Арнайы киімдер өндірісі цехын ашу. 3
Бизнес-жоcпар
Арнайы киімдер өндірісі цехын ашу
2016 жыл
Мазмұны
Кестелер тізімі
Суреттер тізімі
Резюме
Жобаның тұжырымдамасы Қазақстан Республикасының Алматы қаласында арнайы киімдер (бұдан әрі – арнайы киімдер) өндірісі цехын ашуды қарастырады.
Цех шығаратын негізгі өнім түрлері медициналық халаттары мен ашық жұмыс комбинезондары болады.
Кейіннен өндірілетін өнімнің түр-түріне басқа да арнайы киімдердің түрлері қосылуы мүмкін.
Жоспарланған цехтың нысаналы тобы Алматы қаласының медицина қызметкерлері, сондай-ақ қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы, сауда және ұқсас қызметтер түрлерінің қызметкерлері болады
Жоба бойынша жалпы инвестициялық шығындар мыналарды қамтиды
Шығыстар, мың теңге |
2 016 |
Негізгі капиталға инвестициялар |
530 |
Айналым капиталы |
1 061 |
Барлығы |
1 591 |
Жобаны қаржыландыруды жоба бастамашысының өз қаражаты есебінен сияқты қарыз капиталы есебінен де жүзеге асыру жоспарлануда.
Қаржыландыру көзі, мың теңге |
Сомасы |
Кезеңі |
Үлесі |
Негізгі капиталға инвестициялар |
1 061 |
03.2012 |
67% |
Айналым капиталы |
530 |
03.2012 |
33% |
Барлығы |
1 591 |
100% |
Кредиттеудің келесі шарттары қабылданды:
Кредит валютасы |
тенңе |
Пайыздық ставка, жылдық |
7% |
Өтеу мерзімі, жыл |
6,0 |
Пайыздар мен негізгі борышты төлеу |
ай сайын |
Пайыздарды өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай |
3 |
Негізгі борышты өтеудің жеңілдікті кезеңі, ай |
3 |
Өтеу түрлері |
тең үлестермен |
Кәсіпорын қызметінің жобаның 5 жылына арналған тиімділік көрсеткіштері.
Жылдық пайда (5 жыл), мың теңге |
3 414 |
Активтердің рентабельділігі |
33% |
16% дисконттау ставкасы кезінде
инвестицияланған капиталдың дисконтталған
таза кірісі 5 жылда 4 579 мың теңгені
құрады.
Ішкі кірістілік нормасы (IRR) |
119% |
Ағымдағы таза құны (NPV), мың теңге |
4 579 |
Жобаның өзін-өзі ақтауы (жай), жыл |
1,9 |
Жобаның өзін-өзі ақтауы (дисконтталған), жыл |
2,0 |
Жоба экономикалық көзқарас жағынан мыналарға ықпал ететін болады:
- Алматы қаласында 10 жаңа жұмыс орнын құруға;
- Алматы қаласының бюджетіне қосымша кірістердің түсуіне.
Жобаның әлеуметтік әсерінің арасынан мынаны бөліп көрсетуге болады:
- Алматы қаласының медицина
қызметкерлерінің, сондай-ақ қызмет
көрсету, тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығы саласы, сауда және
ұқсас қызметтер түрлері қызметкерлерінің
сапалы арнайы киімге деген
қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Кіріспе
Ұзақ уақыт бойы (КСРО кәсіпорындарында) арнайы киімге деген талап, жеке қорғаныс құралдарын беру және бөлу нормалары қатаң реттелді. 90-шы жылдар арнайы киім мен аяқ киімнің, соның ішінде импорттық киімнің бірнеше түрін әкеліп қана қоймай, арнайы киім мен жеке қорғаныс құралдарының (бұдан әрі – АҚҚ) жан-жақты талаптарында көптеген түсініспеушіліктердің орын алуына алып келді. Талдаушылар бүгінде бірыңғай стандарттың жетіспеушілігін, арнайы киімдерді таңдау өлшемдерінің болмағанын айтады. Заманауи компаниялардың бекітілген бюджет шеңберінде АҚҰҚ сатып алу үшін барынша өжеттілік пе,н бастамашылық жасауларына тура келеді.
