Аль-Фараби
Әбу Насыр Әл-Фараби
(870-950)
Әбу Насыр Әл-Фараби
Әбу Насыр Әл-Фараби
(араб.: أبو نصر محمد الفارابي ) Әбу
Насыр Мұхаммад ибн Тархан ибн
Узлағ әл-Фараби (870 - 950 ж. ш.) - әлемге
әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик,
физик, астроном, ботаник, лингвист, логика,
музыка зерттеушісі. Абайдың Фараби
еңбектерімен таныстығы жөнінде
нақтылы мәліметтер жоқ. Дегенмен Сағдидық:
«... философияға, даналыққа зор мән
берген Абай әл-Фараби, ибн Синалармен
таныс болуымен бірге осы ғақпиялар
кітаптарынан да мағлұматы бар еді»
(Абайдың республикалық әдеби-
Адамзат тарихында
ғылыми ойдың үздіксіз даму барысында
«өзін танымақтың» немесе «жан қуаты»
туралы ойлардың қалыптасу жолдарын
танып білу күрделі мәселеге айналып,
бастан-аяқ қарама-қарсы
Фараби «Ізгі
қала тұрғындарының көзқарастары туралы
трактат» атты еңбегінде адамның
өзін танымақтығы жөнінде айтылатын
ойларын«өсімдік жаны», «хайуан
жаны», «адам жаны» деп жүйелейді.
Адам жанына (интеллект), оның ішкі және
сыртқы сезім мүшелеріне (хауас) талдау
бергенде жүрекке үнемі шешуші мән
беріп, ерекше даралай көрсетіп отырады.
Жалпы жан қуаты жөніндегі
танымға булай қарау мешаиын (перепатетиктер)
мектебіндегілерге тән құбылыс.
Бұл жөнінде Фараби мен Абайдың
ой қорытулары сабақтас, өзара іліктес
келеді. Фараби «Жүрек - басты мүше,
мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі
билемейді. Бұдан кейін ми келеді.
Бұл да басты мүше, бірақ, мұның
үстемдігі бірінші емес» (әл - Фараби.
Философиялық трактаттар. -А. , 1973, 289-6.),
- деп, жүрекке шешуші мән бере қараса,
Абай да: «Сен үшеуіңнің басыңды
қоспақ менің ісім депті. Бірақ, сонда
билеуші жүрек болса жарайды»
деген тұжырымға келеді. Бұдан
екі улы ойшылдың да жүрек жөніндегі
танымдарының негізі бір екені, тек
баяндау түрі басқаша берілгені
көрінеді. Ақын Фараби ұйғарысындай жүрекке
шешуші мән-мағына берумен қатар, оны
ізгілік, рақым, шапағат атаулының
шығар көзі, тұрар мекені деп біледі.
Ойшыл-ақын көп көңіл бөлген мораль
философиясы да осы танымға негізделген.
Абай туындыларының өн бойына таралып
отыратын адамгершілік, имандылық ойларының
бәрі де осы көзқараспен ұштасады.
Ақынның «хауас», «үш құю» (имани
гүл), «жә уан мәрелік», «әділет»,
«шапағат» жайлы ой толғаныстарының
желісі де осы таным шеңберіндегі
ұғымдар. Бұлар Ф-дің жоғарыда аталған
еңбегіндегі адамның жеке басының
ең кемелденген (камили инсани) үлгі-өнегесі
жайлы арналы танымының негізіне
саяды. Осы Фараби дәстүрінің жалғасы
Абайдың«толық адам»жөніндегі ой-пікірінен
айқын сезіледі. Абайда жиі сөз
болатын «толық адам», «жарым адам»,
«адам болу», «инсаниаттың кәмаләттығы»,
«бенделіктің кәмаләттығы», «толық инсаниат»,
«адамшылық», «адамның адамдығы», «адам
болу» т. б. атаулық мәні бар ұғымдар,
сөздер тобы, ол жайлы пікірлердің
шығар көзі Фараби еңбектеріндегі ой
желісінен туындайды. Фараби «Табиғат
ғылымдарының негіздері» (космогония)
жайлы еңбегінде жалпы хакасқа,
әсіресе, оның хауаси хамса заһири деп
аталатын сыртқы сезім мүшелеріне ерекше
назар аударған. Фарабидің қоршаған
орта болмысының сырын тануда басты
орын алатын сезім мүшелері - хауаси
хамса жайлы филос. ұғымдары Абайдың
Жиырма жетінші, Отыз сегізінші қарасөзі
мен «Алла деген сез жеңіл»
өлеңінде сол түпнұсқадағы қалпында
берілген. Ақынның «Жансыз
Фараби заманында
мұсылман қауымының ой санасында
бүкіл болмысты, ондағы сан түрлі
құбылыстың бәрін мүтекәллимиңдік
негізде түсіндіретін жаңа бағыт
қалыптасты. Мүтәкәллиминдердің танымындағы
түбірлі қателігін аяусыз сынаған
Фарабидің сыншыл ойын Абай панисламизм
идеясы қанат жайған тұста одан әрі
дамыта түсті. Ақынның Фараби сынаған
мүтәкәллиминді: «Ақыл мен хауас
барлығын, Білмей дүр жүрек, сезе дүр,
Мүтәкәллимин, мантикин, Бекер босқа
езе дүр..,» - деп, түбегейлі әшкерелеп
терістеуінде терең таным сыры жатыр.
