Аралас экономика. 5

Жоспар:

Кіріспе

  1. Аралас экономика
    1. Аралас экономиканың қалыптасуы
    2. Аралас экономика ұғымы
  2. Аралас экономиканың Қазақстанда қалыптасуы
    1. . Қазақстанның аралас экономикаға әсері
    2. . ҚР-дағы осы кезеңдегі экономика жүйесі және оның ерекшеліктері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

            Қазіргі қоғам дамуының объективтік  процестерін талдау қазіргі экономикалық құрылыс – аралас экономиканы сипаттайды, ол бұрынғының қойнауында туған қоғамдық шаруашылықты жүргізудің жаңа түрі.         Аралас экономика ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде өнеркәсіпті шоғырландыру процесі нәтижесінде күрделі корпорациялар, монополистік ұйымдар арқылы пайда болды. ХХ ғасырдың 30 – жылдарында аралас экономика теориясында Д.М.Кейнс өз үлесін қосты. Кейнс мемлекеттік күрделі қаржылар басқармасын құру қажет деп санады. Сонымен бірге жекеменшік капиталы да керек деген пікір айтты.

         Аралас экономиканың бірнеше  белгілері бар. Бірінші белгісі – мемлекеттік меншіктің экономикада белгілі үлес салмағының сақталуы. Екінші белгісі – бұл экономика құн және жоспарлық қатынастар арқылы реттеледі. Осы тұтқаларды қолдануды мемлекеттік жоспарлау орындары жүзеге асырады. Аралас экономиканың елеулі сипаты макро және микроэкономикалық дәрежеде ұйымдастыру, басқарудағы экономикалық тұтқаларды кеңінен пайдалану.

 

 

 

 

 

 

 

Аралас экономиканың қалыптасуы.

Ірі өнеркәсіпті бір сатысынан  басқасына ауыстырған өндіргіш күштердің  өсуі адамзат қоғамының әлеуметтік – экономикалық дамуының қатпарларында да терең өзгерістер туғызады. Бұл процестің белгілері Ресей ғалымдарын мынандай қорытындыға итермеледі: "Мүмкін соғыстан кейінгі тарихқа тән жалпы адамзаттық құрылымының интенсивті күшеюі, өркениеттің жаңа түріне өтудін куәсі болар... ол экономикалық тиімділікті терең түсінгені ізгілікпен қосуға бағытталған". Мәселенің бұл қойылысында қазіргі дүниедегі өзгерісті мәнді мойындау бар.

Екінші жағынан, болып  жатқан өзгерістерді айтқанда қоғамдық өндіріс түріңдегі өзгерістерді кешіруге болмайды. Олар, жай ғана модификацик  емес, басқа мазмұнға, жағдайға өту. Бұл өзгерістер машиналарды енгізу, ірі өнеркәсіптің нәтижесі, содан  кейін қоғамдық өндірістің индустриялануы капитализм шеңберінде ұжымдық өндірістің өмірге объективті келуін қамтамасыз етті. Нәтижесінде коғамдық өңдіріс  машинаға сүйеніп өз бойында қарама-қарсы  екі тенденцияны қосады, кәсіпорындар мен өндіріс салаларының оқшаулануы және өзара байланыстылығы. Тауарлы  өндірістегі ұжымдық қатынастарды немесе ұжымдық өндірістегі тауарлы  қатынастардың коғамдық өндірістің бір түрінен екіншісіне ауысып өтпелі жағдайын білдіреді. Қоғамдық өндірістің бұл өтпелі жағдайы нарықтық қатынас  дамуының жаңа сатысын — аралас экономиканы туғызады.

Тауарлы өндіріс — аралас экономика, өйткені мұнда ұжымдық  өндіріс қалыптасады, біреуінің  заңдылықтары басқасына айналады. Аралас экономика қызметінің ерекшелігі, тауарлы  өңдіріс заңдылықтарына негізделген  ұжымдық өндірістің заңдылықтарының  әрекеті сипатымен байланысты. Экономикалық қатынастар дамуының табиғи-тарихы процесі  меншіктің түрлі формаларының басын  қосады. Шаруашылықты жүргізудің бір  тәсілі табиғи жолмен басқа тәсіліне ауысып отырады.

