Арал теңізі жағдайы

Орал «Мақсат» медициналық колледжі

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ


 

Тақырыбы: «Арал теңізі жағдайы»

 

 

                                           Орындағандар: «Емдеу ісі-21» тобының

                                                студенттері

                                                     Талгатова Гаухар

                                                             Кажимова Жаңылсын

                                                               Мендыгалиева Айзада

                                                       Баядылова Сауле

                                                         Тексерген: Хамитова Г.С.

 

 

 

                                 Орал қаласы 2013 жыл

Жоспар:

I.Кіріспе

II.Негізгі бөлім

1. Арал теңізінің тарихы

2.Арал флотилиясы

3.Арал теңізінің экологиясылық ахуалы

4.Арал апатына себеп болған факторлар

5.Экологиялық дағдарысы

6.Теңізді құтқарудағы  болжамдар

III.Қорытынды

IV.Қолданылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Арал теңізі — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан сутоған. Теңіз ХХ ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемдетөртінші орында болған болатын, бірақ 1960 жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді.

                        

Арал теңізі, Кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын Каспий теңізінеқосылып жатқан. Бұған теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектерінің тасқа айнала бастаған күйінде табылуы дәлел болмақ. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ Арал маңынан акуланың тісі мен сүйегі табылды. ХІХ ғасырдыңорта кезіндегі Арал-Каспий ойпатының пайда болуы жөніндегі болжамдардан Арал бассейнініңгеологиялық ерте кезеңде Жерорта теңізімен тұтасып жатқан су айдыны екенін, оның кейінгі Альпілікдәуірлерде жер қыртысының көтерілуіне байланысты ұсақ су айдындарына бөлінгенін білеміз. Сондай-ақ, Арал теңізінің көлемі жайлы, Арал теңізі жайлы ұғымдар сонау ерте дүние әдебиеттерінде де кездеседі. Ендеше қазіргі кезде әлем елдері назарын өзіне аударып отырған осы су айдынын зерттеу сол ерте заманан бүгінгі күнге дейін жалғасып келеді деуге болады. Міне, сондықтан да көне зерттеулер мен қазіргі жаңа мәліметтерді салыстыру арқылы Арал теңізі бассейнімен оның жағалауының дамуэволюциясын, сондай-ақ ғасырлар бойы өзгеру сипатын анықтау қиын емес. Мысалы, ежелгі заманның өзінде Арал теңізі көп елдерге мәлім болған. Өйткені, сол IХ-X ғасырлардағы араб ғалымдары – Ибн Хордадбех, Ибн Руста, Әл-Масуди, Әл-Истахри келтірген мәліметтер аса құнды саналады. Демек, бұл еңбектерден сол кездегі Аралдың көлемі мен жағаларының пішіні туралы мағлұмат алуға болады.

Ибн-Хордадабех «Китаби-ал-масалик Вал-мамлик» саяхаттар мен мемлекеттер кітабы атты еңбегіндеАмударияны -Жейхун, Арал теңізін - Күрдер көлі деп атайды. Ал Ибн-Рустеннің Амудария мен Арал теңізі туралы жазғандары неғұрлым нақты, оның мәліметтері бойынша, Арал теңізінің көлемі 80 фарсах (бір фарсах-6 шақырым). Теңіздің басты жағалауындағы Жоталары Сиякух (қара таулар) деп аталады. Ал оң жақ жағалауы батпақты, онда қалың орман өскен. Демек аталмыш Сиякух – үстіртің тік жарлы құздары болуы мүмкін. Өйткені оның батыс жағалауы қазір де биік келеді, кейбір нүктелердің биіктігі 190 метрге жетеді.

Сол сияқты Араб географы Әл-Истахри Арал теңізін «Хорезм көлі» деп атаған және Сырдария жөнінде мәліметтер келтірген. Истахри былай дейді: «Бұл көлдің айналасы 100 фарсах. Суы тұзды, көлге Жейхун, Илаш Сырдария және басқа өзендер құяды». Сондай-ақ Х ғасырдаөмір сүрген белгісіз автордың парсы тілінде жазған «Худуд-ал Алам шығыстан батысқа дейінгі әлем облыстары» атты қолжазбасында да Арал теңізінің сипаттамасы берілген. Мұнда теңіздің көлемі 300 фарсахқа тең келетіні және жағалауларының құмды екені жазылған. Жоғарыдағы Арал теңізі жөнінде мәлімет қалдырушылар негізінен теңізді арнайы зерттеген адамдар емес, жолшыбай көргенін жазған саяхатшылар, жалпы дүниежүзілік әдебиетке қатысты шағын дерек жинаған шолушылар. Сондықтан бұл кезде Арал теңізі жайлы нақты ғылыми зерттеулер болған жоқ деуге болады. Дегенмен осы өлкенің сол кезеңдегі көрсетілген табиғат жағдайлары мен қазіргі табиғатының өзгерісін салыстыра қарағанда өңірдің сипатынының бұрынғы кезде нақты қандай болғандығына көз жеткізуге болады.