Арнайы киімдерді ұсынатын компаниялардың дизайнерлері бір орында тұрып қалмағанын мойындау керек. Жұмыс костюмдерінің, халаттарының, алжапқыштар мен басқа да арнайы киім түрлерінің каталогында киімнің әр алуан түрлері, үлгілері, матасы, пішімі, өрнектері мен басқа да «тапсырыс бойынша» мүмкіндіктері берілген. Қазіргі заманғы жұмыс костюмі - бұл қолайлылық, ыңғайлылық, стиль мен қажетті қорғаныс қасиеттерінің біріктірілген түрі болып табылады.
Сонымен бірге медицина қызметкерлері киімдерінің де ерекше үлгілерін атап өтуге болады. Бұл жерде киімнің түр-түсі әр түрлі – қызыл, көк, жасыл түсті халаттар мен костюмдер ұсынылады.Тіпті ақ халаттың өзі көңіл қуантады – стандартты емес үлгі, ашық түстерден өрнек салынған, кестеленген. Түрлі-түсті фурнитуралар бар.
Қазіргі заманғы
тұтынушы арнайы киімдер, аяқ киім
мен АҚҚ бағытын өздері айқындайды.
Қызметкерлердің сыртқы келбетіне қойылатын
жаңа талаптар көптеген компаниялар үшін
жаңа қызметтер түрлерін – корпоративтік
стильді әзірлеу түрін туғызды. Белгілі
бір түстер гаммасы, бірыңғай стиль,
міндетті логотиптің болуы – бүгінде
қарапайым дәстүрлі түрден бастап (костюмдер,
ашық комбинезондар, халаттар) арнайы
бағыттағы (жол қызметі, автосервис, күзет
құрылымдары қызметкерлері және
т.б.) кәсіби жинақталымдарға дейін
қамтиды.
1. Жобаның тұжырымдамасы
Жобаның тұжырымдамасы арнайы киімдер цехын ашуды қарастырады.
Цех шығаратын негізгі арнайы киім түрлері мыналар:
- медициналық халаттар;
- жұмысқа киетін ашық комбинезондар.
Кейіннен өндірілетін өнімнің түр-түріне басқа да арнайы киімдердің түрлері қосылуы мүмкін.
Жоспарланған цехтың нысаналы тобы Алматы қаласының медицина қызметкерлері, сондай-ақ қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы, сауда және ұқсас қызметтер түрлерінің қызметкерлері болады.
Цех жалпы алаңы 60 шаршы метрлік жалдамалы орын-жайда орналасатын болады.
Кәсіпорынның осы бизнес-жоспарда жоспарланған айналымын ескере келе қызметті жеңілдетілген декларация негізіндегі арнайы салық режимін пайдалана отырып жеке кәсіпкердің шеңберінде жеңілдетілген режимде жүзеге асыру ұсынылады.
Осы бизнес-жоспар
басшылыққа алатын соңғы нұсқа болып табылмайды,
тек осындай бизнес-идеяны дамытудың әлеуетті
мүмкіндігін ғана көрсетеді. Сондықтан
да осы жобаны іске асыру кезінде сату
бағдарламасы сияқты шығарылатын өнімнің
түр-түрлерін де өзгертуге болады. Шығарылады
деп жоспарланған өнімнің бәсекелестік
басымдығын, сондай-ақ сатып алынатын
жабдықтардың айырмашылықты ерекшеліктерін
барынша ашып көрсету қажет.
2. Өнімнің (қызметтердің)
сипаттамасы
Арнайы киімнің негізгі мақсаты – түрлі бағыттағы кәсіпорындарда, апаттық-құтқару бөлімшелері мен іздестіру-құтқару қызметтері құрылымдарында, азаматтық қорғаныс бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігін кепілдендіру болып табылады.
Қызметкерлерді сапалы және сенімді арнайы киіммен қамтамасыз ету өндірістік қажеттілік болып табылады. Бұдан басқа, бүгінде арнайы киімдерді пайдаланбай сәтті орындалмайтын операциялар көптеп саналады.
Арнайы киім адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуін сақтай отырып қорғаныс функциясын да атқаруы тиіс.
Бұл арнайы киім адамды қорғап қана қоймай, сонымен бірге өндірістік процеске қосымша кедергі жасауы да тиіс. Барынша қорғаумен қатар ыңғайлы болудың оңтайлы арақатынасын табу үшін көптеген адамдар: технологтар, дизайнерлер, химиктер, тігіншілер мол күш-жігерлерін жұмсайды.
