Қабілеттің жалпы сипаты

§ 1. Қабілеттің жалпы сипаты

     Қабілет деп әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз — мақсатқа бағытталған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы.

     Адамның қабілеттілігі оған ықпал етіп отыратын тәлім-тәрбиеге орай әрбір адамда түрліше сипатта   өтеді.

Адамның қандай да болмасын белгілі бір іс-әрекет түріне қабілетті болуы мынадай  екі түрлі көрсеткіш арқылы анықталады:

1.   Іс-әрекетті тез өзгерту.

2.  Іс-әрекетті  орындау нәтижесінің сапасы.

     Егер адам өзге адамдармен салыстырғанда, біріншіден, қолға алған істі калайда болмасын тез және табысты меңгеріп, сол әрекетке лайық дағдыны оңай игеретін болса, екіншіден, белгілі бір деңгейде жетістіктерге жетсе, оны қабілетті адам дейді. Сонда қабілеттіліктің сыры неде? Не себепті әр адамның жетістіктерге жетуі бірдей жағдайда түрліше көрсеткіштерге   ие   болып,  іс-әрекет  нәтижелері әр қилы болады?

Әрбір адамның іс-әрекетті орындау тәсілі сол адамдардың психикалық таным процесінің даму ерекшеліктеріне, жүйке жүйесі талдағыштарының жұмысына, сезім мүшелерінің сыртқы тітіркендіргіштерге әсерленіп, қабылдау жылдамдығына және адамның даралық касиетіне байланысты. Қабілеттілік — адамдағы жеке-дара өзіндік ерекшелік, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығын көрсететін психологиялық сипат. Қабілеттің мұндай сипаттарын былайша түсіндіруге болады. Мысалы, саусақтарының салалы болуы-көбінесе музыканттарға, ал бойшаң болып келу — баскетболшы-спортшыларға тән ерекшелік. Адам бойындағы ерекшеліктер қабілеттіліктің тек белгілі бір іс-әрекетке орай табысқа жетуге көмектесетін белгілері ғана. Қабілеттілікке аса қажетті қасиет, мысалы, музыка саласында әуенді есту мен ырғақты сезу, оларды бір-бірінен айыру болып табылады. Ал қимыл-әрекет реакцияларының жылдамдығы неғұрлым жоғары деңгейде болса, спорт түрлерімен шұғылдануға өзіндік әсері мен пайдасы тиері даусыз.

Кез-келген адамның екі-үш түрлі іс-әрекетті атқаруға бейімділігі болады. Бұл — адам қабілетінін жалпы түрі, өмір сүруі мен тіршілік етуге деген икемі және әрекетшіл көрінісі. Адам әрекетсіз, еңбексіз ешқандай іс тындыра алмайтын болса, ол өмір сүре алмас еді. Жалпы, қабілет адамның жеке басының әрекетімен байланысты түрде жүзеге асады. Адамның даралық ерекшеліктерінен оның арнаулы қабілеті де аңғарылады. Қабілеттің арнаулы түрі белгілі бір істі үздік орындаудан, оған деген ықылас-ынтадан, дағды мен икемділіктен айқын көрінеді.

Әр адамның іс-әрекеттің бір түріне икемді болуы оның сол әрекетті орындауы үстінде, әсіресе, істің нәтижесінен анық байқалады. Бұл — адамдардың даралық ерекшеліктері- Мысалы, бірдей жағдайда бір істі бір адам тез меңгеріп, өте шапшаң, нәтижелі әрі сапалы етіп атқарса, ал екінші адам іске бірден төселіп кете алмай, сол іс-әрекетке лайық әдет-дағдыларын қалыптастырмағандықтан, істі баяу, нәтижесіз, сапасыз атқаруы мүмкін. Бұл жайттар бірінші адамның қабілеттілігі екінші адамға қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейде дамығандығын көрсетеді.

Адамның істеген ісі мен әрекетін бақылап көрмей тұрып, оны сол іске қабілетті не қабілетсіз деп кесіп айтуға болмайды.

