Ақсақ Темір
ҰЛЫ ҚОЛБАСШЫ ӘМІР ТЕМІР
Әмір Темір 1336 жылы 8 сәуірде Маураннахрдағы Кеш қаласында, қазіргі Шахрисабзда, Самарқанның оңтүстігінде орналасқан жерде дүниеге келген десе, кейбір зерттеулерде Темір 1333 жылы 7 мамырда дүниеге келген. Ал Грановский өз еңбегінде Темір Самарқанда 1336 жылы 9 сәуірде Шыңғыс ханның ұлының, Шағатайдың иелігінде дүниеге келген деп келіп, ол қолына қан уыстап, шашы ақ болып туылған деп көрсетеді. Оның анасы Шыңғыс хан тұқымынан шыққан, ал әкесі шағатай тұқымындағы әміршілердің бірі болған, бірақ оған үлкен мұра қалдырмаған [1].
Темірдің туған жылы туралы монғол, қытай деректерінде 1333, араб, парсы деректерінде 1336, ал еуропалық қайсыбір деректерде 1337 жыл деп жазылған. Дегенмен, 1996 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Өзбекстанда Әмір Темірдің 660 жылдық мерекесі болғанын ескеретін болсақ, оның дүниеге келуі туралы деректердегі түрлі мәліметтер мен зерттеулер денінің негізінде Темірді 1336 жылы 9 сәуірде Шахрисябздың оңтүстік-батысында Қожа-Илғыр ауылында дүниеге келген деген қорытынды жасауға болады. Темір кезеңіндегі тарихшылар оны Шыңғыс хан тұқымына жақын тұлға ретінде көрсеткісі келді, яғни оны Шыңғысхан әулетімен туыстық байланысты қалыптастыруға тырысты. Клавихоның «Күнделігінде» де Темірдің әкесі шағатай тұқымынан шыққан орташа топтағы танымал кісі болғанын айтады [2]. Ал Бартольд Темірдің әкесі Барлас руынан шыққан, мұсылман дінін ұстанған Тарағай «ноян» немесе әмір болса, анасы Текене-катын болған деп көрсеткенімен, оның 1360 жылға дейінгі өмірін ашып көрсетпейді [3].
Әмір Темірге байланысты дерек көздерінде Темірдің маңғолдық Барлас тайпасынан деп көрсетеді. Моңғолдың «Құпия шежіресінің» желісіне жүгінсек, Темірдің шыққан тегі төмендегіше суреттеледі: «Барластар Боданчардың некесіз әйелінен туған Хачи Хүлэгтен тарайды. Хачи Хүлэгтің ұлы Барулудай деген болыпты. Өзі мығым денелі, тойымсыз мешкей болғандықтан Барулас атанады. Хачуланның бір ұлы алдына қойған асын түгесіп жеп қоятындықтан оны үлкен Барулас, енді бірі алдындағы асын тауысып жей алмайтындықтан кіші Барулас деп атаған. Кейін олардың арасынан білімді Барулас, Тодойлық Барулас дегендер шығып, барлығы Барулас атанады» делінген [4]. Рашид ад-Диннің шежірелер жинағында Баруластарды Тумбинай шешеннің үшінші ұрпағы Хачуланның ұлы деп көрсетеді [5]. Зерттеушілер барластарды маңғол тайпаларының Нирундық тобына жатқызады [6]. Шыңғыс хан 1206 жылы Ұлы моғол мемлекетін құрғанда барластарды еліне ерен еңбек сіңірген осы тайпадан шыққан түлегі Хубылайға ел етіп берген. Шыңғыс ханның 1219-1224 жылдары Орталық Азияға жасаған шабуылы кезінде барластың еркек кіндіктері моңғол әскерінің қатарына тай-тұяғымен аттанып, Шағатай ұлысы билігінде Мауреннахрға келіп орын тепті [4, 618 б.].
Темірдің жастық шағы туралы келтірілген мәліметтер Клавихоның мәліметтерімен ұқсас келеді, тек «темір ұстасы мен кәсіпшілікпен» айналысқандығы туралы тың жайттар айтылды. Ал Ибн Арабшахтың дерегінде Темірдің әкесі кедей ұсташы болып, оның қой ұрлап жатқан сәтте оған садақтың жебесі тиіп жараланғандығы туралы айтылады. Сонымен қатар Ибн Арабшах кез-келген тонаушылық әрекетке оның соңынан еретін нөкерлердің санының ұлғайғандығы туралы да баяндайды.
