Арамшөптермен күресу әдістерін топтау
Кіріспе …………………………………………………………………2
Жоспары:
А) Арамшөптермен күресу әдістерін топтау………………………...3
Б) Арамшөптермен алдын
ала күресу шаралары......................
В) Арамшөптермен агротехникалық жолмен күресу……………….7
Г) Арамшөптермен күресудің биологиялық әдістері……………….9
Д) Арамшөптермен күресудің
Қорытынды.....................
Қолданылған
әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Қазақстан Республикасының халық шаруашылығындағы ең басты салаларының бірі – ауыл шаруашылық өндірісі. Өйткені, ол халықты жеткілікті мөлшерде азық-түлікпен, мал шаруашылығын жемшөп қорымен, ал өнеркәсіпті шикізатпен қамтамсыз етіп отыр. Бұл міндетті түбегейлі іске асыра беру үшін колхоз, совхоз қожалықтар мен жекеменшілік шаруашылықтары, акционерлік қоғам ұжымдары әрбір гектар жердің құнарлылығын арттырып, одан алынатын өнімдерді молайтуға күшү жұмылдырулары керек. Бұл үшін әр түрлі агротехникалық шараларды, оның ішінде арамшөптерді жою шараларын кең көлемде жүргізу керек. Ал, арамшөптер егістіктің ең басты жауы. Олай дейтін себебіміз, арамшөптер топырақтың қоректік заттары мен ылғалдың ауыл шаруашылық дақылдарынан тартып алып, олардың өніп-өсуіне кедергі келтіреді, жердің құнарын кетіреді. Соның салдарынан әр гектар жерден алынатын өнім де күрт төмендейді.
Бұған дәлел ретінде мынадай бір мысал келтіруге болады. Академик А.И.Бараев атындағы қазақтың астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты деректеріне қарағанда, республиканың ең астықты Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында тек қана қарасұлының кесірінен ғана бір жылдың ішінде 175 млн.пұт астық кем жиналған екен.
Арамшөптермен күресу әдістерін топтау
Ауыл шаруашылық ғылымы мен практикасында зерттеліп дәлелденген алуан түрлі арамшөптермен күресу әдістері мен тәсілдері айтарлықтай. Олардың мәнділігі биологиялық және шаруашылық тиімділігіне, орындалу қиындылығына және материалдық шығындарына байланысты өзгеше болады. Сондықтан, арамшөптермен күресудің шаралары мен әдістерін жүйелеп, орынды пайдалана білу өте қажет.
Арамшөптермен күресу принципінің негізіне арамшөп өсімдіктерінің басты биологиялық, ең алдымен олардың тұқымдарымен және жер астындағы вегетативті органдарымен өніп-көбею ерекшеліктері алынған. Жаңа өсімдік тек тұқымы арқылы өсіп шығатыны белгілі, сондықтан олармен күресудің бірінші принципі – арамшөптің тұқым салуына, тұқымдануына жол бермеу, сонда ғана тұқымның топыраққа түсуі болмайды. Бұл принципті аз жылдықтармен қатар көп жылдық арамшөптерге де қолдануға болады, оның сақталуына бірқатар зерттеушілер айрықша мән беріп арамшөптердің тұқымының топыраққа түсуіне жол беруге болмайтындығын бірнеше рет дәлелдеген.
Топырақта болатын арамшөптер тұқымы – жаңа өсімдіктің шығатын тұрақты көзі. Арамшөптер тұқымының қаулап өсуі, олардың оянуын және биологиялық тыныштық қалпынан шығуын қамтамасыз ететін белгілі жағдайда ғана мүмкін. Сондықтан күресудің екінші принципі – тұқымның өніп-өсуіне жағдай жасап, онан әрі олардың көгін өңдеумен құрту болып табылады. Іс жүзінде бұл принцип өршіту (қозғау салу) деген атақ алды. Өршіту жолымен арамшөптердің үлкен бөлігін мәдени дақылдар себілгенге дейін құртуға жол ашылады.