Қабілеттің даралық айырмашылығы

Адамдардың қабілетінде жеке адамға тән айырмашылықтар да болады, яғни іс-әрекет нәтижесі әр адамда әр түрлі. Біреудің ісі сапалы, екіншісінікі сапасыз. Дәлірек айтқанда, адам кабілетіндегі айырмашылық істің нәтижесінен, яғни оның сәтті не сәтсіздігінен байқалады. Қызығушылық адамда объектіні жан-жақты танып білуге ұмтылудан туындайды. Ал бейімділік — нақты іс-әрекетті орындауға талпыну. Қызығушылық пен бейімділік сапаларының үнемі өзара үйлесім тауып, бір бағытта тоғысып отыруы мүмкін емес. Оған түрлі жағдайлар да себепші болады. Мысалы, адамның бейнелеу, көркемөнер туындыларын тамашалауы ықтимал, бірақ ол осы салалардағы өнер түрлерімен шұғылдануға бейімсіз болуы мүмкін. Дегенмен, белгілі бір іс-әрекет түріне қабілеті бар адамдардың қызығушылығы мен бейімділігі бір-бірімен үйлесім тауып, қабыса алады.

Іс-әрекетпен айналысқанда адамнын жетістікке жетуі үшін қабілет, қызығушылық, бейімділіктен тыс оның мінез-құлқында мынадай сапалык көріністер болуы қажет: ең алдымен, еңбексүйгіштік, табандылық, батылдық. Осындай ерекше кабілеттілігі бар адамның өзі де айтарлыктай табысқа қол жеткізе бермейді. Негізі, адам өзінің іс-әрекетіне, жеке басына сын көзімен қарап, бойындағы жетістік, кемістігін икемі мен күш-қуатын, мінезінің ұнамды, ұнамсыз сапаларын айқын ажырата аларлық деңгейде болуы керек.

Адам қабілетінің даралық ерекшеліктеріне талант, дарындылық, данышпандық сияқты қасиеттер де жатады.

Дарындылық— адамның белгілі бір іске деген айрықша қабілеттілігі, өмірдің қандай да бір саласында өзін ерекше қырынан көрсетуі. Мұны мынадан айқынырақ түсінуге болады: казақ даласында өздерінің ақындық, әншілік, серілік қасиеттерімен танылған Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Әсет, Мәди тәрізді баска да таланттардың есімдері осы кезге дейін ел есінде.

Қабілеттің  жоғары деңгейде дамуы талант деп аталады.

Талант  — адамның нақты бір істі нәтижелі орындаудағы қабілетінің біршама жағымды қасиеттерінің өзара байланысты түрде үндесуі. Талантты адам өмірде белгілі бір пайдалы әрекетпен шұғылданады, сол бағытта ірі жетістіктерге де жетеді. Сонын арқасында онын іс-әрекеті өзгелерге өнеге болады, жемісті нәтижелер береді.

Адам  қабілетіндегі дарындылық пен талант одан әрі дамып, данышпандық қасиетін тудырады. Бұл — адамның ақыл-ойы мен іс-әрекетінің ең жоғары дәрежеге көтерілуі. Данышпандық қасиет — адамның жалпы және арнаулы кабілеттерінің жинақталып, ерекше нәтижелерге қол жеткізуі. Данышпан адамның іс-әрекет нәтижелері адамның әлеуметтік өмірі мен коғамдық тіршілігінің жақсаруына елеулі үлес қосып, мәдени-рухани, саяси-экономикалық т. б. салалардың өркендеуіне әсер етеді, қоғамның тарихи дамуында өшпес із қалдырады. Сондай адамдар қатарына Аристотель, Платон, Әбу Нәсір әл-Фараби, Ұлықбек сынды ғұламалар, қазақтың Абылай хан, Бұқар жырау, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Майқы би Мәнұлы, Абай тәрізді біртуар перзенттерін жатқызуға болады.

Қабілетке қатысты мәселелерді қорыта айтсақ, қабілет адамның даралық психологиялық қасиет   Мұндай өзіндік қасиеттер жеке адамның тұлғасын, кісілік сипатын, іс-әрекетінің нәтижелерін жалпы қауымның игілігіне айналдырады. Психология ғылымында соңғы 1—1,5 ғасыр бойында адам қабілетінің даму деңгейі және оның қалыптасуы тәжірибелік зерттеулер арқылы аныктала бастады. Бір сөзбен айтқанда, адам қабілеттілігі мен оның түрлі деңгейде дамып өрістеуінің негізгі факторы — еңбек.