Деректерде келтірілген мәліметтерде Темір туралы аңыз әңгімелер көп болғандықтан, ал жылнамалар асыра сілтеушілікпен жазылғандықтан деректердің нақты шынайылығын ажырату қиындық тудырады. Дегенмен зерттеушілердің ғылыми мәліметтері бойынша Темір 1336 жылы Бұқара аймағының батысындағы Кеш (қазіргі Шахрисябз қаласы) маңайындағы Қожа Ылғыр ауылында Тарағай бектің отбасында дүниеге келген. Әкесі – бек лауазымы бар барлас ақсүйектерінің бірі. Ол ХІҮ ғ. басында Қашқандария аймағына келіп, қоныс тебеді. Темір осы қыстақта барлас ұлдарының арасында әскери ойындарға жаттығып балалық шағын өткізеді [4, 619 б.].
М.М. Герасимовтың Темір мәйітін
зерттеу қорытындысы бойынша
оның бойы бойы шамамен 172 см. құрағанын
және физикалық жетілген өте мықты
тұлға болғанын көрсеті. Оның шашы өз
қатарларына қарағанда
Темір түрік, тәжік тілінен өзге парсы тілін де жақсы меңгерген, ғалымдардың тарихи шығармаларын тыңдап, сөйлесуді ұнататын және өзінің әңгімелерімен мұсылман тарихшыларын таң қалдыратын. Бұл туралы Академик В.В. Бартольд Темірдің өзі түркі тілінен өзге парсы, тәжік тілдерін еркін меңгерген. Али Йездидің хабарлауынша ғалымдар түркі және тәжік тілдерінде жазған және кеңес өткізген. Ол көшпелілікпен қатар сол кезде билік барлас бегі Қажы Барластың қолында болған Шахрисябзға жиі барып тұруының арқасында қала өмірін де жақсы білді.
Әмір Темірдің «Әмір Темір аманаты» кітабында оның жастық шағы туралы мәліметтер айтылады: «Жеті жасқа толғанымда, мені медресеге тапсырды және қолыма сөздер кестесін ұстатты. Оқи бастадым, жетістіктерге кереметтей сүйіндім. Тоғыз жасқа толғанымда, бес уақыт намазды үйрендім және мектептегі барлық оқушыларға бастық болып алдым. Өзім қатысқан барлық жиындарда ғұламалардың жанына отыруға ұмтылдым. Тіземен шөкелеп отыратынмын. Үлкендерді құрметтеуді әдетке айналдырдым. Көшеде балалармен ұрыс-ұрыс ойынын ойнап, өзімді әмір етіп тағайындадым, ойынды басқаратынмын және бір топты екінші топпен ұрысуға машықтандыратынмын» [8].
1348 жылы 12 жасында Балық
әмірі Қазағанның
Атақты тарихшы Арабшах
Темірді тиран және жауыз ретінде
атаған оның қарсыласы ол туралы былай
айтады: «Темір мығым денелі, ұзын бойлы,
кең маңдайлы, кең кеуделі, зор
дауысты және оның күшіне жететін
жан болмағандығын айтады. Оның ұзын
сақалы болды, оң аяғы мен оң қолы мертік
болған. Ол 80 жасқа жетпей қайтыс болғанымен,
ол өлген шағында өзінің қаталдығы
мен ақылынан еш айырылмаған. Ол өтіріктің
жауы болған, әзілдер оны қызықтырмаған,
шындық ащы болса да, оны жаны
сүйен. Өзі тұрған жерде қарақшылық,
өлтіру мен әйелдерге деген зорлық-
Өз замандастарының арасында беделін көрсетіп, қолбасшылық өнерін ерте байқатады. Сондықтан да Темірдің жас кезінде өзі секілді жас барластар оның нөкері болуға ұмтылған. Оның жас кезінде өзінің әкесі секілді үш-төрт нөкер ғана болған. Клавихоның жазуы бойынша: ол өзінің төрт бес қолшоқпары арқылы көршілерінің малдарын тартып ала бастаған. Біртіндеп жас Темір жақсы қаруланған, шағын атты әскер жинақтайды және оларды саудагерлердің керуендері мен көршілерінің жеріне олжа алуға жіберіп тұрған. Жорық сәтті болған кезде «ол өз адамдарымен тойлаған; ол мықты әрі қайрымды болғандықтан олжаның бір бөлігін өз адамдарына үлестірген, сондықтан да оның айналасына 300-ге жуық салт атты әскері жасақталды». Осы кезден бастап ол өзі және айналасындағылар үшін жер-жерлерді аралап, ұрлау мен тонаумен айналысқан. Темірдің батырлығы, мәрттігі, адамдарды тани білуі мен өзіне көмекшілерді таңдауы мен қолбасшылық ерекше қабылеті барластар мен көшпелі әскери жастардың арасында асқан беделдік әкелді [3, 20 c.].
