Арал тенизи

 

 

Арал теңізі

 

 

Жоспары:

 

I  Кіріспе бөлім:                                                                                                    

                           

 

II  Негізгі бөлім: 

                            а)  Теңіз туралы түсінік,

                          

                            ә) Арал теңізінің экологиялық ахуалы,

                            

                            б) Арал теңізінің экологияльқ мәселелері

 

                             в)  Арал тағдыры - адам тағдыры.

 

 

III Қорытынды бөлім:

                         

                            а) Теңізді құтқарудағы болжамдар.

 

ІV Қосымша:

 

V  Пайдаланған әдебиеттер:

 

 

 

 

 

 

 

 


 І Кіріспе бөлім:

а) Арал теңізінің тарихы.

Арал теңізі, Кайназой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын, Арал Каспий теңізіне қосылып жатқан. Өйткені, теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектері тасқа айнала бастаған күйінде табылды. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ, Арал маңынан акуланың тісі мен сүйегі табылды. 19 ғасырдың орта кезіндегі Арал-Каспий ойпатының пайда болуы жөніндегі болжамдардан Арал бассейнінің геологиялық ерте кезеңде Жерорта теңізімен тұтасып жатқан су айдыны екенін, оның кейінгі Альпілік қатпарлықта жер қыртысының көтерілуіне байланысты ұсақ су айдындарына бөлінгенін білеміз. Сондай-ақ, Арал теңізінің көлемі жайлы, Арал теңізі жайлы ұғымдар сонау ерте дүние әдебиеттерінде де кездеседі.

 

II  Негізгі  бөлім: 

        а)  Теңіз туралы түсінік:

Ендеше қазіргі кезде  әлем елдері назарын өзіне аударып  отырған осы су айдынын зерттеу  сол ерте заманан бүгінгі күнге  дейін жалғасып келеді деуге болады. Міне, сондықтан да көне зерттеулер мен қазіргі жаңа мәліметтерді салыстыру арқылы Арал теңізі бассейнімен оның жағалауының даму эволюциясын, сондай-ақ ғасырлар бойы өзгеру сипатын анықтау қиын емес. Мысалы, ежелгі заманның өзінде

 

Арал теңізі көп елдерге мәлім болған. Өйткені, сол IХ-X ғасырлардағы араб ғалымдары – Ибн-Хордадбех, Ибн-Рустен, Масуди, Истахри келтірген мәліметтері аса құнды. Демек, бұл еңбектерден сол кездегі Аралдың көлемі мен жағаларының пішіні туралы мағлұмат алуға болады. Ибн-Хордадабех «Китаби-ал-масалик Вал-мамлик» саяхаттар мен мемлекеттер кітабы атты еңбегінде Амударияны Жейхун, Арал теңізін Күрдер көлі деп атайды. Ал, Ибн-Рустеннің Амудария мен Арал теңізі туралы жазғандары неғұрлым нақты, оның мліметтері бойынша, Арал теңізінің көлемі 80 фарсах, яғни бір фарсах-6 шақырым. Теңіздің басты жағалауындағы Жоталары Сиякух қара таулар деп аталады. Ал оң жақ жағалауы батпақты, онда қалың орман өскен. Демек аталмыш Сиякух – үстіртің тік жарлы құздары болуы мүмкін. Өйткені оның бастыс жағалауы қазір де биік келеді, кейбір нүктелердің биіктігі – 190 метрге жетеді.

Сол сияқты Араб географы Истахри Арал теңізін «Хорезм  көлі» деп аталған және Сырдария жөнінде мәліметтер келтірген. Истахри  былай дейді: «Бұл көлдің айналасы 100 фарсах. Суы тұзды, көлге Жейхун, Илаш Сырдария және басқа өзендер құяды». Сондай-ақ Х ғасырда өмір сүрген белгісіз автордың парсы тілінде жазған «Худуд-ал Алам шығыстан батысқа дейінгі әлем облыстары» атты қол жазбасында да Арал теңізінің сипаттамасы берілген. Мұнда теңіздің көлемі 300 фарсахқа тең келетіні және жағалауларының құмды екені жазылған. Сондай-ақ жоғарыдағы Арал теңізі жөнінде мәлімет қалдырушылар негізінен теңізді арнайы зерттеген адамдар емес, жолшыбай көргенін жазған саяхатшылар, жалпы дүниежүзілік әдебиетке  қатысты шағын дерек жинаған шолушылар. Сондықтан бұл кезде Арал теңізі жайлы нақты ғылыми зерттеулер болған жоқ деуге болады. Дегенмен, бұл кезеңдегі табиғат жағдайларының кейбір ерекшеліктерінің көрсетілуі қазіргі осы өлкенің табиғатының өзгеруі сипатын анықтауға мүмкіндік береді.