Аралас экономиканы түрлі  өндіріс әдістері арасындағы кедергі, ол мемлекеттік жеке кәсіпкерлер  ісіне араласуынан болады деп  қарамау керек. Аралас экономиканы тек укладтылықпен теңестіру де қате көзқарас. Әр түрлі укладтар түрлі дамыған өндіріс әдістерінде болды. Айталық, дамыған капитализмде феодалдық жер пайдалану, ұсақ тауарлық шаруашылықтың қалдықтары болды. Бірақ осының себебінен капиталистік өңдірістік қатынастардың негізіне аралас экономиканы кіргізу тауарлы өңдірістің капитализмді туғызғанымен бірдей, керісінше емес. Аралас экономиканы формациялық емес деп қарау да күмәнді. Мұндай көзқарас азиаттық ендіріспен ұштасады, оған маркстік-лениндік формация жүйесіңде орын табылмағаны белгілі. Шын мәнінде бұл көзқарас қоғамдық қатынастарға үстірт қараудан шығады. Егер бұл құбылыс капитализм де емес, социализм де емес десек онда ол информациялық құбылыс бола алмайды. Мұндай көзқарас қоғамдық даму барысындағы процестерді көрсете алмайды. 
Қазіргі қоғам дамуының объективтік процестерін талдау мынаны белдіреді: қазіргі экономикалық құрылыс — аралас экономиканы сипаттайды, ол бұрынғының қойнауында туған қоғамдық шаруашылықты жүргізудің жаңа түрі. Тек сыртқы керініс түрі тауарлы ұжымдық қатынастарды бар екенін көрсетті, сөйтіп экономист ғалымдарды аралас экономика туралы айтуға мәжбүр етті, содан кейін теория жасауға кірісті. Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің екі түрі аралас экономиканың тарихи алғы шарттары еді. Сондықтан аралас экономика шын өмірдегі қатынастардын бер жағын емес, ең тереңдегі шын нақты қатынастарды айқындайды. Аралас экономика өзінің бойына мемлекет пен кәсіпкерлердің арасындағы қатынастарды емес, экономикалық укладтар арасындағы катынастарды емес, тіпті формациялар мен өндіріс әдістері арасындағы қатынастарды емес, ол бір қоғамдық өндіріс түрінің екіншісімен ауысу қатынастарын жинақтайды. Аралас экономикада ешкімді, ештеңені ешқандай қыстау, қинау, шыңдау жоқ. Мұнда эволюция табиғи жолмен, біреулері жаңадан, бұрынғылары қоғамдық өндіріс элементтерінің "ескертуімен" өзгеріп жүріп отырады. Оның өтпелілігі мұндағы жаңа өндіріс әдісінің пісіп-жетілуінде, бірақ бұл бір өндіріс әдісінің екіншісіне өту кезеңі емес. Мұңдағы процестер өте күрделі, өйткені жаңа заңдылықтарды қалыптастыру бұрынғылардың модификациялануы мен жаңаруы, мәндік қатынастардың өзгерген түрлері туралы сөз болып отыр. Бұлар жөнінде өтпелі кезеңде айтуға болмайды, өйткені ол бұрынғы түрдегі процестерді өзіне қабылдамайды және адекватты материалдық-техникалық база жасалған кезеңге дейінгіні қамтымайды.

Шаруашылықты жүргізудің жаңа түрінің қалыптасуын айтқанда мынаны атап өту керек: жаңаның бәрі емес, жаңаның жоғары дәрежелі, қоғамдық өндіріс түрінің біреуін басқасының ауыстыруы бұл тауарлы өндірістің заңы. Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі — аралас экономика. Аралас экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы мынада: өтпелі экономика формациялық даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді.

