Антика дәуіріндегі Платон философиясы

  ЖОСПАР

  І. Кіріспе................................................................................................................2

  ІІ. Негізгі бөлім...................................................................... .............................3

  Классикалық  кезеңдегі Платон философиясы............................................. 3

      Платонның идеалды қоғам туралы……………………………………..........4

     Платонның диалектикасы 9

ІІІ. Қорытынды………………………………………………………………....16

 Қолданылған әдебиеттері.................................................................................17 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Б.з.д  Антикалық  қоғамда  бүкіл мәдениет, соның ішінде философия  да өзінің ең биік сатысына  көтеріледі.  Қоғамды  әлеуметтік экономикалық саяси  жағынан  алып  қарағанда,   бұл  уақыт  қала полистердің мүнкіншіліктері таусылып, дағдарысқа   ұшыраған кезі  болғанымен, рухани өмір, керісінше, үлкен шабытта болып ең ұлы туындылар пайда болды. Мұның өзі рухани және материалдық өмір  дамуының  бір бірінен тәуелсіз екендігін дәлелдегендей,  әрине,  салыстырмалы  түрде ғана. Ал философияның өзінің ішкі даму заңдылықтарына  келер болсақ,  натурафилософиялық  кезең  және софистика  ұлы  жүйелерді жасауға  жақсы  мүнкіншіліктерді  тудырды. Сол антикалық философияда үлкен төңкеріс  жасаған ұлы ойшыл Платон.

  Платон Афиналық (б.з.б. 427 – 347) – ежелгі грек философы, Сократтың шәкірті, еуропалық идеализмнің негізін салушы. Платон оның лақап аты (жалпақ, кең), өз есімі – Аристокл. 407 ж. Платонның  әкесі атақты  рудан шыққан,  ол  жас кезінде жақсы білім алады, өлең шығарумен әуестенеді. 20 жасында  Платон Сократпен танысып, оның ең сүйікті шәкіртінің бірі болды.Сөйтіп  ол өзінің өмірін  толығымен  философияға арнайды.Сократ өлгеннен кейін Афинадағы саяси жағдайдың қолайсыздығына байланысты Мегарга кетті. 389 ж. Оңтүстік Италия мен Сицилияға саяхат жасап, онда пифагоршылармен ғылым, философия, діни ілім жайында пікір алысты. Платон Афинада өз мектебі – Платон академиясын негізін қалайды. 367 және 361 ж. Сицилияға екі рет саяхат жасап, өмірінің соңғы жылдарын Афинада өткізді. Осында көптеген еңбектер жазып, дәріс оқыды. Платонның негізгі еңбектері: «Апология» (Сократты қорғау), «Критон» (заңды сыйлау туралы), «Кратил» (тіл туралы), «Федон» (әдептілік туралы), «Мемлекет» (идеялар теориясы), «Теэтет» (білім туралы), «Тимей», «Заңдар», т.б.

Платонның  еңбектерінің ерекшелігі  ол оның  бәрін сұхбат ретінде жазады. Ол әдісті, шамасы, Плптон 8 жыл бойы Сократпен бірге  болған кезде игерген.  Екінші ерекшелігі  сұхбаттың негізгі кейіпкері  Сократ кейіпі арқылы жеткізеді. Сезімнен тұратын шындықты Платон нақты шындық емес, ол тек өмірдің көлеңкесі, шын өмір идеяда деп түсіндірді. Таным дүниені білу емес, еске түсіру деп уағыздады. Идея деген ұғымды алғаш философияға енгізген де - сол. Табиғатта идея тек түр ретінде өмір сүреді. Заттар өз қасиет сипатын сол түрге сәйкестенуі арқылы иемденеді. Идея ол біріншіден мәңгі, ол тумайды да, өлмейді де, өспейді де, кемімейді де; екіншіден, ол біртектес, әр түрлілік тек заттарға тән, олар өнеді, өшеді, - дейді Платон. Сөйтіп, ол идеяны алға тартады. Мемлекетті философтар басқармайынша адам баласы зұлымдықтан арылмайды. Платон жастарды философиямен айналысуға шақырды.

        

Классикалық  кезеңдегі  Платон философиясы

Б.з.д. IV ғасыр Грекия үшін «жоғары классика» дәуірі болып  табылады. Бұл дәуірде антиктік философиялық ойдың айшықтық көрінісін беретін екі философиялық жүйе — Платон және Аристотельдің философиялық жүйелері қалыптасты. Сократтың ең ғұлама шәкірті және Академияның негізін қалаушы Платонның ілімі әр деңгейлі және әр алуан қырларымен ерекшеленеді. Оның шығармашылығында философия мифке қайта оралады. Онда миф логосқа бағынбағанымен, оның қанат жаюына серпін береді. Әр түрлі кезеңдерде оның философиясындағы метафизика мен гносеологияға, діни проблематика мен мистицизмге зор көңіл бөлінсе, қазіргі уақытта платонизмнің мәні ретінде оның ауызша диалектикасына, этикалық-саяси проблематикасына баса назар аударылады. Платон ілімінің шынайы маңызы осы көзқарастардың барлығын жинақтағанда ғана көрінеді.

