1917 ж. казан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы

    Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым  Министрлігі 
 
 
 
 

    Реферат 
 
 

Тақырыбы: 1917 ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы. Өлкедегі азамат соғысы Дайындаған: Сагинова К.

Тексерген: Нұртаева Д. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Астана, 2009 жыл

1917 ж. Қазан революциясы  және Қазақстанда  Кеңес өкіметінің  орнауы. Өлкедегі азамат соғысы (1917-1920 жж.) 

    1.1917 ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы.

    2.Қазақстанда  кеңестік аппарат құру және  экономика саласындағы алғашқы  өзгерістер.

    3.Қазақстан  азамат соғысы жылдарында (1918-1920 жж.). 

    1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен  дағдарысқа ұшырады: бірінші – экономикалық , екінші – саяси дағдарыс.

    Соғыстың  салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, ауыл шаруашылығы күйреді. Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды.

    Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың  жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару  қабілеті төмен болды.

    Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917ж. ақпан айында құлауына себеп  болды. Оны Ақпан төңкетісі деп  атайды. Осы төңкерістің нәтижесінде  қос өкімет - жұмысшылар мен шаруалардың  кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет құрылды.

    Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері,  эсерлер, меньшевик-  тер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкі- мет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары–жұмысшылар,   шаруалар және солдат депутаттарынң кеңестері құрылды.

    Жергілікті  жерлерде Уақытша өкіметті органдары  құрыла бастады.

    Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған  қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері ұйымдастырлды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Торғай облысында Әлихан Бөкейханов Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышпаев, Түркістанда Мұстафа Шоқаев тағайындалды.

    Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері  саяси және ұлттық азат алудың бастамасы ретінде қабылдады. Бұл жеңіс өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды. Қазақстанның әртүрлі қалаларында қазақ жастарының 20 шақты үйірмелері мен топтары пайда болды. Олар халық арасында листовкалар, сол күндердің көкейтесті мәселелеріне арналған тақпақ-өлеңдер таратты. Әулиеатада Тұрар Рысқұлов «Қазақ» жастарының революцияшыл одағы деген ұйым құрды. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатардағы жастар енді

    Буржуазиялық  уақытша өкіметке үміт артқан қазақ  зиялылары өз халқын еркіндікке жеткізуді, отарлаудан құтылуды арман етті. Осы мақсатқа жету үшін олар қазақтың ұлттық саяси партиясын құру жолын іздеді. Олар «Қазақ» газеті арқылы қазақ халқына арнайы үндеу жолдады. 1917ж. 21-26 шілдеде Орынборда болған «Бүкілқазақтық» съезде Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқ- санда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы Алашорда үкіметі – ұлт Кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөліммнен тұрады. Олар: 1) Ресей демократиялық федерация болып жариялану туралы; 2) Ресей құрамында Қазақ ұлт  автономиясын құру; 3) Халықтар арасында тең құқықтық орнату; 4) Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару; 5) Елдегі билік және сот туралы; 6) Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру; 7) Халықтың табысына қарай салық салу; 8) Жұмысшылар туралы; 9) Ғылым және білім туралы; 10) Жер мәселесі.

    Жаңа  құрылған үкіметтің құрамына 15 адам кірді, оның төрағасы болып Әлихан Бөкейханов бекітілді. Азамат соғысы басталғанда  Алашорда үкіметі екіге бөлінді: оның Батыс Қазақстандағы бөлігін  Халел, Жанша Досмұхамедовтар, Шығыстағы  бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов т.б. басқарды. Бірақ Уақытша өкіметтің өмірі де ұзақ болмады. 1917ж. 25 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. Бұл жұмысшылар мен шаруалардың билігі орнаған өкіметі еді. Оның мақсаты – пролетариат диктатурасының басшылы- ғымен Ресейде жаңа қоғам – социализмді орнату.

    Бұл оқиға бүкіл әлемді дүр сілкіндірді, себебі социализмге жол ашуды  бірінші Ресей бастады.

    Қазан төңкерісі елді экономикалық және саяси  дағдарыстан шығуға жол ашты. В.И.Ленин бастған большевиктер партиясы осы дағдарыстан шығудың сара жолы – Ресейдің империалистік соғысты тоқтатып, бейбіт өмірге көшу деп білді. Сондықтан Ресей ең бірінші болып бірінші дүниежүзілік соғыстан шығады.

    Кеңес өкіметі әуелі орталықта Петроградта орнады да, одан әрі тез арада Ресейдің шет аймақтарына дейін орнады.

    Ресейдің  қол астында болып келген орыс емес басқа халықтардың еңбекші  бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін  экономикалық-әлеуметтік күйзелістен  шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Большевиктер барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды төңкеріс туының астынан кетпеуге шақырды.

    Кеңес өкіметі Қазақстанда да орнай  бастады. 1917ж. қазаннан 1918ж. наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады.

    Кеңес өкіметінің орнаған алғашқы жері Перовск (Қызылорда) қаласы болды. Мұнда  жұмысшылар мен солдаттар өкімет билігін 1917ж. 30 қазанда өз қолына алды. Перовскіде үлкен әскери гарнизон орналасқан еді және темір жол станцясы болатын.

