Алтын Орда. 3
Алтын Орда - 1
Ордада төртеуінен басқа ешкім
жоқ еді. Төрде Батуханның
Осы, Тышқан, яғни 1312 жылы Алтын Орда ханы Тоқтай дүние салған. Сонау Өргеніштен Өзбек пен Құтлық Темір көңіл айта келген. Өзбек ол кезде, қазіргідей толықпаған, сұңғақ бойлы, сымбатты жігіт еді. Әдемі қоңырқай даусымен оқып отырған жаңа үйренген құранын аяқтай бергенінде ол кенет Құтлық Темірдің оқыс қозғалғанын көзі шалып қалды. Сөйткенінше болған жоқ, сол сәтте-ақ Елбасмыш пен екеуінің қарсы алдына, өткір қылыш алып түскен Қадақтың басы топ етті. Басынан айырылған дене кеңсірігінен қан бұрқырай атып, бір орнында тыпырлады да қалды. Ал Өзбектің қарсы алдына түскен Қадақтың буырыл сақалды басы бір сәт оған бірдеме айтқысы келгендей, көзі шарасынан шыға жасаурап, тілі әлде нені былдырлай, еріндері сәл ашылып абылып жатты да, кенет тына берді. Сол мезетте Өзбектің өзінің де оң колы сол жақтағы қынаптағы алдаспанның тұтқасын барып ұстады. Көз ілесердей уақыт өткен жоқ, жүзі ұстарадай қылшылдаған алдаспан жарқ етіп көкке бір көтерілді де, орғи сілтенді. Құран сөзін ұйып тыңдап отырған Елбасмыш Қадақтың басы келіп алдына түскенде шошып кеткен. Есін жиып ол үлгіргенде жоқ, енді өз басы анандай жерге ұшып түс-ті. Бұның да денесі бір орнында тыпырлады да қалды. Өзбек орнынан ұшып түрекеліп, өзіне қарап тасырайып көзін алмай жатқан басынан бөлек, қан-қан денесін алдаспанымен тартып-тартып жіберді.
Бассыз денені тіріліп кетеді деді ме екен, бұнысы несі?
Өлі денені соншалық шапқылайтын әлде Елбасмышта ала алмай жүрген қанды кек, қайтпаған өші бар ма еді.
Жоқ, ондай кегі де, өші де жоқ. Немере аға, інісінің ішінде Өзбекке Елбасмыш ең көңілдес жақыны саналатын.
Елбасмыш пен Қадақтың да қапы калғандары содан еді.
Көңіл айта келген бұл екеуі неге сонша Елбасмыш пен Қадаққа өшікті?
Өзбек құр ғана Елбасмыштың басын алып қойған жоқ қой, неге өлі денесін сонша шапқылады?
Әлде... Әлде бала кезіндегі бір оқиға есіне түсті ме?
Ол кезде Өзбек пен Елбасмыш өлердей дос еді. Бір жылы Мәңке Темірдің ортаншы ұлы Тоқтай мен ең кенжесі Тоғырылша аулы жаз жайлауға бірге шыққан. Онда Тоқтай Алтын Орда ханы емес, Тоғырылшада оған деген күншілдіктің кұсасы болмайтын. Екі ауыл Еділ бойына аралас-кұралас келіп қонған. Түйдей құрдас, бес-алты жасар Елбасмыш пен Өзбек ұйқыдан өзге уақыттарын үнемі бірге өткізген. Асық ойнап алысып, тай мініп жарысып әбден қызыққа батқан. Бұлар әсіресе дұзақ құрып, құс аулап, соларды ұстап әурелеп өлтіруді қызық көретін.
Бір күні екеуінің
құрған дұзағына кәдімгі үй арасында
ұшып жүретін жаман торғай түсті.
Дұзаққа бірінші боп жүгіріп
жеткен Өзбек торғайдың мойнын бұрап
үзіп, басын бір жаққа, денесін
екінші жаққа лақтырып жіберді. Ентіге
жеткен Елбасмыш пен екеуі сонда
өмір бақи естерінен шықпай-тын
Өзбектің бүгінгі қылығы содан ба?
Расыменен бассыз денені тіріліп кетеді деп ойлады ма?