 Платондық метафизиканың  кең ауқымды ерекшелігі, онда  жаңа шындықтың ашылуымен байланысты, яғни физис философиясында бұрын-соңды  сөз қозғалмаған сезімнен тыс,  физикалықтан тыс кеңістіктің  ашылуымен байланысты болды. Платонның дәл осы жаңалығы философия дамуындағы маңызды кезең болып саналды және батыстық даналықтың дамуындағы материалдылық және материалдылық емес, сезімге тән және сезімнен тыс деген айырмашылықтардың негізін қалады. Осы категориялар түрғысында табиғат пен ғарыш өз алдына заттар түрінде емес, тек олардың құбылысы түрінде ғана көрінеді. Нағыз және нақты болмысқа заттардың мәнін, олардың парадигмасын білдіретін идеялар ғана ие болады.

Платонның көзқарасының  қалыптасуынына зор әсер еткен  Гераклит. Ол оның негізгі тұжырымы « Бәрі де ағым, бітпейтін өзгерісті толық қабылдайды, бірақ ол тек біз өмір сүріп жатқан Дүниеге тән».

Екіншіден , оған Элия мектебінің негізгі қағидалары да зор әсерін тигізді. Ол  қозғалмайтын, мәңгі, Болмыс идеасы.

Үшіншіден , Сократтың моральдық  философиясы, оның негізгі ұғым құндылықтары  -Ақиқат, Ізгілік, Әсемдік.

Төртіншіден , Пифогордың  сандық  философиясынан шығатын  өлшемдік ұғымы.

 

Платонның идеалды  қоғам туралы

 

Платонның философия саласында  жасаңан төңкерісі - оның  «Эйдос» (идея) әлемін  ашқаны.

“Идея” - Платон философиясының басты ұғымы. Өзіне дейінгі физис философиясы субстанцияны  материалдық дүниеден іздегені белгілі. Платонның ойынша бұл жол, яғни физикалық жəне механикалық

себептерді іздеу - ақиқатқа жеткізе алмайды. Ол үшін физикалық немесе феноменалдық кеңістіктен жоғары көтерілу қажет, дүниенің, оның құбылыстарының ақиқат себептерін ақыл арқылы жететін, көрінбейтін,

метафеноменалдық болмыстан, идеялар дүниесінен іздеу керек.

 Платонның бұл ойлары оның жан туралы пікірлерінде жалғасын тапты. Оның пайымдауынша, жан тəннен жоғары, себебі жанның маңызды бөлігін ақыл құрайды. Тəн-дене ыдырап, өлсе де, жан мəңгілік, өмірге қайта-қайта келіп отырады. Платонның мемлекет туралы ойлары да əлі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Платонның пікірінше, мінсіз мемлекет Шындық пен Игілікке негізделіп құрылуы керек, ал бұл қасиеттер философтарға тəн болғандықтан, мінсіз мемлекетті философ басқаруы тиіс. Мемлекет-полисті адам жанының үлкейтілген түрі деп қарастырған ол жанның бөліктерінің мөлшеріне байланысты осы мемлекетте өмір сүретін адамдарды   үш тапқа бөледі.

 

Платонның идеялар әлемі  — бұл сатылы түрде ұйымдастырылған  жүйе. Оның ең жоғарғы шыңында Игіліктің абсолюттік идеясы орналасқан. Физикалық әлем немесе сезіммен қабылданатын ғарыш әлемі мынадай кесте негізінде пайда болады: үлгі (идеалды әлем), көшірме (физикалық әлем) және Жаратушы (демиург) — үлгіге сәйкес көшірменің авторы. Ал идеялар әлемі бар болса,  ол қай жерде екен деген сұрақ заңды түрде пайда болады. Оның орнын Платон  Гиперураняда  ол аспаннан да жоғары роналасқан   дейді. Олай болса,  ол материалдық әлемнен басқа, оны тек ақыл оймен ғана түсінуге болады.            Платон идеялары әлемін белгілі бір жүйе ретінде қарайды. Олай болса, оның төменгі және жоғарғы дәрежеде орналасқан құрамдас бөліктері бар. Жүйенің  ең шыңында  ізгілік  идеясы орналасқан.  Ол  бірліктің көрінісі. Оған қарсы тұрған екінші бастау  ол Диада  шексіз  көптің бастауы, үлкен мән кішкентайдың, шексіз үлкен мен шексіз азды қамтиды.

Осы екі бастаудың қосылысы идея әлемін құрайды. Әрбір идея бір  жағынан шексіз, екінші жағына  шектелген.                                                                          Бірақ  әнгіменнің  ең қиындығы  идея әлемі материалдық Дүниені қалай тудырады? Материалдық емес нәрсе  материалдық  сезімдік өзгеріп жатқан әлемді қалаша дүнеге әкелді?

Платоның ойынша, материя  мәңгілік өзімен өзі өмір сүріп жатқан енжар нәрсе . Оны хаостық жағдайдан  (chaos- тұйғиық, белгісіз, бітімсіз, еш тәртіпсіз деген мағына береді )космасқа, тәртіпке келтірілген Дүниеге әкелген  -Демиург.  Ол  идеалды әлемді үлгі ретінде алып,  материяға бітім беріп бұл дүниені тудырды.

Идея әлемі  парадигма  ол мәңгі,  алғашқы, Демируг та Құдай  ретінде мәңгі , бірақ сезімдік әлем, түпнұсқа емес, жасалңан, көшірмелі  болғаннан кейін  өтпелі, жалған , көлеңке.