Абай арнайы көтеріп отырған хауас
жайындағы ұғымы ақын шығармаларында
«хауаси хамса заһири», «хауас сәлем»,
«хауас»деген үш түрлі мағына даушы
растады. «Алла деген сөз жеңіл»
өлеңіңде мүтәкәллиминдер мен
Туған жері
Әбу Наср Әл-Фараби Әбу Наср Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870, Отырар қаласы — 950, Сирия, Шам) — ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскербасының отбасында дүниеге келген.
Оқу жолы
Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдад шаһарларында білім алған.
Шығармашылық жолы
Әбу Наср Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, “Әлемнің 2-ұстазы” атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Наср Әл-Фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған). Арабтың атақты ғалым-географы ибн-Хаукал өзінің “Китаб Масалик уә мамалик” атты еңбегінде және 13 ғасырлырда өмір сүрген ибн-Халликан өзінің “Уфиат әл-аиан фи әл-Заман” атты еңбегінде Әбу Наср Әл-Фарабидің арғы аталарының аттары (Тархан, Ұзлақ) таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12 — 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдадқа кетеді. Әбу Наср Әл-Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған болатын. Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Осы кезден бастап Әбу Наср Әл-Фараби араб тілді ғалым болып есептеле бастады.
Қасиетті Құран
Кәрім тек діни қағидалар жинағы
ғана емес, сонымен қатар талай
ілімнің құпия кілтін бойына бүккен
ғаламдық кітап болғандықтан, Әбу
Наср Әл-Фараби бүкіл ислам ғалымдарына
парыз болған — иджтихад (ойлау
қабілетінің шыңына жету үшін беріле
еңбек ету) және муджтахид (иджтихадпен
шұғылданған адамның өз жаңалықтарын
Құран Кәрім мен Хадис Шариф
— парыз-сүннет амалдарына негіздеп
отыруы) жолына түскен. Кеңес өкіметі
тұсында атеистік идеологиканың
ықпалымен әл-Фараби діннен тыс ғалым
ретінде көрсетілді. Әйтсе де оның
ислам бірлігін сақтауға қосқан зор
үлесі туралы мынадай дерек сақталған.
Тегі түркі болып табылатын баһадүр
қолбасшы Мұхаммед Ихшид ибн Тұғыт
Әмір ислам жолын бұзған “қармат”
елін талқандаған соң, Әбу Наср Әл-Фарабимен
кездеседі. Меккеге барар жолды
кесіп “қажылық” жасауға мұрша
бермеген қарматтардың жеңілгеніне
қуанған Әбу Наср Әл-Фараби іштей
“қажылық” етуге ниет етіп, араб
халифының саид-задаларымен
Әбу Наср Әл-Фарабидің
жас кезінен Бағдадқа баруының мынадай
екі сыры бар. Біріншіден, сол кездегі
Бағдад халифатын басқарған Аббас
әулетінің сенімді уәзірлері
негізінен түркістандық Фараб қаласынан
болған. Екіншіден, Бағдад шаһары ғылым
мен өнер жолына бет алған адамдарға
қақпасын кең ашып, барынша жағдай
жасаған. Бағдадта “Баит әл-хакма”
атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең
бай кітапхана болған. Алғашқы
кезде Әбу Наср Әл-Фараби өзін ақын,
әнші, күйші ретінде танытып, одан
соң ежелгі грек ғалымдарының қолжазбаларын
оқу арқылы күрделі ғылыми зерттеулермен
шұғылдануға кіріскен. Фарабидің
алғашқы ұстаздары Иса
Әбу Наср Әл-Фараби
өзінің философия көзқарастарында
басты үш бағыт анық аңғарылады:
ол дүниенің мәңгілігін мойындады, танымның
болмысқа тәуелділігін растады, ақыл-парасат
туралы ілімді саралады. Мәңгілік пен
тәуелділік бастауларын құдіретті
Алладан, аспан әлеміндегі құбылыстардың
мәнінен, ақыл-парасаттан, адамның жан-дүниесінен,
түр мен материя арақатынасынан
іздеді. Аристотель қағидаларынан өз
дүниетанымына жақындарын қабылдады
және оны осы тұрғыдан түсіндірді.