Негізгі Арал теңізі жайлы  нақты деректі мәліметтердің  жиналуы, яғни арнайы зерттеулердің  басталуы ХVІІ-ХІХ ғасырлардың еншісіне тиеді. Өйткені бүгінгі Арал деген атау сол ХVІІ ғасырдан бергі жерге берілген. Яғни 1740-1741 жылдары Сырдария мен Арал маңын зерттеуге алғашқылардың бірі болып, Иван Мурауин қатысып, тұңғыш рет Арал теңізінің шығыс жағалауларын өте дәлдікпен арнайы түсірілімге түсіріп, карта жасаған. Жалпы Арал теңізі жайлы соңғы толық зерттеулер 1946–1950 жылдар аралығында болған. Ондағы мәліметтер бойынша теңіз көлемі 66 мың шаршы шақырымды құрап, ең ұзын бөлігі 424 шақырым, ал ендігі бөлігі 292 шақырым, орташа тереңдігі 16,1 метр, ең терең жері 68 метр деп сипатталып жазылған. Содан қалған бүгінгі теңізде шамамен 15-20 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдындары бар көрінеді. Теңіздің осындай тартылуына орай өңірде алғаш рет 2001 жылы Арал теңізінің табаны қала орны болған деген болжам жасалды, ал бұл күндері осы болжам шындыққа айнала бастағандай.

Өйткені бұрын Арал теңізі өз деңгейін сақтап тұрған жылдары  сол жағасынан көне заманға тән ою-өрнектер, адам сүйектері ұшырасқан кездері болғаны жөнінде кезінде теңізде жүзген кейбір қарт кеме капитандарының талай өз аузынан естіген кездеріміз де болды. Бірақ та, ол кезде теңіз астында қала барын кім білсін. Ал енді теңіз тартылып, жағасы әр деңгейде ашыла бастағанда, қазір де бұл жағдай жиі көріне бастады. Өйткені қазіргі археолог ғалымдардың деректері бойынша құрғаған теңіз табанынан табылған әлгі мешіттің ою-өрнектерді сол 12-15 ғасырлардың еншісіне жатқызады. Сондай-ақ бұған дәлел ретінде Арал тарихынан белгілі сол 1592 жылдарға дейін қазіргі табылған қала орны яғни, «Барсакелмес» аралының батыс беті құрлықпен бірігіп жатқан көрінеді. Кейін теңіз суының көтерілуіне байланысты құрлықтан бөлініп қалған. Сондай-ақ жоғарыда сөз болғандай сол ертедегі араб ғалымдарының деректері бойынша да теңіз көлемі сол әрқили көлемде өзгеріп отырған. Мысалы, 80,100 және 300 фарсах мөлшерінде. Егер де бір фарсах 6 шақырым болса, сонда кезінде теңіздің ең үлкен деген көлемі не бәрі 300 х 6 = 1800 шақырым ғана. Бұл – теңіздің сол 1950 жылғы көлемімен салыстырғанда төмен екенін көрсетеді. Міне осыған орай бір сөэбен айтқанда «Барсакелмес» аралы сол 1592жылға дейін құрлықпен жалғасып жатыр деген сөз шындыққа жақын.

                

 

Арал ойысы – Арал теңізі ойпатын және оның солтүстігін, шығысы мен оңтүстік-шығысын алып жатқан мезозой-кайнозой шөгінділерінен құралған тектоникалық құрылым; геоморфология тұрғыдан алғанда солтүстік Қызылқұмға жалғасып жатқан ойпат. Тұран плитасының құрамына енеді. Ауданы 350 мың кмшамасында. Арал ойысының солтүстік-шығысы, Тұран шығысы, оңтүстігі жайпақ жазық, ал Үстіртке жалғасатын батыс жағы тік жарлы болып келеді.