Таным теориясына келетін  болсақ, онда оның негізінде анамнез (anamnesis- грек сөзі еске түсіру)жатыр. Адамның жан дүниесіне мәңгілік  оның шыққан тегі  идеялар әлемі. Сондықтан дүниетану жолында біздің жанымыз өзінің идеалды әлемінде болған шағын еске түсіре отырып қана ұғымдарды тудырады. Платон таным мәселесін жанда әуел бастан нақтылық түрінде ұшырасатын ақиқатты ажыратып алу ретінде қарастырады. Бұл ажыратудың тәсілі сократтық майевтика болып табылса, ал «ди-алектика» термині онда жаңа мағынаға ие болады. Ал  сезімдік танымға  келетін болсақ, ондағы білім көбінесе жалған,  өйткені бұл өмірдің өзі өтпелі, тұрақсыз. Сондықтан сезімдік жолмен танылған пікірді Платон докса дейді. 

 Платон өнерді ақиқаттан  ауытқу, риториканы ақиқатты мистификациялау  ретінде қарастырды. Платонның адам  концепциясы дуалистік болғандықтан (жан мен тән), таным тазару  ретінде, ал диалектика бетбұрыс  ретінде қарастырылады. Жанның  мәңгілігі Платон үшін ең маңызды  мәселе болғандықтан метемпсихоз  ұғымы әр-түрлі мифтер түрінде  сипатталады. Платондық дүниетанымның  інжу-маржаны оның бүкіл ой-толғамдарын  қорытындылайтын «Мемлекет» диалогы  болып табылады. Платонның түйіндеуінше, егер саясаткер философқа айналса  (және керісінше), онда Ақиқат  пен Игіліктің жоғары құндылықтарына  негізделген шынайы мемлекет  қалыптастыруға болады. Ал Әділеттілік  бүкіл басқа нәрселер соның  төңірегінде айналатын негізгі  өзек болып табылады. Идеалды  мемлекетті практикалық тұрғыда  қалыптастырудың бірнеше мүмкіндігі  сәтсіз аяқталған соң Платон  өзінің «Саясат» және «Заңдарында»  «барлық нәрсенің өлшемі —  Құдай» деп санайтын адамдардан  құралған нақты мемлекеттің формасын  табуға ұмтылады.

Платонның пікірінше, шын  болмыс – ақылмен ғана білуге болатын  денесіз идеялар әлемі. Оның болмысы  Парменидтікіндей біртұтас емес, керісінше  өздеріне тән идеялары бар рухани көпшілік болмыс. Әр идея өз алдына мәңгі  және өзгермейді, ол өзіне-өзі тән. Идеялардың саны көп, бірақ шексіз емес. Идеялар  бір-біріне тек қарым-қатынаста ғана емес, сонымен бірге бір-біріне бағынышты, басқаша айтқанда, бірнеше түрлі  идеялар бір ортақ идеяға бағыныштықатынастарда  болады. Платон рухани әлемнің жеке идеялары туралы айтқанда, көбінесе «эйдос»  деген ұғымды қолданады. Ежелгі грек тілінде идея да, эйдос та бір-біріне ұқсас мағына береді: түр, пішін, кейіп, тәсіл, т.б. Эйдостар сезімдік заттар үшін бір мезгілде әр түрлі міндет атқарады: 1) себептілік; 2) заттардың жаратылу кескіні үшін үлгі; 3) заттардың түпнегізін бейнелейтін ұғым. Материалдық денелер  өзгермелі, құбылмалы, ал эйдостар мәңгілік. Заттардың өзгермелілігін түсіну үшін бұл екі ұғым аз, сондықтан Платон оларға қосымша тағы бір ұғым –  «хораны» (материя) кіргізді. Хора-материя  – көрінбейтін, түрсіз, еленбейтін өзіне-өзі тең құбылыс. Бірақ ол кез келген түрді қабылдап, пішінделген (түрленген) материя болуға қабілетті.

Платонның материясын танып-білуге болмайды, ол – бейболмыстың бір  түрі. Матери көптүрліліктің, жалқылықтың, заттанудың, өзгерістердің, туу мен  өлімнің, табиғи қажеттіліктің, жамандықтың  және еріксіздіктің қайнар көзі. Материя  мәңгі, ол өмірге идея арқылы келмейді. Платон материяның бұл түрінен физикалық  материя түрін ажыратып қарастырады. Физикалық материя антикалық  көзқарастарда қалыптасқан төрт негіз – от, жер, су, ауа түрінде  өмір сүреді. Сезімдік заттар – заттандырылған идеялар мен материяның туындылары. Материялық денелер өзгермелі: уақытша  дүниеге келіп, қайта жоғалып  жатады.

Платонның ілімі бойынша, идея мен материядан басқа үшінші бастама – әлемдік рух немесе космос рухы шығарм. күштің, қозғалыстың, тіршіліктің, жанның, сананың және таным  процесінің қайнар көзі ретінде идеялар  әлемі мен заттар әлемін байланыстырады. Ол заттарды идеяларға ұқсауға, ал идеяларды  заттарда болуға көндіреді. Осы екі  әлемді біріктіріп, байланыстыру үшін космостық рухтың өзі қарама-қайшылықта болуы керек. Ол қарама-қайшылық үш бөліктен тұрады: біріншісі – өзіне-өзі  тең бөлік (идеялар әлемі), екіншісі – өзгермелі бөлік (материя) және үшіншісі – сол екеуінің қосындысынан тұратын бөлік (сезімдік заттар әлемі). Космосқа рух беретін – демиург. Ол космостың мәңгі бастамасы, себебі және жүйеге келтірушісі. Демиург жаратқан жандар аспанда болған кезінде идеялар  әлемін көріп, танып-біледі; бірақ жерге түсіп, адамдардың денесіне орналасқанда көрген-білгенінің бәрін ұмытып қалады.