Әбу Наср Әл-Фарабидің философиялық
көзқарасын тарихи жағдайда, оның өз дәуірімен
байланысты қарағанда ғана терең
түсінуге болады. Орта ғасырларда философиялық
ойдың дамуы діни ілім негіздеріне
сүйенді. Демек, Әбу Наср Әл-Фарабидің
философиялық ілімін де өз кезеңінің
діни түсініктері тұрғысынан қарастырған
лазым. Бірақ ол бұл түсініктерді
философиялық тұрғыдан дамытты. Ол, әсіресе,
“Аспан астындағы дүние” ілімінен
неғұрлым айқын көрінеді. Бұл Аристотельдің
жасампаз ақыл жөніндегі көзқарасын
әрі қарай дамыту еді. Жасампаз ақыл
— тек “аспан астындағы дүниенің”
қозғалыс себебі ғана емес, өз алдына логос.
Осы дүниенің заңдылығы — жер
бетіндегі дүниеге іштей тән
ақыл. Жеке адамның ақылы әлемдік
санамен ұштасса ғана дамиды. Соңғысы,
яғни әлемдік сана — мәңгі. Адам
болса дүние салады, өткінші. Осыдан
барып жанның мәңгі екенін және басқа
жаққа ұшып кетуін бекерге шығару
туады, мұның өзі діни қағидалар
мен философияның арасындағы күреске
тиек болған тезис еді. Ұлы ойшыл
философияға үлкен мән берді,
оған көп үміт артты. Ол философияны
қоғамды оятатын зерде, парасат
шамшырағы, халықты әділетті қоғамға
жеткізетін негізгі бағыт, ұрпақтар
арасындағы рухани-мәдени сабақтастықты
ғасырларға жалғастыратын құрал, әлеуметтік-этикалар
күрделі мәселелердің шешімін, уақыт
талаптарының жауабын табатын әдіс
деп түсінді. Осы деңгейде дұрыс
ойланып, оңды әрекеттену үшін философияның
9 қағидасын оқып-білу қажеттігін ескертеді.
Мұндағы мақсат — тұтастықты, ақиқатты,
ізгілікті, жаңа игілік көздерін іздестіру,
соған қол жеткізу. Философ адамды
өз болмысын өзі танып білуге тәрбиелеу
ісіне үлкен мән берді. Бұл
мәселені логикалық, этикалық, педогогикалық,
тілдік тұрғыдан кеңінен саралап, бұларды
бір-бірімен өзара
Әль-Фараби сезім мен ойлау, тәрбие мен іс-әрекет жүйесін жетілдіру мәселесіне қайта айналып соғып отырған. Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. Жан-дүниені тәрбиелемей үлкен жетістікке жету жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын түзей алмаған адамның ақиқат ғылымға қолы жетпейді деп ескертеді.
Әбу Наср Әл-Фараби ілімі шығыс ойшылдарына, аристотельдік және жаңа платоншылдық көзқарастарға сүйенеді, оларға жаңа сипат береді. Ол өзінің “Философияны үйрену үшін қажетті шарттар жайлы трактат” атты еңбегінде Аристотелдің философиясын меңгеруге қажет болатын тоғыз шарт жайлы өз пікірлерін ортаға салып, бұл туралы былай дейді:
Бірінші шарт — философиялық ағымдарды тану (аты-жөнін білу) жеті нәрседен тұрады:
философиялық бағытқа (ағымға) бас болған ұстаздың аты-жөні;
оның шыққан қаласы;
философияға мекен (медресе)
философиялық ағымды тудырған басты себеп;
философиялық талдауға түскен мәселелер;
философияның алға қойған
философияның практикалық мәні, нәтижесі.