 

Негізгі Арал теңізі жайлы нақты деректі мәліметтердің  жиналуы яғни, арнайы зерттеулердің  басталуы \17-19 ғғ.\  ғасырлардың еншісіне тиеді. Өйткені бүгінгі Арал деген  атау сол 17 ғасырдан бергі жерге  берілген. Яғни, 1740-1741 жылдары Сырдария мен Арал маңын зерттеуге алғашқылардың бірі болып, Иван Мурауин қатысып, тұңғыш рет Арал теңізінің шығыс жағалауларын өте дәлдікпен арнайы түсірілім жасау нәтижесінде карта жазған. Жалпы, Арал теңізі жайлы соңғы толық зерттеулер 1946-1950 жылдарға жатады. Демек, ол мәліметтер бойынша теңіз көлемі 66 мың шаршы шақырым, ең ұзын бөлігі 424 шақырым, ал ендігі бөлігі 292 шақырым, орташа тереңдігі 16,1 метр, ең терең жері 68 метр болды. Ал, содан нақты бүгінгі қалған теңізде шамамен 15-20 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдындары бар көрінеді. Демек, теңіздің осындай құрғауына орай өңірде алғаш рет 2001 жылы Арал теңізінің табаны қала орны болған деген болжам, бұл күндері нақты шындыққа  айнала бастады.

Өйткені бұрын  Арал теңізі өз деңгейін сақтап тұрған жылдары сол жағасынан көне заманға тән ою-өрнектер, адам сүйектері, ұшырасқан кездері болғаны жөнінде кезінде теңізде жүзетін кейбір қарт кеме капитандарының талай өз аузынан естіген кездеріміз де болды. Бірақ та, ол кезде теңіз астында қала барын кім білсін. Ал енді теңіз тартылып, жағасы әр деңгейде ашыла бастағанда қазір де бұл жағдай жиі көріне бастады. Өйткені қазіргі археолог ғалымдардың деректері бойынша кепкен теңіз табанынан табылған әлгі мешіттің ою өрнектері сол 12-15 ғасырлардың еншісіне жатқызады. Сондай-ақ бұған дәлел ретінде Арал тарихынан белгілі сол 1592 жылдарға дейін қазіргі табылған қала орны яғни, «Барсакелмес»  аралының батыс беті құрлықпен бірігіп жатқан көрінеді. Кейін теңіз суының көтерілуіне байланысты құрлықтан бөлініп қалған. Сондай-ақ жоғарыда сөз болғандай сол ертедегі араб ғалымдарының деректері бойынша да теңіз

көлемі сол  әрқили көлемде өзгеріп отырған. Мысалы, 80,100 және 300 фарсах мөлшерінде. Егер де бір фарсах 6 шақырым болса, сонда кезінде теңіздің ең үлкен  дген көлемі не бәрі 300 х 6 = 1800 шақырым ғана. Бұл – теңіздің сол 1950 жылғы көлемімен салыстырғанда төмен екенін көрсетеді. Міне осыған орай бір сөэбен айтқанда «Барсакелмес» аралы сол 1592 жылға дейін құрлықпен жалғасып жатыр деген сөз шындыққа жақын.

Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км², тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12 % болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.

Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген  тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.

1960 жылдардан  бастап Арал өңірін игеру қолға  алынды. Осы аймақтағы игерілетін  жер көлемі бұрынғыдай Өзбекстан  мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменсанда  2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмідария мен Сырдария бойындағы Халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40

 

пайызға дейін  артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:

  • жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
  • ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
  • суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
  • жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және сіды үнемді пайдаланбау;
  • табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

Осы аталған  фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істелген қателігі ретінде дүние жүзіне

белгілі болды.

