Ақпараттық технология пәні

Ақпараттық  технологиялар ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін саяси субъектілер қолданатын әртүрлі әдіс-тәсілдер мен техникалар. Ақпарат ағындарын анықтайтын, коммуникаторлар мен рецепиенттер әрекеттерінің мақсаттары мен тәсілдерін, қарым-қатынас стилін, басқа да ақпараттық іс- әрекеттер параметрлерін айқындайтын жүйелер ретінде мыналарды атауға болады: шешім қабылдау, сайлау кампанияларын жүргізу, халықаралық және ішкі саяси дағдарыстарды реттеу және т.б. Ақпараттық технологиялардың мазмұны, көп жағдайда, оның ақпарат нарығындағы әрекетінің стратегиясы мен тактикасына байланысты. Ең негізгілері ретінде мемлекеттің ақпараттық әрекеттеріне және оның органдарының, басқару бөлімдерінің жұмысына сапалық шектеу қоятын төмендегідей ұстанымдарды атауға болады:

  • мемлекеттің алға қойған мақсаттарына халықтың жаппай бұқаралық қолдау көрсетуі және оларды жүзеге асыруда жұртшылықты жұмылдыру ("талаптандыру", "сезімді ояту" стратегиясы);
  • оны орындауға аса күш жұмылдырмай-ақ, қандай да бір мәселенің шешімін қабылдауда ұстанған өз ұстанымы жайынан қоғамды хабардар ету ("қоғаммен байланысты үзбеу" стратегиясы);
  • бағыныңқы төменгі құрылымдарға және басқару органдарына қызметтік тұрғыдағы шешімдерді жүзеге асыру үшін арнайы нұсқауларды тарату ("қызметтік" стратегия);
  • қабылданған және жүзеге асырылып жатқан шешімдерді бақылау ("бақылау" стратегиясы);
  • қандай да бір әлеуметтік мәселелерді талқылауда мемлекеттік, саяси және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер белсенділігін үйлестіру ("күштер тепе-теңдігі" стратегиясы);
  • саяси тәртіп және басқару түрінің жағымды бейнесін қалыптастыру, соған сәйкес оппозицияның сыны ("имидж қалыптастыру" стратегиясы);
  • қоғамдық пікірді тәртіпке қолайсыз әлеуметтік мәселелерді талқылауға барғызбай, көңілін аулау ("назарын басқаға аудару" стратегиясы).

Ӏс жүзінде мемлекет қызметіне ақпараттық стратегиялар және олармен байланысты техникалық міндеттер кедергі туғызуы да мүмкін.

Санау жүйесінің түрлері.

Сан түсiнiгi – математикалық сияқты ақпараттануда да басты негiз. Егер математикада сандрды өңдеу әдiстерiне көп көңiл бөлiнетiн болса, онда ақпараттану үшiн сандарды ұсынуды пайдаланады. Себебi, тек солар ғана жадтың қажеттi қорын, жылдамдықты есептеуде жiберетiн қатенi анықтайды. 
Санау жүйесi деп белгiлi бiр мөлшердегi таңбалардың көмегiмен сандарды өрнектеу мен жазудың жиынтығы. Санау жүйесi екi топқа бөлiнедi: позициялық және позициялық емес.  
Позициялық емес санау жүйесiнде әрбiр цифрдық мәнi оның алатын орнына байланысты емес. Мұндай санау жүйесiнiң мысалы ретiнде римдiк жүйенi алуға болады. Осы жүйеде жазылған ХХХ санында Х цифры кез келген позицияда 10-ды бiлдiредi. Позициялық емес санау жүйесiнде арифметикалық әрекеттердi орындау қиын болғандықтан, позициялық санау жүйесi қолданылады.  
Позициялық санау жүйесiнде цифрдық мәнi оның орнына байланысты болды. Позициялық мән санау жүйесiнiң негiзiнде дәрежесi арқылы анықталады. Позициялық санау жүйесiнiң негiзi деп қолданылатын цифрлар санын айтады. 
Санау жүйесi төртке бөлiнедi:  
1. ондық санау жүйесi;  
2. екiлiк санау жүйесi;  
3. сегiздiк санау жүйесi;  
4. оналтылық санау жүйесi.

Ондық санау  жүйесi  
Ондық санау жүйесiнегi сандарды өрнектеу үшiн 0-9 дейiнгi араб цифрлары қолданылады:0,1,2,3,4,5,6,7,8,9.  
Мыс: 234=200+30+4  
2 жүздiктер разрядынан, 3 ондықтар разрядынан, 4-бiрлiктер разрядынан тұрады.  
Ондық жүйе позициялық болып табылады, өйткенi ондық санды жазуда цифрдың мәнi оның позициясына немесе санда орналасқан орнына байланысты. Санның цифрына бөлiнетiн позицияны разряд деп атайды.  
Егер 234 санын қосынды түрiнде былай жазамыз: 2*102+3*101+4*100 Бұл жазбадағы 10-саны санау жүйесiн негiздеушi. Санның әрбiр цифры үшiн 10 негiздеушi цифрлың орнына байланысты дәрежеленедi және осы цифрға көбейтiледi.  
Бiрлiктер үшiн – 0; ондықтар үшiн – 1, жүздiктер үшiн – 2-ге тең негiздеушi дәреже және т.с.с  
Егер сан ондық бөлшек болса, ол терiс дәрежеде жазылады. Мыс: 38,956=3*101+8*100+9*10-1+5*10-2+6*10-3  
Компьютерде ондық емес екiлiк санау жүйесi, яғни екi негiздеушiсi бар санау жүйесi қолданылады.

Екiлiк санау  жүйесi  
Екiлiк жүйеде кез келген сан екi 0 және 1 цифрларының көмегiмен жазылады және екiлiк сан деп аталады. Екiлiк санның әрбiр разрядын (цифрын) бит деп атайды. Кез келген санау жүйесiнiң негiзiн осы санау жүйесiнде қолданылатын цифрлар санын анықтап ЭЕМ-де ақпаратты өрнектеу үшiн екiлiк жүйе қолданылады. Екiлiк жүйеде қосындыда негiздеушi ретiнде 2 санын қолданады. Мысалы, 1001,11 екiлiк сан үшiн қосынды мына түрде болады:  
1*23+0*22+0*21+1*20+1*2-1+1*2-2  
Бұл қосынды ондық сан үшiн жазылған қосындының ережесi бойынша жазылады.  
Екiлiк жүйенiң маңыздғы құндылығы – цифрды ұсыну ыңғайлылығы және компьютер аппаратурасының қарапайымдылығы.  
Екiлiк жүйенiң кемшiлiгi – мұнда санды жазу үшiн 0 мен 1 цифрлары көп қажет болады. Бұл адамның екiлiк санды қабылдауын қиындатады. Мысалы 156 ондық санының екiлiк жүйедегi түрi мынадай:10011100. Сондықтан екiлiк жүйе әдетте компьютердiң “iшкi қажеттiлiгi” үшiн қолданылады, ол адамның компьютермен жұмыс iстеуi үшiн үлкен негiздеуiшi санау жүйесi таңдалды. Бұл сегiздiк және он алтылық жүйелер. Осы екi жүйелердiң және екiлiк жүйенiң арасында санды бiр жүйеден басқаға ауыстыруды жеңiлдететiн қарапайым байланыс бар.

Сегiздiк санау  жүйесi  
Сегiздiк санау жүйесi, яғни сегiздiк негiздеушi санау жүйесi, сегiз цифрдың көмегiмен санды көрсетедi: 0,1,2,3,4,5,6,7.  
Мысалы, 356 санын негiздеушi 8 қосындысы түрiнде жазайық:  
356=3*82+5*81+6*80

Оналтылық санау  жүйесi  
Оналтылық санау жүйесiнде санды жазу үшiн ондық санау жүйесiнiң цифрлары 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9 және жетпейтiн алты цифрды белгiлеу үшiн ондық сандарының мәнi 10,11,12,13,14,15 болатын сәйкес латын алфавитiнiң алғашқы үлкен әрiптерi: A,B,C,D,E,F қолданылады. Сондықтан оналтылың сандарда, мысалы, 3Е5А түрi болуы мүмкiн. Осы санды негiздеушi 16 қосындысы түрiнде жазайық:  
3Е5А=3*163+Е*162+5*161+А*160

Сандардың қандай сандық жүйеде тұрғанын бiлу үшiн, оның төменгi жағына индекс жазылады және индекске қандай жүйеде екенi көрсетiледi.

