчхан-тэгунды әкеледі.Сол уақытта Кванхэ-гунмен қарым-қатынасы жақсы болмаған патша жасырын өзінің бастапқы шешімін өзгертіп.Енчхан-тэгунды тақмұрагері жариялағысы келеді.Пашаның бұл ойын біліп қойған «Кішкентай солтүстік партия» патша ойын жүзеге асырмақ болып,сарайда пікірталас өткізеді.Бірақ патша еш себепсіз өз шешімін өзгерте алмайтындықтан олардың бұл ойы жүзеге аспады. «Кішкентай солтүстік партияның» көптеген мүшелері жер аударылып,Кванхэгунды қолдаған «Үлкен солтүстік партиясының» кейбір мүшелері де қудалаудан құтылмады.Мысалы,Чон Инхон (1535-1623) жалған сөз таратқаны үшін жер аударылды.

  Сарайдағы  қиын мәселе 1608жылы көктемде Сончжо  патша қайтыс болған соң шешілді.Кванхэгун  ресми түрде тақмұрагері бола  түрып таққа отырды,ал Чон Инхон  және «Үлкен солтүстік партияның»  жер аударылып кеткен мүшелері  сарайға қайта оралды.Соған қарамастан  сарайда әлі де қарсы топтың  ықпалы болды.Сондықтан Чон Инхонның  кеңесі бойынша Кванхэгун қарсы  топпен байланыс орнатуы мүмкін деген патша отбасы мүшелерінің көзін құртпақ болды.

   1609жылы  Кванхэгун өзінің ағасы Имхэгунды  мемлекетке опасыздық жасады  деп айып тағып дарға асады.Қара  жамылып жүрген Енчхан-тэгунның  анасы Инмок патшайымды Батыс  сарайда тұтқындықта ұстайды.Патшайымның  әкесі Ким Чженамды да мемлекетке  опасыздық жасады деп айып  тағып,дарға асады.Енчхан-тэгун әлі  сәби болғандықтан оны өлтірмей,дәрежесін  қарапайым адамға шейін төмендетіп,Канхвадо  аралына жер аудартады.Сол аралда 1614жылға дейін тұрған Енчхан-тэгун 8жасар кезінде арал басшысы Чон Ханның бұйрығы бойынша өлтірілді.

   Қанды  болса да заңды таққа отырғанына  қарамастан,Кванхэгун мемлекеттік  істерге көп көңіл бөлді.Оның  билік құрған кезінде Кореяда  жер реформасы пайда болды.Негізінен, есеп-қисап енгізіліп,Кенги аймағындағы жерлерді қайта бөлу жүзеге асырылды.1608жылы алым-салықты үйлестіру туралы жарлық шықты және Кенги аймағында жергілікті алым-салықты астықпен өтеу басталды.

  Кванхэгунның билігі кезінде Чхандоккун патша сарайы салынып бітіп,Имчжин соғысы кезінде жойылып кеткен мемлекеттік тарихи мұрағаттар қайта құрылды.Кванхэгун баспа ісіне аса ерекше көңіл бөліп,емтихан жүйесін мемлекеттік қызметке қабілеті бойынша іріктеу жүретіндей жақсартты.

  Кванхэгун мемлекеттік қорғаныс жүйесіне ерекше көңіл бөлді.Әсіресе солтүстік шекарадағы жағдай тыныш емес болып,қамалдарды жөндеу жұмыстарын жүргізу  және қару шығарумен  айналысты.Қытаймен байланыста Мин әулеті және маньчжурлықтармен де тең саясат жүргізгісі келді.Қытай маньчжурлықтармен соғыста көмек сұрағанда,1618жылы көп ойланғаннан кейін Кванхэгун 13мыңдық әскери корпус жіберді.Қытай жеңіліп,Кейінгі Цзинь мемлекетінің астанасы- Хэтуала қаласында корей әскери корпусын маньчжурлықтар басып алған соң ,олар Кореяға одақ құруға ұсыныс жасады.Кванхэгун ұсынысты қабыл алады.

