Алаш партиясы мүшелерінің саяси көзқарасы

Алаш партиясы мүшелерінің саяси көзқарасы

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Алаш партиясы: пайда болуы мен өмір сүру кезеңдері
  1. Партияның жетекші өкілдері
  2. «Алаш» партиясының бағдарламасы және оның революциялық            мінездемесі
  1. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қазақ «алты Алаш» деп ежелден қазақ, қырғыз, өзбек, түркімен, башқұрт халықтарын атаған. Бұлардың бәрі де мұсылман халықтар. Сондықтан «Алашорда» феноменін қазақты ұйымдастыру, оны ұлт ретінде өркендету деген ұғымнан да кең қарастыру керек. Алаш лидерлерін үлгі тұтатын, оларды белгілі дәрежеде зерттеп жүрген оқымысты азаматтар олардың тек – тамырын зерттеуді де қолға алса, бұл қазақ мүддесі үшін атқарылған істердің үлкені болар еді. Жалпы Алаш деген сөз қазір бәрімізді бір мақсат жолында топтастыратын ортақ идеяға айналуы керек.

Алашорда үкіметі 1917 - 1919 жылдар аралығында өмір сүреді. Бұл 2 жыл Алаш пен Алашорда үкіметі көсемдері үшін олардың соңынан ерген қазақ халқы үшін қастерлі де қасіретті жол еді. Қастерлісі 1917 - 1919 жылдары бір мезгілде қазақ халқының ұлттық-территориялық тәуелсіз мемлекеті қалыпына келгендей болды.

Алаш партиясы бағдарламасы Құрылтай жиналысына сайлауда «Алаш партиясының ірі табысқа жетуін қамтамасыз етті және 1917 жылғы 5-12 желтоқсанда Орынборда өткен екінші бүкілқазақтық съезде қазақ халқының әртүрлі саяси топтары өкілдерінің басын біріктірді.

Қазақ демократиялық интеллигенциясы қазақ еліне өркениетті қоғамдық даму бағдарламасын ұсына отырып, өздері атқарып отырған істің тарихи мәнін жақсы түсінді. Ә.Бөкейханов 1917 жылдың жазында жазған мақаласында «кейінгі үрім-бұтақ не алғыс, не қарғыс бере жүретін алдымызда зор шарттар бар»,- деп жазды.

 

 

 

 

 

Өткен ХІХ ғасырда патша өкіметі қазақ жерін бөлшектеп дүркін-дүркін әскер-саяси реформалар жасап, бір-тұтас қазақ халқын бір-бірінен әкімшілік территориялық бөлінісіне қарай бөліп жіберді. Қазақ жері Орынбор, Дала, Түркістан генерал - губернаторлығына және Астрахан, Томск, Закаспий болып, бөлініп басқарылды. Осы 1917-1919 жылдары Алашорда үкіметінің көсемдері автономия жариялай отырып әр тұсқа шашырап кеткен қазақ халқының басын біртұтас мемлекетінің туы астына біріктіруге күш салды. Қазақтың жығылған туы қайта көтерліген еді.

1917-1919 жылдары Алашорда үкіметі құрылып, қазақ халқының бір тұтас ұлттық-территориялық  мемлекет болып аз да болса  өмір сүрген тарихи уақыты  болып саналады. ХХ-ғасыр басында  қазақ халқының тарихы өзінің  аса күрделі әлеуметтік және  қоғамдық – саяси қайшылықтарымен  ерекшеленеді. Сонымен қатар, рухани  азаматтық пен демократиялық  – ағартушылық идеялары толы  бұл кезең, халқымыздың небір  алып ой иелерін жарыққа шығарған  шын мәнінде қазақ ренессанасы  дәуірі болды. Жоғары идеялық  азық-ой пікірлер мен көкей  кесті тұжырымдар заман сахнасына  көтерілді. Атап айтқанда олар: ұлттық  тәуелсіздік, өзін-өзі басқару, құқықтың  мемлекет принциптерін қазақ  қоғамына енгізу, тілді дамыту, әдеттік  талаптарын бұлжытпай орындау  сияқты биік мұрат, мақсаттар  тұрады.