Әлде ана жылғы оқиға есінде ме?
Онда Өзбек
жігіт болып қалған еді. Иран илханы
Газан әскері мен Алтын Орда қосындары
Қап тауының бір шаһары үшін қатты
соғысқан. Қала шетін Алтын Орда
әскері алған еді. Ал шаһар бекіністеріндегі
илхан қолы, іші-сырты демей қамал
бұзатын кұралдарымен үйдей-үйдей
тастарды Алтын Орда шебіне қарсы
атқылап жатқан. Өзбек бес-алты жолдастарымен
қалаға таяу үңгірге кіріп, ас ішіп
сәл көздерінің шырымын алмақ
болған. Үңгір іші кең. Төбесіндегі
ошақ көлеміндей тесіктен аспан көрінеді.
Алтын Орда қосындарнын, алдыңғы
шебі қала бекінісімен жалғасып жатқан
тау деңгейлерінің ара-
Бір жігіт орнынан түрегеліп, бастың жанына барып көріп келді.
Қарасақал Қарабайдың басы екен,- деді ол. Сірә тас иық тұсынан тиген-ау дейміи мойын омыртқасын үзіп жіберіпті. Денесінен айырылған бас ұшып кеткен бойы ана тесік-тен бері қарай құлаған ғой - жігіт жоғарғы жақтағы тесікті көрсетті.- Далиған адыр төбесінен, оймақтай тесікті қалай тапты десеңдерші.- Жазмыш бұйрығы да,- деді Өзбек,- Бұ да қаза болды, бір асқан ер адам еді.
- Ерлігі өз
алдына, тым қара жүрек еді,- деді
бір мосқолдау келген жауынгер,
Сөйткенше болған жоқ, үңгір үстіне дүмп-дүмп етіп түсіп жатқан тастардың дауыстары тағы естілді.
- Қояр емес
қой мыналар,- деді Өзбек.- Сірә...-
Өзбек сөзін айтып үлгірген
де жоқ, қазандай қара тас,
үңгірдің дәл есігінің арғы
жағында жатқан Қарабайдың
Үңгірдегілер аң-таң қалды. Сонау ойлы-қырлы төбе-шатқалдардын қилы, қиғаш арасынан, күз, биіктерден асып кеп мынау қазандай қара тас қалай Қарабайдын басына дәл түсті?
- Япырмай, күнәсі шын көп адам болғаны ма?-деген тандана Өзбек,- Ең болмаса басын жерлейміз бе деп отыр едім, көрдіңдер ме, оны да бұйыртпады ғой...
Сонда қалай, Елбасмышта Қарабайдай күнәлі жан болтаны ма? Қарабайдың басын бөлшектеп, жерлетпеген қаратастай, Өзбектің өзі тағдыр боп кеп оның денесін шапқылады ма?
Иә, иә! Елбасмыштың күнәсі Қарабайдың күнәсінен де артық еді!
Өйткені Елбасмыш әкесі Тоқтайдың тағына отырғысы келді. Алтын Орда ханы болғысы келді.
Жоқ, Елбасмыш алтын таққа отырды да, Алтын Орда ханы болды да. Бас әмір Қадақтың арқасында бұл мұратының бәріне де жеткен. Тек біржолата бүкіл Алтын Орда ханы аталу үшін әкесінің асын беріп болғаннан кейін, Кұрылтай шакырылуы ғана қалған.
Алтын таққа бір ие болған адамға Құрылтай деген не? Достары түгіл қастары да, қорыққандарынан бастарындағы бөріктерін аспанға лақтырып, алақайлап шыға келеді. Ал қорықпайтындары ол Кұрылтайға қатыса алмайды. Бұрын өлтіріледі.
Міне сондықтан да Шынғыстың бөтен ұрпақтары тұрғанда, бұның Алтын Орда ханы аталуы бақ күндестеріне үлкен күнә! Кешірілмес қылмыс!
Сол қылмысқа үкім шығарғалы, әкесіне көңіл айтамыз деп алдап, күні бұрын кісі салып, сонау Өргеніштен Өзбек пен Құтлық Темір келген. Және екеуден екеу емес, көп кол-мен келген. Ол қолдар Ордалы ауылды қоршап сыртта қалған.