 

ә) Арал теңізінің  экологиялық ахуалы:

 

Арал экологиясы – шөлейт аудандарда суды көп қажет  ететін өндірістерді орналастырудағы стратегиялық қателіктердің нәтижесінде пайда болған экологиялық жағдай. 1961 жылға дейін Арал теңізінің көп жылдық орташа деңгейі 53 абс. м, орташа аумағы 66,1 км2, көл. 1062 км3 болған. Өзендердің теңізге құйылу мөлшерінің кемуі, теңіздің су деңгейінің азаюына, оның 2-ге бөлінуіне әкеп соқтырды. Енді ол Үлкен Арал және Кіші Арал болып аталады (1992 ж.). Бұл 2 көлдің арасын бөліп тұрған құрғақ жердің ауданы жылдан-жылға

 

ұлғаюда. Арал теңізінің  тартылуы және оңтүстік ендікте суғармалы  егіндік жерлердің көбеюі қуат, жылу, ылғал алмасуының тапшылығы сол өңірдің экологиясын және ландшафты мен ауа райын өзгертті. 1970 ж. Арал теңізіне құйылатын өзен суының көл. 7 – 11 км3-ге дейін азайса, ал 1980 ж. теңізге құятын өзен сулары мүлдем сарқылды. Су тазартудың және бірнеше рет пайдаланған сулардың шығыны шөлді жерлерді жарамсыз батпақ шалшыққа айналдырды. Ғарыштан түсірілген суреттерді талдағанда 1985 ж. табиғи көлдің саны 28 (аум. 287,48 км2), антропогендік көлдің саны 195 (аум. 6421,71 км2), ал қолдан жасалған Сарықамыс және Арнасай көлдерінің су қорының көл. 55 км3 болды. Жылдық түсетін ылғал мөлшері де өзгерді. Мыс., 1950 – 59 ж. ақпан – наурыз айлары ылғал көп түсетін, ал қыркүйек ең аз жауатын кезі болса, 1970 – 79 ж. жауынның көп жауатын кезі сәуір айына, аз түсетін айы шілдеге сәйкес келді. Тұздың атмосфераға таралуы 6 – 7 есе өсті. Арал өңіріндегі жаз айларындағы ең жоғ. темп-ра орта есеппен 1,8 – 2,5°С-қа жоғарылады. Бұл жалпы дүние жүзіндегі жылудың көтерілу тенденциясына байланысты болуы да мүмкін. Сырдария атырауы мен Қазалыда жылдық орташа салыстырмалы ауаның ылғалд. 15 – 20%-ға, ал 1960 жылдан Арал қ-нда 25 – 30%-ға азайды. Бұл жағдай Арал құмды аймағындағы конденсаттық ылғалды азайтты. Соның нәтижесінде жер қыртысының сулануы және шөл өсімдіктерінің ылғалдануы едәуір қысқарды. Теңіз жағасындағы аймақта көктем және күз кезінде теңізден келетін бриздер мүлдем жойылды. Өйткені көктемгі соңғы суықтар ұзаққа созылып, ал алғашқы күз суықтары керісінше, 10 – 12 күн ертерек түсетін болды. Егістік жерлерді суландырудың ұлғаюынан, шалшықтанған аумақтың көбеюінен судың булануы өсті, ал каналдар (жасанды арналар) мен сүзгілік (фильтрлік) көлдерден шыққан су булары микроклиматты өзгертуге әсер етті Теңіз деңгейінің төмендеуі ауа райының өзгеруіне, сол өңірдің сусыздануына әкелді. Бұл жерлерде 1950 – 90 ж. аралығында шаңды дауыл жиілігі 60 есе көбейіп, кеуіп кеткен теңіз түбінен көтерілген тұзды шаң жылына 15 – 75 млн. т-ға жетті. Жыл сайын суғармалы жердің 1 га-сынан 15 т-дан 90 т-ға дейін тұз жиналды. Бірнеше рет пайдаланған сумен суғарылғандықтан, Әмудария және

 

