Адамдардың моногендік аурулары
Адамдардың моногендік аурулары
Моногендік аурулар-тиесілі ақуыз молекуласының қызметінің бұзылуына не толық жойылуына алып келетін ген мутациясы салдарынан дамитын тұқым қуалайтын аурулардың үлкен бip тобы болып табылады. Моногендік аурулар аутосомды-доминантты, аутосомды-рецессивті және жыныспен тіркес тұқым қуалайды.
Қaзipгi деректер бойынша тұқым қуалайтын моногендік аурулар тұрғындардың 2,4%-кездеседі, ал олардың орташа популяциялық жиілігі жаңа туылған нәрестелердің 10:1000 тең. Олардың арасында-аутосомды-доминанты аурулар -7:1000, немесе 60%, аутосомды-рецессивті аурулар-2,5:1000-30% құрайды. Адам популяцияларында рецессивтік мутациялар саны көп, яғни әрбір адам 3-4 летальдық мутациялар эквивалентінің тасымалдаушысы болып табылады.
Кейбір кең таралған
Адамның кейбір кең таралған моногендік ауруларының жиілігі
Ауру |
Тұқым қуалау типі |
Жиілігі |
Жанұялық гиперхолестеролемия |
АД |
1:500 |
Тоқ ішек полипозы |
АД |
1:15000 |
Марфан синдромы |
АД |
1:20000 |
Гентингтон хореясы |
АД |
1:25000 |
Жетілмеген остеогенез |
АД |
1:20000 |
Миотониялық дистрофия |
АД |
1:10000 |
Y-типті нейрофиброматоз |
АД |
1:10000 |
Альбинизм |
АР |
1:10000 |
Муковисцидоз |
АР |
1:3500 |
Фенилкетонурия |
АР |
1:12000 |
Гемофилия А |
Х-тіркескен |
1:10000 |
Дюшеннің үдемелі бұлшықет дистрофиясы |
Х-тіркескен |
1:3500 |
Тестикулярлық феминизация |
Х-тіркескен |
1:64000 |
Мартин-Белл синдромы |
Х-тіркескен |
1:1250 |
Аутосомды —доминантты аурулар
Невральдық амиотрофия немесе Шарко-Мари-Тус ауруы (0МІМ:118200; 118220). Ол I-A-типті тұқым қуалайтын моторлы-сенсорлы нейропатия аурулар тобына жатады. Бұл ауру 1886 жылы сипатталған. Қaзipгi кезде тұқым қуалайтын полинейропатиялардың 23 локусы анықталған.
I-A-типті тұқым қуалайтын моторлы - сенсорлы нейропатиялар (НМСН-1А)-нерв талшығының миелин қабықшасының құрылысы мен қызметтерінің бұзылуымен сипатталатын, тұқым қуалайтын гипертрофиялық полинейропатиялар деп аталатын, кең таралған ауру түрлеріне жатады.
НМСН-1А дамуының себептері
РМР22 ақуызының экспрессиялануының кұшеюі нерв талшықтарының миелинденуін бұзады. Шванн жасушалары көпқабатты ықшам миелин қабатын пайда ете алмайды. Себебі олар бip-бipiмeн қабаттасып білік цилиндр айналасына шоғырланады. Бұл, эвдоневралдық дәнекер элементтердің пролиферациясымен қабаттасып, нервтің айтарлықтай жуандануына алып келеді және оның электр импульсін өткізу үдерісін бұзады. Осы бұзылыстар нәтижесінде электрлік импульсация және бұлшықет жиырылуы баяулайды.
Аурудың клиникалық
Иондық арналар аурулары
Соңғы 10 жылда натрий, калий, кальций және хлор иондарының арналарының ақуыз субъединицалары гендерінің мутациясына байланысты адамдардың бip топ аурулары сипатталған. Бұл ауруларды-иондық арналар аурулары (И) деп атайды. Одардың көпшілігі бұлшықет және нейрондар жасушаларының мембраналарының өткізгіштік және қозу тетактерінің (механизм) бұзылуы салдарынан дамитын нерв жүйесінің аутосомды-доминантты аурулары болып табылады.