Платон таным процессі – жанның ұмытып қалған идеялар  әлемін еске түсіруі деген қорытынды  жасайды. Материялық денелер идеялардың денесі болғандықтан, жан оларды көргенде, ұмытып қалған идеялар әлемі туралы білгені есіне оралады. Жанның осы  жолмен алған білімі нағыз ақиқатқа жатады. Аспан әлемінің үйлесімділігін зерттейтін ғылымдар арқылы алған білім  – ақиқатқа жақын, себебі олар идеялар  әлемі туралы тікелей білім бермесе  де, соған жақындатады. Ал сезімдік денелер туралы күнделікті тәжірибе арқылы алған білім – шындыққа жанаспайды, себебі ол болмыс, иделар әлемі  туралы білім емес, олардың көлеңкесі  туралы алынған білім.

Платонның пікірінше, сезімдік танымның ақиқатты тану жолында ешқандай маңызы жоқ, себебі түйсіктер арқылы алған мәліметтер заттардың өзіндегі құбылыстар туралы білім емес, тек  адамдардың пікірінде ғана қалыптасқан  ұғымдар. Ал заттардың көзге көрінбейтін  шын мәнін тек ақыл-ойдың күші арқылы білуге болады. Сондықтан шын  ақиқатты түсініп білу үшін ақыл-ой заттар әлемінен аластатылып, жанның идеялар  әлемінде көргендерін есіне түсіруге мүмкіндік алуы керек. Бұл жолда  оған эрос көмектеседі, себебі ол адамдарды  шығармашылыққа жетелейтін құдіретті  күш.

Платонның көзқарасы бойынша, идеяны, эростыбасшылыққа алған өмір әдептілік идеясын (игілік, қайырымдылық) жүзеге асырады. Ол тек рухни махаббат негізінде ғана мүмкін. Игілік (қайырымдылық) дегеніміз жанның реттілігі мен  үйлесімділігі. Платонның түсінігінше  игіліктің төрт түрі бар. Олар: жүректілік, данышпандық, естілік және әдептілік. Бұл игіліктер адамдардың бәріне бірдей дарымайды. Осы игіліктердің даруына қарай қоғамдағы әлеуметтік топтарды үш топқа бөлуге болады. Олар: игіліктердің төрт түрінің төртеуі  де дарыған – философтар, бұлар  мемлекетті басқарулары керек, данышпандықтан басқа қалған үш игілік дарығандар – әскербасылар, т.б., ал игіліктің  соңғы екеуі ғана дарығандар –  қолөнершілер, шаруалар, саудагерлер, т.б. Осы әлеуметтік топтардың әрқайсысы  мемлекетке пайдалы және өте қажет. Сондықтан мемлекет өз тарапынан  азаматтарды игілік рухында қалыптастыруға, тәрбиелеуге жағдай жсауы керек. Жетілген мемлекетте аталған үш әлеуметтік топ бір-бірімен жарасып, әрқайсысы  өз ісімен айналысады да, мемлекетте игілік орнайды.    Өзінің жетілген мемлекет идеясын жүзеге асыруға талпынысы сәтсіз аяқталған соң Платон өз шығармаларында «барлық нәрсенің өлшемі – Құдай» деп санайтын адамдардан құралған нақты мемлекет пошымын табуға ұмтылады. Платонның ойынша, адамдар өз қажеттіліктерін жеке дара өтей алмайды. Олар өмір сүру үшін тамақ, киім өндіріп, үй салулары, т.б. жасаулары керек. Біреулері егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылыспен, төртіншілері етікшілікпен, т.с.с. айналысады. Сөйтіп, олардың бәрі бірігіп қана қажеттілігін өтейді. Осы бірігудің арқасында қоғам, мемлекет пайда болады. Мемлекет еркін адамдардың бәріне бірдей әділ қызмет етуі керек.                                                   Платон мемлекеттік құрылысты 5 түрге бөлді: аристократия, тимократия, олигархия, демократия және тирания. Бұлардың ішінде ең жақсысына аристократиялық мемлекеттті жатқызады. Онда ақыл-естілік, парасаттылық билейді. Оның қағидалары адамгершілік, абырой, ар-намыс деп санады.      Платон қоғамдық меншікті қолдап, жеке меншікке қарсы тұрды. Өйткені қоғамдағы кикілжіңдер мен дау-жанжал, қайшылықтарды тудыратын жеке меншік деп санады. Платонның философиясы ежелгі грек дәуіріндегі Пифагордан басталған діни-мистикалық идеяны дамытумен ғана шектелген жоқ. Платон өзіне дейінгі философтардан қажетті, бағалы деген ой-пікірлерді қабылдай білді. Ежелгі грек философиясының көрнекті өкілі ретінде адам туралы мәселеге кеңінен тоқталып, соған байланысты көптеген мәселелер көтерді. Оның философиясындағы үлкен бір жаңалық – адамды биологиялық табиғи, сезімдік заттар дүниесінің немесе атомдардың қосылысы деген дөрекі, тұрпайы анықтамадан бас тартуы. Ол, ең алдымен, адамды қоғамдық өмірдің сан түрлі белестеріне көз жүгірте отырып, тануға ұмтылды. Сондықтан      Платонның ойынша, адам – әрі қоғамдық, әрі парасатты, әрі мемлекеттік азамат. Платон өзінің көптеген шығармаларында, әсіресе, саяси-әлеуметтік мәселелерді қарастырған сұхбаттарында адамның ішкі дүниесін ашумен қатар оның қоғамдық іс-әрекетіне де талдау жасады. Платонның көптеген ой-пікірлері кейінгі философтарға үлкен ықпалын тигізіп, осы күнге дейін өміршеңдігін көрсетіп келеді.