Көп
жылдық арамшөптер тұқымын
Сонымен аталған принциптерді еске ала отыра, арамшөптермен күрес әдістерін жіктеу үшін негізі ретінде екі маңызды белгі алынған, олар: біріншіден, нысандарына байланысты арамшөп өсімдіктерінің пайда болу көзі (өсімдік тұқымдары, жемістері, тамыр сабақтары, тамыр өркендері және т.б.), олардың таралу жолдарын жою және соған бағытталған шаралар; екіншіден, арамшөптердің өсуін тежейтін, жоятын немесе олардың пайда болу көзін ысыратын және оларды болдырмауға бағытталған тәсілдер мен әдістер.
Бірінші белгі бойынша арамшөптермен күресу үш типке бөлінеді: алдын ала сақтандыру, жою және арнайы шаралар.
Алдын ала сақтандыру шаралары – арамшөптердің ұрығын егістікке жібермеу мақсатымен олардың өсу ошақтарын жою, таралу жолдарын бөгеу.
Оларға жататындар: тұқымды тазалау, көңді дұрыс дайындау және қолдану, суғару суының тазалығы, азықты малға дұрыс дайындап беру, өнімді дер кезінде жинау, жолдың жағалауындағы және басқа өңделмейтін жерлердегі өсетін арамшөптерді ұдайы отап отыру, машиналарды (сеялка ж.б.) арамшөп тұқымдарынан тазарту және карантиндік шаралар.
Арамшөптерді жою шаралары – ауыл шаруашылығында пайдаланатын жерлерде және егістікте өсетін арамшөптерді, топырақтағы олардың генеративті және вегетативті көбею органдарын жою және арамшөптердің тіршілік қабілетін төмендету.
Арнайы шаралар – арамшөптердің әрі қарай таралу аумағын азайтып, зияндылығын азайту, содан кейін ең зиянды, потенциалды қауіпті, әсіресе карантиндік арамшөптерді жойып жіберу.
Екінші белгі бойынша арамшөптерге қарсы қолданылатын құралдың сипатына байланысты күресу тәсілдері мына түрлерге бөлінеді: физикалық, механикалық, химиялық, биологиялық, фитоценотикалық, экологиялық, ұйымдастыру, кешенді әдістер.
Физикалық тәсіл – отты пайдалану, учаскелер мен егістікті сумен бастыру, электрді, электр магниттік өрісті қолдану және арамшөптердің көбею мүшелерінің өміршеңдігінен айыру.
Механикалық тәсіл – қолмен немесе топырақ өңдеу құралдарының арамшөп өсімдіктерін жұлу немесе кесу. Арамшөптердің барлық биологиялық топтар өкілдерімен ластанған егістіктерде қолданылады. Әдіс – негізгі, себу алдындағы, себу кезінде және себу соңындағы өңдеу жүйесінде тиімді.
Химиялық тәсіл – оларды гербицидтердің көмегімен жою.
Биологиялық тәсіл – оларды мамандандырылған зиянкестердің, саңырауқұлақ және бактериялардың көмегімен азайтатын немесе жоятын тәсілі.
Фитоценотикалық тәсіл (бой көтертпей тұншықтыру немесе бәсеке әдісі) – ауыл шаруашылық дақылдарының арамшөптермен салыстырғанда жоғары бәсекелестік қабілеті пайдаланылып, арамшөптердің өну-өсуін нашарлату.
Экологиялық тәсіл – мәдени өсімдіктердің мұқтажын толық қамтамасыз ету, ал арамшөптрге теріс әсер ететін жағдайларды, әсіресе топырақ қасиеттерін күшейту арқылы іске асырылады (аэрация, ылғал, температура, топырақ реакциясы, биологиялық әрекеті, мұндағы қоректік заттардың мөлшері т.б.)