  Көптеген  мемлекет үшін пайдалы бастамалар  жасаса да,1608—1609жылдардағы қанды  жағдайлар Кванхэгунды конфуцийшілдік  ғалымдары заңды патша ретінде  санауға кедергі жасады.Онымен қоса 1620жылдардың басында «Батыс партия» жақтаушылары билігі бар мекемелерде үлкен күшке ие бола бастаған еді.1623жылы көктемде «Батыс партия» жақтаушыларының ішінде болған Ли Гви (1557-1633),Ли Гваль (?-1624) шенеуніктері сарай қарауылымен келісіп,басты патша сарайын басып алмақ болады.Кванхэгунның қашып құтылғанына қарамастан,Сончжо патша немересі Нынъян –гун таққа отырып,ғибадатханалық Инчжо деген есім алады.Кейіннен Кванхэгун сарайға өзі қайтып келеді.Оның отбасы және өзі Канхвадо аралына ,кейіннен Чечжудо аралына жер аударылады.Ол жерде Кванхэгун 1641жылға дейін өмір сүреді.Оның көптеген жақтастары не жер аударылып кетті,не дарға асылды.Бірақ мұнымен сарайдағы жеке топтардың билік үшін таласы біте қоймады.1624 жылы солтүстік Пхенан жеріне билеуші ретіндегі қызметіне көңілі толмаған  Ли Гваль бүлік шығарды.

  Билік  басына келісімен Инчжо патша  саясатты түбірімен өзгертпек  болды.Ежелгі конфуцийшілдікке сүйене  отырып,Қытайды жақтап,маньчжурлықтармен  біржола қарым-қатынасын үзді.

  Ол кезде  1626жылы 68жасында Кейінгі Цзинь  негізін салушы Нурхаци қайтыс  болды.Ғибадатханалық Тай-цзун есімін  алған баласы Абахай Кореяның  бұрынғыдай Кейінгі Цзиньмен  достық қарым-қатынас орнатқанын  күтпей,Кореядағы биліктің тұрақсыздыған  пайдаланып,өз мақсатына  әскери  жолмен жетпек болды.

 

2.Маньчжурлықтардың Кореяға  әскери жорығы

1627жылдың  бірінші айында Кванхэгунды тақтан  тайдыру заңсыз болғанын сылтауратып,маньчжурлық  Абахай патша  Амин баласына 30мыңдық әскер беріп Кореяға  аттандырады.1-айдың 13-күні маньчжурлық  әскер Амноккан өзенінен мұздың  үстімен өтіп,шекаралық Ыйчжу  қамалын қоршап алады.Қамалды  келесі күні басып алады.Кейіннен  маньчжурлықтар оңтүстікке қарай  жылжиды.1-айдың 24-күні Пхеньян алынып,25-күні маньчжурлықтар Кэсон жанында орналасқан Пхенсан қамалына жақындап қалады.Корея астанасына да жақын қалғанда патша сарайы Канхвадо аралына көшуге шешім қабылдады.1-айдың 27-күні Канхвадоға жеткен соң,тақмұрагерін оңтүстіктегі Чончжу қаласына жібереді.Сарайды қорғау үшін қалған көп емес әскер де Канхвадо аралына көшті.

  Бірақ  көптеген себептермен маньчжурлықтар  одан әрі бармапты.Бір жағынан әдебиетте де оның себебі Кореяның солтүстігіндегі халықтың жаппай қарсыласуы деп табылады.Солтүстік Корея әдебиетінде 1627жылғы оқиға «халық әскерінің әділеттілік үшін күресі» деп қарастырылады.Екінші жағынан,Кейінгі Цзинь үшін Кореяны басып алу емес,оның Мин әулетімен қатынасын үзіп,өзінің достық қарым-қатынасын орнату маңызды болды.1627жылдың 1-айының соңында Сеул қарауылсыз қалып,патша сарайы қашып кетті.Корея бейбіт түрде келіссөз жүргізуге дайын болды.

  Амин 2-айдың  9-күні Канхвадо аралына өз  елшілерін жібереді.Маньчжурлардың  бастапқы шарттары Корея үшін  тиімсіз болды.Олар:Кейінгі Цзиньге  Тэдонган өзенінің солтүстігіндегі  корей жерін беруді;Пхенан аймағының  батыс жағалауларына берік аймақ  салған қытай Мао Вэньлунды(1576-1629) беру;маньчжурларға Мин әулетімен соғыста 10мыңдық корей әскерін көмекке жіберу.