Арал ойысы солтігінде Торғай ойысының оңтүстік шетімен, шығысында Аққырқақұм қыратымен, оңтүстігінде төменгі Әмудария мегаантиклиналімен шектеседі. Ойыстың оңтүстік-шығысындағы Бозкөл қырқасы оны шығыс Арал және Тәжіқазған қазаншұңқырларына бөледі.

Арал ойысы табанының  жоғары бөлігі палеозой мен триас шөгінділерінен түзілген. Оның үстін мезозой мен кайнозойдың қалыңдығы 1800 – 2000 м шөгінді жыныстары (саз, құмтас, әктас, мергель) жауып жатыр. Арал ойысының юра мен бор шөгінділерінде мұнай мен газ, палеогенжыныстарында қоңыр көмір, темір кендері кездеседі, сондай-ақ жер асты суының мол қоры бар.

 

Арал флотилиясы

19-ғасырдың ортасында Ресей патшалығы Орта Азия хандықтарының, Арал теңізі мен Әмударияның шекараларына жақындай түсуі бұл өңірде порттар салып, Арал флотилиясының құрылуына әкелді. Ең алғашқы әскери «Николай» шхунасы 1847 жылы Орынборда құрастырылып, Сырдарияның жоғары ағысы арқылы Райым бекінісіне жеткізілді. 1847 жылы 20 тамызда шхуна Хиуа бекінісі жаңа қаланы алу шайқасына қатысты. 1848 жылы Арал теңізін зерттеу лейтенант А.Бутаков пен прапорщик Поспеловке жүктелді. Олар сапарға «Николай» және «Константин» (1848) шхуналарымен шығып, Хиуа хандығына қарайтын Аралдың оңтүстік жағалауы мен Әмударияжағалауларын зерттеді. 1850 жылы Швейцарияда Маталь зауытында теңізде де, өзенде де жүзетін «Перовский» кемесі мен Обручев баркасы жасалды. 1852 жылы олар Сырдария жағалауына жеткізіліп, 1853 жылы ақпанда суға түсірілді. 1853 жылы 5 маусымда «Перовск»кемесі Ақмешітті алуға қатысты. 1856 жылы 5 маусымда Бутаков баржамен Әмудария арқылы Қоңыратқа жетті. 1873 жылы Хиуа жорығына 2 кеме, 3 баркас қатысты. Жалпы Арал флотилиясының құрамында 4 кеме («Самарқанд», «Арал», «Ташкент», «Сырдария»), 11 баркас, 10 баржа және бес сал болды. 1877 – 78 жылы кемелер 4 телім (Қазалы – Перовск, Перовск – Чинар, Қазалы – Қосарал және Қосарал – Николай аралы) аралығында адам, жүк тасымалдады. 1888 жылы «Самарқан» кемесі Перовск қаласы жанында суға батып кетті. 1882 жылы 26 қазанда генерал-адъютант Черняев Арал флотилиясын тарату туралы комиссия құрды. 1883 жылы 7 сәуірде комиссия флотилияны жойды. Арал флотилиясының орнына 1888 жылы Әмудария флотилиясын құрылды.

 

Арал қазба фаунасы

Арал қазба фаунасы  – Арал теңізінің солтүстік жағалауындағы (Ақеспе елді мекені маңынан) олигоцен дәуірінің аяқ кезіндегі құрлық шөгінділерінен табылған жануарлар қалдығы. Қазба жұмыстарын 1930 ж. КСРО Ғылым Академиясының Палеонтология институты жәнеҚазақстан Ғылым Академиясының Зоология институты (1952, 1966, 1981, 1990 – 1991 ж.) жүргізді. Қазбадан: мүйізтұмсықтар, бұғытәрізділер , бауырымен жорғалаушылар құстар (Anas) қалдықтары табылды. Олар шамамен 25 – 26 млн. жыл бұрын ылғалды ормандар мен көлді, батпақты аймақтарда тіршілік еткен. Арал қазба фаунасының жер қабатының геологиялық салыстырмалы жасын анықтауда маңызы зор.

 

 

 

 

 

 

 

 

Арал  теңізінің экологиясылық ахуалы

 Арал теңізі – Қазақстанның  інжу-маржаны, шөл белде-міндегі  бірден-бір көгілдір су айдыны  еді. Оның апатқа ұшырағанға  дейінгі көлемі – 1066 км², тереңдігі  – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға  бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.

