Ақша айналымы туралы түсінік
КІРІСПЕ
Шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысын – ақша айналымы деп атайды. Егер айналымдағы ақша көлемi шаруашылық қызмет етуiне қажеттi ақша массасынан артық болса, онда қоғамда ақшаның құнсыздануы етек алып, ол өз кезегiнде экономикалық активтiлiктi төмендетiп, экономиканы дағдарысқа алып келедi. Сондықтан, ақшаның мәнiн, оның айналыс заңын, ақша айналысына қажеттi ақша массасының көлемiн анықтау және ақша массасын құраушы ақша агрегаттарының құрамдарын талдап, оны ұлттық экономика тұрғысында тиiмдi пайдалану жолдарын анықтау менiң бұл тақырыпты орындауымдағы мақсатым мен міндеттерім болып табылады.
Осы ақша айналысының тұрақтылығын, бірқалыпты айналысын реттеуге мүмкіндік беретін ақща түрі және экономикалық шаруашылықтардың үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында пайда болатын қызметтер мен өнімдердің ақысын кешіктіріп төлеуге мүмкіндік беретін айналыс құралдары несиелік ақшалардың маңызы зор балып табылады.
1 Ақша айналымы туралы түсінік
Көптеген шетел басылымдарында ақша айналымы деген ұғым кездеспейді. 90-жылдардың орта шеніне дейін ТМД мүше елдерінің басылымдарында «ақша айналымы» және «ақша айналысы» деген ұғымдарға анықтама беріліп, олар бір-бірінен дәл ажыратылды. Ақша айналымы деп қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақшаның қозғалысын білдіретін кең ұғым айтылды. Экономиканың әр үлгісінде бұл ұғымдарға әр түрлі көзқарастар қалыптасып отырды. Ал жоспарлы орталықтандырылған экономика жағдайында ақша айналымының ерекшеліктері:
- Қолма-қол ақша да, қолма-қол емес ақша да кәсіпорындардың шығаратын өнімдерін алдын-ала бөлу қызметін атқараы. Барлық қоғамдық өнім өндіріс құралдары мен тұтыну заттары түрінде, яғни бірінші жағдайда материалдық техникалық жабдықтау жүйесі арқылы, ал екігші жағдайда қоғам мүшелерінің табысына (жалақы, зейнетақы) сәйкес мемлекеттік сауда жүйесі арқылы бөлінеді.
- Мемлекет заңымен ақша айналымын: қолма қол ақша және қолма-қол емес ақшаға бөліп, ақша айналымының қай түрі қандай бөлу жүйесіне қызмет атқаратынын белгілейді. Сөйтіп қолма-қол ақша қозғалысы халықтың ақшалай табысын бөлуді көрсетсе, ал қолма-қол емес ақша қозғалысы өндіріс құрал-жабдықтарын бөлуді көрсетеді;
- Ақша айналымы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің объектісі ретінде директивалық заңдармен реттелді;
- Ақша айналымы біртектес мемлекеттік меншік формасына қызмет көрсетті.
- Ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері мемлекеттік банкте шоғырланып, оған мемлекеттік банк бақылау жүргізген.
- Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша белгілерін тек мемлекеттік банк монополды құқықпен шығарды.
- Мемлекеттік жүйелер алдын-ала өнімге баға белгілеумен және көрсетілген қызметтерге тарифтер белгілеумен де шұғылданды.
КСРО негізінде құрылған ТМД елдерінің нарықтық қатынастарға өту кезеңінде жүргізілген іс шараларынан кейін (бағаны босату, мүлікті мемлекет иелігінен алу) ақша айналымында айтарлықтай өзгерістер пайда болды. Шын мәнінде ақша айналысы – ақша айналымының тек бір бөлігі, атап айтқанда қолма-қол ақша айналымы.
Нарықтық экономика үлгісі
- Ақша айналымы негізінен шаруашылықтағы нарықтық қатынастарға қызмет жасайды, ол бөлу қатынастарының тек аз ғана бөлігін қамтиды.
- Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымдарын заңмен ажырату жойылды;
- Ақша айналымы мемлекеттің, коммерциялық банктердің, заңды және жеке тұлғалардың жоспарлы болжауының объектісі болып табылды;
- Ақша айналымы әр түрлі меншік формасы жағдайында жүреді;
- Ақша айналымының алғашқы және қорытынды кезеңдері орталықтанбаған, яғни олар әр түрлі коммерциялық және мемлекеттік банктерде шоғырланған.
- Қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша айналымы бір-бірімен тығыз байланыста жүреді.
- Қолма-қол ақша эмиссиясын орталық банк жүргізіп, қолма-қол емес ақша белгілерін коммерциялық банктер шығарады. /6, 25-30б/
Сонымен, ақша айналымы деп қолма-қол және қолма-қол емес түрінде үзіліссіз қозғалыста жүретін ақша белгілерін айтады. Бұл анықтама ақша айналымының қазіргі мазмұнына сай келеді, себебі ақша айналымында тек қана ақша белгілері жүреді.
Ал металл ақша жүйесінде әрі тауар әрі ақша айналымы олардың құны айналымы ретінде олардың құны айналымда жүреді. Себебі, металл монетаның (алтын немесе күміс) өз құны өзінде көрсетілген (номинал) құнына сәйкес келгендіктен ақша құнының қозғалысы тауар құнының қозғалысымен бір уақытта жүрді. Сондықтан құн айналымы тауар айналымы мен ақша айналымын біріктірді.
Қазіргі ақша айналымын құн айналымы деп айтуға болмайды. Оған себеп – қолма-қол ақша және қолма-қол емес ақша белгілерінің өз құны көрсетілген құнымен салыстырғанда өте төмен, тіпті жоқ деуге болады. Демек қазір құн айналымы деп тек тауар айналымын айтуға толық негіз бар.
Айналыста жүретін тек қолма-қол ақша, ол ақша айналымының бір бөлігі. Демек ақша айналысы деген белгілі бір мезгілде қолма-қол ақшамен өтелген барлық төлемдер сомасына тен ақша айналымының бөлігі. Ал ақша айналымы деген қолма-қол ақша мен қолма –қол емес ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын қамтамасыз ететін ақшаның қызметі. Сонымен ақша айналымы екі бөліктен: қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол емес ақша айналымынан тұрады.
Ақша айналысы мен ақша айналымы арасында шек жойылды. Тауар айналысы процесiндегi қолма – қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезiнде қызмет көрсету, сонымен бiрге кәсiпорындар мен қаржы несие мекемелерiнiң арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп аталады.
Ақшаның өмiр сүруiндегi объективтiк қажеттiлiк ол тауар өндiрiсi мен тауар айналысының болуына негiзделедi. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бiр-бiрiнен бөлiнбейдi. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Ақша айналысы - шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.
Ақша
айналысының объективтiк
Ақша
белгiлерi әр түрлi жағдайда қамтамасыз
етiледi. Қолма-қол ақша тұтыну заттары
және қызметтер жиынтығымен
Бiрақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екi процесс бiр-бiрiнен жекешеленiп жүредi. Тауарлар, оларды сатып алғанан кейiн, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүредi. Айналыста жүре отырып ақша әрi айналыс құралы, әрi төлем құралы функцияларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мүмкiн. Өз кезегiнде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшiн қолданылуы мүмкiн.
Жалпы ақша айналысының көлемi тауар бағаларының соммасынан әрдайым артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуi тек сатып алу – сатумен шектелмейтiнi түсiндiрiледi. Ақша еңбекақы, зейнетақы төлеу үшiн, бюджетке төлемдер аудару үшiн, банктен қарыз алу үшiн және т.б. мақсаттар үшiн қолданылады. /1, 38-41б/
Ақша
айналысың реттеудiң маңызды
Бұл екеуi өзара тығыз байланыста, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналысында қолма – қолдан қолма қолсыз ақшаға (және керiсiнше) өтедi. Мысалы, кәсiпорынның бөлшек саудасынан түскен түсiм банкке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражатарына айналады да, ол бұдан өз жiктеулерiне ақша аударуы мүмкiн.