Ақ семсер, алмас қылыштың жүзіменен айтылған үкімнен кейін Алтын Орда ханы Өзбек болуға тиісті еді. Құтлық Темір осылай ойлаған. Солай шешілген. Елбасмыш пен Қадақ өлтірілісіменен, сыртқа хабар беріліп, Өргеніш жауынгерлері Алтын Орда сарайын басып алды. Әрине, мұсылман дініндегі Алтын Ордаға жататын ел-жұрт Өзбектің хан болғанын қалады. Соның арқасында үш аптаға жетпей Алтын Орда ханы етіліп ақ кигізге Өзбек көтерілді.
Міне содан бері жиырма жыл өтіпті! Жиырма жыл! Ай-туға оңай! Осы Алтын Орданы көркейтем деп сол жиырма жылдың ішінде Өзбек басынан не кешпеді. Қандай қанды қырғын, ұрыстарға бармады!
Алтын Орда тағына отырғаннан кейін, жеті жыл өткен соң, Жылқы, яғни 1318 жылы еді ғой қалың қолмен Иранға аттанғаны!
Төсек үстінде көйлекшең отырған Өзбек хан кенет тоңып кеткендей дір-дір етті. Кеше Сарай-Беркеден осы Қырымға келген. Жол соғып қалған екен, жастықка басы тиісіменен қатты ұйықтап кеткен. Таң сыз бере бір жаман түс көріп содан шошып ояпған. Қазір төсекте сол көрген түсінен айырыла алмай отырған түрі. Түс дегеннін өзі қайдан шығады екен? Бүгінгі көргені түсі емес, өңі тәрізді. Өмірдің асау толқынында алысып жүріп, мүлдем есінен шығып кеткен өткен кездегі тіршілігі, басынан өткен қанды оқиғалары. Егер бүгінгі көрген үрейі суреттері, түсі болса, мұндай шошынбас еді-ау! Ал түсіне кіргендерінің бәрі өзінің істегендері, өзі төккен қан, өзі жылатқан ел! Әдейі зәресін алғалы түс боп көрініп тұр. Бәрі өңіндегіндей! Егер осының бәрі өзі істемеген, тек түсі ғана болса, көргеніне өзі де сенбес еді. Бірақ бәрі де шындық, болған! Болған! Бәрі де! Жан шошынарлық шындық! Ал сонда осының бәрін неге істеді? Осыншама қанды неге төкті? Тек қанқұмарлығы үшін бе? Жокқ жоқ, бәрі Алтын Орданы көркейту үшін! Соны ұлы мемлекетке айналдыру үшін! Сол үшін де ол Жылқы жылы Иранға аттанған еді ғой.
Міне сынсыған
қол, көк найзаларын күнмен шағылыстырып,
таудан арқырап құлаған өзен тәрізді.
Дешті Қыпшақтың жазық
Солардың алдында Алтын Орданың алтын сапты қара туының астында, тоқпақ жалды торы сәйгүлік мінген, қара торы, қыр мұрын, сымбатты, сұңғақ келген отыз жасар Өзбек хан.
Қандай керемет күндер! Әр жорығына бір жауынгер үш ат мінген қандай байлық!
Ұшы-қиырына көз жетпес сыңсыған қосындар жолдарында кім тұрса да, не тұрса да жоқ етіп жіберетін тасыған долы дариядай.
Солардың алдарында Алтын Орда ханының өзі, Сұлтан Мұхаммед-Өзбек хан!