1. Болашақ  мүғалімдердің дидактикалық   дайындығының деңгейі туралы

Қазіргі орта және жоғары педагогикалық оқу орындарында оқып жүрген болашақ мұғалімдердің дидактикалық дайындығы - ондағы оқыту процесінің тиімді ұйымдастырылуымен тығыз  байланысты.

Студенттер  педагогикалық қызметтің ерекшеліктерін, оның тамаша, қызықты жақтарымен қатар, қиындықтардың болатынын білуге тиісті.

Дидактикалық  дайындық - кәсіби-педагогикалық даярлықтың негізгі және маңызды саласы.

      Дидактикалық даярлықты қалай түсіну керек? Бұл - күрделі ұғым. Мұғалімдердің дидактикалық даярлығына жататындар: олардың оқыту процесінің теориясы мен практикасы бойынша игергсн білімдері, педагогикалық қызметке деген ынтасы (мотивтері) мен мүмкіндіктері. Нақты айтқанда, оқытудың мақсаты мен мазмұны оны ұйымдастырудағы қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерді жете біліп, іске асырудың жолдарын меңгеруді -дидактикалық даярлықты анықтайтын белгілер деуге болады. Осыған орай педагогикалық қызметті атқаруға қажет мұғалімнің бойында мынандай дидактикалық қабілеттер болуы керек: оқыту процесін жоспарлап білуі, оны мақсатты түрде ұйымдастыра алуы,| жүйелі түрде бақылау мен бағалау ісін орындап отыруы. 

ҚАЗІРГІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯСЫН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

Сөздіктер "студент" деген латын сөзін "қажымай-талмай жұмыс істеуші, білімге құштар адам" деп түсіндіреді. Студенттің басты мақсаты - оқу, бұл әркімге аян. Алайда бұл ұғымның нақты мазмұны болжымастан қалған жоқ, әрі біздің заманымызда бұл мазмұн бұрынғы кездегіден тез өзгеруде. Қалай оқу керек, нені оқу керек, өз мамандығына қатысы бар мәлімет мұхитынан ең бастысын қалай тандап алып, игеру керек? Осының бәрі күрделі мәселе.

Соңғы жылдары студенттердің оқуына, қоғамдық-саяси практикасына, тұрмыс жағдайларына, уақытты дұрыс пайдалану сияқты мәселелерге байланысты социологиялық зерттеулер жүргізілуінің нәтижесінде арнайы еңбектер пайда болды. Студенттердің проблемаларын зерттейтін арнайы орталықтар (мекемелер), вуздар жайындағы социологиялық лабораториялар

зерттеулер  жүргізуде. 

1)  Оқу  жұмысының әдістері (лекция, жаттығулар, түсіндіру, диалог, эвристикалық әңгіме, дискуссия, дидактикалық ойындар, білімді бақылау, бағалау әдістері т.б.;

2)  Ғылыми  жұмыстың әдістері (бақылау, эксперимент, ғылыми әдебиеттермен, архивтік материалдармен жұмыс істеу, модельдеу әдісі, ғылыми баяндама т.б.

3)  Өзіндік жұмыстың әдістері (кітаппен және басқа дидактикалық және техникалық құралдармен жұмыс істеу). Осы топтағы әдістердің әр қайсысы оқыту процесінде белгілі функцияны атқарып отыратынын ескеру қажет; жаңа материалды баяндауда - лекцияның ролі ерекше болса, біліктер мен дағдыларды қалыптастыруда жаттығулар мен практикалық жұмыстардың орны бөлек, сол сияқты білім мен дағдыларды бақылауда, бағалауда - бақылау жұмыстары, коллоквиум, аттестация, зачет, арнайы тестілер, емтихандардың атқаратын ролі де ерекше орын алады.