Арнайы киім – бұл адамды қоршаған ортадан қорғап қана қоймайды, сонымен бірге компанияның имиджін қалыптастырады.
Мысалы, медицина қызметкерлерінің киімі (медициналық халаттар), официанттар мен стюардессалардың киімдері - бұлар да арнайы киімдер болып табылады. Ол компанияның стилін көрсетеді, халықтың қалың тобынан олардың қызметкерлерін бірден тануға мүмкіндік береді.
Қызметкерлердің тартымды киімдері компанияны танудың кепілі. Ал мұндай арнайы киімнің түрлі қасиеттері оны қорғаныс ретінде, адамдарды қандай да бір зиянды әсерлерден қорғауға пайдалануға мүмкіндік береді.
Медициналық халат. Ақ түс – тазалық пен ізгіліктің түрі. Ақ медициналық халат – бұл медицина қызметкері беделінің ажырамас бөлігі, оның деректеме карточкасы.
Медициналық халаттар орын-жайларда санитарлық-гигиеналық режимді сақтау үшін қажет, екінші жағынан – қызметкер мен оның киімін кірден және инфекциядан қорғайды, осылайша инфекцияның таралуының алдын алады.
Жұмысқа киетін ашық комбинезон. Ашық комбинезон - киімнің үстіңгі бөлігі мен шалбарды қосатын сыртқы киімнің түрі.
Ұзақ уақыт бойы тек жұмыс киімі деп саналып келді. Оның көптеген қалталары болады, адамның қимылына бөгет жасамайды. Өзінің осындай жұмысқа киілетін нұсқасына қарамастан оның әр түрлі үлгісі бар. Оның үстіңгі бөлігі біршама ашық болады. Комбинезонның формасы сәннің бағытына байланысты өзгеріп отырады – ол барлық жаңалықтарды тез қабылдайды.
Цехтың жоспарлы өнімінің түр-түрі 1-кестеде берілген.
1-кесте – Цехтың жоспарлы өнімінің түр-түрі
Атауы |
Түрі |
Халат |
медициналық |
жұмыс |
рабочий |
3. Өндірістер бағдарламасы
2- кестеде
өндірістің жылдар бойынша жоспарланған
бағдарламасы берілген.
2-кесте - Планируемая программа производства по годам
Көрсеткіш |
2 016 |
2 017 |
2 018 |
2 019 |
2 020 |
2 021 |
2 022 |
Қуаты, % |
58% |
78% |
90% |
95% |
100% |
100% |
100% |
Медициналық халат, дана |
1 716 |
3 102 |
3 564 |
3 762 |
3 960 |
3 960 |
3 960 |
Ашық жұмыс комбинезоны, дана |
572 |
1 034 |
1 188 |
1 254 |
1 320 |
1 320 |
1 320 |
Сату бағдарламасы жүргізілген маркетингтік зерттеулердің (тұтынушылардың арнайы киімінің дизайнына басымдығын айқындау мақсатында) нәтижелері негізінде, сондай-ақ жарнамалық акциялар арқылы жүзеге асырылатын болады.
Бағаны қалыптастырған кезде тұтынушылар кірісінің орташа деңгейімен анықталған сатып алу қабілеттілігі ескерілді.
3-кесте – Сатуға жоспарланған баға, мың теңге
Атауы |
Мәні, теңге |
Медициналық халат |
3 500 |
Ашық жұмыс комбинезоны |
3 000 |
Сату бағдарламасын есептеген кезде инфляция назарға алынған жоқ, өйткені инфляцияға байланысты бағаның көтерілуі кәсіпорын қызметтері бағасының ұлғаюына әсер ететін болады.
4. Маркетингтік жоспар
4.1 Өнімдер (қызметтер) нарығының сипаттамасы
ҚР-да тоқыма бұйымдары мен киім өндірісінің нақты көлемінің индексі 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда артты. Мәселен, тоқыма бұйымдары өндірісінің индексі 2015 жылы 83,8%, 2016 жылы – 103,1% (ұлғаюы 23% құрады) құрады. Киім өндірісі индексі 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 23,5%-ға артты (1-сурет).
1-сурет - ҚР тоқыма бұйымдары, киім өндірісінің нақты көлемінің индексі, %
Ақпарат көзі: ҚР Статистика агенттігі
Кәсіпорынның өнімдерін тұтынушылар Алматы қаласының қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының, сауда және ұқсас қызмет түрлерінің қызметкерлері болатындықтан осы қаланың еңбек нарығын қарастырған орынды.