Сонымен, бүкiл ақша айналымы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып бөлiнедi. Сондай-ақ:
- өнiмдi өндiру және сату процесiн, яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;
- тауалы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы ;
- ақша айналысы бiрнеше тарихи кезеңдерден өттi және металл, қағаз, несие ақшалар көмегiмен жүзеге асырылады.
Сонымен қатар ақша айналысында оның металл, қағаз және несиелiк ақшалар айналысының түрлерiне байланысты олардың қызмет етуi де әр түрлi.
2 Ақша айналысы және оның заңы
Айналыстағы ақшаның саны К.Маркстiң ашқан ақша айналысының заңымен реттеледi. Айналысқа қажеттi ақша саны – айналыстағы ақша саны мен сатуға арналған тауарлар массасы және атауы бiр ақша бiрлiктерiнiң айналыс жылдамдығы арасындағы белгiлi бiр сәйкестiктiң болуын талап етедi. Айналысқа қажеттi ақша санының формуласы төмендегiдей:
Монетаристер деп аталатын, ағылшын классикалық экономика мектебiнiң ғалымдары, келесiдей тепе-теңдiктi белгiледi:
PY = TV+DV1
мұндағы: P – бағаның жалпы деңгейi;
Y - өндiрiс көлемi;
T – ақша белгiлерiнiң саны;
D – депозиттер;
V және V1 – ақшаның және депозиттiң айалыс жылдамдығы.
Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясындағы көрiнiсi. Ол тауар – ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледi. Тауар айналысына қызмет ету үшiн қажеттi ақша мөлшерi екi факторға: бiрiншiден, бiр кезеңде, сатылуға тиiс тауарлар бағасының қосындысына, екiншiден ақша айналысының жылдамдығына байланысты өзгередi. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледi:
M = P * Y / V
Мұндағы:
М – ақша мөлшерi;
Р – тауарлар бағасы;
Y - өнiм көлемi;
V – ақшаның айналым жылдамдығы.
Ақша айналысы заңының мәнi – ақшаның айналыс құралы қызметiн орындауы үшiн қажеттi ақша мөлшерi сатылуға тиiс тауарлар бағасының көбейтiндiсiн бiр аттас ақша өлшемiнiң айналым санына ( айналым жылдамдығы) бөлгенге теңесуi керек.
Ақша
тек айналыс құралы ғана емес, сонымен
бiрге төлем құралы қызметiн де
атқаратындықтан айналысқа
Сөйтiп айналысқа қажеттi ақша мөлшерi өндiрiстiң даму жағдайларына әсер ететiн көптеген факторларға: айналыстағы тауар мөлшерiне, тауарлар мен қызмет бағасының деңгейiне және т.б. байланысты өзгередi. Айналысқа қажеттi ақша мөлшерi ақша айналысының жылдамдығына керi пропорционалды өзгередi. Ал ақша айналысына әсер ететiн факторлар мыналар:
- Несиенiң даму деңгейi, егер тауардың көп бөлiгi несиеге сатылса, айналысқа сонша мөлшерде кем ақша қажет;
- Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың дамуы;
- Ақша айналысы санының өсуi.
Айналысқа ақша екi түрде шығарылады немесе эмиссияланады: қолма-қол ақша, банктiк айналымдағы ақша түрi, яғни банктегi шоттарға жазылған сома. Екi деңгейлi банк жүйесiнде ақшаның бiрiншi түрiн, яғни қолма-қол ақшаны монополиялы құқықпен Орталық банк эмиссиялайды да, қолма-қол емес ақша белгiлерiн коммрциялық банктер жүйесi шығарады.
Ақша айналымының екі жағының (қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақша) бірлігі, олардың бір формасының екіншісіне алмасуы жалпы ақша массасының құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі, ақша масасы ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім аралығында және белгілі бір күнде ақша айналымындағы сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер (ақша агрегаттары) қолданылады.
