Антропогендік ластанудың негізгі көздері
1.Антропогендік ластанудың негізгі көздері.
Антропогендік фактор – адамның қызметі әрекетінен жаңа түрде туындайтын факторлар. Адамның шаруашылық іс-әрекеті салдарының қоршаған ортаның кейбір жерлерінің өзгерені соншалық. Табиғи құрауыштарының байланысы басқа болып, бұрынғы кешендермен салыстырғанда жаңа кешендер қалыптасады.
Антропогендік факторларға өнеркәсіп индустриясының барлық салалары, көлік, ауыл, орман шаруашылығы, энергетика, атом қаруын сынау, мұнай, газ және тау кен өндірісі салалары. Т.б. жатады.
Тек өндірістік кәсіпорындарының ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластануын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: шикізат материалдар, құрал-жабдықтар, отын, электр энергиясы, су, қалдықтар, өнімдер, атмосфераға таралатын( газ, бу, ауа тозаңы),энергетикалық шығарындылар, шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, жарық,электромагниттік өріс,лазерлі сәулелер,иондағыш шығарындылар т.б.Биосфераны ластайтын компоненттердің хим құрамы отын энергетика ресурстарының түріне, өндірісте қолданылатын шикізатқа оларды өндейтін технологияға байланысты келеді. Антропогендік факторлар әсерінің артуынан күрделі экологиялық проблемалар; парник эфектісі, қышқыл жаңбыр, ормансыздандыру, ядролық қыс, озон қабатының жұқаруы мен тесілуі, шөлейттену т. б.атмосфераға антропогендік жер тікелей немесе жанаша түрде болуы мүмкін.Жанаша әсер- биосфераның басқа компоненттерінде экологиялық тепе-теңдіктің бұзылу, салдарынан атмосфераның жағдайына ойқаптар, жыртылған егістік жерлер, ұйымдастырылған үлкен су қоймалары, өзгертілген өзен ағыстары, мелиоративтік жұмыстар, пайдалы кен қазбаларының ашық әдіспен жаппай алынуы жатады.Жер бетінің қасиеті мен сипатамасының өзгеруі жер атмосфера энергиялық жүйесіндегі алмасу процестеріне,альбедо шамасына, атмосфераға өтетін шығындыққа әсерін тигізеді.Ал, тікелей әсерге мысал ретінде өндірістен шығатын тастанды заттектерді, күлді, металл оксидтері мен тұздарын, күкірттің газды қосылыстары, аммиакты, көмір сутектерін радиоактивті газдарды, шаңдарды, озонды суктекті қосылыстарды және тозаңды келтіруге болады.
Кіріспе
Қазіргі кезде адамның
қоршаған ортамен қарым –
Соңғы жылдары пайдалы қазба қорларының азаюы , жер бетінен өсімдік және жануарлар дүниесінің көптеген өкілдерінің жойылуы және сондай – ақ табиғи ортаның шектен тыс ластануы айрықша белең алып отыр.Кейбір елдерде ,әсіресе дамыған елдерде қоршаған орта жағдайының нашарлағаны соншалық , адамдардың денсаулығы бұзыла бастады.Осының бәрі қоршаған ортаны қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлуге , табиғатты сақтау және қалпына келтіру мәселелерімен жақсырақ айналысуға , сондай- ақ оның ресурстарын тиімді пайдалануға итермелейді.Сондықтан жыл сайын жерлерді суландыру ,ормандарды қалпына келтіру, өндірістік қалдықтар мен техникалық лас суларды тазарту , топырақтың құнарлылығын сақтау және топырақ эрозиясына жол бермеу төңірегіндегі жұмыстар кең көлемде жүргізілуде.
Өткен кезеңдердің барлық тәжірибесі көрсетіп отырғандай ,табиғатқа ұқыптылықпен қарамау, бүгінгі пайда үшін атқарған істеріміздің күні ертең орны толмас зиянға ұшыратарын алдын ала болжап барып әрекет етуіміздің қажет екенін естен шығармаған жөн.Табиғатқа ұқыптылықпен қарамаудың ащы мысалдары өте көп және лоардың зиянды жақтары баршаға белгілі.
Ірі қалаларда халықтың санының еселеп артуы тұрмыстық-коммуналдық құрылыстар мен өнеркәсіп, зауыт, фабрикалардың салыну қажеттігін туғызады. Осыған байланысты мұндай қалаларда техникалық және ақаба сулар көптеп жиналуда. Қазақстанда жыл сайын шығарылатын ақаба судың мөлшері 6 млрд деп есептеледі. Қазіргі кезде тұрмыстық ақаба суларды залалсыздандыру үлкен мәселе болып отыр. Осындай қаланың бірі-оңтүстік астана атанған Алматы қаласы.