Сандарды  бiр санау жүйесiнен басқа санау жүйесiне ауыстыру  
Ондық санау жүйесiндегi сандарды басқа санау жүйелерiне ауыстыру  
Ондық санау жүйесiндегi санды екiлiк санау жүйесiне ауыстыру үшiн санды 2-ге бөлу керек. Алынған бөлiндi екiден кiшi болғанша бөлiнедi де, қалған қалдықты керi бағытта жазады. Мыс:  
129:2=64 (1) 12910=100000012  
64:2=32 (0)  
32:2=16 (0)  
16:2=8 (0)  
8:2=4 (0)  
4:2=2 (0)  
2:2=1 (0)  
1:2=0 (1)

Ондық санау  жүйесiндегi санды сегiздiк санау  жүйесiне ауыстыру үшiн екiлiк жүйесiне ауыстырған әдiстi қолданады. Бiрақ бұл кезеде санды сегiзге бөледi. Мыс:  
129:8=16 (1) 12910=2018  
16:8=2 (0)  
2:8=0 (2)

Ондық санау  жүйесiндегi санды оналтылық санау  жүйесiне ауыстыру үшiн тек санды  сегiздiң орнына он алтыға бөлу керек. Мыс:  
129:16=8 (1) 12910=8116  
8:16=0 (8)

Басқа санау  жүйесiндегi сандарды ондық санау  жүйесiне ауыстыру  
 
Екiлiк санау жүйесiндегi санды ондық санау жүйесiне аудару:  
100000012=1*27+0*26+0*25+0*24+0*23+0*22+0*21+1*20=128+1=12910

Сегiздiк санау  жүйесiндегi санды ондық санау  жүйесiне аудару:  
2018=2*82+0*81+1*80=128+1=12910

Оналтылық санау  жүйесiндегi санды ондық санау  жүйесiне аудару:  
8116=8*161+1*160=128+1=12910

Екiлiк санау  жүйесiндегi санды сегiздiк және он алтылық санау жүйелерiне ауыстыру  
Екiлiк жүйедегi санды сегiздiк жүйеге аудару үшiн екiлiк санды оңнан солға қарай цифрларды үштен жеке-жеке топқа бөледi. Содан кейiн цифрлардың әрбiр тобын кестеде көрсетiлген цифр түрiнде жазады.

Екiлiк жүйе Сегiздiк жүйе  
000 0  
001 1  
010 2  
011 3  
100 4  
101 5  
110 6  
111 7

Мыс: 1001011012=4558

Екiлiк жүйедегi санды оналтылық жүйесiне аудару сегiздiкке ұқсас жүредi, тек айырмашылықы әрбiр түрленетiн екiлiк сан оңнан солға қарай цифрларды төрттен жеке-жеке топқа бөлiп, цифрлардың әрбiр тобын кестеде көрсетiлген цифр түрiнде жазады.

Ондыј жүйе Екiлiк  жүйе Оналтылық жүйе  
0 0000 0  
1 0001 1  
2 0010 2  
3 0011 3  
4 0100 4  
5 0101 5  
6 0110 6  
7 0111 7  
8 1000 8  
9 1001 9  
10 1010 A  
11 1011 B  
12 1100 C  
13 1101 D  
14 1110 E  
15 1111 F

Мыс: 0001001011012=12D16

Екiлiк сандармен  орындалатын арифметикалық әрекеттер

Екiлiк санау  жүйесiнде арифметикалық әрекеттер  ондық жүйедегi ереже бойынша  орындалады, тек қана айырмашылығы – санау жүйесiнiң негiздеушiсi екiге тең және тек екi цифр қолданылады.

Қосу  
Екiлiк санды қосу тасымалдау есебiмен сәйкес разрядтар қосумен жүредi.  
Екi екiлiк санды қосу кезiнде мынадай төрт ереже қолданылады:  
0+0=0  
0+1=1  
1+0=1  
1+1=10 бiрлiктердi көршi разрядқа тасымалдайды  
М: 101 мен 11 екi екiлiк санды қосайық.  
+  
1000  
Қосу – екiлiк арифметикадағы маңызды амал.  
Компьютердегi екiлiк сандармен жүзеге асатын басқа амалдар қосудың көмегiмен орындалады.  
Азайту  
Екi екiлiк санды азайту кезiнде мынадай төрт ереже қлданылады:  
0-0=0  
0-1=1 бiрлiктi көршi үлкен разрядтан алады  
1-0=1  
1-1=0

М: 1010 мен 101 екiлiк сандарының айырмасын табайық.  
-  
101  
Көбейту  
Екi екiлiк санды көбейту ондық сандарды көбейтумен бiрдей жүредi:  
М: 1001 мен 101 екiлiк сандарын көбейтейiк.  
*  
1001  
0000  
1001  
101101

Дербес  компьютер

Скачать 26.12.2009, 14:38
Компьютер (ағылшынша: computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналғанмашина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.    

Негізгі принциптері: Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін компьютер механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп таралған түрі — дербес компьютер жақсы таныс.    

Компьютер архитектурасы  алға қойылған мәселені, зерттеліп  отырған физикалық құбылысты  максималды айқын көрсетіп, модельдеуге  мүмкіндік береді. Мысалы, электрондық  ағындар бөгеттер салу кезіндегі су ағынының үлгісі ретінде қолданылуы мүмкін. Осылай құрастырылған аналогтық компьютерлер ХХ ғасырдың 60-жылдары көп болғанымен, қазір сирек кездеседі.    

Қазіргі заманғы  компьютерлердің басым бөлігінде  алға қойылған мәселе әуелі математикалық  терминдерде сипатталады, бұл кезде барлық қажетті ақпарат екілік жүйеде (бір және ноль ретінде) көрсетіледі, содан кейін оны өңдеу үшін қарапайым логика алгебрасы қолданылады. Іс жүзінде барлық математикалық есептерді бульдік операциялар жиынына айналдыруға болатындықтан, жылдам жұмыс жасайтын электронды компьютерді математикалық есептердің, сонымен қатар, ақпаратты басқару есептерінің көпшілігін шешу үшін қолдануға болады.

Бірақ, компьютерлер кез-келген математикалық есепті шеше алмайды. Компьютер шеше алмайтын есептерді ағылшын математигі Аланом Тьюринг сипаттаған болатын.

Орындалған  есеп нәтижесі пайдаланушыға әр түрлі  енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен  көрсетіледі, мысалы, лампалық индикаторлар, мониторлар, принтерлер және т.б.

Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.   

Этимология.     

Компьютер сөзі ағылшын тілінің ағылшыншаto compute, ағылшыншаcomputer сөздерінен шыққан. Бұл сөздер «есептеу», «есептегіш» мағынасында аударылады (ағылшын сөзі, өз кезегінде, латын тілінің латыншаcomputo — «есептеймін» сөзінен шыққан). Алғашында ағылшын тілінде бұл сөз механикалық құрылғыларды қолданбай немесе қолдана отырып, арифметикалық есептеулер жүргізетін адамға қатысты айтылған. Содан кейін бұл сөз машиналарға қатысты айтылатын болды, бірақ, қазіргі заманғы компьютерлер математикамен тікелей байланысты емес мәселелермен де айналысады.

Компьютер сөзінің анықтамасы алғаш рет 1897 жылы ағылшындық Оксфорд сөздігінде пайда болған болатын. Бұл сөздікте компьютер механикалық есептеуіш құрылғы ретінде көрсетілген. 1946 жылы бұл сөздікте цифрлық компьютер, аналогтық есептеуіш машинасы және электронды компьютер түсініктерінің мағынасы ажыратылып көрсетілді.

Есептеуіш техника есептеу және мәліметтерді өңдеу процессінің маңызды компоненті болып табылады. Есептеуге арналған алғашқы құрал ретінде есептеу таяқшаларын атауға болады, бұл құрал қазіргі кезде де бастауыш сынып оқушыларын есепке үйрету үшін қолданылады. Даму жолында бұл құралдар күрделене түсті (мысалы, финикиялық саз фигуралары).

Уақыт өте  келе, қарапайым құрылғылардан күрделі  құралдар пайда бола бастады: абак, логарифмдік сызғыш, механикалық  арифмометр, электронды компьютер. Алғашқы  есептеуіш құрылғылардың қарапайымдылығына қарамастан, олармен жұмыс жасауға үйренген адам, қазіргі заманғы калькуляторларды пайдаланғаннан да жылдам есептер жүргізе алады. Әрине, қазіргі заманғы есептеуіш құрылғыларының жұмыс өнімділігі және есептеу жылдамдығы ең жылдам есептегіш адамның өзін шаң қаптырып кетеді.  

    Нөлдік буын.