Қарастырып отырған күрделі кезеңде қоғамдық осындай ізгілікті даму бағытын армандаған, өз елін ерекше танытам деген ұлтжанды қайраткерлеріміз Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Ермеков    Ж. Ақбаевтар ұлтының нағыз жанашырлары болды. Өкінішке орай Кеңес үкіметі қазақ елінің Алашорда үкіметіне оның белгілі қайраткерлеріне байланысты іс жүзінде ұлы державалық саясат ұстанып өзінің бар идеологиялық күш қуатын пайдалана отырып, ұлттық сананың терең тоқырауға ұшырауына қол жеткізді, елдің өркениетіне үлкен кедергі жасады.

Бұл саясат алдымнан қазақ қайраткерлерінің атқарған іс-әрекеттеріне, олардың халық жадында сақталған жақсы атына қарсы бағытталды. Тарихтың екінші рет қайталанбайтын мұндай кезеңдері халық санасына әдейілеп өшірілді. Ұлттық қозғалыстар және жеке тұлға туралы тарихи шындықты әйгілейтін деректерді жойып жіберу немесе архивты құпия қорларында жасыру сияқты әрекеттерге барды.

«Алаш» партиясы жайында ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас болды. Біреулері (В.Григорьев, П.пахмурный, А.Сармурзин) бұрынға коммунистік идеологияның тұрғысынан оны «буржуазиялық – ұлтшыл» партия ретінде қарайды. Екіншілері (М.Қозыбаев, М.Қойгелдиев) оны ұлттық – демократиялық партия деп санайды. Шынында да, алаштықтар капитализмді құру немесе тек таза ұлттық мемлекетті орнатуды өздеріне бағдарламалық мұрат етіп қойған жоқ. Олар саяси еркіндікті аңсады, өркениетті адамгершілікті қоғам құрғылары келді. Бұл буржуазиялық – ұлтшылдық емес, жалпы демократиялық мақсатқа жатады.

Әлихан Бөкейханов бастаған Алашорда үкіметінің тар таптық мүддеден гөрі жалпы адамзаттық қасиеттерге ден қойғандығы 1916 жылғы көтеріліс нәтижесінде босқынға ұшыраған қырғыз халқына көмек көрсеткенімен, Алашорда үкіметі құрамындағы 25 орынның 10 орнына қазақ жеріндегі басқа ұлт өкілдеріне қалдырғанын, Түркістан өлкесіндегі ұлт-азаттық күштермен бірігіп, Түркістандағы Кеңестік билікті империялық ұлттық үстемдік құралына айналдырғысы келген жаңа билікке қарсы Қоқан автономиясын жариялауынан айқын көрінеді.

Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі бағдарламасы белгілі дәрежеде қазақ жұртына большевиктер ұсынған кеңестік даму жолымен бір мезгілде өмірге келген балама өркендеу жолы болатын. Мен бұл арада Алаш интеллигенциясы ұсынған жолды мінсіз, бірден-бір тура дара жол еді деп отырғаным жоқ. Бірақ сол тарихи кезеңде қазақ қоғамын терең дағдарыстан өркениетті даму жолға шығу үшін, тариха тәжірибе көрсетіп бергендей большевиктер ұсынған бағдарламаға қарағанда Алаштық интеллигенция ұсынған жол анағұрлым тиімді және азабы кем еді. Себебі Алаш интеллигенциясы ұсынған балама жол қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін революциялық әдіспен өзгертуде емес, қайта оларды эволюциялық жолмен басқа өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып одан әрі жетілдіруде түсуді көздеді.

Ең негізгісі бұл жолы қазақ еліне өзін-өзі билеуге, сөйтіп ішкі қоғамдық мәселелерін өзі шешуге, өз атамекеніне өзі ие болуға мүмкіндік беретін жол еді. Әрине, мәселенің мұндай деңгейде шешілуі қазақ қоғамы үшін сол даму сатысындағы барлық өзекті мәселелердің біржола түгелдей жойылуы дегенді білдірмейтіні түсінікті. Бірақ шынайы ұлттық бостандық пен ұлттық мемлекеттің орнауы ғана ол үшін өркениетті дамудың алғышарты болатын.