Оқырмандар мен тарихшылар
үшін де Ақсақ Темір тұлғасы толық
ашылмаған жұмбақ, тарихи дүниеде
қарама-қайшылыққа толы тарихи тұлға
болып келеді. Оның өмірі туралы
жан-жақты баяндаулар Тоғылық Темірдің
жорығынан басталады. Бірақ Ибн
Арабшахта, орыс жылнамасы мен Рюи
Гонзалес де Клавихода 1360 жылға дейінгі
Темірдің биографиясын айқындайтын
кейбір жайттар келтірілген. Темірдің
үстемдікке деген ұмтылысы 1360-1370 жылдардағы
шапқыншылықтар сол кезеңде салтанат
құрған әлі де болса құдіретті
Алтын Ордаға қарсы бағытталды. Бірақ
оны күйретпестен бұрын Темір
семсерін өзінің ең жақын көршілері
– Ақ Орда мен Моғолстанға сілтеп,
олар Темірдің Орта Азиядан тыс жерлердегі
агрессиясының алғашқы
Төл тарихымызды таразылап,
ұлтымыздың бастан өткерген осы кезеңде
өткерген дерек көздеріне тоқталып
өтетін болсақ, Темірдің өмірбаяны
қиян-кескі тартыстарға толы аса
күрделі тұлға. Оның жалпы алғанда
тарихи-саяси өмірбаянын екі кезеңге
бөліп қарастыруға болады. Алғашқысы
1370 жылы ол Мауреннахр билігін басып
алғанға дейінгі уақытты
Моғолстанның құрылуы
өзі пайда болғаннан былай
саяси және экономикалық жағынан
алғанда біртұтас бола алмаған. Оның
территориясы тұрақты болмады, Жетісу
аймағы Моғолстанның солтүстік-шығыс
жағын алып жатты. Моңғол ханы Тоғылық
Темір алғашқы жорыққа Жетісуда
1360 жылы аттанды. Тоғылық-Темірдің түрік
әмірлерінің оған қарсылық көрсетпейді
деген болжамы жүзеге асты. Шахрисябтың
әміршісі әмір Хаджи Хорасанға қашты,
ал қалған әмірлер өз еркімен Моғолстан
ханына бағынды. Олардың ішінде барлас
руынан әмір Темір Тоғылық-Темірге
өздерінің берілгендігін
Моғол әскерінің одан былайғы
жорықтарына халықтың қарсылығымен
қатар моғол әскерлерінің түскен
олжаны бөлісе алмаулары да өзінің
кері ықпалын тигізіп, олар хан ордасына
қайта оралды. Мұхаммер Хайдар Дулати
мен Шараф ад-Дин Али Йазди
Тоғылық-Темірдің Моғолстанға қайта
оралу себебін көрсетпейді. «Темір
жазбаларында» Тоғылық-Темірдің қайта
оралу себебін «Жоғарыда
1361 жылы Темір Казаганның
немересі әмір Хусейнмен қарым-
Темір моңғол ханында ұзақ
қызметте болмайды. Моғолстанға қайта
оралған Тоғылық Темір хан
Мәуреннахрда өзінің билеушісі ретінде
ұлы Ілияс-Қожаны қалдырды. Бірақ
моғол әскербасылары оның көмекші
басқарушысы (соправитель) әмір Темірге
қарсы бүлік шығарады Осы жағдайды
пайдаланған әмір Темір сол сәтте-ақ
Тоғылық Темірдің ұлының қасынан
кетіп, әмір Хұсайынмен бірге Моғолстан
билігін түсіруді көздейді [11]. Темір
Балық қаласының әмірі
Әлемді мойындатқан даңқты қолбасшы - Ақсақ Темірдің есімі атақпен бірге аңыздар да ілесіп жүретінін ескерсек, Темір туралы түрлі аңыздар жетерлік. Солардың бірі Темірдің «Ақсақ Темір» аталуы. Біреулер оның ақсақтығын іштен біте туған кемістікпен байланыстырса, екіншілер кезінде қарақшылар басшысы болған жігіттің аяғана барымта кезінде жебе қадалған дейді.