Әр түрлі елдердің қазіргі  эхономикасын аралас зкономика деп  сипаттауға болады, бірақ АҚШ-тың  немесе ГФР-ның, экономикасын өтпелі деп  айтуға келмейді. АҚШ-тың, ГФР-ның, экономикасы  өз бойына тауарлы және ұжымдық қатынастардың  заңдылықтарын жинақтағанымен, оларда туып келе жатқан қоғамдық-экономикалық құрылыстың экономикалық укладтары  жоқ. Сондықтан біз АҚШ-тың немесе ГФР-ның қазіргі экономикасын өтпелі экономика дей алмаймыз. Жаңа экономикалық жүйенің алғы шарттары және жаңа жүйе бір-бірінсіз өз бетімен дамитын  ерекше эмбрион сияқты. Зерделеп отырған  құбылыстың белгілерін атау қиын емес, өйткені оларды бұрынғы ғалым-экономистер  өз түсінігі бойынша айқындады. Ғылыми әдебиетте олар монополисттік капитализмнің  немесе индустриалды қоғамнын, болмаса  басқа бір концепцияның белгілі  сипаттары ретінде көрінеді. Осы  алғы шарттар аралас экономика ұғымын анықтады және оның мынадай белгілерін атап өтуге болды. Алдымен аралас экономика қоғамдық өндірістегі  тауарлы және ұжымдық өндірістің барлығын, оларға тән заңдар, заңдылықтар  мен қатынастарды сипаттайды. Аралас экономика нақтылы экономикалық шындықтың құн заңы мен жоспарлылық заңының әрекетін білдіреді. Олар туралы Дж. Гэлбрейт "Нарықтық қатынастар кейбір жоспарлау жолымен модификацияланып отыру тиіс" деп жазды. Проблеманың осы жағына назар аударуды Ч. Макмиллан жақтап Линбломның мына сөздерін келтіреді: "Дәстүрлі экономикалық теорияның ең үлкен қателіктерінің бірі — бизнесмендерді қозғаушы күш қызмет көрсету мен тауарларды сату, ал нарықтық экономикадағы өңдірісті дамытудағы бірден-бір мүдде — сатып алу мен сату қатынастары. Мұнда күмәнді ірге тасты өндіріс жүйесі қызмет істей алмайды. Оның дамуы үшін мемлекепік реттеуді енгізу керек". Жоспарлылық пен құнның модификацияланған түрлері әлі де болса ұжымдық өндірістің экономикасында классикалық тауар өндірісінің жоқтығын білдіреді.

Аралас экономиканың алғашқы  көрінісі — экономиканы реттеуге мемлекеттің араласуы. Бұл ең алдымен  мемлекеттің экономикалық қызметінің күшеюінен керінеді, бұған сұранысты  ынталандыру, салықты реттеу арқылы инвестицияны ынталандыру, амортизацияны  жылдамдату және т. б. шаралар кіреді. Аралас эконсмикаға тән белгінің бірі — мемлекет пен бизнестің  өзара байланысы. Бірақ мұңда  басқа да көптеген аралық буындар  мен элементтер бар, ол әр түрлі өнеркәсіп, сауда, саяси топтардың мүддесін білдіріп, қоғамдық өндірісті біртұтас өзара байланыстың түрлері мен  саяси лоббизм жолымен реттеуге қатысады.

Аралас экономиканың басты белгісі – мемлекеттік меншік. Айталық, жеке сектордың қолынан бәрі келе бермейді, бұл әсіресе темір жол транспортында, атом энергетикасында, космостық техниканы игеруде ерекше білінеді. Қазіргі өндірістің бұл салалары тек үлкен көлемде ақша қаржыларын талап етіп қана қоймай, сонымен қатар қоғамның барлық күш-жігерін қажет етеді. Олар өз кезегінде шаруашылықтың басқа салаларына айтарлықтай тікелей ықпал жасайды.

