Қаржылық инвестиция есебі
Жоспар
Кіріспе
1. Инвестиция түсінігі және жіктелуі
2. Инвестицияның бағалануы
3. Қаржылық инвестиция есебі
Қорытынды
Қолданылған
әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Инвестициялар деп өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субьектісіне мүліктей, заттай, сондай ақ ақша қаражаты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын айтады.
Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді. Оның біріншісі-уақыт, ал екіншісі-тәуекелділік (тәуекелге бару). Сонымен қатар инвестиция экономикалық өсудің негізі бола отырып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін өсірудің, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып саналады.
Инвестицияның
көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның,
яғни таза табыстың пайдаланылмай сақталған
бір бөлігі саналады. Басқаша айтатын
болсақ, инвестиция көзі-жаңадан жасалынған
құн немесе таза табыстың сақталатын бөлігі
болып табылады. Шаруашылық субьектілері
немесе кәсіпкерлер инвестицияны өзінің
таза табысының есебінен, өзін-өзі қаржыландыру
немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы
жасайды.
1. Инвестиция түсінігі және жіктелуі
Инвестиция дегеніміз бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақты және қаржылық инвестиция болып екі түрге бөлінеді.
Нақты инвестиция дегеніміз – шаруашылық субьектісіндегі белгілі бір материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық, құрылыс) өсуіне, дамуына жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық
инвестициялар — бұл
Инвестиция мыналарға бөлінеді:
- үлестік – жай және артықшылықты акциялар ;
- борышқорлық –облигациялар, қазыналы вексель, депозиттік сертификаттар және т.б.
Инвестиция көздері:
а) жаңадан жасалған құн (таза табыстың жиналған бөлігі );
ә) амортизацияның қорлануы (накапливаемая амортизация);
б) кредиттік ресурстар.
Инвестицияны мына топтарға жіктеуге болады:
1.Жұмсау мерзімі бойынша:
- қысқа мерзімді –бір жылға дейін иемдену мерзімі (бұл еркін ақшалай қаражатты уақытша орналастыру мақсатында оңай өткізілетін бағалы қағаздардағы компанияның инвестициясы);
- ұзақ мерзімді –бір жылдан көп иемдену мерзімі;
- мерзімсіз инвестициялар.
Ұзақ мерзімді және мерзімсіз инвестициялар- бұл қосымша пайда алу мақсатында немесе құнды қағаздары сатып алынатын компанияға ықпал етуге ие болу мақсатында немесе бұл салада өз операцияларын жүргізетін ұйыммен салыстырғанда қаражаттың мұндай жұмсамалы әлдеқайда пайдалы болғандықтан қаражатты орналастыру.
2. Тағайындалуы бойынша:
- қаржылық-құнды қағаздарға жұмсау;
- нақты (мүліктік жұмсау)- субьектінің негізгі капиталына жұмсау және материалдық-өндірістік қордың өсуіне жұмсау.
3. Шығу тегі бойынша- бірінші, екінші.
4. Болу формасы бойынша- құжаттық, құжатсыз.
5. Ұлттық тегі бойынша- отандық, шетелдік.
6.
Қолдану түрі бойынша-
7. Иемдену қатары бойынша- жеке, жалпы.
8.
Шығарылым формасы бойынша-
9.
Меншік формасы бойынша-
10. Айналыс сипаты бойынша- нарықтық, нарықтық емес.
11.
Тәуекелдік деңгейі бойынша-
12.
Қолма-қол табыс бойынша-
13.
Қаражатты жұмсау формасы
14. Экономикалық мәні (құқық түрі) бойынша- мүліктік, міндеттік.
15. Халықаралық стандарт бойынша бухгалтерлік есепте инвестиция мыналарға бөлінеді:
- №27 ХҚЕС « Бірлескен қаржылық есеп және еншілес компанияларға инвестицияның есебі»;
- №28 ХҚЕС «Қаумдастырылған компанияларға берілген инвестицияларды есепке алу»;
- №39 ХҚЕС « Қаржы құралдарды: тану және бағалау»;
- № 40 ХҚЕС «Жылжымайтын мүлік инвестициясы».
2. Инвестицияның бағалануы
Инвестиция мына 2 әдіске салынады:
- Үлестік қатысу әдісі;
- Құндық әдіс (немесе құн әдісі).