Оқыту әдістерін  қолдануда мынандай талаптарды  ескеру қажет:

1)  оқу  процесінде бір ғана әдісті универсалды деп қарап, сол әдісті үнемі қолдана беруге болмайды. Ешқашан да бір әдіс универсалды бола алмайды. Сондықтан түрлі әдістерді ұштастырып қолданған жөн;

2)  оқыту  әдістері студенттердің оқу белсенділігін, таным әрекетін арттыруға әсер етуге тиісті;                          

3)  оқыту  әдістері студенттердің өзін-өзі оқьггу, өзін басқару әрекетіне ауысатын болғаны жөн;

4)  оқыту  әдістері ғылым әдістерімен ұштасып, бір-бірімен тығыз байланыста болуға тиісті;

5)  оқыту  әдістерінің жеке оқу пәндері ерекшеліктеріне және әдістің өзінің атқаратын қызметіне қарай түрлі варианттарда болатынын ескеру қажет;

6)  оқыту  әдістері студенттердің дидактикалық дайыңдығына әсер ететіндіктен, олар үлгі беретіндей болуға тиіс. Өйткені, ертең студент мектепте - "институтта қалай оқытса, мектепте солай оқытуға тырысады", басқаша айтқанда, институтта көрген, үйренген оқыту әдістерін студент мұғалім болғанда мектепте қолдануға болады, - деп есептейді.

Оқыту әдістерінің таным ерекетінің дамуына ететін  әсері ерекше. Өйткені оқыту әдістерінің білімдік, тәрбиелік функцияларымен қатар, дамытушылық қызметінің маңызы зор. Мұнда әдістің психологиялық сипатып, оның студенттің оқу таным әрекетінің психологиясына әсерін айту керек.

Студентте, ең алдымен, оқу әрекетінің психологиялық сипаттары қалыптасуға тиісті: оқуға, білуге деген жағымды мотивтер, қызығу-ықыластары; алдағы оқу жұмысының мақсат-міндеттерін анықтай білуі оны орындаудың тиімді тәсіл-амалдарын белгілеуі, өз жұмысының барысын өзі бақылап (самоконтроль) отыруы және оның нәтижесін бағалап, тиісті қорытындылар жасай білуі т.б. Қысқасын айтқанда, осы бағытта студент өз жұмысын жоспарлай білуге дағдылануға тиісті. Тек осындай сапалы ұйымдастарылған әрекет, еңбек негізінде ғана студенттердің оқу әрекетінің психологиясы мақсатты түрде қалыптасады.

Орта  мектептің оқушыларына қарағанда, студенттердің өз еңбегіне, жұмысына деген жауапкершілік пен өзбеттілік қасиеттері арта түседі.

Б.Г. Ананьев  т.б. психологтардың зерттеулеріне  қарағанда, студенттік шақта адамның  негізгі функциялары (сенсорлық-перцептивтік), мнимикалық (есте қалдыру), психомоторлық (қимыл-әрекеттері), есіресе, сөйлеу-ойлау процестері айтарлықтай белсенді түрде дамиды. Мысалы, оперативтік ес, зейіннің аударылуы, есептер шығару т.б. психикалық процестердің қалыптасып дамуының шапшаңдығы артады.

Болашақ мұғалім орта мектепте қандай окыту әдістері колданатынын білуге тиісті.

Оқыту әдістерінің тиімділігін арттыру сабақтарда үнемі біркелкі әдістерді қолдану емес, әр түрлі, бірнеше әдістерді ұштастырып, қолдана білуге байланысты. Бір әдіс қандай жақсы болса да, ол оқыту процесінің барлық міндеттері мен құрылымының бөліктерін қамтамасыз ете алмайды. Қазіргі дидактикада (оқыту теориясында) оқыту әдістерін топтастырудың қалыптасқан бірыңғай жүйесі жоқ. Бұл мәселе туралы әртүрлі көзқарастар бар. Оқыту әдістерін топтастырудың түрлі жолдары бар екенін білу керек. Білім алудың көзіне қарай, оқытудың мақсаттарына қарай, сондай-ақ оқушылардың таным белсенділігінің деңгейіне қарай т.б. белгілерге қарай әдістерді   бірнеше топқа бөлуге болады. Ең көп тараған топтастыру - ол оқыту әдістерін білім алудың көзіне қарай (сөз, заттар мен көрнекі құралдар, практикалық әрекет) үш топқа бөлу: сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер. Сөздік әдістерге жататындар: мұғалімнің ауызша баяндауы, әңгіме, түсіндіру, оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу әдістері.