Бұлшықет мембранасындағы
Иондық араналардың бәрінің құрылысы ұқсас. Олар экстрацеллюлярлық және интрацеллюлярлық 6 трансмембраналық сегменттерден құрылған домендерден тұрады. Әpбip доменнің 4-ші сегменті мембрана потенциалының градиентіне сезімтал оң зарядталған біршама аминқышқылдардан құрылған. Доменнің екінші сындарлы аймағы-5 және 6 сегменттер арасында мембранаға батып орналасқан экстрацеллюлярлық имек болып табылады.
Барлық домендердің
Калий арнасында осындай 1 домен, ал кальций және натрий арналарында 4 домендер транслоказаның біp а-субъединицасын қалыптастырады.
Натрий арнасы 2α және 2β субъединицалардан тұрады. α -Субъединицада қайталанатын 4 домен, әpбip доменде-6 сегмент болады. әpбіp доменнің 4-інші сегменті бұлшықет талшығының мембранасының потенциалы градиентіне сезімтал оң зарядталған бірнеше аминқышқылқылдардан тұрады. Натрий арнасының келесі сындарды аймағы 5 және 6 сегмент арасында орналасқаң иондар арнасының порасын қалыптастыратын, экстрацеллюларлық, учаске болып саналады.
Иондық арналардың кызметінің бұзылуы тұқым қуалайтын аурулардың дамуының ceбeбi болуы мумкін, оны алғаш дәлелдеген 1990 жылы Фонтейн болатын.
Натрий арнасының кызметінің бұзылуы әлсін-әлсін болатын гиперкалиемиялыкқ салдану (паралич), Эйленбергтің туа біткен миотониясы, ацетазол-тәуелді миотония жэне туа біткен миастения т.б. ауруларға алып келеді.
Әлсін-әлсін болатын гиперкалиемиялык, салдану (паралич) (ОМ1М:170500). Бұл ауруды 1956 жылы И.Гамсторп сипаттап жазған. Оның ceбeбi-SCN4A геннің қызметін бұзатын мутация болып табылады. Ген 17 хромосомада -17q23.1-q 25.3 анықталган және натрий арнасының а-субъединицасының ақуызын кодтайды. Бұл ақуыз құрамында 1836 аминқышкылы болады. Мутациялардың негізгі типтері ақуыздың 2-4 домендерінің аномалияларын пайда ететін нүктелі жекелеген нуклеотидтердің алмасуы болып саналады. Аурудың патогенетикалық механизмдері болып каңқа бұлшықеттерінің натрий арнасының активсізденуі нәтижесінде натрий иондарының бұлшықет талшығына қарай ағылуы болып табылады. Қалыпты жағдайда натрий иондары бұлшықет талшығына мембраналық потенциалдың төмендеуі (75 кв), Na+-арнасының ашылуы негізінде енеді.
Натрий иондарының бұлшықет
Мутация нәтижесінде натрий
Ауру патогенезінің кезеңдері мынадай болуы мумкін: жасуша сыртында калий концентрациясының көбеюі -> бұлшықет талшығының мембранасының деполяризациялануы -> натрий арналарының ашылуы→ натрийдың жасуша ішіне, калийдің жасуша сыртына шығарылуының ұзақ уақыт сақталуы→бұлшықет мембранасының деполяризациялануының ұзақ уақыт сақталуы бұлшықет мембранасының электрлік қозғыштығының төмендеуі.
Аурудың алғашқ,ы белгілері 5-20 жаста байқала бастайды және анық байқалатын бұлшықет әлсіздігі мен адинамия ұстамаларының болуымен сипатталады.
Муковисцидоз (кистоздыкқ фиброз) (ОМ1М:219700)
Бұл ауруды 1938 ж. Д.Андерсон сипаттап жазып, «ұйқы безінің кистоздық фиброзы» деп атаған.