Үлестік қатысу әдісі - бұл әдіс бойынша инвестиция сатып алған кезде сатып алынған күні бойынша есептелінген, кейін тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза активіндегі өзгерістерді инвестордың үлесінің мойындалуына қарай оның, яғни инвестицияның құны өсіп немесе кеміп отырады. Инвестордың тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза табысындағы немесе зиянындағы үлесінің өзгеруі оның қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есебінде табыс немесе зиян ретінде мойындалады. Үлестік қатысу әдісін қолданған жағдайда инвестицияның баланстағы құны инвестициялардың тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза табысындағы немесе зиянындағы үлесінің мойындалған бөлігінде өсіп немесе кеміп отырады және де ол табыс немесе змян ретінде танылады.
Үлестік қатысу әдісі-инвестицияларды иеленген мезетте сатып алу құнымен көрсетіп, кейінірек тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза активтеріндегі өзгерістерде инвестордың үлесі мойындалуына байланысты олардың құнының өсуімен (кемуімен) есепке алу әдісі. Тәуелді шаруашылық серіктестігінің таза кірісінде (шығысында) инвестор үлесінің өзгеруі қаржылық-шаруашылық қызмет туралы есептегі табысқа (шығынға) жатқызылады.
Үлестік қатысу әдісі мынадай белгілермен сипатталады:
• шаруашылықты серіктестікке қатысты таза табыстағы қатысу үлесі инвестордың инвестиция құнының баланстық өсуінен көрінеді және қатысу үлесінен түскен табыстан бөлінеді;
• шаруашылықты серіктестікке қатысты залалдағы қатысу үлесі инвестиция құнының баланстық кемуінен көрінеді және қатысу үлесіндегі залалдан бөлінеді;
• тиесілі дивидендтер сомасы инвестордың инвестиция құнының баланстық кемуінен көрінеді.
Инвестор «Топар» АҚ 70000 теңге құнындағы «Шығыс» АҚ қатысты 35% акциясын иеленді.
а) инвестицияның сату құнына :
Д К
2210 1030 70 000
Жыл қорытындысы бойынша:
- тәуелді серіктестіктің таза табысы-30000 теңге болады.
- жарияланған дивидендтер-15000 теңге
ә) таза табыс үлесіне:
Д К
2210 7610, 7620 30000*35%=10500теңге
б) дивиденттер үлесіне:
Д К
2170 2210 15000*35%=5250 теңге
Егер тәуелді шаруашылықты серіктестік қызметінің нәтижесі залал келтірсе, онда инвестор бұл серіктестіктегі өзінің қатысу үлесін мойындайды, осының салдарынан инвестицияның баланстық құны кемиді.
Құн әдісі — инвестицияны алу кезінде сатып алу құны бойынша көрсетілетін есептік әдіс. Инвестордың қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есепте инвестиция табысы тәуелді шаруашылық серіктестігінің жинақталған жалпы таза табысының сомасынан тиісті дивиденттердің мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады.
Инвестиция
сатып алу құны бойынша есептелінеді,
егер де инвестицияны жақын арада сату
мақсатында алса немесе инвестицияланған
кәсіпорын қатаң ұзақ мерзімді шектеулі
жағдайында әрекет ететін болса, бұл соңғы
инвесторға табысты беру қабілетін біршама
төмендетеді. Мұндай шектеулерді тудыратын
себептерінің катарына: реттеуші органның
бақылауында болса, сондай-ақ олар кәсіпорындағы
дивидендтерді бөлудің саясатына араласса
кәсіпорын өз қызметін, дивидендтерді
(табыстарды) аударуға шек қойылған елдерде
жүргізуі мүмкін. Сондай-ак, саяси хал-ахуалдың
өзгеруі кәсіпорынның шаруашылык қызметін
жүзеге асуры туралы келісімдерде карастырылған
дивидендтерді төлеуге шектеулердің күшіне
енуі және басқа да кедергілердің болуы
мүмкін.
3.
Қаржылық инвестиция
есебі
Қаржылық инвестиция – ол акция, облигация және басқа да құнды қағаздар мен банктегі депозиттерге салынған салымдар.
Олар қысқа мерзімді (12 ай ішінде айналымда болатын) және ұзақ мерзімді (12 айдан астам мерзім) болып танылады.
Қаржылық инвестициялардың есебі ХҚЕС сәйкес №32 «Қаржылық құралдар: танылып және ақпарат беру», №39 «Қаржылық құралдар: мойындауы және бағалануы» №2ҰҚЕС стандартарда қарастырылады.
Қаржылық инвестицияларды ақпараттау барысында бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында І және ІІ бөлімдерінде 1100-1150, 2000 -2040 шоттар қарастырылған.