Алматы қаласында кәсіпорындарға және ұйымдарға 2016 жылдың үшінші тоқсанында 48,9 мың адам, соның 1,1 мың адамы – жаңадан ашылған жұмыс орындарына қабылданды. Түрлі себептермен 44,6 мың адам, соның ішінде жұмыс санының босауына (қысқартылуына) байланысты – 1,4 мың адам, кадрлардың ауысуы себептеріне байланысты – 39,7 мың адам жұмыстан кетті (2-сурет).
2-сурет - 2016 жылдың үшінші тоқсанында Алматы қаласындағы нақты жұмыс күші мен оның қозғалысы, мың адам
Ақпарат көзі: Алматы қаласының Статистика департаменті
Ірі және орташа кәсіпорындарға 2016 жылдың үшінші тоқсанында 43,8 мың адам (жаңадан ашылған жұмыс орындарына – 0,8 мың адам) қабылданды, 40,9 мың адам кетті.
Есепті кезеңнің соңына бос жұмыс орындарының саны 3,7 мың бірлікті, ірі және орташа кәсіпорындарда - 3,2 мың бірлікті құрады.
Экономика секторлары бойынша Алматы қаласының жұмыспен қамтылған халқының құрылымы 3-суретте берілген.
3-сурет - Экономика секторлары бойынша Алматы қаласының жұмыспен қамтылған халқының құрылымы, %
Ақпарат көзі: Алматы қаласының Статистика департаменті
Бұдан әрі Алматы қаласының жұмыспен қамтылған халқының жалпы көлеміндегі қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласы, сауда және ұқсас қызметтер түрлері қызметкерлерінің үлесін бөліп көрсету қажет. Бұл үшін мынадай сурет жасалды:
4-сурет - Доля работников сферы обслуживания, жилищно – коммунального хозяйства, торговли и родственных видов деятельности в общем объеме занятого населения г. Алматы (2010 год), %
Ақпарат көзі: Алматы қаласының Статистика департаменті
Бұдан әрі Алматы қаласындағы денсаулық сақтаудың жай-күйін қарастырамыз, өйткені кәсіпорын медицина қызметінің қызметкерлері үшін арнайы киімдер шығаратын болады.
Алматы қаласындағы дәрігерлер саны 2016 жылы 11 266 адамды құрады, бұл 2015 жылғыдан 854 адамға көп (5-сурет).
5-сурет – Алматы қаласындағы барлық бағыттағы дәрігерлер саны, адам
Ақпарат көзі: Алматы қаласының Статистика департаменті
Орта медицина құрамы санында да осындай серпін байқалады (6-сурет).
6-сурет – Алматы қаласындағы орта медицина құрамының саны, адам
Ақпарат көзі: Алматы қаласының Статистика департаменті
2014 жылы алдындағы жылмен салыстырғанда орта медицина құрамы санының 16% азайғаны, 2015 жылы 10% өскені байқалады. Мәселен, егер 2014 жылы орта медицина құрамы 10 213 адамды құраса, 2015 жылы 1 023 адамға ұлғайып, 11 236 адамды құрады. Орта медицина құрамының саны 2016 жылы 2014-2015 жылдардағы деңгейде болды
4.2 Негізгі және әлеуетті бәсекелестер
Кәсіпорынның негізгі бәсекелестері Алматы қаласындағы арнайы киімдер өндіретін кәсіпорындар болып табылады.