  • б.э.д. 3000 жыл — Ежелгі Вавилонда алғашқы есептегіштер — абак пайда болды.
  • б.э.д. 500 жыл — Қытайда абактың «жаңа» нұсқасы пайда болды.
  • 1492 жыл — Леонардо да Винчи өзінің бір күнделігінде он тісті сақиналары бар 13-разрядты есептегіш құрылғының сызбасын көрсеткен. Бұл сызбалар негізінде жұмыс жасайтын құрылғы ХХ ғасырда ғана жасалғанымен Леонардо да Винчи жобасының дұрыстығы расталды.
  • 1623 жыл — Вильгельм Шиккард, Тюбинген университетінің профессорі, тісті сақиналар неізінде алты разрядты ондық сандарды қосып және азайта алатын құрылғы жасап шығарды. 1960 жылы профессордың сызбасы бойынша қайта жасалып, дұрыс жұмыс жасайтындығын көрсетті.
  • 1630 жыл — Ричард Деламейн шеңберлік логарифмдік сызғыш жасады.
  • 1642 жыл — Блез Паскаль «Паскалин» — алғашқы нақты жүзеге асырылған және кең танылған цифрлық есептеуіш құрылғыны ұсынды. Құрылғы прототипі бес разрядты ондық сандарды қосып және азайта алатын еді. Паскаль бұндай есептегіштердің оннан астамын жасады, соңғы үлгілері сегіз разрядты сандармен де жұмыс жасай алатын еді.
  • 1673 жыл — көрнекті неміс философы және математигі Готфрид Вильгельм Лейбниц механикалық калькулятор жасады, ол екілік санау жүйесінің көмегімен көбейту, бөлу, қосу және азайтуды орындай алатын еді.
  • Осы кездер шамасында Исаак Ньютон математикалық анализ негіздерін қалады.
  • 1723 жыл — неміс математигі және астрономы Христиан Людвиг Герстен, Лейбниц жұмыстарының негізінде арифметикалық машина жасады. Машина сандарды көбейту кезінде бүтін бөлігін және тізбектелген қосу амалдарының санын есептей алатын еді. Сонымен қатар бұл машина енгізілген мәліметтерді енгізудің дұрыстығын тексере алатын еді.
  • 1786 жыл — неміс әскери инженері Иоганн Мюллер «айырмалық машина» идеясын ұсынды — бұл машина айырмалық әдіспен есептелетін логарифмдерді табуляциялай алатын еді. Лейбництің тісті доңғалақтары негізінде жасалған бұл машина біршама кішкентай (биіктігі 13 см, диаметрі 30 см) болғанымен, 14-разрядты сандармен негізгі төрт арифметикалық амалды орындай алатын еді.
  • 1801 жыл — Жозеф Мария Жаккард бағдарлама арқылы басқарылатын тігін станогын құрды, оның жұмысы перфокарталар жиыны көмегімен көрсетілетін еді.
  • 1820 жыл — француз Тома де Кальмар арифмометрлерді алғаш рет өндірістік жағдайда шығарды.
  • 1822 жыл — ағылшын математигі Чарльз Бэббидж айырмалық машинаны (математикалық кестелерді автоматты түрде құруға арналған арифмометр) ойлап тапты, бірақ іс жүзінде жасап көрсете алмады.
  • 1855 жыл — Стокгольм қаласында ағайынды Георг және Эдвард Шутц Чарльз Бэббидж жұмыстарының негізінде алғашқы айырмалық машина жасады.
  • 1876 жыл — орыс математигі П.Л.Чебышев ондықтарды үзіліссіз тасымалдайтын қосқыш аппарат құрды. Бұл ғалым 1881 жылы осы машинаға көбейту және бөлуге арнап қосымша бөліктер жасады.
  • 18841887 жж — Герман Холлерит электрлік табуляциялық жүйе (Холлерит табуляторын) жасап шығарды, бұл жүйе 1890 және 1900 жылдары АҚШ-тағы, 1897 жылы Ресейдегі халық санағында қолданылды.
  • 1912 жыл — орыс ғалымы А.Н.Крылов жобасы бойынша қарапайым дифференциалдық теңдеулерді интеграциялауға арналған машина жасалды.
  • 1927 жыл — Массачусетс технологиялық университетінде аналогтық компьютер жасап шығарылды.
  • 1938 жыл — неміс инженері Конрад Цузе өзінің алғашқы есептеуіш машинасын жасап, оған Z1 деген ат берді (Оның соавторы ретінде Гельмут Шрейердің есімі де аталады). Бұл толықтай механикалық, бағдарламаланатын цифрлық машина еді. Бұл үлгі іс жүзінде қолданылмады. Оның қалпына келтірілген нұсқасы Берлиндегі неміс техникалық мұражайында сақталған. Осы жылы Цузе Z2 машинасын жасауға кірісіп кетті.
  • 1941 жыл — Конрад Цузе Z3 машинасын жасады. Бұл машина қазіргі заманғы компьютердің барлық қасиеттерін ие болатын.
  • 1942 жыл — Айова штатының университетінде Джон Атанасов және оның аспиранты Клиффорд Берри АҚШ-тағы алғашқы электрондық цифрлық компьютерді жасап бастады. Бұл машина толықтай аяқталмағанымен (Атанасов әскерге кетті), тарихшылардың айтуына қарағанда, американ ғалымы Джон Мочлидің екі жылдан кейін Эниак ЭЕМ-ін жасап шығаруыны көп әсерін тигізді.
  • 1943 жылдың басында алғашқы американдық есептеуіш машина — Марк I жасалды. Бұл машина АҚШ әскери-әуе күштерінің күрделі баллистикалық есептерін шығаруға арналған еді.
  • 1943 жылдың соңында арнайы мақсаттарда қолданылатын ағылшын есептеуіш машинасы — Колосс жасалды. Машина фашисттік Германияның құпия кодтарын шешумен айналысты.
  • 1944 жылы Конрад Цузе Z4 компьютерін жасап шығарды.
  • 1946 жылы алғашқы әмбебап электронды цифрлық есептеуіш машина — Эниак жасап шығарылды.
  • Кеңес Одағында алғашқы электрондық есептеуіш машинасы Киевте Сергей Алексеевич Лебедевтің басшылығымен 1950 жылы жасалды.

Компьютер техникасының экспоненциалды дамуы.    

Егер есептеуіш  құрылғылардың 1900 жылдан бастап даму тарихына көз жүгіртетін болсақ, машиналардың жұмыс өнімділігі әрбір 18-24 айда екі  есеге өсіп отырғанын байқаймыз. Бұл ерекшелікті алғаш рет 1965 жылы «Intel» компаниясының басшыларының бірі Гордон Е. Мур сипаттаған болатын. Компьютерлер көлеміні кішірею процессі де осындай жылдамдықпен жүріп келеді. Алғашқы электрондық есептеуіш машиналар көптеген тонна салмағы бар, бірнеше бөлмеде орналасқан үлкен құрылғылар болатын. Олардың қымбат екені сонша, оларды тек үкіметтер мен үлкен зерттеу ұйымдары ғана пайдалана алатын еді. Олармен салыстырғанда, қазіргі заманғы компьютерлер біршама қуатты, кішкентай және арзан болып табылады.

Қолданылуы  бойынша бөлу.

  • Калькулятор
  • Консольдық компьютер
  • Миникомпьютер
  • Мэйнфрейм
  • Дербес компьютер
    • Ойын консолі
    • Қалталық дербес компьютер
  • Жұмыс станциясы
    • Ноутбук (Лэптоп)
  • Сервер
  • Суперкомпьютер

Физикалық жүзеге асыру.    

Компьютерлерді  жіктеу үшін оларды құру кезінде қолданылған технологияларды пайдалануға болады. Бастапқыда компьютерлер толықтай механикалық жүйе болғандығы белгілі. Соған қарамастан, ХХ ғасырдың 30-жылдары телекоммуникациялық өндіріс электромеханикалық компоненттерді ұсынды, ал 40-жылдары вакуумдық электрондық лампалар негізінде құрылған толықтай электрондық компьютерлер жасалды. 50-60-жылдары лампалардың орнына транзисторлар келді, ал 70-жылдардың басында — қазіргі кезге дейін қолданылатын интегралдық жүйелер (кремний чиптері) пайдаланыла бастады.

Бұл тізім  толық деп айта алмаймыз; ол тек есептеуіш техниканың негізгі даму тенденциясын ғана көрсетеді. Әр кезеңдерде көптеген түрлі технологиялар қолданылған болатын. Мысалы, гидравликалық және пневматикалық компьютерлерді жасау мүмкіндігі қарастырылған, ал 1903-1909 жылдары Перси И. Луджет атты өнертапқыш тігін механизмінің негізінде жұмыс жасайтын аналитикалық машина жобасын құрған болатын.