Еліміздің нарықтық экономикалық жолымен дамуы барысында қаржылық инвестициялардың маңызы зор. Ал біздің еліміздің экономикасын көтеру үшін қаржылық инвестицияны тарту бүгінгі күні аса қажетті болып отыр. ҚР-ның қаржы нарығы әлемдік деңгейде жаңадан бой көтеріп келе жатқан қаржы нарықтарының қатарына жатады,ал қаржы нарығы келесі нарықтардан пайда болады:
- валюталық нарық;
- құнды қағаздар нарығы;
- несие-капиталы нарығы(ақша нарығы);
- асыл тастар нарығы (алтын нарығы);
Қаржы нарығының айрықша бөлігі ол құнды қағаздар нарығы және де бұл бойынша осы кезде қалыптастыру процесі аяқ басып келеді. Ал қаржылық инвестициямен осы құнды қағаздар нарығы тікелей байланысты. Елімізде мыңдаған акционерлік қоғамдар мен басқа да шаруашылық субьектілері, жүздеген сақтандыру компаниялары, инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары тіркелген. Осы жоғарыда аталған субьектілер барлық құнды қағаздар нарығының потенциялды қатысушылары қатарына жатады. Олардың кейбіреулері эмитент, ғни айналымға құнды қағаздар шығарушылар болса, ал екіншісі инвестор ретінде қызмет атқарады. Шаруашылық субьектісіне жаңа технология енгізу, өндірісті модернизациялау, реконструкциялау әрқашан ірі капитал салымын керек етеді. Ал мұндай жұмысты атқару үшін өндірушілерде әр уақытта капитал бола бермейді. Бұл шаруашылық субьектілері қарыз капитал нарығына несиелер мен заемдарының қаражаттарын,айналымға акциялары мен облигацияларын шығарса, онда елімізде бағалы қағаздар нарығы пайда болады.
Іс жүзінде акция, облигация және басқа да бағалы қағаздарын шығару арқылы капиталды тартуды көздейтін заңды тұлғалар эмитент деп аталады.
Эмитент
ретінде кім болғанына
Эмитент
ретінде кім болғанына
Мемлекеттік құнды қағаздар бағалы қағаздардың бұл түрі ҚР-ның заң актілеріне сәйкес мемлекеттің сыртқы және ішкі қарыздарына байланысты шығарылады. Сонымен қатар бағалы қағаздың бұл түрі ҚР-сы Ұлттық Банк мекемесімен эмитенттелінетін бағалы қағаздар болып табылады. Үкімет өз атынан бағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республиканың бюджеттің тапшылығын қысқартуға, инфляцияны болдырмауға тырысады. Осыған сәйкес ҰБ мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік бағалы қағаздардың мынадай түрлері бар:
- Ұлттық жинақ облигациясы ;
- Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕККАМ);
- Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттеме (МЕОКАМ);
Муниципалды құнды қағаздар -бағалы қағаздардың мұндай түрі жергілікті бюджеттен эмиссияланатын жергілікті атқарушы органдар шешімімен шығарылады. Бағалы қағаздардың бұл түрін шығарудағы басты мақсат -құрылыс, яғни ауруханалар салу үшін, бала-бақшалармен мен мектептер, тұрғын үйлер, жолдардың жағдайларын жақсарту, аймақтың әлеуметтік мәселелерін шешу тағы да басқалар болып табылады.
Кооперативтік құнды қағаздар -шаруашылық субьектілерінің заң күшіне сүйене отырып, жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін шығаратын бағалы қағаздарын кооперативтік бағалы қағаздар деп атаймыз. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент ретінде тіркеледі.
Бағалы қағаздарды жалпы мына төменде аталғандай екі топқа бөлуге болады:
а) ақшалай ;
ә) капиталды .
Ақшалай
бағалы қағаздар - ақшаны қарызға
алғандығын білдіреді. Бағалы қағаздардың
бұл түріне вексельдерді, депозиттік
және жинақ сертификаттарын
Капиталды құнды қағаздар – шаруашылық субьектісінің қорын (капиталын) құруға немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады.
Өздерінен алынатын табысқа байланысты құнды қағаздар қарыздық және инвистициялық болып екі топқа бөлінеді:
Қарыздық
құнды қағаздар бойынша эмитент
өзі белгіленген уақыт
Инвестициялық құнды қағаздар -иемденушіге активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Құнды қағаздардың бұл түріне акцияны жатқызуға болады.
Құнды қағаздар шығарылу мақсатына байланысты қорлы және саудалық болып екі түрге бөлінеді:
Қорлы құнды қағаздар - қор биржаларында айналысқа түседі және көп мөлшерде эмиссияланады. Құнды қағаздардың бұл түріне акциялар мен облигациялар жатады.
Саудалық құнды қағаздар – белгілі бір коммерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.