Оның пікірінше, тұңғыш рет философиялық бағыттың алғаш негізін салушы — грек философы Пифагор, яғни пифагоршылар мектебі. Бұл жерде Фараби ежелгі Грециядағы негізгі ғылыми философиялық мектептерге шолу жасап, өз пікірлерін ортаға салады.
Екінші шарт — өткендегі ірі философтардың еңбектеріндегі негізгі ойларын, мақсаттарын тану. Мұнда Фараби ежелгі гректерден қалған логикалық шығармалардың яғни, формальдық дәлел (логика); силлогизм; аналитикалық мазмұн мен оқу ретін қысқаша айтып өтеді.
Үшінші шарт — философ болу үшін қажетті ғылымдарды тани білу.
Төртінші шарт — философия ғылымын үйретудегі мақсатты түсіну. Философия ғылымын үйренуде оның күттіретін мақсатын тану. Ол мақсат — жаратқан иені тану. Ол өзі ауыспайтын, өзгермейтін жалғыз зат. Бүкіл дүниені, барлық нәрселерді барлыққа, болмысқа шығарған жаратушы. Жомарттылығымен, хикметімен, әділеттілігімен осы әлемге тәртіп беруші Алла-тағаланы тану. Барлық философ ғалымдардың істеген еңбектері өздерінің шамасынша сол жаратқанға ұқсап бағу. Әрине, бұл жерде біз Әбу Насыр әл-Фарабидің өз заманының перзенті болғандығын дұрыс түсінуіміз қажет, өйткені заман талабын аттап өте алмау қай кезде болсын тарихи табиғи нәрсе.
Бесенші шарт—
Философия ғылымына кірісудің төте
жолын тану. Бұл жерде Фараби білім,
ғылымға жетудің ең бір дұрыс
жолы аянбай еңбек ету дейді. Сонымен
қатар философияны тек
Алтыншы шарт — Аристотель еңбектеріндегі қолданылған ғылыми ұғымдарды талдай білу.
Жетінші
шарт — Аристотельдің өзінің
еңбектерін оқыған адамнан
Сегізінші
шарт — философ адамның
Тоғызыншы
шарт — Аристотель ілімін
Аристотельдің “Никомахтың
этикасында” (1-кітап, §1) келтірілген
схемасын негізге ала отырып, әл-Фараби
философияны теориялық және практикалық
деп екіге бөледі. Теориялық философия
өзгермейтін, өткінші емес заттарды,
практикалық философия
Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды.
Әбу Наср Әл-Фарабидің
азаматтық, саяси, адам, қоғам жөніндегі
ойлары “Фусул ал-мадани” (“Мемлекеттік
қайраткерлердің нақыл сөздері”
Фараби «Азаматтық саясатта» қоғамды талдауды қаладан бастаса, “Нақыл сөздерде...” ол мұны ең кішкене ұядан, от басынан немесе үйден бастайды. Аристотель сияқты ол үйді бірнеше бөлекке — ері мен әйелі, қожайыны мен қызметшісі, ата-анасы мен баласы, мүлкі және иесі деп бөледі.Үйдің өзіне тән мақсаты болады, бірақ қаланың бір бөлшегі болғандықтан ол қала белгілейтін ортақ мақсатқа қызмет етуге арналады, сөйтіп бұл арада адамның өз басының мүдделерін қоғам мүдделеріне бағындыру туралы пікір айтылады. Бұл жерде Фарабидің қала дегенін мемлекет деп түсіне отырып, оның ойларынан үлкен азаматтық гуманизмнің биік көріністерін табамыз. Мұнда тек жеке басының мүдделері ғана емес, қоғам мүдделерін жоғары санауы үлкен бір азаматтықтың, адамгершіліктің қасиетті көріністері деп білеміз.