Қазіргі кезде оптикалық компьютерлердің жобасы жасалуда. Бұл компьютерлер электр сигналдарының орнына жарық сигналдарын қолданады. Басқа бағыт бойынша молекулярлық иология және ДНҚ зерттеулерінің жетістіктерін қолдану қажет. Ақыр аяғында, есептеуіш техника саласындағы өте үлкен өзгерістерге әкелуі мүмкін тәсілдердің бірі кванттық компьютерлердіжасауға негізделген.

  • Кванттық компьютер
  • Механикалық компьютер
  • Оптикалық компьютер
  • Пневматикалық компьютер
  • Электрондық компьютер

Цифрлық немесе аналогтық.    

Комьютерді  құру кезінде, оның цифрлық немесе аналогтық  жүйе болатынын анықтап алу керек. Егер цифрлық компьютерлер дискретті сандық және таңбалық айнымалылармен жұмыс жасайтын болса, аналогтық компьютерлер келіп түсетін мәліметтер ағынын үзіліссіз өңдеуге арналған. Қазір цифрлық компьютерлер кеңінен қолданылады, бірақ аналогтық компьютерлер де кейбір арнайы мақсаттарда қолданылады. Бұл жерде импульстік немесе кванттық есептеулер туралы айтпай отырған себебіміз — олар арнайы салаларда ғана қолданылады, немесе әзірге тек тәжірибе жүзінде қолданылады.

Аналогтық компьютерлер: логарифдік сызғышастролябияосциллографтеледидараналогтық дыбыстық процессоравтопилот,ми.

Ең қарапайым  дискретті есептегіштер ретінде  абакты айтсақ, ең күрделісі суперкомпьютер болып табылады.

Екілік, ондық немесе үштік есептеуіш техника.    

Есептеуіш техниканың дамуындағы маңызды қадам ретінде  сандардың ішкі көрсетілімінің екілік жүйеге ауысуын айтуға болады. Бұл қадам есептеуіш техникалардың және перифериялық құрылғылардың құрылыстарын біршама қарапайым етті. Екілік жүйесін қолдану арифметикалық функцияларды және логикалық амалдарды орындауды жеңілдетті.

Соған қарамастан, екілік логикаға өту процессі бір  мезетте бола қойған жоқ. Көптеген ғалымдар компьютерді адамға ыңғайлы ондық санау жүйесінде жасап шығаруға тырысты. Басқа да тәсілдер қолданылды. Мысалы, кеңестік машиналардың бірі үштік жүйе негізінде жұмыс жасады, кей жағдайларда үштік жүйенің екілік жүйеден артықшылықтары бар еді (үштік Сетунь компьютерінің жобасын кеңес ғалымы Н.П.Брусенцов жасап шығарды)

Ондық санақ  жүйесі негізіндегі компьютер ретінде  алғашқы американдық есептеуіш  машина — Марк I машинасын атауға болады.

Толықтай  алғанда, мәліметтерді ішкі көрсету  жүйесін таңдау компьютер жұмысының негізгі принциптерін өзгертпейді — кез-келген компьютер басқа жүйедегі компьютер жүйесін эмуляциялай алады.

Мүмкіндігі  бойынша бөлу.    

Есептеуіш техникаларды жіктеудің тәсілдерінің бірі ретінде  олардың қабілеттерін анықтауды  атауға болады. Барлық есептеуіш машиналар, келесі үш типтің біреуіне жатқызылуы мүмкін:

  • бір қызметті ғана орындайтын арнайы құрылғылар;
  • аз ғана қызмет орындай алатын құрылғылар;
  • қазіргі кезде қолданылатын жалпы мақсаттағы құрылғылар. Компьютер деп, осы үшінші тип машиналарын атайды.

Қазіргі заманғы жалпы  мақсаттағы компьютер.    

Қазіргі заманғы  компьютерлерді қарастырған кезде, олардың бұрынғы есептеуіш машиналардан бір маңызды ерекшелігін байқаймыз: қажетті бағдарламаларды қолдану  арқылы кез-келген компьютер басқа  бір компьютердің әрекеттерін орындай алады (әрине, бұл мүмкіндік мәліметтерді сақтау құрылғыларының сыйымдылығымен және жылдамдықпен шектеледі). Осылайша, қазіргі заманғы компьютерлер болашақта құрылатын кез-келген есептеуіш техниканың жұмысын эмуляциялай алады деп есептеледі. Бұл қабілет арқылы жалпы мақсаттағы компьютерлерді және арнайы мақсаттағы құрылғыларды ажыратуға болады.

Компьютерлердің қолданылуы.    

Алғашқы компьютерлер тек қана есептеулер үшін қолданылған  болатын ("компьютер" және "ЭЕМ" терминдерінің шығу тегі де осыған байланысты). Ең қарапайым деген компьютерлердің өзі бұл салада адамдардан асып түседі. Ең алғашқы шыққан бағдарламалау тілі - Фортран тілі де осы себепті тек қана есептеулер шығаруға арналған болатын.

Екінші жолы - мәліметтер базасы үшін. Бірінші кезекте бұлар үкіметтерге және банктерге қажет болатын. Мәліметтер базасын басқару үшін күрделі компьютерлер және ақпаратты енгізу-шығару, сақтауға қажетті күрделі жүйелер қажет болды. Осы мақсаттарда Кобол тілі пайда болды. Кейінірек пайда болған мәліметтер базасын басқару жүйелерінің өз бағдарламалау тілдері бар болатын.

Үшінші жолы - әр түрлі құрылғылармен бірге  қолдану. Даму жолы арнайы мамандандырылған (көп жағдайда аналогтық) құрылғылардан  стандартты компьютерлік жүйеге дейін  болды. Сонымен қатар, күн өткен сайын, техниканың көп бөлігі компьютерден тұратын болды.

Ақырында, компьютерлер кеңседе де, үйде де негізгі ақпараттық құрал ретінде пайдаланыла бастады. Яғни, ақпаратпен орындалатын кез-келген жұмыс (мәтінді енгізу, фильм қарау) компьютер көмегімен жүзеге асырылатын болды. Осы тұжырымды ақпаратты сақтауға да, тасымалдауға да байланысты айтуға болады.

Компьютерлер  қолданылатын салалардың ішіндегі ең күрделі, ең аз дамыған саласы жасанды  интеллект - компьютерлерді белгілі  бір алгоритм жоқ жерде пайдалану болып табылады. Бұл салаға мысал ретінде мәтінді аудару, эксперттің жүйелерді айтуға болады.

 