Муковисцидоз (MB) таралуы жағынан аутосомды-рецессивті тұқым қуалайтын аурулар тобының ішінде бipiншi орын алады. Оның орташа жиілігі жаңа туылғандардың 1:6000 тең.
MB гені 7 хромосоманың ұзын иініне (7q31.2) орналасқан және 24 экзондардан тұрады. Негізгі мутациялар типі-қысқа делециялар және жеке нуклеотидтердің алмасуы. Ген мутацияларының 50-70% полипептидтің 508 орнындағы фенилаланин аминқышкылының түciп қалуына алып келетін 10-шы экзондағы үш нуклеотидтер делециясына (del F508) байланысты. Қaзipгi кезде MB дамуына алып келетін 800-ге жуық мутациялар аныкталған, аурулардың көпшілігі eкi әртүрлі мутация бойынша компаундтар болып келеді.
Геннің кодтайтын ақуызы — «өткізгіштің муковисцидоздық, трансмембраналық реттеушісі (CFTR), 1480 аминқышқылдарынан тұрады, сыртқы секреция бездерінің апикальдық бөлімдерінде экспрессияланып хлор арнасы ретінде қызмет аткарады.
Аурудың негізгі патогенетикалық тетіктері (механизмдер)-кеңірдектің (бронх), ішектердің ұйкы безінің, аталық бездерінің кілегей бөліп шығаратын бездерінің секреттерінің қою болуы нәтижесінде тығындалып қалуы. Нәтижеде кеңірдектің табиғи жолмен тазару үдерici бұзылады, оларда патогендік флора белсенді көбейіп, қабыну үдерici дамиды. Қабыну өз кезегінде, кеңірдектің (бронх) кілегейлі қабығының iciнуіне алып келіп, бөленеін секреттің әрі қарай қоюлана түсуіне ұласады.
Асқазан-ішек жолдарының бұзылыстарының патогенетикалық тетіктерінде (механизмінде) панкреативтік соктың (өт) су электролит компонентінің өзгерулері, оның қоюлануы және ішек қуысына бөлініп шығуыньң маңызды рөл атқарады. Бұл бip жағынан үлкен дәреттің қалыптасуын және ішек арқылы оның өтуін бұзса, екінші жағынан-ұйқы бeзi ұлпаларының кистоздық өзгерулеріне алып келеді.
Мутация типіне және олардың орналасуына байланысты геннің ақуыз өнімінің қызметі толық не iшінapa бұзылуы мүмкін. Бұл ақуыздың клиникалық симптомдарының және зілділігінің түрліше болуына алып келеді.
Аутосомды-рецессивті аурулар
Жұлын (спинальная) амиотрофиясы (ОМ1М:253300; 253550; 253400).
Бұл, жиілігі жағынан аутосомды-рецессивті аурулардың iшіндe муковисцидоздан кейщ, eкiнші орын алатын ауру.
Бұл ауру нейроналдық апоптоз ингибиторы — геминнің бұзылуы салдарынан дамиды және бұлшықет әлсіздігі, бұлшықет атрофиясы т.б. нейромоторлық бұзылыстармен сипатталады.
Бұл аурудың 3 формасы белгілі: I тип- Вердинг-Гофман ауруы; II тип - созылмалы жұлын (спинальная) амиотрофиясы; III тип-Кугельберг-Веландер ауруы.
I тип - Вердинг-Гофман ауруы - нәрестелерде алғашқы 6 айлығында дамиды және өте қатал, зілді болуымен сипатталады. Ауру белгілері құрсақ ішінде даму кезінде — құрсақ ішіндегі баланың өте баяу қимылдауы (қозғалуы) арқылы байқалады. Туылғаннан кейін бұлшықет гипотониясы, сіңір рефлекстерінің ceмyi т.б. байқалады. Нәрестелер басын ұстай алмайды және аударыла алмайды. Алғаш аяктарының төменгі бұлшықеттері зақымданып, әpi қарай дененің жоғары бөлімдеріне таралады. Тынысалу бұлшықеттерінің (қабырға аралық және көкет) зақымдануы көкірек клеткасының деформациялануына алып келіп, сколиоз және омыртқа жотасының көкірек бел бөлімінің кифозына ұласады. Аурудың дамуы барысында зақымдану кеңірдек және жұткыншаққа таралады. Аурудың туа біткен формаларында нәрестелер жүрек және тыныс алу мүшелерінің қызметінің жетімсіздігі және инфекция салдарынан бip жасқа дейін дүние салады.