Еділдің төменгі шенінен шыққан Алтын Орда қосындары Дешті Қыпшақтын, жазық даласынан. Тан, Үзі өзендерінін тоғайлы, орманды жағаларынан, теріскей Кавказдың кырлы, құзды белдерінен өтіп, Дербент шатқалынан бір-ақ шықты. Дербент өзенін бойлай отырып Темір қақпаның түбіне жетті. Бұл таулы өңірді жайлаған мұсылман лезгин халқы Алтын Орда әскерін кұшағын жая қарсы алды. Олар осы Дербент маңын қорғауға қойылған, мықты қаруланған мыңдаған әскері бар Тарамтазу әмірге «Жау келе жатыр» деп еш хабар бермеді. Хабар бермек түгіл, лезгиндер Иран әміріне «бұл жақта бәрі тыныш» ден жалғая айтты. Соның арқасында Дербент бекінісін алғанға дейік бұл араға Алтын Орда әскерінің келгенінен ешкім хабардар болмады. Сондықтан да Өзбек әскері Әзірбайжанның теріскей жағы - Арранды оңай басып алды. Ширван өлкесін аямай шапты. Аз күннің ішінде қалың әскер әрі карай жылжып Кура өзенінің бойына жетіп, теріскей жағасына шатырларын тікті. Өзін ісләм дінінің жалауы санаған Өзбек хан осы жерден Құтлық Темір әмірдің інісі Сарай Құтлықты бас, етіп, бірнеше инақтарын дервиштер ханакасына тәжім етуге жіберді. Сүфи дәстүрімен дервиштер бұларды қарсы алды. Тағамдарын алдына қойып, бастарын иді. Ханака шейхі ісләм дінінің қамкоры Өзбек ханға алла тағаладан ұзақ жыл өмір сұрап, өздерінін арызын айтты. Алтын Орда әскері осы дервиштер ханакасына жататын елдін бірнеше әйелдері мен еркектерін, отыз мыңдай қойын, жиырма мындай қара малын айдап әкеткен екен, соларды қайтарып беруін сұрады. Онымен қатар Алтын Орда әскерлерінін дервиштер ғибадатханаларына, не кейбір үйлеріне кіріп дүние-мүліктерін тонайтынын арыз етті. Мысалға, бір үйдін терезеге ұстаған парча пердесін екі жауынгердін тартып алмақшы болғанын антты.
Сарай Құтлық
әмір шатырына келген соң осының бәрін
Өзбекке баяндады. Мұсылман дервиштеріне
жаны ашыған Алтын Орда ханы қатты
ашуланды. Әскері тонаған малдарын,
дүние-мүліктерін қайтарып беріп, айыбына
шейхке ат басындай күміс жіберді. Дервиш
үйінің терезе пердесіне қызыққан екі
жауынгерін таптырып алып, біреуінің
бірден басын алдырып, екіншісін
дүрелеп, мойнына жолдасының басын
байлап, өзгелерге сабақ болсын деп
бүкіл әскерін аралап шығуға бұйырды.
Ол қосындар шатырларыньң о жақ шетімен
бу жақ шетіне дейін барып келгеннен
кейін бұның да басын кестіріп,
екі айыпкерді бірге көмдірді.
«Кімде-кім шейх мұриттарының малын,
дүние-мүлкін тонайтын, не ұрлайтын болса,
осылай өлтіріледі» деді. Сол күні
оң қанат әскерінің басшысы Құтлық
Темір мен сол қанат әскерінің
басшысы Иса әмірлерге жарлық
жіберілді. Хан жарлығында: «кімде-кім
ісләм дініндегі дервиштердің малмүлкін
тонайтың, не ұрлайтын болса, ондай
адам ұстап алынып, жаза тартуға
шейхтың муриттеріне
Бұл жыл, Иранға
бір ауыр жыл еді. Су тасып, найзағай
ойнап, малға жасыл түскен. Онын үстіне
Иранның батыс жағына кресшілер
тағы тиіп, сұлұдзу руынан шыкқан атақты
әмір Чопанбек солармен соғысып жатқан.
Есен Құтлық, Хусейн әмірлерінін де
бірі ойда, бірі қырда, Құлағу илхандарының
бөтен жауларымен алысуда болатын.
Иранның осы тұстағы илханы, Газаның
немересі Әбусейт Чопанбек пен басқа
әмірлеріне хабар беріп, қалың қолмен
Кура өзенінін. жағасына жеткенінше сол-ақ
болды. Асау ағысты, долы өзен Кураның
бер жағында манғыласы
бағынышты елдердін бәріне бірдей жүрген. Тіпті Алтын Ордаға кірмейтін көршілес мем-лекеттердің көбі оған алым-салык, төлеп түрған. Бір себеп-терде ездерін. бағынышты санаған. Кенбеуге бүлар Алтын Орда қаһарынан корыққан. Осындай себеппен, Ибн-Араб-шахтыц айтуьінша, Өзбек ханныц түсында Өргеиіштсн шық-қан керуен үш айдың ішінде Кырымға жеткен. Жолай ешкім оларга тимеген. Керуенге керек азық-түлік, көліктеріне деген жем, шөпті телеулеріне Өзбек хан сол көйлекшең қалпында дір-дір етіп әлі отыр. Түсті өзінше жорығысы келеді... Бірақ жори алар емес. Барлық әскері шыңырауға кұлап, өзі одан өте алмастай Алтын Ордасының ісі соншалық жаман ба еді? Құтлық Темірдің ку басын мойнына байлап алатындай бұған қандай күн туғалы тұр? Осының бәрі бір жамандыққа көрінді ме?