Клавихо Темірдің жас кезі
туралы мәліметтерді Орталық Азиядағы
даңқты әмірдің айналасындағы
Оқиға З. Қинаятұлының еңбегінде төмендегіше баяндалады: «Темір Мауреннахрдан аз адамымен қашып шығып Парсының Сеистан өлкесіне өтер жолында болған бір шайқаста садақ оғынан оң қол, оң аяғынан жарақат алады. Осы оқиғадан кейін оны парсылар «Тимурленг» немесе «Ақсақ Темір» атандырады. Оның бұл лақап аты жер жүзіне тарап, орыстар – Хромой Тимур немесе Тимур десе қазақтар – Ақсақ Темір, Өзбектер – Әмір Темір деп атандырды [4, 619 б.].
Тоғылық Темірдің 1362-1363 жылы қайтыс болуына байланысты Хан тағына отырған Ілияс-Қожа 1365 жылдан бастап Шағатай иеліктерін біріктіру үшін жаңа әрекетке көше бастайды. Тоғлық-Темірдің өлімінен кейін Мәуреннахрдан қуылған Ілияс Қожа өз жағдайына көндікпей, Мәуреннахрға жорыққа дайындалды. 1365 жылы Хусейн мен Әмір Темір мұны біліп, Ілияс Қожаға қарсы әскер жинады. Темір өз әскерімен оны Чиназ бен Ташкент аралығында Сырдарияның жағасында 1365 жылдың 22 мамырында қарсы алады. Шайқас тарихта «Батпайқы шайқас» («Джанг-и лой») деген атаумен белгілі, себебі шайқас күні қатты жауын жауған және де ол әскердің жағдайын қиындатып, аттар тайғанап құлай бастаған, алайда шайқаста жеңіліс тапты. Әмір Темірдің соғыс барысында жеңіліс табуының басты себебі Хұсайынның сенімсіздігі мен соғыс кезінде батыл әрекеттерге бармағандығы салдарынан болса керек [12]. Моғолдардың соғыста жеңіске жетуі әскердің Моғолстанға жолын ашты, Муин ад-Дин Натанзидің Моғолдардың Самарқандқа бара жатқан жолындағы тонаушылық әрекеттерін төмендегідей баяндайды: «Жеңістен кейін моғолдар елде тонаушылық, зорлық әрекеттермен айналысып, өлтіріп қарақшылық әрекеттермен айналысты» [13]. Темір мен Хұсайын Самарқандты тастап, Амударияға қарай кетті. Бірақ моғол ханы қаланы ала алмады, сербедарлар басқарған қала халқы қатты қарсылық көрсетті [11, С. 53]. Ұзақ қоршауға алу моғол әскерін қатты әлсіретті. Моғолстан аттарына індет кеселі тиіп, бұдан аттарының көбі қырылып, әрбір төрт жауынгердің арасында әзер ғана бір аттан қалды. Моғолдар қаладан шегінуге мәжбүр болды. Моғолдардың шегінуінің басты себебі қала халқынының қаһармандық күресі болған еді [13, С. 330].
Ақсақ Темір 1366 жылдың көктемінде
30 жасында Балықтың әмірі Хусейнмен
бірлесіп, Кан-Гиль аумағында болады.
Екі әмірдің арасында сербедарларға
қатысты түсінбестік туындайды,
онда Хусейн Темірдің сыбайластарының
біріне оған «қарыз» деген желеумен
ақша талап етеді. Олар «батпақты
шайқас» кезінде өз мүліктерінен
айрылып, қиын жағдайда болады, ал Темір
оларға көмек көрсету мақсатында
өзі келеді. Бұл Самарқан мен Мауреннахрды
азат етіп, ондағы Моғолстан билеушілерін
қуып шыққан және бас билік Хусейннің
қолына өтіп, Темір Кеш пен Қарши
билеушісі болып тағайындалады.