Платон  метафизикалық гнесологиялық этикалық мәселерді әлеуметтік саяси мәселелермен байланыстыра білген. Ол оның Саясаткер Мемлекет  Заңдар  деген еңбектерінде көрсетілген.  Ойшыл  қоғамның  пайда болуын  терең қараған.  Егер  жануарлар өзіне керектінің бәрін тағы табиғатта  дайын  күйінде тауып алса, адамдар  жеке  жеке  өзіне керек қажеттіліктердің көбі еңбек процесінде жасалады, даяр түрінде табиғатта жоқ.сондықтан адамдар қоғам болып өмір сүреді.  Біреуі жер жыртады, екіншісі    бала оқытады, үшіншісі  үй салады  т.с.с.

Жалпы алғанда, Платон  қоғамдағы  адамдарды бірнеше әлеуметтік топтарға бөледі. Төменгі топтарға шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер  т.с.с. тұрады.  Олар қоғамның материалдық қажеттіліктерін   қамтамасыз етеді.               Адам ішкі  және сыртқы жаулардан қорғау  керек,  ол үшін полиске жауынгерлер керек.                                                                                         Мемлекетті басқару өнері өте қиын. Оны әділіттіліктің, ізгіліктің негізінде жүргізу керек. Ал оған даналық керек. Оны жүргізе алатын философтар. Біз философтар, осы уақытқа дейін Платонға өзіміздің  алғысымысты айтамыз. Бірақ философтар елді басқара алмайды; ол үшін олар көп моральдық адамгершілік қасиеттерінен арылуы керек, өйткені саясатта ашық шындық талаптарының оқтын оқтын моральдық нормалар беретін талаптар кеңістігінен шығып кетуіне  әкеледі.

Платонның диалектикасы

Платонның диалектикасы таным  процесін де қамтып кетеді. Айталық, оның ойынша, өрлеу әдісі бар. Ол әдіс бойынша, таным әуелі қарапайым  гипотезалардан, болжамдардан басталып, идеяға дейін, яғни белгілі бір бастамаға  дейін жету керек. ал екіншіден, осы  бастамадан, түрлерден төмен қарай  өту процесі орын алады. Міне, біз  байқап отырғандай алғашқы әдіс (идеяға қарай өрлеу әдісі) – біріктіру, яғни көптеген бытырап бөлек жатқан заттардың басын қосу, солардың бәрін  бір негізге жинақтау. Екінші әдіс (идеядан төмен қарай түсу әдісі) – оларды бөлу деп аталады.

Осы айтылып отырғандардан  болашақтағы индукциялық және дедукциялық, анализ бен синтез әдістері көз алдымызға  елестейді.

Бірақ, Платонның диалектикасы шын мәнісінде әдіс туралы ілім емес. Ол сондай-ақ, таным туралы ілімге де жатпайды. Ендеше, оны логика деп  айтуға да болмайды. Сонда ол не? Егер ол әдіс, таным, логика болмаса, бұл  диалектика нені зерттейді?

Платонның диалектикасы онтологиялық диалектика, яғни ол заттар мен процестердің, сезімдік дүниенің онтологиясын зерттейді. Платонның диалектикасы түсінікті  болуы үшін мынандай мәселелерді  қаралық. Оның ойынша, кім дүниені  таныса, сол іс-қимылмен әрекет етеді. Яғни танылған нәрсе қимылға ұшырады  деген сөз. Ал әрбір қимыл өзгеріс  әкеледі. Әрбір өзгеріс қозғалыс тудырады. Бұл ой қазіргі біздің табиғатты асыра дәріптеп, диалектиканы мойындамай жүрген онтологиялық көзқарастағы кейбір философтарымыздың идеяларымен  сәйкес келетін сияқты.

Бірақ, Платонның осы саяси-әлеуметтік ой-пікрлерінде де жанды, идеяны асыра  дәріптеген, кейде діни мистикаға  ұқсас көзқарастардың кең орын алғанын  ұмытпағанымыз жөн. Осы мистикалық ұлы ойшылдың пікірлерін жете түсінуге бөгет жасап келмедй ме? Ол да болуы мүмкін. Платонның саяси-әлеуметтік көзқарасының оның объективті ойларымен тығыз байланыстылығы өзінен өзі-ақ көрініп тұр. Дегенмен, осы ойлардың ішінде адам мен оны қоршаған орта – мемлекет, қоғам туралы бағалы тұжырымдары да аз емес.

Сондықтан біз адам туралы мәселе көтеріп, оны жете түсінуге ниет білдірген көне грек философы –  Платонның саяси-әлеуметтік көзқарасына  біраз талдау жасағанды жөн көрдік.

Алдымен Платонның мемлекет жөніндегі ойларының аса көңіл  аударарлық құнды екенін атап өткеніміз  дұрыс. Ол мемлекеттердің жетілген, идеалды  және жетілмеген формаларын анықтауға  ұмтылады.