Мемлекеттік меншіктің пайда болуы – тауар қатынастарында жаңа лептің, ұжымдық өндірістің үстемдігін сипаттайды. Аралас экономикаға меншіктің көптүрлілігі тән, мұнда жеке-дара және ұжымдық меншіктің түрі олардың негізі болып, басқа түрлерінін пайда болуына әсер етеді. Аралас экономиканың маңызды бір белгісі құндылық және жоспарлылық тұтқалар арқылы реттеу. Оларды қолдану басқарудың мемлекеттік және де басқа оргаңдарда жүреді, бұлар кеңестік және консультация немесе зерттеу сипатында болады. Өнеркәсіп органдарын сәйкестендіретін мемлекеттік жоспарлау органдары. Жапониядағы индустриалды құрылысының кеңесі сияқты стратегиялық жоспарлау принципі негізінде "тұрақтандыру саясатына салық, ақша және сауда құралдары экономикалық белсенділікті реттеу үшін қолдануы".

Қазіргі уакытта Қазақстанда барша шаруашылық жүргізудің экономикалық жүйелік қызметтерінің нарықтық үлгісі жасалуда. Осы жағдайда нарық экономикасы жоғары дамыған елдер қолданып отырған үлгілердің ерекшелігін білу өте қажет. Алдымен назарымызды барлық нарықтық жүйелер жөне олардың даму бағыттары тәуелді болатын жағдайларға көңіл аударайық:

  • географиялық орналасу;
  • табиғи ресурстардың бар болуы;
  • тарихи даму жағдайлары;
  • халықтың дәстүрі, әдет-ғүрыпы;
  • өндіргіш күштердің даму дәрежесі;
  • қоғамның өлеуметтік бағытгалуы.

Шаруашылық жүргізудің нарықтық шарттарының әр елдердің өзіне тән  ерекшеліктері болады. Сонымен қатар  барлық нарықтық үлгілердің ортақ көрсеткіштері  болады:

  • меншіктің әр алуан формаларының болуы;
  • тауарлар мен қызметтерге көбінесе еркін баға болуы;
  • еркін бәсекенің дамыған жүйесі;
  • кәсіпкерлік әрекеттердің кең тарауы;
  • экономиканы мемлекеттік реттеудің белгілі жүйесі.

Аралас экономика ұғымы.

 

Аралас экономика — экономиканың мемлекеттік, кооперативтік жеке меншік нысандарына негізделген шаруашылықты жүргізу жүйесі. Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына негізделіп, олардың өзара қарым-қатынасы мен ықпалдасуына негізделеді. Елдің әлеум.-экон. дамуын жеке меншік пен мемлекеттік меншік арасындағы қарым-қатынас, кәсіпорындарды мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру процестері жеделдетеді. Дамыған елдерде көп нысанды Аралас экономика сипаты басым және онда жеке меншік, мемлекеттік меншік нысандарымен қатар муниципиалдық, кооперативтік, жалгерлік меншік түрлері де дамыған. Аталған Аралас экономика түрлері аймақтық, ұлттық және жергілікті жағдайларды, халықтың әр түрлі әлеум. топтарының мүмкіндіктері мен мүдделерін ескеру үшін аса маңызды. Мұндай меншік түрлерінің Қазақстанда қалыптасып дамуы ел ерекшеліктері мен үрдістеріне сай нарықтық экономиканы байытып, оның икемділігін бірте-бірте арттыруда.Қазақстанда жарғылық капиталы біріккен кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар да бар. Соның әсерінен шетелдік және мемлекетаралық меншік түрлері дамуда. Аралас экономиканың басты мақсаты — өндіріс пен байналыс жүйесінде, ғылыми-техникалық, инвестициялық және сервистік салаларда дүние жүзі қауымдастық құрылымына ену. Аралас экономиканың экономикалық стратегиясына кәсіпкерлік пен жеке адамдардың еңбек белсенділігін арттыру және ынталандыру жатады. Қазақстан үшін басты стратегиялық бағытқа ел Президенті Н. НазарбаевтыңҚазақстан — 2030” Қазақстан халқына жолдауында көрсетілгендей,

“Көптеген ірі рыноктар арасындағы байланыстырушы буын ретіндегі біздің жағдайымыз ашық экономика мен еркін сауда құруды талап етеді. Тұйықтық пен өз рыногын оқшаулау әрекетінен гөрі мұндай саясат елдер мен құрлықтар арасын әлдеқайда жылдам жалғайды”

Аралас экономика құрамындағы  меншік иелері қызметін өзі орналасқан, елдің заңдары мен нормативті құжаттарына сәйкес жүргізеді.