Әбу Наср Әл-Фараби адам міндетті түрде адал ниетті болу керек деп есептейді. өйткені жақсы істер істеп, мұның төлеуін күтсе, адам бұл істерін жамандыққа айналдырады. Жетік философ теориялық ғылымдарды да білуге, бұл ғылымдарды басқа ғылымдарда да қолдана білуге тиіс. Платон мен Аристотель нағыз философқа әкімнің міндеттері жүктелуге тиіс деп санады, бірақ Платонның пікірінше философ өзгермейтін ақиқаттарды меңзеп, мемлекетті басқаруды жоғары мақсатқа жетуге бөгет жасайтын ауыртпалық деп есептейді, ал Әбу Наср Әл-Фараби, керісінше, тіршілік істерден бойын аулақ салмайды, қайта адамдардың ақиқатқа жету жолына түсуіне көмектесуге тырысады. Бұл арада ол дін мен философияны салыстырады. Оның пікірінше дін философияға ұқсас: екеуі де жоғары принциптерге, бір заттардың бастамаларына түсінік береді. Бірақ философия дәлелдеуді, дін сенуді керек етеді. Заң шығарушы өте жақсы пайымдаудың арқасында адамның мүдделеріне сай келуге тиіс заңдарды дұрыс жүзеге асыра алады.
Әбу Наср Әл-Фараби
өз заманындағы ғылымның барлық салаларынан,
әсіресе, математика, астрономия, физика,
жаратылыстану ғылымдарынан көп
мұралар қалдырды. “Ғылымдар тізбегі”
деген еңбегінде сол кездегі
ғылымды үлкен-үлкен бес салаға
бөледі: 1) тіл білімі және оның тараулары;
2) логика және оның тараулары; 3) математика
және оның тараулары; 4) физика және оның
тараулары, метафизика және оның тараулары;
5) азаматтық ғылым және оның тараулары,
заң ғылымы және дін ғылымы. Ғалым
бұл ғылымдардың бәрінің пәнін
анықтап, қысқаша мазмұнына тоқталады.
Әбу Наср Әл-Фараби математик ретінде
өзара тығыз байланысты үш салада
еңбек еткен. Олар: 1) математиканың
методол. мәселелері (математикалық
ғылымының пәні, негізгі ұғымдары
мен әдістерінің шығу тегі), 2) математикалық
жаратылыстану, 3) математиканың кейбір
нақты тарауларын жасауға қатысуы.
Әбу Наср Әл-Фараби математиканы жеті
тарауға бөледі (арифметика, геометрия,
оптика, астрономия, музыка, статика, механика
— әдіс айла жөніндегі ғылым). Ол
— алгебраны математиканың
Жаратылыстану саласында
жазған трактаттары да, бұл салаға
қосқан жаңалықтары да қыруар. Физикалық
құбылыстарды талдайтын еңбегі оннан
асады. Оның таразы туралы, механизмдер
туралы, оптика мен бос кеңістік
(вакуум) туралы көптеген құнды тұжырымдары
әлемге әйгілі. Ол механикаға математика
мен геометрия әдістерін жан-
Әбу Наср Әл-Фараби ежелгі гректің ұлы астрономы Клавдий Птоломейдің еңбектерін түсіндіре, кемелдендіре отырып, өз тарапынан да теориялық (математикалық), практикалық мәні зор қорытындылар жасап, соны идеялар, пікірлер айтады. Мысалы, ол тарихта тұңғыш ре Шолпан планетасының Күннің бетін басып өтуін бақылайды, “Астрологиялық болжамдарда не дұрыс, не теріс” деп аталатын трактатында ғұлама ғылыми астрономияны, жұлдыздардың орны, түр-түсі, қозғалысы т.б. көрінерлік қасиеттеріне сүйеніп, жер бетіндегі оқиғалардың, адам өмірінің болашағын алдын-ала болжауға болады дейтін дүдәмал, күмәнді ғылымсымақты астрологиядан бөліп қарайды.
Ғұламаның ғылыми-философиялық еңбектерін байыптап қайта қарау барысында оның педагогика тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі болғандығын көреміз. Ол — шығыс елдерінде тұңғыш сындарлы педагогикалық жүйе жасаған ағартушы оқымысты.
Жас ұрпақтың сана-сезімін қалыптастыру үшін үш нәрсенің ерекшелігін жүйелеп, дәйектеп алу шарт:
Баланың ішкі ынта-ықыласы, құмарлығы;
Ұстаздың шеберлігі, ар тазалығы;
Сабақ процесінің алатын орны.
Ғалым дене тәрбиесі мен адамгершілік тәрбиесінің ұқсастығына, оның бір-біріне тигізетін әсеріне ерекше мән берді.