4-кесте - Алматы қаласындағы арнайы киімдер өндіретін кәсіпорындар тізімі
Компанияның атауы |
Мекенжайы |
Firm Kaz Centre ЖШС |
Булкышева 4е |
MASSAGET KZ ПТК ЖШС |
Есенова 15 |
КЫЗ ЖИБЕК RL |
Жамбыла 111 |
Керимбаева Ж. ЖКтігін цехы |
Саина 14/1 |
Т Af fashion ЖШС |
Желтоксан 111 |
BM-studio ЖШС |
Байтурсынова 9 |
Defender ЖШС |
Суюнбая 89б |
Demeu-clothes ЖШС |
Сокпакбаева 71 |
Ателье Dress code |
Желтоксан 89 |
Endenvour ЖШС |
Черноморская 38 |
Firm Kaz Centre ЖШС |
Булкушева 4е |
Fruitcouture |
Курмангазы 69 |
Giftware |
Шарипова 38 оф.58 |
Kaz Uniform ЖШС |
Райымбека 41 |
Kaz Спец Kuim ЖШС |
Кассина 131 оф 2 |
Mamzel Professional Clothes |
Толе би 280 |
Proff Odegda ЖШС |
Желтоксан 140 |
Profi moda |
Шашкина 3а |
Ателье Rez&Roze |
Казыбек би 172 |
Rig Group limited ЖШС |
Тимирязева 42 |
Team-work ЖШС |
Грибоедова 74 |
Toere textile ЖШС |
Кунаева 21 |
Unibeta |
Коммунальная 39 |
Vip-Система ЖШС |
Маметовой 76 офис 206218 |
White Service |
Айтеке би 73 |
Айна ЖШС |
Суюнбая 661 |
Алмагуль ЖАҚ |
Кунаева 41 |
Ангельхер Е.М.ЖК |
Гагарина 294 кв. 3 |
АРГО ПКК ЖШС |
Москвина 22 |
АХБК-НИМЭКС |
Саина 30 оф.316 |
Бакай АҚ |
Сейфуллина 356 |
Вилондис ЖШС |
мкр.Айнабулак-1 д.10 офис 38 |
Восток-Сервис Казахстан ЖШС |
Туркестан 71 |
Грант-Ют ЖШС |
Мусогорского 1б |
Грин Вальд ЖК |
Желтоксан 115 |
Джахынгир LTD ЖШС |
Толе би 187 |
Диана стиль ЖШС |
Сатпаева 88a/1 офис 210 |
Ателье Ерке-Нур |
5микр. 45а |
Имидж сила ЖШС |
Р.Зорге 35 |
Индустриальное снабжение ЖШС |
Сатпаева 90 оф.610 |
иФэшн ЖШС |
Гоголя 253 |
Казспецодежда ЖШС |
Тлендиева 113 |
КазСПО-N ЖШС |
Венецианова 6/3 |
Коммэн ЖШС |
Абая 27 оф.4 |
Компания СТП ЖШС |
Умбетбаева 23 |
Компания Табыс-Сервис ЖШС |
Райымбека 174 офис 18 |
Корпорация Комплексное обеспечение |
Ауэзова 82 ком. 312 |
Корвет 2000 ЖШС |
мкр.8 -4а оф 301 |
Косспецторг 1 ЖШС |
Суюнбая 66 оф.9 |
Красовская Т.В. ЖК |
Таймырская 9 офис 3 |
Лидер Комфорт сервис ЖШС |
Сатпаева 90 |
Макпал республикалық үлгі орталығы |
Валиханова 12 |
Престиж ЖШС |
Рыскулова 16 |
Профлайн ЖШС |
Спасская 74 |
Семирамида ЖШС |
Грибоедова 103 |
РЭМИ ЖШС |
Янушкевича 41 |
Спецодежда Сервис Лтд ЖШС |
Рыскулбекова 4/2а |
Техноавиа ЖШС |
Райымбека 196а |
Тумен ЖШС |
Кабанбай батыра 139 |
Уан ЖШС |
Баумана 24 |
Умит ЖШС |
Кулымбетова 80 |
Центр спецодежды ЖШС |
Кабанбай батыра 117 - 68/8 |
Ақпарат көзі: Info-Price LTD
Құрылатын кәсіпорынның негізгі басымдықтары:
- Киім тігу үшін сапалы шикізатты пайдалану есебінен шығарылатын өнімнің сапасы;
- Орынды баға, тұрақты клиенттер үшін жеңілдіктер;
- Кәсіпорын құрамының кәсіби шеберлігі.
4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағалары, күтілетін өзгерістер
Елдің бәсекелестік басымдығына жүргізілген талдау қорытындылары бойынша тоқыма өнеркәсібі барынша перспективті жеті кластердің бірі ретінде анықталды.
Қазақстанның тоқыма өнеркәсібінің өндіріс кезіндегі шығындардың барынша төмендігін, шикізатқа және шығарылатын өнімді өткізудің әлеуетті нарықтарына жақындықты, тартымды әлеуетті ахуалды, дамыған көлік инфрақұрылымын ескере келе саланың жемісті дамуы үшін үлкен әлеуеті бар. Қазақстанның тоқыма индустриясын дамыту үшін нарықтық мүмкіндіктерінің ауқымы жоғары.