1960 жылдардан бастап Арал  өңірін игеру қолға алынды. Осы  аймақтағы игерілетін жер көлемі  бұрынғыдай Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5,Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы Халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).

Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз  пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін  төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін  қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға  дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік  факторлар Арал өңірін экологиялық  апатқа ұшыратты.

Құрғап қалған теңіз түбінен  жыл сайын айналаға зияндылығы өте  жоғары 2 млн. тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.

Арал  апатына себеп болған факторлар

  • жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
  • ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
  • суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
  • жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
  • табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

 Осы аталған фактілер  Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік  атаулыны экологиялық дағдарысқа  әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының  қолдан істелген қателігі ретінде  дүние жүзіне белгілі болды.  Арал өңірінде туындап отырған  қазіргі экологиялық апаттар  нышаны жыл өткен сайын теңіз  суын тарылтуда. Оның фаунасы  мен флорасы жойылып бітуге  жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздыңмөлшері жылына 13-20 млн. т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда – 60%, Қазақстанда – 60-70%-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда.

Арал өңіріндегі антропогендік  факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда.

Қазіргі арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл  өңірде соңғы мәліметтер бойынша  туберкулез, бүйрекке тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс өңірімен салыстырғанда  жоғары көрсеткішті беріп отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы №1241 Жарлығымен мақұлданған ҚР-ның 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасында атап көрсеткендей, экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттерінің біріне экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту жатады. Міне осы айтылған жәйттердің бәрі біздің өңірден тиісті өз орындарын алады. Мысалы, Арал апат аймағын, «Байқоңыр» ғарыш аймағын және қауіпті «Возрождение» аралын бұған жатқызуға әбден болады. Демек, бұлардың қолайсыз экологиялық зардаптарының өңір халқының денсаулығына айтарлықтай зияндарын тигізіп келеді. Жеке тоқтап айтар болсақ, Арал өңірі экологиялық аймағында (186,3 мың халық бар 178 елді-мекен) тұрады. Сондай-ақ бұл өңір тұрғындарында ішек-қарын аурулары мен қан аздығы, әсересе әйелдер мен балалар арасында балалар өлімі мен туа біткен аурулар және балалардың жүйке аурулары көбею үстінде. Мысалы, облыста 2001-2003 жылдар аралығында 1408 бала алғаш тер мүгедектігіне куәландырылды. Демек, балаларды мүгедектікке шалдықтырып отырған негізгі аурулардың ішінде белді орынды жүйке (нерв жүйесі) аурулары иеленеді. Өткен жылы куәландырылған 355 баланың 104-і (29,9) ал қайта куәландырылған 1186 баланың 364 (30,6%) осындай науқасқа шалдыққан.2002 жылы бұл көрсеткіш 458 баланың 108-і (23,5%), қайта куәландырылған 1293 баланың 433-ін (33,4%) құраған-ды. Сондай-ақ өткен жылы алғаш рет 84 бала ақыл-есі кем балалар санатына жатқызылса, қайта куәландырылғандардан өткен жылы 250 бала (2002 жылы-317) осы дертке шалдыққан. Ал, былтыр 62 бала (2002 жылы – 98) бала туа бітті кемтарлыққа ұшыраған. Олблыс бойынша жалпы мүгедек балалардың 2003 жылы 1541 баланың 468-нің (2002 жылы – 1751 баланың 541) жүйке ауруына шалдыққаны анықталды. Демек осы науқастың түрі балалар арасында жылдан-жылға етек алып еледі.