Ал шынына келсек, Тоқтай ханның ақырғы жылдары мен Өзбек ханнын, тұсы, замандастарының айтуына қарағанда, қой үстіне боз торғай жұмыртқалағандай, Алтын Орданың тыныштыққа бөленген тарихында, ең биік шыңына шағы еді. Жамандықтың, күйреудін көлеңкесі де жоқ, көш пелі елдер құрған мемлекетінің үстінде оймақтай қара бұлт көрінбеген, төбесі айнадай ашық, алтын күнбақыт нұр сәулесін мейлінше төгіп, аспаны көк торғындай үлбіреп тұрған.
Жамандық та, күйреу де соңынан, көп соңынан келген.
Бұл тұстағы
Алтын Орданың жері Қырым мен
Бұлғарды қоса санағанда Үзі өзенінен
былай қарайғы күнгей-шығыс
Жан-жағындағы
мемлекеттермен жер үшін, су үшін та-ласқан
бірен-саран соғыстарына
Алтын Орданың
бай мемлекетке айналу себебі тек
қана оның әскері күштілігінде ғана емес
еді. Мұнда жаңадан қалалар
Қыпшақ даласында
сауда-саттықтың, әсіресе, оның шет
мемлекеттерменен өркендеуіне екі
үлкен себеп болған. Біріншісі. Тоқтай
Алтын Орда ханы болғаннан кейін
Қырымды өзінің сыбайласы Янжы әмірге
ұлыс етумен қатар, Каффа, Судақ қалаларын
Италия шаһары Генуядан келген купецтеріне
Шығыс елдеріменен сауда-саттық
жүргізетін колонияаймақ етуге рұқсат
еткен. Бұл генуялықтар аз уакытта
Қырымды Батыс пен Шығыс
Бұл жолмен Қытайдан
Иранға тек жібек, Үндістаннан Жағропаға
меруерт, маржан, асыл тастар,Ібір-Сібір
мен Орыс жерінен құндыз, түлкі, бұлғын,
ақ тиін терілері ғана жеткізіліп қоймаған,
бұл асыл заттармен қатар Шығыстан
Батысқа олардан да асыл арабтардың
алгебрасы, Фердоу-сидың «Шахнамасы»,
тоғызыншы ғасырда Отрарда
Адам баласының мәдени, рухани дамуларындағы жағрафиялық қатынастардың қасиеттері міне осындай. Ал осы көне Жібек жолы Шыңғыс хан шабуылынан кейін де адам ба-ласының өркендеуіне үлес қоса берген.
Он жеті жыл Құбылай ханның Ордасында қызмет істеген Венеция купеці Марко Поло, осы Жібек жолымен жүріп Шығыс елдеріне жеткен. Марко Полоның «Кітәбі» бойынша Қой, яғни 1247 жылы М. Санудо жасаған дүние жүзілік картаға Грузия, Дербент, Қытай түсірілген. Ал Барыс, яғни 1254 жылы П. Медичи жасаған картада Суматра, Бенгалия бар. Марко Полодан екі жүз жыл кейін өмір сүрген Христофор Колумб Американы ашатын сапарында, Испаниядан шығып Үндістанды іздеп бара жатқанында осы Марко Полоның «Кітәбін» жол нұсқағышы еткен. Осы «кітәп» Азияның теңізбен бітетінін, Иснаниядан шықкан кеме теңіз қуалай жүре берсе Үндістанға жететініп айтып берген, Сол «кітәпті» латын тіліне Пипино аударған. «Кітәп» Христофор Колумбаның өз қолымен қойған жетпіс белгісіменен осы күнге дейін Испаниядағы Севилье қаласындағы Колумбаның өз атындағы музейінде сақтаулы.