Дегенмен, Платон мемлекеттің  бір формасына ғана ерекше назар  аударды. Оның ойынша, адам баласының  алтын дәуірі артта қалған. Сондықтан  да өзі өмір сүріп отырған заман  оның сынына ұшырады.

Шынында да, көне грек дәуіріндегі  адамдардың ұғымы бойынша уақыт  кері жүріп отыратындықтан, Платон адамзаттың тарихының дамуын болашақтан күтпей, өткенге көп көз салады. Осыған байланысты, оның ойынша, қазіргі  мемлекеттік құрылысқа өткен  заман, әсіресе, мифке, аңызға айналған Хронос басқарған қоғам адамдардың бірге өмір сүрген формасының ең жоғары түрі болып саналады. Ол уақытта  құдайлардың өздері құдіретті бақташылар сияқты жекеленген аймақтарды басқарып отырған. Ал қоғамда өмір сүруге қажеттілердің  барлығы жеткілікті болғандықтан ешбір  соғысқа, жаугершілік пен өзара  жауласушылыққа себеп жоқ еді. Сол  кездегі адамдар тікелей жердің өз перзенті болғандықтан, оларға үй мен  тұрмыс бұйымдарының қажеттігі болмады. Сондықтан олардың бос уақыты мол еді. Адамдар осыған байланысты, көбінесе, философиямен айналысты. Сол  кездегі адамдар табиғатпен аса  жақсы қатынаста болып, оның ауыр зардабына ұшырамады.

Платон осы өзі идеалды  деп есептеген Хроностың басқаруындағы  аңызға айналған қоғамдық құрылысты  неге өз заманына, яғни құлдық демократиялық  дәуірге ұсынбаған деген ой да туады. Платонның өзі-ақ көне замандағы  мифке, аңызға сүйенген Хронос патшалығы  үлгісінің ең жақсы қоғамдық құрылыс  ретінде өз заманына ұсынуға келмейтін  жоба екендігін даналықпен көре білген. Себебі, ең алды мен, адам мен табиғат  арасындағы үйлесімсіздік бұл кезде  өрши түсті; адамдардың, халықтардың  арасында өзара қырқысқан майдан басталды. Сонымен бірге, осы құлдық қоғамның өзінде-ақ шаруашылық қажеттерінің тапшылығына, жанұялық қатынастардың  бүлінуіне байланысты шиеленіскен  қайшылықтар өз шегіне жеткен еді. Платон өзі идеалды, «алтын дәуір» деп отырған замандағы үлгіге қарама-қарсы қоғамдық құрылымның теріс кейпін көрсетіп, оны талдап берді. Ол теріс типті қоғамдық құрылыстағы адамдардың мінез-құлқы мен іс-қимылының негізгі қозғаушы күші – олардың материалдық қажеттілігін өтеуге бағытталған күнделікті күйбең тіршілігінде екенін айқындады. Өзінің «Мемлекет» деген сұхбатының 4-кітабында Платон: «Қандай ғана болмасын мемлекеттің өз ішінде бір-бірімен жалғасқан екі мемлекеті бар: бірі – кедейлердің мемлекеті, екіншісі - байлардікі», - деп атап көрсетті.

Міне, Платонның өзі сол  замандағы мемлекеттің ішкі жағынан  алғанда, бір-бірімен жауласқан, екі әлеуметтік жіктің қарама-қарсылықтарынан тұратынын көрсетіп берген.

Платон әрбір категорияның, ұғымның мәні мен көрінуін бір-бірінен  айыра қарайда. Айталық, әдеміліктің  процесс ретінде мәні мен оның көрінісінің бір-бірінен үлкен  айырмашылығы бар. Платон «Үлкен Гиппий»  деген сұхбатында осы мәселеге ерекше назар аударады. Бұл сұхбатта Сократ (оның көзқарасы, әрине, Платонның ойы  ғой) софист Гиппиймен айтысып қалады. Сократ әуелі «кім көп ақша тапса  – сол данышпан» деп софистерді кекетіп алып «әдемілік» дегеніміз  не?» деп сұрақ қояды. Гиппий түсінбей қалып, «әдемілік дегеніміз әдемі  зат» деп жауап береді. Сократ өзінің ойын софиске былай деп ұғындырады: «Не әдемі деп сұрақ қойып  отырғанымыз жоқ, әдемілік дегеніміз  не?». Бұған Гиппий бірден: «Әдемі –  ол мына әдемі қыз» деп жауап береді. Әуелгі кезде Сократ онымен келісе кеткен ыңғай білдіреді. «Иә, бұл  қыз әдемі» дейді. Одан соң: «Егер  сен нені әдемі десең, сол әдемі  бола кете ме?» деп тағы да сұрақ  қояды.

Бұл жерде Сократ (Платон) софистің субъективтік көзқарасын сынап  отыр. Шынында да, мынау әдемі  екен деген нәрселердің бәрі әдемі  бола бере ме? Егер олай болса, онда әркімнің өзіне ғана тән әдемілік туралы талғамы  болғаны ғой. Талғам жөнінде пікір  әртүрлі. Бұл жерде данышпан қазақ  айтқандай ғой «Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу» деп. Ал мына көзқарас бойынша талғам туралы айтысты қоя  салуға болады. Егер олай болса, субъектиатік, сыңаржақ көзқарастағы софистер дұрыс  ойлап, шындықты ашқан болып шығады.