Алаш партиясы бағдарламасының тарихи маңызы зор екенін біз осы күні көріп отырмыз. Алаш бағдарламасы 1917 жылы большивиктер жеңіске жеткен Қазан төңкерісінен кейін жарияланды. Бұл кезде халықты алдап-арбап жеңіске жеткен большевиктер 1917 жылы қарашаның 2-ісінде бүкілроссия халықтарына оның ішінде «Шығыстың барлық мұсылман халықтарына үндеу» жариялайды. Үндеуде езілген ұлттарға өзін-өзі билеу құқығы беріледі деп елді алдады. Алаш басшылары осыған дейін Қазақстанның ең басты, ең өзекті мәселелерін шеше алмаған Уақытша үкіметке сенуден қалса, енді оның орнына келіп, жоғарыда аталған проблемаларды таптық принциптер негізінде шешуге уәде еткен Совет үкіметіне сенімсіздікпен қарады.Тарихтан белгілі, Алашорда үкіметі орнамай тұрып, 1917 жылы 21 – 26 шілдеде, Орынбор қаласында Бірінші жалпы қазақ съезі өтті. Съезге Семей, Торғай, Ақмола, Орал, Сырдария, Жетісу, Ферғана облыстарынан және Бөкей Ордасынан делегаттар қатысты. Съездің күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Олар: мемлекеттік басқару ісі, қазақ облыстарының автономиясы, «Алаш» партиясын құру, сот, дін және әйелдер мәселесі, жергілікті басқару, халыққа білім беру және т.б. Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімдеріне сәйкес Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Елдес Ғұмаров, Е. Тұрмұхамедов, Ғ.Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов дайындаған партия бағдарламасының жобасы он баптан тұрады. Олардың ең маңыздылары мыналар:

І. Мемлекеттік қалпы. Россия демократическая, федеративная республика болу. Демократия мағынасы мемлекетті жұрт билеуі. Федерация мағынасы – құрдас мемлекеттер. Федеративный республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болды. Әр мемлекет өз тізгінін өзі алып жүреді.

Осы бапты қазіргі саяси терминдермен түсіндірсек, Алаш партиясы мемлкеттік құрылыс мәселесіне Россияның терезесі тең (құрдас) мемлекеттердің федеративтік одағы болуын, оған мүше болған әрбір субъект (құрдас мемлекеттер) өзінің егемендік құқы бар (іргесі бөлек) болуымен бірге жалпы федеративтік одақ мүдделерін қорғауда «ынтымағы бір» болуын талап етті.

ІІ. Жергілікті бостандық. Қазақ жүрген облыстардың бәрі байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия федерациясының бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлес болу, реті келсе бірден-ақ өз алдына жеке болу. Алаш партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап жұрт тартқан айту жағына бастайды.

Алаш партиясы бағдарламасының осы бабында екі түбірлі мақсат айқындалған: бірінші – Россия Федеративтік мемлекетінің құрамдас бөлігі болуға тиіс қазақ автономиясы бүкіл қазақ халқы мекендеген жерге иелік етеді және тең құқықты федерация мүшесі ретінде оған нұқсан келген жағдайда Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болып бөлініп шығады. Екінші - өзінің нақтылы саяси қызметінде Алаш партиясы жалпы адамзаттық игіліктерді басшылыққа алып, әділдікке жақ, зорлыққа қарсы болады.

ІІІ. Негізгі. Құқық. Россия республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу. Жиналыс жасауға, қауым ашуға жария сөйлерге, газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік: хұқмет қызметкерлері, иесінен рұқсатсыз һәм кім табалдырығын аттаушылық, сот сұрамай, билік айтылмай, тұтқын қылмаушылық, қылмысты болған адам судья бар жерде 24-сағат ішінде, судьясыз жерде бір жетіден қалмай судьяға тапсырылып жабу. Кісі хатын ашқанға айып, оқығанға жаза болу.

IV. Дін ісі. Дін ісі мемлекет ісінен  бөлек болады. Дін біткенге тең  құқық. Дін жоюға ерік. Кіру-шығу  жағына бостандық. Муфтилік қазақта  өз алдына болады. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер  молдада болу, жесір дауы сотта  қаралады.