4.4 Маркетинг стратегиясы
Жоспарланған цехтың басты мақсаты нарыққа ену және кейіннен онда орнығу болып табылады.
Жылжудың негізгі әдісі ретінде қызығушы нысаналы топтарға тікелей жарнаманы пайдалану қажет. Бұл үшін мынаны қолдануға болады:
- цех туралы жарнама материалдарын және оның өнімі туралы жарнамалық-техникалық құжаттарды тарату;
- тендерлерде, атап айтқанда мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер өткізетін тендерлерге қатысу;
- тегін интернет-ресурстарда кәсіпорын туралы ақпараттар орналастыру, тегін хабарландырулар беру.
Кәсіпорында өнімді өткізуді ұйымдастыруды мынадай қағидаттарды ескере отырып жүзеге асыру ұсынылады:
1. Бәсекеге қабілеттіліктің тұрақты мониторингі және оны жетілдіру жұмысы;
2. Сұранысты қалыптастыру және өткізуге ынталандыру, имидж қалыптастыру және тұрақты клиенттерді бекіту бойынша шаралар кешенін қолдану.
Сұранысты қалыптастыруды және өткізуге ынталандыруды мынадай сәттерді ескере келе жүргізу жоспарлануда:
- Басқалармен салыстырғанда барынша төмен баға деңгейі;
- Білікті құрам;
- Заманауи жабдық;
- Арнайы киімді жеткізу тендерлеріне қатысу;
- Сұранысқа ынталандыру бағдарламасын іске асыру.
Штатта цехқа келетін клиенттерге қызмет көрсететін сатушы қарастырылған. Кәсіпорынның жоспарында – көтерме сатушыларды ынтымақтаса жұмыс істеуге тарту.
5-кесте - Жобаның SWOT-талдауы
Сыртқы орта |
Мүмкіндіктер |
Өндірістік қуаттылықты кеңейту. Шығарылатын өнімнің түр-түрін ұлғайту. |
Қатерлер |
Ұқсас өнім шығару бойынша ірі өндірістер ұйымдастыру. Импорттың үлесін ұлғайту (импорттық өнімді тұтыну үлесін ұлғайту). | |
Ішкі орта |
Басымдықтар |
Жоғары технологиялы және заманауи жабдықтарды пайдалану. Табиғи шикізатты пайдалану. |
Кемшіліктер |
Кәсіпорынның жаңаруы (жаңа жоба). Шикізат бағасына тәуелділік. |
5. Техникалық жоспарлау
5.1 Технологиялық процесс
Медициналық халатты тігу технологиясы
Медициналық халатты өңдеудің технологиялық дәйектілігін қарастырамыз.
1. Ұсақ бөлшектерін дайындау
1.1. 5 мм. Ш тігіспен жағаның асты
мен үстін ортасына жіп өткізіп
біріктіріп көктеу.
1.2. Жағаның ұшын кесіп, оны айналдыру..
1.3. 5 мм. Ш тігіспен жағаның жиегінен әдіптеу тігісін жүргізу.
1.4. Өңірдің астының ішкі кесілген жерін көктеу.
1.5. Өңірлердің екі жанындағы жырықтардың бүктелетін бөлігін көктеу.
1.6. Ортасынан өткізілген жіппен қоса жабық кесіндімен бірге бүктей отырып қалтаны тігістің бойымен біріктіріп тігу.
1.7. Өңірлердің асты мен үстін көктеу.
1.8. Қалталарды бірден қабырға
тігістерімен бірге бекіте отырып,
өңірдің төменгі қабырға бөлігін
қалтаның астыңғы бөлігінің бойымен
тігу.
1.9. Ортасынан өңдеу жібін өткізе отырып жеңнің астыңғы жағын жабық кесіндімен бүгіп тігу.
1.10. Белбеуді ұзын бойымен екіге бүктеп екі жағынан тігу.
1.11. Ілгегін орнату.
2. Бұйымды құрастыру.
2.1. Өңірлерін тігу.
2.2. Сол жағынан өңір қалтаны тігу.
2.3. Арқа бөліктерін тігу.
2.4. Жартылай белбеуді арқа қиықтарымен
біріктіріп тігу.
2.5. Иық тігістерін тігу.
2.6. Жеңін орнату.
2.7. Жағасын тігу.
2.8. Қабырға тігістері мен жең қиықтарын тігу.