Өнеркәсiбi өркендеген мемлекеттерде ақша жиыны құрамын анықтау үшiн негiзгi ақша агрегаттарының төмендегi жиынтығын пайдаланады:
М1 – айналыстағы қолма-қол ақша ( банкноттар, тиындар ) және банктiк ағымдағы шоттардағы қаражат ( депозиттер ) жатады;
М2 – оған М1 агрегаты және мерзiмдi 4 жылға дейiнгi коммерциялық банктердегi мерзiмдi және жинақ салымдары кiредi;
М3 – бұған М2 агрегаты және арнаулы несие мекемелерiндегi жинақ салымдары кiредi;
L – оған М3 агрегаты және iрi коммерциялық банктердiң депозиттiк сертификаттары қосылады. /2, 37-38б/
Қорыта айтқанда, әрбiр келесi ақша атрегаты өзiнен алдынғылардың барлық элементтерiн өзiне бiрiктiрiп үлкен ақша жиынын құрайды. Бiрақ оның алдынғыға қарағанда өтiмдiлiгi төмен.
Ақша
жиыны нақты әр мемлекеттiң өзiне
тән ақша-несие жүйесiмен
Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының дамуына байланысты өзгередi.
Ақша жиыны бiрнеше жолмен өсуi мүмкiн:
- Банкноттар мен тиындарды эмиссиялау есебiнен;
- Орталық банктен коммерциялық банктердiң несие алуымен;
- Мемлекеттiк бюджеттiң кемшiлiгiн жабу үшiн Орталық банктiң үкiметке несие беруiмен;
- Орталық банктiң асыл металдарды, шетел валютасын және мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алуымен;
Ақша жиыны көлемiнiң өзгеруiне айналыстағы ақша жиынының өзгермелiгi мен қатар, оның айналым жылдамдығы да әсер етедi. Ақшаның айн алым жылдамдығы жалпы экономикалық факторларға: экономиканың циклмен өркендеуiне, экономикалық дамудың қарқынына, бағаның өзгеруiне, срнымен бiрге таза монетарлық факторларға, яғни төлем айналымының құрылымына, несиелiк операциялар мен өзара есеп айырысудың дамуына, ақша нарығындағы пайыз деңгейiне және т. б. байланысты өзгередi.
Ақша
жиыны айналымының баяулауы –
ұлттық жиынтық өнiмдi орналастыру
коэфицентiнiң төмен
3 Қағаз ақшалар және олардың айналысы
Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері болып табылады. тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болған. Бұл қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты пайда болды.
Металл ақшалардың қағаз ақшаларға ауысу негізгі себептеріне келесiлер жатады:
- Металл ақшаларды тасымалдап алып жүру қолайсыз. Яғни металдарды алып жүру, оларды тасымалдау қиынға түсті. Сонымен қатар егер белгілі бір тұлға көп ақшалармен саудаласу үшін міндетті түрде үлкен ақша салатын ыдыстармен жүрген. Ал ол өз кезегінде сол адамның дереу көзге түсуін, соның салдарынан оның өміріне қауіп тудыруы мүмкін еді.
- Металл ақшалардың мемлекттiк билiк органдарының жасаған әрекетiнiң нәтижесiнде, яғни қазынаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендету сипатының орын алуы, жасанды металдардың шыға бастау барысында бiлiнуi; Яғни, бұл жерде белгілі бір мемлекет өз қызметтерін және өзінің жағдайларын жақсарту үшін ақша айналысы заңына сәйкес келмейтін металл ақшаларды көптеп шығарумен байланысты және ол өз кезегінде саудаласуда әділетсіздікті туғызады;
- Бағалы металдарды өндiрудiң қағаз ақшаларды өндiруден қарағанда қымбатқа түсуi, яғни қоғамдық қатынастардың күннен күнге дами түсуіне байланысты айналысқа көптеген ақша қаражаттары қажет болды. Ал металл ақшалар шығарудың мөлшері шектеулі және оны шығаруға көп қаржы қажет болды. Егер қағаз ақшалар пайда болмағанда бүгінде металл ақшалар өндіру үшін металлдарға деген сұраныс өсіп, жалпы ақша құнының өз бетімен өсіп кетуі орын алар еді;
- Бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы. Бұл әсіресе елдің қиыншылық жағдайларға тап болуын, соғыс уақыттарында және бюджеттік шығындардың әр түрлі себептермен пайда болған тапшылығын жабу мақсатымен көрініс табады. Мемлекет бюджет тапшылығын жабу үшін қағаз ақшаалрды шығарудың негізгі себебі халыққа уақытында қағаз ақшалар эмиссиялап ақша төлеу әлеуметтік мәселелерді уақытша шешеді.