II тип - жұлын (спинальная) амиотрофия ауруының созылмалы формасы — 6-18 айдан кейін дамиды және аса бip ауыр болмайды. Нәрестелер алғашқы кездері қалыпты дамиды — басын ұстай алады, отырады, бipaқ өз бетінше жүре алмайды. Бұл формаға — қол-басы, тіл, иық және жамбас белдеулері бұлшықеттерінің дірілдеп тартылуы, омыртқа жотасының деформациялануы т.б. белгілер тән. Сырқаттардың тipшiлiк ұзактыгы 10-12 жыл.
III тип — Кугельберг-Веландер ауруы — 18 айдан 20 жас аралығында дамиды. Жамбас белдеуінің шеткі бұлшықеттері ең алғаш зақымданады. 2-7 жастағы балалар жүрген, жупрген, баспалдақпен көтерілген кездерде қиналады. Қолдың және иық белдеуінің шеткі бұлшықеттерінің зақымдануы ауру белгілері байқалғаннан кейін бірнеше жылдан соң зақымданады.
Осы аурудың 3 типінің гендері 5 хромосомада 5q 12.2-13 анықталған. Аурудың тұкым қуалауы осы хромосоманың инверсияланған аймағындағы 4 геннің мутациясына байланысты .
Адреногенитальдық синдром (АГС) (ОМШ:291910; 202010; 2D2110; 201710)
Бұл аурудың орташа жиілігі жаңа туылған нәрестелердің 1:12000 тең. Бұл ауру патогенезінің нeгiзi болып бүйрек үсті бездің жыныс және стероидтық гормондардың синтезделу тізбегінің (каскад) бip ферментінің белсенділігінің бұзылуы саналады.
Стероидтар
синтезінің бұзылуына алып келетін ферменттердің
тұкым қуалайтын жетімсіздігінің (дефицит)
4 түрі белгілі (21-гидроксилаза, 3-β-
Адреногенитальды синдромның
Сольтерленуші формасы — ферменттің толық жетімсіздігі (дефицит) жэне тұз айналымының бұзылуымен сипатталады. Патологиялық үдеріс ренин-альдостерон жүйесінде байқалады.
Аурудың клиникалық көpiнicтepi нәрестенің туылған күнінен бастап байқалады. Ол - кұсу, шеткі қанайналымның жетіспеушілігі, ұйқышыл болуы, азу т.б. күйлерінде дамиды. Ағзаның сусыздануы нәрестенің шөлдеуіне алып келеді және ол ана емшегін жиі сорады. Биохимиялық зерттеулер — гиперкалиемия, гипонатриемия, ацидоз болатынын көрсетеді.
Жай вирильдеуші формасы - вирилденудің үделеуі, соматикалық. дамудың жеделденуі, бүйрекүсті бездің гормондарды бөліп шығаруының жоғарылауымен сипатталады.
Жаңадан туылған қыз
Элерс-Данло синдромы (ОМ1М:153454)-түрліше жолдармен тұқым қуалайтын дәнекер ұлпаның гетерогенік аурулар тобы. Оның кeйбіp формаларын 1657 жылы Голландия оташысы Д.ван Мекрен сипаттап жазған. Кейінірек Э.Элерс (1901) және Х.АДанло (1908) бұл синдромды толығырақ зерттеген.
Элерс-Данло синдромының ең
Қaзipгi кезде Элерс-Данло синдромының 10 типі анықталған. Олардың 1-4,7,8 типтері аутосомды-доминантты, 6-типi аутосомды-рецессивті, 5,9 типтері Х-тіркескен жолдар арқылы тұқым қуалайды. Бұл синдромның 5-10-шы типтері өте сирек кездеседі, ал 1,4 типтері-өте «зілді», 2-шi типi жеңіл күйде байқалады.