ЭЕМ-нің жедел жады скачать

28.03.2010, 21:20
ЭЕМ-нің жедел жады  
 
Оперативті есте са
қтау құрылғысы немесн ЭЕМ-нің жедел жады (RAM), сондай-ақ тұрақты есте сақтау құрылғысы (ROM) компьютердің ішкі жадын құрайды, осы екеуімен процессор жұмыс кезінде мәлімет алмасып отырады. өңделуге тиісті кезкелген мәлімет алдымен компьютердің сыртқы жадынан (магниттік дискілерден) жедел жадына жазылады.  
Компьютерді
ң жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәләметтер мен программалар сақталады. Информация керек кезінде магниттік дискінен жедел жадқа көшіріліп, өңделген соң олар қайта сыртқы жадқа жазылып қойылады. Жедел жадта информация тек жұмыс сеансы кезінде сақталып, ондағы мәлімет ЭЕМ сөндірілгенде немес еэлектр торабында ақау болып, ток өшкен шақтарда ізсіз жоғалады. Осыған байланысты әрбір адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын информацияны жоғалтып алмауы үшін оны оқтын-оқтын магниттік дискіге жазып отыруы керек.  
Компьютерді
ң жедел жадының көлемі өскен сайын оның есептеу жылдамдығы да артады. Информация көлемін өлшеуде сегіз биттен (бір мен нөл тізбегі) тұратын байт бірлігі қолданылатыны белгілі. Осы өлшем бірлігі арқылы жедел жадтағы не мегниттік дискеттегі сақталатын информация 360кб, 720кб немесе 1,44 Мб болып жазылуы мүмкін. Мұнда 1кб (1 килобайт)=1024байт, 1Мб (1 мегабайт)=1024кб, ал венчестер деп аталып жүрген қатты дискіде 1000-10000Мб (1-4 Гигабайт) және одан да көлемді информация жазылып сақталады.  
Әдетте IBM PC XT (бұрынғы модель) компьютерлерінің жедел жадының көлемі 640 кб, IBM PC AT үшін – 1 Мб-тан жоғары, ал олардың жоғарғы модельдері 1-ден 16Мб-қа дейін, бірақ оның көлемі 32 Мб не одан да жоғары бола береді – жедел жадтың көлемін оның негізгі тақшасына микросхема қоса отырып үлкейтуге болады.  
Компьтерді
ң жедел жадынан өзгеше оның тұрақты жады бар, ол өзгертілмейтін информацияны сақтайды, ешкім оны өшіріп қайта жаза алмайды, оны тек оқуға болады. Әдетте тұрақты жадтың көлемі шағын 32-64кб шамасында. Тұрақты жадқа керектеі программалар оны шығаратын заводта жазылады, олар көбінесе компьютерді ток көзіне жалғаған кезде оны тексеріп іске қосу үшін қажет.  
Сыйымдылы
ғы 1Мб немесе одан жоғары болып келетін компьтерлердің жедел жады екі бөлімнен тұрады – алғашқы 640кб қолданбалы программалар мен операциялық жүйе үшін, ал қалғаны төмендегідей мақсаттарға пайдаланылады:  
- операциялы
қ жүйенің алғашқы жүктемесін және компьтердің жұмысқа жарамдылығын тексеретін операциялық жүйенің бөлігін сақтауға, сондай-ақ төменгі деңгейдегі қарапайым енгізу-шығару жұмыстарын орындау үшін;  
- экран
ға кескіндерді беру үшін;  
- компьютерді
ң қосымша құрылғылары мен бірге жүктелетін операциялық жүйелердің әртүрлі кеңейтілген мәліметтерін сақтау үшін қажет болады.  
Жедел жадты
ң көлемі туралы сөз болғанда, оны бірінші бөлігі туралы айтылады, ал ол кейбір программаларды орындауға жеткіліксіз болып қалады. Міне, осындай сәттерде компьютердің жедел жадының кеңейтілген бөлігі (extended) мен қосымшасы (expanded) пайдаланылады.  
INTEL фирмасыны
ң 80286, 80386SX және 80486SX сияқты процессорларды 1-16Мб жедел жад көлемімен, ал 80386 және 80486 процессорлар - 4-8Мб көлемімен жұмыс істей алады. Бірақ операциялық жүйе үлкен көлемді жадты толық пайдалана алмайды. Қосыша жадты пайдалану үшін арнаулы программалар – “драйверлер” жасалынады, олар қолданбалы программадан тапсырма алады да, процессордыңқорғалған режим” жүйесіне көшеді. Тапсырманы орындаған соң, драйвер алғашқы режимге көшуді қамтамасыз етеді де, микропроцессор жұмыстың қалыпты режиміне ауысады.  
Процессорды
ң өте жылдам істейтін тағы бір шағын көлемді жады бар, оны кэш-жад (Cash) немесе бүркеме-жад деп атайды. Ол жедел жад пен процессордың жұмысын жылдамдату үшін аралық дәнекер жад ретінде пайдаланылады.  
Процессордан б
өлек компьтер құрамында:  
- ЭЕМ
құрамына кіретін (дисплей, диск және т.с.с.) әртүрлі құрылғылар және олардың жұмысын басқаратын электрондық схемалар (контроллерлер);  
- Енгізу-шы
ғару порттары, олар жүйелік блокқа әртүрлі принтер, графиксызғыш, тышқан тетігі тәрізді шеткері құрылғыларды тіркейтін көпразрядты байланыс құрылғылары түрінде болады.  
Енгізу-шы
ғару порттары ішкі негізгі құрылғылары мен байланыс жасайтын арнайы порттан және шеткері құрылғыларымен (принтер, тышқан тетігі т.с.с.) байланыстыратын жалпы мақсаттағы порттардан тұрады. Жалпы мақсаттағы порттар LPT1-LPT3 деп белгіленетін параллель және COM1-COM3 болып белгіленетін тізбекті бөліктерге жіктеледі. Параллель порттар жұмысты жылдам істейді, бірақ байланасу үшін көбірек сым шоғырларын керек етеді (принтермен жалғасатын порт параллель, ал модеммен телефон желісі арқылы байланысатын порт тізбекті түрге жатады).

Компьютерде есепті шешудің негізгі  кезеңдері.

Опубликовал inust в 24 Октябрь 2011 – 18:27Пікір жоқ 
Бұл мақала 467 рет оқылды, 3 рет бүгін

Компьютерде есепті шешу процесі- бұл адам және ЭЕМ арасындағы біріктірілген сала. Бұл процесті бірнеше тізбектелген этаптар түрінде көрсетуге болады. Адамға тиісті этаптар, шығармашылық саламен байланыстысы- қойылуы, алгоритмизациясы, есепті программа және нәтижелерді талдау, ал компьютерге тиістісі- өңделген алгоритммен сәйкес келетін ақпаратты өңдеу этаптары.

Бұл этаптарды  келесі мысалдарда қарастырамыз: екі  бүтін санның соммасын есептеу және видеомонитордың экранына нәтижесін  шығару.

Бірінші этап – есептердің қойылымы. Бұл этапта есепті қолданатын жұмыс саласын жақсы білетін адам қатысады, ол есептің мақсатын нақты анықтауы керек, есептің мазмұнына сөздік түсінік беруі және оның шешімімен жалпы жақындық ұсынуы керек. Мысалы, екі бүтін санның соммасын есептеу үшін сандар қалай қосылатын білетін адам, есепті келесі әдіспен түсіндіре алады: екі бүтін санды енгізу, оларды бір-біріне қосу және есептің нәтижесі ретінде соммасын шығару.

Екінші этап – математикалық немесе ақпараттық моделдеу. Бұл этаптың мақсаты – есеп компьютерде шешілуі үшін, есептің математикалық моделін құру. Көптеген есептердің математикалық моделінде тек қана формулалар мен логикалық шарттар келтіріледі. Бұл этап бірінші этаппен тығыз байланыста және оны бөлек қарастырмасада болады, бірақ құрылған модель үшін бірнеше шешу әдістері танымал болуы мүмкін және олардың ішінен ең ыңғайлысын таңда керек болады. Жоғарыда түсіндірілген есеп үшін екінші этап келесідей болады: компьютерге енгізілген сандарды А және В атауымен жадыда сақтаймыз, содан соң бұл сандардың соммсының мағынасын А + В формуласы бойынша есептейміз және нәтижесін жадыда Summa атауымен сақтаймыз.

Үшінші этап – есептің алгоритмі. Математикалық түсіндіру негізінде шешу алгоритмін құрастыру керек. Алгоритм дегеніміз – қойылған есептің шешуге бағытталған әрекеттер тобын іске асыру үшін атқарушыға түсінікті әрі дәл нұсқаулар жиынтығы. Алгоритмдерді орындайтындар адамдар, роботтар, компьютерлер болуы мүмкін.

Төртінші этап – программалау. Программа – бұл орындаушы(компьютер) орындайтын әрекеттердің жоспары. Үшінші этапта құрылған алгоритм бойынша программа алгоритмдік тілде жазылады.

Бесінші этап – жазылған программаны компьютерге программалау жүйесінде еңгізіледі.

Алтыншы этап – тестлеу және программаны жөндеу. Бұл қадамда ЭЕМ қөмегімен алгоритм орындалады, қателер ізделінеді және олар жойылады. Программаны жөндеу – бұл күрделі және стандартты емес процесс.Күрделі программалар бөлек фрагменттермен тексеріледі.

Жетінші этап - жөнделген программаның орындалуы және нетижені талдау. Бұл қадамда программа жұмысқа қосылып , алғашқы керекті мәндер беріліп. программа нәтижесі алынады. Шыққан нәтижелер талданып, нәтижелерге сай шешімдер, ұсыныстар, шығарулар жағдыланады. Талдау шешімі бойынша есептің құрылған жолдары қайтадан қарастырылып, есептің бірінші қадамына қайтып оралып, есеп жаңадан шешілуі мүмкін. 