Осы кезеңде Темір мен
60-жылдардың соңында Хусейн
Балық қаласын нығайтуға
Темір мен Хусейннің арасындағы соңғы кездесу зерттеулердің бірінде былай баяндалады: Билікке көңілі толмаған Темір өз барластарын соңынан ертіп 1370 жылы Самарқанда төңкеріс жасап, Хусейнді өлтіріп, өзін Мауреннахр елінің билеушісі деп жариялайды. Осы кезден бастап Мауреннахр «Темір мемлекеті» атанады.
Темір Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы болмағандықтан хан сайлануға құқы жоқ еді. Сондықтан ол Шыңғыс ханның ұрпағы Қазан ханның қызы, Хусейннің жесіріне үйленгендігін пайдаланып, өзін «Құтбуд-дин Темір гурген Саһиб қыран Ағзам Жаннат Макан» деп лауазымдайды. Бұл іс жүзінде елінің бас әміршісі, бас билік иесі деген мағына береді, солай болды да. Бірақ ол ел-жұртын өз қолынан тағайындалған хан ұрпақтары атынан басқарды. Алғаш Сурғатмышты (1370-1388), одан соң оның ұлы Султан-Махмудты (1388-1402) хандыққа тағайындады. Бірақ ресми деректерде ханның қолы Темірден кейінгі қатарда тұрды.
1370 жылы Темір осылайша
Мәуреннахрдағы билікті басып
алады, Темірдің жеке дара
Ақ Орданың әскери-саяси
күшінің әлсіреуін зерттеушілер
Ақсақ Темірдің жорықтарымен байланыстырады.
Бұл тарихи шындық және де осы кезеңде
билікке ұмтылған Тоқтамыс пен Едігенің
өзара тартыстары да Ақ Орданың құлдырауына
елеулі ықпал еткені сөзсіз. Тоқтамыстың
1382 жылғы Мәскеуге жорығынан соң
Куликово шайқасы ұмытылды. Орыс княздіктерінің
Алтын Ордаға бұрынғыдай салық төлеп
тұруына тура келді, ал орыс тарихында
аты аңызға айналған, атақты Дмитрий
Донской болса 1384 жылы өзінің ізбасары,
баласы князь ІІ Василийді Тоқтамысқа
кепілдікке берді. Мұнымен ғана шектелмей,
Алтын Орда ханы 8 мың сом алтын
ақша алып, оны да кепілдік ретінде
ұстап отырды. Осылай болып ұзақ
кете беруі әбден мүмкін еді, Ақсақ
Темірдің Алтын Ордаға қарсы жүргізілген
жорықтары бұған бөгесін
ХІҮ ғасырдың 90-шы жылдарының соңына қарай Темір орасан зор мемлекет құрды. Оған Мәуреннахр, Хорезм, Каспий өңірі ғана емес, сонымен бірге Ауғаныстанның, Иранның территориялары, Үндістанның, Ирактың, Закавказьенің және басқа елдердің бір бөлігі енді [16]. Қазақстан жерлері, Сырдария өңірі және Батыс Жетісуды қоспағанда, формальды түрде Темір мемлекетіне енген жоқ; Ақ Орда мен Моғолстан шын мәнінде өз дербестігін сақтап қалды, дегенмен Темір мұнда жергілікті Шыңғыс әулетінен өз қолшоқпарларын хан етіп тағайындар құқын өзіне алды.
Темірдің Қазақстан мен Қырғызстан аумағына жорықтары жергілікті халыққа қисапсыз қасірет әкелді. Жалпы алғанда Темірдің іс-әрекеті Қазақстан мен Қырғызстан халықтарының тарихында жайсыз роль атқарды. Тонаушылық жорықтар Шығыс Дешті Қыпшақтың, әсіресе Оңтүстік Шығыс Қазақстанның демографиялық және экономикалық жағдайына теріс әсер етті: Халықтың бір бөлігі тұтқынға алынып, айдап әкетілді, бір бөлігі қаза тауып, халық саны едәуір азайып кетті; бұған дейін де моңғолдар үстемдігінің орнауының нәтижесінде зардап шеккен Жетісудың отырықшы егіншілік мәдениетінің қалдықтары құлдырап кетті; мал шаруашылығы аса ауыр шығынға ұшырады [12, 335 б.].