Элерс-Данло синдромының
1 Tepici: өте күшті созылғыш, мақпалдай жұмсақ болуы, сыншыш, жиі қанағулар, қоңыр-қара сепкілдердің (20-дан астам), көптеген тыртықтардың болуы;
2. Буындары: шыншақтың-(5 саусқтың) 90° Kepi кайырылуы, шынтақ буынының, тізе буынының 10°-қа еркін кepi қайырылуы, буындардың жеп-жеңіл тайып шығуы, жалпақ табан;
3. Көздері-птоз, тор қабатының түсіп қалуы, көз алмасының жыртылуы;
4. Құлақтары: өте күшті созылуы;
4. Ticтepi: iшiнapa адентия, артық тістердің болуы, парадантоз, кариес; 6.Аяк-колдары: варрикоздык веналар, жілілншікте тepi асты түйіндердің болуы, жалпақ табан;
8 Журек: аритмия, вегетоқантамырлық (вегетососудистая) дистония, жүрекше-қарынша аралық қалпақша пролапсы;
9. Iшкi мүшелер: асқазан, бүйрек және жатыр птозы;
10. Ми: ми сосудтарының аневризмы, қанқұйылулар. Сонымен, Элерс-Данло синдромында ағзаныц барлық мүшелер жуйесінің бұзылыстары байқалады. Олардың арасынан маңызды диагностикалық белгілері-терінің өте күшті созылғыштығы, тepi асты туйіндердің болуы, буындардың жеңіл кepi қайырылуы, ұлпалардың жеп-жеңіл жарақаттануы, жүрекше-қарынша аралық қалпақщаның пролапсы.
Зат алмасудың тұқым қуалайтын аурулары.
Зат
алмасудың тұқым қуалайтын
Фенилкетонурия (ФКУ) (ОМІМ:261600; 261630) - фенилгидроксилаза ферментінің белсенділігінің жеткіліксіз (төмендеуі не мүлдем болмауы) болуы нәтижесінде дамитын ауру. Оны 1934 жылы Феллинг алғаш рет сипаттап жазып, оның тұқым қуалайтындынын көрсеткен. Кейін Пенроуз бұл аурудың аутосомды-рецессивті тұкым қуалайтындығын анықтаған. ФКУ орташа жиілігі - жаңа туылғандардың 1:10000 тең. Фенилгидроксилаза ферментін (ФАГ) кодтайтын ген 12 хромосомада (12q22-q24.2) орналасқан. Геннің негізгі мутациялары - 7,9 және 12-ші экзондарындағы жеке нуклеотидтердің алмасулары. Ресей және Шығыс Еуропа елдерінде жиі кездесетін мутация 12-ші экзондағы аргининнің триптофанмен „ алмасуына алып келетін бip нуклеотид алмасуы (R408W) саналады (70%).
ФКУ патогенезінің негізі болып ми және ішкi мүшелер жасушаларына улы әсер ететін фенилаланиннің және оның өнімдерінің -фенилпирожүзім, фенилсірке және фенил сүт қышқылдарының көптеп жинақталуы саналады. Сонымен қатар, фенилаланин алмасуының ақыргы өнiмi - меланиннің жетімсіздігі байқалып, сыркаттардың терісінің, шаштарының, көздерінің, қасаң қабығының пигментациясының (боялуының) төмендеуі орын алады.
Аурудың клиникалық көpiнicтepi дүниеге келгеннен кейін 2-3 аптада дами бастайды. Алғашқы симптомдары — тез қозу (мазасыздық), гиперрефлексия мен бұлшықет гиепртонусы.
Сырқаттардың тер жэне несептерінің иici ерекше, «тышқан» иісіне уұқсас болады. Фенилаланиннің жинақталуы 6 жастан кейін ОНЖ кepi қайтпайтын өзгерістеріне ұласады. ФКУ сырқаттарында ақыл-естерінің кeмicтiгi байқалады.