Мәліметтер қоры (Ms Access) 
Сіздер
өздеріңіз білесіздер, ақпараттарды реттеу үшін ақпараттардың тақырыптары, өзара қисынды біріктірілген арнайы анықтамалар, каталогтар, картотекалар, энциклопедиялар және т.б. бар. 
Сонымен
қатар, ақпараттардың ағымы үнемі ұлғаюда және бүгінгі күнде ешқандай анықтамалар ақпаратты үнемі және өз уақытында жаңартып отырмақ түгел, оны сыйғыза да алмайды. 
Б
ұл мәселені шешу үшін компьютерде есептеуді жүргізетін графикалық бейнелерді , мәтіндерді құруңа мүмкіндік беретін программалардан басқа, үлкен көлемді ақпараттарды сақтау, өңдеу және іздеу үшін арнайы программалар бар. Мұндай программалар деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) деп аталады. Әуелі біз деректер базасы дегеніміз не ? Соған тоқталайық
Қандай да бір тасушыда, мысалы, қағазда, кинотаспада, магниттік дискіде сақталған арнайы ұйымдастырылған деректердің жиынтығын деректер базасы деп түсінуге болады.  
Мысал келтіре кетсем, сізді
ң мектебіңізде 1000-ға жуық немесе одан да көп оқушылар оқиды делік. Әрбір мектепте әрбір оқушының деректері: аты-жөні , туған жылы, ұлты, жынысы, бойы және т.б. тіркелген медициналық карточка жүргізетін медициналық кабинет бар. Осы карточкалар шкафта былыққан түрде жатыр делік. Сіз өзіңізге қажетті карточканы табу үшін қанша уақыт кетеді. Әрине көп уақыт . Егер осы карточкаларды сыныптың сатысы бойынша (1-ші, 2-ші, ..., 11 сынып), содан кейін әрбір сатыны алфавиттік ретте, ал әрбір сатының нақты сыныбының ішінде алфавиттік ретте жайып қоятын болсақ, яғни картотека ұйымдастырудың, онда қажетті карточканы іздеуге бірнеше секунд керек болады. Бұдан біз оқушының медициналық деректерін топтастырудың өзі деректер базасы екенін көреміз.  
Деректер базасы негізінде
үш белгісі бойынша жіктеледі.  
1-ші белгісі- са
қталған ақпараттың сипатына қарай деректер базасы фактографиялық және құжаттық болып бөлінеді.  
Фактографиялы
қ деректер базасы қатаң анықталған пішінде ұсынылған, жазылған объектілер туралы қысқаша мәліметтерден. Мысалы: кітапханадағы кітаптар қорының деректер базасында әрбір кітап туралы деректер библиографиялық түрде сақталады: шығарылған жылы, авторы, аты және т.б. 
Құжаттық деректер базасы әр түрлі типтегі : мәтіндік, графикалық, дыбыстық, мультемедиалық кең көлемдегі информациялардын тұрады. Мысалы: заңдық актілердің құжаттық деректер базасы заңдардың мәндерінен тұрады. 
2-ші белгісі- а
қпараттарды сақтау әдісі бойынша деректер базасы орталықтанған және бөлектелінген болып бөлінеді. Орталықтанған деретер базасында барлық ақпараттар бір компьютерде сақталады. Бөлектелінген деректер базасы компьютердің жергілікті және ауқымды желілерінде қолданылады және ақпараттың әр түрлі бөліктері бөлек компьютерде сақталуы мүмкін. 
3-ші белгісі – а
қпаратты ұйымдастыру құрылымы бойынша деректер базасы реляциялық, иерархиялық және желілік болып бөлінеді.  
Реляциялы
қ деректер базасы деп өзінің құрамды бөліктерінің өзара байланысынан құрастырылған деректер базасын атайды. Қарапайым жағдайда ол бір тікбұрышты кесте құрайды. Күрделі реляциялық деректер базасы көптеген тікбұрышты кестеден тұрады. 

(Мәліметтер қорына қоғамның қандай да бір саласының немесе оның бөлігіндегі нақты объектілер туралы мағлұматтар жиынтығын жатқызсақ, мәліметтер қорымен басқару жүйелері – көп көлемді мәліметтерді сақтауға, оларға тиімді қатынау ұйымдастыруға және есептеуіш жүйелердің ресурстарын тиімді пайдалануға қолданылатын тілдік-программалық және инструменталдық құралдар кешені. 
Қазіргі заманғы ақпараттық жүйелердің құрылымдарының күрделенуіне байланысты мәліметтер қорының да ұғымы күрделене түсетіні ақиқат.  
Қандайда бір ақпараттық жүйедегі объектіге тиісті бірқалыпты мәліметтер жиынтығын мәліметтер кестесі деп атайды (FoxPro тілінде олар .dbf кеңейтуі бар файл). Ал сол кестелердің жиынтығы және олардың арасындағы байланыстардың бірігуін компьютерде мәліметтер қоры деп атайды. (Мысалы, ол FoxPro тілінде .dbc кеңейтілуі бар файл).  
Мәліметтер қоры көптеген қазіргі заманғы ақпараттық жүйелердің ажырамас бір бөлігі болып саналады. Олар әртүрлі өндірістік салада қолданылып, мәліметтер мен жұмыс істеуге ыңғайлы да, қарапайым құралдарды ұсынады. Мәліметтер қорының реляциялық моделі негізінде құрылып, жүзеге асқаннан бері, мәліметтер қорынының мүмкіншіліктері елеулі жоғарылады.  
Есептеуіш желілердің дамуы үлестірілген мәліметтер қорының ролін арттырды. Клиент-сервер технологиясы үлестірілген мәліметтерді өңдеумен бірге орталықтан басқару және мәліметтерге қатынау мүмкіндіктерін біріктірді.  
Адам өмірінің әртүрлі қызмет саласында автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің кең түрде ендірілуі, электрондық түрде жинақталған әртүрлі көлемді ақпараттардың күрт өсуі, мәліметтер қорын басқару аймағы білімдерінің мәні мен ролі және біліктілігі арта түсуде.  
Бұл мақалада мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес 3 мамандықтың мәліметтер қорымен байланысты тематикасы мен оқыту көлемдерінің салыстырмалы талдауы көрсетілген.)
 
 

Мәліметтер  қорлары және МҚБЖ 

 
 
 
Мәліметтер қоры (МҚ) – қандай да пәндік аймақтағы ақиқат өмірдің  нақты объектілері туралы мағлұматтардың өзара байланыстағы жиынтығы. МҚ-ның  негізгі мақсаты – нақты өмірдің  объектілері туралы өте үлкен мәліметтер санын олардың арасындағы байланыстарды ескере отырып өңдеу. МҚ іргелі ұғымдары – объект, атрибут, байланыс.  
 
Объект – бізді қошаған нақты болмыстың (заттың, үрдістің, құбылыстың) белгілі бір бөлігі.  
 
Атрибут – объект қасиеттерінің ақпараттық бейнеленуі, яғни объект белгілерінің бірін (мысалы көлемі, түсі, т.с.с.) немесе жұмыс істеу ерекшеліктерін анықтайтын сол объект элементінің сипаты.  
 
Байланыс – объектілер арасындағы қатынас.  
 
Сонымен қатар келесі негізгі ұғымдар қолданылады.  
 
Жазба - өзара логикалық түрде байланысқан мәліметтер элементтерінің жиынтығы.  
 
Алғашқы кілт – объектінің әрбір данасын (жазбаны) ерекше түрде идентификациялайтын атрибут.  
 
Мәліметтердің МҚ-да сақталу процедурасы принциптерінің ішінде негізгі екеуін көрсетуге болады, олар  
 
- мәліметтердің тұтастығы және қайшылықсыздығы;  
 
- мәліметтердің минималды артықтығы, яғни кез келген мәлімет элементі бір түрде ғана сақталуы.  
 
МҚ-да мәліметтерді ұйымдастырудың иерархиялық, реляциялық және желілік модельдері қолданылады, соларға сәйкес МҚ түрлері анықталады. Мәліметтер қорымен әртүрлі операциялар орындау үшін мәліметтер қорын басқару жүйелері (МҚБЖ) құрылады.  
 
МҚБЖ – МҚ басқаруға арналған программалық құралдардың кешені. Ең жалпы деңгейде  
 
- мамандандырылған немесе өнеркәсіптік МҚБЖ;  
 
- дербес МҚБЖ  
 
деп жіктейді. Мамандандырылған немесе өнеркәсіптік МҚБЖ – ірі экономикалық объектілерді басқаруды автоматтандыру жүйелерін құрудың программалық негізі. Олар - Orfcle, DB2, Sybase, Informix, т.б.  
 
Дербес МҚБЖ – жергілікті пайдаланушының немесе қомақты пайдаланушылар тобының есептерін шешуге бағытталған және микроЭЕМ-дерде пайдалануға белгіленген программалық жабдық. Олар – FoxBase/FoxPro, Clipper, Paradox, Access, Approach, т.б.  
 
MS Access, оның негізгі ұғымдары. MS Access – мәліметтердің реляциялық моделін қолданатын дербес типті МҚБЖ. Оның негізгі атқаратын қызметтері:  
 
- негізгі объектілерді, яғни кестелерді жобалау;  
 
- кестелер арасында байланыстар орнату;  
 
- кестелерге мәліметтер енгізу, оларды сақтау, қарау, сұрыптау, сүзгілеу, түрлендіру;  
 
- туынды объектілерді – пішім, сұраныс, есеп беру, макрос, модуль – құру, түрлендіру және қолдану.  
 