Біздің еліміз жоспарлы экономикадан нарыққа ауысканын білесіңдер. Нарықтық экономика жеке меншікке, таңдау еркіндігі мен бәсекеге негізделген. Ондағы сауда заты болып тауар, қызмет керсету, кәсіпорындар, жер мен адамдар еңбегі саналады. Кәсіпкерлер өндіріс үшін пайдалы тауарлар мен қызмет түрлерін таңдап, оған ең алдыңғы қатарлы технологияны қолданады. Ол нарықтық экономикаға қозғалыс беріп, жылдам қайта құрылу қабілетін арттырады.

Дегенмен, оның өз кемшіліктері де бар. Олардың негізгісі - ырғақтылық, яғни өндірістің қарқындау және халықтың жұмыспен қамтамасыз етілу кезеңі ендірістің құлдырауы және жұмыссыздықпен алмасып келіп отырады. Одан баска заңмен шектелмейтін нарық құбылысы адамдардың тұрмыс-жағдайы мен қоршаған орта жағдайының нашарлауына әкелуі мүмкін.

Сондықтан барлық елдердің экономикалық өмірін мемлекет реттеп отырады. Оның қол астында мемлекет бюджеті және қорғаныс, азаматтардың кауіпсіздігі, білім беру, денсаулық  сақтау сияқты салалармен қатар, көп  жағдайда ірі компаниялар да болады. Олардың барлығы экономиканың мемлекеттік секторын құрайды.

Біздің еліміздің мемлекеттік  секторының құрамында 25 мыңдай мекемелер  мен кәсіпорындар бар. Онда жұмыс  күшінің 1/4 бөлігі жұмылдырылып, ұлттық кірістің 15%-ы жасалады.

Бұл - дүние жүзіндегі  көптеген мемлекеттер сияқты, Қазақстанның экономикасының да аралас екендігін көрсетеді. Бірақ ол нарық заңдары бойынша жүмыс істейді. Мемлекет еркін бәсекелестікті қолдай, халыққа әлеуметтік жағынан қолдау көрсетеді, аумақтар мен жекелеген өндірістердің даму бағдарламасын жасайды.

Шаруашылықтың ерекше секторын көлеңкелі (бақылаусыз) экономика құрайды. Ол фирмалар мен азаматтардың заңды бұзып, салық төлеуден жалтарған жене тыйым салынған қызмет түрлерімен айналысқан кезде пайда болады. Ол Қазақстан экономикасының 20%-ға дейінгі бөлігін құрайды. Көлеңкелі экономика мемлекет пен қоғамға үлкен зиянын тигізеді.

 

 

Қазақстанның  аралас экономикаға әсері.

 

Қазақстан әлемдік экономикада  халықаралық өлшем бойынша біздің еліміздің экономикасы орташа деңгейде. Ол дүние жүзіндегі жалпы өнімнің 0,23%-ын өндіріп, 54-орынды алады. Қазақстанның шаруашылығы даму қарқынына қарай әлемдік экономикадан 3 есе асып түседі. Ондай артықшылық біздің еліміздің ұстанымын нығайта түсіп, дүние жүзіндегі беделін арттыруда.

Қазақстанның дүниежүзілік ірі «жабдықтаушы» ретінде де маңызы өсуде. Еліміз әлемдік нарыққа көп мөлшерде отын, металл, астық шығарады. Бұлар қарапайым, қымбат емес тауарлар. Дегенмен де, олар экономиканың интенсивті дамуы үшін жағдай жасайды.