Жалпы, адам үшін бірінші  байлық – денсаулық. Сондай-ақ, ертеңін ойлаған әрбір ел алдымен халқының саулығын, ұрпағының салауатты өмр сүруін қадағалайтынын әркез естен шығармағанда абзал. Сонымен бірге өңірде іш сүзегімен ауыратындар саны 7 есеге өскен. Сол сияқты қоршаған ортаның лакстануынан аймақта жүрек-тамыр және онкологиялық (обыр) аурулары әлдеқайда жиі кездеседі. Демек, бұларды ғаламшар тұрғындарын өлім-жітімге душар ететін, осы заманғы бірінші орындағы аурулар десе де болады. Жалпы, планетадағы көлдердің арасында көлемі жағынан төртінші орынды иеленетін Арал теңізі бұл күндері жер бетінен біржолата жоғалу үстінде. Өйткені, бұрынғыдан 66 мың шаршы шақырымға жуық қана су айдыны қалып отырған сияқты. Ғалымдар теңіз 2015 жылдары жер бетіне толық жойылады деп отыр. Ал, Арал өңіріндегі экологиялық апат адам өміріне жыл өткен сайын өте қауіп төндіруде. Өйткені, республика территориясында алғаш теңіз жағалауы 100 шақырымнан артық қашықтап, кіші арал оқшаулана бастаған шақта, сол құрғаған теңіз ұлтанынан тұзды шаң көлемді аймаққа тарала бастаған сәтте Ю.У.Новиковтың деректеріне қарағанда Арал табанынан кезінде жылына 72 млн. Тонна тұз дүние жүзіне шаң болып тарап, ал Арал өңірінде әрбір гектар жерге 700 кг тұз аспаннан жауатынын дәлелдеген. Міне, осыған орай бұл күндері теңіздің 70-80 пайызы жалаңаштанып құрғаған теңіз табанынан жан-жаққа тарап ұшатын әлгі тұз шаңының көлемін есептеп шығу қиынға соқпайды. Демек, бұл күндері әлемнің түкпір-түкпіріне жылына орта есеппен теңіз табанынан 290 млн. Тоннаның үстінде тұз-шаң тарап жататыны белгілі болды. Қазіргі деректер бойынша Арал теңізіндегі тұздың жалпы массасы 10,7-ден 11,4 млрд. тоннаға жетті. Аралдың тұзы таза табиғи тұз емес, құрамындатыңайтқыштар мен гербицидтерінің қалдықтары, гексохлоран сияқты аса қауіпті химикаттар ондаған жылдар бойы Сырдария мен Амудария ағынымен ілесіп, теңізге құйылады.

 

Экологиялық дағдарысы

 Арал экологиялық дағдарысы  — адам қарекетінің әсерімен  болған экологиялық дағдарыстың неғұрлым айқын мысалы, Арал теңізі экологиялық жүйесінің құлдырауы.

Соңғы ондаған жылдар бойында  халық санының көбеюі, суармалы жерлер аумағының 2-3 есе ұлғайтылуы, Арал алабында су тұтынудың едәуір артуы теңіз деңгейінің апатты түрде төмендеуінің негізгі себебі болды. Әмудария мен Сырдария сулары ағымының күрт азаюы (1960 жылдардағы 50—60 км3-ден 1990 жылдардағы 5-7 км3-ге дейін) садцарынан оның деңгейі 1960 жылғы 53 метрден 1987 ж.40,3 метрге дейін жоне 1992 ж. 37,2 метрге дейін төмендеді.

1990 жылдардың басында теңіз айдынының ауданы 45%-дан астам кішірейіп, судың көлемі 65%-ға кеміді, судың тұздылығы 3 еседен астам артты. Суы тартылған 30 мың шаршы километрден астам орасан зор аумақ тұзды шөлге айналып, одан жылына 40 млн тоннадан 150 млн тоннаға дейін тұзды жел көтеріп теңізден мындаған шақырым шалғайға дейін тарап жайылатын болды. Арал төңірегіндеантропогендік шөлдену процесі жедел өршіп, бұл орайда климаттың континенттенуі күшейді, шанды дауылдар жиілеп, топырақ қабаты, өсімдік жамылғысы күрт нашарлады, балықты айтпағанның өзінде, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі мүлдем азайды. Жайылымдар мен шабындықтардың өнімділігі азайып, дәрі-дәрмектік өсімдіктер қоры кеміді. Табиғи орта сапасының нашарлауы салдарынан жергілікті халықтың денсаулығына қауіпті төтенше экологиялық, әлеуметтік- экологиялық және санитариялық- эпидемиологиялық жағдай қалыптасты.

 

Теңізді құтқарудағы болжамдар

Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның бір жолата жойылып кетуі  Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдеріннің тыныс-тіршілігіне  өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағыауытқушылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақтсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер, халықаралық қоғамдастықтар қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер. Қазақстан жағы өз тарапынан тым құрыса Кіші Аралды сақтап қалу үшін көптеген жұмыстар атқарды. Екіге бөлінген теңіздің Қазақстандық аймағындағы Кіші Аралдың деңгейі баяу болса да көтереліп келеді. Арал теңізін қалпына келтіріп жандандыру жөніндегі бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:

  1. Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.
  2. Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.
  3. Арал теңізін жартылай сақтап қалу.
  4. Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.
  5. Жер асты суларын пайдалану.
  6. Арал теңізінің өздігінен табиғи ретттеулерін немесе толысуын күту.[4]

Әрине, бұл жобалар болашақтың ісі болғанымен, уақыт талабы оны  күттірмейді. Бәрі де қаражатқа кірелуі  мүмкін. Ал оның іске асуы адамзат қауымының  білімі мен біліктілігіне байланысты екені анық.