2.9. Өңірдің астын айналдыру.
2.10. Өңірдің бойымен өңдеу тігісін жүргізу, сонымен бірге ілгекті орната отырып мойын ойығына жағаны қосып тігу.
2.11. Бұйымның етегін ішіне бүктеп жабық тігіспен тігу.
2.12. Жырығын өңдей отырып өңірлері мен арқасына жіберілген бөлігін тігу.
2.14. Оң жағынан ілгек орнату.
2.15. Ілгектеріне сәйкес түймелерін тігу.
2.16. Бұйымды ылғалды жылумен өңдеу.
Жұмысқа киетін ашық комбинезонды тігу технологиясы
Жұмыс костюмі (ашық комбинезон) шалбардың алдыңғы бөлігімен тұтас, яғни белінен қиылмай пішіледі.
Арқасы белдің бойымен бөксеге дейін, яғни қабырға қиықтарының төменгі бөлігіне дейін ұзартылған. Шалбардың артқы бөліктері белдің бойымен белбеу арқылы біріккен, ол алдына келіп түймеленеді. Комбинезон үлгісінің барлық бөліктері, жағадан басқа, қабырға, иық, сондай-ақ отыру және жең тігістеріне 1 см-дан босатыла отырып матаның көлденең жібінің бойымен пішіледі.
Ойынды мен жеңнің құлама бөлігі тігісіне артық босатылмайды.
Жаға мен оның асты көлденең бойымен пішіледі. Өңірлердің асты ені 7,5 см және қиықтың бойымен ұзынынан пішіледі.
Белбеуі ені 8 см және ұзындығы белдің өлшеміне сәйкес 15 см, яғни 38 * 2 + 15 = 91 см. пішіледі. Жеңнің бүктемелері ені 13 см, ұзындығы 27 см болып пішіледі. Шалбарлардың манжеттері ені 13 см, ұзындығы 36 см болып пішіледі. Манжеттер мен олардың астыңғы бөлігі матаның ұзын бойымен пішіледі.
Өңірдің пішілген бөліктерінде бүктемелер мен қалта тігілетін орындар белгіленеді, ал арқасы мен шалбардың артқы бөліктерінде бүктемелер белгіленеді.
Өңірлердегі бүктемелер ішкі жағынан тігіледі. Үстіңгі қалта өңірдің сол бөлігіне тігіледі (белгіленген орын бойынша). Белгіленген орынға екі жанының қалталары жапсырылып, шалбардың алдыңғы бөлігінің үстінен, алдыңғы шетінен, етек және қабырға бойымен кертікке дейін тігіледі. Өңірлердің асты оң жағымен өңірлердің оң жағына жоғарғы кертіктен төменгі кертікке дейін тігіліп, теріс жағына аударылады. Өңірлердің кесілген шеті 0,7 см бүктеліп, тігіледі.
Арқасынан бүктемелер жасап, арқасының астын ені 2 - 2,5 см бүгіп тігіледі. Иық тігістері арқаның кесіндісімен бүктеп тігіледі.
Жағаның үсті астымен бірге тігіліп, оң жағына айналдырылады да шетінен жөрмеп тігіледі.
Жағаның астыңғы жағы мойын ойындысына (оның бойымен) тігіліп қосылады. Жағаның үстіңгі жағының кесілген шеті 0,7 см бүктеліп, астыңғы жағаның тігісі көрінбейтіндей етіп тігіледі. Жағаның үсті шетінің бойымен 0,2 - 0,3 см тігіледі.
Шалбардың артқы бөлігі қабырға тігістері бойымен белінен бастап кертікке дейін тігіледі, содан соң ішкі жағына айналдырып, жөрмеледі. Артқы және алдыңғы өңірлерінің қабырға кесінділерінің астынан кертіктен бастап төменге дейін ені 0,5 см болып бүктеледі.
Содан соң арқасы мен алдының бет жақтарын біріктіріп, ал шалбардың артқы бөлігін оң бетімен алдыңғы бөлігіне беттестіріп қабырға тігістерін шалбардың етегіне дейін жөрмейді.
Қабырға тігістерін ойынды бойымен астыңғы бойындағы кертікке дейін тігеді. Қабырға тігістерін арқасымен және шалбардың артқы бөлігімен қосады. Қадамдық тігістер мен астыңғы тігістері сыртқы тігіспен қосып тігіледі.