Темір өз заманының аса зұлым жаулаушысы, елдер мен қалаларды қиратушы әлемге қорқыныш ұялататын қолбасшы ретінде танылса, бір қырынан ол аса талғампаз сәулетші де болды. Осы кезеңде Әмір Темірдің басшылығымен зәулім бақты сарайлар мен қалалар, елді мекендер, көпірлер тұрғызылған. Ол жердің бос жатуына жол бермеген. Темірдің жасампаздық өнерінің туындылары қалалар, медреселер, мешіттерге тіпті сол кезеңде еропалықтардың өзі таңдана қараған (Клавихо). Ол өзіне дейінгі басшылар секілді парсы немесе араб құрылыстарын кайталамай, өзіндік ерекше мұсылман сәулет өнері тарихында бұрын жасалмаған дүниелерді тұрғызған [3, 488 с.].
Темір жаратылыстану-математика, астрономия ғалымдары мен тарихшы, ақын, лингвист, теология саласындағы ғалымдармен өз мемлекетіндегі Мауреннахр мен Хорезмнен басқа Алтын Орда Ақ Орда, Хорасан, Үндістан, Ирак, Иран, Түркия және Батыс Магрибті қосқандағы иелігіндегі өзекті мәселелерді талқылаумен өткізген [3, 47 c.]. Али Йезди тағы қызықты мәліметті келтіреді: жуырда ғана негізі қаланған Баилқан қаласында 806 ж. Темір атақты теолог ғалымдарды жинап: «Ғылым мен дін білгірлері патшаларға өз әрекетінде түрлі кеңес беру арқылы көмек көрсетіп тұрған, сендер бұл қызметті атқармайсыңдар. Менің мақсатым - әділетті шешім шығаруға жәрдем көрсетіп, менің бағыныштыларым бейбітшілікте өмір сүруіне жағдай жасап, мемлекеттің дамуына жағдайды жақсарту».
Темір сарайында Абдужаппар Хорезми, Шамсутдин Мунши, Абдулла Лисон, Бадриддин Ахмед, Нигманиддин Хорезми, Ходжа Афзал, Алаутдин Каши, Джалал Хаки және басқа да ғалымдар қызмет жасайды. Темір математика - риезнет, геометрия - хандас, архитектура - миморлик, астрономия - ханат, әдебиет, поэзия, тарих, музыка – мусики ғылым салаларының дамуына ерекше көңіл бөледі. Ол үлкен қызығушылықпен сахиб хунар (ғалымдармен) әңгіме дүкен құратын. Тарихи деректер оның қол астындағы аймақтардағы түркі, парсы, араб мәдениетімен өнерінің өкілдері, ғалым ойшылдары Әмір Темір тарапынан үлкен қолдау тапқандығын растайды.
Темір Самарқанда Сарай мен мешіт, медресе Бибі-ханым; мавзолей Шахи-Зиндті тұрғызады, ал қаланың айналасына бақтар мен сарайлар Шинар-Бағы, Шамал-Бағы, Дилкуш-Бағы, Бехишт-Бағын тұрғызады. Бибі ханымның салынуы жөнінде Клавихоның «Күнделігінде» атап өтіледі: «Дүйсенбі күні Темір Самарқанға аттанып, қалаға кіретін жердегі бір үйге тоқтады. Сол үйді өзінің қайын енесінің құрметіне (Бейбі-ханым) салдырады» [3, 313 с.].
Кухак пен Заравшан өзендері арқылы жолдар мен көпірлер салынады, ал кейін Әмудария мен Сырдария арқылы көпір жүргізеді, Сырдария мен Ахангаран арқылы канал жүргізіледі. Суландыру жүйесі мен керуен сарайлардың құрылысы Бұхара, Лахрисабзда, Ферғанада, Түркістанда жасалады. Өте үлкен көлемде қалалар, ауылдар, монша, медресе мен мавзолейлер салынады. Құрылыс жұмыстарына жергілікті сәулетшілерден - созиби хунарлармен қатар Темір жаулап алған мемлекеттердің сәулетшілері мен құрылысшылары әкелінеді (Якубовский). Темірлан басып алынған елдерден 150 мыңға жуық қолөнерші шеберді өз астанасы Самарқанға алып келді, оның бұйрығы бойынша қалада және қаланың сыртында көптеген әсем сарайлар салынды. Сарайларда Темірланның жеңісті жорықтары бейнеленді. Ол Самарқанда салынып жатқан құрылыстың өзіне дейінгі салынған ғимараттардан әлдеқайда кең көлемде болғанын талап етті.