Ұйымдастыру тәсілі – ауыл шаруашылығында жерлердің жалпы мәдени агротехникалық жағдайын жақсартатын немесе жанама көмегі болатын тәсілдер мен жұмыстардың түрлері, танаптардың арамшөптену картасын жасау.
Кешенді тәсіл – бірін-бірі толықтырып, әсерін күшейтетін, арамшөптердің түрлерін және санын едәуір азайтатын ғылыми негізде қолданылатын күресу шараларының жиынтығы.
Арамшөптермен күрес шараларын жоспарлауда олардың түрлі құрамы, биологиялық ерекшеліктері, сондай-ақ арамшөптер өсімдіктерінің жағдайы негізге алынады. Әсіресе егістіктердің ластану дәрежесінің елеулі мәні бар.
Танапта арамшөптердің
бірнеше биологиялық
Арамшөптермен алдын ала күресу шаралары
Егістіктерде арамшөп
өсімдігімен күресу жолында
Алдын ала сақтандыруға каранти
Карантиндік шаралар. Карантиндік шаралар мемлекеттік ауқымда арнайы өсімдік қорғау және карантинді мекемелерімен жүргізіледі. Бұл шаралардың міндеті басқа елдерден арамшөптер тұқымының тасымалдануына жол бермеу – сыртқы карантин деп және бір ауданнан екіншісіне қауіпті арамшөптердің таралуының алдын алу – ішкі карантин деп аталады.
Карантиндік арамшөптер таралуының алдын алу үшін төмендегідей ережелерді қатаң сақтау қажет: - арамшөптермен ластанған ауылшаруашылық өнімдерін сақтау мен тазалауды жеке бөлінген жай ішінде жүргізу; - мемлекеттік тұқым инспекциясының куәлігінсіз тұқымдық материалды басқа шаруашылықтарға тасуға қатаң тиым салынады; - карантиндік арамшөптер ошағы бар учаскелерге тұқымдық егістікті орналастыруға рұқсат етілмейді; - карантиндік арамшөптер ошағы бар танаптан жиналған өнімді тазалағанда түскен қалдықтарды жемдік мақсатында тек түйілген және буланған күйінде пайдалануға болады, ал жемге пайдаланбаса, актілі рәсімдеумен өртеп жіберу керек; - карантиндік арамшөптермен ластанған сабан мен шөпті тек олар алынған шаруашылықтарда пайдалануға рұқсат етіледі; - органикалық тыңайтқыштар – көң бір жерге жеке төмпешіктер етіп жиналады, тек әбден шіріген соң пайдаланады; - астық қоймаларының, ыдыстардың, машина мен құралдардың тазалығын қатаң бақылау қажет.
Тұқымдық материалды тазарту. Ол мәдени өсімдіктер мен армшөптер тұқымдарының физикалық қасиеттеріндегі айырмашылықтарды пайдалану негізінде құрылған. Тұқымдық материалды астық қоймаларында сақтауда көптеген арамшөптер тұқымдарының өміршеңдігі 3-10 және одан да көп жылдар бойы төмендемейді.
Тұқым тазалаудың
үш әдісі бар: алғашқы,
Қиын ажыратылатын
тұқымды арамшөптерден
Органикалық
тыңайтқыштардың ластануын
В.Р.Вильямс атындағы Ресей БҒЗИ-ның деректері бойынша, 1 тонна қида 43-тен 56 мыңға дейін арамшөптердің өміршең тұқымы, құс қиында – 120-412 мың болады, ал шошқа қиының қатты және лайлы фракциясында олардың сакны миллионға дерлік жетеді екен. Қиды сақтау үдерісінде арамшөптер тұқымдарының өміршеңдігі едәуір кемиді, бірақ тіптен жоғары температурада да толық жойылып кетпейді. Органикалық тыңайтқыштардың терең тыныштықтағы ескіден жатқан тұқымдарды ынталандыратыны белгілі.