Алматы қаласының халқы жыл сайын артып, білім, ғылым және мәдениет ошағына айналуда. Осы уақытқа дейін Алматы қаласының пайдаланылған тұрмыстық – коммуналдық суы 70 км жердегі Жаманқұм және Сорбұлақ бөгетіне жинақталып, ірі жасанды көлдерге айналған болатын.
Қалыпты экологиялық жағдай 1986 жылы бұзылды. Жылдар бойы жинақталған ақаба су Жаманқұм жағалауын бұзып-жарып, Қапшағай су қоймасына қарацй- ақты. Бұл апатты жағдай көптеген мал басы мен құрылыстарды қиратып, шығынға ұшыратты. Қапшағай су қоймасы ластанып, демалыс орындары уақытша қызметін тоқтатқан болатын Жаманқұм су жинақтау орнының жойылуы Сорбұлаққа үлкен салмақ түсірді. Қазір Сорбұлақ суы шамадан тыс көбейіп, қауіпті деңгейге жетті.Суды азайтататын каналдар қалыпты жұмыс істемейді. Осының салдарынан Сорбұлақтағы су айдыны 60 км артып, ұзындығы-15 км, ені - 8 км, тереңдігі- 18 метрге тереңдеп, жинақталған судың көлемі-1 млрд м– ға жетіп отыр.
Жасанды көлдің жиегін бұзып кету қаупі күн өткен сайын өсе түсуде. Кейбір болжамдар бойынша Сорбұлақ апаты болған жағдайда Іле- Балқаш алабы бұрын сонды болмаған апатқа ұшырап, 50000 тұрғыны бар Балқаш өңірі зардап шекпек. Іле бойындағы гидромелиорациялық станциялар елді мекендер, егіс алқаптары мен шұрайлы өзне бойындығы тоғайлардың ақаба су астында қалу қаупі төнуде.
Сорбұлақ апаты әкелетін зардаптар қандай болмақ. Сорбұлақ жасанды көлі суының құрамы өте қауіпті. Су құрамында көп мөлшерде улы токсиндер, фенолдар, мұнай өнімдері, нитриттер, ауыр металдар, т. б. белгісіз зиянды химиялық заттар жинақталған. Зиянды заттардың шекті рауалы мөлшері есепке алынбаған. Су құрамындығы химиялық қоспалар тіршіллікке өте қауіпті диоксин тәрізді заттарды түзуі мүмкін. Ал диоксинді екінші дүние жүзілік соғыста улағыш қару ретінде қолданған. Әрине Сорбұлақ көлінде судың өздігінен тазалану процесі жүріп жатыр. Бірақ оның тұрақты тазалану механизміне үздіксіз ағып келіп қосылып келіп жатқан лас сулар мүмкіндік бермей отыр.
Тағы бір қауіпті мәселе көлдегі органикалық заттардың есебінен жәндіктердің еркін көбейе түсуі. Нәтижесінде, Сорбұлақ жағалауында құстардың, суында балықтардың көбеюі артып отыр. Көлден айналадағы малдар еркін су ішеді. Осының бәрі айналып келіп қоректік тізбектер арқылы
өсімдіктер, жәндіктер, жануарлар, құстар, адамдар болып жалғасып, ақырында, адам организіміне айықпас дерт әкелмесіне кім кепіл.
Сорбұлақ мәселесін шешуге бола ма? Бүгінгі өмір сүріп отырған ғасырымыз ғылым мен білімнің шарықтаған дәуірі. Адамның ақыл- ойы табиғат апаттарының бәрін шешуге дайын. Сорбұлақ мәселесі– ғалымдарды, қоғамдық ұйымдарды бейжай қалдырмауда. Кейбір жобалар ұсынылып та үлгерді. Соның бірі– Сорбұлақ көлінен канал арқылы суды Күрті суқоймасына жеткізу. Жол бойы суды тазартудың лазерлік агрогидромодуль жүйесін қолданып, суды залалсыздандыру құрылысын салу.
Екінші жоба- Сорбұлақ суын канал арқылы Күрті су қоймасына әкеле отырып, оны қосымша тазартып, одан соң Іле өзеніне құю. Мұны жүзеге асыру үшін суды қайтара отырып тазалау және жасанды биотоғандар салу, суды хлорлау станцияларын іске қосу жұмыстары талап етілуде.
Үшінші бір топ ғалымдардың пікірі бойынша– қала суын қайта тазартудың жаңа технологиясын қолдана отырып, судың сапасын жақсартып қайта пайдалану.
Келесі бір болашағы зор бағыт Сорбұлақ суын құрылыс ағаштарын өсіруге пайдалану. Бұл мәселе экологиялық жағынан қауіпсіз шаруашылық салалары үшін арзан ағаш материалдарын дайындаудың көзі болмақ. Бұл салада “ Мерей- Терек ” ЖШС бірлестігі терек өсіруді жоспарлап отыр. Егерде жоспарланған 400 мың га жерге терек отырғызылатын болса онда оған жылына 30 млн м су жұмсалып, Сорбұлақ суының деңгейін тұрақтандыру жүзеге асары сөзсіз. Ал бұл мәселені көкөніс пен дәнді – дақылдар егіп шешуге мүлдем болмайды.
Қорыта айтқанда, Сорбұлақ мәселесі барлық ірі қалаларға тән жағдай. Оны шешу қоршаған ортаның тазалығы мен адам баласының салауатты өмір салты үшін ауадай қажет мәселелер. Ең бастысы өндіріске тұрмыстық- коммуналдық суларды тазартудың бүгінгі күн талабына сай жаңа технологияны енгізу жолы ғана бұл мәселені дер кезінде шешері сөзсіз. Қалалардың саны мен олардың тұрғындары тез өсуіне байланысты, экологиялық жүйеге түсетін ауыртпалық үнемі күшейіп келеді. ” urbs ” латынша қала деген сөз ертеден белгілі болғанымен ” урбанизм ”немесе “урбанизация ” түсінігі соңғы жылдары жиі қолданыла бастады.
Халықтың қалада тұруға ұмтылуы, қаладағы тұрмысты ұнатуы урбанизация процесінің күшеюіне алып келеді. Қазақстан Республикасы да дүниежүзілік урбанизация әсерінен тысқары қалған жоқ. Әсіресе, өнеркәсіп және қатынас кәсіпорындарын көптеп салу мен тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде қалалар саны тез өсті. Олардың тұрғындары 45
жылда 5 еседен артық өсіп, халықтың басым көпшілігі қалада тұратын болды. Болжам бойынша, қалалар саны жақын арада көп өзгере қоймайды. Ал қаладағы тұрғындар саны көп артуы ықтимал. Қала халқының тығыздығы әсіресе Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында бір шаршы километрге 200- ден аса адамнан келіп, экологиялық жағдайдың үнемі нашарлауына себеп болды. Дүние жүзінде 1850 жылы халқының саны миллионнан астам 4 қала болса, 1920 жылы олардың саны 25-ке өсті.1950 жылы қаланың саны 90-ға, 1960 жылы 140-қа, 1970 жылы 160-қа жетті.
Қазақстан Республикасы 2717 мың шаршы км аумақты иемденіп жатыр.Қазақстанда- 14 облыс, 84 қала және 210-дай қала типтес елді мекендер бар. Осы облыстардағы қалалардың орналасуы және олардың сандық сипаттамасы, Ж .Әділовтың дерегі 5.5 кестеде келтірілген. Берілген мәліметтерден байқалғандай, 1970 жылға дейін қала халқының саны өсіп келген (қалада 50%, ауылдық жерлерде 50%). Одан бері қарай, қала халқы екпіндеп өспегенімен, баяулап арта отырып, 1989 жылы қала– ауыл халқының ара салмағы 57 және 43 % болған.
Жеке қалалар мен олардың тұрғындары өсіп ғана қоймай, қазіргі қалалар бір- бірімен қосылып, аумағы үлкен, халқы аса зор аймақтар пайда болуда. Оларды- мегаполис (қосылып кеткен ) деп атайды. Бірінші мегаполис ретінде, АҚШ-тың Атлант мұхиты жағалауындағы Босваш мегаполисін айтуға болады. Оның ұзындығы 850 км, халық саны 35 миллион.Тынық мұхит жағасында ұзындығы 120 км, ені 60 км Лос- Анджелес- Сан-Франсиско мегаполисі бар. Үлкен Токио (Токио мен Иокогама қалалары) мегаполисінде 25 миллионнан астам адам тұрады. Ресей мемлекетінде де - Москва, Владимир, төменгі Новгород қалалары бір- біріне қарай “жылжып”, аралары жақындап келеді.
Сонымен ірі қалалар маңайындағы кіші қалаларды, елді мекендерді өздерінің құрамына қосып, қоршаған ортаны одан әрі нашарлатуда, қала тұрғындары, ауыл адамдарымен салыстырғанда екі есе көп науқастанатыны да сондықтан.
Алдын ала болжамдар бойынша, алдымыздағы ғасыр сонына қарай халықтың ¾ бөлігі өнеркәсіп орындары шоғырландырылған қалалар мен қала типтес орталықтарда, ал дамып келе жатқан елдерде, олардың жартысына жуығы қалаларды мекендейтін болады. 1 млн- ға жуық халқы бар қала, сөткесіне өте үлкен су қорын, азық, жанар жағар май қорларын пайдалану нәтижесінде, көптеген газ, сұйық және қатты күйіндегі қалдықтар қоршаған ортаға келіп қосылады. Соңғы кездері, үлкен қарқынмен дамыған мұнай өндіру, өңдеу кәсіпорындарының да табиғи қоршаған ортаның экологиялық климатын өзгертуде, ауаны ластауда алар орны ерекше. Ол– экологиялық пәнді, ілімді білмеудің, оны елемеудің салдары Табиғат өзіне жасалған қиянатты ешқашанда кешірмейді.Оны дер кезінде тоқтатпаса, есесі үлкен шығындармен, орны толмас өкінішпен қайтатаны анық.
Өндіріс орындары қалада шоғырланғандықтан қоршаған ортаны ластаушылардың басты көзі сол екендігін Ж. Әділов өз еңбегінде былай сипаттайды: Алуан түрлі өнеркәсіп салалары, өндіріс күшінің басым бөлігі қалада шоғырланғандықтан, онда халық көп, әрі тығыз орналасады. Сөйтіп олар әлеуметтік– экономикалық және экономикалық қарама – қайшылықтың негізгі буынына айналды, бір жағынан, қалалар айналадағы табиғи ортаны ластайтын басты көз, екінші жағынан, ол- ластанудан неғұрлым көп зиян шегетін және ондағы қоршаған ортаны сауықтыруды қажет ететін әлеуметтік–экономикалық объект. Сондықтан, қаланың көбею процесінде, яғни қалалар пайда болғанда және дамығанда бірінші кезекте қоршаған орта факторларын реттеуді ескеру қажет.
Қазіргі өнеркәсіп қалалары өте күрделі әлеуметтік– экономикалық және экологиялық жүйе болып саналады. Оларда, өндірістік және өндірістік емес салалардың, көліктің, тұрмыстың, мәдениеттің тұтас организмі тығыз байланысқан. ”Тұтас организм ретінде, - деп жазды В. М. Розин, - қала жекелеген жүйе тармақтарының: өндіріс тұрғын, көлік, тұрмыс, мәдениет салаларының бірігуі ғана емес, біріңғай ортасы.”
Қаланы адамдарды қоршаған
ортаның басты формасы ретінде
қарастыру, әлемдік және аймақтық модельдермен
салыстырғанда, қаланың экологиялық
блок модельдерінің өзіндік
Тыныс-тіршіліктің әлеуметтік бағытына, әсіресе дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жарғысына сәйкс қалада адамдардың денсаулығына, олардың рухани өсуіне, мәдениетті демалуына зор көңіл бөлінеді. Ол үшін қаладағы қоршаған ортаның тазалығы үнемі басты назарда болады.
Географтар мен қала салушылардың жұмыстарында, қаланы қоршаған орта тұтастай үш негізгі компонент ретінде қарастырылады .
1. табиғи орта(экожүйе):
Ландшафт; Климат, атмосфера, жер бетіндегі және жер астындағы сулар,геологиялық орта; Биогендік элементтер , топырақ, биоценоз.
2. Антропогенді жасанды
орта. Қала атырабын қолдан
Адамның адамдық қасиетке ие болып, кемелденуі жұрттың арасында өмір сүріп, бірге еңбек етіп қарым- қатынас жасауында. Халық санының аз немесе көп болуы, оның орналасуы ,тығыздығы ,өсу қарқынының жылдам не баяу болуы сол елдің немесе қоғамның қоршаған ортаға көзқарасының дамуын тездетеді,не баяулатуға себепші болады.Алайда мұны , халық саны қоғамды дамытуда шешуші рөл атқарады деп тікелей түсінуге тағы болмайды.Халықтың орналасуы тығыздығы және өсу қарқыны өте жоғары бола тұрып,кейбір мемлекеттердің саяси , экономикалық және экологиялық дамуы жағынан саны аз,әрі сирек қоныстанған елдерден артта қалған реттері тврихта кездесіп отырады. Мысалы, Швеция халқының орналасу тығыздығы АҚШ – қа қарағанда 26 есе жоғары екен. Ал экономикалық ,саяси және экологийлық дамуы жағынан бұл елдердің қайсысы ілгері кетіп , жай – күйін білдіретін мәселе еңбек ресурстары төңірегінде ,еңбекке жарайтын күш мөлшері туралы, халыққа білім беру ,іскерлік қабілеті мен мамандығын ұдайы арттырып отыру хақында болмақ. Жан- жақты сауаты бар, көзі ашық,өз ісін жетік меңгерген маман табиғи ортаны бүлдірмейді.ондай адамдар өзі және ұрпағы өмір сүріп отырған табиғи ортаға қастандық жасауы мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі мәселесі бірініші қатарлардың бірінде тұр. Жоғарғы индустриалдық қоғам пайда болғалы бері адамзаттың табиғат тіршілігіне қауіпті араласқаны кенеттен күшейіп кетті, бұл араласудың көлемі де ұлғайды, ол әралуанды болды және қазір адамзат үшін ғаламдық қауіп ретінде төніп тұр. Қазіргі таңда қоршаған ортаны аса көп ластайтын көзі өнеркәсіп өндірісі екені баршаға мәлім. Атмосфераны өндіріс объектілерімен ластау «қышқыл жаңбырлардың» пайда болуына әкелуі мүмкін, ал оның өзі су мен топырақ жағдайына әсер етуі мүмкін. Қоршаған ортаның ластану деңгейінің жоғарылығы сонша, таяу арадағы экологиялық жағдайды нашарлататын көптеген процестердің қайтымсыз болып қалуына қауіп төніп тұр. Ең алуан және маңызды ластану ол ортаның өзіне тән емес химиялық заттармен химиялық ластануы болып табылады. Олардың ішінде өнеркәсіптік-тұтынудан пайда болған газообраздық және аэрозольдық ластағыштар. Сонымен қатар атмосфералық ауада көмір қышқыл газдың көбеюі де ұлғайып жатыр. Сонымен қатар экологтарды Қазақстандағы су объектілерінің мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы тоқтамай жалғасып жатқаны да алаңдатып отыр. Мұнаймен ластануы гидросфера мен атмосфера арасындағы газ және су алмасуының елеулі ауытқуларына әкелуі мүмкін. Жалпы алғанда ластағыш қасиетке тән барлық қарастырылған факторлар биосферада болып жатқан процестерге елеулі әсерін тигізіп отыр.
Қазақстан Республикасының қоршаған ортасының ластану деңгейі оған дәлел болып отыр. Президент Жарлығымен мақұлданған 3 желтоқсан 2003 жылы № 1241-ші «2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында» Қазақстанда көптеген оңжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғарғы техногенді салмақ түсіретін, табиғат пайдаланудың көбінесе шикізат жүйесі қалыптасты деп айқын айтылған. [1. 3 желтоқсан 2003 жылы № 1241-ші Президент Жарлығы «2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында»].
«Елімізде 2009 жылдың маусым айында өнеркәсіп көлемі 7,2 пайыға ұлғайды,... атап айтқанда маусымда мамырмен салыстырғанда кең қазу өнеркәсібіндегі өндірісі – 6,3 пайызға, өңдеуші өнеркәсібіндегі өндірісі 9,9 пайызға өскен. Сонымен қатар маусымда шикі мұнайды, металл кендерін өндіру, машина жасау, металлургиялық өнеркәсіп өнімдері... ұлғайған» Сондықтан экологиялық жағдайдың түбегейлі жақсаруы бола қойған жоқ және қоғамның өмір сүруіне лайық, биосфераның тұрақсыздануына, оның қоршаған орта сапасын қалыпты деңгейде қамтамасыз ету қасиетінен айыруға әкелу жолындағы табиғи жүйелердің нашарлауымен сипатталады.
Өнеркәсіп өндірісі қоршаған табиғи ортаның барлық бөліктеріне зиянды әсер етіп жат Ең бірінші атмосфералық ауаға деп айтуға болады. Атмосфераның негiзгi ластануы түстi металлургия, жылу энергетикасы, қара металлургия, мұнай-газ кешенi кәсiпорындары мен көлiк шығарындыларымен байланысты. Атмосфералық ауаның ластануының қауіптілігі халық денсаулығының нашарлауына және қоршаған ортаның тозуына әсер етіп отыр. Атмосфералық ауаның ластану мәселесі негiзiнен Республика халқының жартысына жуығы өмiр сүретiн iрi қалалар мен өнеркәсiптiк агломераттарға тән.
Барынша ластанғандар қатарына 10 қала, оның iшiнде 8 қала - ауасы жоғары деңгейде ластанған қалаға жатқызылады. Қалаларда ауа ластануының жоғары деңгейiнiң себебi – өндiрiсте ескiрген технологиялары, тиiмсiз тазартқыш құрылыстарды пайдалану, қолданылатын отынның төмен сапасы, қуаттың жаңғыртылатын және дәстүрлi емес көздерiнiң аз пайдаланылуы. Халықтың басым бөлiгi зиянды шығарындылардың әсерi жоғары аймақта тұрып жатыр, өйткені кәсiпорындардың 20%-тен астамының нормативтiк санитарлық-қорғау аймағы жоқ. Ауа бассейнiнiң ластануы көмiрсутегi шикiзатының бұрынғы кен орындарын дамытуымен және жаңа кен орындарын игеруімен де байланысты, бұл атмосфераның күкiртсутегiмен, меркаптандармен ластануын ұлғайта түседi. Алауларда iлеспе газдың жағылуы қызған газдардың, күкiрт пен азот оксидтердiң едәуiр көлемiн атмосфераға шығарумен қатар жүредi, кен орындарының төңiрегiнде жоғары жылу аясы қалыптас
1993 жылдан 2000 жылға дейiн зиянды заттардың атмосфераға шығарылуы негiзiнен өндiрiс құлдырауының есебiнен 5,1 млн. тоннадан 3,2 млн. тоннаға дейiн кемiдi. 2007жылы атмосфераға 185 мың тонна залалды заттар таралды, ... оның 15 мыңы стационарлық көздерден, ал қалған 170 мың автокөліктен
Өндірістің келесі зиянды әсер ету объектісі болып су ресурстары табылады. Қазақстан су ресурстарының үлкен жетiспеушiлiгi елдерiнiң санатына жатады. Қазiргi уақытта су объектiлерiн тау-кен өндiру, металлургия және химия өнеркәсiбi кәсiпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтерi қарқынды ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндiредi. Ертiс, Нұра, Сырдария, Iле өзендерi, Балқаш көлi неғұрлым ластанған. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудiң негiзгi көзi болып табылатын жер асты сулары да ластануға ұшыраған.
Қазақстандық секторда
- жұмыс iстемей тұрған уран өндiрушi және уран өңдеушi кәсiпорындардың қалдықтары (уран кен орындардың үйiндiлерi, өздiгiнен төгiлетiн ұңғымалар, қалдық қоймалары, технологиялық желiлердiң бөлшектелгенжабдығы);
- ядролық қаруды сынау нәтижесiнде ластанған аумақтар; мұнай өндiру өнеркәсiбi мен мұнай жабдығының қалдықтары; ядролық реакторлардың жұмыс iстеуi нәтижесiнде пайда болған қалдықтар мен радиоизотоптық өнiм (иондаушы сәулеленудiң пайдаланудан шыққан көздерi).
Қазақстанда табиғи радиактивтiлiктiң
жоғары деңгейiн беретiн уран берушi алты
iрi геологиялық өңiр, көптеген шағын кен
орындары мен уран байқалатын кенiштер,
уран өндiрушi кәсiпорындар мен ядролық
жарылыстар жасалғанжерлердешоғырланғанқал
Қазақстан аумағының 30%-iнде адам денсаулығына айтарлықтай қауiп төндiретiн табиғи радиактивтi газ - радонның жоғары бөлiнуiнiң ықтимал мүмкiндiгi орын алған. Радионуклидтермен ластанған суды ауыз су мен шаруашылық мұқтаждықтар үшiн пайдалану қауiптi болып табылады.
Қазақстанның кәсiпорындарында иондаушы сәулелердiң пайдаланудан қалған 50 мыңнан астам көздерi бар және радиациялық зерттеу барысында 16-сы адам үшiн аса қауiптi болған 700-ден астам бақылаусыз көздер анықталып, жойылды.
Химиялық заттардың арасында Қазақстанда ерекше қауiптi тұрақты органикалық ластағыштар (бұдан әрi - ТОЛ) тудырады. 2001 жылдың мамырында Қазақстан Республикасының Yкiметi Тұрақты органикалық ластағыштар туралы Стокгольм конвенциясына қол қойды.
Тұрақты органикалық ластағыштар - уытты қасиеттерге ие, ыдырауға тұрақтылық танытатын, биожинақтағыштығымен сипатталатын химиялық заттардың әртүрлi тобы. Бұл топтың химиялық құрамалары мен қоспасы ауамен, сумен және көшетiн түрлерi бойынша трансшекаралық таралу объектiсi болып табылады, сондай-ақ құрлық экожүйелерi мен су экожүйелерiнде жинақталып, өздерiнiң шығарынды көздерiнен алыс қашықтықташөгедi.
Белгiлi бiр органдарды зақымдайтын
уларға қарағанда, бұл заттар iшкi реттеу
жүйесiн бұзады. Аз мөлшерiнiң өзiнде ТОЛ
қалыпты биологиялық функцияларды бұзуы,
кейiнгi ұрпаққа берiлуi және адамның денсаулығы
мен қоршағанортағанақтықатертөндiр
ҚазақстандағыТОЛ-дың едәуiр бөлiгiн пестицидтер құрайды. Өсiмдiктердi қорғаудың жаңа құралдарының сан түрлiлiгiне қарамастан, әлi күнге талдау жасалатын үлгiлерде 1950-1960 жылдардың пестицидтерi табылуда.
Өнеркәсiптiк ТОЛ-дар энергетика, мұнай өңдеу және химия өнеркәсiбi кәсiпорындарында құралады және пайдаланылады.
Қазақстанның аумағында өндiрiс пен тұтыну қалдықтарының 20 млрд. тоннадан астамы, оның iшiнде 6,7 млрд. тонна улы заттар жинақталған, әрi олардыңұлғаюүрдiсiбайқалуда. Қазір көптеген компаниялар өндірістік қуат пайызы төмен болса да, серпінді жобаны алға басып, ауаға тарайтын лас-қалдықтар көлемін бірнеше пайыздарға өсіріп отыр[6, 2б. Серік Амантаев. Оңтүстік астананың экологиясы қашан жақсарады № Атамекен. №11 /399/ 5 маусым 2008ж.1б.].
Бұл ескiрген технологияларды қолданумен, сапасыз шикiзатпен және отынмен, кәсiпорындардың өндiрiс қалдықтарын кәдеге жарату мен қайта құнарландыруға қаражат салуға құлықсыздығымен түсiндiрiледi. Уытты қалдықтарды қоса алғанда, өндiрiс қалдықтары әлi күнге, көбiнесе тиiстi экологиялық нормалар мен талаптарды сақтамастан, түрлi жинақтағыштарда қойылып, сақталады. Осының нәтижесiнде көптеген өңiрлердiң топырағы, жер асты және жер үстi сулары қарқынды ластануға ұшыраған. Қойылатын қалдықтардың үнемi ұлғайып отырған көлемi жаңа техногендiк ландшафтар қалыптастырады. Yйiндiлер мен террикондар биiктiгi өскен сайын олар шаң құраудың неғұрлым қарқынды көздерiне айналады. Қатты тұрмыстық қалдықтардың негiзгi массасы құрауыштарға бөлшектенбестен шығарылып, ашық күресiндерге тасылады және қойылады, оның 97%-i Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамасы талаптарына сай емес. Оларды орналастыру және жайғастыру жобасыз және қоршаған ортаға әсерi бағаланбастан жүргiзiлген. Республикада қатты тұрмыстық қалдықтардың шамамен тек 5%-i ғана кәдеге жаратылады немесе жағылады.
Жоғары аталған тұрақты ластау көздерден басқа аяқасты да болатындарды атап өтуге болады. Оларға техногенді түрдегі төтенше жағдайлармен көп жылдар бойы келе жатқан тарихи ластағыштарды атап өтуге болады.
Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауы елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне нақты қатер төндiредi. Қауiп апатты жер сiлкiнiсi, көшкiн, сел, сырғыма, су тасқыны, өрт, өндiрiстiк объектiлердегi қауiптi өнәркәсiп және басқа да авариялардың нәтижесiнде адамның өмiрiне, денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келуiне байланысты. 1994 жылдан бастап төтенше жағдайлар салдарынан Қазақстанда шамамен 40 мың адам қайтыс болды және 250 мыңнан астам адам зардап шектi. Сараптамалық бағалау бойынша төтенше жағдайлардан (жаhандық дүлей апаттар болмаған кезде) келетiн тiкелей және жанама зиян жыл сайын шамамен 25 миллиард теңгенi құрайды.