Алғашқы
қағаз ақшалар б.э. XII ғ. Қытайда 1690
ж. Ұлыбритания отарыболған
Сонымен қағаз ақшалар – бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгiлеген өзiндiк номиналы бар құнның белгiлерi.
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметiн атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттiң қаржы жетiспеушiлiгiне байланысты шығарумен түсiндiрiледi. Қағаз ақшалар өзiнiң табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемдi. Олардың құнсыздану себептерiне:
- айналысқа артық ақша эмиссиялау,
- эмитентке деген сенiнiң төмендеуiн;
- төлем балансының қолайсыздық жағдайы.
Қазiргi уақытта алтын тауарға тiкелей айырбасталмайды және бағалар алтынмен көрсетiлмейдi. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып тастау жағдайында ақшалы тауар тiкелей массасына емес, алтын нарығындағы несие ақшалармен операциялар жүргiзуге қарсы тұрады. Осыдан алтын қағаз және несие ақшалардың құнын өлшеу ретiнде көрiнедi. Несие ақшалар тауардың құның өлшемейдi, өлшенген құнды көрсетедi, өйткенi өзiнiң құны жоқ. Сонымен алтын белгiлерiнiң, яғни толық құнды емес және қағаз ақшалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алып келедi. /4, 65б/
Бүгінде еліміздің ақша айналысындағы қағаз ақшалардың құрамы келесідей көрініс табуда. Елімізде бүгінде қағаз ақшалардың айналысында: 10000, 5000, 2000, 1000, 500, 200 теңгелік банктік билеттер және 100, 50, 20, 10, 5, 2, 1 теңгелік металл монеталар айналыста жүр.
Ал 1999 жылы ұлттық валютамызды ұлттық және әлемдiк валюталық қатынастарды еркiн рыноктық түрде дамыту үшiн еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда.
Қағаз
ақшамыз теңге толық қанды
даму барысында. Бұл ұлттық валютаны
кең көлемде қаржы секторында
реформалауды 1993 жылы 15 қарашада енгізілгеннен
бастап іске асты. Бұл салада әлемдік
стандарттарға қол жеткізу
Еліміздің Ұлттық банкі бүгінде осы деңгейде сапалы түрде қысқа мерзім аралығында ақша-несие саясатының дамыған елдердегі стандарттарына өтуіне байланысты болып отыр. Оның негізі 2004 жылы 1 қаңтарынан бастап Ұлттық банктің экономиканы реттеудегі басты мақсаты бағаның тұрақтылығын сақтау, яғни ақша-несие саясатының басқа түрлері (айырбас бағамы, ақша агрегаттары) бастапқы мақсат болып табылмайды.