    1917ж.  қараша айының орта кезінде  Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент)  қаласында жеңді. Қараша –  желтоқсан айларында Кеңес өкіметі  Әулиеатада (Тараз), Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде және Сырдария облысы- ның басқа да ірі елді мекендерінде қан төгізсіз бейбіт жылмен орнады. Петропавл қаласында жаңа өкімет 10 қарашада орнады.

    1917ж.  желтоқсан – 1918ж. наурыз аралығында  Кеңес өкіметі Торғай облысының  орталығы және Қостанай, Ақтөбе  қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918ж. ақпанның орта кезінде көшті.

    Жетісуда  Кеңес өкіметін орнату жылындағы  күрес 1918ж. көктеміне дейін соғылды. Себебі мұнда төңкеріс қарсыластары күштері басым болды. Верный қаласы Жетісу қазақ-орыс әскерлерінің орталығы болды, ал қазақтар патшаның тірегі болғаны белгілі.

    Кеңес өкіметі 1917ж. наурыз айында Жаркентас, Сергиопльда (Аягөз), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады.

    Кеңес өкіметінің ең соңғы орнаған ауданы – Орал қаласы болды, онда жаңа өкіметтің билігі наурыз айында жұмысшылардың қолына көшті.

    Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918ж. наурыз айына дейін Кеңес өкіметі. Қазақстанның көп жерінде жеңіске  жетті.

    Сонымен Қазан төңкерісін қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті билік  кеңестер жағына түгелдей шықты. Мұндай жағдай Қазақ- станның Солтүстік-Шығыс  облыстарының көптеген аудандарында, Сырдария және Бөкей ордасында орын алды. Бірақ төңкеріс қарсыластарының күштері көбірек шоғырланғыан Орынбор, Орал, Жетісу облыстарында өкімет билігі жұмысшылар мен шаруалардың қолына қарсылық көрсеткендерді талқандау арқылы көшті.

    Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда  кеңестік аппарат құру және экономика  саласында алғашқы өзгерістер енгізіле басталды. Ол қандай шаралар:

    -ескі  мекмелер, оның, ішінде уақытша өкіметінің  комиссарлары, отарлау-шенеуіктік әкімшілік  қоныстандыру басқармасы, бұрынғы  сот жүйелері жойылып, өкімет  билігі жұмысшы, солдат депутаттары  кеңестерінің қолына өте бастады;

    Ескі  мемлекеттік аппараты қирату отарлау  саясатына берілген үлкен соққы  болды. Ол еңбекшілердің кеңес жұмысына белсене қатысуына жағдай жасады;

    -шіркеу  мемлекеттен, мектеп шіркеуден  ажыратылды;

    -ерлер  мен әйелдер теңдігі іске асырылды, адамдардың сословиеге бөлінуі жойылды;

    -төңкеріске  қарсылар мен күрес жөніндегі  төтенше комиссиялар, милиция  құрылды;

    -кеңестердің  жанынан еңбек, ағарту, денсаулық  сақтау т.б. бөлімдер ашылды;

    -заңдар, жарлықтар тек қана орыс тілінде  ғана емес, қазақ тілінде де жарияланатын болды;

    -кеңес  қызметкерлерін даярлайтын курстар  жұмыс істей бастады;

    -облыстық  кеңестер жанынан ұлттық қарым-қатынастарды  реттейтін комиссиялар құрылды;

    -жерге  жеке иелік ету жйылып, Қазақстандағы  шіркеу мен монастірлердің, помещиктердің, бай қазақ-орстардың, патша шенеуіктерінің иелігінде болып келген, срндай-ақ қоныс аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді.

    1918ж.  Көктемде Түркістан автономиялық  Кеңестік Социалистік Республикасы  құрылды. Оның құрамында Қазақстанның  оңтүстігіндегі Жетісу, Сырдария облыстары кірді. Ақмола, Семей облыстары орталығы  Омбы қаласы болған Батыс Сібір өлкесіне, Торғай, Орал облыстары Орынбор губерниясына, Бөкей Ордасы Астрахань губерниясы қарамағына кірді.

    Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт  өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Себебі төңкерістің жеңісі құлатылған  қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды.

    1918ж. 23 наурызда Орал казак-орыстары  Гурьевте бүлік шығарды. 

    Сол жылдың 28-29 наурызында ақ казактар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады.

    Ресейдегі азамат соғысының өрістеуіне Антанта  елдері дем берді де, олардың көмегімен  Сібірдегі Чехословак корпусының әскерлері  бүлік шығарды. Бүлікшілер Сібір  қалаларымен бірге Қазақстанның солтүстіктегі қалалары Петропавл, Ақмола, Атбасар, Қостанай, Семей қалаларын басып алып, Кеңес органдардан қамауға алды.