V. Билік және сот. Әр жұртқа билік  пен сот тұрмыс ыңғайына қарай  болуы. Би және судья жергілікті  жұрттың тілін білу керек. Аралас  жерде соттың тергеу-тексеруі  мен үкімі жергілікті жұрттың  тілін білу керек. Аралас жерде  соттың тергеуі – тексеруі  мен үкімі жергілікті жұрттың  қай көбінің тілінде айтылуы. Би мен судья орнынан тергеусіз  түспеу. Билік және сот жүзінде  жұрт біткен тең болады; құдайдан  соңғы күшті би мен судья  болып, кімде болса, олардың үкіметіне  мойын ұсынады. Айтылған үкім  тез орнына келуі керек. Зор  жазалы қылмыстар присяжный сотпен  қаралады. Қазақ көп жерде сот  тілі қазақ тілі болады. Присяжный  қазақтан алады. Қырдағы ауыл, болыс  ішінде билік пен сот жұрт  қалаған ереже жолымен атқарылады.

VI. Ел қорғау. Ел қорғау үшін әскер  осы күнгі түрде ұсталмауы  тиіс. Әскерлік жасына жеткен  жастар жерінде үйретіліп, жерінде  қызмет ету керек. Әскер табына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндеттерін қазақ атты милиция түрінде атқару.

VII. Салық мәселесі. Салық мал-ауқат, табысқа қарай, байға-байша, кедейге-кедейше  әділ жолмен таратылуы керек.

VIII.Жұмысшылар. Жұмысшылар закон панасында болуы  керек. Қазақ жерінде завод-фабрика  аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары  да аз. Алаш партиясы жұмысшылар  турасында социал демократтардың  меньшевик табының бағдарламасын  жақтайды.

IX.Ғылым-білім  үйрету. Оқу ордаларының есігі  кімге де болса ашық және  ақылсыз болады. Жұртқа жалпы  оқу жайылуы. Бастауыш мектептерде  ана тілінде оқуы; қазақ өз  тілінде орта мектеп, университет  ашуы; оқу жолы өз алдына автономия  түрінде болуы; үкімет оқу ісіне  кіріспеу; мұғалімдер, профессорлар  өзара сайлау мен қойылуы, ел  ішінде кітапханалар ашылуы керек.

X. Жер мәселесі. Төтенше жиналыс  негізгі заң жасағанда жер  сыбағасы алдымен жергілкті жұртқа  берілсін деуі; қазақ жер сыбағасын  отырған жерлерден алып орналасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеуі, бұрын алынған жерлердің мұжық  отырмағандары қазаққа қайтуы; қазаққа  тиетін жер сыбағасын жергілікті  комитеттер кесуі, сыбаға өлшеу  – норма жерлердің топырағы  мен шаруалық түріне қарай  жасалуы; сыбағадан артылған жер  земство қолында болуы тиіс; Артық  тұрған жерден ел өскенде ауық-ауық  сыбаға кесіліп берілуі. Түркістанда  жермен бірге су сыбағасы да  кесілуі жерді қазақ үйі басына  иленбей ауыл-аймақ туысқан табына  меншіктеп алу, өзара әділдік  жолымен пайдалануы керек. Жер  заңында жер сату деген болмау, әркім өзі пайдалануы керек. Пайдасынан  артық жер сатылмай, земствоға  алыну. Жердің кені, астығы, байлығы  қазынаныкі болып, билігі земство  қолында болу. Аса зор ағаш, өзендер  мемлекеттік болып, аз ағаш және көл байлықтары земство мүлкіне саналуы керек.

Міне, осы Алаш партиясының тарихи бағдарламасының мәтіні осылай еді. Көлемі жағынан шағын, мазмұны жағынан терең осы бағдарлама жобасы 1917 жылғы қараша айының ортасында өткен Құрылтай съезінде өткен сайлауда Алаш партиясының үлкен табысқа жетуін қамтамасыз етті.

Партияның бағдарламасын Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Е. Ғұмаров және тағы басқалар жасады. Бұл бағдарлама жобасы 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарияланды.

«Алаштың» бағдарламасын жазып, ала туын көтерген, Алаш мемлекетін, оның әскерін құрысқан саналы ғұмырының әр минутын халқының азаттығы үшін күреске арнаған ол Қазан қаласында басылып шыққан «Азамат» атты өлеңдер жинағында:

Мен біткен  ойпаң жерге аласа ағаш,

Емеспін жемісі көп тамаша ағаш.

Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі,

Пайдалан шаруаңа, жараса Алаш! – деп саналы өмірін отаршылдаққа қарсы күреске арнап, қазақ қоғамының ең зәру саяси – әлеуметтік мәселелерін көтеріп, ұлттық сананың оянуына аянбай еңбек еткендігі аталған кітапта жан – жақты көрсетілген.

Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт Көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл бағдарлама жайында «Алаш партиясының жетекшілері ұсынған көптеген қағидалар күні бүгінге дейін өз маңызын сақтап отыр. Бұл ұлттық емес, патроттық ұйым, алдына қойған мақсаты, қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, оны осы заманғы шындыққа бейімдеу еді»,- деп өзінің әділ бағасын берді.

Шынында бұлар қоғамның даму дәрежесін, дәстүрлерін мен тұрмыс салтын жаңғартуды мұрат тұтқан либералдық қағидалар еді. Олар дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыру арқылы бұрынғы қазақ қоғамындағы белгілі қайшылықтардан арылатындығына мүмкіндіктер туды және өз халқының гүлденіп-көркеюіне мейлінше қамқор болаламыз деп сенді.

Сондықтан да олардың ұлттық бағдарламасы сол тұста өлкеде тұрған барша халықтың бас біріктіруіне жағдай туғызды. Бір сөзбен айтқанда, олар елді өркендетудің демократиялық баламасын ұсынды, бірақ ол авторитарлық үрдістер салдарынан аспай қалды. Бүгіндер біз Алашорданың сол кездегі маңызды құжаттарын оқып, оның ешқандай да, сепаратистік немесе халыққа қарсы қозғалыс еместігін көреміз. Мұны Алашорда тарихын бұрмалаумен айналысқандар да өте жақсы білді, сондықтан да олар Алашорда үкіметінің материалдарын кеңінен жария еткісі және дұрыс зерттегісі де келмеді. Мысалы 1926 жылы жарық көрген Мартыненконың «Алашорда» атты құжаттар жинағы мен 1935 жылы жарияланған Брайнин мен Шафироның «Алашорда тарихи жөніндегі очерктер» деген зерттеу еңбектерінде Алаш партиясының қызметін өлтіре сынға алынуын нақ осымен түсіндіруге болады. Ал осы кітаптың қосымшасындағы Алашорданың құжаттарының жариялануының өзін Алашорда идеясын ашықтан-ашық насихаттау деп табылды. Бұл, әрине, Кеңестік дәуірдегі идеологтардың халықтан тарихи шындықты жасыру үшін істеген әрекеттер еді.

Қазақ елі 1917 жылғы олар ұсынған жолға түсе алған жоқ. Ал большевиктер партиясы ұсынған даму жолы қазақ елі үшін азабы мол жол болды. Оған дәлел ретінде 1920-1921 жылдардағы аштық пен 1931-1933 жылдардағы Қазақ халқының басына төнген алапат нәубетті айтсақ жеткілікті. Ал 1937-1938 жылдары Қазақ халқының бас көтерер азаматтарының барлығы түгелге жуық зорлықшыл Кеңес билігінің жазақсыз құрбанына айналып кете барды. Ол үшін қазақ демократиялық интеллигенциясының тарих алдында ешқандай кінәсі жоқ. Олар туған елінің бостандығы үшін соңғы деміне шейін күресіп, империялық зорлықтың құрбаны болды.

Біз қазақтар күні - бүгінге дейін кейбіріміз болмаса көбіміз «жатқанға құдай береді деп әлі жатырмыз, әлі қаперсіз ұйқыдамыз». Бұл дегеніңіз қазақ қоғамының әлі ұлттың санасы ояна қойған жоқ деген сөз. Бұл кеңестік идеология улап тастаған құлдық психология құрсауынан шыға алмаушылық. «Кеңестік құдықтан» су ішіп, «совет халқы» деген жасандысемьядан шыққан ұрпақтың енді қоғамды жаңартуға белсенді ат салысуы екі талай. Осы рухани әлсіздікке әл беріп, күш қосатын, қазаққа рух беретін алаш азаматтарының қатары аға ұрпақтың өткендегі тарихымен танысқанда ғана көбейетіндігі ақиқат.