Пероксисомалық аурулар
Пероксиомалық
аурулар — пероксисомалардың
құрылысының және
Пероксисомалық аурулардың
Перексисома биогенезіне қатынасатын ақуыздарды пероксиндер деп атайды. Қaзipгi кезде олардың 20-дан астамының қызметтері, 9 -ның гендерінің хромосомалардағы орындары анықталған - оларды РЕХ деп атайды.
Пероксисомалық аурулардың ең кең таралған түpi — Цельвегер синдромы. Оның жиілігі жаңа туылғандардың 1:25000-1:50000 аралығында. Бұл синдромның клиникалық симптомдары 1,2,3,5,6 және 12-шi пероксиндер гендерінің мутациялары нэтижесінде дамиды. Олардың барлығы аутосомды — рецессивті жолмен тұқым қуалайды.
Алғашкы симптомдары туыла сала байқалады. Сырқаттарға құрсақ ішілік гипотрофия (салмағының аз болуы), бет және бас сүйегінің дизморфизмі т.б. тән. Ең маңызды симптомдары — бұлшықеттердің гипотониясы, бүйрек поликистозы, бас миының дамуының ақаулықтары.
Балалардың бәрінің психомоторлық дамуы кешігенді, тіршілік ұзактығы қысқарады. Сырқаттардың көпшіліпгі бip жыл iшіндe дүние салады.
Meндельдің заңдарынан тұқым қуалайтын аурулар
Соңға жыддардағы деректер
1) жыныспен пркес тукым куалайтын ауруар;
2) митохондриялык аурулар;
3) геномдык импринтинг аурулары;
4) кайталанатын уш нуклеотидтер экспансиясы салдарьшан дамитын
аурулар.
Х-тіркескен аурулар
Бұл топқа жыныс хромосомалардағы гендердің мутациясы арқылы дамитын аурулар жатқызылады. Олардың көпшілігі Х-тіркескен тип арқылы тұқым қуалайды, ал У-хромосомаларда шамалы ғана гендер болады. Олардың мутациясы аталық жыныс бездің қызметінің бұзылуымен сипатталатын тұқым қуалайтын аурулардың дамуына алып келеді.
Х-тіркескен тұқым қуалайтын аурулар моногендік аурулар сияқты, доминантты және рецессивті тұқым қуалайды. Олардың кейбіреулерін төменде сипаттаймыз.
Дюшенн/Беккердің бұлшықeт дистрофиясы
(OMIM:310200)-ауру екi клиникалық формада
Ауру ceбeбi болып дистрафин геннің мутациялары саналады. Мутациялардың негізгі типі — геннің әртүрлі ұштарындағы- 51 — ұшындағы 6-19 және З'-ұшындағы 40-43 экзондарды камтитын ipi делециялар болып табылады.
Геннің қолдайтын ақуызы - дистрофин цитоқаңқаның
мембраналық ақуыздары -спектрин тобына
жатады және 4 доменнан тұрады. Дистро-финнің
негізп қызметі — бұлшықеттің жирылуы
кезінде бұлшықет талшығыньщ мықтылығын
және иілімділігін қамтамасыз ету. Бұл
дистрофиннің құбылыс ерекшелігі және
спецификалыкқ орналасуы негізінде мүмкін
болады. Ақуыз бұлшықет талшығының сарколеммасының
(бұлшықет талшығының мембранасының) астында
өрілген димер күйінде антипараллель
орналасып, N-ұшымен цитоплазмалық актинмен,
ал С— ұшымен мембраналық гликопротеин
кешенімен байланысады. Дистрофин және
онымен байланысқан ақуыздар кешені бұлшықет
цитоқаңқасының ең маңызды элементі болып
экзо және интрацеллюлярлық матрица құрылымдарының
және бұлшықет талшығының мембранасы
арқылы импульстардың өткізілуін қамтамасыз
етеді.