Қазіргі кезде аралды құтқаруда  бағытында батыл да жоспарлы түрде  ғылыми негізде жұмыстар жасалуда. «Арал тағдыры – адам тағдыры» болғандықтан, ғажайып су қоймасын оны сақтап қалу қазіргі ұрпақтың болашақ алдындағы борышы.

Қорытынды

Арал теңізін апаттан сақтау үшін көптеген жобалардың ұсынылғаны белгілі. Алайда олардың көпшілігі тенізді толтыруды емес, оны тек бүгінгі деңгейде ұстап қалуды көздейді. Ол ұсыныстар мынандай болатын:

1. Сыр және Амудария өзендерінің суларын тиімлі пайдалану;

2. Оңтүстіктен солтүстікке карай Возрождение аралын пайдаланып дамба салу. Кіші Аралдан тұз өндіріледі, ал Үлкен Арал Сыр және Амудария есебінен сақталады;

3. Жел тұрғанда аспаннан  тұз жаумас үшін жағалауларға сексеуіл т.б. жасыл желек ағаштарды отырғызу;

4. Арал аймағын Иран еліндегідей жер асты суларымен камтамасыз ету;

5. Сібір өзендерінің бір бөлігін Аралға бұру.

Бұл шаралардың теңізді бұрынғы  қалпына келтіре алмайтыны анық. Әрине Сібір өзендерінің бір  бөлігін Аралға тартуға болар  еді, бірақ ол біріншіден қымбатқа түседі, екіншіден Ресей оған келісе коймайды.

АҚШ, Жапония, Канада ғалымдарының Арал теңізінің суын бұрынғы деңгейіне  жеткізу үшін 200 миллиард доллар қажет  дейтін көрінеді. Аралды бұрынғы қалпына  келтіру үшін іргелі зерттеу жолымен  Каспий-Арал каналының ғылыми-техникалық дәлелдемесі жасалынады. Сол жоба бойынша Арал апатын шешу үшін 300 млн  доллар жеткілікті екеніне көз жеткізген.

Каспий теңізінен деңгейі бір  кезде көтеріліп, бір кезде төмендеп кететіні, яғни ғасырлық тербелісі  бұрыннан белгілі құбылыс. Соңғы  көтерілуінде теңіз деңгейі 214 см-ге өсіпті. Каспиймен шекарасы жанасқан мемлекетттердің (Ресей, Казақстан, Иран, Түрікменстан, Әзірбайжан) біраз жағалық  жерлері судың астында қалды. Кәзірдің өзінде де бұл елдердің мұнай  өндіріп тұрған көптеген кен орындары мен халық орналасқан жерлері  су астына кету қаупі бар.

Егер жоғарыда көрсетілген (214 см) судың қабатын Каспий теңізінің акваториясының ауданына (380 000 км2) көбейтсек, ол 800 км текше километр (800 км3) су болады. Бір кызығы, дәл осыншама су көлемі кұрып бара жатқаны Аралға жетпей тұр! Каспий теңізіндегі артық суды шарпып алып Аралға құйса екі теңіз де өздерінің баяғы күйлеріне келер еді. Мұны екі теңізді каналмен косу арқылы оңай жүзеге асыруға болады. Арал Каспийден 74 метр биіктікте орналасқан және екеуінің арақашықтығы 500 километрді құрайды. Жоба бойынша Каспий-Арал каналын салуды 2 кезеңге бөліп жүргізу керек. Алдымен каналдың аса терең емес табан бөлігін минерал жыныстың ішінен қазып, одан шыққан топырақты каналды бойлай жағалауға үйеді. Каналды бетонмен каптап, жылына 25 текше километр (25 км3) су жүретіндей етіп іске қосады. Екінші кезеңде, каналдың жағасында жиналған үйінді топырақты тегістеп жайып, каналдың екі жағынан бірдей дамба көтереді. Соның нәтижесінде каналдың көлемі кенейіп, 40 текше километр (40 км3) су жүретін болады. Бұл есептеу жайдан-жай, кездейсоқ алынып отырған жоқ. Олар Аралды қалпына келтіру жұмысында құрылысқа өте аз шығын жұмсап, энергияны үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.