Ұлттық банктің бұндай қатаң ақша айналысын реттеу саясаттарын жүзеге асыруының себебі еліміздегі жылдан жылға ақша массасының және оның ішінде айналыстағы қолма-қол ақшалардың көлемі өсіп бара жатыр. Бұл өз кезегінде ақша айналымының тиімді жүргізілуі заңын бұзып, инфляциялық көріністерге алып келеді. Жалпы еліміздегі соңғы жылдардағы ақша массасының өсу шамаларын және қолма-қол ақшалардың құрамы жылдан жылға экономика салаларының дамуымен бірге өсіп келе жатыр. Оны келесі 2003-2005 жылдарға арналған талдау көрсеткіштерінен көре аламыз. (Сурет-1)
Сонымен
қатар елде қолма-қол ақшалармен
қатар қолма-қолсыз ақшалар да жылдан-жылға
өсіп келе жатыр. Оның басты себебіне
соңғы жылдардағы экспорттық қызметтердің
көлемінің ақшалай сипатының тым жоғары
өсіп кетуі, елдегі әлеуметтік сала бойынша
халыққа айлықтардың өсуі және жалпы экономиканың
өсуімен тікелей байланысты болып. Осы
аталған барлық ақшаларды елдің ақша массасы
деп те атасақ болады. Осы ақша массасындағы
қолма-қол ақшалардың үлесін келесі 1-ші
суреттен көре аламыз. Егер ақша массасындағы
қолма-қол ақша үлесі артық болатын болса,
онда елде инфляциялық тоқулар басталады.
Зерттеу бойынша ұлттық экономикада ақша массасының қарқындап өсуі және оған қоса қолма-қол ақшаның да өсіп келе жатқандығын көре аламыз. Сондай-ақ ақша массасындағы қолма-қол ақшалар үлесінің бірқалыпты екендігін көре аламыз. Яғни, бұл жылдары инфляцияның Ұлттық банк белгілеген жоспарлы шамалардың төңірегінде болып отыруының басты негізі болып табалады. 2004 жылы барлық ақша массасының көлемі 1650,1% млрд. теңге көлемінде болды, ал қолма-қол ақшалардың жалпы айналысы 577,8 млрд.теңгені құрады. Сондай-ақ биыл 2005 жылы жүргізілген экономикалық саясаттар негізінде инфляцияны тежеу үшін айналыстағы қолма-қол ақшаларды азайту шаралары жүргізілуде. Соның нәтижесінде 2005 жылы қолма-қол ақшалар 2004 жылға қарағанда 577,8 млрд. теңгеден 550,6 млрд. теңгеге азайды. /6, 32б/
Қағаз
ақшалар тек қана айналыс
құралы және төлем
құралы қызметiн атқарады. Олардың айналыста
ұлғаюы мемлекеттiң қаржы жетiспеушiлiгiне
байланысты шығарумен түсiндiрiледi. Қағаз
ақшалар өзiнiң табиғаты жағынан тұрақсыз
және құнсыздануға тез икемдi. Сондықтан
қағаз ақшалардың айналыстағы үлесі мен
қажетті мөлшерін нақты белгілеу ақша
айналысының бұзылуының, инфляцияның
алдын алады. Бұл мәселе әсіресе Қазақстан
үшін өте маңызды болды. Оның басты себебі,
осыдан 8-9 жыл бұрын экономикада жоғары
инфляция деңгейінің пайда болуының басты
себептерінің бірі жалпы шаруашылықтың
дамымауы, істелген шаруашыылқ қызметтер
болмағандықтан айналыста артық ақшалар
үлесі өсіп кетті және мемлекетіміз бюджеттік
тапшылықты уақытша жауып отыру үшін айналысқа
артық қағаз ақшалар шығаруға мәжбүр болуымен
сипатталады. Сол кездерден елімізде ақша
айналысын реттеу үшін ақша-несие саясатының
қызметтері және экономика салалырын
дамыту негізінде бүгінгі таңда Қазақстан
экономикасының ақша айналысы біршама
тұрақтанып, ұлттық валютамыз теңгенің
тұрақтылығы қамтамасыз етілді. Сондай-ақ
алдағы уақыттарда еліміздің Ұлттық банкінің
ақша-несие саясатындағы басты міндеті
ұлттық валютамыз теңгенің тұрақтылығын
қамтамасыз ету және оның нығаюына жағдай
жасау болып табылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, экономикалық қатынастарда ақша айналыс заңдылықтарының даму барысында ақша айналысы және ақша айналымы ұғымдары жекелеген ұғымдарды беріп келсе, ал нарықтық қатынастардың дамуы негізінде барлық қоғамдық тауарлық қатынастар бір заңдылық шеңберінде көрініс тапқандықтан ақша айналысы мен ақша айналымы бір мағынаны білдіретін болды. Сонымен, ақша айналымы деген қолма-қол ақша мен қолма –қол емес ақша белгілерінің тауар айналымын және тауарсыз төлемдер мен шаруашылықтың есеп айырысуын қамтамасыз ететін ақшаның қызметі. Сонымен ақша айналымы екі бөліктен: қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол емес ақша айналымынан тұрады.