Дистрофин болмаған жағдайларда мембрана бұзылады, онда некроз учаскелері пайда болады. Аурудың дамуы барысында бұлшықет талшығы толық бұзылады және дәнекер ұлпалы құрылымдармен алмастырылады. Бұл олардың көлемінің ұлғайып, қызметтік мүмкіншіліктерінің жойылуына не айтарлықтай төмендеуіне алып келеді.
Аурудың алғашқы белгілері 1-5 жаста байқала бастайды. Сырқаттардың көпшілігінде алғашқы моторлық (қозғалыс) дамуының
кeшігyi орын алады. 14 жастан кейін өз бетінше жүргенде жиі құлап қалу, тез шаршауы байқалады. Аурудың алғашқы сатыларында ақ сіңір рефлекстері жойылады не төмендейді. Паталогиялық үдерістің әpi қарай дамуы нәтижесінде омыртқа жотасының, көкірек жасушасының, табандарының деформациялануы орын алады. Тағы бip белгі — аритмия және жүректің сол жақ қарыншасының гипертрофиясы симптомдары байқалатын кардиомиоиатияның дамуы.
Сырқаттар 10-12 жасқа дейін аз беттерінше жүре алады, әрі қарай мүгедек арбасын пайдаланады.
Тұқым қуалайтын аурулардың емдеу принциптері.
Жақсы
зерттелген аурулар сияқты
Симптаматикалық
және потогенетикалық емдеудің
тұрғыларында қазіргі заманауи
емдеу түрлері қолданылады,
Симптоматикалық емдеу тұқым қуалайтын барлық аурулардың емдеу кезінде қолданылады,егер дәрігер потогенетикалық терапия әдістерімен емдесе де ,оны қолданады.Тұқым қуалаушылық потологиялардың көптеген формалары үшін симптоматикалық емдеу түрі жалғыз әдіс болып табылады.
Дәрігерлік терапия әр алуан және тұқым қуалайтын аурулардың түріне тәуелді болды.Соны ең бірі: бұрыннан қолданып жүрген симптоматикалық терапия-колхоцинді агриасты артритке қолдану болып саналады.Осы емдеу түрін сонау онтик дәуіріндегі ежелгі гректер пйдалана білген. Осы емдеу түрін сонау антик дәуіріндегі ежелгі гректер пайдалана білген. Симптоматикалық емдеудің басқа мысалдарына мигреньнің тұқым қуалаушылық формаларда анальгетиктердің қолданалуы, тұқым қуалайтын аурулардың белгілердің пайда болу кезінде спецификалық транквилизаторлардың қолдану және т.б. жатады. Осы терапия бөлімінің дамуы фармакологияның қарқынды дамуымен тікелей байланысты. Сонымен бірге патогенездің шешелуі аурудың симптомдарының пайда болу себептерін түсінуге мүмкіндік береді. Осы негізде симптомдардың дәрілік коррекциясын жасауға болады, бірақ біріншілік патогендік терапияны жасауға әлі мүмкін емес. Мысал ретінде муковисцидоздың көпкомпонентті симптоматикалық емдеудің жалпы схемасын келтіруге болады.

- Адамдардың өзара әрекеті мен қарым-қатынасының әлеуметтік психологиялық заңдылықтары
- Адамдардың өзара әрекеті мен қарым-қатынасының әлеуметтік психологиялық заңдылықтары
- Адамдардың тірек –қимыл жүйесінің сипатамасы
- Адам денесінің өлшем мінездемесі
- Адам денсаулығы
- Адам денсаулығы және қоршаған орта
- Адам денсаулығы және қоршаған орта
- Адамға құқық не үшін қажет
- Адам даму индексі
- Адам даму индикаторы АДИ
- Адам даму индикаторы АДИ
- Адамдар арасындағы қарым қатынас психологиясы
- Адамдар арасында тиімді қарым-қатынас жасау механизмдері
- Адамдарда жиі кездесетін аллергиялық және аутоиммундық ауруларының этиологиясы және патогенезі