Сырдария өзендерінің  төм. құйылысында орналасқан аудандардағы жер қыртысы сортаңға (мыс., Қызылорда  облысының 52%-ы) айналды. Тұзды шаңның көтерілуі атмосфераның бір тәуліктік  радиац. балансын 2 есе азайтты. Өсімдіктерге қонған тұзды шаң, оның биол. өнімділігін төмендетті (мыс., сортаң жерге егілген мақтаның 1 га-сынан 7 – 8 ц-ден өнім алынды, ал бұл сортаң емес топыраққа егілген мақта өнімділігінен 4 есе аз). Экол. жағдайдың аэротүсіру арқылы алынған суретін талдау нәтижесінде жыл сайын 40 км3 су тиімсіз шығынданатыны белгілі болды. «Арал-2006» бағдарламасы бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының мәліметтері бойынша өсімдіктердің өсіп-өнуі кезінде пайдаланылған судың мөлшері (брутто) суғарылу мөлшерімен (нетто) салыстырғанда 1,5 – 2 есе көп екені анықталды. Жыл сайын Әмудария су алқабында суғарылатын егістік жерден 11 – 15 км3 су, ал Сырдария су алқабынан 8 – 11 км3 су буланып, жылдан-жылға қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Өсімдіктердің бағалы түрлерін арамшөптер басуда. «Қызыл кітапқа» енгізілген 70-тен астам жергілікті өсімдіктер сирек кездесетін өсімдіктердің қатарына жатады және олардың болашақта мүлдем жойылып кету қаупі бар. Табиғи ортаның азып-тозуы жергілікті халықтың денсаулығына да зардабын тигізіп отыр. Тұрғындар пестицидтерден, т.б. химикаттардан, түрлі улы тыңайтқыштар мен тұздан тазартылмаған сапасы төмен суды пайдалануда. Соның нәтижесінде бұл аймақта рак ауруы, баланың өлі тууы, генетик. ауытқулар, сүзек, сары ауру және жүрек қан тамырлары аурулары көбеюде. Арал т. мен Әмудария және Сырдария өзендерінде 1963 жылға дейін жылына 25 – 45 мың т балық ауланса, 1970 ж. бұл көрсеткіш 15 мың т, ал 1982 ж. су тұздылығының 12%-дан 40%-ға дейін өсуіне байланысты балық мүлдем ауланбады. 1994 ж. Орта Азия мемлекеттері «Аралды құтқару» қорын ұйымдастырды. Қазақстанның «Байқоңыр» аэроғарыштық экол. орталығының басшылығымен алғаш рет «Арал өңірінің экологиялық картасы» жасалды (1992)

Экологияның күрт нашарлап кетуі адамдардың табиғатқа  антропогендек әсерін болып отыр. Атмосферадағы көмірқышқыл газдардың концентрациясының артуына

 

 

байланысты  климат өзгеріп, температураның жоғарлауына  әкеліп соғады.

Энергия көзі ретінде  көмір, мұнай, табиғи газды пайдалану  нәтижесінде және машиналардың көбейіп  индустриялық революциясының өркендеуіне байланысты бұл процесс тезірек жүреді.

Жер планетасындағы атмосфераның температурасы артатын  болса, планетаның көптеген бөліктерінде құрғақшылық болады, басқа жерлерде жаңбыр көп жауып, жерді топан  су қаптайды. Полюстегі мәңгі мұздар еріп аралдар мен жағалауларды, мұхиттар мен теңіз сулары басып кетеді. Ауыл шаруашылығының өнімі нашарлап, халықтар мекенін тастап, күн көрістің қамымен басқа жерлерге көшеді.

Табиғатты қорғау мәселесі бүкіл дүниежүзілік проблемаға айналуда. Экологиялық проблема дегенде ең алдымен Арал, Балқаш, Каспий, Семей қасіреттері еске түседі.

Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны. Арал теңізі ірі экологиялық апатқа ұшырыағанға  дейінгі көлемі - 1066 км2, тереңдігі - 30-60 м, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.

1966 жылдардан  бастап Арал өңірін игеру қолға  алынды. Осы аймақтағы игерілетін  жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Амудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай 1970-1980 жылдар аралығында аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның  негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқында дамыды (Шардара).