    1918ж.  жазында Кеңес елі үшін ең  басты майдан – Шығыс майданы  болды. Бұл бағытта ақтармен 4-ші  армия ұрыс жүргізді. Осы жылдың  жазында қазақ ұлттық әскери бөлімдер ұйымдаса бастады. Олар алдымен Жетісуда, одан кейін Орынбор мен Орал қалаларында құрылды. Бөкей ордасында қазақ атты әскер полкі Қызыл армияның құрамдас бөлігі болды.

    1918ж.  аяғы мен 1918ж. басында Әліби  Жангелдин мен Амангелді ИмановпенТорғайда екі атты әскер эскадронын, әскери оқу және пулемат топтарын, Ырғызда атты әскер құрды.

    Ақтөбе  майданына 1918ж. Әліби Жагельдин бастаған экспедиция Мәскеудан көп қару-жарақ  пен оқ-дәрі жеткізді. Ақтөбе майданының қарулы күштері 1919ж. 22 қаңтарында Орынборды, 26 қаңтарда Орал қаласын азат етіп, Қазақстан мен Түркістан аудандары мен Орталық Ресей арасындағы қатынасты қалпына келтірді.

    1919ж.  көктемде Фрунзе бастаған қызыл  әскер отрядтары Қазақстанның  Солтүстік аудандарында Колчак  әскерлеріне қарсы күрес жүргізді. Қазақстанда Колчактың тәртібіне қарсы ірі көтеріліс Қостанай уезінде болды. Ақмола, Семей облыстарында партизандық қозғалыстар өрістеді. Қазақстанның Солтүстік-Шығыс аймағында Жетісу майданы 1918ж. тамыз және 1919ж. қазанның орта кезіне дейін ақ гвардияшыларға қарсы табанды күрес жүргізді. Осы аймақтағы қорғаныс орталығы болған Черкасское селосын атауға болады.

    1919ж.  орта кезінде Қызыл армияның  шабуылдарының нәтижесінде Колчак  әскерлері екіге бөлінді. Олардың  бір бөлігі Сібірге, екіншісі  Түркістанға қарай шегінеді.

    Қызыл армияның Түркістан майданы 1919ж. тамыз  айының екінші жартысында Колчактың  «Оңтүстік армиясын» біржолата  талқандады. Осының нәтижесінде Түркістан  майданының әскер бөлімдері Солтүстік  Жетісуға жеткізліп, мұндағы қарсылықты тезірек басуға мүмкіндік берді. Сөйтіп, 1920ж. наурызда азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы Солтүс- тік майданы жабылады.

    Азамат  соғысы жылдарында Кеңес өкіметі  «соғыс коммунизмі» саясатын жүзеге асырды. Оның негізгі мәні-кеңес  елінің басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да азық-түлік салғырты жүргізіледі. Ол бойынша шаруалардың күн көрісінен артылған азық-түлік әскер мен өндіріс орындарындағы жұмысшыларды асырау үшін ешбір өтеусіз алынды.. Бұл жағдай шаруалардың табиғи наразылығын туғызды.. Әсіресе, ауқатты шаруалар қатты наразы болды. Кеңес өкіметінің осы саясатына наразы шаруалар көтеріліске де шығып, көпшілігі жаңа өкіметке қарсы ақтардың жағында соғысы.

    Азамат  соғысы аяқталғаннан кейін Қазақстанда  экономиканы қалпына келтіру, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмыстары жүргізілді. Сол жылдары алғашқы ауыл шаруашылық артельдері, коммуналар, совхоздар пайда болды. 1920ж. аяғында 999 колхоз, оның ішінде 132 коммуна, 778 артель, жерді бірлесіп өңдейтін 28 серіктестік (ТОЗ) құрылды.

    1919ж. 10 шілдеде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі «Қырғыз (Қазақ) өлкесін басқару жөніндегі төңкерістік комитет туралы» декрет қабылданды. Онда болашақ Қазақ мемлекетінің жер аумағы анықталды.

    1920ж. 30 сәуірде РК/б/П Орталық комитеті  Қырғыз(Қазақ) облыстық бюросы  құрылғаннан кейін өлкеде Кеңес өкіметін, мемлекеттік құрылысты одан әрі нығайту жұмысы жүргізіле бастады. Сол жылғы 17 тамызда РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз республикасы туралы Декрет жобасын мақұлдады. 26 тамызда БОАК пен РКФСР Халком Кеңесі РКФСР құрамында «Қырғыз (Қазақ) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» жарлық қабылданды. Орынбор қаласы Қазақ АКСР-нің алғашқы астанасы болды. 

    Негізгі әдебиеттер

    1.Қазақстан  тарихы. Очерк. 304-315-беттер.

          2. Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 9-10-бөлімдер

    3.Иностранная  военная интервенция и гражданская  война в Средней Азии и Казахстане: Сб. докум. Т.I. А., 1963; Т.II. 1964.

    4.Образование  Казахской АССР: Сб.докум. А., 1957.

    5.Елеуов  Т. Установление и упрочение  Советской власти в Казахстане. А., 1964.

    6.Покровский  С.И. Разгром иностранных военных  интервентов и внутренней контрреволюции  в Казахстане (1918-1920 гг.). А., 1967.

1917 ж. казан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы