Ақпарат және информатика. 6

Мазмұны

Кіріспе..............................................................................................................4

1. Ақпарат және информатика........................................................................5

2. ЭЕМ-нің даму тарихы.................................................................................6

3. Cанау жүйелері............................................................................................7

4. Операциялық жүйелер..............................................................................12

5. Компьютердің бағдарламалық қамтамасыздандырылуы......................13

6. Компьютердің аппараттық қамтамасыздандырылуы............................15

7. Компьютерлік вирустар. Архиватор........................................................17

8. Microsoft Word мәтіндік редакторы.........................................................19

9. Презентация және оны құру мен ұсыну. PowerPoint бағдарламасы....34

10. Microsoft  Excel кестелік процессоры....................................................35

11. Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесі................................54

12. Компьютерлік желілер............................................................................70

13. Интернет. Электрондық пошта..............................................................72

14. Компьютерлік графика...........................................................................75

15. Алгоритмдеу негіздері. Турбо  Паскаль программалау тілі................76

Информатика пәнінен реферат тақырыптары............................................79

Әдебиеттер тізімі...........................................................................................80

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

       Жоғарғы білім беретін университетімізде оқу-тәрбие жұмысын  және білім мазмұнын жақсарту маңызы өте зор. Қазіргі таңда жоғарғы оқу орындарында информатика пәні негізгі сабақтардың бірі болып саналады. Себебі студенттердің өз бетінше зертханалық жұмыстарды орындап, білімдерін тереңдетіп, болашақта жұмыс дәрежесінде еркін пайдалана алатындай, қызығушылық тудырып, ойлау қабілеттерін дамытуға арналған.

Информатика пәнінің  оқыту процестері, жүйесі, оқыту  түрлері, әдістері, ұйымдастыру формалары  ерекше.  

       Қазіргі  ақпараттандыру жағдайында Қазақстан Республикасындағы басты міндеттердің бірі – жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып, жастарға терең білім беру ісін әрі дамыту және жетілдіру болып саналады.

Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстарын орындауға  арналған әдістемелік нұсқауда «Информатика» пәнінің тақырыптары бойынша қысқаша теориялық ақпараттар мен студенттің тақырыптарды меңгеруіне арналған бақылау сұрақтары және компьютерде орындауға арналған жеке тапсырмалар қамтылған.

Бұл әдістемелік  нұсқау студенттердің дәрістен алған  білімдері мен зертханалық жұмыстарды орындауда алған білімдерін тереңдету, нығайту және пысықтау үшін, сондай-ақ пәнді меңгертуді тиімді ету үшін арналған. 

 

1. Ақпарат және информатика

 

Ақпарат (информация) – бұл бізді қоршаған өмір шындығында құбылыстар мен обьектілердің өзгешелігін санамызға сіңіретін сигналдардың жиынтығы.

Информатика – информацияның өзгешелігімен құрылымын, сондай-ақ адам қызметінің әр қилы салаларында оны-алумен, сақтаумен, іздеумен, берумен, қайта өңдеумен, таратумен және пайдаланумен байланысты мәселелердің зерттелетін ғылыми саласы. Бұл информа- тика пәнінің тек бір ғана анықтамасы емес. Информатика туралы анық- тамалар көп, өйткені информатика жаңа білімдерді игеру мақсатында есептеу техникасының көмегімен жиналған білім беруді сипаттау көрсету, біріктіру, қалыптастыру және қолдану туралы ғылым.

 

GСтуденттің оқытушымен өзіндік жұмыс тапсырмасы


 

@ Келесі сұрақтарға жауаптар жазып, ауызша талқылаңыз

 

  1. Ақпарат дегеніміз не?
  2. Ақпараттың өлшем бірліктері
  3. Информатика пәні нені зерттейді?
  4. Информатика және информация сөздерінің шығуы
  5. Ақпараттық технология дегеніміз не?
  6. Ақпараттың шығу тарихы
  7. Ақпаратты жеткізу және жинау тәсілдері
  8. Ақпараттың түрлері
  9. Бит дегенеміз не?
  10. Ақпаратты түрлендіру
  11. Ақпаратты кодтау
  12. Ақпараттың дәлдігі дегеніміз не?
  13. Ақпаратты қабылдау түрлері
  14. Ақпараттың анықтылығы дегеніміз не?
  15. Информатика термині
  16. Ақпаратты түрлендіру
  17. Ақпараттың толықтығы дегеніміз не?
  18. Ақпараттың қажеттілігі дегеніміз не?
  19. Бұрынғы заманғы ақпараттың таралу түрлері
  20. Қазіргі заманғы ақпараттың таралу түрлері
  21. Байт дегеніміз не?
  22. Информатиканың қарастыратын мәселелері
  23. 1 байт, 1 Кбайт , 1 Мбайт, 1Гбайт, 1Тбайт нешеге тең?
  24. Ақпаратқа мысалдар келтіріңіз
  25. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі?
  26. Ақпараттың түрлері
  27. Бит (bit…) терминін талқылаңыз
  28. Ақпараттың қасиеттерін атаңыз
  29. Ақпараттың құрылымы.
  30. Ақпараттың формасы

 

2. ЭЕМ-нің даму тарихы

 

Адам баласы есептеу  үшін саусақтарын қолданудан бастап көптеген есептеу әдістерімен қатар  көмекші құралдарды қолдануды талап  еткен. Сондықтан да көптеген есептегіш құралдарын ойлап тапты. Шотландия математигі Джон Непер көп таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға көбейту амалын орындайтын есептеу құралын ойлап тапқан. Осы құрал “Непер таяқшасы” деп аталады. Сонымен қатар есептеу машинасын жасау идеясы кезінде атақты неміс ғалымы Г. В. Лейбницті қатты толғандырады.  Ол 1670 жылы арифметикалық құралдың алғашқы эскизін жасады. Лейбництің арифметикалық машинасы арифметикалық төрт амалды орындайтын дүние жүзіндегі бірінші болып саналады. 1874 жылы орыс инженері В. Т. Однер арифмометр ойлап тапқан. Академик П. Л. Чебышев 1878 жылы сандарды автоматты түрде қосуға арналған “қосушы” машина ойлап құрастырды.

 

GСтуденттің оқытушымен өзіндік жұмыс тапсырмасы


 

@ Келесі сұрақтарға жауаптар жазып, ауызша талқылаңыз

 

  1. 1-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының түрлері
  2. 1-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының электрондық негізі(немесе элементтік базасы)?
  3. 1-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының мүмкіндіктері?
  4. 2-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының электрондық негізі (немесе элементтік базасы)?
  5. 2-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының түрлері
  6. ЭЕМ неше буыннан тұрады?
  7. Дербес компьютер дегеніміз не?
  8. 2-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының мүмкіндіктері?
  9. Мини компьютерлер дегеніміз не?
  10. 3-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының электрондық негізі (немесе элементтік базасы)?
  11. Интегралдық схема дегеніміз не?
  12. 3-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының түрлері
  13. Үлкен итегралдық схемалар дегеніміз не?
  14. 3-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының мүмкіндіктері?
  15. Аса үлкен интегралдық схемалар дегеніміз не?
  16. 4-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының электрондық негізі (немесе элементтік базасы)?
  17. Мобильді электронды есептеуіш машиналар (ЭЕМ) дегеніміз не?
  18. 4-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының түрлері
  19. 4-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының мүмкіндіктері?
  20. 5-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының электрондық негізі (немесе элементтік базасы)?
  21. Ең алғашқы компьютердің шығу тарихы?
  22. 5-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының түрлері
  23. 5-ші буындағы электронды есептеуіш машиналарының мүмкіндіктері?
  24. Жасанды интеллект, роботтық техника жайлы айтыңыз
  25. Терминал дегеніміз не?

 

 

3.  Санау  жүйелері

 

Ондық санау  жүйесі. Ондық санау жүйесінде сандарды жазу үшін он цифр қолданылады -0,1,2,3,4,5,6,7,8,9. Ондық жүйе позициялы болып табылады, өйткені ондық санның жазылуында цифрдың мәні оның  позициясына немесе  сандағы орнына  байланысты.

Санның   цифрына   бөлінетін   позицияны   разряд   деп   атайды.

Мысалы, 524 санын қосынды  түрінде жазсақ:

                                                                                5*102+2*101+4*100

Бұл жазбадағы 10 саны – санау жүйесінің негізі. Санның әрбір цифры үшін, 10 негізі цифрдың сандағы орнына байланысты дәрежеленеді де, осы  санға көбейтіледі.

Егер ондық сан бөлшек болса, онда бөлшек бөліктің әрбір цифры  үшін негіздің дәреже көрсеткіші теріс  және бөлшек бөліктің үлкен цифры  үшін -1-ге, бөлшек бөліктің келесі цифры  үшін -2-ге тең және т.с. болады. Мысалы келесі ондық сандар мынадай қосындымен көрсетіледі:

         384,9506=3*102+8*101+4*100+9*10-1+5*10-2+0*10-3+6*10-4.

Екілік санау  жүйесі.  Екілік жүйеде кез келген сан 0 мен 1 цифрларының көмегімен жазылады да,  екілік сан деп аталады.

Екілік сандарды ондық  сандарға айналдыру олардың әрбір разрядын (1 немесе 0 санын) тұрған орнына байланысты екінің дәрежелеріне көбейтіп, шыққан сандарды қосу арқылы жүргізіледі.

Мысалы, 111012=1*24+1*23+1*22+0*21+1*20=16+8+4+1=2910

Керісінше ондық сандарды, екілік сандарға айналдыру үшін сол  санды екіге бөлеміз, шыққан бөліндіні тағы екіге бөлеміз, одан шыққан санды да, осылайша бөлінді бірге тең болғанша, біртіндеп екіге бөле береміз. Ең соңғы бөліндіден басталып жазылатын қалдық сандар тізбегі ізделініп отырған екілік санның таңбаларын құрайды.

Мысалы,

29

2

     

28

14

2

   

1

14

7

2

 
 

0

6

3

2

   

1

2

1

     

1

 

Нәтижесі -  111012 деген екілік сан болып шығады.

Сегіздік санау  жүйесі. Сегіздік санау жүйесінде, яғни негізі «8» санау жүйесінде сандар сегіз цифрдың көмегімен көрсетіледі:0,1,2,3,4,5,6,7. Сегіздік санау жүйесіндегі сандарды ондық санау жүйесіне  ауыстыру олардың әрбір разрядын тұрған орнына байланысты сегіздің дәрежелеріне көбейтіп, шыққан сандарды қосу арқылы жүргізіледі. Мыс: 848=8*81+4*80=64+4=6810.

Ондық сандарды сегіздік санау жүйесіне ауыстыру үшін  сол санды сегізге бөлеміз, осылайша бөлінді сегізге тең болғанша біртіндеп бөле береміз. 

Оналтылық санау  жүйесі. Екілік сандарды қысқарту үшін негізі 16 санау жүйесін қолданады. Бұл жүйені оналтылық деп атайды. Оналтылық  позициялы санау жүйесінде санды жазу үшін ондық санау жүйесінің цифрлары 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 және жетпейтін алты цифрды белгілеу үшін 10,11,12,13,14,15 ондық сандарының мәніне сәйкес латын алфавитінің алғашқы үлкен әріптері: A, B, C, D, E, F қолданылады. Оналтылық сан, мысалы, мына түрде 5АB болуы мүмкін. Бұл санды негізі 16 екенін ескеріп, қосынды түрінде жазсақ:

5АB16=5*162+10*161+11*160=1280+160+11=145110

Сандарды  екілік  жүйеден сегіздік санау жүйесіне ауыстыру. Екілік санды сегіздік немесе оналтылық санға түрлендіру процесі өте қара-пайым. Сегіздік санның кез келген цифрын жазу үшін үш екілік цифр(триада) қажет. Сондықтан түрлендіретін екілік санды оңнан солға қарай үш-үштен екілік цифрлар тобына бөледі, мұнда ең сол жақтағы топта екілік цифрлар үштен кем болуы мүмкін. Мысалы, 011 екілік цифры сегіздік санау жүйесінде үш цифры болып табылады. Сонан кейін екілік цифрлардың әрбір тобын кестеде көрсетілген сегіздік цифр түрінде жазады.

 

 

 

 

Екілік жүйе

Сегіздік жүйе

000

0

001

1

010

2

011

3

100

4

101

5

110

6

111

7


 

Мысалы, үш екілік цифрдан  тұратын топтарға бөлінген 1101111011 екілік санын 1 101 111 011 сияқты жазып алып және әрбір топты бір сегіздік цифрмен ауыстырып жазғаннан кейін,1573 сегіздік санын алуға болады.

Сандарды екілік жүйеден оналтылық санау жүйесіне ауыстыру. Екілік санды оналтылық санау жүйесіне жоғарыдағыға ұқсас түрлендіреді: әрбір түрлендіретін екілік сан оңнан солға қарай әрқайсысында төрттен екілік сан бар топтарға (тетрадаларға) бөлінеді, өйткені оналтылық санның кез келген цифрын жазу үшін төрт екілік цифр қажет.

Ондық жүйе

Екілік жүйе

Оналтылық жүйе

0

0000

0

1

0001

1

2

0010

2

3

0011

3

4

0100

4

5

0101

5

6

0110

6

7

0111

7

8

1000

8

9

1001

9

10

1010

A

11

1011

B

12

1100

C

13

1101

D

14

1110

E

15

1111

F


Сондықтан алдыңғы мысалда  қолданылған 1101111011 екілік санды төрт екілік  цифрлардан тұратын топтарға бөлгеннен кейін, 11 0111 1011 сияқты жазып және әр топты оналтылық цифрмен ауыстырғаннан кейін, 37В оналтылық санын алуға болады.

 

GСтуденттің оқытушымен өзіндік жұмыс тапсырмасы.  Сұрақтарға жауаптар беріңіз және өз нұсқа нөміріңіз бойынша есептерді шығарыңыз.


 

@ Келесі сұрақтарға жауаптар жазып, ауызша талқылаңыз

 

  1. Санау жүйесі дегеніміз не?
  2. Санау жүйесінің түрлері?
  3. Позициялық санау жүйесі дегеніміз не?
  4. Позициялық емес (римдік) санау жүйесі дегеніміз не?
  5. Буль алгебрасы дегеніміз не?
  6. Позициялық санау жүйелерін атаңыз
  7. 2-лік санау жүйелерінің сандары?
  8. 8-дік санау жүйелерінің сандары?
  9. 10-дық санау жүйелерінің сандары?
  10. 16-лық санау жүйелерінің сандары?
  11. Санау жүйелеріне қолданылатын амалдар?

 

 

 

Нұсқа нөмірі

Тапсырма түрлері

2-к санау жүйесін

10-қ санау жүйесіне аударыңыз  және керісінше

2-к санау жүйесін

8-к санау жүйесіне аударыңыз  және керісінше

2-к санау жүйесін

16-қ санау жүйесіне аударыңыз  және керісінше

10-қ санау жүйесін

8-к санау жүйесіне аударыңыз және керісінше

10-қ санау жүйесін

16-қ санау жүйесіне аударыңыз  және керісінше

1

1100

111,001

10,1010

12

61

2

1111

010,101

000111

22

55

3

101

101010

1011,11

32

74

4

100

000111

10101

42

43

5

1001

101,111

101011

77

49

6

1000

10101

10,0011

80

59

7

11111

101011

1,100

52

100

8

10110

10,0011

1010

24

33

9

10001

1000101

11,1001

36

37

10

11101

111,110

010101

91

73

11

1100

1011110

101,010

87

98

12

10010

101100

000111

78

89

13

11100

100,1111

10,1111

69

40

14

10110

1111,101

1010,1

61

71

15

1100

111001

111,001

55

51

16

1010

010101

010,101

74

20

17

111001

10,1010

101010

43

83

18

010101

000111

000111

49

29

19

101010

1011,11

101,111

59

22

20

000111

10101

10101

100

32

21

101111

101011

101011

33

42

22

10101

10,0011

10,0011

37

77

23

101011

1,100

1000101

73

80

24

100011

1010

111,110

98

52

25

1000101

11,1001

1011110

89

24

26

111110

010101

101100

40

36

27

1011110

101,010

100,1111

17

91

28

101100

000111

1111,101

15

87

29

1001111

10,1111

111001

20

78

30

1111101

1010,1

010101

18

69


 

 

 

 

 

4. Операциялық жүйелер


 

     Windows жүйесімен жұмыс істеу 1981 жылы MS Dos операциялық жүйесі IBM дербес компьютерлермен бір мезгілде пайда болып, әрбір компьютерге орналастырылған.

     MS Dos ОЖ-ci тек бір адамның жұмыс істеуіне арналған болатын және бір мезетте тек бір мақсатты шешетін, оның үстіне MS Dos ОЖ-ci компьютердің тек 640 кб жедел жадыны ғана пайдалана алатын еді. MS Dos ОЖ-ciнің соңғы нұсқалары қолданбалы программаларға 1 мб-тан артық жедел жадыны қолдану және программалардың бірінен екіншісіне ауысу мүмкіндігін беретін, кейініректе шыққан сервистік программа- лармен толықтырылған болатын. Адам мен компьютер арасындағы байланыс қызметтік ұйымдастырушы интерфейс рөлін MS Dos жүйесінде командалық жол атқарады. Бұл жол арқылы MS Dos жүйесімен адам арасындағы сұхбат өте ыңғайсыз атқарылады. Командаларды жазу тәртібі өте күрделі болады, кейде бір команданы орындау үшін ондаған символдарды теруге тура келетін. Осы ОЖ-мен негізінен тек маман программалаушылар ғана жұмыс істей алады. Адам мен ОЖ арасындағы байланысты жеңілдету үшін әртүрлі жүйелік қоршаулар қарастырыла бастады. Бұлар бір-екі пернені қатар басу арқылы күрделі де қиын командаларды термей-ақ тікелей орындау жүзеге асырылды. Жүйелік программалық қоршаулар негізінен компьютердің файлдық жүйесімен жұмыс істеуді жеңілдетті, яғни қажет информацияны жылдам әрі жеңіл тауып, оның мазмұнын қарауға немесе онымен жұмыс істеуге өз септігін тигізеді.

      80-жылдардың ортасында MS Dos-тың мұндай кемшілігінен арылу үшін Microsoft фирмасы IBM тәрізді компьютерге арналған көп мақсатты ОЖ-лер даярлау жұмысын қолға алып, солардың бірі Windоws жүйесін ойлап тапты.

 

GСтуденттің оқытушымен өзіндік жұмыс тапсырмасы


 

@ Келесі сұрақтарға жауаптар жазып, ауызша талқылаңыз

 

1. Операциялық жүйе дегеніміз не?

2. Операциялық жүйенің атқаратын қызметі

3. MS Dos операцилық жүйесі қай жылы пайда болған?

4. MS Dos операцилық жүйеде жаңа каталог құру үшін қандай команданы орындаймыз?

5. MS Dos операциялық жүйеде каталогтың атын өзгерту үшін қандай команданы орындаймыз?

6. MS Dos операциялық жүйеде каталогты жою үшін қандай команданы орындаймыз?

7. MS Dos операцилық жүйеде компьютердің версиясын анықтау үшін қандай команданы орындаймыз?

8. MS Dos операциялық жүйеде ағымдағы уақытты өзгерту үшін қандай команданы орындаймыз?

9. MS Dos операциялық жүйеде каталогты сактау үшін қандай команданы орындаймыз?

10. MS Dos операцилық жүйесінен шығу үшін қандай команданы орындаймыз?

11. Windows операциялық жүйесін қандай фирма ойлап тапқан? 

12. Windows-та жұмыс столы дегеніміз не?

13. Windows-та терезе дегеніміз не?

14. Бас мәзірдің қызметі не?

15. Жұмыс столында жаңа бума қалай құрамыз?

16. Есептер панелі жұмыс үстелінің қай жерінде орналасқан?