Әбу Наср Әл-Фараби. өзінің “Риторика”, “Поэзия өнері туралы”, “Бақытқа жол сілтеу” туралы трактаттарында этикалық, эстетикалық мәселелерге көңіл бөліп, көркемдік, сұлулық, бақыт, мейірбандық білім категорияларының бетін ашып, солардың негізін дәлелдеп берді.
Этиканы ол, ең алдымен,
жақсылық пен жамандықты ажыратуға
мүмкіндік беретін ғылым деп
қарады. Сондықтан оның этика жөніндегі
тұжрымыдамаларында жақсылық, мейірбандық
категориясы басты орын алады. Ғұламаның
этикалық ойларынан терең гуманизмнің
лебі еседі, ол [адам] баласын жаратылыстың,
бүкіл жан иесі атаулының биік
шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу,
қастерлеу керек деп түсінеді.
Фараби жасаған қортындының басты
түйіні — білім, мейірбандық, сұлулық
үшеуінің бірлігінде. Фарабидің гуманистік
идеялары әлемге кең тарады. Ол ақыл-ой
мен білімнің биік мәнін дәріптеді.
Фараби көркемдік, сұлулық хақында
былай дейді: ол өмір шындығының өзіне
тән қасиеті, болмыстың, нақты құбылыстардың,
әлеуметтік өмірдің көкейдегі елесі.
Көркемдік — тән мен жан
қасиеттерінің сұлулығын
Этика
Медицина
Медицинаға қосқан үлесі
Орта ғасырдағы медицина мен философияның дамуына "Медицина каноны" атты және басқа да еңбектерімен сүбелі үлес қосты. Ғылыми бағыттардың жіктелуіне арналған "Бесінші трактатында" адам тіршілігіндегі мидың маңызы туралы баяндай келіп, мида жүйке орталықтары мен сезімтал және козғалтқыш жүйкелер болатындығы туралы пиар айтады.[8]
Әбу Насыр әл-Фараби - Аристотельден кейінгі ойшыл, кемеңгер философ. Ертеде және орта ғасыр да философиялық және медициналық білім бірімен-бірі тығыз байланысты болған. Әл-Фарабидің медицина ғылымдарының теориялық мәселелерін терең білгендігі оның еңбектерінен белгілі. Әл-Фараби өмір сүрген заманда жаратылыстану ғылымының дамыған саласының бірі медицина болды. Оны сол кезде «емдеу шеберлігі ғылымы» деп атады. Ол «Медицинаның міндеті - тек адам ауруларының себептерін анықтап қоймай, адамның денсаулығын сақтау жолдарын, ауруды жою жағын да зерттейді» - деп көрсеткен. Әл-Фарабидін медицинаға ерекше көңіл бөліп адам ағзасының (организмінің) кейбір тұстарын зерттегенінен мысал келтірейік: «Қайырымды кала» еңбегінде жүрек туралы өте құнды пікірлер айтқан, мысалы, «жүрек - табиғи жылылыктың көзі». Басқа мүшелерге жылылық нақ осыдан тарайды, олар жүректен нәр алады; «жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешкандай мүшесі билемейді» және т. б. Шынында да, жүрек жұмысы өздігінен жүзеге асады. Жүректің соғуын ешкім токтата алмайды. Әл-Фараби тек өз пікірлерін айтып қана қоймай, ұлылардың ұлысы Аристотель, К. Галеннің зерттеулеріне өз көзкарасын білдірген. Әл-Фараби - артына ірілі-ұсақты 150- ге жуық ғылыми еңбек қалдырған данышпан. Жаратылыстануға катысты «Адам ағзасындағы мүшелер», «Жануарлар ағзасындағы мүшелердің күрылысы мен қызметі» және т. б. еңбектер жазған.

- Аль-Фараби
- Аль-Фараби Абу-Наср Ибн Мухаммед (2)
- Аль-Фараби в истории культуры
- Аль – Фараби: Второй Учитель
- Аль-Фараби и его место в истории тюркской культуры
- Аль-фараби философиясы
- Аль-Фараби философиясы
- Альфа-алкоголизм
- Альфа-банк
- Альфа, Бета, Гамма излучения
- Альфа-липоевая кислота
- Аль фараби
- Аль Фараби
- Аль-Фараби