Ластанудың "байырғы" көздерiне қазiргi кезде иесiз тұрған объектiлер: мұнайгаз және гидрогеологиялық ұңғымалар, шахталар, кеніштер (оның ішiнде радиоактивтiк қалдықты), елдiң экологиялық қауiпсiздiгiне нақты қатер болып табылатын қалдықсақтағыштар мен ағынды сулар жинақтауыштар жатады [Концепция экологической безопасности Республики Казахстан на 2004-2015 годы: одобрена Указом Президента Республики Казахстан от 3 декабря 2003 года N 1241 //СПС «Юрист», 2009 г.].
Көріп отырғанымыздaй, өнеркәсіп өндірісінен қауіп деген көп және мемлекетіміздің тұрақты даму көшу барысында ол азаяр емес
Қазақстан Республикасы Президенті «біз Атырау қаласындағы мұнайхимиялық кешенін салуды жалғасырамыз. Осы жылда Мойнақ гидроэлектростансасының құрылысын бітіреміз, Екібастұз ГРЭС-1–ті кеңейту және қайта құрылуын бітіруі бойынша жұмыстарды жалғастырамыз. Онда сегіз блоктың орнына төрт блок жұмыс істеп жатыр. Бұл дайын, шығымсыз электрэнергиясы. Біз Екібастұз ГРЭС-2-де үшінші энергоблокты салу бойынша жұмысты жалғастырамыз, осы жылы Балхаш ЖЭС-ның құрылысы бойынша жұмыс бастаймыз.
Осы уақытқа дейін экологиялық қауіпсіздік деңгейі қоршаған ортадағы дағдарыс жағдайын көтеруге шамасы жоқ. Өнеркәсіп өндірісі және глобальды индустриализацияның өсуімен бірге шекті рұқсат етілген концентрациялар мен оның туындыларының нормативтеріне негізделген ортақорғау шаралар қалыптасқан ластаулардың көлемін азайтуға жеткіліксіз болып отыр. Сондықтан экологиялық мәселені шешудің жаңа жолдарын, өнеркәсіп өндірісінің оңтайлы даму мүмкіндігін таңдауға, ал ласталған жағдайларда қалпына келтіру – емдеу шараларының кезектілігін белгілеуге іздену қалыпты жағдай деп айтуға болады. Энергиямен қамсыздандыру, өнеркәсіптің экологиялық аспектіде көп мәселелері өндіріс қатарындағы жаңа технологиялық процестерге көшумен немесе оларды перспективтік ауыстырумен шешілуі мүмкін.
Осы сұрақтарды бақыланып жүрген теріс тенденциялардың мемлекетаралық сипатын, қоршаған табиғи ортаны қорғау бойынша кешенді шаралардың керектігін, өнеркіәсіптің теріс факторларының өзара ықпалын ескеретін жаңа ұстанымдардан қарастыру керек.
Мәселені шешу үшін қазіргі ғылыми жетістіктердің барлық мүмкіндігін пайдалану керек. Және соның негізінде қоршаған ортаны қорғауға тиімдірек ұсыныстарды ұсыну кер
Зерттеу объектісі өндіріс саласындағы қоршаған ортаны қорғау қатынастары болып табылады.
Зерттеу пәні өнеркәсіп өндіріс саласындағы қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық қатынастары болып табылады, соның ішінде құқықтық экологиялық талаптар және олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін келесі шаралар:
- шаруашылық қызметті
реттейтін заңнамалық және
- атқарушы билік және жергілікті басқару органдары, өндіріс саласындағы қоршаған ортаны қорғау кәсіпорындарының әкімшілік қызметі;
- қарастырылған саладағы заң жобалық жұмыстар тәжірибесі;
- ұйымдастыру-құқықтық, экономикалық, философиялық және өндіріс саласындағы қоршаған ортаны қорғау мен басқа да аспектілер және мәселенің тарихы бойынша материалдар мен шетелдік тәжірибе пәні болып табылатын ғылыми зерттеулер.
Диссертациялық зерттеу мақсаты өнеркәсіп өндіріс саласында қоршаған ортаны тиімді қорғаудың негізгі мәселелерін кешенді зерттеу болып табылады.

- Антропогендік ластанудың негізгі көздері
- Антропогендік фактор
- Антропогендік фактор
- Антропогендік факторлардың экологияға әсері
- Антропогенді фактор
- Антропогенез
- Антропогенез
- Антро́пный при́нцип
- Антропный принцип в космологии
- Антропный принцип: занимает ли человек исключительное место во Вселенной?
- Антропный принцип и принцип Коперника
- Антропный принцип и современная естественнонаучная картина мира
- Антропогендік әсер
- Антропогендік жүйе