Сол аласапыран кезеңінде ұлттық тәуелсіздік жолында күрескендердің ісі бүгінгі ұрпаққа бізге үлгі. Олар «Алаш» партиясына оның кіндік комитетінің айтқанын екі етпейтін, бұйрығын дәл орындайтын партияның бағдарламасын ұнатып, жөн көрген ондағы мәселелерді іске айналдыруға тырысатын кісі ғана кіреді деген талап қойылған. «Алаш» бағдарламасынан таймайтын, өтірік айтпайтын, шынынан қайтпайтын, жақындық, туысқандыққа бүйрегі бұрмайтын, дүниелікке қызығып сатылмайтын, шыншыл, әділ, тура кісі ғана осы партияға мүше бола алады, - делінген. «Сыртын берсе, іші басқа, тілін берсе жүрегі басқа болатын, сөзіне ісін үйлестірмейтін, «Алаш» жолынан ауып, айтысып – тартысуға жараамйтын, ауырлық келсе бұлт беретін қорқақ, айнымалы мінезі бар кісі «Алаш» партиясына кірмейді.

ХХ – ғасыр басындағы азаттық қозғалыстың жетекшісі Ә. Бөкейханов пен оның төңірегіне топтасқан ұлт зиялылары қазақ халқына бостандық әперуге, тұрмыс жағдайын өзгертуге, өркениет биігіне көтеруге бар ғұмырын арнаған қайраткелер ретінде тарих бетіне алтын әріппен жазылып қалды.

Қорытынды:

Биыл Алаш қозғалысына 96 жыл. 1917 жылдың 5 – 13 желтоқсанында Орынбор қаласында өткен екінші жалпықазақ съезінде Ұлттық кеңес құрылды. Яғни, 1917 жылдың 13 желтоқсаны – қазақтың алғашқы заманауи үкіметінің – Алашорданың дүниеге келген күні. Алашорда үкіметінің құрылып, ХХ ғасырдың басында қазақ даласында автономиялы биліктің болуы ұлт – азаттық қозғалыс тарихында елеулі кезең болып саналады. Ғұмыры ұзақ болмаса да қазақтың тұңғыш үкіметі құрылып, қазақ халқының мемлекеттілікке лайықты ел екендігі дәлелденді. Алаш арыстарының ең басты еңбегі – олар сол қиын уақытта толыққанды саяси партия мен үкімет құрып, өз халқының мүдделерін батыл қорғай алуында.

Яғни, барлығымызға белгілі, жаңадан құрылып жатқан «Алашорда» үкіметі алғашқы сағатынан бастап ұрпақ тәрбиесіне, ұрпақ болашағына зор көңіл бөлген. Жас ұрпақтың туған тіліне деген сауаттылығын арттыру үшін, ана тіліндегі оқулықтарды жасауға кіріскен. Бала тәрбиесіне, оқуына сондай қиын заманда жаңаша бетбұрыс, бұл болашаққа деген сенім еді. Сондықтан қазіргі жастардың міндеті сол ағаларымыздын салған сара жолын жандандырып, артқан үміттерін ақтап, елімізді көрші елдермен терезесі тең етіп ұстап тұру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Алаш – 90 газеті №41
  2. «Алаш үні» 2003 ж. № 1
  3. «Алаш үні» 2003 ж. №4,5,3
  4. «Алаш» журналы №5 (26), 2009
  5. «Қазақстан тарихы» Г.В.Кан, Н.У.Шаяхметов

                                          Алматыкітап бастпасы 2009

  1. «Саясаттану» Д.Жамбылов Алматы «Жеті жарғы» 2005

7. «Айбын». Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011

К.Нұрпейісов, Алаш ақиқаты, Алматы 2010

8. Егемен Қазақстан 2003 ж 16 желтоқсан №326

9. Жас Алаш 1999, 11 қыркүйек № 109

10. Азат 2006, 22 наурыз №11

11. Сарыарқа 1918 ж, 22 январь № 28

12. Қазақстан тарихы 1997, №5 31 бб

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс университеті

Радиотехника және байланыс факультеті

 

 

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

 

 

 

 

 

Саясаттану

Семестрлік жұмыс №1

Тақырыбы: Алаш партиясы мүшелерінің саяси көзқарасы

 

 

 

 

 

                                                Орындаған: Шукенова Ж.Ж.

                      Топ: РЭТк-13-5

                                                                    Сынақ кітапшасының №133226

                                                                Тексерген: доцент Байдильдина С.Х.

 

 

 

 

 

Алматы 2013 жыл


Алаш партиясы мүшелерінің саяси көзқарасы