Нарықтағы
айналымдағы ерекшеліктеріне
Нарықтық құнды қағаздар -айналыста еркін сатылып немесе сатып алынады. Олар сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.
Нарықтық емес құнды қағаздар - қолдан -қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түспейді. Мұндай бағалы қағаздар қатарына оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойса, онда оларды тек эмитенттің өзі ғана сатып алады. Сондай-ақ айналысы шектеулі бағалы қағаздар да бөлініп көрсетілуі мүмкін.
Бағалы қағаздар атқаратын рөлі бойынша :
- негізгі (акция,облигация );
- көмекші (чектер, вексельдер, депозиттік сертификаттар);
- туынды (варанттар, опциондар, фьючерстер, бондар тағы басқалары);
Акция- акционерлік қоғамда, яғни шаруашылық субьектісін дамытуға қаржы салғаны туралы куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде алуға құқық беретін құнды қағаз болып табылады. Акциялар айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Шаруашылық субьектісін басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар, жай және артықшылығы бар деп екіге бөлінеді.
Жай
акциялар -акционерлік қоғамды
Артықшылығы бар акциялар -басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтсе де олар тұрақты белгіленген мөлшерде дивидендтер алу құқығын береді, яғни белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар, артықшылығы бар акциялар шаруашылық субьектісінің таза табысын акционерлер арасында бөлу немесе қоғамның жойылу кезінде жай акционерлер салыстырғанда артықшылыққа ие болып табылады.
1100 «Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар», 2000 «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» шоттарында есептеледі. Акция акционерлік қоғамның капиталына белгілі бір соманың салынғанын куәландыратын және ол оның иесіне дивидендтер түрінде табыстың бір бөлігін алу құқын беретін бағалы қағаз.
Акцияларды алған кезде 1140 «Саудаға арналған қолда бар қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар», 1150 «Өзге қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар», 2040 «Өзге ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» және төмендегі шоттардың кредиті бойынша бухгалтерлік жазбасы жасалады: сатып алынған акциялардың сатып алу құнына -3310 «Берушілер менмердігерлерге берілетін қысқа мерзімді берешек» және 4110 «Берушілер менмердігерлерге берілетін ұзақ мерзімді берешек», 3390 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 4170 «Өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», 3330 «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 4130 «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін ұзақ мерзімді кредиторлық берешек», 3320 «Еншілес ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек», 4120 «Еншілес ұйымдарға ұзақ мерзімді кредиторлық қарыздар». Акцияларды алған кезде есеп айырысу шоттарын жанай өтіп ,ақша қаражаттарының шоттарын пайдалануы мүмкін. Дебет- 1100, 2000, Кредит-1010, 1020, 1030, 1040,1050,1060.
Акцияларды сатқан жағдайда және басқа да жағдайда олар есептен шығарылса, онда акцияның баланстық құнына. Дебет -7410, К-1100, 2000.
Сосын ол Дебет-1280, Кредит-6160.
Кәсіпорынның есептік саясатында қысқа мерзімді қаржылық инвестицияны ағымдағы құны бойынша, ал ұзақ мерзімді инвестицияны сатып алу құны бойынша есептеуді қарастырған болатын.
Облигация дегеніміз –оның иесінің ақша қаражаттарын салғанын куәландыратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы құнды қағаздың номиналды құнын белгіленген % төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын құнды қағаз болып табылады. Облигациялар белгілі мерзімге шығарылады. Жалпы облигацияларда акциялар сияқты шаруашылық субьектісі үшін инвистицияның маңызды көзі болып табылады.
Облигациялардың иесі бұл құнды қағаз бойынша белгілі бір уақыт аралығында пайыз түрінде табыс алып отырады. Бұл пайыздық мөлшері белгіленіп, яғни мөлшерленіп қойылған, сондай-ақ облигациядан алынатын табыс қандай да бір белгіленген мерзім ішінде ғана жүргізіледі. Ал акционер болса, есепті жылдың соңында ғана, яғни шаруашылық субьектісінің табыс табуына байланысты дивиденд алып отырады.