Егістіктің
ластануына жол бермеу үшін
қиды топыраққа шіріген
Арамшөптер
тұқымдарының өміршеңдігін
Арнаулы
қондырғыда тауық қиындағы
Суғару жағдайында ластануды азайту шаралары. Суармалы жерлерде арамшөптердің тұқымдары су арқылы таралады. Бұған 1-кестеде келтірілген деректер толық дәлел бола алады.
Вегетациялық суару кезінде мақта егісінде сумен ағып келген арамшөп тұқымдарының саны (К.И.Пактың деректері бойынша)
|
Суару саны |
1,2 гектар жерге |
Бір гектар жерге сумен келген арамшөп тұқым- дарының саны (дана) | |
Берілген судың мөлшері (м3 есебімен) |
келген арамшөптер тұқымдарының саны (дана) | ||
1 |
1320 |
62304 |
51920 |
2 |
1320 |
104720 |
57267 |
3 |
1320 |
157520 |
131267 |
4 |
1200 |
149280 |
124400 |
5 |
1200 |
130080 |
108400 |
6 |
1200 |
101280 |
84400 |
Барлығы |
7560 |
750184 |
587654 |
Бұл кестедегі материалдар жаз бойы мақта егісін алты рет суғарғанда әрбір гектарға жарты миллионнан астам арамшөп тұқымы сумен ағып келетінін көрсетіп отыр.
Сумен арамшөп тұқымдары егіс алқабына келмес үшін, алдын ала мынандай шараларды жүзеге асыру керек:
- каналдардың жиегіне шыққан арамшөптерді, олардың тұқымы пісіп жетілмей тұрғанда жою (гербицид арқылы немесе шабу арқылы);
- су жүретін каналдардың түбін, қабырғаларын бетондау;
- каналдардан судың егістікке шығатын жеріне тұқымдарды жібермей ұстап қалатын тор қою.
Арамшөптермен агротехникалық
Қазіргі егіншілікте арамшөптермен күрестер арасында жетекші орынды ұзақ уақыт бойында агротехникалық әдістер алып келеді. Басқа әдістермен салыстырғанда агротехникалық әдістер тиімді әрі арзан, сонымен қатар бұл әдістер дақылдарды өсіруге қажет топырақ өңдеудің әдепкі тәсілдерімен үйлеседі. Өсіп шыққан арамшөптерді түрлі топырақ өңдегіш машиналар мен құралдарды қолдана отырып, механикалық түрде жояды.
Механикалық әдіс дақылдар жиналғаннан кейін танаптардағы арамшөптердің тұқымын жою үшін пайдаланылады. Топырақтағы арамшөптердің тұқымдары өніп-өсу үшін қолайлы жағдай жасалады, өніп шыққан соң, буыны қатпай тұрып топырақ өңдейтін құралдармен жояды. Бұл әдіс арамшөпті арандату деп аталады. Арандату әдісі республика егіншілігінің оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарында күздегі негізгі я болмаса көктемде тұқым себер алдындағы топырақ өңдеу жүйелерінде жүргізеді.
Арамшөптердің вегетативтік көбею мүшелерін агротехникалық әдістермен жоюда келесі тәсілдер қолданылады: әлсірету, тұншықтыру, аздыру, кептіру, үсіту, тарап алу және басқалары. Аталған тәсілдер арамшөптердің түрлі биологиялық топтарына немесе олардың жеке түрлеріне қолданылады.
Арамшөптерді әлсірету – топырақтағы атпа тамырлы арамшөптердің вегетативті өсіп-өну органдарын әртүрлі тереңдікте дүркін-дүркін кесу арқылы жою тәсілі. Бұлай өңдегенде өркеннің өсуіне керек болатын қоректік заттардың шығыны көбейіп, оның орны толмайды. Бұл заттардың қоры толық біткенде өсімдіктің тамыр жүйесі барлық вегетативті көбею органдарымен бірге әлсіреп, қурап жойылады.