Әрине, аталған жоба бойынша  бірінші кезектегі каналдың құрылысын 3-4 жылда, ал екінші кезектегі құрылысты  асықпай, келесі 15-20 жылдың ішінде салуға болар еді. Бірақ та, біз күткенмен  де Каспий күтпейді, сондықтан бұл  жұмысты ұзақ мерзімге қалдыруға  әсте болмайды.

Канал жағалауларынын дамбасын салуды каналды қазу жұмысымен қатар  жүргізгенде оны толығымен 5-6 жылда  аяқтауға болады. Жоғарыда, соңғы 15 жылдың ішінде Каспийдің суы 800 км3-ге артты делік. Яғни, ол жыл сайын 53 км3 су қосылғанын, немесе теніз денгейінің жылына 14 см-ге көтерілетінін білдіреді. Егер Каспий теңізінен жылына 40 км3 су алынып тұрса, ол теңіз суының көтерілуіне жақсы тежеу болмақ. Аралды суға толтыруға кажетті 25 жылдың ішінде су деңгейінің көтерілу қарқыны осы күйінде сақталғанның өзінде Каспий суының деңгейі 3,5 метрдің орына тек 0,87 метрге ғана көтеріледі. Сөйтіп 25 жылдың ішінде Аралға 1000 км3 су құйылады.

Канал Үстірт шоқысынан өтетін болғандықтан Каспийдің суын насоспен айдап, оны 150 метрге көтеру қажет. Канал  кұрылысы мен насос станцияларының шығыны 300 млн долларды құрайды. Оның 4/3 бөлігі канал құрылысына, ал қалғаны  насос станциясы сияқты косымша  қондырғыларға жұмсалады.

Судың булану нәтижесінде  Каспийдің тұзы Аралдың түбіне жиналып, оның тұздылығын арттыруы мүмкін. Оның алдын алмаса, тағы да 100-150 жылдағы  кейін ол өзінің пайдалы маңызын  жояды. Осындай жағдайды болдырмас  үшін енді Аралдан Каспийге қарай  ағатын екінші канал салу керек. Сонда  Каспий-Арал каналы Аралды сумен толуды камтамасыз етсе, екінші Арал - Каспий каналы теңіздің тұздылану балансын бірқалыпты ұстап отырады. Екінші Арал—Каспий  каналын салу көп қаржыны талап  етпейді. Жоба бойынша ол 30 млн долларға бағаланып тұр. Бұл каналға насос  станиясының қажеті жоқ, канал қазылып  суға жол берілсе болды, ылдиға қарай  судың өзі зымырайды. Каспийге кұятын Арал—Каспий каналының ұзындығы негізгі каналға карағанда 2,5 есе  қысқа болмақ.

Екінші каналдың кұрлысын еліміздің экономикасы бекіп, аяғынан  тік тұрып, Аралымыздың арнасы суға толғаннан кейін 25-30 жылдан соң бастауға болады.

Каспийге құятын Арал Каспий каналы іске косылған соң Арал Каспийден  жылына 20 км3 су алумен ғана шектеледі. Каспийдің су балансының тепе-теңдігі 20 км3 судан бұзылмайды.

300 млн доллар! Кәзіргі  жағдайда бұл тиімді баға ма, әлде көп пе? Адамзаттың уайым-қайғысыз, шаттанып өмір сүруі үшін үлкен  екі аймақта тұратын миллиондаған  халықты апаттан құтқаруға жұмсалатын 300 млн доллар ешкандай қымбатшылық  емес! Бәрі де салыстырмалы түрде  айқын болады. Мысалы, "Стеллс" атты американдық бомбалаушы ұшағының құны 840 млн доллар. Ла-Манш арқылы өтетін туннельдің кұрлысы 80 млрд доллардан асып түсті.

Көріп отырғанымыздай, Аралды құтқарумен асау Каспийге тұсау салуға 300 млн доллар соншалықты қол жетпейтін  сома емес. Каспий жағасында орналасқан қазақ жеріне судың көтерілуіне  байланысты 40 млрд теңге (40 млн доллар) зиян келтіріледі. Оның үстіне әсіресе  төмендегі мәселелерді ескерсек, канал құрлысының тиімділігіне тағы көз жеткіземіз.

1. Арал бүкіл планетаның жанды жарасы. №1 экологиялық апат. Орталық Азия мен Казақстанның және т.б. елдердің тағдыры Арал мәселесін дұрыс шешуге тікелей байланысты.