17. Жұмыс үстелінің стандартты бумаларына сипаттама беріңіз

18. Windows-тың стандартты программаларын атаңыз және қайда орналасқан?

19. Бір мезетте неше терезе ашуға болады?

20. Бірнеше терезенің ішінде ағымды терезенің белгісі қандай болады?

21. Файл түсінігі                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              

22. Интерфейс дегеніміз не?

23. Файлға ат меншіктеу ережесін айтыңыз

24. Файл атының шаблоны?

25. Пайдаланушы интерфейісінің түрлері

26. Жарлық қарай құруға болады?

27. Алмасу буферімен жұмыс істеу принциптері

28.Сервистік бағдарламалық жабдықтар

29.Магниттік дискіге қызмет ету бағдарламалары

30.Стандартты бағдарламалардың қызметі?

 

5. Компьютердің  бағдарламалық қамтамасыздандырылуы

 

Программа – магниттік  мәлімет тасымалдаушыда  (дискіде) файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы  бойынша  компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған  машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер  өзара байланыстағы  бір-бірімен бірігіп отырып жұмыс  істейтін программалар кешендерінің  көмегімен шешіледі.

Программалық  қамтамасыздандыру – компьютерде белгілі бір үлгілерді орындайтын, оларды орындауға септігін тигізетін техникалық программалық құжаттамалар жиынын қоса алғандағы программалардың жиынтығы. Программасыз кез келген аппаратура  жай элементтер  жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды. Барлық программалық құралдардың жиынтығы мен олардың қажет ететін, компьютерде қолданылатын деректерін әдетте  Software деп жиі атайды.

Бүгінгі таңда  программалық қамтамасыз етудің үш тобын бөліп  көрсетуге болады:

     1.   жүйелік   программалық жабдықтама;

  1. қолданбалы программалық жабдықтама;
  2. аспаптық  жабдықтама.

Жүйелі программалар ЭЕМ-нің аппараттық  жабдықтар  жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қолданбалы программалармен байланыстырады. Жүйелі программалық жабдықтаманы бірнеше топқа жіктеуге болады:

  1. операциялық жүйелер;
  2. утилиттер;
  3. сервистік программалар.

Операциялық жүйелер - компьютердің программалық құрал-дарының ажырамас бөлігі, ол адамға барлық құрылғыларды  басқару мүмкіншілігін беріп, сол себепті басқа программаларды аппаратурамен және қолданбалы программалармен байланыс жасаудан босататын, адам жұмысын жеңілдетуге бағытталған ең негізгі, әрі маңызды программа.

Белгілі бір қосымша қызмет  атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустық  программаларды, мәліметтерді архивтеу программаларын, компьютердің жұмыс істеу қабілетін тексеретін программаларды (тест программалары) айтуға болады.

Сервистік программалар - әрбір адамның операциялық жүйемен жұмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы.

Қолданбалы программалық жабдықтама – белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта  пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді.

Белгілі бір мақсатта пайдаланылатын программалық жабдықтама әр адамның нақты есептерін шығаруға арналған, сондықтан оны пайдалану аймағы да шектеулі. Мұндай программаларды  жұмыс иесі өзі жасайды немесе оның талабы бойынша  маман программалаушылар жасап береді.

 

GСтуденттің оқытушымен өзіндік жұмыс тапсырмасы


 

@ Келесі сұрақтарға жауаптар жазып, ауызша талқылаңыз

 

1. Бағдарлама (программа) анықтамасын айтыңыз

2. Бағдарлама классификациясын (топтары) атаңыз

3. Жүйелік бағдарлама анықтамасы

4. Жүйелік бағдарлама қызметі

5. Операциялық жүйе анықтамасы

6. Операциялық жүйе қызметі

7. Қолданбалы бағдарлама анықтамасы

8. Қолданбалы бағдарлама қызметі

9. Қолданбалы бағдарлама түрлері

10. Жүйелік бағдарлама түрлері

11. Утилиттер дегеніміз не?

12. Драйверлер дегеніміз не?

13. Операциялық қабықша дегеніміз не?

Ақпарат және информатика. 6