Көп жылдық атпа тамырлы арамшөптермен ластанған егістіктерді, олардың өсуін әлсірету үшін 10-12 см тереңдікте сыдыра жыртады. Арамшөптер өскіндері пайда болғаннан кейін шамамен 2-3 аптадан соң, өңдеу қабаты тереңдігін бойлата шым аударғышты соқамен жерді жыртады. Мұндай технологияны сақтау көп жылдық арамшөптермен ластануды 70-75% азайтуға мүмкіндік береді.
Арамшөптерді тұншықтыру – жатаған бидайық, ажырық, қырықбуын сияқты арамшөптердің көген тамыр жүйелері жатқан тереңдікте олардың жерасты мүшелерін өңдеу құралдарымен ұсақтап, тамырларының үзіктерін топыраққа терең сіңіру арқылы жою.
Арамшөптерді аздыру – одан әрі жоюға жататын жаңа өркендердің өсуіне қосымша азықтық заттар шығынын көбейту үшін арамшөптердің өсу мүшелерін әрдайым отау. Көп жылдық және екі жылдық арамшөптермен ластанған егістіктерде қолданылады. Әдіс атпа тамырлы өркендерді арамшөптерге қарсы топырақты сүдігерлік өңдеу жүйесінде ерекше тиімді.
Арамшөптерді кептіру – арнайы әдіспен топырақты өңдеп, оның жоғары қабатын құрғату арқылы арамшөптерді жою жолы. Белгілі әдіспен тамырсабақтар топырақтың бетіне жақын орналастырылса, 15-30 күннен кейін олар қурайды. Содан кейін оларды топыраққа терең сіңірсе, өсіп шықпайды.
Арамшөптерді үсіту – суық күзде терең жыртуда көп жылдық арамшөптердің жерасты мүшелерін топырақтың бетіне шығаруды көздейді. Төменгі температурада олар өміршең қабілетін жоғалтуы керек. Көбіне қары аз, қысы аязды аудандарда қолданылады.
Арамшөптерді тарап алу әдісі – жатаған бидайық, ажырық, жауқияқ сияқты арамшөптердің жер бетіне жақын орналасқан мықты, үзілуі қиын көген тамырларын жою үшін қолданылады. Ол үшін серіппелі жұмыс органы бар культиваторлармен танапты перпендикулярлы екі бағытта бірнеше мәрте жүргізіп, ондағы көген тамырларды жер бетіне шығарады да жинап жағып жібереді.
Арамшөптермен күресудің биологиялық әдістері
Биологиялық әдіс – арамшөптерді іріктеп жоюға мамандандырылған бактерияларды, саңырауқұлақтарды, жәндіктерді, жұмыр құрттарды, кеміргіштерді, басқа организмдерді және өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін мақсатты пайдалану. Механикалық және химиялық тәсілдермен салыстырғанда арамшөптермен күрестің биологиялық әдісінің артықшылықтары бар. Бұл әдіске жұмсалатын шамалы бастапқы шығындардың өзінде мамандандырылған организмдердің арамшөптерге тигізетін әсерінің және ұзақ ықпалының арқасында едәуір экономикалық тиімділікке қол жеткізіледі. Алқаптың нақты жағдайында биологиялық әдістердің нысандарының (өсімдіктер, бактериялар, саңырақұлақтар және басқалары) қауымдастықтағы әрекеті көрінеді.
Ермен
жапырақты ойран шөппен
Қызғылт укекіремен күресте көп қоректі зиянкес құрттардың бір түріне сынақ жүргізілді. Оның личинкасы көктемде жапырақтар қолтығына түседі, сол жерде көп беріш құрай отырып, олар ақырында сабақ тіндерімен қоректенеді. Соның салдарынан келесі жылы қызғылт укекіренің 50-60% қырылады, ал қалған өсімдіктердің зиянкестігі төмендейді.