Көрнекілік әдістер: оқушылардың бақылауы, мұғалімнің көрнекі және техникалық құралдарды көрсетуі.

Практикалық әдістер: жаттығулар, графикалық және лабораториялық, практикалық жұмыстар, дидактикалық және ұлттық ойындар.

Оқушылардың таным белсенділігінің деңгейіне қарай оқыту әдістері репродуктивтік (түсіндірме, айтып беру, сипаттау т.б.), проблемалық баяндау, эвристикалық әңгіме, зерттеу әдістері болып бөлінеді. Оқытудың мақсаттарына қарай әдістерді жаңа білім беру, қайталау, біліктер мен дағдыларды қалыптастыру, білімді тексеру және бағалау әдістері деп бөлуге болады.

Сөздік әдістер

 Мектептегі ең кең тараған оқыту әдісі - ол мұгалімнің ауызша баяндауы. Бұл әдіс оқу процесінде жетекші роль атқарады: барлық пәндерді оқытуда және сабақтың түрлі кезеңдерінде, әсіресе жаңа материалды түсіндіруде кеңінен орын алады. "Сөз, - дейді В.А. Сухомлинский, ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың. Бастауыш кластың мұғалімі - ең алдымен тіл маманы".

Бұл әдісті қолданғанда мұғалім оқушыларға білім берумен қатар олардың таным белсенділігін арттыруға (зейін, қабылдау, ойлау т.б. процестерін) байланысты әрекет жасайды. Мұғалім өзінің баяндауын басқа әдістердің тәсілдерімен ұштастырады (бақылау,   әңгіме,   жазбаша   және   графикалық   жұмыстардың  тәсілдері).                        

Мұғалім өзінің сөзін көрнекі бейнелермен байланыстырады: түрлі көрнекі және техникалық құралдарды көрсету арқылы, сондай-ақ көркем сөзді пайдалану арқылы. Мұғалімнің ауызша   баяндауы   сұрақтарды   проблемалы   ситуация   тудыратындай етіп қоюды, баяндалатын материалардың ең маңызды жерлерін айырып беруді, хабарлаудың жүйелі және дәлелді болуын керек етеді.

Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. "Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кіналамай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек"- деген Ы. Алтынсарин.

Әңгіме  әдісі

Бұл әдіс бастауыш кластарда кең қолданатын әдістің бірі. Әңгіме барысында мұғалім мен оқушылардың арасында диалог пайда болады. Әңгіме әдісі оқытудың түрлі міңдеттерін орындатуға бағытталады: өткендегі материалды жаңамен байланыстыру, жаңа білімді хабарлау, өткенді қайталау, оны тексеру және бағалау үшін қолданады. Осыған орай әңгіменің бірнеше түрін айыруға болады. Мысалы, эвристикалық әңгіме барысында жаңа материалды түсіндіру үшін мұғалім өзінің сұрақтары арқылы оқушылардың   өздеріне   қорытынды   мен   тұжырым   жасауға   үйретеді.

Кіріспе әңгімесі; дискуссия (пікірталас) әңгімесі; білімді тексеру және бағалау әңгімесі т.б. әңгіме әдістерінің варианттары болуы мүмкін.

Әңгіме  әдісін қолдану мұғалімнің сұрақтарды дұрыс қойып, оқушылардың берген жауаптарына дұрыс бағыт беріп басшылық етуіне байланысты. Әңгіме әдісін қолдану арқылы мұғалім оқушылардың бұрынғы тәжірибесі мен алған білімдеріне сүйене отырып, оқу материалының мазмұнына талдау жасап, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады.

Оқулықпен және кітаппен жұмыс  істеу әдісі

Бұл әдісте оқу процесіңде барлық пәндерге ортақ және кеңінен қолданатын жетекші әдістердің бірі болып табылады.  