Қазақстан дүниежүзілік инвестиция тарту орталығына айналуда. Елімізде ірі шетелдік компаниялар («Шеврон-Тексако», «Бритиш Газ», т.б.) жұмыс істеуде. Ең алдымен олар өз мәселелерін шешумен қатар, біздің еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуына да үлесін қосады.

Қазақстанның Еуропа мен Азия арасын қосатын жаңа көлік дәлізі ретінде де рөлі көтерілуде. Ең соңында біздің елімізді әлемдік мәселелерді шешудегі халықаралық арена ретінде атауға да болады (ғарышты игеру, қоршаған ортаны корғау, т.б.).

 

 

Қазақстан Республикасындағы  осы кезеңдегі экономика жүйесі және оның ерекшеліктері

         Республика экономикасы аса күшті  дағдарысты жағдайда болып, әрбір күн үсті-үстіне жаңа проблемаларды көлденең тартуда, ал бұл жағдайда экономиканы тұрақтандыру мәселесін баған сайын қиындатып, оның өзі іс-қимыл стртегиясында да, тактикасында да елеулі түзетулер енгізуді қажет етіп отыр. Өндіріс одан әрі құлдырап, ұлттық табыс азайып бара жатқан жағдайларда жұмыс істеуге тура келеді.

         Экономиканың қазіргідей жағдайға  тап болуының себептері көп,  олар жайында саясатшылар да, ғалымдар да жазып, айтып жүр. Солардың көбі республиканың ондаған жылдар бойы «Социалистік» дамуы кезеңінен бері жалғасып келеді. Бірқатар факторлар республика экономикасының бурыңғы одақ экономикасымен барынша байланысты, Ресейдегі экономикалық реформаның бағыттары мен қарқындарына өте тәуелді болуына байланысты.

          Сонымен қатар үкіметте экономиканы  республикамыздың жағдайларына сәйкес түбегейлі реформалау жөніндегі ғылыми негізделген стратегия және бағдарлама жоқ болды. Осы кезге дейін шалғай, көбінесе жергілікті мәні бар шешімдер қабылданып, олар жағдайды жақсартудың орнына көбінесе нашарлататын, оған қоса кешіктірілетін, қабылданған шешімдерді жүзеге асыру ісінде жасқаншақтық байқалатын.

          Мемлекет жаңа экономикалық құрылымдар  жасау, кәсіпкерлік қызметтің  барлық түрлерін кеңінен өрістету  бағытында неғұрлым батыл күш-жігер  жұмсауға тиіс болды, өйткені,  біз көз жеткізгеніміздей, пополияндырылған  экономика жағдайында бағаны  ырықтандыру күткендегідей нәтижелер  бермейді. Бірақ біз бұл мәселеде  шабындық көрсетіп, басқалар қалай  жасайды екен деп жалтақтаймыз. Негізінде заң актілері бар, олардың орындалуын, басқарудың барлық буындар тарапынан қолдау көрсетілуін қамтамасыз етілуі қажет. Кәсіпкерлікке қызмет көрсететін бүкіл жүйені, яғни рынок инфрақұрылымын жеделдете дамыту керек. Қазір ең бастысы – рыноктың ұсақ субъектілерінің қызметіне серпін беру, мұның өзі іскерлік белсенділіктің күрт артуына себеп болады. Осыған орай, барлық деңгейде кіші бизнеске үйрету орталықтарын құру, соған септігін тигізетін қорлар жасау керек. Рынокқа өту жағдайларында Үкімет алдында тұрған басты проблема – бүкіл дерлік ұлттық байлық мемлекет меншігінде болады. Дамыған елдердің тәжірибесі халықтың белгілі бір бөлігі ғана белсенді меншік иелері – кәсіпкерлікке айналатынын, ал басым көпшілігі компаниялар бірінің акцияларын иеленіп, жалданып жұмыс істейтінін көрсетті. Жекешелендіру барысында мемлекеттік бөлу бізге де бәрі бірдей меншік иесі кәсіпкерге айналуына себеп болмайды, рынок қаншама қажет етсе, соншама кәсіпкерлер болады.

Аралас экономика. 5