  Маньчжурлармен  келіссөз жеңілдеу шарттармен  өзгертіліп ,қол қойылды.Біріншіден,маньчжурлықтар  Кореяның Пхенсан жерінен ары  бармауға уәде берді.Екіншіден,Корея  мен Кейінгі Цзинь арасында  ағайынды қарым-қатынас орнады,Кейінгі  Цзинь –үлкен аға.Үшіншіден,Корея  Кейінгі Цзиньмен достық қарым-қатынаста  бола отырып,Мин әулетімен жау  болмауға келісім алды.Оның себебі  маньчжурлықтарды шыдатпаған қысқы  жағдайлар мен мұндай жеңілдетілген түрде де шарттағы әскери жорықтың негізгі мақсаттарының орындалуы.

  3-айдың  3-күні келіссөз жүргізілген соң  маньчжурлықтар өз әскерін елден  шығара бастады.Шындығында,шекаралық  Ыйчжу қамалы мен Амноккан  өзенінде олар өздерінің әскерін  тастап кетті.Келесі 9жыл ішінде  Корея Қытаймен байланысын үзбегеніне  қарамастан, Кейінгі Цзинь екеуінің  арасында ешқандай қақтығыс болмады.1627жылғы  маньчжур екеуі арасында жазылған  келісім шартқа сенген Корея  әлі де әскери жағдайына дұрыс  көңіл бөлмеді.1620жылдардың басындағыдан  да нашарлап кеткен сарайдағы  билік ахуалы да өзінен хабар  беріп қоятын.

  1636жылы 4-айда маньчжур патшасы Тай  Цзун(Абахай) оның билігі бүкіл аспан асты әлеміне таралсын,ал оның әулеті Орта мемлекеттің (Қытай) тарихы болсын деп мемлекет атауын Цин деп өзгертуге шешім қабылдайды.Мемлекеттті жариялау салтанатына достық қарым-қатынстағы Кореядан елші шақыртылды.Бірақ конфуцийшілдік орнаған Кореяда жабайы маньчжурлардың Орта мемлекет болуын мойындау мүмкін емес болған соң,олар ешқандай елші жібермейді.Кореяның Кейінгі Цзиньдегі елшісі На Докхон Аспан асты әлемінің патшасын таққа отырғызу рәсіміне қатысқанымен,вассал елінің елшісі ретінде салт жораларды орындаудан бас тартты.

  Осыдан  кейін Тай-цзун патша Корея  ханзадасы Цинге келіп ресми  түрде кешірім сұрап,Цин мемлекетін  сюзерен ретінде мойындауын талап  етті.Корея маньчжурлықтар талабын  орындамады.Тай-цзун патша егер  Корея Цинді мойындамаса,Кореяға  үлкен әскер жіберетінін айтты.1636жылы  На Докхон елші Кореяға оралып,Тай-цзунның талаптарын жеткізгенде елшіні жер аудартып жіберді.

  1637жылы  қаңтарда 120мыңдық маньчжур әскері  Амноккан өзенінің солтүстік  жағалау шекарасында шабуылға  дайын тұрды.Маньчжур әскерін  Тай-цзун патшаның өзі басқарып  келе жатты.Олар арнайы 300 адамды  саудагер ретінде киіндіріп Сеулға  Корея патшасы Канхвадоға қашып  кетпеуі үшін жіберді.

  12-айдың  9-күні Цин әскері Амнокканнан  мұзды басып өтті.Қолбасшы Лим Геноп әскерінің Пэнма қамалында қарсыласуына қарамастан,оңтүстік Сеул жаққа жылжыды.14-күні жау әскері Кэсонға,алдыңғы шеп Сеул аймағына жетіп қалды.Сол күні Инчжо патша өзінің отбасы мен ата-бабасынын еске алатын тақтайшаларды Канхвадо аралына аттандырып жібереді.Кешке өзі оңтүстік қақпа арқылы қашпақ болады.Бірақ ол жер жаудың атты әскерімен қоршауға алынған еді.Инчжо патша қасындағылар батыс қақпаға барып жауды айналдырғанда,Патша су шығатын тесік арқылы қашып құтылады.Тек кешкі сағат 10-да ғана 12000 әскері және 2 айға жетерлік азығы бар Намхан қамалына келеді.