Клавихоның «Күнделігінде»
Самарқан қаласының құрылыс жұмыстары
жөнінде қызықты жайттар
Клавихоның дерегіне сүйенсек, Самарқан қаласының құрылысы оған дейін-ақ басталған. Ал оны өз мемлекетінің астанасы етіп таңдаған Темір қаланың құрылысын жалғастырғанын білдірсе керек. Темірдің астананы ретінде Самарқан қаласын таңдап алуы турасында бірнеше пікірлер бар: бірі Самарқан алғаш Темір бағындырған қалалардың ішіндегі үлкені десе, енді бірі оған табиғаты қатты ұнады, ал үшіншілері ерте кезеңнен бері бұл аймақты Тұранды атақты Афрасиб билегендіктен қызықтырған деп есептейді. Аталғандардың барлығы шындыққа жанасады, бірақ объективті себебі ол Мәуреннахрдың орталығында орналасып, географиялық жағдайы қолайлы болғандығында. Қала бай су жүйесі мен жан-жағынан үш қаламен байланысты, мұнда тау, өзен және ормандар қатар орналасқан. Сонымен қатар Самарқанда сирек кездесетін түсті металдар мен құрылыс материалдарының мол қоры шоғырланған. Осының барлығы Темір мемлекетінің астанасы Самарқанды таңдауына әсер еткендігі сөзсіз.
Темір салдырған қалалардың ерекшелігі олар қалың дуалмен қоршалмады. Мысалы Самарқандағы Көк сарайда Темір жиі болмаған, бұл қазына орны ретінде жұмыс жасаған. Ақсақ Темір өзінің қала сыртындағы тамаша бақтарымен қоршалған сарайында болуды ұнатқан, ал ол жоқ кезде бұл аймақ қаланың бай және кедей тұрғындарының серуендейтін орны болған [13, 49 с.].
В.В. Бартольд, атап өткендей мұсылмандардың ең басты қаласы Самаркан, Темірдің ойынша, әлемдегі бірінші қалаға айналуы тиіс болатын. Темір өз кезегінде шаруашылыққа, жер жырту мен мал шаруашылығына, сауданың дамуына ерекше көңіл бөлді. Али-Йезди «Зарфарнамеде» Темір «Мауреннахрды үш жылға салықтан босатты», сол арқылы кәсіпшілер мен жер шаруашылығымен айналысушылардың экономикалық жағдайын жеңілдеткендігін айтады. Самарқанда бейнеленген Темірдің және оның ұрпақтарының жеңістерін салуда тақырыптық кескіндеме арқылы жасалған. Темір мен оның ұрпақтары кезеңіндегі (ХІҮ-ХҮ ғғ.) қабырға суреттері көлемі мен қатардағы миниатюрасы бойынша «Үлкен француз хроникасынан» (ХҮІ ғ.) асып түскен. Осы кезеңде Орта Азияда жергілікті және шет аймақтардан келген сәулетші безендірушілердің мектептері де ашылады [17].

- Ақтабан шұбырынды
- АҚТҚ және ЖҚТБ деген не
- Ақтөбе қаласындағы атмосфераны ластаушы көздер
- Ақтөбе облысының геоэкологиялық жағдайы
- Ақтөбе хром қосылыстарның зауыды
- Ақуыз - аминқышқылдарынан құралған органикалық зат
- Ақуыздардың құрылымы және міндеттері. Ақуыздардың химиялық құрамы
- Ақпараттың қасиеттері
- Ақпараттың қоғамдағы ролі. Ақпараттың түрлері және қасиеттері
- Ақпараттың математикалық аспектілері
- Ақпараттың өлшем бірлігі
- Ақпараттың өлшем бірліктері
- Ақпаратты өңдеу
- Ақпарат ұғымы