Шалбардың артқы бөлігінің үстіңгі кертігіне белбеу орнатылады, оның ортасы отыру тігісінің ортасымен дәл келуі тиіс. Белбеудің қиылған шеті бүктеледі.
Шалбардың етегінің артығы бүрмелеп бүктеледі де шалбардың астыңғы жағынан ені 0,7 см тігіледі. Манжеттің шеті 0,5 см бүктеліп, шалбардың етегіне қосып тігіледі.
Жеңі өңделіп, жейденің жоғарғы бөлігіне тігіледі. Өңірдің сол жағынан түйме тігіледі, оң жағынан ілгектер жасалады.
Шалбардың артқы бөлігінде
ұзындығы бойымен ортасынан көлденең
ілгектер орнатылады, оған қарама-қарсы
қабырға тігісінің бойымен түйме
тігіледі. Түйменің астынан мықты
болу үшін ені 2 см көлденең
жолақ тігіледі. Белбеуінің оң
жақ ұшына ілгек жасайды, ал
сол жағына түйме тағады, содан
соң шалбар мен жеңінің манжеттеріне
ілгек жасап, түйме қадайды.
5.2 Ғимараттар мен құрылыстар
Болжанып отырған цехты аумағы шамамен 60 шаршы метр бос жалдамалы орын-жайда орналастыру жоспарлануда. Өндіру процесінің ерекшелігін ескере отырып орын-жай өртке қарсы қауіпсіздік жүйесімен жабдықталатын болады. Орын-жай тікелей арнайы киім тігу цехынан тұрады.
irr.kz және satu.kz интернет-ресурстарының
негізінде өндірістік орын- жайды
жалдаудың орташа құны айына
950-1 000 тг./м2 құрайтыны айқындалды.
Осыған байланысты кәсіпорынның
тұрақты шығыстарына айына 1 000 тг/м2
жалдау ставкасы салынды.
5.3 Жабдық және инвентарь (техника)
Жабдықтардың тізбесі мен оны сатып алу шығындары келесі кестеде берілген.
6-кесте - Цех жабдықтарының тізбесі
Атауы |
Саны |
Бағасы, мың теңге |
Сомасы, мың теңге |
Тігін машинкасы |
5 |
40 |
200 |
Жөрмеу құралы |
2 |
45 |
90 |
Пішу үстелі |
1 |
25 |
25 |
Жұмыс үстелі |
5 |
15 |
75 |
Орындық |
5 |
8 |
40 |
Шкаф |
1 |
30 |
30 |
Өндірістікинвентарь |
1 |
70 |
70 |
Жиыны |
530 |
Жабдықтардың бағасы Алматы қаласының орталық базарындағы бағаға жасалған шолу мен талдаудың нәтижесінде көрсетілген.
5.4 Коммуникациялық инфрақұрылым
Жобада орын-жайды
жалдау көзделген, онда қажетті коммуникациялық
инфрақұрылым, атап айтқанда электр
-, сумен - және жылумен жабдықтау, сондай-ақ
телефон байланысы болады. Қажет болған
жағдайда цех жұмыстың талаптарына сай
қажетінше бейімделетін болады.
6. Ұйымдастыру, басқару
және құрам
Директор кәсіпорынға жалпы басшылық жасайды. .
Кәсіпорынның ұйымдастыру құрылымының түрі төменде келтірілген (7-сурет).
7-сурет - Ұйымдастыру құрылымы
Құрамды басқарудың келтіріліп отырған құрылымын желілік құрылымға жатқызуға болады. Ол директорға кәсіпорынның жұмысын жедел басқаруға және оқиғалардан үнемі хабардар болуына мүмкіндік береді.

- Арнайы киімдер өндірісі цехын ашу
- Арнайы киімдер өндірісі цехын ашу
- Арнайы құқықтық пәндер кафедрасы
- Арнайы мамандандырылған қаржылық-несиелік институттар
- Арнайы педагогика
- Арнайы салыстырмалық теорияның элементтері
- Арнайы салыстырмалық теориясының элементтері
- Армянские народные танцы
- Армянский народ
- Армянское нагорье
- Арнайы балалар мекемелеріндегі денсаулығы нашар балалардың күн тәртібі
- Арнайы бөлімшелердегі науқастардың психологиялық үйлесімділігі
- Арнайы және арнайы емес иммунотерапия
- Арнайы киімдермен қамтамасыз ету