  Намхан  қамалының әскері 1айдай ерлікпен  қамалды бермеген соң,маньчжурлықтар  алдымен Канхвадо аралын алмақ  болады.1-айдың 21 –і келген маньчжурлықтар,корей  әскеріне қарамастан аралды оңай  жаулап алды.Ішінде патша отбасы  мүшелері бар 200 тұтқын алған  маньчжурлықтар Намхан қамалына  бет алады.Намхан қамалының азығы таусылып,көп адамдар бейбім келіссөз жүргізуін сұрайды.1-айдың 30-күні Инчжо патша өзінің жеңілгенін мойындап,тақмұрагері екеуі шығып,Тай-цзун патшаға бас иеді.Және Кореяның Цинге тәуелділігін мойындайды.

   Осылай  Корея Цинмен бейбітшілік орнатып,Корея  Циннің сюзеринеттігін мойындайды.Тақмұрагері  мен басқа ханзадалар Цин еліне  елші ретінде баруға міндетті  болып,Корея Цинге жылына алтын және 20 құнды тауарлар жіберіп тұруға тиіс болады.

   Цин  мемлекетінен жеңілгеніне қарамастан,кәрістер  өз мемлекеттерінің жабайы маньчжур  мемлекетіне бағынып,заңды Мин  әулетімен қарым-қатынас үзгенін  мойындағысы келмеді.Бірақ 1644жылы  маньчжурлар Пекинді басып алып,Корея  тағы да 100 жыл бұрынғыдай Қытайға  бағынышты болып қалды.Тек бұрынғы  қиыр шығыстың мәдени орталығы  емес,жабайылар басқарған Қытайға  бағынды.

 

  

3.Кореяны «кішкентай  Қытай» ретінде қарастыру құрылысының  басы

   Қазіргі оңтүстік Корея тарихы бойынша XII ғасырдан ,Ким Бусик өзінің «Үш мемлекеттің тарихи жазбаларын» жазып бастау мезгілінен  бастап болсын Корея өзін «кішкентай Қытай» , «кішкентай Орта мемлекет» ;жер көлемі жөнінен де кішкентай болса да «Үлкен Қытай» мәдениетінен қалып қоймайтын өзіндік мәдениеті мен тамыры бар деп біледі.Маньчжурлықтардың Қытайда орнығуы кәрістердің енді конфуцийшілдктің негізгі ұстанушылары Корея мемлекеті ғана деген  ой миларына сіңіп қалды.Қытайды жабайылар биледі,ал Жапония Корея үшін әрқашанда дәреже бойынша 1 саты төмен тұрды.

  Бірақ  «нағыз Орта мемлекетті Кореяға  көшіру» жайлы ойлар Мин әулеті құлаған соң бірден пайда болған жоқ.XVII ғасырда Кореяның қиыр шығыс әлеміндегі орны қандай екені өздерінің тарихи шығу тектерін Қытайдыкі секілді көне деп қолдау немесе кері шығару сатысында болды.1667жылы «Оңтүстік партия» мүшесі Хо Мок(1595-1682) ,маньчжурлардың Кореяға екі әскери жорығын көрген куә «Корея оқиғалары» деген кітап жазып шығады.Ол Корея тарихин ежелгі Чосон мемлекеті кезінен бастап жазады.Оның ойынша,ежелгі Корея тарихы мифтердің жиынтығы емес,шынымен болған оқиға.Осылай Корея тарихы да Қытайдікі секілді ежелден бері келе жатыр деген ой қалыптасады.Екіншіден, Хо Мактың ойынша ежелде жабайы және Орта мемлекет деп бөлу қолайсыз болған.Оған қоса Конфуцийдің өзі де «жабайы халықтардың» салт жораларын үйренген.

  Айта  кететін жайт ,маньчжурлық кезеңдегі  барлық кәріс ғалымдарының ойы  бір жерден шықпайды.Мысалы, 1711жылы  «Корея тарихынан маңызды жиынтықтар»  еңбегін жазып бітірген  Лим Сандок (1683-1719) Корея тарихы біріккен Силла кезеңінен басталады деп ойлайды.

  Корея  үшін XVII ғасыр қоғамдық ой мен идеология жағынан ғана емес,қоғамдық және экономикалық  даму жағынан да күрт өзгеріске толы болды.Бұл Корея үшін ортағасыр мен жаңа заманның шекаралық ғасыры болды.

 


1627-1636 жылдардағы Маньчжур әскери жорықтары.Кореяның Маньжурлық Цин әулетіне бағынуы