Оқулық  пен кітап оқушы үшін сабақта  жене сабақтан тыс уақытта өздігінен білім алудың өте маңызды көзі екенін ескеру қажет. Сондықтан оқушылардың оқулық және кітаппен жұмыс істеудің тиімді тәсіл-амалдарына үйретудің маңызы зор. Бұл жұмысты бастауыш кластардан бастау керек. Мұғалім сабақ үстінде оқулықпен, кітаппен жұмыс істеудің негізгі тәсілдерін үйретуге тиісті. Ең алдымен, оқушыларды дауыстап оқуға, одан кейін тез, іштей оқуға, оқығанды ез сөзімен айтып беруге дағдыландыру қажет. Текспен жұмыс істегенде оқушыларды оның ең негізгі мазмұнын айтуға, бөліктерге бөліп жоспар жасауға, қорытынды мен тұжырымдар жасауға үйрету керек. Егер оқушы осындай тәсілдерді қолдана білмесе, онда ол оқығандарын тек жаттап алуға дағдыланады.

Көрнекілік  әдістері

Бұл әдістердің ішінде ең басты роль атқаратыны - бақылау әдісі. Бақылау әдісі барлық пәндерді оқытуда кеңінен қолданылады. Бақылау әдісі сабақта нақты заттар мен көрнекі және техникалық құралдарын демонстрациялау (көрсету) кезінде, сондай-ақ экскурсияда, лабораториялық жұмыстарда, еңбек операцияларын орындау барысында ерекше орын алады. Бақылау мұғалімнің басшылығымен сабақ үстінде және сабақтан тыс уақытта мұғалімнің тапсырмасына байланысты немесе оқушылардың өздерінің қалауы бойынша кеңінен іске асырылады. Дұрыс "қолданған бақылау әдісі оқушылардың байқағыштық, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Бақылау әдісін қолданудың тиімділігі мынадай тәсілдерді қолдана білуге байланысты: байқаудың мақсатын анықтау, қабылдайтын нәрселередің мөлшерін белгілеу, салыстыру арқылы олардың көптеген белгілерінің ішінен ең негізгі, бастыларын ажырату, содан кейін оларды топтастырып, қорытындылар мен тұжырымдар жасау т.б. Байқайтын нәрселердің, бейнелердің ерекшеліктеріне байланысты және бақылау әдісінің негізгі түрлері (варианттары) болады: Демонстрациялық (көрсету) бақылау, экскурсиялық бақылау, лабораториялық бақылау, техникалық бақылау және оқушылардың өздігінен дербес бақылауы.

Оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың күшті  құралы -бақылау.

К.Д  Ушинский "Бақылау - логикалық ойлаудың негізі", - деп жай айтпаған. Ұлы педагог логикалық ойлауға үйрену үшін, ең алдымен, балаларды жан-жақты бақылауға үйрету керектігін де ескертеді.

ЖЕКЕ  ТҰЛҒАНЫҢ БІТІМІ —  СТУДЕНТТІҢ ТАНЫМДЫҚ ІЗДЕМПАЗДЫҒЫ  ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ

 Сонымен танымдық ізденімпаздықты барлық зерттеушiлер жеке тұлғаның қасиеті ретінде түсіндіреді.   Сонықтан жеке тұлға деген ұғымның құрылымы мен компоненттік құрамы ізденімпаздық тұжырымдамасын қалыптастырудың негізі болып табылады. В. С. Ледневтін

монографиясында (Леднев, 1980) 80-ші жылдардьщ барысында  орындалған жеке тұлға проблемаларын зерттеулерге талдау жасалған, сондықтан бұл жерде оның нәтижелерін пайдаланамыз. Түрлі деректемелерді қарастыра

келіп, В. С. Леднев жеке тұлға  деген ұғым жөніндегі қөзқарастардағы ортақ жәйттерді және олардағы айырмашылықтарды бөліп көрсетеді. Ортақ жәйттерді ол мынадай қағидалармен сипаттайды:

-— жеке  тұлға — «адам» деген ұғымға қарағанда аясы тарлау ұғым;

—  адам жеке тұлға болып тумайды, бірақ жеке тұлғаға айналады. Жеке тұлғаның қалыптасу процесі филогенезде де, онтогенезде де әлеуметтік процесс;

—  жеке тұлға жеміс қана емес, сонымен бірге қоғамдық қатынастардың субъектісі;

—  жеке тұлға — сананын иесі ретіндегі, еңбек етуге және танымдық әрекетке қабілетті тіршілік иесі ретіндегі адам.