Оның үстіне ауылшаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аралға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 м-ге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 %-ға дейін артты. Оның үстіне екі өзен

 

бойындағы шаруашылықтарда  тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды  қолдану бұрын-соңды болмаған көрсеткішке  жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге  өсен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. тонна тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:

-       жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

-         ауылшаруашылығын дұрыс жоспарламау,  судың қорын есепке алмау;

-         суды өте көп қажает ететін  күріш, мақта дақылдарын барныша  көбейтіп жіберу;

-         жерді игерудің агротехникалық  шараларын сақтамау және суды үнемді пайдалнбау;

-         табиғат ресурстарын пайдаланудағы  жіберілген қателіктер мен оны  меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі  болып табылады.

Осы аталған  факторлар Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулының экологиялық  дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүниежүзіне белгілі болды.

Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық  апаттар нышаны жыл өткен сайын  теңіз суын таратуда. Оның фаунасы  мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздардың мөлшері жылына 13-20 млн. тонна деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауылшаруашылығына зардабын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеріуі шөл белдеменің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз атропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.

Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүрлеріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан  қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.

 

Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сары су, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы ауралар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр.

Арал теңізінің болашағы дүниежүзі халықтарының толғандыруда. Оның  біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал ауытқушылықтар антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікір таластар туғызады. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалар, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.

Арал теңізін  құтқару жөнінде бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:

1.     Сібір өзендерін Қазақстанға  бұру.

2.     Амудария мен Сырдария өзендерінің  суын реттеу арқылы суды молайту.

3.     Арал теңізін жартылай сақтап қалу.

4.     Каспий теңізінің суын жасанды  канал арқылы әкелу.

5.     Жер асты суларын пайдалану.

6.     Арал теңізінің өздігінен табиғи  реттелуін немесе толысуын күту.

Әрине, бұл жобалар  болашақтың ісі болғанымен, уақыт  талабы оны күттірмейді. Бәріде қаражатқа тірелуі мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.

Қазіргі кезде  Аралды құтқару бағытында батыл  да жоспарлы түрде ғылыми негізде  жұмыстар жасалуда. "Арал тағдыры  - адам тағдыры" болғандықтан оны сақтап қалу аға ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.

Балқаш көлі - Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің  бірі. Көл Балқаш - Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі - 501мың км2, ұзындығы - 605 км, ені - 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері - 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдарындағы сипаты болса, қазір

 

 

мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендерін Балқашқа құяды.

Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде  орналасқандықтан, оның климаты шұғыл  континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған   байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.

Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы  өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық  жағдайының нашарлауц себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарханд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған.

      Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда – 60 %, Қазақстанда – 60-70 %-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.

Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік

 

жағдайына тікелей  әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс  аударуда.

Қазіргі арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр. Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығымен мақұлданған ҚР-ның 20004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында атап көрсеткендей, экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттерінің біріне экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту жатады. Міне осы айтылған жәйттердің бәрі біздің өңірден тиісті өз орындарын алады. Мысалы, Арал апат аймағын, «Байқоңыр» ғарыш аймағын және қауіпті «Возрождение» аралын бұған жатқызуға әбден болады. Демек, бұлардың қолайсыз экологиялық зардаптарының өңір халқының денсаулығына айтарлықтай зияндарын тигізіп келеді. Жеке тоқтап айтар болсақ, Арал өңірі экологиялық аймағында (186,3 мың халық бар 178 елді-мекен) тұрады. Сондай-ақ бұл өңір тұрғындарында ішек-қарын аурулары мен қан аздығы, әсересе әйелдер мен балалар арасында балалар өлімі мен туа біткен аурулар және балалардың жүйке аурулары көбею үстінде. Мысалы, облыста 2001-2003 жылдар аралығында 1408 бала алғаш тер мүгедектігіне куәландырылды. Демек, балаларды мүгедектікке шалдықтырып отырған негізгі аурулардың ішінде белді орынды жүйке (нерв жүйесі) аурулары иеленеді. Өткен жылы куәландырылған 355 баланың 104-і (29,9)  ал қайта куәландырылған 1186 баланың 364 (30,6%) осындай науқасқа шалдыққан.2002 жылы бұл көрсеткіш 458 баланың 108-і (23,5%), қайта куәландырылған 1293 баланың 433-ін (33,4%) құраған-ды. Сондай-ақ өткен жылы алғаш рет 84 бала ақыл-есі