Әрбір объект дербес атына ие және әрқайсысы өз терезесінде, екі режімде – оперативті және Конструктор - жұмыс істейді. Кесте жолдардан және бағандардан тұрады, әрбір жол – жазба, яғни бір объект туралы мәліметтердің толық жиынтығы, ал әрбір баған - өріс, яғни кестенің нақты мәліметті беретін құрылымданған элементі, бір атрибут. Өріс өзінің атымен және онда орналасатын мәліметтің типімен анықталады. MS Access қолданылатын мәліметтер типтері Windows жүйесіндегі стандартты типтер. MS Access-пен жұмыс МҚ файлын құрудан басталады, МҚ файлы MS Access-тің негізгі өңдеу объектісі.
 

Мәліметтер қоры

Мәліметтер қорының негізгі түсініктері

Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қоры басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық – программалық кешендермен қарым – қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәліметтер ғана емес, ақпараттар да сақтай аламыз.

Мәліметтер қорын құру қағидалары

Көп мәліметтер жұмыс жасау қажеттілігі пайда болғанда әрқашанда мәліметтер қорын пайдаланды.

Мәліметтер қоры – бұл ең алдымен кестелер жиынтығы, алайда, біз соңынан мәліметтер қорына сондай – ақ процедуралармен бірқатар басқа объектілер жатуы мүмкін екенін көреміз. Таблицаны көптеген объектілердің сипаттамалары бар кәдімгі екі өлшемді таблица түрінде көруге болады. Таблицаның идентификатор аты болады.

Кесте бағандары объектілердің қандайда бір сипаттамаларына – алаңдарға сәйкес. Әрбір алаң сақталатын мәліметтердің атымен және түрімен сипатталады. Алаң аты – бұл мәліметтермен пайдалану үшін, әртүрлі программаларда қолданылатын идентификатор. Ол кез келген идентификатор сияқты латын әріптерімен жазылады, бір сөзден тұрады және т.б.

Алаң түрі алаңда сақталатын мәліметтердің түрін сипаттайды. Бұл жолдар, сандар, үлкен мәтіндер (мысалы, қызметкерлердің мінездемелері), суреттер (қызметкерлердің суреттері) және т.с.с. болуы мүмкін.

Кестенің әрбір жолы объектілердің біреуіне сәйкес келеді. Ол жазба деп аталады және осы объектіні сипаттайтын барлық алаңдардың мазмұнын құрайды.

Мәліметтер қорының кестелерін құрған кезде ақпараттың қарама – қайшылықсыздығын қамтамасыз ету маңызды. Әдетте бұл негізгі алаңдарды енгізумен жасалады. Негізгі болып бір немесе бірнеше алаң болуы мүмкін.

Кестемен  жұмыс кезінде пайдаланушы немесе программа жазбалар үстінен курсормен жылжып отыратын сияқты. Әрбір уақыт сәтінде ағымдағы жазба бар, содан жұмыс жүргізіледі. Мәліметтер қорының кестелерінде жазбалар қандай да бір тәртіпсіз, оларды енгізу (жаңа қызметкерлердің пайда болуы) ретіне қарай орналасуы мүмкін. Бірақ кесте мәліметтері пайдаланушыға ұсынылған кезде реттелуі керек. Пайдаланушы оларды алфавиттік тәртіпке, немесе бөлімдер бойынша реттелген, немесе туған жылының өсуіне қарай және т.б. қарауы мүмкін. Мәліметтерді реттеу үшін индекс түсінігі қолданылады. Индекс кестені қандай реттілікте қараған жөн екенін көрсетеді. Ол пайдаланушы мен кесте арасында делдал болып табылады.

Мәліметтер қоры әдетте бір емес, көптеген кестелерден тұрады. Мысалы, кейбір ұйым туралы мәліметтер қорында әрбір бөлімшенің сипаттамасы бар кесте бар. Dep атты осындай таблицаның мысалы келесі кестеде көрсетілген. Осы кестенің алаң аттары Dep және Proisv.

Dep бөлімшелері туралы мәліметтер кестесінің мысалы:

Бөлім Тип
Dep Proisv
Бухгалтерия Басқарма
Цех Өндіруші
Цех Өндіруші
  

   

Бөлек және кестелер әрине пайдалы, бірақ одан да көп ақпаратты кестелер жиынтығынан алуға болады. Мысалы, өндірістік цехтерде жұмыс жасайтын, қызметкерлердің жалпы саны пайдаланушыға білу қажет болады. Бірақ жоғарыда көрсетілген кестелердің біреуіде бұл сұраққа жауап бермейді, себебі Pers кестесінде бөлімшелердің түрлері жайлы мағлұматтар, Dep кестесінде қызметкерлер жайлы мағлұматтар жоқ. Осындай сұраныстарға жауап алу үшін байланысқан кестелердің жиынтығын қарастыру қажет.

Байланысқан кестелерде әдетте бір кесте басты болады, ал басқасы немесе бірнеше басқа кестелер – көмекші кестелер болады. Басты және көмекші кестелер бір – бірімен кілт арқылы байланысады. Кілт ретінде екі кестеде де болатын алаң шыға алады. Мысалы, жоғарыда келтірілген кестелерде басты болып Dep кестесі, көмекші болып Pers кестесі бола алады, ал олар болса екі кестеде де бар  Dep алаңы бойынша байланысады. Курсор басты кестенің индексі үстінен жүреді. Осылайша біздің мысалда егер басты кестенің Dep алаңындағы ағымдағы жазбада «бухгалтерия» деп жазылған болса, онда көмекші Pers кестесінде бухгалтерия қызметкерлерінің барлық жазбалары шығады.

Қарапайым мәліметтер қорының құрылымы

Базаға ешқандай мәліметтер енгізілмеген жағдайда да мәліметтерқоры болып қала береді. Өйткені ондай мәліметтер болмаған күннің өзінде де, қандай да бір ақпарат бар – бұл мәліметтер қорының құрылымы. Ол мәліметтерді енгізудің және сақтаудың әдістерін анықтап береді. Мәліметтер қоры көптеген объектілерден тұрады, бірақ солардың ең негізгісі кесте болып табылады. Ең қарапайым мәліметтер қоры бір ғана кестеден тұрады. Сәйкесінше, ең қарапайым мәліметтер қорының құрылымы сол кестенің құрылымымен анықталады.

Мәліметтер қорлары мен қосымшалар

Мәліметтер қоры мен қосымшалардың өзара орналасуларына байланысты келесі мәліметтер қорларын бөліп көрсетуге болады: 

  • Локальды мәліметтер қорлары;
  •  
  • Жойылған мәліметтер қорлары. 

Локальды  мәліметтер қорларымен операциялар жасау үшін локальды қосымшалар, ал жойылған мәліметтер қорларымен операциялар жасау үшін клиент – серверлік қосымшалар дайындалады.

Мәліметтер қорының орналасуы көптеген жағдайда осы қорда бар мәліметтерді өңдейтін қосымшалардың дайындалуына әсер етеді. Осылайша, келесі қосымшалар түрлерін бөліп көрсетуге болады:

  • Локальды мәліметтер қорын пайдаланатын қосымшаларды бір деңгейлі (бір буынды) қосымшалар деп атайды. Себебі, қосымша мен мәліметтер қоры біртұтас файлдық жүйені құрайды;
  • Жойылған мәліметтер қорын пайдаланатын қосымшаларды екі деңгейлі (екі буынды) және көп деңгейлі (көп буынды) қосымшалар деп бөледі. Екі деңгейлі қосымшаларда клиенттік және серверлік бөлшектер бар;
  • Көп деңгейлі (әдетте үш деңгейлі) қосымшалар клиенттік және серверлік бөлшектер мен қоса қосымша бөлшектерге ие. Мысалға үш деңгейлі қосымшаларда клиенттік бөлшек, қосымшалар сервері мен мәліметтер қорының сервері бар.

Бір және екі деңгейлі Delphi қосымшалары келесі механизмдерді қолдана отырып локальды және жойылған мәліметтер қорына қол жеткізе алады:

  • BDE (Borland Database Engine – Borland фирмасының мәліметтер қорының процессоры) мәліметтер қорымен әрекеттесу үшін AP1 дамыған интерфейсін ұсынады.
  • ADO (Active X Date Objects – Active X мәліметтерінің объектілері) OLE DB (Objects Linking and Embedding DateBase – мәліметтер қорының объектілерін байланыстыру мен ендіру) көмегімен ақпаратқа қол жеткізуді жүзеге асырады;
  • dbExpress драйверлер жинағы көмегімен мәліметтер қорындағы ақпараттарға тез қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
  • Interbase тікелей Interbase мәліметтер қорына қол жеткізуді іске асырады.