Жеке  тұлға жөніндегі көзқарастардағы айырмашылықтарға келетін болсақ, онда, біздің пікірімізше, Г. Нойнер неғұрлым соны пікір айтқан, ол жеке тұлға жақтарыныц ішінде айналадағы ортамен өзара байланысты атап өтеді. Адамның жеке тұлғасының анықтамасында ол келесі қатынастарды атап керсетеді:

«организм — қоршаған орта» қатынасы адам және табиғат арасындағы қатынастар деңгейінде;

«субъект  — объект» қатынасы адам мен адамныц  практикалық және теориялық қызметінің объектіленді рілген заттары арасындағы қатынас деңгейінде;

«жеке   тұлға — қоғам»   қатынасы   түрлі   әлеуметтік  топтар жанама қатынастарға айналдырған адам мен қоғам арасындағы қатынастар деңгейінде (Нойнер, 1974). Жеке тұлға деген ұғым жөніндегі түрлі көзкарастар-ға жасалған талдауды қорытындылай келе, В. С. Леднев жеке тұлға адамның дербес құрылымдық компонент ретіндегі әлде бір оқшауланған жағы емес, әлеуметтік тұрғыдан алғанда адамның қасиеттерінің бүкіл жиынтығымен тұтас алғандағы нақты адамның ерекше пішімі. Жеке тұлғада тұтас тұлға ретіндегі адамнын қырлары жоғалып кетпейді, тек осы тұрғыдан алғанда арнайы көрініс табады,— деп атап өтеді В. С. Леднев  (Леднев, 1980).  

3. СТУДЕНТТЕРДІҢ   ТАНЫМДЫҢ   ІЗДЕНІМПАЗДЫҒЫНЫҢ

КОМПОНЕНТТЕРІ

    Уәждік компонент. Ол туындаған қажетсіну мен оны өз күшімең қанағаттандыру мүмкіндігі арасындағы Карама-қарсылықты түсіну негізінде пайда болатын әрекетке ұмтылушылықпен сипатталады. Уәждік компонентке парыз бен мүдде уәждері жатады.

Танымдық қажетсіну — белгілі бір заңдылықтары бар ерекше қажетсіну екенін еске сала кетеміз. Олардың ең бастылары: 1) ынтызарлық, яғни таным нәтижесіне толық қанағаттанудың принципті түрде мүмкін еместігі; 2) процесшілдік, яғни, танымның нәтижесіне емес, ең алдымен процесіне бағдарланушылық; 3) жақсы сезіммен, яғни қуаныш, қызығу сезімімен тығыз байланыс. Танымдық қажетсіну сәби дүниеге келген күннен бастап пайда болып, жастың үлкеюіне қарай біртіндеп күрделіленіп, принципті түрде өзгеріп отырады, бұл орайда танымдық қажетсінудің неғұрлым қарапайым деңгейінің орнына неғұрлым күрделі деңгейі келеді. Жасқа жас қосылған сайын танымдық қажетсінуді қанағаттандыру тәсілдері де өзгеріп отырады. Студенттер үшін нысаналы танымдық әрекет деңгейі танымдық қажетсінудің жетекші деңгейі болып табылады.

Оқу процесіне  көзқарасты анықтау үшін зерттеудің түрлі әдістері пайдаланылады, олар: сабаққа қатысу мен үлгерімді талдау, сауалнама, студенттермен жеке-жеке немесе топ-тобымен сұхбаттасу, оқытушылармен, кітапхана қызметкерлерімен әңгімелесу. Алынған деректер студенттердің көпшілігінде (92%) өздерінің оқу міндеттемелері туралы дұрыс түсінік бар екенін дәлелдейді. Әдетте университеттің математик-студенттері университетке түсуге математиканы оқып-үйренуге деген ынта өздерінің оған деген қызығушылығы жетелегенін айтады; оқу қызметінде біліктілігі жоғары маман болуға ұмтылушылықты мақсат тұтады, 60%-і мұғалім болғысы келеді. Студенттердің тек 38%-і ғана дәріске үзбей қатысатыны, ал 33%-і практикалық сабақтарға дайындалатыны, 35%-і күн сайын ізденімпаздық жұмыспен шұғылданатыны анықталды. Бұл деректер    студенттердің   танымдық қызығушылығын қалыптастыру     қажеттігін