2. Каспий теңізін айналдыра дамба салу үшін жұмсалатын қаражат пайда келтірмейтін өлі капиталмен тең.

Жоғарыда айтылғандардың тоқ етер түйіні, ортақ іске қатысы бар мемлекеттер бірігіп, керекті 300 млн доллар қаржы жинап, орасан күрделі екі экологиялық ахуалдың шиеленісуін шешпесе болмайды.

Ол шара Аралдын шипалы суын калпына келтіріп, балығын халыққа үйіп-төгіп бергеннен соң, барлық шығынды өтейді. Әрі асау Каспий де біраз тынышталып, Орта Азияның негізгі екі өзеніне көмектесіп, Аралдың мың жылдық әсемдігін тағы да 1 000 жылға оздырмақ.

Арал теңізінің 2010 жылы құриды деген ғылыми болжам бар: шындық па, дақпырт па? Қазіргі Арал теңізінің  экологиялық проблемалары осы жүйедегі бүгінгі таңда әлі шешімі табылмаған күрделі мәселелердің бірі болып  отыр. Негізінен, Арал теңізі жайлы  соңғы толық зерттеулер 1946-1950 жыддарға жатады. Ол мәліметтер бойынша теңіз  көлемі 66 мың шаршы шақырым, ең ұзын бөлігі 424 шақырым, ал ең енді бөлігі 292 шақырым. Орташа тереңдігі 16,1 метр. Теңіздің шығыс бөлігі тайыз деп саналған. Тек жағадан 60 шақырым ұзағанда барып, оның терендігі 10 метрге жеткен. Судың тұздылығы 10-11 пайыз. Теңіздің су балансының кірісіңде өзен суларының үлесі 52 текше шақырым 5,3 текше шақырым. Ал, маусымдық су деңгейінің орташа ауытқуы 25 сантиметр деп есептелінген, ал оның көп жылдығы 3 метрден. Демек, 1960 жылы Арал теңізінің абсолютті биіктігі 53,4 метр болса, ал 1967 жылы 51,66 метрге дейін төмендеген.

І985 жылы Сырдария мен Әмудария өзендері Арал теңізіне құюын мүлдем тоқтатты. 1967-1985 жылдары Арал теңізі 800 текше шақырым суды кем алды.

Яғни, екі өзеннен Арал теңізіне құйған судың көлемі 1960 жылы 46 текше шакырым, 1970 жылы 35,6, 1980 жылы 10 және 1985 жылы 5 текше шақырым. Ал, 1986 жылы екі өзеннің ағысы теңізге  жете алмай егіс далаларындағы атыздарга  тарап тоқтады.

Демек, 25-30 жылдың ішіңце бір  ұрпақтың көз алдында жер бетінен  аумағы 6 миллион гектарға созылған, терендігі 68 метр теңіздің жоғалып кетуі адам сенбейтін жағдай. Өйткені, теңіздің деңгейі төмендеген сайын зерттеушілердің мөліметтеріне карағаңда, оның бір шаршы шақырым кепкен орнында 7 мың тонна тұз қалады екен.

Қызылқұм мен Қарақұмға  қарағанда, жаңадан пайда болған шөл дала казір жай ғана сусыз  аймақ емес, бетін жауып тұрған шөбі жоқ, бұрқыраған құмды, сортаңды шөлге  айналды. Бүгінде, оның аумағы шамамен 3 млн гектарды құрайды.

Қарақұмның тұсынан "Аққұм" деп аталатын тұзды, сортаңды кауіпті  аймақ пайда болды. Оның көлемі күн  сайын ұлғаюда. Демек, бұл осы  өңірдегі табиғи өсімдік жамылғысының өсуіне топырақтың күшті тұздануы өз әсерін тигізіп отыр деген сөз.

Бұрынғы теңіздің астауын  сақтап келген қысым бірте-бірте  азайып, енді теңіз түбінің көтерілу процессі бастау алды. Демек бұл  процесс негізінен екі бағытта  яғни, онтүстіктен солтүстікке, шығыстан батысқа қарап бет ала бастады. Осыған орай кейбір ғалымдарының есептеулері бойынша Арал теңізі түбінің бүгінгі көтерілу жылдамдығы жылына 5-7 мм, ал жарты ғасырдан кейін 50-70 сантиметрге жетеді екен.

Арал теңізі жағдайы