Колумбаға сүйеніш болған бұл
карталардың дүние жүзіне
Қытайда - Құбылай, Иранда - Құлағу,
Сарайда - Бату отырған кез,
Жібек жолының көркейген
Ал Жылан, яғни 1353 жылы, күшейіп қалған Осман патшаның ұрпақтары билеп тұрған Түркия Дарденелл билігін өз қолына алды. Осымен байланысты Шығыс елдерінің заттары Қара теңізден әрі өте алмай қалды. Бұнымен қатар Жерорта теңізі арқылы жүріп тұрған Алтын Орда-ның Мысыр мамлюктерімен қарым-қатынасы мүлдем үзілді. Ал ит, яғни 1394 жылы Ақсақ Темір Алтын Орда ханы Тоқтамысты жеңіп Хаджы-Тархан мен Сарай-Беркені күйретті.
Аксақ Темір құр ғана Алтын
Орда астанасын күйреткен жоқ,
бұрынғы кене Жібек жолын
Сонда барып, Испания,
Бірақ бұл керемет кезең біз жазып отырған уақыттан екі жүз жылға таман кейін келді.
Осы көне Жібек
жолымен Шығыс пен Батыс
Ал олардың байығаны - Алтын Орданың
байығаны еді. Әсіресе Өзбек
хан мұсылман сәудегерлерінің
күшейгенін көксеген. Оның бұл
тілегінде тек сәудегерлерден
түсетін алым-салық қана емес,
өз Ордасы - мұсылман Ордасы болғандықтан,
бұл мәселеде мемлекеттік
Мұсылман сәудегерлері кей
Салынып жатқан жаңа қалаларды да керек құрылыс заттарымен, тұрған жұртты дүние-мүлікпен тіпті хан сарайларын фарсы кілемдеріменен, арабы алтын, күміс, қол-өнері заттары мен қытай, үнді шайы, жібек төсек-орындарымен де безендіретін тағы осылар.
Қазір осындай
мұсылманның екі саудагері, ағайынды
Сауыт пен Дәуіт, Өзбек ханның
өтініші бойынша, оның кей жазда
шығатын жайлауы - осы Қырымда
мешіт пен хан сарайын
Өзбек Қырымға сол екі
Таң құланиектеніп қалған екен.
Өзбек түс жоруын таба алмады.
Ол кенет көптен бері ойлап
жүрген ісін аяқтауға бел буды.
Жылқы жылы Иранның солтүстік
жағын тонап қайтқаннан кейін,
Алтын Ордаға әбден өшіккен
Чопанбек, осыдан он екі жыл
бұрын, Тышқан, яғни 1324 жылы қалың
қолменен Дербенттен өтіп
Таң құланиектеніп атып келе
жатыр. Аспанда жұлдыздар да
сирек. Дүниені өгейсінген
Бұл тұрған жері, біздің тұсымызда
Ескі Қырым деп аталатын Қара
теңізге таяу ойлы, қырлы, қырқа
белестің ортасындағы жалпақ
дөңестің үсті еді. Егер
Өзбек хан Қырымға осыдан бір
жеті бұрын келген. Ол кеше
Ордасына Сарай-Беркеге
Ал Алтын Орда ханының Жағропа
елдерімен, әсіресе, Египет
Алтын Орданың өзге
Өзбек және бір қағиданы жақсы
ұқты. Ата-бабаларындай Батысты
Ханның Қырымда аялдауына тағы бір себеп бар еді.
Өзбек Алтын Орда тағына

- Алтын Орда дәуіріндегі Қазақстан
- Алтын Орда дәуіріндегі Қазақстан
- «Алтын Орда» мемлекетінің құрылуы
- «Алтын Орда» мемлекетінің құрылуы
- Алтын орданың құлауы
- Алтын орда хандары
- Алтынсариннің қазақ әдебиеті тарихындағы орны
- Алтын адам
- Алтын адамға² тереңірек үңілсек
- Алтын бұғылар
- Алтын ғасыр (1877-1901)
- Алтын Орда
- Алтын Орда
- Алтын Орда