 

кем балалар  санатына жатқызылса, қайта куәландырылғандардан өткен жылы 250 бала (2002 жылы-317) осы  дертке шалдыққан. Ал, былтыр 62 бала (2002 жылы – 98) бала туа бітті кемтарлыққа  ұшыраған. Олблыс бойынша жалпы мүгедек  балалардың 2003 жылы 1541 баланың 468-нің (2002 жылы – 1751 баланың 541) жүйке ауруына шалдыққаны анықталды. Демек осы науқастың түрі балалар арасында жылдан-жылға етек алып еледі.

 

б) Арал теңізінің экологияльқ мәселелері

 

60 жылдардан  бастап Арал теңізінің ауданы  кеми бастайды. Суды ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь-Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90%-дан астам қысқартып жіберді. Теңіз ауданы 2,6 млн. га-ға кеміп, өзінің 60% көлемін жоғалтты. Судың деңгейі 12-ден 2 м-ге түсіп кетті, тұздылығы 2 еседен астам артты. Күн сайын 200 тонна тұз бен құм желмен 300 км ара қашықтыққа таралады. Шөлдену, топырақтың тұздануы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің кедейленуі, климаттық өзгеруі одан әрі жалғасуда. Халықтың денсаулығы күрт төмендеп кетті.

Арал аймағының экологиялық жағдайы экономиканың дәстүрлі бағыттарының дамуының мүмкін болмауына әкеліп, бірқатар әлеуметтік және саяси мәселелерді туғызады.

Қоршаған ортаны бұза отырып, кез келген қазіргі  заманғы қоғам өзінің болашағын  жояды. Болашақ ұрпақтардың дамуы үшін экологиялық тұрақты сақтап қалу қажет. Экологиялық тұрақты болашақты сақтау үшін табиғи ортаның жағдайын бақылап, өнеркәсіптік қалдықтарды нормалау алдын алу, қалдықсыз және ресурстарды тиімді пайдаланатын технологияларды жасап, іске қосу керек.

Аралды сақтап қалу мүмкін бе? 30 жылдың ішінде Арал теңізі 640 км3 судан айрылды, судың тұздылығы 26-27 г/литрге (бұрын 11-12) жетті. Судың  деңгейі 13 метрге төмендеп, су жағалаудан жүздеген километрге шегінді. Кеуіп  қалған теңіз түбінен құмды-тұзды  дауылдар көтерілуде.

Арал теңізі Орта Азияның шөлді белдеуінде oрналасқан. Көлемі бойынша Арал дүние жүзінде  ішкі су қоймаларының ішінде

 

төртінші орында болған. Теңіз Тұран ойпатында  орналасқан. Қарақұм және Қызылқұм шөлдері Аралды оңтүстік және шығыс  жағынан қоршап жатыр. Судың орташа көлемі -1 шамамен 1000 км. Тереңдігі 20-25 м. ең үлкен тереңдігі — 67 м. Жаздағы орташа температура 24- 26°С, қыста – 7-13,5°С. Жылдың жауын-шашын мөлшері шамамен 100 мм.

Арал теңізінің  су балансы бұрын жауын-шашынмен — 5,9 км, өзен ағысымен — 54,8 км қамтамасыз етіліп отырды. Орташа булану — 60,7 км. Теңіз деңгейінің маусымдың ауытқуы — 25 см, ал ғасырлың — 3 м-ден артпаған. Дүние жүзінің ірі тау жүйелері бұл орасан үлкен аумақтық өзендерінің сұлылығын қамтамасыз еткен. Аралдың су балансын Орта Азияның ірі өзендері — Амудария мен Сырдария ұстап тұрған.

60-жылдардан  бастап суармалы жерлердің кеңеюіне  байланысты Арал теңізіне келетін  өзендердің суы күрт кеміп  кеткен: 1970 жылы 35,2 км, ал 1980 жылы —  10 км. 1986 жылы Амудария мен Сырдария өзендері теңізге жетпеген. Барлық су суармалы жерлерге жұмсалды.