дәлелдейді. Математикалық курстардың кәсіптік бағытталуы  мұғалімдік  кәсіпке  қызығушылықты дамытудық маңызды құралдарының бірі болып табылады. Сонымен бірге студенттердің танымдық қызығушылығы даму үс тінде болатынын, қабылдау неғұрлым терең де тиянақты қабылдауға айналатынын, зейін мен   абстрактілі   ойла қабілеті кемелденетінін,   дүние   тану   көзқарастарының қалыптасатынын есте сақтау керек. Сабақ беру нысандарын таңдау кезінде студенттердің танымдық мүмкіндіктерін ескеру қажет. Дәстүрлі әдістерден гөрі ізденімпаздық жұмысты неғұрлым кеңірек пайдалану да танымдық қызығушылықты қалыптастыруға септігін тигізеді.

Кәсіпке ертерек бейімделу «кәсіптік танымдық уәжді» дамытудың қуатты түрткісі болып табылады (Матюшкин, 1972), ол оқу барысында студенттердің ақыл-парасаты мен ерік күшінің жоғары деңгейде болуын айқындайды.

Мұндай  уәж тек оқу үлгерімінің ғана емес, сонымен бірге кәсіптік дайындығы мол шығарымпаз жеке тұлғаның қалыптасуының да негізі болмақ, ал танымдық ізденімпаздық осындай тұлғаның ажырағысыз сапасы болып табылады. Төмендегі курстардан бастап оқу-тәрбие процесінің кәсіптік бағытталуын іске асыру оқуды бастаған студенттер тап болатын қарама-қайшылықты (кәсіпке тезірек араласу ықыласы мен іргелі пәндерді төзімділікпен оқып үйрену қажеттігі арасындағы қарама-қайшылықты) шешу үшін қажет (Годник, 1981). Кейбір студенттерге жекелеген пәндер кәсіптік өсу үшін қажетсіз болып көрінеді, сондықтан оқытушының міндеті — төменгі курстарда оқылатын пәндердің таңдалған кәсіппен байланысын ашу. Бұл байланыстарды ашу жолдары нақты пәннің ерекшеліктеріне қарай түрліше болып келуі мүмкін. Кәсіпті игеру үшін негіз жасайтын мазмұнды анықтауды басты бағыт деп есептеуге болады. Университет жағдайында мұғалім кәсібіне бағдарлау төменгі курстарда оқылатын іргелі ғылымдардың негіздік мазмұнын және мұғалімнің практикалық қызметіне даярлануға тікелей жәрдемдесетін жұмыстың әдістері мен нысандарын іріктеу арқылы іске асырылады. Студенттердің танымдық қызығушылығын дамытуға дәрістер мен практикалық сабақтарда жоғары оқу орындарындағы мазмұнның студенттердің мектептегі түсініктеріне сай келуін пайдалану жөніндегі ақыл-кеңестер жәрдемдесетін болады (Медведев, Фоменко, 1973).

ІІсихология мен педагогикада оқыту уәжінің, ең алдымен, оқушыларды оқыту  уәжінің   проблемасы   терең зерттелген (А. Д. Алферов, Ю. К. Бабанский, Л. И. Божович, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, А. Н. Леонтьев,

К,   Қ.   Маркова,     С.  Л.   Рубинштейн,     Г.   И.   Шукина,

П. М. Якобсон  және басқалар). Зерттеушілердің көбісі оқыту уәжінің негізгі екі тобын белгілі бір түрде бөліп көрсетеді, олар: оқу-танымдық әрекет аясынан тыс жатқан және танымдық уәждер. Соңғылары А. К. Маркованың басшылығымен жүргізілген оқу   қызметінің   уәжін зерттеу нәтижесінде жүйеленген. А. К. Маркованың көз-қарасында А. Н. Леонтьевтің   әрекет  теориясы   негізге алынған, бұл теорияда уәж әрекет құрылымының   ішкі

сипаттамасы ретінде қарастырылады. Оқыту белсенділін оқу әрекетінің түрлі мазмұнына немесе оның түрлі компоненттеріне бағыттау негізінде танымдық уәж деңгейлері талдап әзірленді ,олар: 1) жаңа білімдерді игеруге бағытталумен   сипатталатын   ауқымды   оқу   уәжі;

Қабілеттің жалпы сипаты