Айтыстың негізі басқада. Сократ осы айтыста «әдемілік  өзінен өзі ғана өмір сүре ме, егер солай  болса, жаңағы қыз не себептен әдемі?»  деп сұрақ қояды. Ал софист Гиппий болса, «әдемі болғандықтан әдемі» деп  қыздың әдемілігін қарсыласының алдына тарта береді. Сол мысалға қайта-қайта  оралады. Сондықтан Сократ сырт қарағанда  софист Гиппийдің пікірін қолдаған болып, «әдемі бие де әдемі, әдемі құнан да әдемі» деп, пікірін әрі қарай жалғастырады. Мұндай ойға амал жоқ софист Гиппий де келіседі. Ендігі жерде осылардың барлығын салыстыра келіп, Сократ әдемілік жөнінде көне грек философы Гераклиттің идеясын қайталап: «маймылдардың ішінде де ең әдемісі болған. Бірақ, олар адам мен салыстырғанда, өте ұсқынсыз емес пе?» деп Гиппийді тағы да өз ойына көндіреді. Сөйтіп, әдемі деген құнан қызға қарағанда ұсқынсыз, әдемі деген қыз құдаймен салыстырғанда көріксіз болып шығады. Сонымен бір-бірімен салыстыра келіп, барлық заттар әрі көректі, әрі әдемі, әрі көріксіз, әрі ұсқынсыз екені анықиалады. Сонымен әдемілік сезімдік заттар дүниесіне тұрақты түрде тә н емес екен. Өйткені, ондағы әдемілік үнемі өзгеріп, дамып, қалыптасып қана отырады. олай болса, әдемілік заттардан, дүниеден тыс өз алдына бөлек, мәңгі өмір сүретін идеялардан, түрлерден келіп шығады екен. Осы ойда Сократ (Платон) былай деп тұжырымдайды: әдемілік – ыңғайлы, ізгілік жасауға қабілетті процесс. әдемілік – пайдалы нәрсе. Ендеше, әдемілік – ізгіліктің себебі. Сөйтіп, Платон әдемілікті мәнге қарай жақындата түседі. Бұл сұхбаттың ерекшелігі сонда, сайып келгенде, айтысқа қатысып отырған. Сократ та, Гиппий де әдемілікті әлі толық анықтамайды, бірақ оны түсінуге, оның мәнін ашуға жақындап келеді. Дегенмен мынандай сұраққа да жауап қажет: Платонның әдемілікті ізгілікпен және ізгіліктің себебімен ұштастыруын қалай түсінесіз?

Платон бұл жерде жекелеген  заттарда, процестерде, адамда әдемілік ұғымның болмайтынын, ал бола қалса  ол үнемі өзгеріске ұшырап отыратындығын  көрсетіп берді. Сондықтан Платон жекелеген  заттардағы әдемілік негізгі мәнінде  емес екендігін талдап шықты. өзінің негізгі идеясына сүйене отырып, Платон әдемілікті адамның іс-қызметіне, адамгершілік қасиетіне қарай жақындата түсті. Әдемілік ізгілікті болуы керек. яғни ол пайдалы, оның пайдасын жеке адам ғана көріп қоймай, немесе әсемдік  ғана жаратылмай, барлық жандар мен  заттарға өзінің әсерін тигізіп, зор  ықпал етуі керек. Ендеше, әдемілік алдымен идея. Ол сырттан танылатын  идея. Ал идея барлық заттардың негізі, мәні, себебі.

Енді Платон атап көрсеткен  екі дүниенің арасындағы диалектикалық  байланысты (егер ондай байланыс бар  болса) талдауға көшелік. Бұл екі  дүние туралы түсінікті Платон тек  Элей мектебінен алып, оларды өз шығармаларына  көшіре салған жоқ. Дүниені бұлай  екіге бөліп қарауда тегі үлкен  мән бар.

Платонның сезімдік заттар дүниесі мен сезімнен тыс дүниені  қарама-қарсы қоюында, бірін-тіршілік, ал екіншісін – мән деп айыруында  үлкен мағына жатыр. Енді біз осыларға жеке-жеке қысқаша тоқталып өтелік. Ең алдымен, Платонның ойынша, идея – бір жағынан себеп, заттың болмысының, олардың қасиеттері мен қатынасының қайнар көзі, ал екінші жағынан заттар дүниесін тудырушысы және жасаушысы, яғни барлық заттардың жасампаз негізі. Үшіншіден, идеялар – барлық өмір сүретін заттардың ең жоғары игілікке қарай ұмтылатын мақсаты.

Сөйтіп, Платон ең алдымен  әр уақытта және мәңгі өмір сүріп, ешуақытта да қалыптаспайтынды және үнемі қалыптасып, бірақ ешуақытта  да өмір сүрмейтінді бір-бірінен  айыру керек деп атап көрсетеді.

Біз жоғарыда айтқандай, үнемі  көңіл аудартатын және біздің зерттейтін пәніміз сияқты көрінетін әдемі  зат құбылыс емес, шын мәнінде, әдемі болатын, былайша айтқанда, өзіне-өзі болып сәйкес келетін  мін. Платонның айтуынша, сайып келгенде, идея-мән. Ол мән болғандықтан, бір  де бір кездейсоқтыққа, өзгермелі  және салыстырмалы түрде көрінетін  жағдайларға бағынышты емес. Ендеше, Платонның сұхбатында атап көрсеткендей, әдемілік дегеніміз қай уақытта  да әрдайым әдемі болады. Сонымен  идея – мән және өзімен өзі ғана бөлек өмір сүретін барлық заттардың  қатынастары мен әр жақтылығын көрсетіп отыратын жалпылық. Идея – барлық заттар мен процестердің негізі және соны тудырушы. Міне, осы жерде қайдағы  бір заттар мен процестерден тыс  тұрған идеяны көрсете отырып, Платон, шын мәнісінде, өзінің сыңаржақ кеткенін дәлелдемей ме?