Арал теңізі табиғи температура реттеуші ретінде  ауа райына үнемі әсер етіп отырады. Теңіздің қолайлы әсері 300-400 км ара  қашықтықта байқалды. Бұл Хорезм облысында  мақта өсірудің ең солтүстік белдеуін жасауға мүмкіндік берді. Қазір ауа райының континенталдылығы артты. Ең салқын айдың орташа айлық температурасы 1,5-2°С-ға төмендесе, маусымда 2°С-қа артқан. Ауа райынық қаталдығы Арал теңізінің тартылуына байланысты одан да қаталдана береді Аязсыз кезеңнің 170-180 күнге қысқаруы мақта өсіруді қиындатады (мақтаның өсуіне 200-220 күн оң температура қажет). Бұрын өзен суының минералдығы 0,3-0,5 г/л болса, қазір ол 2,5 r/л жеткен. Судың сапасының нашарлауы мен оның жетіспеуі өсімдіктер жабынына ерекше әсер етті. Бағалы орман, қамыс, өнімді жайылымдар мен шалғындықтар жойыла бастады. Олар сортаң жерлерге айналған. 50 көл кеуіп кеткен. Сырдария грунт суларының деңгейі төмендеп кеткен.

Арал теңізінің  тартылып, теңіздің маңайындағы аудандардың экологиялық жағдайларының нашарлауының көптеген себептері бар. Соның ішінде ең басты себеп Аралға ҚҰЯТЫН Сырдария мен Әмудария өзендерінің аңғарларында суармалы егіс көлемінің жөнсіз ұлғайтылуы, су режимін дұрыс сақтамау

 

егістік жерлердің  сортаңдануына алып келді. Соның салдарынан Арал теңізінің деңгейі 14,7 метрге дейін төмендеді. Көлдің 26 мың км2 су табаны құрғап, орнына 2 мың гектардай жерде ТҰЗДЫ сортаң шөл пайда болды.

ХХ-ғасырдың 70-жылдарынан бастап, ғарыштан (космостан) түсірген суреттерде Арал маңынан орасан зор шаңды дауылдар тіркеле бастаған. Шаңды дауылдардың ошағы Арал теңізінің СОЛТҮСТІК шығыс және шығыс жағалауындағы суы кепкен аймақта болды. Аралдың табанынан желмен көтерілген ТҰЗДЫ шаң жүздеген мың шаршы километр аумаққа таралуда. Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда тартылған теңіз табанының 1 км2 жерінен 8000 тоннаға жуық ТҰЗДЫ шаң көтеріліп, қоршаған ортаға таралады екен. Шаңмен көтеріліп, шөккен ТҰЗ топырақтың құнарлылығын азайтып, eгic өнімін төмендетеді, ауыз судың сапасына әсер етіп, жергілікті халықтың денсаулығына зиянын тигізіп отыр. ТҰЗДЫ шанның -шөгуінің зиянды әсері тұрмыста пайданатын ауыз судың сапасын, халықтың денсаулығы нашарлатуда.

Атмосфераға зиянды заттардың шамадан тыс таралуы  климатқа да өз әсерін тигізуде. Арал маңында атмосфера ғана емес, су мен топырақ та ластанған. Теңіз шыңындағы ауылдарда жас балалар өлімі көп, ересектер арасында сырқаттану басым. Әсіресе тыныс алу органдары мен жүйке, қан айналысы жүйесі, асқазан т. б. аурулары жиі кездеседі. Жұқпалы аурулар (ішек және сары ауру), қатерлі ісік, кеміс боп туушылық соңғы кезде көптеп кездесуде. Арал маңының экологиялық жағдайының бұзылуы жергілікті халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына да қатты әсер етіп отыр. Байырғы тұрғындар ата-баба жерінен амалсыз қоныс аударуда Арал проблемасына арналған бірнеше халықаралық конференциялар өтіп, Аралға көмектесу жолдары іздестірілуде 1988 жылы ХХ ғасыр «Бейбітшілік және экология» атты ақындардың халықаралық Арал қозғалысы өткізілді. Соңғы жылдары Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттері басшылары Аралды аман сақтап қалу жолдарын қарастыруда. Бұл шаралардан шет мемлекеттер де сырт қалуда. Өйткені бұл ғаламдық проблема.

Арал тенизи