Мұндағы қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері болып табылады. Бұл қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты пайда болды. Ал қолма-қолсыз ақшалар қазіргі қаржылық қатынастары дамыған шаруашылықта есеп айырысудың маңызды формасы болып отыр. Себебі, қолма-қолсыз ақшалар ақша айналысының дұрыс жолға түсуін, қолма-қол ақшалардың мөлшерін азайтудың және кәсіпорындар мен банктер арасындағы сенімділіктің негізі екені белгілі.
Қазақстан
Ұлттық банкі және қаржы салаларының
құрылымы бүгінде елімізде осы аталған
ақша айналымын реттеу мақсатында айналыстағы
ақшалардың қолма-қолсыз түрлерін кеңейтуге
және оларды халықаралық стандарттарға
сай дамытуды көздейді. Соңғы бірнеше
жылда ұлттық экономиканың көрсеткіштері,
ақша масасы мен қолма-қол ақшалардың
жалпы көлемінің өскеніне қарамастан,
елдегі қаржы жүйесі ең тұрақты және жан-жақты
дамыған, әлемдік нарық жағдайына үйлестірілген
құрылым болып отыр. Әрине бұл еліміздің
әр түрлі ақша айналымын реттеу заңдарын
тиімді ұйымдастырғанының жемісі болып
табылады.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейiтқасымов. – Алматы: Экономика, 2001ж. - 466 б.
- С.Б. Мақыш, Оқу құралы / “Ақша айналысы және несие” – Алматы, Қазақ университетi, - 2004ж. – 248 бет.
- Аубакиров Я. А. Байжұманов Б.Б. / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Алматы. Қазақ университетi.
- Деньги, кредит, банки: Учебник / Под. Ред. О.И Лаврушина, Изд.
2-е, - Москва: 1999г.
- Абрамова М.А., Александрова Л.С. / Финансы, денежные обращение и кредит. Учебние пособие – Москва , 1996г.
- Баян Көшенова , Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: “Экономика” 2000ж.
- Бункина М.К. / Деньги, банки, валюта, Учебные пособие – Москва, 1994 – 173 с.
- А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. - Экономическая теория. - Санк- Петербург. - 2001. – 362 с.
- “Қ.Р-ның ақша жүйесi туралы” Қ.Р-ның Заңы // 13.12.1996.
- А.К.Омарбаева “Ұлттық ақша өлшемiнiң валюталық бағамын реттеу жөнiндегi валюталық саясат” // ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы №1, 2003ж.
- Баймуратов У.Б. «Электронные деньги: проблемы и перспективы» // Банки Казахстана, №9, - 2005 г. 18-21 стр.
- «О текущей ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана,

- Ақша айналыс Заңы
- Ақша айналысы
- Ақша айналысы
- Ақша айналысы және Ақша айналыс Заңы. Ақша массасы және ақша айналысын реттеу
- Ақша айналысы және ақша жүйес
- Ақша айналысы және ақша жүйесі
- Ақша айналысы және ақша жүйесі
- Ақша айналымын мемлекеттік реттеу
- Ақша айналымын реттеу
- Ақша айналымын реттеу жүйесінің қатысушылары
- Ақша айналымының түсінігі және мәні
- Ақша айналымының түсінігі және мәні
- Ақша айналымының түсінігі және мәні
- Ақша айналымы, оның мазмұны мен құрлымы