Әрине, сырт қарағанда идея бірінші, негізгі заттар мен процестер  соның туындысы деп отырған Платон қателесіп кеткен сияқты. Біздің философиялық әдебиеттердегі материализм мен  идеализм туралы жасалған сұлбаға Плато  сиып кеткендей көрінеді. Ал шындығында, Платонның осы идеясының өзінде де адамзаттың ойын толғандырған, мәдениеттің  алға басуына септігін тигізген көптеген проблемалар бар.

Айталық, қазіргі әдебиет  пен көркемөнердегі, тағы басқа салалардағы  көркем шығармалар үшін идеяның атқаратын  маңызы өте зор. Ең алдымен, қандай ғана шығарма болмасын, негізгі бір  идеяның айналасына барлық оқиғаларды, шиеленіскен қайшылықтарды топтасрыдаы. әрине, мәседе идеяның ақиқаттағында  жатыр. Дегенмен, идея бұл жерде шешуші және негізгі. Олай болса, Платонның  идеяларға көп көңіл бөлуі  философияның кейінгі даму процесіне, жаңа заман мәдениетіне үлкен  әсер етті.

Бірақ, бұл идеялар, Платон айтқандай, заттар мен процестердің сезімдік дүниесінен бөлініп кетпеуі  керек еді ғой деген ой қтнайды. Идеяның материалдық дүниені  айқын суреттей отырып, өзі де сол  процесті жандандырушы рөл атқаратыны белгілі. «Идеялар бұқара халық қабылдаған соң-ақ жеңілмейтін күшке айналады» деген қағидада ақиқат орын алған. Бұл жерде идеяның бұқара халықтың әлеуметтік күні арқылы маңызды рөл атқаратының айқындаймыз. Әрине, идея мен өмірдің тығыз байланыстылығы өзінен-өзі түсінікті. Платонның көзқарасының тар өрістілігі де идеяны асыра дәріптеп, сезімдік заттардан бөліп алуында.

Платонның айтуынша, сезімдік заттар дүниесі идеялар дүниесінен таза бөлініп қалмаған. Ол идеялар  дүниесіне белгілі бір жағдайда қатысты. Алайда, біз тереңірек бұл  мәселеге үңілсек, Платонның идеялар  дүниесі сезімдік заттар дүниесіне  қарама-қарсы қойылмаған. Идеялар  болмыс емес дүниеге, яғни былайша айтқанда, «материяға» қарсы қойылған. Материя  деген Платонның ұғымынша шексіз ұшықиыры жоқ бастама және ол кеңістіктің  жағдайы. Өйткені, кеңістікте көптеген заттар, әсіресе, сезімдік заттар дүниесі  өмір сүреді.

Платон өзінің ойын әрі  қарай жалғастыра келіп, егер даналық  не данышпанға, не наданға қажетсіз болса, оған енді кім ұмтылады деп  сұрақ қояды. Даналыққа ұмтылатын  пен надандықтың, яғни осы екеуінің ортасындағы адам. Эрот сондай жан. Өйткені, даналық дүние жүзіндегі  ең бір ғажап, әрі әдемі игілік екен. Эрот осы әдемілікке қарай  ұмтылады. Ендеше, ол – философ. Ал философ  даналық пен надандықтың ортасынан  орын алады.

Бұл жерде Платон философияның грек тіліндегі баламасын, яғни даналықты  сүю деген ұғымын дәлелдеп отыр. Бірақ, қазіргі замандағы философия  сол көне дәуірдегі даналыққа  ұмтылу мағынасынан алшақ кете бастады. Дегенмен, ойланайық, қазіргі заманда  философияны таза ғылым, не білім  деп кесіп айтуға болмайды. Оны  өз алдына бөлек пәні бар ғылымдардың  қатарына қоса алмайсың. Өйткені, ол мазмұны  мен формасы жағынан барлық ғылымдармен  туыстас, олардың барлығының білімдерін бойына сіңірген. Сондықтан ол табиғат, қоғам, адам және оның ойлауы туралы ғылым  болып, жекеленуі мүмкін деген ой туады. Философияның бір замандарда барлық ғылымдардың ғылыми болуға ұмтылған себебі де осыдан келіп шықты. Сөйтіп, ол өзін өзі ыңғайсыз жағдайға қалдырып, сол рөлінен күні бүгінге дейін арыла келе жатқан сияқты. Адамдардың практикалық-материалдық қызметі ерекше өріс алып, соның мәні жан-жақты ашылып келе жатқан қазіргі дәуірде философия, шынында да, даналықты сүюге айналып, барлық адамдардың шығармашылық ойлау процесін жетілдіруі керек. ал даналық дегеніміз, адамдардың практикалық-өндірістік қызметінің нәтижесінде жинақталған бай тәжірибені бір ұрпақтан келесісіне рухани игілік ретінде сақтап, жеткізу болып табылады. Адамдар философия арқылы осы рухани бай игілікті, яғни даналықты игеруі қажет.

Антика дәуіріндегі Платон философиясы