Жалпы алғанда қазыналық вексельдер банктер үшін қысқа мерзімге капитал салу нысаны болып табылады. Олар банк арқылы пайдаланылады.
| Рет
№ |
Шаруашылық операцияларының мазмұны | Самасы, теңге | Бухгалтерлік жазу | |
| 1. | Кәсіпорын
банктен депозиттік сертификатын алады:
|
160000 100000 |
Дебет | Кредит |
| 1110 1110 |
1030 | |||
| Барлығы. | 260000 | |||
| 2. | Депозиттік
сертификаттары өту үшін:
|
160000 100000 |
1030 1030 |
1110 |
| Барлығы. | 260000 | |||
| 3. | Депозиттік сертификаттары бойынша есептелген пайыздары (бүкіл сертификаттық әрекет ету мерзімінің барысында ай сайын жазбалар жазылып отырады) осы мысалда шартты түрде барлық самасы есептелген. | 54380 |
1270 |
|
| 4. | Депозиттік сертификаттары бойынша пайыздар алынды | 54380 | 1050 |
|
| 5. | Кәсіпорынныңдегі
сертификатты сатылды:
|
80000 90000 |
7410 2180 |
6210 |
| 6. | Депозиттік сертификат үшін алынған сомасы | 90000 | 1050 |
|
Бондар- мемлекеттік қазына, жекелеген мекемелер мен кәсіпорындар шығаратын қарыздық міндеттемелері. Бодарды сатып алу және сату қаражаттары суррогаттарының есебінде қолдана алады, ақша суррограттарынның рөліне атқарады.
Қазыналық ноталар- қазыналық эммисия тәртібі бойынша шығарылатын ақшалардың түрі. Қазынаның билеттердің синонимі (асыл метондармен қамсыздандырылмаған және алтын мен күміске ауыстырылуға жатпайды); ұсыну үшін шығарылатын мемлекеттік міндеттемелердің орташа мерзімдегінің бір түрі.
Чек- чек берушінің
чек ұстаушыға сол чекте
Опцион- опциондық контрактіның нәтежесі болып табылатын бағалы қағаз, соған қатысушылардың бірі бір шама уақыт бойынша алуына немесе сатылуына құқығы бар қатысушыны айтады, ал екінші қатысушы болса, ақшалай сыақы алу үшін қажет болған жағдайда бағаны қөағаздарды белгілі бір келісілген бағасы бойынша сатуға немесе сатып алуға құқұғы бар.
Варрант- эмитентің белгілі кезең ішінде яғни белгілі бір уақыт аралығында белгіленген баға бойынша акциялар сатып алуына женілдік құқығын беретін құнды қағаз болып табылады. Варрант оның иесіне белгілі бір уақыт ішінде алдың ала белгіленген баға бойынша сатып алынған бағалы қағаздарға берілетін құқық. Варрант иесі – оның сатып алушысы. Варратты сатушы тұлға болып сол шартты қағаздарды шығаратың (эмисяны жүзеге асыратың) және варрат сатып алушыларға қатысты міндеттемелерді қабылдайтыңдар.
Фьючерс- сатып алу және сатк келсіміне шартты жазалған кезде белгіленген баға бойынша онда көрсетілген мөлшердегі өнімдері жеткізіп бере немесе қабылдап алу міндеттемесін білдіретін бирналық мерзімді белгілі бір мерзімдегі құнды қағаз болып табылады. Фьючерстік контрактар бойынша есеп айырылу әрбір қатыссушыға міндеттемелерінің орындалуына кепілдік беретін сомалар келіп түсетін биржалық есеп айырысу палатасы арқылы жүзеге асырылады.
Төменде бухгалтерлік жазулар көрсетіліп отыр.
| Қатар
№ |
Шаруашылық операцияларының мазмұны | Самасы, теңге | Бухгалтерлік жазу | |
| 1. | Ақша қаражаттарының депозиттерге, сертификаттарға, бондарға, қазыналық ноталарға, шартты құнды қағаздарға алған инвестициясы | 600000 |
Дебет | Кредит |
| 1110 | 1040 | |||
| 2. | Берілген займдар, депозиттер бойынша есептелген пайыздар | 68000 | 1270 | 6110 |
| 3. | Есептелген пайыздар бойынша төлемдер алады. | 68000 | 1040 | 1270 |
| 4. | Қазыналық вексельдер,
бондар, шартты құнды қағаздар сатылды:
|
120000 135000 135000 |
7410 2180 1040 |
1110 6210 2180 |

- Қаржылық инвестицияның маңызы және жіктелуі
- Қаржылық құқықтық қатынастар
- Қаржылық құқықтың жалпы сипаттамасы
- Қаржылық лизинг
- Қаржылық менеджмент
- Қаржылық менеджмент
- Қаржылық менеджмент басқару жүйесі ретінде
- Қаржылық жоспарлау
- Қаржылық жоспарлау
- Қаржылық жоспарлаудың (болжаудың) мазмұны, міндеттері қағидаттары және әдістері
- Қаржылық жоспарлаудың мазмұны, оның ерекшеліктері және әлеуметтік – экономикалық жоспарлау мен байланысы
- Қаржылық жоспарлау және болжау
- Қаржылық жоспарлау мен болжамдаудың мәні
- Қаржылық инвестиция