Мәліметтер қорындағы ақпараттарға қол жеткізу технологиясының вариантын таңдау өңделген қосымшаны жан – жаққа тарату дайындығының ыңғайлығын ескере отырып, сондай – ақ жады ресурстарының қосымша шығындарын ескере отырып анықталады. Мысалы BDE үшін инсталляция дискдегі сыртқы жадының шамамен 15 Мб – тын және мәліметтер қорында пайдаланатын псевдонимдерді қалпына келтіруін талап етеді.

Үш деңгейлі Delphi 7 қосымшаларын DataSnap механизмі көмегімен құрастыруға болады. Мәліметтер қорының үш деңгейлі қосымшаларын құрастыру кезінде пайдаланатын компоненттер DataSnap пен DataAccess беттерінде орналасқан.  

   
   
   
   
   
 
 

HTML форматындағы анықтама жүйесін құру

Visual Basic 6 құрамына WinHelp үшін қосымшаға арналған  анықтама жүйесін құра алатын Help Workshop секілді HTML Help Workshop қосымшасы  кіреді. HTML форматындағы анықтама жүйесін құру үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

1. Анықтама  жүйесінің тақарыптарын беріңіз,  әрбір тақырыпты жеке-жеке HTML-файлында  сақтаңыз. Бұл файлдарды кез-келген HTML редакторында құруға болады, мысалы Microsoft Word.

2. HTML Help Workshop жүктеңіз де анықтама жүйесінің  жаңа жобасын құрыңыз. Жоба шеберінің көмегімен жобаға алдында құрылған тақырыба бар файлдарды қосыңыз. Жоба қасиеттерін анықтаңыз.

Ескертпе

Егер сізде WinHelp форматындағы анықтама жүйесінің  жобасы бар болса, онда шебердің көмегімен HTML форматындағы жобаға айналдыруға  болады.

3. Әрбір тақырыпқа бүркеншік ат беріңіз.

4. Тақырыптың  бүркеншік атымен және оған  сәйкес бүтін мәнді индексті  тақырып арасындағы байланысты  беретін мазмұнды файл құрыңыз.

5.  Анықтама жүйесінен тақырыптарды іздейтін кілттер құрыңыз.

6.  Жобаның барлық файлдарын сақтап, оған компилияция жасаңыз.

7. Visual Basic’тің  қасиеттер терезесінде құрып  жатқан қосымшада анықтама жүйесінің  (chm кеңейтпесімен) файлын көрсетіңіз.

8. Қосымшада  анықтама жүйесінің тақырыбымен  байланысқан әрбір объектісіне  HelpContextID қасиетіне бектіңіз.

HTML Help Workshop терезесі

HTML Help Workshop программасының  терезесі екі бөліктен тұрады.  Сол жақ бөлігінде Project (Жоба), Contents (Мазмұн), Index (Көрсеткіш) жәнеHelp (Көмек) бөлімдері орналасқан. Әрбір бөлімнің сол жағында сәйкес саймандар тақтасы орналасқан.

Терезенің оң жақ бөлігінде анықтама жүйесінің  таңдалған тақырыпқа сәйкес файлдың HTML түріндегі мазмұнын оқуға болады. Сіз тек бұл файлды оқып қана қоймай оны Tags (Тэгтер) менюінің және саймандар тақтасының командаларымен өңдеуіңізге болады.

HTML Help Workshop тақырыбы  бар файлдарды Web-браузерде қарауға  мүмкіндік береді. Ол үшін [Files] қатарындағы  қажет файлды таңдап, Display in Browser (Браузерде көрсету) батырмасын басыңыз.

Анықтама  жүйесі жобасының  параметрлерін анықтау

Жоба параметрлері Project  бөлімінің [Options] қатарында анықталады. Оларды өзгерту үшін бөлімнің саймандар тақтасындағы Change Project Options (Жоба параметрлерін өзгерту)  батырмасын басыңыз. General (Ортақ), File(Файлдар), Compiler (Компилятор) және Merge Files(Бірігетін файлдар) бөлімдерінен тұратын Options сұхбат терезесі ашылады.

General бөлімінде сіз:

  • анықтама жүйесінің тақырыбын;
  • файл тақырыбы мен анықтама жүйесі ашылған кезде таңдалатын терезені;
  • анықтама жүйесінің тілін анықтай аласыз.

Files бөлімін анықтама жүйесі файлдарының орналасуын және де мазмұн және көрсеткіштер сақталған файлдарды көрсету үшін  пайдалануға болады. Compiler бөлімінде анықтама жүйесін компиляциялаған кездегі параметрлері беріледі.

Тақырыптардың бүркеншік аттарын  анықтау

Анықтама жүйесін қосымшада пайдалану мүмкіндігіне ие болу үшін сіз әрбір тақырыптың бүркеншік атын анықтауыңыз керек. Ол үшін  Project бөлімінің саймандар тақтасындағы HtmlHelp API information батырмасын басу арқылы осы аттас сұхбат терезені ашып Alias бөліміне көшіңіз.

Add (Қосу) батырмасын басып, Alias (Бүркеншік ат)  сұхбат терезесінде бүркеншік атты және оған байланысты файл атын енгізгеннен кейін анықтама жүйесіне жаңа бүркеншік ат қосылады.

Тақырыптың  бүркеншік аты  мен индексі арасындағы байланысты анықтау

Анықтама жүйесінің белгілі бір тақырыпты ашу үшін тақырыптың индексі пайдаланылады.  Тақырыптың бүркеншік аты мен индексі арасындағы байланыс жеке текстік файлда бекітіледі. Онда сіз контексті шақыру болатын барлық идентификаторды жазуыңыз керек.  Бұл файл #Define кілттік қатары және бос орынмен бөлінген идентификатор мен тақырып индексінен тұрады. Мысал төменде келтірілген:

#Define IDH_CUSTOMER 3

#Define IDH_GOODS 4

Байланыс файлын құрғаннан кейін сіз оны жоба файлымен байланыстыруыңыз керек. Ол үшін HtmlHelp API information сұхбат терезесінде Mapбөліміне көшіңіз де оны тізімге қосыңыз.

Анықтама  жүйесінің мазмұнын құру

Анықтама  жүйесінің мазмұнын иерархиялық  түрінде құру үшін Contents (Мазмұн) бөлімшесіне көшіңіз. Анықтама жүйесінің мазмұндар аумағында анықтама жүйесінің тақырыбына жасалған сілтемеге қарамай сіз әртүрлі деңгейдегі ішіне салынған тақырыптар қоса аласыз.

Анықтама  жүйесінің тақырыбының сілтемесі  қатарын немесе тақырып қосу үшін оған сәйкес Insert a heading (Тақырып қосу) немесе Insert a page(Прақаша қосу) батырмаларын басыңыз. Table of Contents Entry  сұхбат терезесі ашылады. Оған анықтама жүйесінің тақырыбының сілтемесі және мазмұн қатарын енгізіңіз.

Сіз көпдеңгейлі  анықтама жүйесінің мазмұнын құруыңызға болады. Мазмұн деңгейін өзгерту үшін Move selection right (Оңға қозғау) и Move selection left (Солға қозғау) батырмаларын пайдаланыңыз.

Тақырыптарды  іздеуге арналған кілттер құру

Тақырыптарды  іздеуге арналған кілттер құру үшін Index (Көрсеткіш) бөліміне ауысыңыз. Бұл бөлімнің саймандар панелін пайдалана отырып оның көмегмен сіз жаңа кілт құрып, оны өзгертіп не алып тастауыңызға болады.

Жаңа кілт қосу үшін Insert a keyword (Кілт қосу) батырмасын басыңыз. Index Entry сұхбат терезесі ашылады. Онда Keyword (Кілт) өрісінде кілттің мәнін енгізіңіз, сонан соң Add(Қосу) батырмасын басып  Files/URLs and their information types тізімінен алдында құрылған анықтама жүйеісінің тақырыптарын қосыңыз. Тақырыптарды өзгерту үшін Edit (Өзгерту) батырмасын пайдаланыңыз, ал алып тастау Remove (Алып тасау) батырмасының көмегімен жүзеге асады.

Анықтама  жүйесін компиляциялау және тестілеу

Сіз анықтама жүйесін дайындағаннан кейін  оны сақтап және компилияциялау керек. Project  бөліміндегі  саймандар тақтасындағы  Save project, contents and index files батырмасын пайдалана отырып, жоба, мазмұн және көрсеткіш файлдарын сақтауға болады.   Құрылған жобаны компилияциялау үшін HTML Help Workshop саймандар тақтасындағы Compile HTML file (HTML-файлын компилияциялау)батырмасын басыңыз.

Құрылған  анықтама жүйесінің файлын қарау үшін View compiled file (Компилияцияланған файлды қарау) батырмасын басыңыз.

 

Ақпараттық технология пәні