Кейбір арамшөптерді құрту үшін, мәселен, егістік тікен қурайын тот бастыратын індетті (патогенные грибы) саңырауқұлақтарды пайдалануға болады. Басқа жақтардан жеткізілген арамшөптермен күресте биологиялық агенттердің келешегі бар, өйткені жаңа жағдайларда олардың табиғи жаулары жоқ. Жөргем шөп, егістік арамсояуды зақымдайтын Alternaria cuscutacidae саңырауқұлағының штамдары бөлінген. Саңырауқұлақтың суспензиясын егістік арамсояумен зақымдалған егістікке шашқанда 12-20 күннен кейін ол толық жойылады.
Арамшөптермен
күресте биологиялық әдісте
Егістіктің
ерекшеліктері мен
Арамшөптермен күресудің химиялық әдістері
Арамшөптермен
және олардың вегетативтік
Гербицидтер - шөпжойғыштар(лат. herba — шөп және caedo — өлтіремін) – арамшөптерді жою үшін қолданылатын химиялық қосылыстар. Гербицидтер өсімдіктерге әсер етуіне қарай екі топқа бөлінеді: өсімдіктердің барлық түріне жаппай әсер ететін гербицидтер және өсімдіктердің тек бір түріне ғана әсер етіп, қалған түрлеріне зиян келтірмейтін талғамды гербицидтер.Гербицидтердің біріншісі өндіріс орындарының айналасындағы, ормандардың ағаш кесілетін бөлігіндегі, темір және тас жолдардағы, тоғандар мен көлдердегі өсімдіктерді құрту үшін, екіншісі мәдени өсімдіктерді арамшөптерден тазарту үшін қолданылады.
Гербицидтер
өсімдіктерге әсері және
Өсімдіктерге
әсер ететін қасиеті мен
Системалы
(жылжымалы) гербицидтер өсімді
Контактілік (жанасу) гербицидтерді бүріккенде, ол өсімдікте, тиген жерінде сақталып тұра береді де жанасқан жерін күйдіріп, олардың тіршілік қабілетін жоғалтады. Өсімдіктің тамырына өтпейді. Сондықтан ол өсімдіктің жапырақтары мен сабақтарын ғана зияндайды. Контактілік топтың гербицидтері бір жылдық арамшөптерге қарсы күресуде тиімді келеді. Өйткені, ол арамшөптің тамыр системасының дамуына кедергі келтіреді. Контактілік гербицидтерге динитроортокрезола (ДНОК), динитрофенола (ДНФ), пентахлорфенола (ПФХ), диносеб, нитрафен, минералды майлар, кальций цианамиді тағы басқа препараттар жатады.
Қорытынды
Жыртылған егістік жерлерде өсіп,ауылшаруашылық дақылдарына зиян келтіретін өсімдіктерді арамшөптер деп атайды.
Арамшөптер
тек егіс алқабында ғана емес,
Егер егістіктегі дақылдардың
арасында басқа дақылдар
Кейбір арамшөптер ауыл шаруашылық дақылдарының өсу жағдайына бейімделеді,бұларсыз тіршілік ете алмайды,тіпті олардың даму циклдлері,тұқым көлемі демәдени өсімдіктермен бірдей болады.Айталық, күздік қара бидайдың ішіндегі қара бидай арпасыбасы,күріш арасындағы күрмек дәні сондай.Сондықтан оларды мамандандырылған арамшөптер деп атайды.
Мәдени егіншіліктің басты көрсеткіші-
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Әуезов Ә.Ә, Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. «Егіншілік», Алматы, 2005
2. Әуезов Ә.Ә., Сүлейменова Н.Ш., Уразымбетова Қ.Н. Егіншілік практикумы, Алматы, 2006
3. Қ.Ш.Жаңабаев «Қазақстанда
жиі кездесетін арамшөптер
4. Агрономия мамандығының студенттеріне арналған «Егіншілік» пәнінің дәрістер жинағы. Алматы, 2010.
5. Ғаламтор.
www.wikipedia.org
